Инфоурок Обществознание ТестыТесты на тему "Экология"

Тесты на тему "Экология"

Скачать материал

1)Сөйлем және сөз тіркесі

Сөйлем – біршама тиянақты ойды білдіретін сөздер тобы. Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай 4 түрі бар:

Хабарлы – хабарлау, баяндау, суреттеу мақсатында айтылатын сөйлем, Сұраулы – бір нәрсе жайында сұрап білу мақсатында айтылан сөйлем, Бұйрықты – бұйыру, тілек–өтініш ету мақсатында айтылатын сөйлем,

Лепті – сөйлеушінің көңіл–күйін білдіру мақсатында айтылатын сөйлем.

Сөйлемнің құрылысына қарай түрлері:

Жақты – бастауышы бар сөйлем.

Жақсыз – бастауышы мүлдем жоқ сөйлем.

Жалаң – тек тұрлаулы (баст, баян) мүшеден тұратын сөйлем.

Жайылма – тұрлаусыз мүше қатысқан сөйлем

Толымды – ойға қажетті мүшелердің бәрі қатысқан сөйлем

Толымсыз – айтылға тиісті мүшелердің  бірі түсіп қалған сөйлем.

Атаулы – іс қимылдың тек қана атауын айтатын сөйлем.

Сөз тіркесі – кемінде екі сөздің мағыналық әрі тұлғалық жақтан байланысуы.

Түрлері: Есімді – басыңқы сыңары есім сөзден болған сөз тіркес. Етістікті – басыңқы сыңары етістіктен боған сөз тіркес.

Тұрақты – бұл сөз тіркес бір мағына білдіреді.

 

1)Баяндауыш  және оның жасалу жолдары. 

Баяндауыш – бастауыштың жай- күйін, оқиғаның қай шақта болғанын білдіріп, сөйлемді тиянақтап тұратын тұрлаулы мүше.

1.                   Қай сөз табынан болса, сол сөз табының сұрағына жауап береді.

2.                   Баяндауыштың төмендегідей сөз таптарынан жасалады:

Етістік

Күн жылынды. Досым келді.

Зат есім

Бұл - үлкен үй. Оның алғаны - кітап.

Сын есім

Дала тап-таза. Күн ыстық.

Сан есім

Екі жерден екі - төрт. Оның жасырғаны -бес.

Есімдік

Менің айтарым осы. Біздің ауыл іне.

Құрылысына қарай:

Дара баяндауыш – бір сөзден тұратын баяндауыш. М: Олар алыс жерден келді.

Күрделі баяндауыш – күрделі сөз, тұрақты тіркес және үйірлі мүшеден жасалатын баяндауыш. М: Ауыл мәдениеті өсіп келеді.

Үйірлі баяндауыш – үйірлі сөздерден тұратын баяндауыш. М: Оның ең үлкен кемшілігі - сабақ оқымау.

 

2)Сабақтас құрмалас сөйлемдегі баяндаушты тиянақсыз болып келген бірінші сөйлемді бағыныңқы сөйлем дейді. Ал баяндауышы тиянақты болып келген екінші сөйлемді басыңқы сөйлем дейді.

Түрі

Ереже

Сұрағы

Шартты бағыныңқы

Бағыныңқы сөйлемі басыңқы сөйлемінің шарты болып келеді.

Қайтсе? Не етсе? Не еткенде?

Қарсылықтыбағыныңқы

Бағыныңқысы басыңқы сөйлеміне қарама қарсы болып келеді

Қайтсе де? Не ете тұра? Не еткені болмаса? Қайткенмен?

Себеп бағыныңқы

Бағыныңқысы басыңқы сөйлемінің себебін білдіреді

Неліктен? Не үшін? Не себепті?

Мезгіл бағыныңқы

Бағыныңқысы басыңқы сөйлемінің мезгілін білдіреді

Қашан? Кай кезде? Қащаннан?

Қимыл сын бағыныңқы

Бағыныңқысы басыңқы сөйлемде айтылған іс қимылдың қалай орындалғанын білдіреді

Қайтіп? Не етіп? Қалай?

Мақсат бағыныңқы

Бағыныңқысы басыңқы сөйлемдегі ойдың мақсатын білдіреді

Не мақсатпен? Не үшін?

 

 

4)Халықаралық Валюта Қоры

Халықаралық Валюта Қоры – Біріккен Ұлттар Ұйымының арнайы агенттігі. Мүше мемлекеттердің валюталық-кредиттік қатынастарын реттеуге және төлем балансының дефициті кезінде оларға шетел валютасымен қысқа және орта мерзімді кредиттер беру арқылы көмек көрсетуге арналған.

 Халықаралық Валюта Қоры (ХВҚ) 1944 жылғы 1-22 шілдеде Бреттон-Вуде (АҚШ) өткізілген конференцияда 29 ел Келісімнің Баптарына (Баптар) қол қойған кезде, 1945 жылғы 27 желтоқсанда құрылды. ХВҚ қызметкерлері 110  елден шамамен 2600 адам болады. 185 мемлекет ХВҚ мүшесі болып табылады. Басқарушылар кеңесі, Уақытша комитет, Атқарушы кеңес басқарушы орган ретінде белгіленді. ХВҚ қаржы операцияларын 1947 жылғы 1 наурыздан бастап жүргізеді.

Ұлттық Банк  ХВҚ-ға апта сайынғы және ай сайынғы негізде монетарлық статистика жөнінде деректер ұсынады.

ХВҚ Статистика Департаментінің сарапшылары ақша-кредит статистикасын жасау жөнінде әдіснамалық сұрақтар туындаған кезде консультативтік көмек көрсетеді.

Ұлттық Банктің басшылығы жыл сайынғы негізде көктемде және күзде Дүниежүзілік Банктің және Халықаралық Валюта Қорының Басқарушылары Кеңесінің Жыл сайынғы Қарама-қарсы Кездесулеріне қатысады.

 

5) Бастауыштан кейін қойылатын сызықша

Қойылатын орны

Мысалы

Бастауыш (зат есім) – баяндауыш (зат есім)

Бөрік адамға көрік.

Бастауыш (сілтеу есімдігі) – баяндауыш (зат есім)

Бұл үлкен қуаныш.

Бастауыш (3-жақ жіктеу есімдігі) – баяндауыш (зат есім)

Ол әйгілі әнші.

Бастауыш та, баяндауыш та заттанған сын есім (сан есім, есімше)ден болса

Екі жігіттің екі сөйлегені өлгені.

Бастауыш (тұйық есімдік) – баяндауыш (зат есім)

Оқу білім бұлағы.

Бастауыш (зат есім) – баяндауыш (тұйық етістік)

Менің мақсатым еліме пайдалы азамат болу.

Бастауыш та, баяндауыш та бір сөзден болса

Жер тағдыры ел тағдыры.

Бастауыш (сан есім) – баяндауыш (сан есім)

Бес жерден бес жиырма бес.

