Инфоурок Директору, завучу КонспектыТеориялық білім: "Сындарлы оқыту деген не?"

Теориялық білім: "Сындарлы оқыту деген не?"

Скачать материал

 

Қордай ауданы әкімдігінің білім бөлімінің

№1 Дінмұхамед Қонаев атындағы мектеп-гимназиясы

 

 

 

 

 

СЫНДАРЛЫ ОҚЫТУДЫҢ НЕГІЗГІ ҚАҒИДАТТАРЫ

 

мектепішілік әдістемелік семинарға әзірленген БАЯНДАМА

 

 

 

 

Әзірлеген: Мұңайтбас Ө.О.

директордың

 ғылыми-әдістемелік

жұмыстар жөніндегі

орынбасары

 

 

 

 

 

Қордай ауылы, 2015 жыл

 

Сындарлы оқытудың негізгі қағидаттары

 

Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстары бағдарламасының өзектілігі Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының мақсаттарымен және міндеттерімен үйлеседі, ал мемлекеттік бағдарламаның басымдықтары, өз кезегінде білім беру саласында көш басында келетін Финляндия, Сингапур және Ұлыбритания секілді прогресшіл елдерге тән заманауи мақсаттармен және құндылықтар жүйесімен барабар. Бағдарламаның жетекші мақсаты – әрбір ел үшін маңызды болып табылатын рухани, мәдени және адамгершілік құндылықтардың негізінде жастарды өз елінің мәдениетін құрметтеуге тәрбиелеу; екіншіден, жастарды жылдам өзгеріп жатқан әлемде өзіне сенімді және табысты болуға мүмкіндік беретін дағдылары мен түсініктерін дамытуға, өмірлік жағдайларда өз білімдерін қолдануға ықпалын тигізетін сыни тұрғыдан ойлауға үйретуді қамтиды (3-деңгей бағдарламасының нұсқаулығы, 4-бет).

Сындарлы оқытудың мақсаты – оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету.

Мұғалім қызметіндегі маңызды дүние – кейбір оқушылардың тақырыпты өзіне оңтайлы бірегей тәсілдермен меңгеретіндігін жете түсінуі. Бұл жағдайда оқушының мәселені (проблеманы, жағдайды, құбылысты т.б.) түсіну деңгейін анықтап, аның түсінігін толықтыруға немесе қайта құруға көмектесі мұғалімнің міндеті болып табылады.

Осы бағдарлама оқыту мен оқу үдерістерін жетілдіру мақсатында өз тәжірибесін жүргізу үшін қажетті білімнің болуын көздейтін, мұғалімнің кәсіби дамуына қойылатын заманауи талаптарға сәйкес келеді. Бұл тәсіл негізгі төрт қағидатқа негізделген, олардың ішіндегі негізгісі «Балалар қалай оқиды?» қағидаты болып табылады, ал қалған үшеуі төмендегі түсініктерді білдіреді:

·        Нені оқыту керек?

·        Оқытудың реттілігін қалай құрылымдау керек?

·        Сіздің табыстылық деңгейіңізді қалай бағалауға болады?

Оқу дегеніміз не?

Оқу ұғымының мазмұны қол жеткен нәтижелер немесе пайдалы тәжірибе мәнмәтінінде қарастырылуы мүмкін. Зерттеу жұмыстарына жүргізілген талдау оқу нәтижелерінің бес санатын анықтауға мүмкіндік берді:

1.     Оқу – білімнің сандық ұлғаюы. Оның нәтижесі алынған ақпарат болып табылады (негізгі міндет – «көп білу»).

2.     Оқу – есте сақтау негізінде. Нәтиже – қайта өңдеуге болатын есте сақталған көлемді ақпарат.

3.     Оқу – ақпарат жинақтаушы ретінде. Нәтиже – есте сақталып, қажет болған жағдайда қолдануға да болатын факті, дағды және әдістердің айтарлықтай мөлшердегі жиынтығы.

4.     Оқу – мағынаны ұғыну және оның мәнін анықтау ретінде. Бұның нәтижесі – оқушының пәннің құраушы бөліктері мен шынайы өмір арасындағы өзара байланыстарды анықтай алуы.

5.     Оқу – шынайылықты өзгеше түсіну және түсіндіру ретінде. Нәтижесі – әлемді басқа қырынан қарастыру арқылы танып-білу.

«Оқуды үйретудің» қозғаушы күші «метатану» болып табылады. Басқаша айтқанда, оқу бар, бірақ сонымен бірге оқуды үйрету де бар. Адамдар ойлауға қабілетті және ойлау туралы ойлануға да қабілетті. Тап осы сияқты танымдық қабілет бар да, сол сияқты танымды тану да бар. «Метатану» деп тұлғаның қалай ойлайтынын, оқитынын қадағалау, бағалау, бақылау, кейінгі оқу үдерісінде мұндай ойлаудың нәтижелерін саналы қолдану үдерісі ретінде сипаттауға болады. Бұл үдерісте мұғалім оқушыға:

Ø Білім міндеті қоятын талаптарды түсінуге;

Ø Жеке ойлау үдерістерін және олардың жұмыс қағидаттарын зерттеуге;

Ø Міндеттерді орындау стратегияларын әзірлеуге және ойластыруға;

Ø Нақты міндет үшін сәйкес келетін стратегияларды таңдауға көмектеседі.

Осы төрт  тармақты іске асыру үшін оқушылардан оқуды үйрену талап етіледі. Мұғалімдер, өз кезегінде, өзінің сабақ беруіне емес, оқушылардың оқу ептілігін дамытуға назар аударуы тиіс. Осы мақсатта мұғалім оқыту ортасын құру керек, соның арқасында оқушылар ақпаратты енжар қабылдамай, оқу үдерісіне белсенді қатысатын болады.

Сыни тұрғыдан ойлау «ойлау туралы ойлану» деп сипатталған. Ол маңызды мәселелерді талқылау және тәжірибені ой елегінен өткізуді қамтиды. Мұғалімдер педагогикалық білімі бар және қосымша оқыту мен өз біліктілігін арттырушы субъектілер болғандықтан, оларды бұл дағдылар дамыған және іс-тәжірибеде қолданылады деп ойлаймыз. Сыни тұрғыдан ойлау – Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік.

Сыни тұрғыдан ойлау екі мағынада қарастырылады: оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамыту және мұғалімдердің сыни тұрғыдан ойлауын дамыту. Оқушыларға қатысты сыни тұрғыдан ойлау ақпарат пен идеяларды синтездеу қабілеті, ақпарат пен идеяның шынайылығы мен салыстырмалы түрде маңыздылығы туралы ойлана білу қабілеті, өзінің оқуына қатысты таңдау жасау және басқалардың идеяларына күмәнмен қарау қабілеті ретінде түсіндіріледі. Мұғалімдердің сыни тұрғыдан ойлауы өзінің жұмыс тәжірибесін, жаңа тәсілдерді қолдану және бағалау әрекеттерін сыни тұрғыдан бағалауды қамтиды (3-деңгей бағдарламасының нұсқаулығынан).

Осы айтылғандардан қандай қорытынды шығаруға болады?

Дәстүрлі оқытудан конструктивті, яғни, сындарлы оқытуға көшуіміз керек. Ол үшін нені оқыту керек, қалай оқыту керек деген сұрақтар төңірегінде ойлануымыз қажет. «Метатану» оқуға үйретудің ең қозғаушы күші екенін білеміз. Сондықтан сыни тұрғыдан ойлауға оқушыларымызды үйрете отырып, өзіміз де сыни тұрғыдан ойлап үйренуіміз керек. Ол үшін сындарлы оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін жақсы меңгеріп, әр оқушының шынай бағалануына қол жеткізуге тиіспіз. Міне, бүгінгі әдістемелік семинарымыздың негізгі мақсаты мен өзекті мәселесі осы сұрақтар төңірегінде.

 

 

 

 

Сабақты талдау, кәсіби сұхбат

(Блум таксономиясы бойынша)

 

р/с

Іс-әрекет

Сұрақтар

1

Білу. Тақырыпты оқу, анықтаманы жаттау

Проблеманы айқындау кезеңінде неге осы тәсілді таңдадыңыз? Сіз  үшін тиімді болды ма?

2

Түсіну. Қысқаша баяндау

Оқушының баяндап айтып беруге сөздік қоры жетпей қалды. Неліктен? Деңгейі төмен оқушыға қандай тәсілді қолданса болар еді? Сіздің әрекетіңіз?

3

Қолдану. Жаттығу орындау

Жаттығу орындауға барлық бала толық қамтылды ма? Оны қалай байқадыңыз?

4

Талдау. Венн диаграммасы

Топтық жұмыс барысында оқушылар қандай қиындыққа тап болды? Себебі?

5

Синтез. Сын есімді қолданысқа енгізе отырып, шағын әңгіме жазу. Үш деңгейдегі оқушының жұмысын талдау

Әңгіме жаздыру арқылы оқушылардың сабақты түсінгенін біле алдыңыз ба? Қалай?

6

Бағалау. Ыстық орындық. Не істер едің? Сен қалай ойлайсың?

Ыстық орындыққа қанша бала отыра алады? Бұл тәсіл тиімді ме? Қолдану жиілігі қандай? Оқушылар рефлексия жүргізе алады ма?

 

 

 

__________________________________________________________________________

 

 

Сабақты талдау, кәсіби сұхбат

(Блум таксономиясы бойынша)

 

р/с

Іс-әрекет

Сұрақтар

1

Білу. Тақырыпты оқу, анықтаманы жаттау

Проблеманы айқындау кезеңінде неге осы тәсілді таңдадыңыз? Сіз  үшін тиімді болды ма?

2

Түсіну. Қысқаша баяндау

Оқушының баяндап айтып беруге сөздік қоры жетпей қалды. Неліктен? Деңгейі төмен оқушыға қандай тәсілді қолданса болар еді? Сіздің әрекетіңіз?

3

Қолдану. Жаттығу орындау

Жаттығу орындауға барлық бала толық қамтылды ма? Оны қалай байқадыңыз?

4

Талдау. Венн диаграммасы

Топтық жұмыс барысында оқушылар қандай қиындыққа тап болды? Себебі?

5

Синтез. Сын есімді қолданысқа енгізе отырып, шағын әңгіме жазу. Үш деңгейдегі оқушының жұмысын талдау

Әңгіме жаздыру арқылы оқушылардың сабақты түсінгенін біле алдыңыз ба? Қалай?

6

Бағалау. Ыстық орындық. Не істер едің? Сен қалай ойлайсың?

Ыстық орындыққа қанша бала отыра алады? Бұл тәсіл тиімді ме? Қолдану жиілігі қандай? Оқушылар рефлексия жүргізе алады ма?

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Теориялық білім: "Сындарлы оқыту деген не?""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Кризисный психолог

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 181 материал в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 11.08.2015 16156
    • DOCX 22.3 кбайт
    • 81 скачивание
    • Рейтинг: 5 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Мұңайтбас Өркен Орынбасарұлы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Мұңайтбас Өркен Орынбасарұлы
    Мұңайтбас Өркен Орынбасарұлы
    • На сайте: 8 лет и 8 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 51057
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Основы Figma для дизайна и учебной работы

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 140 человек из 45 регионов
  • Этот курс уже прошли 96 человек

Мини-курс

Разработка и проведение онлайн-обучения

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 42 человека из 21 региона

Мини-курс

GR: аспекты коммуникации и взаимодействия с государственными органами

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Теоретические аспекты трекинга и менторства

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Влияние внешних факторов на психологическое развитие личности

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Продажи и управление клиентским опытом: стратегии и аналитика

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе