Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Музыка / Другие методич. материалы / Тақырып: «Күй пернесі адам өмірінен сыр шертеді»
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Музыка

Тақырып: «Күй пернесі адам өмірінен сыр шертеді»

библиотека
материалов

5-5

Солтүстік Қазақстан облысы

Петропавл қаласы

Қожаберген жырау атындағы

6 орта мектебінің

музыка пәні мұғалімі

Темирханова Шынар Сеитовна







Тақырып: «Күй пернесі адам өмірінен сыр шертеді»

2 сынып, музыка пәні оқулықтың авторлары: А. И. Райымбергенов С.Ш. Райымбергенова Ұ. Байбосынова

Мақсаты: Құрманғазы күйлері арқылы оқушылардың туған елге, жерге деген патриоттық сезімдерін арттыру, есте сақтау қабілеттерін жетілдіру.

Көрнекіліктер: Құрманғазы Сағырбаевтің портрет суреті, күйлері туралы жасалған слайдтар, күйлерге байланысты суреттер, ою-өрнек суреттері, домбыра аспабы.

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: қалам, дәптер, оқулық,

Жаңа тақырып: Қайталау сабақ

Сабақтың түрі: сайыс

Интерактивті тақтада Құрманғазының портрет суреті көрсетіледі. Мұғалімнің кіріспе сөзі... /5 минут беріледі/ - Оқушылар, тақтадағы суретте кім? - Құрманғазы Сағырбаев. - Дұрыс. Ал, Құрманғазы кім болған? - Құрманғазы–күй атасы. Ол күйші, композитор болған. – Ал, күй дегеніміз не? – Күйдің сөзі жоқ, аспапта ойналатын күрделі шығарма... – Дұрыс. Ендеше, бүгінгі сабағымыз Құрманғазы атамыздың шығармашылығына арналады. Біз сендермен 1 тоқсан бойынша Құрманғазы күйлерінің шығу тарихымен танысқан болатынбыз. Сондықтан өткен тақырыптарды еске түсіру мақсатында бүгін бізде қайталау сайыс сабағы. Қазір топқа бөліну үшін үстелде жатқан сөздер жазылған бірнеше қағаздарды әркім бір-бірден таңдап аласыңдар. /балалар бір-бір қағаздан алады.../ - Енді балалар, кімге күйші, кімге композитор, кімге домбыра, кімге музыка деген сөздер лекті сол бойынша «Күйші» тобы, «Домбыра» тобы, «Композитор» тобы, «Музыка» тобы болып бірыңғай отырасыңдар/ Әр топ өз орындарына жайғасады.../ - Сайысымызды бастамас бұрын әділ бағасын беретін әділқазы мүшелерін сайлап алайық: /3 ұстаз әділқазы мүшелеріне сайланып, таныстырылады.../ - Балалар, бүгінгі сайыс сабағымыз 4 кезеңнен тұрады. Атап айтсақ, 1-ші кезең: «Ойлан да тап»

2-ші кезең: «Жүзден жүйрік»

3-ші кезең: «Өз біліміңді тексер!»

4-ші кезең: «Кім жылдам?» /тақтада слайдпен көрсетіледі/

- Сайысымыздың кезеңдерімен таныстық, әр сайысқа берілетін уақыт шеңберінен аспаймыз. Олай болса, сайысымыздың 1-ші кезеңін бастайық. 1-ші кезенде топтарға Құрманғазы күйлерінің суреттері беріледі. Ол күйлермен сендер таныссыңдар. /«Аман бол, шешем, аман бол», «Қайран шешем», «Арба соққан», «Машина», «Түрмеден қашқан», «Кісен ашқан», «Қызыл қайың», «Бұқтым-бұқтым» күйлері/ Осы суреттерді ретпен қойып, күйдің атын жазу керек. /4 минут уақыт беріледі. Қай топ дұрыс жұмыс жасап жатқандары қадағаланады. Әділқазыларға балалардың жұмыстары беріледі, сол жұмыстары бойынша әр топ бағаланады./ Келесі 2-ші кезең «Жүзден жүйрік» сайысы. Тапсырма: Құрманғазы күйлерін ести отыра суреттерін көрсету, қимыл, сөз арқылы айту. Мысалы, «Аман бол, шешем, аман бол» күйі ойналғанда «Аман бол, шешем, аман бол» сөзін күй әуенімен айту т/б /әр топқа 1 минуттан.../