 

6)Ұлттық валюта – национальная валюта

Ұлттық валютамызмыз, яғни теңгеміздің пайда болуы, оның бар болуы қазақстан республикамыздың тәуелсіз республика екендігінің тағы бір дәлелі болып табылады. Ұлттық теңгеміздің пайда болу тарихын білу ол әр қазақстандық азаматқа тән. себебі, теңге біздің қазіргі өміріміздің басты айналым көзіне айналды. Ұлттық теңгеміздің тарихы туралы, оның қалай өмірге келгені, қалай пайда болғаны туралы көптеген мәліметтер бар.

Теңге – Қазақстан республикасының мемлекеттік нышаны. Әнұран, ту және елтаңба сияқты ұлттық валюта да мемелкеттік нышандардың қатарына жатады. 

Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын енгізу туралы. ҚР Конституциясының 78-бабына және ҚР Жоғарғы Кеңесінің 1993 жылғы 29 қазандағы қаулысына сәйкес қаулы етемін: ҚР-ның аумағында 1993 жылғы 15 қарашада сағат 08:00-ден бастап ҚР-ның ұлттық валютасы – теңге айналысқа енгізілсін. 1993 жылғы 18 қарашада сағат 08:00-ден бастап теңге ҚР-ғы бірден-бір заңды төлем құралына айналды. Теңге 100 мыңнан тұрады. ҚР-да қолдағы ақша банкноттар мен монеталар түрінде айналыста болады. Теңгені ҚР-ның аумағында меншік нысандарына карамастан барлық жеке заңды тұлғалар төлемдердің барлық түрінде , сондай-ақ ешқандай шектеусіз салымдар мен шоттар қосу үшін банктер қабылдауға міндетті. Осы Жралық қол қойылған сәтінен бастап күшіне енеді.

 

7) Аралас құрмалас сөйлем  - кемінде үш сөйлемнен құралып, бір - бірімен салаласа да, сабақтаса да байланысатын құрмалас сөйлем.

Басыңқы, бағыныңқы, басыңқы

Қарағандының қара биыл бұрқан – тарқан қауырт еріп еді, сай салалар суға толып, қырдың тентек өзендері сақылдап тасығалы кемерлеп тұр.

бағыныңқы, басыңқы, басыңқы

Көзін сәулеге үйреткен Асқар терзеден қараса, аспан айдай ашық екен де, шуақты күн түске тармасып қалған екен.

бағыныңқы, басыңқы, бағыныңқы, басыңқы

Лиза ойнап есік алдына шығып кетсе, әке – шешесінің дауыстары үздіксіз шығады да, Лиза үйге қайтса, сөздерінің аяқталмай тоқталғаны аңдалады.

басыңқы, бағыныңқы, бағыныңқы, басыңқы

Ол бастықтың бөлмесіне келген еді, бірақ басқа келгендер болып, көпке дейін кезек келмей, есік алдында күтіп қалды.

 

 

 

8)Мемлекеттік несие – гос.кредит  Мемлекеттік борыш – гос.долг(обязательство)

Мемлекеттік несие несие қатынастарының жүйесі. МН арқылы қайтарымдылық негізінде мемлекеттік шағындарды қаржыландыру үшін ақшалай қаражат шоғырландырылады.

Мемлекеттік несие – жалпымемлекеттік қаржының басты буындарының бірі және кредит қатынастарының жиынтығы, бұл қатынастарда мемлекет несиегердің де, қарыз алушының да, гаранттың да рөлінде көрінуі мүмкін.

Мемлекеттік борыш – бұл алынған және белгілі бір күнге өтелмеген мемлекеттік қарыздардың сомасы. Мемлекеттік борыш ұлғаймалы ұдайы өндірісті және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін ақша ресурстарын тарту нысандарының бірі ретінде мемлекеттік қарыздарды пайдаланудан туады. Мемлекеттік борышты мемлекет мемлекеттік бюджеттің қаражаттары есебінен өтейді. Орналасу нарығына, қарыз валютасына және басқа сипаттамаларына қарай мемлекеттік борыш мемлекеттік ішкі және сыртқы борыш болып бөлінеді.

 

 

10)Мемлекеттік бюджет – гос.бюджет

Мемлекеттік бюджет — мемлекеттің белгілі бір уақыт кезеңіне, көбінесе бір жылға арналған кірістері мен шығыстарының қаржы жоспары. Онда мемлекеттік кірістердің түсетін көздері және қаражаттың жұмсалу бағыттары мен арналары көрсетіледі. Мемлекеттік бюджетті үкімет әзірлейді, жоғары заң шығарушы органдар қабылдап, бекітеді. Бюджеттің атқарылуы барысында оның ішінара қайта қаралуы мүмкін. Барлық демократиялық мемлекеттерде Мемлекеттік бюджетті қабылдау парламенттің аса маңызды өкілеттіктерінің бірі болып табылады.

 

11.Жай сөйлем синтаксисі.

Жай сөйлем — бір немесе бірнеше сөз бен сөз тіркестерінен құралып, тиянақты бір ғана ойды білдіретін сөйлем. Жалаң сөйлем - тұрлаусыз мүшелер болмай, тек бастауыш пен баяндауыштан құралған сөйлем. Жайылма сөйлем - тұрлаулы мүшелермен қатар тұрлаусыз мүшелер де бар сөйлем.Сөйлемде бастауыштың болу, болмауына қарай жақты сөйлем, жақсыз сөйлем болып бөлінеді. Жақсыз сөйлем - бастауышы бар кейде айтылмай тұрса да, бастауышын баяндауышы арқылы табуға болмайтын, баяндауыштың өзі ғана сол сөйлемге ұйытқы болатын жай сөйлем түрі.Жақсыз сөйлемнің баяндауыштары мынадай тұлғада келеді:

1.–қы, -кі, -ғы, -гі жұрнақты қалау рай етістікке бол көмекші етістігі тіркесіп келеді: айтқысы келді.

2.Тұйық  етістікке керек, жөн, мүмкін, тиіс сияқты сөздер тіркесіп келеді: баруы керек, айтуы тиіс  т.б.

3.–ып, -іп, -п жұрнақты көсемшеге бол (көбіне болма тәрізді болымсыз түрінде) көмекші етістігі тіркесіп келеді: айтып болмайды, ұғып болмайды.

4.Баяндауыш құрамында бастауыш тұлғалы сөзі бар, бірақ сөйлем мүшелеріне жіктеуге келмейтін тұрақты тіркестерден болады: шек сілесі қатты, шарасы қалмады.

Толымды сөйлем - сөйлемде ойға қатысты айтысуға мүшелері түгел жай сөйлемнің түрі.

Толымсыз сөйлем - айтылуға тиісті тұрлаулы я тұрлаусыз мүшенің бірі түсіп қалған жай сөйлемнің түрі. Атаулы сөйлем - ойды білдірмей, тек соған байланысты заттың құбылыстың, мезгілдің, мекеннің аты аталып көрсетілетін жай сөйлемнің ерекше түрі.

 

12)Қаржы жүйесі – финансовая система

Қаржы жүйесі - белгілі бір қоғамдық-экономикалық формация шеңберінде өмір сүретін қаржы мекемелерінің жиынтығы; тар мағынада алғанда — мемлекеттің қаржы мекемелері жүйесі, яғни өзара байланысты салалар (кәсіпорынсақтандыру қаржысы мен мемлекеттік қаржы) мен буындардың (қаржы мекемелерінің, салық жүйесініңқұрылымдык бөлімшелері, т.б.) жиынтығы. Әрбір ірі салалардың ішінде буындар болады, оның үстіне қаржы қатынастары субъект қызметінін сипатына қарай топтастырылады.

Қазақстан Республикасынын қаржы жүйесі бюджет жүйесінен, бюджеттен тыс қорлардан, түрлі меншік нысанындағы кәсіпорындардың қаржысынан, қаржы институттарынан (қаржы қызметін жүзеге асырушы, реттеуші ұйымдар, мекемелер, қаржы министрлігі, қазынашылық, ұлттық банк, салық инспекциясы, салық полициясы (қаржы полициясы), кор валюта биржалары, қаржы-несие мекемелері) және қаржы үдерістерінің барысына қажетті шарттар жасайтын қаржы құралдары тұрады. Қаржы жүйесінің тұрақтылығы мен орнықты дамуы ұлттық экономика дамуының қажетті шарты болып табылады

 

 

13) Сөйлем мүшелері.

Сөйлемде сөздер бір-бірімен грамматикалық байланысқа түсіп, белгілі мағынаны, ұғымды білдіріп, ой білдіруге себебін тигізіп тұрады. Сөйлем ішінде басқа сөздермен грамматикалық байланысқа түсіп, белгілі бір сұраққа жауап бере алатын мағыналы сөзді я сөз тізбегін сөйлем мүшесі дейміз. Сөйлем мүшелері атқаратын қызметі жағынан бастауыш, баяндауыш, толықтауыш, анықтауыш, пысықтауыш болып беске бөлінеді. Олар сөйлем құрай алу қасиетіне байланысты тұрлаулы мүше және тұрлаусыз мүше болады. Бастауыш пен баяндауышты тұрлаулы мүшелер, ал анықтауышты, толықтауышты, пысықтауышты тұрлаусыз мүшелер дейміз.

Бастауыш - сөйлемде атау септігінде тұрып, ойдың кім, не жайында екенін білдіріп, баяндауышпен қиыса байланысатын тұрлаулы мүше. 
Бастауыш кім? не? кімдер? нелер? кімім? нем? кімі? несі? және басқа сөз топтарының заттанып, атау септігіндегі сұрақтарына жауап береді. 
Бастауыш атау септігінде зат есім мен есімдіктен болады: Бәйге бригадаға берілді. Сіз өз басыңызды ғана ойламаңыз. (Ғ. Мұст) 
Атау септігінде тұрып заттанған басқа сөз топтары да (сын есім, зат есім, етістіктің есімше, тұйық етістік түрлері т.б.) бастауыш қызметін атқарады.

Баяндауыш - сөйлемде жіктеліп келіп бастауыштың қимылын іс-әрекетін, кім екенін білдіріп, онымен жақ жағынан, кейде жекеше, көпше (1-2 жақта) түрде қиыса байланысын қолданылатын тұрлаулы мүше. 
Баяндауыш не істеді? қайтті? неғылды? деген сұрақтарға жауап береді. 
Кейде сөйлемде бастауыш тасаланып жасырын да тұрады, ал оның қай сөз екенін баяндауыштан анықтауға болады.

Толықтауыш - сөйлемде атау мен іліктен басқа септіктердің бірінде тұрып, бір мүшені заттық мағына жағынан толықтырып тұратын тұрлаусыз мүше. Толықтауыштың сұрақтары: кімді? нені? кімге? неге? кімде? неде? кімнен? неден? кіммен? немен? кім (не) туралы жөнінде? кім (не) жайында?

Анықтауыш - сөйлемде зат есімнен болған не заттық мағынада қолданылған мүшені сын-сапалық, сан-мөлшерлік, меншіліктік–қатыстың жағынан анықтап тұратын тұрлаусыз мүше. Анықтауыш қандай? қай? кімнің? ненің? қайдағы? қашанғы? қанша? неше? нешінші? қайткенде? не еткенде? деген сұрақтардың біріне жауап береді. Құрамына қарай дара (қара), күрделі (қара көк) болып екіге бөлінеді.

Пысықтауыш - сөйлемде іс-әрекет, қимылдың жай-күйін, амалын, мөлшерін, мезгіл-мекенін, себеп-мақсатын білдіретін тұрлаусыз мүше. 
Пысықтауыш қалай? қайтіп? қашан? қайда? қайдан? неліктен? не себепті? кім үшін? не үшін? не істеуге? не мақсатпен? не арқылы? кім арқылы? неше рет? Деген сұрақтарға жауап береді. 

Пысықтауыш болатын сөз табы – үстеу. Сонымен бірге барыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктеріндегі зат есімдер, кейде сын есім мен сан есім, етістіктің көсемше түрі барыс, шығыс, көмектес септіктеріндегі сөз бен қарай, таман, шейін, дейін, бола, соң, кейін, ары, бері, бұрын бірге, қабат,қатар және септік тұлғасыз сөз бен арқылы, арқасында, үшін, сайын септеулік шылаулардың тіркесінен құралған тізбектер де пысықтауыш қызметін атқарады. 

Құрамына қарай дара (үшін), күрделі (ермек үшін) болып екіге бөлінеді. 

а) Қимыл-сын пысықтауыш қалай? қалайша? қайтіп? неше рет? не арқылы? 

ә) Мезгіл пысықтауыш қашан? қашаннан бері? қай кезде? қашанға шейін? 
б) Себеп пысықтауыш неліктен? не себепті? не үшін? 

в) Мақсат пысықтауыш не мақсатпен? неге бола? неге? не үшін?

 

 

14)Мемлекеттік қаржылар – национальные финансы

Мемлекеттік қаржылар – мемлекет пен шаруашылық жүргізудегі субъектілердің шегііндегі қаржы ресурстарын құру және мемлекеттік жұмыс істеу үшін қажетті қаржы ресурстарын пайдалануымен байланысты Ұлттық Банктің бір бөлігі және қрғамдық өнім құнын бөлу, қайта бөлумен байланысты ақша қатыастары.

 Мемлекеттік қаржылар елдің қаржы жүйесінің маңызды бөлігі. Мемлекеттің, оның кәсіпорындарының қаржы ресурстарын қалыптастыру және пайдалану үшін қоғамдық өнімның құның және ұлттық байлықтың бір бөлігін бөлуге  байланысты ақша қатынастарын білдіреді.

 

15) Сөздердің байланысу формалары.

Қиысу – сөздердің жіктік жалғауы арқылы және интонация арқылы байланысуы, яғни бастауыш пен баяндауыштың байланысуы. Қиыса байланысқан сөздер сөйлем болады. М: Мен жазушымын. Сен баласың.

Матасу – ілік септігіндегі сөз бен тәуелдік жалғаулы сөздің байланысуы. М: баланың үйі, біздің гүліміз.

Кейде ілік септігі түсіп қалады: ауыл тұрғындары.

Меңгеру – сөздердің атау мен ілік септіктерінен басқа септіктердің жалғаулары арқылы байланысуы. М: суды төкті, бізден сұрады, бізде бар.

Қабысу – сөздердің ешбір жалғаусыз тек орын тәртібі арқылы қатар тұрып байланысуы немесе анықтауыш пен анықталушы сөздің байланысы, яғни бірінші сөз анықтауыштың сұрағына жауап береді. Олардың арасына басқа сөз енгізуге келмейді, кейде анықтауыш сөз арсына енеді (үш ала доп) М: қара қалам, төрт батыр.

Жанасу – сөздердің ешбір жалғаусыз біре іргелес, бірде алшақ тұрып байланысуы немесе пысықтаыш пен баяндауыштың байланысы. М: үш доп, үш ала доп. Жанасу болатын байланыстар:

1.                   Үстеу мен етістік: түнде оқиды, тез сөйледі;

2.                   Сын есім мен етістік: жақсы оқиды, әдемі сөйледі;

3.                   Сан есім мен етістік: үш оқыды, екі сөйлейді;

4.                   Есімдік пен етістік: әрдайым оқиды, әрқашан сөйлейді;

Көсемше мен етістік: асығып оқиды, ойланып сөйлейді

 

16) Қаржы ресурстары — финансовые ресурсы

Қаржы ресурстары — жалпы қоғамдық өнім мен ұлттық табысты үлестіру және қайта үлестіру барысында қалыптасатын және пайдаланатын ақша қорлары мен ақша қаражаттары. Қаржы ресурстары мемлекет денгейінде қалыптасатын орталықтандырылған ресурстары және кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің қарамағындағы орталықтандырылмаған ресурстардан тұрады. Қаржы ресурстарының көздеріне:

1. Жалпы қоғамдық өнімнің және ұлттық табыстың өсуі;

 2. Сыртқы экономикалық қызметтен түскен табыстар;

3. Шаруашылық айналысына тартылған ұлттық байлықтың бір бөлігі;

4. Қарыз қаражаттары жатады.

Қаржы ресурстары — бұл жалпы ішкі өнім құнының бір бөлігін, атап айтқанда, ақша нысандағы таза табысты бөлу және қайта бөлу процесінде жасалатын мемлекеттің, шаруашылық жүргізуші субъектілердің және халықтың қарамағындағы ақша қаражаттары, олар ұлғаймалы ұдайы өндіріс пен жалпы мемлекеттік қажеттіліктерді қамтамасыз етуге арналған. Қоғамдық жалпы өнім мен ұлттық табысты арттыру қаржы ре­сурстарының өсуінің басты шарты болып табылады.

Қаржы ресурстарында негізгі орынды таза табыс (пайда, қосылған құнға салынатын салық, акциздер, кеден төлемдері, қоғамдық мүдделерге төленетін жарналар нысанындағы) және амортизациялық, аударымдар жатады.

 

17.       Есімше.

Есімше — етістіктің есім сөздерге ұқсас белгілері бар түрі.

Ол түбір етістіктен арнайы жұрнақтар арқылы жасалады. Мысалы, “-ған, -ген”, “-қан, -кен” жұрнағы етістікке жалғанып, оған өткен шақ мәнін қосады: “жазылған хат”, “келген адам”, “ол кеткен”, “сен бергенсің”, “мен барғанмын”. Сондықтан ол бұрынғы өткен шақтың көрсеткіші қызметін атқарады. Ал “-атын, -етін”, “йтын, йтін” жұрнағы қимылдың келешекте жасалу мәнін білдіреді: “істелетін жұмыс”, “ол ертең келетін сияқты”. Сөйлемдегі мағынасына қарай өткен шақ мәнінде де қолданылады: “ол бұрын бізге жиі келетін”. Келесі “-ар, -ер”, “-р”, “-с” жұрнағы қимылдың келешекте жасалуы да, жасалмауы да мүмкін екенін білдіреді: “айтылар сөз”, “бермес ас”, “келер күн”, т.б. Осымен байланысты бұл жұрнақ тілде болжамды келер шақ қызметінде қалыптасқан: “ол бүгін-ертең келер”. Сондай-ақ, “-мақ, -мек”, “-пақ”, “-пек” жұрнағы алда жасалатын істі мақсат етуді білдіреді. Мысалы: “кездеспек күн”, “орындалмақ жұмыс”, “айтылмақ сөз”. Есімшенің осы мағынасына байланысты ол тілде мақсатты келер шақ көрсеткіші болып қалыптасқан: “Ол ел сенімін ақтамақ”. Есімшенің басқа етістіктерден өзіндік ерекшелігі бар. Ол заттық белгі білдіріп, сөйлемнің анықтауыш мүшесі қызметінде қолданылады. Мысалы: “Айтылған сөз — атылған оқ”. Осындағы “айтылған” — сөздің анықтауышы, “атылған” — оқтың анықтауышы. Есімше анықтауыш қызметінде заттың қимылын оның бір белгісі ретінде көрсетеді. Есімшеден болған анықтауыш заттың тұрақты белгісін емес, тұрақсыз белгісін білдіреді. Есімше өте жиі заттық мәнде қолданылатын сөздерге жатады. Есімше заттанғанда, ол зат есімнің жалғауларын қабылдайды: “көргеніңді айт, келгендерді қарсы ал”, т.б.

 

 

 

18) Каржы мен инфляция өзара тәуелді. Қаржылар инфляциялық процестердің жылдамдатушысы болатындай, инфляцияда қаржы қарым – қатынастарына өз әсерін тигізеді. Ақшаның құнсыздануымен бағаның өсуі бюджет шығыстарының өсуіне, мемлекеттің нақты кірістерінің төмендеуіне, салық ауыртпалығын күшейту қажеттігіне, мемлекеттік бюджеттің тапшылығының әсерінен өсуі мемлекеттік қарыздың өсуіне әкеліп соғады. Инфляцияның жоғарғы қарқыны мемлекет қорларын құнсыздандырады, себебі салық кірістері мен несиелері белгілі бір уақыт аралықтарында ғана түсіп отырады. Мемлекеттік қарыз мәселелері осылайша ұлғаяды, себебі мемлекет несиелер тарту үшін өзінің құнды қағаздарының табыстылығын ссуда пайызының деңгейінен жоғарылатуға мәжбүр болады, бұл мемлекеттік қарыздың номиналдық өсуін туғызады. Қаржы қатынастары мен инфляциялық процестердің бір бағыттағы, теріс сипаты бірін – бірі толықтыра отырып, экономикалық жүйеде теріс нәтижелерге әкеліп соқтырады.

 

20) Коммерциялық есеп. Жергілікті қаржыларудын комерциялық есебін жүргізу. Жергілікті қаржы мемлекеттің қаржы жүйесінің манызды кұрамы болып табылады. Жергілікті қаржының әлеуметтік рөлі, оның құрамы мен құрылымы жергілікті органдарға жүктелінген функциялардын сипатымен, сондай-ақ мемекеттін әкімшілік аумақтық құрылысымен және оның саяси – экономикалық бағытылығымен аңықталады.

Мемлекеттін қаржысы қаржы ресурстарының орталықтырылған қоры болып табылады. Ал комерциялық есеп оны экономиқалық нысан ретінде қарастырады. Яғни қаржыландыру қосымша көзі ретіндегі бюджеттен тіс арнаулы қорлардан, мемлекеттік несиеде кэрінетін қаржы қатынастарды қамтиды.

 

21) Оқшау сөздер: қаратпа, қыстырма, одағай.  

Оқшау сөз – сөйлемнің құрамында тұрса да, басқа мүшелермен грамматикалық байланысқа түспейтін мүше.

Қаратпа сөз

Біреудің назарына өзіне аудару үшін қолданылатын сөз. (Самат, етрең сынақ болады. Ұялма, балам, жоғары шық...)

Қыстырма сөз

Сөйлемдегі ойға қатысты сөйлеушінің түрлі көзқарасын білдіретін сөз. (Меніңше, сенің айтқаның дұрыс. Бұларды, әрине, жасау керек.)

Одағай сөз

Сөйлеушінің түрлі көңіл күйін білдіретін сөз. (Қап, оны кеше сұрау керек еді. Қазақтың даласы, шіркін, кең байтақ кой!)

 

Оқшау сөздің тыныс белгісі

1.                   Оқшау сөз сөйлемнің басында келсе, одан кейін үтір қойылады.

2.                   Оқшау сөз сөйлемнің соңында келсе, оның алдынан үтір қойылады.

3.                   Оқшау сөз сөйлемнің ортасында келсе, оның екі жағынан үтір қойылады.

4.                   Қыстырма түсінік сөз, түсінік сөйлем жақшаға алынады: Жақан (менің әкем) ол кезде жас еді.

 

1.                   Бастауыш және оның жасалу жолдары.

Бастауыш – сөйлемде атау септігінде тұрып, іс оқиғанын иесін білдіретін тұрлаулы мүше. Сұрақтары: кім? Не? Кімдер? Нелер? Бастауыш сөз таптарынан жасалады:

Зат есім

Күн жылынды. Досым келді.

Есімдік

Бұл - үлкен үй. Өзің кел.

Сын есім

Ақылды ісіне сенеді. Сыпайы сырын сақтар.

Сан есім

Үшеуі сыртқа шықты. Төрт екіге бөлінеді.

етістік

Іздеген жетер мұратына. Оқу инемен құдық қазғандай.

 

Құрылысына қарай:

Дара бастауыш – бір сөзден тұратын бастауыш. М: Біз ағашқыда өз көзімізге өзіміз сенбедік.

Күрделі бастауыш – кемінде екі сөзден тұратын бастауыш. М: Кеншілер сарайы адамға лық толы..

Үйірлі бастауыш – үйірлі сөздерден тұратын бастауыш. М:Уайымы көптер тез картаяды.

 

 

 

 

24.       Алғашқы ақша айналымы

1992 жылы тамыздың 27-сі күні Ұлттық банк басқармасы теңге купюрасының үлгілерін бекітті. Бірінші бетінде қазақ халқының әйгілі ұлы тұлғаларының әл-Фараби, Сүйінбай, Құрманғазы, Шоқан, Абайдың бейнелері басылды. Екінші бетінде ою-өрнектер, табиғат көріністері бейнеленіп, елтаңбамыз салынған. Ертесіне қазақ валютасын өмірге келтірген суретшілер Тимур Сүлейменов, Меңдібай Алин, Ағымсалы Дүзелханов, Қайролла Ғабжәлеловтер Англияға аттанды.

Теңге Ұлыбританияның әлемге әйгілі әрі ең көне «Харрисон және оның ұлдары» деп аталатын банкноттық фабрикасында басылып шықты.

1993 жылы қарашаның 12-сі күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасында ұлттық валюта енгізу туралы» жарлыққа қол қойды. Арада үш күн өткен соң, 15 қараша күні таңертеңгі сағат 8-ден басталып, 20 қарашада сағат 20-да аяқталып тәуелсіз Қазақстан Республикасының өз валютасы қаржы нарығында айналымға енгізіп, елдің қолына тиіп, ел мәре-сәре болысты. Өйткені төл теңгеміз тәуелсіздігіміздің басты белгісі еді

Ұлттық Банк бастапқыда 1 теңгені сол кездегі мың рубльге бағалаған болатын. Дегенмен, еліміздің саяси, әлеуметтік мәселелері және мемлекетаралық қатынастар ескеріліп 1 теңге 500 сомға бекітілді. Теңге бірінші айналымға кірген күні 1 доллар 4,75 теңге болып бекітілді.

500 теңге

Негізгі бейнесі: Қазақстан қартасының контуры,алдыңғы жағында ҚР Қаржы министрлігінің үйі,Астана қаласы әкімшілігінің үйі, артқы жағында теңіз үстіндегі шағала. Сол жақ төменде және оң жақ үстінде банкнота номиналының сандық белгісі,ал орта жақ төменде-орыс тіліндегі әріппен белгісі орналасқан. Ортасында жоғары «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» жазуы және эмитент банктің логотипі орыс тіліндегі жазу ашық жердің жоғары сол жақ бұрышында орналасқан.

1000 теңге

Негізі бейнесі: Қазақстан қартасының контуры, алдыңғы жағында Президент мәдени орталығының үйі,артқы жағында таулар. Сол жақ төменде және оң жақ үстінде банкнота номиналының сандық белгісі,ал орта жақ төменде – орыс тіліндегі әріппен белгісі орналасқан. Ортасында жоғары жағында «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» жазуы және эмитент банктің логотипі басылған. Жоғарыда ортасында ``Подделка банкнот преследуется по закону`` деген орыс тіліндегі жазу ашық жердің жоғарғы сол жақ бұрышында орналасқан.

2000 теңге

Негізі бейнесі: Қазақстан қартасының контуры, алдыңғы жағында Алматы қаласындағы Абай атындағы опера театры,артқы жағында тау өзені. Төменгі сол жақ бөлігінде және жоғарғы оң жақ бөлігінде банкнота номиналының сандық белгісі,ал төменде ортада орыс тіліндегі әріптік белгі орналасқан. Жоғарыда ортасында ``ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ`` жазуы және эмитент банктің логотипі басылған. Жалған ақша жасау жауапкершілігін ескертетін ``Подделка банкнот преследуется по закону`` деген орыс тіліндегі жазу ашық жердің жоғары сол жақ бұрышында орналасқан. Күй. Сарыарқа.

5000 теңге

Негізі бейнесі: Қазақстан қартасының контуры, алдыңғы жағында Қазақстан Республикасының Президентінің Ақорда резиденциясы,артқы жағында каньондар. Төменгі сол жақ бөлігінде және жоғарғы оң жақ бөлігінде банкнота номиналының сандық белгісі,ал төменде ортада орыс тіліндегі әріптік белгі орналасқан. Жоғарыда ортасында ``ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ`` жазуы және эмитент банктің логотипі басылған. Жалған ақша жасағаны үшін жауапкершілікті ескертетін ``Подделка банкнот преследуется по закону`` деген орыс тіліндегі жазу ашық жердің жоғары сол жақ бұрышында орналасқан.

Ел Президентінің Жарлығымен 1997 жылдан бері 15 қараша төл валютамыздың туған күні әрі қаржыгерлер күні болып белгіленді.

 

 

 

25.       Пысықтауыш: мекен, себеп, мақсат.

2.                   http://cs14108.vk.me/c621617/v621617460/5670/LMozLza34nc.jpg

 

 

27) Мемлекеттік қаржы – мемлекеттік қаржы ресурстарын қалыптастыру үшін және алынған қаражаттармен мемлекеттің қызметін атқару үшін қоғамдық өнімнен ұлттық байлықтың құндылығын бөлу және қайта бөлуге қатысты ақша қарым-қатынасы.

Ақша қарым-қатынасының субъектілері: азаматтар, мемлекет және өндірістік қоғамда.

Мемлекеттік қаржылар үшін мемлекеттік шығыстардың өсуінің жалпы мемлекеттік өнімнің өсуінен жоғары болуы сипатты болып келеді және де бұл Вагнер заңы деп аталады.

Вагнер заңы 3 факторлармен байланысты:

1) экономиканың өсуіне байланысты экономикалық өмірдің қиындауы және еңбек бөлінуінің тереңдеуі тиімді экономиканы қолдауды қажет етеді;

2) техника және технологиялық дамулар үлкен мөлшерде капитал қажеттіліктерін қажет етеді. Оларды акционерлік қоғам мен мемлекеттік корпорациялар қамтамасыз етеді. Мемлекет техникалық шаралар арқылы монополиялық өнірістер пайда болатын жерде олардың қызметін реттеуші ретінде қатысуы керек;

3) мемлекет білім беру және денсаулық саласында белсенділік танытады. Өйткені бұл салалардан түсетін пайда экономикалық бағалауда төзімді болып келеді.

 

 

 

28.       Көсемше.

Көсемше (Деепричастие)

Негізгі қимыл, амалды білдіретін немесе оны айқындай түсіп, қосымша қимыл, амалды білдіру қызметінде жұмсалатын етістіктің түрі көсемше деп аталады.

Көсемшенің жұрнақтары:

Шарт: майынша, мейінше

Мезгіл: ғанша/генше, қанша/кенше

Өткен шақ: ып, іп, п

Осы шақ: а, е, й

Мақсатты келер шақ: ғалы/гелі, қалы/келі

 

29) Қаржы саясаты – бұл мемлекеттің қаржы аясындағы міндеттері мен қызметтерін жүзеге асыру үшін жүргізілетін шараларының жиынтығы. Қаржы саясаты экономикалық саясаттың құрамдас бөлігі болып табылады.Қаржы саясаты экономикалық заңдарының талаптарының негізінде қалыптасады. Нақты өмірде қаржы саясаты қаржы механизмі арқылы жүзеге асырылады. Қаржы механизмі қаржыны ұйымдастыру, жоспарлау және басқару түрлерінің, нысандарының және әдістерінің жүйесі болып табылады.Қаржы саясатының мақсаты – қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қаржы ресурстарын қанағаттандыру болып табылады.

Қаржы механизмі  жүйелілік талдау, блок, элемент тәрізді буындардан тұрады.   Қаржы механизмінің ішкі жүйесі дегеніміз қаржы механизмінің – қаржылық жоспарлау, қаржылық тетіктер мен күштер, қаржы механизмінің ұйымдық құрылымы мен құқықтық режимі, басқаруды ұйымдастыру  сияқты ішкі күштерін құрайды.

 

 

30.       Анықтауыш және оның жасалу жолдары.

Анықтауыш деп сөйлемде негізінде зат есімнен болған мүшені сын, сапа, сан, мөлшер және меншіктік жағынан сипаттайтын тұрлаусыз мүшені атаймыз.

Анықтауыштар қандай? қай? қайдағы? (недегі?) қашанғы? ненің? қанша? неше? қайткен? не еткен? деген сұраулардың біріне жауап береді.

Анықтауыш болатын сөз таптары:

Негізгі, туынды сын есімдер анықтауыш болады:

Мысалы: Ақ сары ат доп болып ішін тартқан

Зат есімнен болады:

Мысалы: Қой қораның алдында электр моторының дүбірін естіді.

Сан есімнен болады:

Мысалы: Жаңадан екі үй құрылып жатыр

Есімдіктен болады:

Мысалы: Оспан мына қимылға тіпті сүйсініп кетті

Етістіктің есімше түрінен болады:

Мысалы: Оқыған кітаптарым мені іске бастады

Ілік септік жалғауы жалғанған сөздер анықтауыштың қызметін атқарады

Мысалы: Көптің ісінде береке бар. Талаптанғанның еңбегі жанады.

 

 

31) Қаржы қатынастарының алғашқы үш бөлігі жалпы мемлекеттік, яғни орталықтандырылған қаржыларға жатады. Макроденгейдегі экономика мен әлеуметтік қатынастарды реттеу үшін пайдаланады. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы орталықтандырылмаған қаржыларға жатады. Микродеңгейдегі экономика мен әлеуметтік реттеу және ынталадрыру үшін пайдаланылады. Жергілікті қаржы мемлекеттің қаржы жүйесінің маңызды құрамы болып табылады. Жалпы, қаржылардың бүкіл құрамы екі ірілендірілген бөлікке біріктіріледі: мемлекеттік және муниципалдық қаржы; шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы.

 

32) Қазақстандағы банк жүйесі.  Әрбір дамыған елдерде  2 деңгейлі банк жүйесі қалыптасқанымен, Кеңес Одағы кезінде  Қазақстанда Мемлекеттік Банк, Сыртқы Сауда Банкі және Құрылыс Банктерінен құралған  бір деңгейлі банк жүйесі болған еді. Елдің басты банкі ретінде Мемлекеттік банк  ақша-несие саясатына жауап берді: қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді несиелеу, несиені жоспарлау мен  пайыздық саясаттың принциптерін анықтады. Өз кезегінде Сыртқы Сауда Банкі экспортты-импортты операцияларға есептеулер жүргізіп отырса, Құрылыс Банкі Мемлекеттік Банктің  халық шараушалығын қаржыландыру деген шешімін орындап отырды.

 

33.35.  Пысықтауыш және оның түрлері. Пысықтауыш - сөйлемде іс-әрекет, қимылдың жай-күйін, амалын, мөлшерін, мезгіл-мекенін, себеп-мақсатын білдіретін тұрлаусыз мүше.

Пысықтауыш қалай? қайтіп? қашан? қайда? қайдан? неліктен? не себепті? кім үшін? не үшін? не істеуге? не мақсатпен? не арқылы? кім арқылы? неше рет? Деген сұрақтарға жауап береді.

Пысықтауыш болатын сөз табы – үстеу. Сонымен бірге барыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктеріндегі зат есімдер, кейде сын есім мен сан есім, етістіктің көсемше түрі барыс, шығыс, көмектес септіктеріндегі сөз бен қарай, таман, шейін, дейін, бола, соң, кейін, ары, бері, бұрын бірге, қабат,қатар және септік тұлғасыз сөз бен арқылы, арқасында, үшін, сайын септеулік шылаулардың тіркесінен құралған тізбектер де пысықтауыш қызметін атқарады.

Құрамына қарай дара (үшін), күрделі (ермек үшін) болып екіге бөлінеді.

а) Қимыл-сын пысықтауыш қалай? қалайша? қайтіп? неше рет? не арқылы?

ә) Мезгіл пысықтауыш қашан? қашаннан бері? қай кезде? қашанға шейін?

б) Себеп пысықтауыш неліктен? не себепті? не үшін?

в) Мақсат пысықтауыш не мақсатпен? неге бола? неге? не үшін?

 

36)

 

http://cs540101.vk.me/c621617/v621617460/5659/n-ietjna9u4.jpghttp://cs540101.vk.me/c621617/v621617460/55fb/-sWYzTCMlGg.jpg

38) Жай сөйлем — бір немесе бірнеше сөз бен сөз тіркестерінен құралып, тиянақты бір ғана ойды білдіретін сөйлем.

1.                   жақты (бастауышы бар, кейде айтылмай тұрса да, жақ арқылы табуға болатын сөйлем) - в предложении можно определить лицо, совершившее определенное действие. Ертең мен театрға барамын

2.                   жақсыз (бастауышы жоқ және жақ арқылы табуға болмайтын сөйлемдер) - предложение является безличным. Осы сабақты оқу керек.

3.                   атаулы (ойды білдірмей, тек соған байланысты заттың құбылыстың, мезгілдің, мекеннің аты аталып көрсетілетін жай сөйлемнің ерекше түрі) - назывное предложение. В предложении присутствует только подлежащее. Алтын күз

 

41)   Түсіндірмелі СҚС «Іліктес» деп те аталады. (Разъяснительные СПП)
Екінші жай сөйлем бірінші сөйлемнің мағынасын түсіндіріп 
тұрады.(Второе простое предложение
разъясняет содержание первого предложения)

Жалғаулықтары жоқ. (Союзов не имеет) 
 
Бірінші сөйлемнен кейін қос нүкте қойылады Бірінші сөйлем сонша, соншама,соншалық, сондай, сол деген сөздері
болса – сызықша қойылады. (После первого предложения ставится двоеточие. Первое предложение может иметь 
слова сонша, соншама, соншалық, сондай, сол – тогда ставится тире)

Мысалы: Қорыққаны сонша – орнынан тұра алмай қалды. Өз жөні бар әркімнің: аққу – көкте, көбелек – шөпте. 
 

Себеп-салдар СҚС (Причинно-следственные ССП)
Екінші жай сөйлем бірінші сөйлемнің себебін, салдарын, 
нәтижесін білдіреді.
(Второе простое предложение поясняет следствие, причину, 
вывод, результат того, о чем говорилось в первом предложении) 
Жалғаулықтар (Союзы):
өйткені, сондықтан, себебі, сол үшін, неге десең, сол себепті т.б.
Мысалы: Менің кім екенімді Жұмабайға айтып берді, сондықтан ол менімен қысылмай сөйлесті. Біз кешке мектепке барамыз, өйткені онда салтанатты кеш болады

 

42) Қаржы ресурстары - жалпы қоғамдық өнім мен ұлттық табысты үлестіру және қайта үлестіру барысында қалыптасатын және пайдаланатын ақша қорлары мен ақша қаражаттары. Қаржы ресурстары мемлекет денгейінде қалыптасатын орталықтандырылған ресурстары және кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің қарамағындағы орталықтандырылмаған ресурстардан тұрады. Қаржы ресурстарының көздеріне:

1. Жалпы қоғамдық өнімнің және ұлттық табыстың өсуі;

2. Сыртқы экономикалық қызметтен түскен табыстар;

3. Шаруашылық айналысына тартылған ұлттық байлықтың бір бөлігі;

4. Қарыз қаражаттары жатады.

 

43) Үстеу (Наречие)

 

Үстеу - қимылдың түрлі белгісін (мезгелін, мекенін, себебін, мақсатын, мөлшерін, амалын) білдіретін сөз табы. 

Үстеу түрлері: 

құрамына қарай:

1.                   Дара (простое – один корень)

Мысалы: ертең.

 

2.                   Күрделі (сложное – несколько корней)

Мысалы: бүгін, биыл, таңертең.


тұлғасына қарай:

1.                   Негізгі (непроизводное – нет суффикса)

Мысалы: ерте.

2.                   Туынды(производное – есть суффикс)

Мысалы: қыстай, осыншама, жемейінше.


мағынасына қарай:

1.                   Мекен (место)

Қайда?

2.                   Мезгіл (время)

Қашан?

3.                   Себеп-салдар (причинно-следствие)

Неге? Не себепті? Неліктен?

4.                   Қимыл-сын (действие)

Қалай? Қалайша?

5.                   Мөлшер (размер)

Қанша?

6.                   Күшейткіш (усиление)

Қалай? Қандай?

7.                   Мақсат (цель)

Қалай? Қандай мақсатпен?

 

 

47) Стиль түрлері (виды стилей) 
 
1. Ғылыми  стиль (научный стиль)
Ғылыми еңбектерде, ғылыми баяндамаларда, лекцияларда қолданылады.(применяется в научных трудах,лекциях)
Заттар мен құбылыстардың жалпы ерекшелігін ашып, мәлімет беру. (дать общие понятия вещей и явлений) Дәлелді, зерттелген тура мағынада алу. (доказан, исследован, смысл понятен) 
Ғылыми термин-дерді қолдану, хабарлы сөйлемде қолданылады.
(использование научных терми-нов, повествова-тельных предлож) 
 
2. Ресми іс-  қағаздар  стилі (официально-деловой стиль)
3. Публицистика-  лық стиль (публицистический стиль)
Іс-қағаздар-да, нұсқау хаттар мен кеңсе құжат -тарында қолданылады(использ. в деловых бумагах, инструктив-ных письмах, документах) Газет-журналда, жиналыстарда, бұқаралық ақпараттық құралдарда қолданылады. (применяется в газетах-журналах, собраниях, СМИ) 
 
Хабарлау, анық мәлімет беру. (объявлять, давать конкретную информац.) Көпшілікке әсер ету, құбылыстардың, оқиғаның мәнін ашу, оларға көпшіліктің назарын аудару. (влиять на общественность, привлекать их внимание к явлениям, событиям) Ресми, анық, дәл. (официаль-ность, точность)Шақыру, үндеу, нақтылық. (призывать, точность)
Кітаби, ресми сөздер мен тіркестер, хабарлы сөйлемдер, терминдер.(книжные и официаль-ные слова и сочетания, повествова-тельные предложения, термины) 
 
4. Көркем  әдебиет  стилі(стиль худож.  литературы)
Көркем шығармаларда қолданылады.(применяется в художествен- ной литературе)Құбылыстар мен заттарды суреттеу, бейнелеу. (описание явлений и событий)Образды, эмоционалды, экспресивті.(Образное, эмоциональное,экспрессивное)
Ауыспалы мағына, көркемдік тәсілдерін, суреттеме құралдарын пайдалану /теңеу,мета-фора,эпитет, метонимия синекдоха т.б./(использование переносных значений, худо-жественных методов, /сравнение-метафора т.д/ 
 
5. Ауызекі  сөйлеу стилі(разговор- ный стиль)
Адамдармен еркін әңгіме кезінде қолданылады (применяется при общении) Қатынас жасау.(для общения)
Сөздер мен сөз тіркес-терін еркін қолдану. (свободное использова-ние слов и сочетаний)Қарапайым сөздерді еркін қолдану, сұраулы, лепті сөйлемдерді жиі қолдану, диалогқа құрылу.(свободное использова-ние слов, частое использова-ние вопросит. восклицат. предложен.построение диалога)

 

50) Қаржы менеджментіҚаржыны басқару, кәсіпорындардың, ұйымдардың өз мақсаттарына жетуі үшін қаржы қатынастарын орнату туралы ғылым. Қаржы менеджменті менеджменттің бөлігі,баскарушылық еңбектің түрлі бағыттарын қамтитын қызмет аясы болып табылады. Қаржы, несие, статистика, экономикалық және қаржылық талдау саласында ғылыми және практикалық талдамалар қаржы менеджментінің алдына қойылған міндеттерді шешу үшін негіз, кұрал кызметін атқарады. Қаржы менеджментінің атқарымы: ағымдағы және келешектегі қаржылық жоспарлау; ақша қорларын жасақтау және пайдалану; ақша айналымын ұйымдастыру; материалдық және қаржы ресурстарының теңдестірілуі; капиталдың тиімді құрылымын қолдау; ақшалай қаражаттың түсуі мен пайдаланылуын бақылау; қаржының көмегімен кәсіпорынның тиімді жұмысын және қызметкерлердің іскерлік белсенділігін уәждемелеу. Қаржы менеджментінің негізгі әдістері кәсіпорынның төлем төлеуге қабілеті мен қаржылық орнықтылығын, кәсіпорынның несиеге қабілетін оның теңгерімінің өтемпаздығын, қаржы нәтижелерін, айналым активтерінің айналымдылығын талдау, ықтимал банкроттығын бағалау.

 

 

53) Одағай

Адамның алуан түрлі көңіл-күй сезімің білдіретін. Сөз табы одағай деп аталады.

Мағынасына қарай

Түрлері (Типы)

Одағайлар (Междометия)

1) Көңіл-күй одағайлар:

   а) Куанышты білдліретін одағайлар

   ә) Тандану, сүйсінді білдіретін одағайлар

   б) Өкінішті білдіретін одағайлар

 

А) алақай, бәрекелді, па шіркін, шіркін, шіркін ай, пай-пай, ой-һой, ай-һай т.б.

Б) бәсе, пәле, уа, уай, оу, апыр-ау, оһо, апырай, япырай, ойпырмай, ойпыр-ау, мәссаған, беу,  т.б.

В) ойбай, ойбай-ай, ох, уһ, туу, туһ, ой, алла-ай, о, жаратқан-ай, құдай-ай, қап, әттен-ай, әттеген-ай, т.б.

2) Жекіру одағайлар

Тәйт, тәй, тек, жә, і-сс

3) Шақыру одағай:

   а) адамға бағытталған одағайлар

   ә) малға бағытталған

А) Қаз-қаз, тәй-тәй, әул, әлди-әлди

Б) Ауһау-ауһау, өк, ка-ка, шәйт, шөре-шөре, құрайт-құрайт, көс-көс, құр-құр, тәйт, т.б.

4) Тұрмыс-салт одағайлары

Ассалаумағалейкум!

Уағалейкумассалам! Хан! Рақмет! Кеш жарық!

Кұп! Ләббай!, т.б.

 

55)  Шылау сөздер (служебные слова)

Лексикалық мағынасы жоқ, бірақ басқа сөз таптарымен тіркесіп, сол сөз таптардың мағыналарын толықтырады және айқындайды. Сөздерді, сөз тіркестерін және сөйлемдерді байланыстыратын сөз табы. Шылаулар сөйлем мүшесі бола алмайды. Атқару қызметіне байланысты шылаулар үш топқа бөлінеді:

1. септеуліктер 2. жалғаулықтар 3. демеуліктер

(Не имеют самостоятельного лексического значения, но сочетаясь с частями речи, дополняют и уточняют их значение, обеспечивают связь слов, словосочетаний и предложений друг с другом.

Служебные слова не могут быть самостоятельным членом предложения.

В зависимости от функции они делятся на три группы: 1. послелоги 2. союзы 3. частицы)

 

 

Шылау (союзы)

Септеуліктер

(послелоги)

Жалғаулықтар

(союзы)

Демеуліктер

(Частицы)

Туралы

Сияқты

Арқылы

Үшін

Дейін

Бері

Мен, бен, пен

Да, де, та, те

Және

Әрі, тағы

Ма, ме, ба, бе,па, пе

Қой, ғой, ды, ді, ты, ті

Ғана, тек

Түгіл, тұрмақ

Мыс, міс, екен

 

56)Бағалы қағаздар нарығы (немесе Капитал нарығы ағыл. Capital market) — құрамына бағалы қағаздар, туынды қаржы құралдары және т. б. жататын қаржы құралдарын сату-сатып алу операцияларын жүзеге асыратын қаржы нарығының құрамдас бөлігі.

Бағалы қағаздар нарығы (қор нарығы) қаржы нарығының ең маңызды сегменті бола тұра, —  эмитенттерге инвесторлардың ақша қаражаттарын тартуға мүмкіндік беретін, ал инвесторларға ақша қаражаттарын бағалы қағаздарға салу арқылы көбейту механизмі болып табылады.

 

 

 

59)

 http://cs540101.vk.me/c621617/v621617460/5623/-Ijc7m5HX1I.jpg

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тесты на тему "Экология""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Овощевод

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 040 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 29.10.2015 1009
    • DOCX 47.4 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Акшабай Айнагуль Закашқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Акшабай Айнагуль Закашқызы
    Акшабай Айнагуль Закашқызы
    • На сайте: 8 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 6453
    • Всего материалов: 3

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Методика преподавания истории и обществознания в общеобразовательной школе

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 329 человек из 69 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 329 человек

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к проведению ВПР в рамках мониторинга качества образования обучающихся по учебному предмету «Обществознание» в условиях реализации ФГОС ООО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 54 человека из 28 регионов
  • Этот курс уже прошли 305 человек

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к ЕГЭ по обществознанию в разделе «Право»

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 23 человека из 15 регионов
  • Этот курс уже прошли 92 человека

Мини-курс

Успешая команда: опросы, сторис

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Управление стрессом и психологическими состояниями

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 78 человек из 32 регионов
  • Этот курс уже прошли 56 человек

Мини-курс

Soft-skills современного педагога

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 45 человек из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 26 человек