Инфоурок / Классному руководителю / Научные работы / "Тезис" атты зерттеу жұмысы

"Тезис" атты зерттеу жұмысы

Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 22 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>

библиотека
материалов

hello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifАлматы облысы, Алакөл ауданы, №2 Қабанбай орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар мемлекеттік мекемесінің

9-сынып оқушысы Батырбай Әсемнің

«Мағжан лирикасындағы от бейнесі» атты

зерттеу жұмысының


ТЕЗИСІ

Зерттеу еңбек кіріспеден, екі тараудан тұрады. Соңынан қорытындылайды. Еңбектің аяғында пайдаланылған әдебиеттер тізімі берілген.

Кіріспеде классик ақын Мағжан Жұмабаевтың суреткерлік шеберлігінің түп тамыры жайлы сөз қозғайды. Мағжан өлеңдері бізге тағдырдың талай тар соқпақтарын артқа тастап, сыңаржақ соқыр саясаттың уысынан сытылып шығып, сағына қауышып, қуана табысып жатқан асыл мұраларымыз. Қазақ топырағындағы жыр-өрнек үлгісін өз үнімен байытып, ақындық болмысы жарқырап көрінген Мағжан қаламынан туған дүниелер халық үшін таусылмас қазына. Алмастай құбылған өрнекті өлеңдердің құпиясын тану үшін оның әр шумағын, әр жолын ой-көзімен оқып, жан-сезіммен қабылдай білу қажет. Сонда ғана ақынның сырлы әлеміне бойлай аламыз. Сонда ғана басы, ортасы, соңы деп бөліп жаруға келмейтін сөзден қойылған біртұтас сом дүниені, сырты сұлу, іші бай, жұмыр жырды түсіне аламыз.

Мағжанның ең ерекшелігі — оның ақындық талантының осы уақытқа дейін болмаған қуаттылығы, уыттылығы, оттылығы мен адам рухын арбап түсіретін, аймалап сүйетін, өртеп жіберетін жалынында, байлап-тұсап тастайтын жұмбақ тылсым, сиқырында.

Мағжан Жұмабаев — біздің рухани өлкеміздегі қиырдан көзге түсетін, көрген көз сүйінетін биік шыңдарымыздың бірі де бірегейі. Оны танып, оны қастерлеу — біздің елдік мәдениетіміздің анық көрсеткіші, сипаттамасы болмақ.Мағжан Абай дүмпуінен оянған көркем ойдың ғана емес, қоғамдық сананың да ең жарық жұлдыздарының бірі.

Ақын өлеңдерін жоталайтын философиялық – эстетикалық, тілдік – образдық жүйе әлі мызғымай, тың жатыр. Оның шерін көркемсөздің бағалы бұйымдарына айналдыру үшін поэзия маманы қажет. Мағжан – біздің тарихи санамыздың оянуына, бүгіннің өткір сауалын тап басып табуымызға көшбасы болатын тұлға. Мағжантанудың бір пұшпағын илеп көру міндет.

Мағжан – қазақ өлеңіне Абайдан кейін дүбірлі өзгеріс әкелген ірі реформатор ақын. Қара өлеңнің бұла күші бесік болып тербеткен Мағжан жазба әдебиеттің көркемдік ұстанымында тәрбиеленген Абаймен үлкен эстетикалық мұрат үстінде қауышты. Ендеше, Мағжан ренессансының берік тағаны – Абай.



Аннотация


Мақсаты: Мағжан Жұмабаев шығармашылығы жайлы жазылған еңбектерге шолу жасау. Ақынның өмірі мен шығармашылығын,лирикаларының тақырыбын,

көркемдік ерекшеліктерін ашып көрсету.


Болжам: Ақын шығармашылығын зерттеу арқылы Мағжанның көркем әлемін зерделеу,

ақын шығармалары арқылы оқушыларға эстетикалық тәрбие беру, көркем сөз өнеріне деген қызығушылықтарыны ояту.


Зерттеу кезеңдері:

І кезең: Ақын шығармалары жайлы жазылған зерттеу мақалаларды бір жүйеге түсіру, конспект жасау.


ІІ кезең: Ақын өлеңдеріне тақырыптық – мазмұндық, көркемдік жағынан поэтикалық талдау жасау.

Ақын қолданысындағы от және оның көркемдік қызметін ашып-айқындау.


Зерттеу нәтижесі

және тәрбиелік мәні. Осы уақытқа дейін от бейнесінің көркемдік қызметі толығымен зерделенбеген десек қаталаспаймыз, осыған орай зерттеу жұмысының нәтижелерін мектептерде жүргізілетін әдебиет сабағында пайдалануға болады.


Жұмыс нәтижесі: Мағжан ақынның лирикаларындағы от бейнесінің дәстүрлік негіздері, варияциялары мен сарындары көркем мәтін арқылы талданды, Ақынның от сөзін пайдалану арқылы көркем көкжиегін кеңейткеніне көз жеткіздік.


Қорытынды: Мағжан Жұмабаев-қазақ поэзиясына нәзік лиризм мен

шыншыл сезім әкелген талантты ақын, барша

қазақ оқырман қауымға танымал сөз зергері.





МАЗМҰНЫ


КІРІСПЕ..........................................................................................................3



ОТ ЖӘНЕ ОНЫҢ АДАМ ӨМІРІНДЕГІ МАҢЫЗЫ

1.1 От бейнесінің дәстүрлік негіздері....................................................................4


1.2 Ауыз әдебиеті үлгілерінде от бейнесінің жырлануы....................................5


1.3 Жазба әдебиеттегі от бейнесі..........................................................................7


.

2. МАҒЖАННЫҢ КӨРКЕМ ӘЛЕМІ

2.1 Мағжан лирикасында от бейнесінің қолдануы.........................................8


2.2 От бейнесінің варияциялары мен сарындары..........................................11


ҚОРЫТЫНДЫ................................................................................................18



ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР............................................................19




















КІРІСПЕ


Адамның табиғатымен туа біткен ақындық асыл қасиеттің құдіреті тарихтың қандай аласапыран дауылы да өшіре алмас мәңгілік із қалдыруында болса керек. Шынайы таланттың жан тебіренісінен туған сөз маржандары сұлу да сиқырлы қалпында ғасырларды аттап өтіп, келешекпен жалғасып жатады. Қай заман, қандай дәуірде оқылса да халықтың ой-талғамын байытып, жан сарайын аша түспек. Бүгінгі оқырманның рухани үлкен олжасына айналып отырған Мағжан өлеңдері бізге тағдырдың талай тар соқпақтарын артқа тастап, сыңаржақ соқыр саясаттың уысынан сытылып шығып, сағына қауышып, қуана табысып жатқан асыл мұраларымыз. Қазақ топырағындағы жыр-өрнек үлгісін өз үнімен байытып, ақындық болмысы жарқырап көрінген Мағжан Жұмабайұлы қаламынан туған дүниелер халық үшін таусылмас қазына. Алмастай құбылған өрнекті өлеңдердің құпиясын тану үшін оның әр шумағын, әр жолын ой-көзімен оқып, жан-сезіммен қабылдай білу қажет. Сонда ғана ақынның сырлы әлеміне бойлай аламыз. Сонда ғана басы, ортасы, соңы деп бөліп жаруға келмейтін сөзден қойылған біртұтас сом дүниені, сырты сұлу, іші бай, жұмыр жырды түсіне аламыз.

Мағжан поэзиясының, оның суреткерлік шеберлігінің, ақындық ой асқақтығының, көркем тіл үлгісінің, стилінің даралық ерекшелігі - оның жыр әлемі адам жанының нәзік қатпарларына еркін сіңісіп, мейірімділік пен сұлулыққа жетелейтін бояуы ашық нақышы әсем кең тынысты, ғұмырлы, мәңгілік-жырлар толғауында.

Мағжан жырларын оқыған сайын сөз өнерінің көркемдік көкжиегіне, сәнді, салтанатты жыр керуеніне кездескендей боламыз. Мәңгі ғұмырлы поэзияның өз тілі, өз үні бар десек, соның бірі бүгінгі қазақ поэзиясына жаңашылдығымен, сыршылдығымен, ерекше еркіндігімен оралған Мағжан тілі еді.

Оның ақындық мінезіне келсек — ол шабыты аса шапшаң, алғыр, ұмтылу, жүйітку, зымырау, барып-барып жоғарылау, самғау — кең даланың тас тұяқ тұлпары мен асқар таудың темір қанат сұңқарын елестетеді. Оның өлеңдерінің кейде мүлтіксіз мүсінімен, кейде төгіп-шашпалау, салдыр-салақтау жерлерінің қатар жүретіні-сол шапшаңдықтың, ғажайып жылдамдықтың және алаңсыз жомарттықтың нәтижесі.

Зерттеудің мақсат-міндеті: Мағжан өлеңдерінің түп төркініне назар аудара отырып, От бейнесін мифология мен фольклор жанрынан іздестіре, ақынның сол бейнені қалайша меңгеріп, түрлендіргенін көрсетпекпіз. “Неліктен Мағжан поэзиясында оттың бейнесі түрлендіруге ұшырап, көптеген вариациялар мен сарындар формасында жиі қолданыста болды?” – деген сұраққа жауап іздеу.






  1. ОТ ЖӘНЕ ОНЫҢ АДАМ ӨМІРІНДЕГІ МАҢЫЗЫ


1. 1 От бейнесінің дәстүрлік негіздері


От – түрлі материалдардың жарық пен қызу шығарып жануы. Адамзат қоғамының алғашқы кезеңдеріндегі отты синантроптар мен неандерталдықтардың өздері де пайдаланылған. Алғашқыда найзағай түсіп, қураған шөптер мен ағаштардың т.б. өртенуінен шыққан табиғи от пайдаланылады. Шамамен жоғары палеолит дәуірінде адамдар екі ағашты бір-біріне үйкеу арқылы от тұтатты. Ал, шақпақ тас ұшқынын пайдалану әдісі 19 ғасырда сіріңке жасағанға дейін қолданылды. От адамды табиғат күшінен үстем етті және хайуанаттар дүниесінен біржолта бөлді. Адамдар отты құдіретті күш, марапатты әулие деп ұқты, көптеген халықтар отқа табынады. От тамақ пісіру, үй жылыту, жарық және жыртқыш аңдардан қорғану құралы болады. От қызуымен металл қорытып, қару-жарақ соқты. Қоғамдық өмірде оттың алтын орны зор .

Сонымен қатар, жер жүзіндегі барлық жаратылыстың түпкі тегі төрт нәрседен делінсе, ежелгі қытайлар әлемді бес элементтен тұрады деп есептеді. Әрине, сол төрт нәрсенің, бес элементтің бірі – от. Ал антикалық адамдар жындар (демоны) жерден, ауадан, судан және де оттан құралады деп ойлайды .

Демек, от дегеніміз – архетип. Онда архетип дегеніміз не? Архетип-табиғаттың сыртқы бейнелерінің адам санасы мен жадында мыңдаған жылдар бойында қалыптасатын көрінісі негізіндегі біздің психикамыздың шындығы.

Осыған байланысты, көптеген елдердің дәстүрінде отқа табыну салты қалыптасқан. Сондай халықтардың бірі – қазақ.

Отқа табынуды шамандықтың бір қалдығы ретінде қарастырған атақты ғалым Ш.Уәлиханов былай деп жазды: “Шамандық салттың ішінде отқа табыну өз күшінде. Қазақтар отты әулие деп санайды, осы әулие атауларымен мұсылман тақауларын да атайды”. Сонымен бірге жаңа түскен келіннің жұмсақ, биязы болуын тілеп, отқа май құйып, еңкейтіп, тағзым еткізеді; жас нәресте дүниеге келлгенде, баланы отқа жақындатып, жалбырынады; отта тазалаушылық қасиет бар деп, оған түкіртпейді”, -деп растайды ғалым /1,176/. “Халық отқа табынып, ал басқалар болса, жын-перілермен қоса, мұсылмандардың періштелерін де шақырып, Алланы мадақтайды. Осылай екі дінді араластыра табыну, ешқандай қайшылыққа жатпаған, қазақтар екеуін де қосып, ұстаған” /1, 111/.

От – бүкіл адамзат баласының тіршілігінің қайнар көзі болуымен қатар, от архетипінің терең мәні мен адам өмірінде алтын маңызы халықтың діни нанымында ғана емес, фольклоры мен әдебиетінен де көрініс тапты.

Көне грек мифі бойынша қатал тәңірі Зевстің тыйым салуына қарамастан Гефестің көрігінен адам баласына от ұрлап беріп, оларды ғылымға, егін егуге, мал қолдануға үйреткен Прометей еді.

От тек қана адам баласын, тұрмысын түрлендіруші ғана емес, сонымен бірге тазалаушы да, аластаушы. Мәселен, парсы әдебиетінің ортағасырлық ескерткіші Фирдоусидің “Шахнамесінде” Кей Кавус шах өзінің ұлы Саявушты тексермек болып, екі оттың ортасынан өтуді бұйырады. Өгей шешесі Судабының жалған жаласынан Саявуш оттан аман өтіп, арылады.

Демек, қазақтардың пәле-жаладан сақтану үшін екі оттың ортасынан өтуі, аласпен қылмысты адамды жазалауы зораастризм дінінің сарқыншағы деп түсінуге болады.


    1. Ауыз әдебиеті үлгілеріндегі от бейнесінің жырлануы


Қазақ әдебиетінің маңызды бір саласы – мақал-мәтелдерде оттың тұрмыстағы мәні ескеріліп, маңызы айқындалатын мысалдар көптеп кездеседі.

1. Бір адам жаққан отына

Он адам жылынады

2. Берместің асы піспес,

Қазаны оттан түспес.

3. Оттың шаласы жаман,

Сөздің аласы жаман.

4. От пен су – тілсіз жау.

От ауыспалы мағынада да қолданылып, белгілі бір бейнені, іс-әрекетті сомдау қызметін атқарады. Бұл қолданыста оның экспрессивті функция атқаратынына көңіл аудару керек.

1. Жастық – жалын,

Кәрілік – күл.

2. Орынсыз ашу – от шашу.

3. Жақсы жүрген жеріне кент салады,

Жаман жүрген жеріне өрт салады.

4. Өтірік деген дұшпан бар,

Отқа сүйреп салады.

Ал жұмбақтарда болса, оттың жағымды және жағымсыз бейнелері көрініс туып, жұмбақталып суреттеледі.

Өткірлігі өлімнің нақ өзіндей

Өзінен басқалардың бәрін жейді,

Жейтұғын ешбір нәрсе таба алмаса,

Өзін-өзі жейді де көрінбейді,

Енді бірде:

Бір сұлу бар, ел бәрі айналысты,

Адамға әлгі сұлу байланысты.

Сол сұлу жақсылығы арқасында

Ет пен тамақ, нан мен су қайнап пісті.

Алдыңғы жұмбақта оттың дүлейлігі, арбаушы ерекшелігі айтылса, келесінде адам илігіне жаратылған оттың қасиеті жұмбақталады.

Қазақ ертегілерінде де от бейнесі елеулі рөл атқарады деуге тұрарлықтай. От шашатын айдаһар, аждаһа, қырық күншілдік отты жол т.б. кейіпкерлер көптеген шығармаларда кездеседі.

Түтін оттан тарайтын болғандықтан, оны оттың варияциясы деп қарасытуға болады. Оның мағынасы “жеңіл”, “өткінші” дегенді білдірумен қатар “жоқ болуды” да көрсетеді. “Түтін қазақтың қасиетті сөзі. Мұны ... бізге қажетті – оты маздап отырған кәдімгідей үй іші бар ... деген мағынаны білдіретін сөз”.

Бұл дәстүр ертегілерден де көрініс табады: “Бала келе жатса, жердің астынан бір түтін шығады. түтін шыққан жерге келеді, келсе бір үй болады, үйге енді” (“Желкілдек”).

“Жүректей жерден жұлындай түтін шығады, түтін шыққан жерге жетсе, есік көрінеді, есік ашып, еніп келсе, қу аяқ кемпір отыр” (“Дудар қыз”).

“Түс сатқан тазша” ертегісінде от, түтін, күл – жігіттің байлық, билікке жетуінің дәлелдемесі.

Батырлар жырында да от бейнесі жиі кездеседі:

Алпамыстың үстінен

Отын алып, көреді,

Күрекпеннен шоқ салса,

Жалындамай сөнеді. (“Алпамыс батыр”)

Жау қолына түскен Алпамысты азаптап, өлтіру үшін, қалмақтар оны отқа жандырайын дейді. Бірақ жырда оны осындай алапат Құдіретті Күштің жеңе алмауы Алпамыстың болмысына біткен ерлікті, өзіне тән жігерін танытады.

От сонымен бірге басқа да эпостық жырларда қолданыс табады:

“Өзің үлкен данасың,

Өрттей қаулап жанасың.”

Ішім оттай жанады,

Жалыны жүрегіме шалады. (“Ер Тарғын”)

Қазақ фольклорының бір саласы шешендік өнерде де от бейнесін көре аламыз. Бала би қартайған шағында халқына қойған төрт сауалында “Оттан ыстық не?” – дейді. Сонда Бала бидің өзі: “Оттан ыстық дегенім – фәни жалған, адамның өмірі,” – депті. Демек, халық санасында адам өмірі – оттан да ыстық деген философиялық көзқарас қалыптасқан.

От ұғымына байланысты фольклорда және әдебиетте көптеген тұрақты сөз тіркестері қолданады.

Бізге белгілі, “жүрегінде оты бар”, “жанып тұрған от”, “от көзді” деп айтсақ, жігерлі, қайратты, өжет, батыл адамның бейнесі көзімізге елестейді.

Ал, “отқа түсті” деген біреу үшін жаныңда пида ету болса, “отқа итерді”, “отқа салды” деген, керісінше, қауіп – қатерге итеріп, азаптау. “От алғалы тұр”, “отпен ойнау” – пәле іздеу, пәлеге ұрыну.

“Бағы жанды” – беделі артып, абыройлы болса, “бағы күйді” бақытсыздыққа ұшырады деген ұғымды білдіреді.

    1. Жазба әдебиеттегі от бейнесі


Жазба поэзияда (“Бес ғасыр жырлайды” жинағы бойынша) “от” бейнесі тек Ақмолла Мұхамедияұлының ( 1831-1895 ) бір-ақ жырында жалғыз ғана рет жолығады:

Дүниедегі түрлі заттан от болар,

Сан өсімдік от боп жанар, шоқ болар,

Жаратылыс құбылыс бұл-дағы,

От пен күл боп, ақырында жоқ болар.

Басқа 19 ғасырға дейінгі ақын-жыраулардың бірде-бірінде бұл бейне кездеспейді. Бұл таңданарлық жәйт. Өйткені жоғарыда келтірілген мысалдардан оттың елеулі рөлін көруге болатын сияқты. Ал фольклордан нәр алып сусындаған ақындардың жырларында оттың кездеспейтіні неліктен екен?!

Ақмоладан кейінгі ақын-жыраулар поэзиясында оттың көркемдік рөлдегі аясы кеңейе түсетінін байқаймыз.

Абайдың өзіне жеке тоқталатын болсақ, ақын шығармашылығында “от” сөзінің өзі 36 рет жолығады.

Мағжан дәуіріндегі ақын жазушылардың ішінде “от” бейнесін Ж.Аймауытовтың “Ақбілек” романынан жиі кездестіруге болады. Романда от - “тіршіліктің көзі, бастауы” мағынасында жұмсалады. жапан далада жалғыз қалған Ақбілекке көзі от боп жанған қасқырлар келіп, сорлы сұлуды ажал аузына жақындатады. Өліммен арпаласқан Ақбілек сөніп бара жатқан шоқты қайта жандырады, оны лаулатып, өмірін сақтап қалады: “От сөніп қалса, Ақбілектің өмірі де сөнетін еді. Отты тапқан адамның анасынан айналсаң болмас па?” – деп жандырып, “Лаула отым, лаула. Мазда отым, мазда!” – деп жалбарынады. Ақбілек жағып отырған от - өзінің өмірінің оты. Оның ойында “от өшіп қала ма?” деген қорқынышты үрей бар секілді. Сондықтан от анасынан оттың өшпеуін тілеп, табынған Ақбілектің өмірі ғана емес, психикасы да отқа тәуелді.

Көріп отырғанымыздай, халық ұғымында, фольклор мен әдебиетте “от” бейнесі жиі қолданыс тауып, бірде дүлей, жоюшы, жоқ қылатын арбаушы болса, бірде өмір беретін марапатты күш, бар қылатын, жаңғыртып, жандандыратын түлеуші, тазалаушы рөл атқарады.











  1. МАҒЖАННЫҢ КӨРКЕМ ӘЛЕМІ


2.1 Мағжан лирикасында от бейнесінің қолданылуы


Мағжан Жұмабаевтың әдебиетімізге әкелген үлкен жаңалықтарының бірі – циклді өлеңдері. Тақырыбы, идеясы, жанры жағынан өзара сабақтас, жуықтас көркем шығармаларды көркемөнер теориясы цикл деп атацтыны мәлім. Цикл көбінесе лирикада жиі ұшырасып, ақынды толғандырған, айрықша көңілін бөлген белгілі бір күрделі ойын білдіреді. Сөз өнерімізге осы тараптан соны соқпақ салған Мағжан бірнеше цикл өлеңдер жазыпты. Отаршылдыққа қарсы өлеңдер (“Есімде ... тек таң атсын”, “Тез барам”, “Жер жүзіне”, т.б.) “От” (“Күншығыс”, “От”, өлеңдер (“Гүлсімге”, “Гүлсім жаным”, “Г...ге”, “Сүй жан сәулем” т.б.), “Көкшетау” (“Көкшетау”, “Қайың”, “Толқын” т.б.), “Еділ” (“Еділде”, “Еділдің сағасында”), “Түркістан” (“Түркістан”, “Ескі Түркістан”), “Алатау” (“Алатау”, “Алатауда”, “Қырғыз-қазаққа”) циклдары ұлы ақын мұрасының жарқын беттерін құрайды, әрі поэзиямыздың классикалық қорына енеді. Бір шағын мақалада олардың барлығын қамти жазу мүмкін де міндетті емес. “От” цикліне ғана тоқталмақпыз.

Отты қасиет тұту, оның культін ерекше бағалау Шығыс поэзиясына етене жақын мотив. Отқа табыну, көбінесе тәңіріні құдірет тұту ақында жиі ұшырасады. Ол “Тәңірі”, “Сырдағы алашқа”, “Мен кім?” т.б. лирикасынан да бой көрсетеді. сонымен бірге күн, от ай, жұлдыз бейнелері реализмнен гөрі романтизм эстетикасындағы стилистикалық-образдық атрибуттарға кіреді. Өлеңнің бастапқы шумақтарынадғы оттың дәріптелуі, автордың оған деген шексіз ықыласы мен оның қасиеттерін бойына дарытқан автообразы оны “Пайғамбар” мен “Күншығыстан” ерекшелендіріп тұрса, соңғы жағы циклге ортақ идеялық сарынды танытады.