3-ші кезең: «Өз біліміңді тексер!» Сұрақтарға жауап беру. Әр топ интерактивті тақтада жазылған ұпайлар бойынша өзі таңдаған сұрақтарға жауап беру арқылы сол ұпайды алады. Бірінші кезек «Күйші» тобына беріледі. /Келесі кезекті «Домбыра», «Композитор», «Музыка» топтары алады.../ Әр топ мүшелерінің жауабына 1 минуттан беріледі/ Сұрақтар:

  1. Құрманғазының ұстазы кім еді?

  2. Құрманғазы қанша күй шығарды?

  3. Ою-өрнектер адам өмірінде қандай қызмет атқарған?

  4. Оюдың қандай түрлерін білесің?

  5. «Шет ою» дегеніміз не?

  6. Құрманғазының қандай күйі саған аса қатты ұнады?

  7. Қандай домбыраның түрлерін білесің?

  8. Қалай ойлайсың, «Келіншек» күйі кімге арналған?

Әр топ өз сұрақтарына





Соңғы 4-ші кезең: «Кім жылдам?». Әр топқа қағазда суреті салынған бірақ боялмаған бір оюдан беріледі. /тарақ, тұмарша, тышқан ізі, ботакөз оюлары/ Топта берілген ою суретін бояп, оюдың атын жазады және ол туралы қысқаша мәлімет береді /1 минут жұмысқа, 1 минут қорғауға беріледі/

Балалар, 4-ші кезеңде оюларды боядыңдар, сендердің саусақтарың қозғалыста болып жұмыс жасады. Ендеше, домбыра тартуға дайынсыңдар деп ойлаймын. Олай болса, қолымызға домбырамызды алайық. Үйге берілген «Келіншек» халық күйінің 1 бөлімін ойнайық.../ күйдің 1 бөлімі қателері түзетіліп бірнеше қайталанады... 10 минут/ Балалар домбыра ойнап болғаннан кейін мұғалім сайыс сабағын жалғастырады... - Бүгінгі сайыстың барлық тапсырмаларын әр топ жақсы орындады. Сайыс сабағымыздың бағасын беріп, қорытындысын шығару үшін әділқазы алқасына сөз береміз. /әділқазы мүшелері өз қорытындыларын шығарып, топтарды марапаттайды... 4 минут/ Әділқазы алқасына рахмет айтылып, сабақтың қорытындысы жасалады. /Жалпы қорытындыға 2 минут беріледі/

Мұғалімнің қорытынды сөзі: Сонымен балалар, бүгінгі сабақты қорыта келе, сендер Құрманғазы атамыздың күйлерін естіп, шығу тарихын еске түсірдіңдер. - Балалар, Құрманғазы күйші өз елінің патриоты деп айта аламыз ба?... - Оның күйлерінде туған елге, жерге деген сезім бар ма?... - Құрманғазы күйлерін есте сақтап қалдық па? Ұмытпайсыңдар деп ойлаймын. Сендер де Құрманғазы атамыз сияқты еліміздің патриоты болып өсетіндеріңе сенімдімін. Бүгінгі сабаққа барлықтарың белсене қатыстыңдар, сондықтан сендерге «5» деген баға қойылады. Балалар, бүгін барлығың да жеңімпаз болдыңдар, құттықтаймын. Осымен қайталау сайыс сабағымыз аяқталды. Сау болыңдар!
































Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 20.01.2016
Раздел Музыка
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров380
Номер материала ДВ-360455
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх