Инфоурок Химия Научные работыТақырыбы: "Жеміс-жидектердің құрамындағы нитраттарды анықтау"

Тақырыбы: "Жеміс-жидектердің құрамындағы нитраттарды анықтау"

Скачать материал

 

Қазақстан Республикасының Ғылым және Білім министрлігі

«Оралхан Бөкей атындағы №44 лицей» КММ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Авторы:  Исаева Аяжан 

 

Сыныбы: 10

 

Тақырыбы:  Көкеністер мен жемістердің   шырындарының құрамындағы  Нитраттар мен С дәруменін анықтау

 

Бағыты: Жаратылыстану – математикалық бағыт

 

Секциясы: Химия

 

Жетекшісі: Жайлаубаева Раушан Газизовна

                    Химия пәнінің мұғалімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Өскемен қаласы,2016ж

                                      

Аннотация

(Оралхан Бөкей атындағы №44 лицей  ...сынып оқушысы «Көкеністер мен жеміс шырындарының құрамындағы  Нитраттар мен С дәруменін анықтау»  тақырыбындағы ғылыми жобасына)

Зерттеу тақырыбы:  Көкеністер мен жеміс шырындарының құрамындағы  Нитраттар мен С дәруменін анықтау

 

Зерттеу тақырыбын таңдау себебі: Қазіргі кезде сырттан әкелінетін көкеністер мен жемістердің  көптеген түрлері сатылуда. Сондықтан  халыққа сапалы жеміс-жидектер мен шырындар ұсыну  мақсатында зерттеу тақырыбымызды «көкеністер мен жеміс  шырындарының құрамындағы  Нитраттар мен С дәруменін анықтау» - деп алдық.

Зерттеу жұмысының мақсаты: Тұтынушылар қолданатын әртүрлі жемістермен шырындардың құрамындағы  Нитраттардың таралуы мен С дәруменінің мөлшерін  йодометриялық титрлеу әдісімен анықтап, адам денсаулығына әсерін зерттеу.

 

Зерттеу жұмысының болжамы: Әртүрлі  көкеністер мен жеміс  құрамындағы  нитраттар мен С дәруменінің мөлшерін есептей отырып, табиғи жемістер  мен химиялық қоспасы бар жемістердің адам ағзасына пайда, зиянын зерттеу. Адамдарды салауатты өмір сүруге бағыттау.  

 

Зерттеу жұмысының міндеттері:

1.  Әртүрлі  көкеністер мен жемістің құрамындағы  нитраттардың таралуы  мен С дәруменінің мөлшерін анықтау.

2.  Саяжайдағы және сырттан әкелінген көкеністер мен жемістердің құрамындағы нитраттардың таралуы  мен  С дәруменінің мөлшерін анықтау және олардың адам денсаулығына әсерін зерттеу.

3.   Жемістердің  адам тұтынатын нормасы бойынша ағзасына түсетін С дәруменінің мөлшерін анықтау.

5.  Халық сұранысы қандай жемістерді қажет ететінін зерттеп болжау және ауырмауға жол іздейтін тұтынушыларға кеңес беру.

 

Зерттеу әдістері:

Бақылау;

Салыстыру;

Талдау;

Жинақтау  әдістері арқылы іске асты

 

 

 

 

Мазмұны

 

Кіріспе.........................................................................................................................4

Негізгі бөлім
1 НИТРАТТАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ АДАМ АҒЗАСЫНА ӘСЕРІ
 
1.1 Нитраттар ұғымына түсініктеме.........................................................................4
1.2 Нитраттардың негізгі көзі....................................................................................7
1.3 Нитраттардың адам ағзасына рұқсат етілген мөлшері....................................
.7
1.4 Азот қосылыстарының адам ағзасына кері әсері және нитраттармен
 
улану............................................................................................................................9

2 АСКОРБИН ҚЫШҚЫЛЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ АДАМ АҒЗАСЫНА ӘСЕРІ

2.1 Аскорбин қышқылы ұғымына  түсініктеме...................................................... 9

2.2 С дәруменінің адам денсаулығына әсері..........................................................10

3 ЗЕРТТЕУ БӨЛІМІ

3.1 Көкеністер мен жемістердің құрамындағы нитраттардың таралуын анықтау.13

3.2 Жеміс-жидектердің  шырынының құрамындағы С дәрумені мөлшерін  

 иодометриялық титрлеу әдісі арқылы анықтау .....................................14

4 ҚОРЫТЫНДЫ                                                  ....................................... 16                               

5 ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ       ......................................17

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                          Кіріспе         

Денсаулық – зор  байлық  демекші. Қазіргі  уақытта  «денсаулық » тақырыбына   көп  мән  берілуде.  Адам  ағзасы  әлсіреп,  жұқпалы  аурулар пайда  болса, бұл  біздің  қоршаған  ортамызға  әсері  де  көп  болмақ.  Сондықтан,  осы  маңызды  сөздің  түкпірін  түсіне  отырып,  күнделікті пайдаланылатын  көкеністердің  және  жемістердің  құрамына   зерттеуді  қолға алдым. Сырттан  әкелінетін  көкеністер   мен  жемістердің  сан  түрлілігі  адам ағзасына  әсер  етуде  және  нитрат  құрамынында  көп  мөлшерде    болуы. Сонымен  қатар,  пайдалы  жемістердің   шырындарын   пайдалану   мақсатында өзімнің  зерттеу  жұмысымды  ұсынбақпын.

 

1.1 Нитраттар ұғымына түсініктеме

Нитраттар( грек, nitron - сода, селитра) — өнеркәсіпте, әсіресе ауыл шаруашылығында  көп  қолданылатын  азот қышқылының  тұздары.  Аммоний  нитраты, сілтілік және сілтілік жер металларының нитраттары селитра  деп  аталады. Белгіл і бір  мөлшерден  артық  пайдаланғанда  Нитраттар  тамақ  өнімдерінде жиналады  да,  адамды  уландырады.  Нитрат  тұздарын  металдарды , негіздік оксидтерді, негіздерді  және  аммиакты  азот  қышқылымен  әрекеттестіріп  алады. Басқа  оттекті  қышқылдардың  тұздарымен  салыстырғанда  нитраттардың  ерекше қасиеттері бар.

Көкеністер мен жеміс-жидектер адам ағзасын дәрумендер, микроэлементтер, пектиндер, органикалық қышқылдар сияқты  қажетті заттармен  қамтамасыз ететін  негізгі көзі болып табылады. Алайда,  осы аталған өсімдік  түрлері арқылы адам ағзасының қалыпты өмір сүруіне зиянын тигізетін нитраттар мөлшері де  көп түседі.

Адам ағзасына  рұқсат етілген  тәуліктік  мөлшері 1кг адам массасына – 5мг  нитрат. Бірақ, нитраттардың адам ағзасына  ұзақ  әрі көп  мөлшерде  түсуі  денсаулықта  үлкен  ақаулықтарды  туғызуы мүмкін.

Өскемен қаласында сатылатын көкеністер мен жеміс-жидектердің көбі Орта Азия елдері: Қытай,Өзбекстан, Қырғызстан т.б  тасымалданады. Көшетханаларда азотты тыңайтқыштармен аса көп мөлшерде байытылып, қолайсыз жағдайларда өсірілген . Олардың  біраз бөлігінде  нитраттар мөлшері  шекті мөлшерден асып кетеді. Әрі  Қазақстанға тасымалдану барысында  қалыпты, біркелкі  температураны қолдануға мүмкіншілік  жоқ болғандықтан көкеністер мен жеміс-жидектерді  пайдаланған адамның  ағзасына   70-80 пайыз  нитрат түседі. Жеке-дара олар адам ағзасына еш қауіпсіз, себебі бұл  қосылыстардың көп бөлігі зәр арқылы сыртқа шығарылады (65-90 пайыз күніне). Алайда, пайдаланылатын жемістер мен көкеністерде нитраттар мөлшері көп болса, олардың біраз бөлігі (5-7пайыз) асқорыту  жүйесінде  аминдер және амидтермен өзара әсерлесуге  түсіп, ағзаға қауіпті нитриттерге (азотты қышқыл тұздарына) айналып кетуі мүмкін. Қанға түскен  нитриттер  2-валентті  темірді 3-валенттерге дейін тотықттырады. Соның нәтижесінде  оттегіні  ұлпалар мен мүшелерге тасымалдай алмай, тұншықтұруға әкелетін метгемоглабин  түзіледі. Өмірге деген қауіп қандағы метгемоглобиннің мөлшері 20пайыз және одан асса туындайды. Бұл кезде адамның қан қысымы төмендеп, бауыр функциясы бұзылады, күш қуаты мен ақыл-ой  белсенділігі төмендейді. 
Әсіресе, нитраттар мен нитриттерге ерте жастағы балалар сезімтал, 
себебі олардың ферментативті жүйесі әлсіз функцияналданған. Балалардан басқа
 
нитраттармен улану қаупі жоғары топқа жүрек – қан тамыр, тыныс алу ауруларымен ауыратын адамдар, аяғы ауыр әйелдер, егде  адамдар жатады. Себебі, олардың ағзасында мүшелер мен ұлпалар оңай немесе азотты қышқылдардың әсерінсіз-ақ оттегімен жеткіліксіз  тасымалданады. 

 

Жұмыстың негізгі мақсаты:

          Сырттан әкелінген  жеміс жидектермен саяжайда өсірілетін жеміс жидектердің және олардың шырындарының жекленген түрлеріндегі  нитраттың талалу мөлшрін  анықтау болып табылады.

 Аталған мақсатты жүзеге асыру үшін мынадай міндеттер койылды: 

-Нитраттардың негізгі көздерін анықтау.

Азот қосылыстарының адам ағзасына кері әсерін көрсету, сырттан әкелінген кейбір көкөністермен жеміс жидектер құрамындағы нитраттарын есептеу.

Көкөністермен жеміс жидектегі нитраттарды төмендететін шараларды ұсыну

Жұмыстың зерттеу обьектісі болып, сырттан  тасымалданатын және саяжайда өсірілетін көкөністермен жеміс жидектер құрамындағы нитрат мөлшері табылады.

 Зерттеу нысаны ретінде:

Көкөніс және жеміс жидек дақылдары және олардың шырындары алынды. Осы жұмыста зерттеудің теориялық экспериментальды аналитикалық зертханалық әдістері қолданылды.

Зерттеудің ақпараттық базасы:

Қазақстандық және шетелдік ғалымдардың эколог,биолог, химик, биотехнологтардың  өсімдіктер, көкөніспен жеміс жидектер, азот қосылыстары туралы ғылыми еңбектері, оқулықтармен оқу әдістемелік құралдар, озат ғалымдардың іс тәжірибелері негізінде құрылды. Өндірістік іс тәжірибе барысында зерттеуге қажетті ақпараттар алынды.

Сырттан әкелінетін көкөністермен  саяжайда өсірілетін жеміс жидектердің жекеленген түрлерінің құрамындағы нитраттар мөлшері анықталып олардың қалыпты деңгейден қандай мөлшерде асып түсетіндігі есептелінеді.

Зерттеудің практикалық маңыздылығы:

Берілген зерттеу жұмысының мәліметтерін   мектеп оқушыларына пайдалануға болады.  Зерттеу жұмысының қорытындылары мектепішілік  өткізілген ғылыми тәжірибелік конференциясында  баяндалды.

 

 

 

НИТРАТТАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ АДАМ АҒЗАСЫНА ӘСЕРІ.

Нитраттар – азот қышқылының (HNO3) тұздары мен эфирлері, кез келген өсімдіктердің өсуіне  қажетті табиғи компонент. Сілтілік  металдар мен нитраттары II топ негізгі  топшасы металдары – кальций және басқалары  көбіне селитралар деп аталады.  Нитраттардың  барлығы суда жақсы ериді. Нитраттарды  концентрациялы күкірт қышқылымен қосып қыздырғанда  ұшқыш азот  қышқылы бөлініп шығады:

NaNO3 + H2SO4 → NaH2SO4 + HNO3

Буды  салқындатқанда  түтінденген азот қышқылы алынады. Азот қышқылын химия лобароторияда осылай алады, ал бұрынғы  кезде оны химия заводтарында да  табиғи натрий нитратынан осылай алған. Нитраттарға тән қасиет – қыздырғанда ыдырап, басқа заттармен қатар оттегі түзіледі. Нитраттар топырақтың кез келген түрінде, сонымен қатар ондағы өсетін барлық өсімдіктер құрамында кездеседі. Түзілуіне байланысты нитраттар 2 топқа бөлінеді: органикалық және бейорганикалық.

Бейоргани калық нитраттар  түссіз кристалды заттар, бөлме температурасында тұрақты, жоғары температурада оттегін тез бөліп күшті тотықтырғыш болады. Мысалы:  2 KNO3 = 2KNO2 + O2

 Барлық суда жақсы ериді қопарғыш заттар алуда, тыңайтқыштар ретінде  кеңінен қолданылады.

