Инфоурок Доп. образование Другие методич. материалыТаным процестерін дидактикалық ойындар арқылы дамыту

Таным процестерін дидактикалық ойындар арқылы дамыту

Скачать материал

КАБЫЛДАУ ҚАБІЛЕТІН  ДАМЫТУҒА АРНАЛҒАН ОЙЫНДАР

 

1.     "Ине мен жіп"

Жүргізуші:

        Мен ине боламын, ал сендер жіпсіңдер.

Сендер менің артымнан бір-бірлерінің белдеріңнен ұстап тұрыңдар. Қазір бәріміз алдымызда тұрған кедергілер арасынан үзілмей жүгіреміз. Кім жіпті үзсе сол ойыннан шығады.

2. "Бұл кашан болады?"

        Жыл мезгілдеріне байланысты суреттер көрсетіледі. Сол суреттер ішінен керек суретті көрсетіп әңгімелеп береді.

Кесте, құрал— жабдықтармен жүмыс

1.Айлардың аттарын ата?

2.Жыл мезгілін түстерге сәйкес ата?

3.Әр мезгілде неше ай бар?

4.Бір айда неше апта бар?

З.Қазір қандай жыл мезгілі және қандай ай?

3. "Кім қалай дыбыстайды?"

        Ойынға катысатын балаларды топтарға (ит, тауық, жылқы) бөледі. Жүргізуші белгі берген уақытта ит тобындағы балалар итше үріп, дыбыстау керек. Дәл сол сияқты тауық, жылқы, мысық топтары да өз топ атауларын қорғап шығады. Соңында жүргізуші өзі белгі берген уақытта барлық топ бірдей өз дыбыстарын шығарады.

4. "Не үлкен?"

        Отырған балаларға жүргізуші сұрақ қояды. Орындықтан не үлкен? Отырған балалар кезекпен заттарды атайды. Ойын ойнаған кезде жүргізушіге атаған заттарды қайтадан айтуға болмайды және балаларға қайталауға болмайды. Кім екі рет шатасса, ойыннан шығады. Жеңімпаз бала жүргізуші болады.

5. "Сиқырлы қапшық"

        Балаларды шеңбер жасай отырғызып жүргізуші олардың алдындағы кішкентай үстел басына отырады. Үстелдің үстінде сиқырлы қапшық тұр. Ішінде әр түрлі ұсақ ойыншықтар. Балаларды кезекпен шақырып қапшықтың ішіндегі екі бірдей затты тауып алуды талап етеді. Мысалы: екі доп, екі машина т.б. Балалар қолдарымен заттарды сипап бірдей затты тауып алғаннан кейін оны сипаттап айтады. Айтқанын тексеру үшін заттарды сыртқа шығарады, ойын осылайша жалғасады.

 

ЕСТЕ САҚТАУ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУҒА АРНАЛҒАН ОЙЫНДАР

1. "Төрт құбылыс"

        Балалар шеңбермен тұрады. Жүргізуші "су" — десе қолдарын алдына созады, "ауа" — дегеңде жоғары көтереді, "от" — дегенде екі қолын айналдырады, "жер" — дегенде қолдарын түсіреді. Кім шатасса сол ойыннан шығады.

2. "Көңілді шеңбер"

        Балалар шеңбер жасап отырады, бір-біріне мұқият қарайды. Жүргізуші белгі берген кезде балалар көздерін жұмады. Сол кезде жүргізуші отырған балалардың бірнешеуіне әр түрлі заттарды қыстырып қояды. (Гүл, орамал, бантик, көзілдірік). Балалар көздерін ашқанда не өзгерді? — деп сүрайды. Ең зейінді балаға ойыншық беруге болады.

3. "Орнынды тап"

        Балалар шеңберге тұрады. Әр бала өзінің жанындағы баланы есінде сақтап, қарап алуы керек.

Жүргізушінің бірінші белгісі бойынша, бөлменің жан-жағына тарап кетеді (белгі: шапалақтау, барабан немесе бубенмен беріледі). Екінші белгі бойынша шеңберге бастапқыда қай орында, кімнің қасында тұрғанын есінде сақтап, кайта шеңбер түзеді. Өз орнын тапқан балалар мадақталады, таба алмағандар ойыннан шығады.

