Инфоурок Начальные классы Рабочие программыТақырыбы:Таныстырған 42 әріппен,қош бол құтты Әліппе!

Тақырыбы:Таныстырған 42 әріппен,қош бол құтты Әліппе!

Скачать материал

Тақырыбы:Таныстырған 42 әріппен,қош бол құтты Әліппе!

 

Мақсаты: Оқушылардың білімдерін бекіту, олардың алған білім, білік 

                   дағдыларын көрсету, тілін дамыту, сөздік қорын молайту, 

                   ұқыптылыққа тәрбиелеу.

 

Жүру барысы: Құрметті ата-аналар, ұстаздар. Бүгінгі біздің қуанышымызда шек жоқ. Өйткені біз тұңғыш рет сауатымызды ашқан Әліппені бітірдік. Бүгінгі «Таныстырған 42 әріппен,қош бол  құтты Әліппем» атты ертеңгілігімізде біздердің балаларымыздың осы күнге дейін сауат ашып, оқып жазуға үйреткен «Әліппе» оқулығынан алған білімдерін ортаға салмақ кез келді. Әліппені бітіру алдағы өмірге жол бастайтын көп белестердің бірі. Ендеше біз бүгінгі күні сол белестің бірінен астық. Сондықтан бүгінгі той сіздер мен біздер үшін ортақ та салтанатты мереке. Баршаңызға қош келдіңіздер дей, отырып ертеңгілігімізді бастаймыз. Олай болса қол соғып қошеметтей  отырып, бүгінгі ертеңгілігіміздің иегерлерін ортаға шақырайық.

 

Сабақтан еш қалмайтын

Үйреніп бәрін  жүретін

Алшаң басқан  аяқты

Шақырайық ортаға

Амирхан деген баланы.

 

 

Көп оқитын ,көп тоқитын

Жақсылықты жақтайтын

Қылығы оның сүйсінтер

Есімі оның-Асанали

Қошеметтеп қояйық.

 

Сәулелі де сымбатты.

Сөйлегені тым тәтті

Ай мен  күні ата-ананың

Айжұлдыз шықты ортаға

 

Сабырлы да салмақты,

Бәрін біліп жаттайды.

Есепті де шағады.

Шуағын шашып  айналаға

Алуа шықты ортаға.

 

 

 

 

Жұмсағанда баратын

Айтқан тілді алатын

Ақылдысы атасының

Әділ шықты ортаға.

 

 

Дарасы болар даланың

Дарабоз жігіт мақтанар

Мамасына қолғанат

Шақырайық Жангирді

 

2.Әдеби монтаж

 

Армысыңдар аналар

Бармысыңдар балалар

Сөзіме құлақ салыңыз

Бір серпіліп қалыңыз

Әліппеге арналмақ

Бүгінгі жыр әніміз                    Асанәлі

 

 

Кешегі сәби балаңыз

Жарады міне қараңыз

Ғылым білім жолына

Енді қайық саламыз                 

Келгенде алғаш мектепке

Білмеуші едік әріпте

Оқимыз қазір ертекті

Үйреткен оны Әліппе              Алуа

 

Оқуды көп ойладық

Қызығына тоймадық

Әріптерді үйреніп

Сауат аштық тойладық            Әділ

 

Қыркүйекте келдімде

Сыныпқа кірдім қуанып

Қарсы алды ұстаз мейірмен

Қадамымда құп алып                    Жангир

 

Оқыған оны ғалымда

Оқыған оны мұғалімде

Оқыған оны көсемде

Жазушы ақын дарында                Айжұлдыз

 

 

Бар білімнің бастауын

Әліппеден бастадым

Үйренуге талпындым

Құлшынып балғын жас жаным      Амирхан

 

Ән: Ойыншықтар

 

Жақсы, балалар біз бүгін  өнерімізді ортаға салып, ұстазымызғы алғысымызды білдірдік. Ұстазымыз білімді қайдан үйретті, неден алдық білімді? Әліппеден

 

Бәрі бірге:      

Бар кітапқа бас болған

Әліппе ғылым данасы

Әліппеден басталған

Даналықтың данасы

Олай болса «Бар кітаптың басы болған-Әліппе» оқулығын ортаға шақырамыз.

 

Бәрі бірге: Ән Әліппе

Армысыздар жас достар

Армысыздар ата-ана

Болашаққа жол бастар

«Әліппең» келді ортаға

Алғаш рет өзімнен

Білім алды балалар

Өсті білім санасы

Елжірейді жүрегі

Маған адам баласы

Алғыс айтып жүреді

Білім деген ғажаптың

Әліппесін меңгерген

Келешегі  қазақтың  

Басталады сендерден

 

Бәрі бірге:   Қош келдің сүйікті Әліппе!

Би:Джимми-Алуа

Әліппе: Рахмет балдырғандар. Сендер осы әліппе оқулығынан әріптерді таныдыңыздар. Әріпті әріпке қосып, буын- буыннан сөз құрап, сөзден сөйлем құрап бүгінгі күні қысқа –қысқа әңгімеледі оқи алатын болдыңдар. Осы менімен бірге сендер математика тағы басқа пәндерді де қатар оқыдыңдар. Олай болса осы әліппе, математика оқулығынан алған білімдеріңді ортаға салыңдаршы, бір марқайып қалайық.

 

                     

 Бүгінгі біздің ертеңгілігімізге «Ертегілер   елінен» хат жіберіпті. Бұл хатта сендерге арналған тапсырмалар бар екен. Олай болса біріміз осы тапсырманы орындайық.

 

1.     Әліппе оқулығынан 116 беттегі М, Мақатаевтың «Әліппе» өлеңін мәнерлеп оқып беру

2.     Жасырылған буынды тап.

Көй-лек                               Қа-лам                   Са-ғат

Сыз-ғыш                             Мон-шақ                Ал-ма

 

Математика пәні бойынша.

 

1.     1-10 тура санау

10-1 кері санау

 

2.     Есепті шығар

 

Әліппе: Рахмет достарым оқуда алда болыңдар. Мен қоштасқанда алған білімдеріңізді одан әрі ана тілі оқулығымен жалғастырасыздар. Мені қалай сүйіп ұқыпты, таза ұстасаңыздар ана тілі оқулығында сондай етіп ұстайды деп сіздерге үлкен сенім артамын.

 

 

Ұстаздар мен балалар

Аталар мен аналар

Танысыңдар досыммен

Достасыңдар осымен

Аттанғанда бүгін мен

Ана тілін таныңдар

 

Олай болса өзімінің досым Ана- тілі оқулығын шақыруға рұқсат етіңіздер.

 

 

Ана тілі  

                                                Армысыздар  ағайын

Қош келіпсіз баршаңыз

Менде есік қағайын

Алтын күздің сыйындай

Құтты болсын қуаныш

Құтты болсын мейрамың

Құтты болсын тойларың

 

 

Ән:Мен әдепті баламын-Айжұлдыз  

 

Би: Қазақ биі (ұлдар)

Ән: Қошақан

 

Әліппе: Құрметтеріңе бас иемін. Мен сендерге рахметімді айта отырып сендермен қоштасамын.

Рахмет айтып шаттанам

Риза болып аттанам

Алда ұзақ жасым бар

Оқумен өсіп толыңдар

Аман-есен болыңдар

 

Би:Флешмоб

 

Ертегі:«Бауырсақ» сахналық қойылым

 

 

Мұғалім:

 Әліппені бітірді балаларым

Әліппеден нәр алған даналарым

Өзі жазып оқитын халге жетті

Құтты болсын қадамы балалардың 

Балалардың білімі құтты болсын

Денсаулығы әрқашан мықты болсын

Білімдерін әрі қарай дамытатын

Ерінбейтін еңбекқор мықты болсын.

 

 

 

Бата:

Алайық келер сәтті ойға түйіп

Қалар бір шапағаты көпке тиіп

Қол жайып періштені пейіліне

Бәріміз бір ауыздан «Әумин» дейік

«Әумин» десең міне батам

Қолдасын Қыдыр бабам

Әлемнің бетін жарық ет

Ұл-қызды түгел білімді ет

Келесі оқу жылына

Аман – есен түгел жет.

 

Осымен бүгінгі 1сыныпта өткен   «Таныстырған 42 әріппен,қош бол құтты әліппем» атты ертеңгілігімізді аяқтаймыз. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет.

        

 

 

    

 

 

            

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                    

   

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тақырыбы:Таныстырған 42 әріппен,қош бол құтты Әліппе!"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Инструктор по футболу

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 114 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 01.01.2016 799
    • DOCX 44 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Туякова Гайни Кабаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Туякова Гайни Кабаевна
    Туякова Гайни Кабаевна
    • На сайте: 8 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 15683
    • Всего материалов: 10

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Подготовка детей к школьному обучению в условиях вариативного дошкольного образования и реализации ФГОС НОО

Учитель по подготовке к школе (педагог)

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 306 человек из 60 регионов
  • Этот курс уже прошли 613 человек

Курс профессиональной переподготовки

Математика: теория и методика преподавания в сфере начального общего образования

Учитель математики в начальной школе

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 127 человек из 43 регионов
  • Этот курс уже прошли 180 человек

Курс повышения квалификации

Система образовательной организации в начальном общем образовании в условиях реализации ФГОС

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 60 человек из 30 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 844 человека

Мини-курс

Теория и практика инвестиций в контексте устойчивого развития

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Финансы и управление в медиакоммуникациях

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Детское развитие: ключевые моменты взаимодействия с детьми и подростками

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 307 человек из 68 регионов
  • Этот курс уже прошли 173 человека