Енді заулап жанайын,

Күнбатысқа барайын,

Бір шетінен тиейін, -

дейді романтик. Бұған себеп те жоқ емес. Күнбатыс ақын ұғымында адамзатқа кесел әкеледі:

Ұяттан әсер қалмады,

Идеялды, алланы

Материалды дүние рухани асылды басады деу, адамзат қоғамында бастапқы рух, идея деп түйсіну романтизмнің философиялық негізінде жатыр. Не нәрсе сол рухқа көлеңке түсірсе, ол романтиқтердің қатал сынына ұшыраған. Европа имперализмнің алпауыт пиғылы, байлық үшін жүргізіп отырған отаршылдық саясатты-саясат, мәдениет қайраткерлерінің талай өкілі ашына айтқан шындық екендігі аян. Осы шындық романтик лирикасында қарсылықты ойларға бастап, оның күйрейтініне, түбінде Шығыстың тәубеге келтіретіне сезіммен жырланады. Осындай авторлық ой циклге ортақ, тіпті үш өлеңді бір топқа әкеліп жатқан күретамыр идея да осы десе болғандай. “Оттағы” секілді мотив “Пайғамбарда” да бар:

Түн баласы түнерген, түн жамылған,

Аллаға емес, әзәзілге табынған.

Інжілді өртеп, табанға сап құранды,

Әділдікті күткен ессіз қарыннан,

десе, “Күншығыстағы” Мағжан қарсылығын тудырған мотив өзара қырқыс, басқыншылық пиғылды, адамды қанға бояған соғыс өрті (“Күнбатысты шаң басқан, Шаң емес, қара қан басқан. Тарсыл-күрсіл, қанды атыс”). Адамзат өркениетінің көнекөз қариясы, бесігі Шығыс Батысты тиюы, азаттық миссиясын жүгізуі керек. Ақын Шығыстың атынан сөйлейді де, азат етуші, әділеттілік орнатушы бейнесінде көрінеді. Бұл да абсолютті, шартты тәсілдермен жасалған, қоғамның объективті қарым-қатынастары негізінде емес, Мағжанның көңілі, арманы мен қиялы, ішкі жан дүниесі қалаған тілектен туып отырған жайт. Мұны әдебиет теорияснан хабары бар кісі романтикалық бейнелеу әдісінің жемісі десе керек. Сондықтан да:

Күшығыстан таң келеді – мен келем,

Көк күңіренеді, мен де көктей күңіренем.

Жердің жүзін қараңғылық қаптаған,

Жер жүзіне нұр беремін күн берем! –

десе, “Пайғамбар” жырында, “Күшығыста” әрекет динамикасы одан да орасан:

Желпілдеген туменен,

Жер күңіренткен шуменен,

Қаласына кірелік! –

деп барып, көркемөнер иесіне тән гуманизммен:

Жоқ, жоқ! Ашу басалық!

деп тоқталып:

Гүл қылайық,

Ұл қылайқ,

Мейірім есігін ашалық, -

деген адамгершілікке толы жолдарды жазады. М.Жұмабаевтың отаршылдарға, Шығыстың адамзат тарихында жасаған игілікті істерін, кешегі жауынгер қаһарын ұмытқандарға деген суреткерлік қарсылығы негізделген. Бүкіл шығармашылығы тәрізді оның әділетсіздікті кемел форма арқылы гуманистік мазмұнға айналдырған. Бұл да циклдің идеялық нысанасын бағалауда мықтап ескерілуге һәм лайқты бағалануға тиісті.

Мағжан өлеңдеріндегі сөзбен өрілген сырлы суреттер оқушының көңіл көкжиегін от боп, сәуле боп серпілтіп, жарқыратып аша түседі. Ақын өзінің таным-талғамын бедерлі сөз, кемел оймен, тіл өнерінің мейлінше айқын бояуларымен жеткізіп, сезім пернелерін дөп басады, шын мәнісіндегі өлең құдіретін еріксіз мойындатады. М.Жұмабаевтың лирикасы сыршыл, таза, мөлдір сезімге, жан дүниенің соншалықты нәзік иірім құбылыстарына, сөз сұлулығына, оның нәрлі, ажарлы, сымбатты айшық оралымдарына негізделеді. Жан-сезім құбылыстарын құйқылжыта, күмбірлете жырлайды. Бейнелі тілмен, суреттілікпен сөйлетеді. Оның ақындық болмысы қоршаған ортаны, ғаламды тірі күйінде қабылдайды. Сондықтан Мағжан – суреткер ақын.