4. "Ойыншықгы сипатта"

        Жүргізуші балаларға қолындағы ойыншықты мүқият қарап алуды ұсынады (1 минут). Мысалы: қуыршақ, түлкі, қоян, түйе т.б. Алынатын ойыншықтар түрлі-түсті және бөліктері бірнешеу болуы шарт. Ойыншықты жасырып, балалардан сол ойыншықты көргенде түр-түсі, пішіні, көлемі, дене бөліктерін есінде сақтағанын сипаттап әңгімелеп беруді талап етеді. Ойыншықты дәл, нақты сипаттап берген бала ойынды әрі қарай жалғастырады.

5. "Сөзді есінде сақта"

        Тәрбиеші балаларға 7 қосарлы сөздерді оқиды. Балаларға мұқият тындау ұсыньлады. Бірінші сөзді тәрбиеші өзі айтады, балалар келесі сөзді есінде сақтап қайталайды. Осылайша қалған сөздерді түгел айтып шығуы керек.

1. көктем — жаңбыр

2. жаз — күн шықгы

3. күз — тұман түсті

4. аспан — қар жауды

5. аспан — бұлт

6. су — балық

7. жер — шөп

ЗЕЙІНДІ ТҰРАҚТАНДЫРУҒА АРНАЛҒАН

ОЙЫНДАР

1. "Мен жеңімпазбын"

        Орындықтарды ортаға қойып, музыка әуені ойнағанда балалар шеңбермен айналып жүгіреді. Орындықгар саны балалар санынан, 1 санға кем болу керек. Ең соңында қалған бала орындықтың үстіне шығып, мен жеңімпазбын деп айту керек.

2. "Құлақ — мұрын"

        Балалар шеңбермен тұрады.

Жүргізуші: кұлақ — деп қолымен мұрынды ұстайды, ал мұрын — деп құлақты үстайды. Ал балалар құлақ дегенде құлақты, мұрын — дегенде мүрындарын көрсету керек. Жүргізуші балалардың зейіні мен қабылдауын тексеру мақсатымен оларды шатастырып айтады.

3. "Өз орныңды тап"

        Балалар қатармен тұрады. Әр баланың қолында әр түрлі сандар.

Жүргізуші белгі берген уақытта балалар сандардың реті бойынша тұруға тиісті. Ойын бірнеше рет қайталанады. Балалардың орындарын шатастырып алмауы қадағаланады.

4. "Дайын бол!"

        Балалар шеңбермен жүреді. Жүргізуші бір сөз айтады, ал балалар сол сөзді іс-қимылмен көрсетеді. Мысалы: қоян — секіреді, ат — шабады, құс — ұшады, ләйлек— бір аяғымен тұрады.

5. "Зейінді бол"

        Балалар шеңберде тұрады. Жүргізуші ойынның ережесін түсіндіреді. Мен сендерге әр түрлі қимыл қозғалыстарды көрсетіп тұрамын. Сендер оны қайталап тұруға тиістісіңдер. Бірақ, мен ескерткен қозғалысты, мысалы: "қосаяқтап секіру" қозғалысын қайталауға болмайды. Кім кайталаса сол ойыннан шығады. Жүргізуші әр түрлі қозғалыстырды көрсетіп, қайталамайтын қозғалысты бірнеше рет көрсетеді. Қай бала шатасса ойыннан шығады. Ойынның жеңімпазы жүргізуші болады. Сол бала қайталанбайтын қозғалысты өзі шығарады.

 

ОЙЛАУДЫ ДАМЫТУҒА АРНАЛҒАН

ОЙЫНДАР

1. "Матадағы менің орным"

        Жердегі жатқан мата үстіне, балалар белгі берген уақытта тұрып қалуға тиісті. Матаның өлшемін тәрбиеші кішірейте отырып ойынды жалғастырады. Бірақ ойында балалар мата бетінен шығып кетпеулері керек.

2. "Ойлан да аяқта"

— Лимон қышқыл, ал қант... (тәтті)

— Егер үстел орындықтан биік болса, онда орындық... (үстелден аласа)

— Екі, бірден көп, ал бір... (екіден аз)

— Сен аяғыңмен жүресің, ал затты ұстағанда немен               ұстайсың... (қолмен)

— Егер Самал үйден Айманнан бұрын шықса, ал Айман... (кейін)

— Өзен арықтан терең, ал арық... (саяз)

— Бала үлкейіп, ер адам болады, ал қыз... (әйел адам)

— Пышақта, әйнекте... (өткір)

3. "Ойлан да аяқта"!