         Органикалық нитраттар   молекуласында  бір немесе бірнеше ONO2  тобы  органикалық радикалдармен  байланыста болатын  қосылыстар түссіз, ашық сары түсті, жағымды  иісі бар сұйықтар, суда  мүлдем ерімейді,  тек эфир мен спирттерде  ғана ериді. Көпшілігінің  қопарғыштық  қасиеті  басым,  термиялық тұрақты емес. Спирт немесе фенолдың  азот қышқылымен  әрекеттесуінен алынады.

Нитраттар өсімдіктердің азотты  қоректену агенттері ретінде натрийлі  селитра (NaNO3) , калийлі ( KNO3 ), аммониялы ( NH4 NO3 ) және селитраның  кейбір басқа түрлері  қолданылады.

         Нитраттардың  өсімдіктерге қарқынды түсуі олардың  алмасу  үрдістеріне  толығымен  қатыспай , жапрытақтарға, сабақтар мен  тамырларға жиналып  қалуына әкеледі. ТІкелей  өсімдіктер  үшін  нитраттардың шамадан тыс мөлшері  айтарлықтай  қауіп  туғызбайды, алайда  олар жылы  қандылардың  ағзасына қорекпен бірге түскенде  аминдер және  амидтермен  өзара әсерлесуге  түсетін едәуір улы  нитриттерге  айналады (аммиактардың  радикалдармен немесе металдармен өзара  әсерлесу өнімдері) Нәтижесінде нитроқосылыстардың  нитрозоаминдер  мен нитрозоамидтердің  түзілуі мүмкін.

         Мұндай тағамдық өсімдікті ұзақ уақыт  пайдаланғаннан кейінгі адам ағзасында нитраттардың  жинақталуы зат алмасудың  ауыр түрде  бұзылуын, аллергияны жүйке жүйесінде  ақаулықтарды тудырады. Нитоза қосылыстарға келсек бірқатар жағдайларда олар зиянды  түзілістер, асқазан обырын, ақ қан ауруын тудырады.

Нитраттардың негізгі көзі болып  NO3-   ионы бар минералдық тыңайтқыштар табылады.Нитраттар әсіресе көшетханада өскен өсімдіктер де көп кездеседі.       Нитраттардың улылығы жоғары емес,бірақ адам ағзасында  бактериялардың  әсерінен жеңіл нитритттерге  (NO 2 ) әрекеттесіп,нитрозаминдер түзеді.Нитрозаминдер қазіргі кездегі белгілі канцерогендердің ең күштілерінің бірі.Нитриттер  сонымен қатар қанның гемоглобинімен әрекеттесіп,екі валентті темірді,үш валентті темірге айналдырады.Соның  нәтижесінде оттегіні ұлпалар мен мүшелерге тасымалдай алмай ,тұншықтыруға әкелетін метгемоглобин түзеді. Өмірге деген қауіп қандағы метгемоглобиннің мөлшері 20 пайыз және одан асса туындайды. Бұл кезде адамның қан қысымы төмендеп, бауыр функциясы бұзылады,күш қуаты мен ақыл- ой белсенділігі төмендейді.

Ет пен балықты тұздағанда нитриттер(NaNO2 ) қолданылады. Олар еттің табиғи түсін сақтайды және бактериялды уланудың енуіне көп кедергі жасайды.Тағам өндірісінде азоттық бояулар тәттілер мен кремдерге қосылады. Мұндай қосылыстағы тағамдарды қолданған адамдарда демікпе ауруы туындауы мүмкін.

1.2 Нитраттардың ненгізгі көзі

Өсімдіктерде  нитраттардың шоғырлануы топырақ құрамында көп мөлшерде азоттың болуына байланысты. Азотты тыңайтқыштардың көп мөлшерінде қолданылуы өнімнің санық көрсеткіштерін  жоғарлатқанымен,оның қоректік,технологиялықжәне гигиеналық құндылықтарын төмендетеді.Өнімнің жиналуы мен сақталуына да көп зияндығын тигізеді.Сонымен қатар топырақты азотпен құнарландыру жер асты суларының ластануына әкеп соғады.Бұл қазіргі кезде бүкіл әлемдегі ұшыққан мәселелердің бірі.Өсімдіктер көп мөлшерде азотты пайдаланған жағдайда бірден жағымсыз әсерлерді байқуға болады.Бұл өсімдіктердің генетикалық ерекшеліктері мен азотты қалыпты  физиологиялық  тұрғыда пайдалана алмауына байланысты. Сол себепті жүйелі түрде  топырақтағы азот мөлшерін қадағалап,әр түрлі технологиялық әдіс тәсілдердің нәтижесінде оны қалыпты күйде сақтау қажет.Ол өндіріс пен ауыл шаруашылығының қарқынды дамуының негізгі критерилердің бірі болып отыр.

Азот  өсімдіктер тіршілігіндегі ең негізгі элементтің бірі болып  табылады. Ол өсімдіктерде ақуызды тұзілетін амин қышқылдарының синтезі  үшін және жасыл өсімдіктерде жүретін ең негізгі функция фотосинтезге қажетті хлорофил дәндерін түзу үшін қажет. оның әр түрлі  дәрумендер түзуінде де маңызы үлкен.Азот жетіспеушілігі өсімдіктердің өсуін тежейді. Онымен аз қамтамасыз етілген өсімдіктердің реңі ашық жасыл немесе сарғыш түстес болып келеді, вегетативті дамуы қалыпты өсімдіктерге қарағанда тез аяқталады.

1.3 Нитраттардың адам ағзасына рұқсат етілетін мөлшері

 Көкеністер мен жеміс жидектердегі нитраттар мөлшері белсенді агротехнологияға байланысты. Дүниеде бірдей адамдар болмайтындай,көкеністер мен жеміс жидектердегі нитраттар мөлшері де бірдей болмайды.Ауылшаруашылығы  өнімдерінің құрамында  агрохимикаттардың  шекті  мөлшерден көп болуы топырақты баптау  мен бақылау  жүйесіне байланысты. Яғни, топырақ  дұрыс бапталып, дұрыс бақыланса  оның  құрамындағы  нитраттар  мөлшері  де аз болады.  Бірақ кей жағдайларда ең күрделі  бақылаудың  өзінен жоғары  концентрациялы  зиянды заттары бар өнімдер өтіп кетуі де мүмкін. Себебі, бақылау таңдаулы, әрі оның  ықтималдығы  99,90, немесе  95 пайызбен өнімде  нитраттар  жоқ екендігіне кепілдік береді.

         Тұтынушылар  үшін  барлық  100 пайыз көкөністердегі  нитраттар  мқлшері  ШРК дан  аспауы қажет. Сонымен қатар  нитраттардың  кез келген мөлшері  қауіпті болып келетін адамдар категориясы бар.  Олар: жасқа дейінгі  балалар,  аяғы ауыр немесе бала емізетін  әйелдер, қан айналымы, тыныс алу, ас қорыту жолдары  ауыратын адамдар.

         Өнімдердегі  агрохимикаттардың  қалдықтарынан  туындайтын  қайғылы  жағдайлар олардың концентрациясымен  емес  жануарға немесе  адамға  түскен  зиянды заттар  мөлшерімен анықталады. Ал оның тәуліктік  мөлшері  қалай анықталады? Егеуқұйрықтарға  жүргізілген тәжірибе  бойынша, дені сау, ересек адам өзінің дене массасының  әр 1киллограмына 4миллиграмм нитратты пайдалануына  болады, яғни бұл  тәуліктік  рұқсат етілген  мөлшер  болып табылады. Красовский Г.Н  де ересек  адамға нитраттардың  тәуліктік  рұқсат  етілген  мөлшері  дене массасының  әр киллограмына  4 мг, екендігін айтқан. 6 айға дейінгі  балаларға құрамында  нитраттары бар  су немесе көкөністер  мен  жемістерді  мүлде пайдалануға  болмайды.  мектепке  дейінгі  балаларға  нитраттардың   тәуліктік  рұқсат  етілген  мөлшері  дене массасының  әр киллограмына  0.2мг.  итерде  жүргізілген  тәжірибе  бойынша  омыраудағы  балаларда  қолданылмайтын   нитраттардың  максималды  тәуліктік  мөлшері бала  дене массасына  1.89 мг/кг ға  тең. Зерттеулер  нәтижесінде  нитраттарды  жануарлар мен омыраудағы  балалардың  қабылдауы  әртүрлі  болуына байланысты, бұл мөлшер  қолданысқа  енгізілмеген.

         Дүниежүзілік  денсаулық сақтау  ұйымы  бойынша   нитраттардың  тәуліктік  рұқсат етілген  мқлшері ересек адамның  әр дене  массасына 5мг. БҰҰ ның  өндірістік  және ауылшарушылық коммиссиясының  шешімі  бойынша  1 тәулікте  адамға рұқсат етілген нитраттардың  шекті  рауалы  деңгейі  500 мг.

Азот  қосылыстарының   адам ағзасына  кері әсері  және нитраттармен улану.

         Көкөністер мен жемістер арқылы адам ағзасына  70-80  пайыз нитраттар түседі.  Жалпы  жеке дара олар адам ағзасына еш қауіпсіз, себебі бұл қосылыстардың  көп бөлігі  зәр арқылы  сыртқа шығарылып  отырады. Бірақ,  пайдаланылатын  жемістер мен көкөністерде  нитраттар  мөлшері көп болса, олардың  біраз бөлігі  ас қорыту  жүйесінде  аминдер және амидтермен  өзара  әсерлесуге  түсіп, адам ағзасына  қауіпті  нитриттерге  айналып  кетуі мүмкін.  Қанға түскен  нитриттер II валентті  темірді III валенттіге  дейін тотықтырады. Соның нәтижесінде  оттегіні ұлпалар  мен мүшелерге  тасымалдай алмай, тұңшықтыруға  әкелетін метгомоглобин тұзіледі. Өмірге деген  қауіп   қандағы  метгемоглобиннің  мөлшері 20% және одан асса туындайды. Бұл кезде  адамның қан қысымы төмендеп, бауыр  функциясы  бұзылады, күш қуаты мен ақыл ой  белсенділігі төмендейді. Мүшелердің  жасушалары мен ұлпаларының  қалыпты   тыныс  алуы бұзылады. Нитраттарға деген сезімталдықты  барлық оттегі  жетіспеушілігін  тудыратын  факторлар: биік таулылық, ауада азот тотығының, угар газының, көміртегінің болуы, спирттік  өнімдерді пайдалану  қарқындатады.

Жоғары нитратты өнімдермен  улану  кезінде  ас қорыту  жүйесі, жүрек қан тамыр  және орталық  жүйке жүйесі, ал  нитратты  суды  пайдаланғанда  -  жүрек қан тамыр, тыныс алу және орталық жүйке жүйелері зақымданады.

Улану белгілері: нитраттар ағзаға түскеннен кейін  1-6сағат аралығында байқалады.  Өткір улану құсу, лұқсу,  іш өтумен басталады. Кейіннен күрделене түсіп, бауыр пальпациясына әсер етеді. Қан қысымы төмендеп, пульсі ақырын, әрі тұрақсыз соғып, қол аяғы суи түседі.  Тыныс алуы жиілейді, бас ауруы, құлақтың дыңылдауы, әлсіздік, бет бұлшық еттерінің тартылуы, жүріс тұрысқа жауап бере алмаушылық, естен тану, комо байқалады. Уланудың жеңіл түрлерінде ұйқы тартып, жалпы күйзеліс басталады.

1.4Азот қосылыстарының адам ағзасына кері әсері және нитраттармен

улану

         Нитраттар адам ағзасында  токсиндерді бөлетін, зиянды ішек микрофлорасын түзеді. Соның нәтижесінде интоксикация (улану) жүреді. Адамдағы нитраттық уланудың негізгі белгілеріне: тырнақ, ерін, беттің және  көрінетін шырышты қабықтардың көгеруі.құсу іш аурулары, іш өту, бауырдың ісінуі көз ағуызының сарғаюуы, ұйқыға шалдығу, демікпе, жұмыс істеу қабілетінің төмендеуі жүректің ессіз қалуға дейін апаратындай жиі жиі соғып жатады. Нитраттармен көп мөлшерде улану өлімге әкеледі.

         Нитраттардың ұзақ мерзімде адам ағзасына түсуінен йод мөлшері азаяды. Бұл адамда қалқанша безінің өсуіне әкеледі. сонымен қатар, ас қорыту жүйесінде  рак ісіктері тудырады, қан тамырларын лезде үлкейтіп қан қысымын төмендетеді.

 

2 АСКОРБИН ҚЫШҚЫЛЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ АДАМ АҒЗАСЫНА ӘСЕРІ

2.1 Аскорбин қышқылы ұғымына  түсініктеме

Аскорбин қышқылы - С дәрумені  С6Н8О6  

Аскорбин қышқылы осімдіктер мен кейбір жануарлар организмдерінде түзіледі. Витамин С коптеген өсімдіктерде, қымызда (бие сүтінде) көп болады. С витаминінің адам организмінде жетіспеуі құрқұлақ ауруына шалдықтырады. Бұл дәруменнің негізгі қайнар көзі – балғын және мерзімінде мұздатылған көкөністер, жеміс­тер және жидектер.
Бұлардың ішінде қырық­қабат, құлпынай, аскөк, цитрус­ты жемістер, бидайдың көк өскіндері, кептірілген ит­мұ­рын және т.б. атауға болады. Оларды қосып жасайтын тағамдарды бумен пісірген жөн, сонда С дәрумені жақсы сақталады. Ал қайнатып пісіргенде аскорбин қышқылының 50-60 пайызы жойылады. Дәрумен көп ыдырамас үшін тағам құрамдарын қайнап тұрған, сәл тұз қосылған, қышқылданған суға салу қажет.
Құрамында органикалық қышқылдары бар тағам­дарда (борщ, қышқыл қырыққабат көжесі, тұздалған көкөністер, кисель түрлері) С дәрумені бірталай мөлшерде сақталады. Тұздалған қырыққабатты жуғанда аскорбин қышқылының жартысы шайылып кетеді. Асты кейінге қалдырып немесе қайтадан қыздырғанда С дәрумені толық ыдырайды.

С дәруменінің ағзаға қажеттілігі тәулігіне: емшек еметін жастағы балаларға – 30-40 мг; 11-17 жастағыларға – 70 мг, үлкен адамдарға – 70 -100 мг . С дәруменінің негізгі көздері- өсімдік текті азық-түліктер – көкөністер, жемістер, жидектер, картоп, орам жапырақ  Жануар текті тағамда: бауыр, жүрек, тіл және қымыздан басқаларында аскорбин қышқылының мөлшері өте аз. С дәрумені итмұрында (1000 мг% дейін), қара қарақатта (300 мг% дейін) жасыл бұрышта және әшкөкте (петрушкада) (150-250 мг%) көп, бірақ қыс уақыттарында оны ағзаға жеткізіп отыратындар -картоп (10-20 мг%) және орам жапырақ (24-45 мг%).

Көкөністі қайнатқанда С дәруменінің ½- іне жуығы жойылады, қуырғанда бүлінбей-ді, тағамды ысытқанда, ұзақ сақтағанда азаяды, тағамдық азық – түлікті ашытқанда С дәрумені сақталады.

С дәрумені суда жылдам ериді. Сондықтан тамақ құнының жоғалмай, дәруменнің азаймауы үшін дастарханға қояр алдында әзірлеу керек. 

С дәрумені итмұрында аса көп. Соған орай күзде көп жинап алып қысқа сақтауға болады. Суға езіп, тұнбасын ішеді. Негізінде адамға тәулігіне 50-100 мг мөлшерінде С дәрумені қажет.

С дәрумені  ( аскорбин қышқылы ) - ағзаның жұқпалы ауруларға қарсы тұру қабілетін арттырады. Сүйекке, тіске беріктік қасиет береді. Ол биологиялық тотығу кезінде зиянды заттардың түзілуін тежейді.  Аскорбин қышқылы (С дәрумені) адам ағзасындағы маңызды қажеттіліктердің бірі, глюкозаға ұқсас. Көкөністе, жеміс-жидектер және қара бүлдірген мен итмұрында көп кездеседі. Сонымен қатар, С дәрумені ағза талшықтарындағы радикалдардың қауіпті қимылының алдын алатын мықты антиоксидант.

 

2.2 С дәруменінің адам денсаулығына әсері

Пайдалы қасиеттері: ағзадағы қауіпті бактериялардың көбеюіне жол бермейді, аллергендердің әрекетін төмендетеді, қанның ұйып қалмауының алдын алады әрі көмірсу алмасуын реттейді,. Темірдің сіңісіп кетуіне әсер етеді, Е дәруменінің қалыпқа келуіне себепкер болады. Аскорбин қышқылының жетіспеушілігі цинг ауруына шалдығып, тез мойынсұнуға әкеледі. С дәурмені ақуыздарды қосуға әсер етеді. Оған протеиннің сіңісіп кетуі тікелей байланысты. Бұл бұлшық ет жасушаларының қалыпқа келуі мен өсуіне көмектеседі. Аскорбин қышқылы бар спорттық тағамды жаттығуды бастап алдында немесе жаттығу кезінде пайдаланған жөн. Сонымен қатар, көрсетілген мөлшерден асыруға мүлде болмайды. Әйтпесе, бұлшық ет талшықтарында бұзылу процесі жүре бастайды. Спортшыларға арналған бір күндік мөлшер 150 мг, ал әдепкі ересек адам үшін 90 грамм.Қандай болса да бір дәруменнің жетіспеушілігімен қатар, полигиподәрумендіктер жиі кездеседі, бұл жағдайда дәрумендердің біреуінің жетіспеушілігі басым болғанымен, басқалары – қосыла жүреді. Гипо- және адәрумендіктердің негізгі себебі – дәрумендердің тағаммен жеткіліксіз түсуі, бұл жағдайда дамитын гипо- және адәрумендіктер біріншілік немесе экзогенді деп аталады. Алайда, дәрумендердің жетіспеушілігі, олардың мөлшері тағамда жеткілікті кезде, (бірақ ағзаға сіңуі) бұзылуына немесе қажеттілігі шұғыл өсуіне байланысты да байқалуы мүмкін, яғни екіншілік немесе экзогенді гиподәрумендіктер дамиды. Зат алмасуының және дәрумендердің қызметінің туа біткен генетикалық себептермен байланысты бұзылуынан да болуы мүмкін. Дәрумендердің  ағзаға үлкен дозада түсуі, гипердәрумендіктер дамуына әкеп соғуы мүмкін. Олар балаларды емдеу практикасында А және Д дәрумендерінің артық дозасымен немесе құрамында осы дәрумендердің мөлшері өте жоғары азықтарды қабылдаумен жиі байланысты. Арнайы мақсатқа арналған осы дәрумендердің концентрациясы жоғары препараттарын қабылдау кезінде, кездейсоқ уланулар болуы мүмкін, мысалы, жануарлар мен құстардың жеміне микроқоспа ретіндегі препараттарды. Суық тиюдің және тұмаудың алдын алу үшін С дәруменінің синтетикалық препаратын (тәулігіне 1 г. артық) көп мөлшерде қабылдау С – гипердәрумендік дамуына әкеп соғуы мүмкін.  Суда еритін дәрумендер. С дәрумені. Аскорбин қышқылының ағзадағы биологиялық ролі, негізінен тотығу-тотықсыздандыру әсерімен байланысты. Күшті тотықсыздандырғыш бола тұра және қайтымды тотығып және жеңіл тотықсызданып, аскорбин қышқылы және оның тотыққан түрі – дегидроаскорбин қышқылы, жасуша ішілік тотықтыратын –тотықсыздандыратын жүйе ретінде қызмет атқарады. С дәруменінің қатысуымен фенилаланин және тирозин амин қышқылдары тотығады, сондай-ақ дезоксирибонуклеин қышқылының пайда болуы ынталандырылады. С дәрумені қылтамырлардың қабырғасын қалыпты жағдайында ұстап тұруда және олардың созылғыштығын сақтауда маңызды роль атқарады, себебі, ол проколлагеннің коллагенге айналуын ынталандырады. Аскорбин қышқылы антиденелер өндірілуіне жағдай жасайды, протеолитикалық ферменттердің әсерін белсенді етеді, бұл лейкоциттердің фагоцитарлық белсенділігін арттырады. Сөйтіп, инфекцияларға, қоршаған ортаның қолайсыз факторларының әсеріне ағзаның қарсылығы жоғарылауын қамтамасыз етедЗагрузка...      Аскорбин қышқылы, бүйрек үсті бездерінің стероидтық гормондарының синтезімен алмасуына және тироксиннің алмасуына тікелей қатысады, сондай-ақ фоль қышқылының фолин қышқылына ферменттік айналуына да қатысады. Холестерин алмасуын реттеп, аскорбин қышқылы атеросклероз дамуын тежейді.  С дәруменінің ағзаға жеткіліксіз түсуі кезінде, жалпы әлсіздік, тез қажу, ұйқышылдық байқалады, содан соң қызыл иектің қанауы, терінің құрғақтануы, гиперкератоз, теріде нүктелік қан құйылулар қосылады. Ауыр жетіспеушілігі С – дәрумендік – қырқұлақ (цинга, скорбут) дамуына әкеп соғады. Бұл патология айқын геморрагиялық көріністермен, сүйек тіндерінің, дентиннің жасалуы бұзылуымен инфекцияға ағзаның қарсылығының шұғыл төмендеуімен сипатталады.С дәрумені тұрақсыз тағам дайындау, қыздыру кезінде азықтарды сақтау, көкөністерді тазалау, күн сәулесінің әсері, металдармен жанасқан кездерде жеңіл жойылады, бірақ қышқыл ортада және мұз қатырған кезде жеткілікті дәрежеде тұрақты. Сондықтан, көкөністер мен жемістерді кесілген түрінде немесе суда, металл ыдыстарда ұстауға болмайды. Салаттарды сірке қышқылымен қышқылдаған жөн, ал көкөністерді қайнап тұрған суға салып, пісірген дұрыс.Мұны «скорбут» деп те атайды. Оны қазақтар «құрқұлақ» ауруы деп кеткен.
Бұл дерт адамның организмінде С витаминінің, яғни аскорбин қышқылының жеткіліксіздігінен пайда болады. Көп адамдар цинганы қызылиектің ауруы деп біледі, қызылиектің қанағыштығы мен тістердің түсуі, негізінен, ауыр дерт белгілері болып табылады. Құрқұлақ дәнекер тіндердің құрылысы мен қызметінің бұзылуына әкеп соқтырады. Коллагендердің жасалуын төмендетеді, қан тамырлардың өткізгіштігін арттырып, геморрагиялық белгілерді дамытады. Құрқұлақ ауруы үш сатыға бөлінеді: алғашқысы - жасырын кезең, екіншісі – клиникалық көрінісі білінетін кезең, ал үшіншісінде клиникалық көрінісі ең шегіне жетеді. Алғашқы сатысында науқаста әлсіздік, тез шаршағыштық, балтыр бұлшықеттерінде ауырсыну, ұйқышылдық пайда болады. Тері кедір-бұдырлы болады және түлейді, қызылиектер борпылдақ күйге түседі және аздап қанайды. Иықтан төмен жерлерді қатты қысқан кезде нүктелі қанталаулар байқалады. Бұл кезең 4 айдан 6 айға дейін созылады. Екінші сатысында геморрагиялық көріністер байқалады. Бұл кезде бұрынғы белгілерге түкті терілер маңайында пайда болған нүктелі қанталаулар, бөртпелер, бұлшықеттерде, буын айналаларында көгерулер қосылады. Өте маңызды белгілер аяқтарда, қабырғалардың сүйек-шеміршек аймақтарында байқалады. Қызыл иектерде таңдақтар түзіліп, жараға айналуы, тістер босап, түсіп қалуы да мүмкін. Жақ астындағы және мойындағы лимфатикалық түйіндер ұлғаяды. Құрқұлақтың бұл сатысында остеопороз дамып, сүйектердің сынуы да кездескен. Аурудың соңғы сатысында дене температурасы жоғарылап, лейкопениямен, эозинофилиямен бірге қаназдық, кахексия дамиды. Сонымен қатар екінші қайтара болатын жұқпалар, мысалы, пневмония, плеврит сияқты аурулар байқалып, асқынуы мүмкін. Цингамен ауырған адамның тамаққа тәбеті болмайды, салмағы азаяды, әрқашанда шаршап және әлсіздікті сезіп тұрады. Ауру адамның аяғы ісінеді, іші өтеді, ентігу пайда болады, зәрінде қан пайда болады, иммунитеті төмендейді. Цинга ауруының ұзақтығы бір жетіден бірнеше айға созылуы мүмкін. Егер науқасқа ешқандай жәрдем жасалмаса, ол жалпы арықтаудан немесе оған қосылған аурулардан өліп кетуі мүмкін.
      
Қазіргі  замандағы ғалымдар цинганың себебі жұқпа деп болжап отыр, бірақ бұл ауруды қоздырушы вирус табылған жоқ.
Алдын алу және емдеу. Адам организмі С дәруменін жасамайтын болғандықтан, оның қоры аз. Тіршілік барысында организм оны көп жұмсайды, сондықтан организмге тамақпен бірге, немесе дайын С витаминін қабылдау арқылы ұдайы түсіп тұруы тиіс. Сау организмнің С витаминіне тәуліктік қажеттілігі 100 мг, алайда бұл мөлшерді көптеген ауруларда арттыру қажет болады. С витамині көкөністерде, жеміс-жидектерде, қырыққабатта, көк пиязда, қызанақта, сарымсақта көп болады. С витамині жоғары температураның, жарықтың әсеріне тұрақсыз. Құрқұлақты емдеу үшін аскорбин қышқылы тағайындалады. Оның дәрігердің кеңесімен 2-3 ай қабылдау керек. Сонымен қатар Р дәрумені қоса беріледі. Өйткені ол аскорбин қышқылының белсенділігін арттырады және оның организмде жиналуына мүмкіндік береді.

Сәбіздің құрамында каротиннен бөлек адам ағзасына сіңгенде глюкозаға айналатын 6-8 пайыз қант та бар. Ол көбіне сәбіздің сыртқы жұқа қабығында сақталады. Ал ортаңғы өзегі аскорбин қышқылы мен В дәруменіне бай

 

 ЗЕРТТЕУ БӨЛІМІ

3.1 Көкеністер мен жемістердің құрамындағы нитраттардың таралуын анықтау

Жұмыстың мақсаты:

          Сырттан әкелінген   көкеністер мен жемістердің және саяжайда өсірілетін жеміс жидектердің және олардың шырындарының жекленген түрлеріндегі  нитраттың таралу мөлшрін  анықтау болып табылады.

   Құрал- жабдықтар мен реактивтер: өлшеуіш колба ( 50, 100, 200 мл), тамшылатқыш, 16 дана химиялық стақан, Дистильденген су, , 1% крахмал, йод ерітіндісі, 0,1% калий йодіндегі йод ерітіндісі, фенолфталеин, электроплитка; кәрден табақша ұнтақтағышымен, Көкеністер мен жемістер.

1.     Пробиркаға 10 мл зерттелетін  шырынды, құяды

2.     1 мл дисульфофенол  қышқылын  қосады

3.     1 мл 10% аммиак  ерітіндісін  қосады

4.     Барлығын  араластырып,  шайқап  20 мин  кейін кесте арқылы  азоттың  судағы мөлшерін  анықтайды

Нитраттарды анықтау барысында, біз саяжайда және дүкендерден алынған жеміс-жидектермен жұмыс жасаймыз. Ол үшін бізге қажетті жеміс-жидектердің 4түрін    дайындап аламыз. Алма,өрік, қызанақ, сәбіз.  Жеміс пен көкөністерді екіге бөліп , ортасындағы  шырынды бөлігіне нитратты анықтауға арналған реактивтерді тамшылату арқылы тәжірибелік  жұмысымызды  дайындаймыз.  

1мл   дисульфоқышқылын  тамызып, үстіне 1мл  10% аммиак   ерітіндісін тамшылатып,  20 минуттан кейін жеміс-жидектеріміздің  өзгеріске ұшырағанын байқаймыз, егерде нитрат  мөлшері көп болған жағдайда.

1-кесте. Нитраттардың мөлшерін анықтауға арналған рауал шкаласы.

     Жанынан қарағанда түстің өзгеруі

Нитраттағы жеміс-жидектердің мөлшері мг/л

Әрең көрінетін  сары түс

0,5

Әрең көрінетін сары түс

1,0

Өте әлсіз сары

3,0

Әлсіз сарғылт

5,0

Әлсіз сары

10,0

Ашық сары

25,0

Сары

50,0

Күшті сары

100,0

 

2-кесте: Берілген көкеністер мен жеміс-жидектердің құрамындағы

нитраттарды  анықтау шкаласы.

Жеміс-жидектердің

атауы

Саяжайда  өсірілген жеміс-жидектер

Дүкеннен алынған жеміс жидектер

3,0

мг/л

5,0 мг/л

10,0 мг/л

25,0 мг/л

50,0

мг/л

3,0 мг/л

5,0 мг/л

10,0 мг/л

25,0 мг/л

50,0 мг/л

Алма

 

+

 

 

 

 

 

 

+

 

Өрік

+

 

 

 

 

 

 

 

+

 

Сәбіз

 

 

+

 

 

 

 

 

 

+

Қызанақ

+

 

 

 

 

 

 

 

+

 

Орташа  көрсеткіші

5,2мг/л

31,2 мг/л

 

1- тәжірибе, 1-ыдысқа  саяжайдағы, 2-ыдысқа  сырттан әкелінген   алма жемісінің шырынын дайындап алып,  1мл  дисульфоқышқылын  тамызып, үстіне 1мл  10% аммиак   ерітіндісін тамшылатып,  20 минут тосамыз. Біраз уақыттан кейін шырынның түсінің өзгеріске ұшырағанын байқаймыз. 1-ыдыста:  әлсіз сарғылт  түсті 2-ыдыста: ашық сары түске боялғанын байқадық.

2-тәжірибе: Дәл осы тәжірибе өрікке жасалынды. Біраз уақыттан кейін өрік шырынынң түсінің өзгергенін байқадық. 1-ыдыста:  Өте әлсіз  сары түс. 2-ыдыста: Әлсіз сары түске боялды.

3-тәжірибе: Сәбізге жасалынды. 20 минуттан кейін,  1-ыдыста: әлсіз  сары түс 2-ыдыста: анық сары түстің болғанын анықтадық.

4-тәжірибе: Қызанаққа жасалынған тәжірибеден, 1- ыдыста: өте әлсіз сары түс  2-ыдыста:  ашық сары түске боялды.

Тәжірибенің қорытындысы бойынша, саяжайда өсірілетін көкеністер мен жемісдердің құрамындағы нитраттардың таралуының орташа көрсеткіші – 5,2 мг/л, ал сырттан әкелінген көкеністер мен жемістердің орташа көрсеткіші – 31,2 мг/л болды.

Нақты сараптама жүргізу кезінде тәжірибе көрсеткіштері бойынша сырттан әкелінген көкеністер мен жеміс жидектердің құрамында нитраттардың таралу мөлшері көп болып шыққанын дәлелдедік

 

3.2  Жеміс-жидектердің шырынындағы С дәруменінің мөлшерін  анықтау

С дәруменінің (аскорбин қышқылының) бар екенін анықтау.

Бұл өнімнің сулы ерітіндісін фильтрлеп алып, фильтратты көкшіл түс пайда болғанша 1% - к 1мл крахмалдың қатысында калий йодидіндегі йод ерітіндісімен титрлейді. С дәрумені ауада бұзылатындықтан, тәжірибені 10 минуттың ішінде жүргізу керек. С дәруменінің массалық үлесін мына формуламен анықтайды.

 W=

Мұндағы, C, V- йод ерітіндісінің титрлеуге кеткен көлемі (мл) мен оның концентрациясы (моль/л)

m-  өнімінің массасы, мг

V1- сулы ерітіндінің жалпы көлемі (мл)

V2- аликвотаның – үлгінің көлемі, мл (25 мл)

Йодометриялық титрлеу

I 2(сулы)+ С6Н8О6          С6Н8О6+2Н+(сулы)+2I-(сулы)

                                аскорбин               дегидро   аскорбин   қышқылы               

Vорташа=    v1+ v2 +v3

                              3               

K=0.176 ;  k=T               T=m\v                m=k*vJ2

 

Р

Зерттеут уақыты

Зерттелетін сусын түрі

Шыққан жері

Титрлеуге кеткен көлемі

 

I2

Орташа көлемі

I 2Vорташа

С массасы,мг

V1            

V2

V3

1

2

3

4

5

6

7

8

9

1

10.05.2016

Алма шырыны

Өскемен

V=6,0

V=2,1

V=3.9

V=6,2

V=1.8

V=4.4

V=6,1

V=1,5

V=4.6

V=4,3

 

V= 0.75

 

2

25.08.2016

Сәбіз шырыны

Өскемен

 

V=4.6

V=1.3

V=3.3

V=4.7 V=1.6

V=3.1

V=4.8

V=2.0

V=2.8

V=3.3

 

V= 0,8

 

3

20.08.2016

Қызанақ шырыны

Өскемен

V= 3.3

V=2.3

V=1.0

V=3.2

V=2.5

 V=0.7

 

 

V=2.5

V=1.3

V=1.2

 

V=0.96

 

V=0.17

 

4

5.09.2016

Өрік шырыны

Өскемен

V=8.1

V=0.9

V=7.2

V=8.0

V=0.9

V=7.1

 

V=8.0

V=0.9

V=7.0

 

V=7.0

 

V=1.25

 

Зерттеу барысында иодометриялық әдісті қолдандық.

 

Зерттелген көкеністер  мен жемістердің  шырынының құрамындағы С дәруменінің мөлшерін анықтадым. Зерттелген шырындардың  ішінен С дәрумені ең мол болатын өрік шырыны. Ал, сәбіздің ортаңғы өзегінде аскорбин қышқылы мол болатынын анықтадық.

 

 

Қорытынды

 

  Қорыта келе, сырттан әкелінген және саяжайда өсірілетін көккеністер мен жеміс өнімдерінің шырындарының  құрамындағы  нитраттардың таралу  мөлшерін  анықтадық. Ал нақты сараптама жүргізу кезінде тәжірибе көрсеткіштері бойынша сырттан әкелінген көкеністер мен жеміс жидектердің құрамында нитраттардың таралу мөлшері көп болып шыққанын дәлелдедік. Әсіріесе,  сырттан әкелінген сәбіздің құрамындағы нитраттардың таралу мөлшері көп екенін байқадық. Сонымен қатар,  жемістердің құрамындағы Аскорбин қышқылы мөлшерін анықтағанда, өріктің шырынында  көп болатынын дәлелдедік.

Дана қазақ халқы «Бірінші байлық - денсаулық» - деген екен. Денсаулығымыз мықты болу үшін  біздің тұтынып жүрген  көкеністер мен жемістердің  сапасына аса мән беруіміз керек. Нитраттың шамадан көп болуы адам ағзасына кері әсер ететінін естеріңізде  болсын. Дертке дауа болатын сапалы өнім өндіру үшін күш салуымыз керек. Сонымен қатар халыққа өзімізде өсірілетін қазақстандық өнімдеріне сұранысты арттыруымыз керек.

         Ұсыныс:

1.Сапалы  қазақстандық өнімге  сұраныс арттыру

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

1. Химическая энциклопедия. М.: Издательство БРЭ, 1992

2. Харьковская Н.Л., ЛяшенкоЛ.Ф., БарановаН.В. Осторожно – нитраты // Журнал «Химия в школе», 1999. – № 2. – С. 53

3. Анализаторы жидкости многопараметрические ЭКОТЕСТ–2000. Руководство по эксплутации КДЦТ. – 414310. 0.05 РЭ., М.: 2005. – С. 32

 4.Жануарлар әлемінде. Алматы. 1992 ж

5. Дорофеева Т.И. Эти двуликие нитраты. Химия в школе, 2002, № 5

6. Научно-методический журнал «Химия в школе» №3 2000, №1 2003

7. Алтунин В.С., Белавцева Т.М. Контроль качества воды. Справочник М. 1994

8. Полевой В.В. Физиология растений. М.: Высшая школа, 1989;

9. Покровская С.Ф. Пути снижения нитратов в овощах. М.: Урожай, 1988.

10. Ревелль П., Ревелль Ч. Среда нашего обитания: М.: Мир, 1995

11.Скурихин И.М., Нечаев А.П. Все о пище с точки зрения химика.

М.: Высшая школа, 1991

12. Қаратаев М. Қ  Қазақ Совет энциклопедиясы. 2-том Алматы. 1973ж

13. Сыбанбеков Қ.  Биология ғажайыптары. - Алматы. Қайнар. 1973 ж

14. Продукты переработки плодов и овощей., Межгосударственный стандарт ГОСТ 29270–95., Минск, 1997. – С. 157

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тақырыбы: "Жеміс-жидектердің құрамындағы нитраттарды анықтау""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист в области обращения с отходами

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 189 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 17.11.2016 6558
    • DOCX 66.9 кбайт
    • 47 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жайлаубаева Раушан Газизовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Жайлаубаева Раушан Газизовна
    Жайлаубаева Раушан Газизовна
    • На сайте: 7 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 21373
    • Всего материалов: 8

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Биология и химия: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель биологии и химии

500/1000 ч.

от 8900 руб. от 4150 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 46 человек из 26 регионов
  • Этот курс уже прошли 58 человек

Курс повышения квалификации

Современные образовательные технологии в преподавании химии с учетом ФГОС

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 136 человек из 47 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 381 человек

Курс повышения квалификации

Инновационные технологии в обучении химии в условиях реализации ФГОС

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 36 человек из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 482 человека

Мини-курс

Основы русского языка: морфология, синтаксис, лексика

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 22 человека из 12 регионов
  • Этот курс уже прошли 14 человек

Мини-курс

Цифровая трансформация в бизнесе: аспекты управления и развития

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Основы психологии личности: от нарциссизма к творчеству

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 40 человек из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 12 человек