— ат шабады, ал қарлығаш... (ұшады)

— ит үреді, ал қарға... (қарқылдайды)

— жылан жорғалайды, ал балық... (жүзеді)

— қасқыр ұлиды, ал қой... (маңырайды)

— түйе боздайды, ал жылқы... (кісінейді)

4. "Қарама-карсы сөзді ата"

        Балалар шеңберге тұрады. Жүргізуші доппен балалардың арасында тұрады. Жүргізуші балаларға кезекпен допты лақтырып белгілі бір сөзді айтады. Балалар сол сөзге қарама-қарсы сөздерді тауып айтуға тиісті. Мысалы: Ащы — тұщы, жақсы — жаман

Қара-

Күн-

Аласа-

Қай бала шатасып қалса немесе жауабын айтпаса ойыннан шығады. Жеңімпаз бала жүргізуші болады. Ойын қайталанады.

 

 

ҚИЯЛДЫ ДАМЫТУҒА АРНАЛҒАН

ОЙЫНДАР

1. "Менің көңіл-күйім қандай"

        Балалар өз көңілдеріне сәйкес келетін суретгі тауып атайды (көңілді - көңілсіз, қорқынышты, ренжулі, ... т.б.). Сол кездегі өздерінің көңіл-күйлерін баяндайды. Басқа суретгегі көңіл-күйге сәйкес болған жайды әңгімелеп береді.

2. "Жаңа ертегі"

        Жүргізуші отырған балаларға ертегі кейіпкерлерін атайды, суреттерін көрсетеді. Мысалы: кемпір, шал, түлкі, арыстан, тышқан т.б. Аталған кейіпкерлерді біріктіре отырып жаңа ертегі мазмұнын құрастырып айтуды ұсынады. Балалар ертегі құрастырады. Ең қызықты ертегі ойлап тапқан бала жүргізуші болып ойын жалғасады.

3. "Теңіз жағасындағы түс"

        Балалар теңіздің шуын тыңдап жатады (аудиожазба). Осылай жатып олар түс көреді. Балалар тұрған соң түсінде көргенін айтып береді. Ол су, теңіз жағасындағы адамдар, қайық, кеме, құстар, балықшылар су асты тіршілігі болуы мүмкін.

4. "Сиқырлы дөңгелектер"

        Баланың қиялын дамытуға арнайы бірнеше дөңгелектер беріледі, олардан балалар жануарлардың бейнесін жасау ұсынылады. Мысалы: құлақтарын үшбұрыш, көзін қиғаш сызықтармен, тұмсығы мен мұрттарын сызып мысықтың бейнесін салады. Аю, құлақтарын жартылай дөңгелек, көздерін екі дөңгелек, тұмсығы мен аузын салу арқылы аюдың басын салады, оның сыртқы бөлігінен ирек сызықтарды айналдыра жүргізу арқылы арыстанның басының суретін салып, бала өз қиялы бойынша суретті толықтырады.

5. "Киял жалғасы"

        Тәрбиеші ойланып, балалардың назарын тақтаға аударады да өзі бірнеше сызықтарды бормен сызып қояды. (Толқын, сынық сызық, ирек т.б.) Менің қиялым бойынша осы сызықтардан алуан түрлі заттар жасауға болады. Қане, кім менің қиялымды жалғастырып өз ойларынан толық сурет салып береді екен деп өз алдыларындағы парақ қағазға сызықты сызып суретке айналдырып, не салғаны жайында әңгімелеп беруді өтінеді. Балалар жұмысын бірге талдайды.

 

 

ҚАБЫЛДАУ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУҒА АРНАЛҒАН ЖАТТЫҒУЛАР

1. «Гүл»

        Балалар әр жерде отырады. Жүргізуші: Балалар біз бәріміз енді өсіп келе жатқан гүлдерміз. Күн шықты, гүлдер жайлап ашылып өсіп келеді (қолдарын созады). Кенеттен баяу жел соға бастады, гүлдер желмен жан-жаққа шайқалады (қолдарын жан-жаққа шайқайды). Бір мезгілде аспанға бұлт төніп, жаңбыр жауа бастайды, гүлдер тоңып, бүрісіп жабылды. (қолдарын тізелерінің үстіне қойып бүрісіп отырады). Бір уақытта қайтадан күннің көзі күлімдеп шыға бастады, сол уақытта гүлдер де құлпырып, жайнап ашыла бастайды. (балалар үлкен шеңбер жасап, бір үлкен гүл шоғына жиналады).

2. "Заттарды қабылдау"

        Тәрбиешінің алдында биік-аласа мұнаралар,              жуан-жіңішке қарындаштар, оң қолын және сол қолын көтеріп тұрған баланың суреттері, табиғат көрінісі (ағаштар алыстан кішкене, жақыннан үлкен болып көрінеді) т.б. суреттер бар. Тәрбиеші балаларға сұрақтар қояды.

1. Мұнаралар қандай? (биік немесе біреуі аласа)

2. Қарындаштар қандай? (жуан-жіңішке)

3. Суретте бала қай қолын көтеріп тұр? (оң, сол)

4. Мына суретте ағаш қалай орналасқан? (кішкене ағаш алыстан көрінеді, үлкені жақыннан т.б.)

5. Сен менің қай жағымда тұрсың? (алдымда)

3. "Ұқсас суретті тап"

        Тәрбиешінің алдында қос-қостан бірнеше суреттер болады. Олар: Екі шырша, екі қайық, екі теледидар, екі тоңазытқыш, екі жапырақ, екі гүл, екі сағат т.б. Осы суреттердің бірнешеуін тақтаға іліп осыған ұқсас геометриялық пішіндерді қораптан таңдап алып салыстырып, ұқсастығын, пішінін, түр-түсін сипаттап әңгімелеп береді.

4."Әр түсті заттар"

        Жүргізуші балаларға белгілі бір түсті атайды. Балалар сол түске сәйкес заттың атын атап беруге тиісті. Шеңбердегі отырған балалар кезекпен жауап беріп отырады. Мысалы: қызыл алма, сары балапан.

5. "Уақытты қабылдау жаттыіуы"

1.Тәуліктің уақытын ата.

а) Таңертең деген қай уақыт? (таңертең не істейтіндерін сипаттайды)

ә) Түс деген қай уақыт? (түскі тамақ ішеміз, дем аламыз т.б)

б) Кеш деген қай уақыт? (үйге қайтамыз, үйдегі іс-әрекетті айту)

в) Түнде не істейміз (ұйықтаймыз)

2.Аптада неше күн бар?

3. Қандай күндер?

4.Жұмыс күндері қандай?

Осылайша "жіпке тізген моншақтай" сөз моншақтарын тізіп айтуға жаттығады. Қай бала көп сөзді есінде сақтап, көп сөз ойласа, сол бала жеңіске жетеді, ол жаңа сөзді өзі бастап ойынды жүргізеді.

 

ЗЕЙІНДІ ТҰРАҚТАНДЫРУҒА АРНАЛҒАН

ЖАТТЫҒУЛАР

1. "Шапалақ"

        Балалар шеңберге тұрып қолдарын созады. Тәрбиеші 3 деген кезде, барлықтары бір уақытта қолдарымен шапалақ соғуға тиісті.

2. "Балалар сендердің көңіл-күйлерің калай?"

        Сендер көңіл-күйіміз жақсы — дедіңдер, енді осы жақсы көңіл-күйлеріңді көрсетіңіздерші.

1. Көңілді болғанда не істейміз?

2. Ренжігенде — бұртияды, қабақ түседі

3. Қорыққанда — көздерін жұмады

4. Куанғанда, көңілденгенде — күледі

5. Таң қалғанда — көздері шарасынан шығады

Қол қимылдарына жаттығу

1. Биік — аласа

2. Анда — мында

3. Мен — сен

4. Жуан – жіңішке

5. Оң жақ — сол жақ

6. Алыс — жақын

7. Бас — аяқ

3. "Шапалақты тыңда!"

        Балалар шеңбермен жүреді. Жүргізуші алақанын соққанда балалар ләйлек (айст) сияқты бір аяғын көтеріп, қолдарын екі жаққа созып тұрады, екі рет соққанда бақа сияқты отырып секіреді, үш рет соқса жүруін жалғастырады.

4."Канша дыбыс естідіңдер?"

        Жүргізуші бірнеше рет карындашпен үстелді соғады. Ал, балалар естіген дыбыстарын саусақпен көрсетеді.

5."Айна"

        Балалар екі-екіден бөлінеді: біреуі — жүргізуші, екіншісі — бала. Жүргізуші белгілі бір қимыл қозғалыстарды көрсетіп және бет әлпет қозғалыстарын тура көргендей қайталап беруге тиісті. Содан соң екеуі орындарымен ауысады. Ойынды бірнеше рет қайталауға болады.

 

ОЙЛАУДЫ ДАМЫТУҒА АРНАЛҒАН ЖАТТЫҒУЛАР

1. "Логикалық есеп"

     Балалар ауызша есепке жауап береді.

1. Айгүлдің алдында 3 зат тұр: шелек, доп, қуыршақ. Допты қозғамай қалай шетіне қоюға болады?

2. Үстел үстінде төрт алма тұр. Бір алманы алып ортасынан бөліп қайтадан қойды. Үстел үстінде неше алма болды?

3. Қоянға, түлкіге, аюға үш түрлі жалауша жасап берді — қызыл, сары, көк. Қояндағы жалауша қызыл емес, түлкідегі қызыл да, көк те емес. Кімнің жалаушасы қандай?

4. Бөлмеде 2 орындық тұр. Әр қабырғаның жанында бір-бір орындық болуы үшін сол орындықтарды қалай қоюға болады?

2. "Болған жағдайды бағалау"

        Балаға белгілі бір суреттегі жағдайды көрсетіп мазмұнын әңгімелеуге тапсырма береміз. Балалармен сол жағдайдың қойылымын көрсетуін сұраймыз.

Осы жағдай туралы баланың пікірін сұрап дәлелдеп беруге үйретеміз. Іс-әрекеттің дұрыс-бұрыстығына өз ойын айту.

3. "Көңілді сөз"

Балалар шеңбермен отырады.

Барлық отырғандар кезекпен өзінің қасында отырған адамға қарап көңіл көтеретін бір сөз айтады.

Сөзді айтқан уақытта сол баланың көзіне қарап айту керек. Мысалы: (сен бүгін әдемісің, сенің көйлегің қандай әдемі т.б.)

4. "Өз іс-әрекеттерін бақылау"

        Қазір біз бір жаттығу орындаймыз. Мұнда біз отбасы мүшелерінің үйдегі іс-әрекеттерін көрсетеміз (біреуі әже болады, ол жүн шұлық тоқиды, анасы сәбіз турап жатыр, атасы газет оқып отыр, әкесі қолына балға мен балта ұстап орындықты жөндеп жатыр, қызы ойнап жүр т.б.).

Отбасы мүшелерінің үйде атқаратын іс-әрекеттері немесе жұмыстары бар. Әркім бір-біріне көмектесе отырып өз жұмыстарын істесе, отбасында татулық, тыныштық, береке, бірлік болады.

"Бірлік болса — тірлік болады" деген мақал тегін айтылмаған. Барлығы бірлесе отырып тірлік жасау керек екен.

Негізгі бөлім: Әр адамның отбасы бар. Мен өзімнің отбасымдағы адамдарды сызба сурет бойынша былай жасадым. Отбасы мүшелері ер Адам және әйел Адам болып екіге бөлінеді. Қазір сендер өз отбасындағы адамдарды сызба сурет бойынша белгілеп салып беріңдер. Салып берген соң мен сияқгы әңгімелеп айтып бересіңдер.

 

ҚИЯЛДЫ ДАМЫТУҒА АРНАЛҒАН ЖАТТЫҒУЛАР

1. "Менің көңіл-күйім"

Суреттегі әр түрлі көңіл-күйдегі баланың бет-бейнесінің арасынан біреуін таңдап алу. Сол суретке сәйкес мысал келтіріп әгімелеп беру керек.

2. "Сиқырлы түс"

        Балалар көздерін жұмып, әуен ырғағымен демалады. Осылай демалып жатып, түс көреді. Кім түс көреді сол тұрған соң, баяндап айтып береді (әңгіме жануарлар жайында болады).

3. "Не істер едің?"

        Жүргізуші балалармен ертегі мазмұны бойынша және күнделікті кездесетін әр түрлі жағдайлар туралы әңгімелеседі. Әңгіме барысында кездескен қиындықтар мен кездейсоқ жағдайлардан шығудың жолдарын өздері ойланып табады. Мысалы: Мақта қызға ағаш жапырақ бермесе не істер едің? Бауырсақты түлкі жеп қоймаса не істер едің? Алдар Көсе байды алдай алмаса не істер едің? Кішкентай бала сүрініп құлап қалса не істер едің? Сен орманға барғанда адасып қалсаң не істер едің, т.б.

4. "Мен және менің болашағым"

        Жүргізуші балаларға өздерінің болашағы жайында өскеңде кім болатынын көз алдарына елестету үшін көздерін жұмып, ойлануды ұсынады. Өзі баяу үнмен әр түрлі мамандықтардың болатындарын қысқаша баяндайды. Сондай-ақ ата-аналармен қарым-қатынасы туралы әңгімелеуге болады. Сен анаңмен хайуанаттар саябағына бардың. Әкеңмен көлге шомылуға бардың. Машинамен қыдырдың.

        Қысқаша әңгіме аяқталған соң, балалар көздерін ашады. Өз ойларын кағаз бетіне түсіріп, суретін салып беру талап етіледі. Балалардың ой-қиялының дамуын суреттерден байқауға болады.

5. "Сиқырлы сазды әуен"

        Баланың қиялын дамытуға әсер ететін сазды әуен ойналады. Балалар көздерін жұмып тыңдайды (2— 3 минут). Музыка тоқтаған соң, көздерін ашып не көргендерін өз қиялдары бойынша әңгімелейді. Олардың сипаттаған немесе көрген қиялын қағаз бетіне түсіруде төмендегі әдіс-тәсілдердің біреуін таңдап алады.

— майшаммен сурет салу

— қылқаламмен

— түрлі түсті бормен

— саусақтармен, алақанмен

Баланың мектепке даярлығын анықтауға арналған сауалнамалар.

Тіл дамыту.

Берілген дыбыстарға ортақ сөз тап. Ол

(Жауабы ол)

Ойыншықгар немесе суреттер бойынша әңгімелесу

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сөздік қорды байыту

        Дидактикалық ойын: "Сөз ойла — тез ойла"                  а) Мағынасы қарама-қарсы сөздерді ата. (Ауыр-жеңіл, алыс-жақын, ащы-тұщы.)                                                                      ә) Мағыналас сөздерді айтып бер. (Тез; жылдам; шапшаң; лезде; сәтте; Сұлу; әдемі; көрікті; көркем; әсем және т.б.)

 

Көркем әдебиетпен таныстыру

Көркем әдеби шығармаларды оқып түсіңдіру. Ертегі немесе әңгіме айтып беру. Ертегі, өлең, жұмбақ, әңгімені, мақал-мәтел, жаңьштпаш әңгімені ажырата білу.

— әңгіме құрату;

— жыл мезгілдерін сипаттау;

— мақал-мәтел айтқызу;

— жұмбақ шешкізу;

— жаңылтпаш айтқызып жаттықтыру.

Байланыстырып сөйлеуге үйрету.

— сурет бойынша әңгіме құру.

 

Сауат ашу

1) Әріптерді ата. Сөз ойла, сөйлем құра.

2) Дыбыстардың аталуын анықтау.

Төменгі дыбыстар кездесетін суреттерді көрсету арқылы дыбыстардың сөздің басында, ортасында, аяғында, келетінін сұрау.

а) дауысты

3) Дыбыс пен әріпті ажырата білу. Айналамен таныстыру, экология негіздері.

— серуенде, саяхатта көргендерін әңгімелеп беру;

— балабақшадағы өсімдіктерді атау;

— табиғатты қорғау жайлы әңгіме құрастыру;

— туған жердің тазалығын сақтау;

— айналаның (ауаның, судың) тазалығын сақтау;

— құстарға қамқорлық жасау;

— табиғат тамашаларын бақылау арқылы әңгімелесу.

 

Математикалық қарпайым түсініктерді қалыптастыру

1) Аз, көп, үлкен, кіші, қысқа, кең, тар, т.б.

2) Санау.

Бір таңбалы сандар.

Екі таңбалы сандар.

20-ға дейін тура және кері санау.

3) Сандардың құрамы.

4) Көлем, пішін.

Түрлі геометриялық фигураларды салыстыру, теңестіру, беттестіру.

5) Уақыт, кеңістік.

6) Ауызша есеп шығару.

 

Бейнелеу өнеріне бейімділігін байқау

1. Бейнелеу іс-әрекетіне кұрал-жабдықтарды топтап жинақтату.

а) Сурет салу, мүсіндеу, жапсыру.

2.Дидактикалық ойындар. "Сыңарын тап", "Түс таңда", "Өрнекті кілем", "Түскиіз" т.б.

3.Мүсіндеу.

Сазбалшық немесе ермексаздан ойын жаттығулар: "Дастархан", "Менің сүйікті ертегім", "Әріптер әлемінде".

4.Жапсыру.

Дидактикалық ойын: "Кемпірқосақ түстері", "Ыдыстарды құрастыру", т.б.

 

Бейнелеу өнері жайындағы түсініктерін тиянақтауға арналған сауалдар

1.Жылы және суық түстерді ажырата білесің бе? (Қызыл, көк, көгілдір, қара, жасыл, сары, сарықызыл, күлгін).

2. Сарықызыл түсті алу үшін қандай түстерді қосуға болады?

3.Көк пен сары түсті қосып қандай түс алуға болады?

4.Бейнелеу өнерінің қандай жанрларын білесің? (Портрет, натюрморт, пейзаж, анималистік т.б.)

5. Суреттерден пейзаж түрін көрсет. (Қалалық, ауылдық т.б.)

6. Бұл суреттің авторы кім? Сурет калай аталады?

(Ә. Қастеевтің "Күз", "Қыс", "Жайлауда" және

И. Левитанның "Алтын күз" суреттерін көрсетіп сұрау).

7. Қазақгың ұлттық ою-өрнектерін атау.

(Құс қанаты, қошқар мүйіз, қызғалдақ, тұмарша, тарақ, ботамойын, ботакөз т.б.)

8.Бейнелеу өнерінің түрлерін ажырата білесің бе? (Көркемөнер туындыларын көрсету)

— живопись

— графика

— сәндік-қолтаңбалы өнер

— сәулет өнері (архитектура)

      мүсін өнері (скульптура)

       

Жапсыру

1.Жолақ қағаздардан әр түрлі пішіндерді қию. (квадрат, төртбүрыш, сопақша дөңгелек, дөңгелек, үшбұрыш т.б.)

2.Қос бүктеу тәсілі арқылы симметриялы бейнелерді бірнеше қатпарлап бүктеу арқылы қию дағдыларын меңгеру.

3. Геометриялық фигуралардан жолаққа, дөңгелекке, квадратқа өрнек құру;

4.Өсімдік тектес ою-өрнектерден әшекейлеу; қазақтың ұлттық ою-өрнектерімен әшекейлеу.

5. Дымковтық, жостовтық, гжелдік ою-өрнектермен әшекейлеу;

6. Өз еріктерімен ою-өрнек элементтерін қолданып композиция құру;

7.Әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдану; (жұлмалап қию, қағазды бұрау, орау т.б.)

8. Үжымдық композиция қүру.

Музыка жайында қарапайым ұғымдарды бекітуге арналған сауалдар:

Үн таспадан тыңдаған әуен сазының сипаты кандай? (Көңідді, мұнды, жылдам, марш екпінімен т.б.)

— Музыканы (әуен сазын) шығарушы адамды кім деп атаймыз?

— Әнді орындаушыны кім деп атаймыз?

— Қазақтың ұлттық аспаптарын ата.

— Өзіңнің сүйікті аспабың қаңдай?

— Әңдерді сипатына қарай ата. (Марш, вальс, полька т.б.)

— Музыка әуенімен би қимылдарын жаса (Қазіргі би, қазақ биі және басқа ұлттар әуені бойынша)

 

Дене шынықтыру

Берілген бұйрық бойынша қимыл-қозғалыс жасау. (Жүгіру, отырып-тұру, адымдап жүру)

Лақтыру, өрмелеу, еңбектеу, тепе-теңдік сақтап жүру, секіру т.б. қимылдарды орындау барысын бақылау.

Қимылды ойын: "Жаяу көкпар", "Мергендер", "Қыз қуу" т.б.

Лақтыру: "Доп лақгыру"

Допты жоғары лақтырып, екі қолмен қағып ал.

Допты жерге оң қолмен 5, сол қолмен 5 рет соқ.

Допты қабырғаға лақтырып, қағып ал.

 

Ата-аналарға арналған тест.

Балаңыз мектепке дайын ба?

1. Балаңыздың мектепке барғысы келе ме?

2. Балаңыздың жаңа нәрсені біліп, үйренуге қызығушылығы бар ма?

3. Балаңыз өз еркімен бір жұмыспен шұғылдана ма?

4. Балаңыз бөтен адамдар арасында ұялмай ма?

5. Балаңыз суретке қарап бес сөйлемнен тұратын әңгіме құрастыра ала ма?

6. Балаңыз бірнеше тақпақты жатқа айта біле ме?

7. Балаңыз әріптерді танып, оқи біле ме ?

8. Балаңыз 10-ға дейін және керісінше санай біле ме?

10. Балаңыз түстерді ажырата біле ме?

11. Сурет салуды және оны бояуды жақсы көре ме?

12. Ойыншықгарды құрастырып ойнай біле ме?

 

 

 

Ата-аналарға арналған сауалнама

1. Балаңыз хайуанаттар паркіне, мұражайға барып көрді ме?

2. Балаңызға кітапты және қызықты оқиғаны жиі оқып бере аласыз ба?

3. Балаңыз әр түрлі сұрақтарға жауапты қиналмай бере ала ма?

4. Балаңыз әр түрлі заттардың не үшін керектігін түсіндіріп бере ала ма? (Шаңсорғыш, мұздатқыш, щетка)

5. Күнделікті балаңыз бір жағдайдан, екінші жағдайға тез ауыса ала ма?

6. Балаңыз өз бетімен жұмыс орындай ала ма, тапсырманы орындауда басқа баламен жарыса ала ма?

7. Балаңыз біреудің сөзін бөлмей тыңдай ала ма?

8. Балаңыз белгілі бір уақытта тыныш отыра ала ма?

9. Балаңыз кітаптарға қызыға ма?

10.Балаңыз түсініксіз сөздер төңірегінде сұрақ қоя ма?

11.Балаңыз мадақтағанды ұната ма?

12.Балаңызбен бірге ертегі мен қызықты әңгімені талдайсыз ба?

 

Балаларға арналған сауалнама.

1. Сенің есімің кім?

2.Жасың нешеде?

3. Кіммен бірге тұрасың? Отбасы мүшелерін атап айт?

4. Мамаңның аты кім? Қайда, кім болып жұмыс істейді?

5. Әкеңнің аты кім? Кайда, кім болып жұмыс істейді?

6. Қайда тұрасың? Мекен-жайыңды айтып бер.

7. Балабақшаға бардың ба?

8. Үйде қандай іс-әрекетпен айналысқанды жақсы көресің?

9. Сен қандай елде тұрасың?

10. Ең жақсы көретін ойыншығың қандай?

11. Қандай ертегілер білесің?

12. 2 жылдан соң нешеге толасың?

13. Қазақстанның қандай қалаларын білесің?

 

Балаларға арналған тестік сұрақтар.

1. Сенің мектепке барғың келе ме?

2. Мектепке неге барғың келеді?

3. Мектепке баруға дайын болу үшін не қажет деп ойлайсың?

4. Мектепке барғанда қаңдай бағалар аласың?

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Таным процестерін дидактикалық ойындар арқылы дамыту"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Системный администратор

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 671 767 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 09.11.2018 6577
    • DOCX 101.5 кбайт
    • 134 скачивания
    • Рейтинг: 5 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Молдакасымова Гульнур Турашевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 5 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 25563
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Педагогика дополнительного образования (туристско-краеведческая направленность)

Педагог дополнительного образования

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 26 человек

Курс повышения квалификации

SoftSkills нашего времени

36/72/108 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Обучение на тренинге как форма (вид) внеурочного мероприятия в условиях реализации ФГОС

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 70 человек

Мини-курс

Основы продаж и управление продуктом

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Мозг и психотерапия: влияние, методы и направления

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 66 человек из 30 регионов
  • Этот курс уже прошли 30 человек

Мини-курс

Детская нейропсихология: особенности, диагностика, исследования

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 126 человек из 43 регионов
  • Этот курс уже прошли 65 человек