Ақынның дүниені қабылдау ерекшелігіне, байланысты бір-бірімен түрлі тізбекте астыртын ассоцациядан келіп туатын символ-сөздер көркемдік танымның аса маңызды шартының біріне саналады. Көркемдік тәжірибеде поэтикалық тәсілдерді құбылта жеткізген суреткер троп түрлерін түрлі бағытта дамыта келіп жекелеген сөздерді символ дәрежесіне дейін көтере біледі. осындай тұрғыда сипат алған сөздер (Күн, Жел, Дала, Өзен, Өмір, От, Толқын т.б.) ақынның шығармашылық символикасына айналған. Мағжанның өлеңдері бойынша бернелік – символикалық жүйе түзер болсақ, символ сөздер ең басты, әрі тұрақты бөлшек ретінде осы жүйені толық өрнекткп, көркем сөз шеберінің тек өзіне тән жеке символы оның бүкіл шығармашылығын тұтас, яғни тұтас ақындық контексінде танылып, сөздер жиілігін есепке алумен анықталады. Ал жеке бір өлеңдегі семантикасы күрделеніп, символикалық мән алған жеке сөзді бүкіл поэзияны өрнектейтін символмен шатастырмауымыз керек. Мағжан Жұмабаевтың поэзиясының бүкіл он бойын көктей өрнектеп отыратын берне-сөздердің жиілік кестесі мынандай:

М.Жұмабаевтың поэзиясындағы тірек-бейнелілік кесте:

Бернелер


Жүрек


От


Күн


Өмір


Көңіл


Ой


Жел


Өзім


М.Жұмабаев

141

78

297

124

101

202

100

18

1. Күн, От, Өмір сөздері - өмір сүруге үндесетін оптимистік мотивацияның бернеленуі.

2. Жел, Толқын сөздер – еркіндіктің, қимыл-әрекетінің динамикалық бейнелері.

3. Өзен, Дала, Тау сөздері – табиғаттың кеңдік, биіктік, жомарттық т.б. қасиеттеріне үндесетін бейнелер.

Арыстан, Жолбарыс, Сұңқар сөздері – мойымас жігер, мұқалмас қайраттың бернелері.

Қайың, жас тал, ерекше жапырақ балғын да аңғал жастықтың, тазалықтың бернелері.

Күн, Жұлдыз, Ай сөздері – жарық пен жылудың күш қуатының, онымен астасатын өмірдің мазмұны болып пішін табады. Мағжан шығармашылығындағы символикалық мазмұн мен пішінінің бір ерекшелігі де осында. Поэтикалық ойдың негізі болатын осындай тірек-бернелерден басқа көркемдік құралдар, образдардың өрбіп таралып отырғанын көруге болады.

“От” циклі әдебиетімізге мазмұн жағынан да, формалық жағынан да жаңалық әкелген шығармалар. Мазмұн сонылығы М.Жұмабаевтың өз заманының жағдайынан туып отыр. Абай өмір сүрген дәуірде, болмаса ілгерідегі жыраулар жасаған ғасырларда ХХ ғасыр ағынының осы өлеңдеріне арқау боларлықтай саяси болсын, әлеуметтік болсын, мәдени-философиялық болсын алғышарттар болған жоқ еді. Бірінші дүниежүзілік соғыс, Батыс империализмнің тым шарықтауы Мағжан заманына деп келіп, оған заман ахуалын айтқызып отыр. Тағы да бір маңызды, осы циклдің мазмұнын құрауға қозғаушы күш болған үлкен себеп – ХХ ғасыр басындағы қазақ қоғамы, әсіресе, қазақ зиялылары орыстың, сол арқылы батыстың мәдениетіне жақындай түсті. Осындай ауыспалы, мейлінше саясиланған жылдарда бұрынғыдай насихатшылдық, үгітшілдік сарыннан да әрекетшіл, күрескер поэзия белең алды. Дәуір сұранысына сай ақындық сөзді дәстүрлі әдебиет өкілдері, жананы сезіне білетін, дүниетанымы ұлттық тамырдан жаралған дарын айта алмақ. Міне, осындай тұлға – Мағжан Жұмабаев болды. Сөйтіп, оның жалпы шығармашылығы сияқты “от” цикілі де тың мазмұнға құрылды. Жаңа қоғамдық жағдайлар – жаңа мазмұнды тудырды.


    1. «От» бейнесінің варияциялары мен сарындары

Мағжан өлеңдерінде “от” бейнесі жиі қолданыс табады. Ақынның 1989 жылы жарық көрген шығармалар жинағындағы өлеңдерінде жүргізген біздің санауымыз бойынша, оттың және оның варияциялары мен сарындары (қасиеті мен қолданысы функцияларынан туындаған) 192 өлеңінің ішіндегі 88 өлеңінде кездеседі. Қайталану жүйесіне қарайтын болсақ, төмендегідей:

Р/с

От және вариа циялары

Саны

Сарындары

Саны

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

От

жалын

өрт

шоқ

күл

ұшқын

шырақ

шам

көмір

түтін

білте

жарық

күйік

күйініш

шылым

96

31

7

9

14

1

6

5

3

3

1

1

1

1

1

Жану

күю

балқу

қызу

өшу

шапшу

шарпу

тұтату

сөну

бықсу жалындау

аластау жылтырау

маздау

өртеу

31

35

3

1

5

1

1

1

14

1

3

2

1

1

6

Көрсетілген варияция мен сарындар “от” ұғымының негізін құрайтын компоненттері, олар Мағжан поэзиясында бір-бірімен тіркесу арқылы да, жеке тұрып та белгілі бір мағынада жұмсалады. От көбінесе ауыспалы, көбінесе символикалық әрі, метафоралық мәні терең қолданыста жолығады “Өзім - күн, көзім - от. Сөзім, қысық көзім де-от. Өзіме-өзім табынам”( “От”).

От – Мағжан дүниетанымының, көзқарасының, тағдырының айнасы әрі қанағат, тағат таппаған аласұрған, ең жоғарғы дәрежедегі тұлғаның символы. Ақынның қиын өмірі де, күш қайраты да, қараңғылық көзін ашар қуаты да – от. Осыған орай Мағжан өлеңдерінде оттың басты үш қызметін (функциясын) анықтап атауға болатын сияқты.

От - жоюшы. Оттың дүлейлігі, адамға бағынышты емес күші (яғни, жоюшылық функциясы) әрқашан үрей туғызады, сақтандырады. Мағжанның 63 өлеңі оттың осы қасиетіне негізделіп, бұл ұғымда бірде жағымды, бірде жағымсыз мағынада көрсетіледі.

Осы тұрғыдан алғанда, ақын шығармаларында қасіретке батқан адам келбетін сомдауда, ішкі жан күйзелісін танытуда, тағдыр қиыншылықтарын, өмір тозағын суреттеуде “от” бейнесі маңызды роль ойнайды деп түюге болады.

“Алданған сұлу” өлеңінде ақын өмір азабына түскен сұлудың келбетін, күнәдан арылмаған жай-күйін от арқылы суреттесе, өмір тәлкегі де – от.

Өкіндің, жастық шақтық ісің өтті,

“Аһ” ұрдың, сыртың – жалын, ішіңде – шоқ...

... Тап-таза ат, көрік – бәрі кетіп,

Өміріңше құтыла алмас отта қалдың.

Негізінде, “от – түрлі материялдардың жарық пен қызу шығарып жануы” , ал “шоқ – жанған отынның сөнбеген қып-қызыл ыстық қалдығы” . Көріп отырмыз, зарлы сұлу күнәға беріліп, маңайы от болса, сырты жалын (яғни, көрікті, әдемі, әсем) бола тұра, ішкі болмысы шоқ болады (бұл жерде аналогия ретінде “Сырты бүтін, іші түтін” атты халық мәтелін еске алуға болатын сияқты). Осы жолдарда басты бейне өзгерген, трансформацияға ұшыраған, яғни, оттан жалын, жалыннан шоқ туындап отыр. Ақын отты бейнелеу арқылы сұлудың тағдырын, жалын арқылы оның көркін, шоқты бейнелеп, өкінішін, қайғысын суреттейді. Демек тағдыр отының лапылы сұлудың сыртын күйдіріп, қайғыға батырып, өткен күннің қуанышын жоқ қылып, өкіндіріп, ішіне шоқ қалдырады.

Байқағанымыздай, Мағжан шығармаларында “от” бейнесінің қолданысы анағұрлым кең және күрделі, жан-жақты.

Өлеңдегі “от” бейнесі төмендегі схемадағыдай түрленіп, көрініс табады:

От жалын шоқ

Мағжан тағдыр қиыншылығын көп көрген адам. Осыған орай абақты, абақтыдағы өмір жайы ақынның өлеңдерінде көптеп жырланады. Сондай туындысының бірі “Тілегім” өлеңі.

Көрмейін рақат, жанайын

Жалын болсын маңайым

Күйейін, азап шегейін. (...)

... Абақтыда жұтып от,

Өтсін өмірім зарыменен. (...)

... Іште толған қалың дерт,

Жүректегі жалынды өрт

Зарлатар мені сол уақыт,

Бұл өлең қорлық сүйегінен өтіп кетсе де өмірден күдер үзбеген ақынның өмірге көзқарасын, өмірлік мән мақсатын айрықша айқындайтын шығарма. Өмірдің мәні Мағжан үшін маздай немесе бықсу, өшу емес, керісінше, азапқа түсіп, тозақта күйсе де лаулау, лапылдау. Мұнда абақтының азабы маңайын күйдіріп, от жұттырады, ал қаулап лапылдаған азаттық, асқақтау жалыны өрт жүректен шапшиды. Көріп отырғанымыздай, басты бейне жалғасын тауып, тарылып емес, ұлғая түседі. Ол енді бүткіл өмір мәнінің синониміне айналады: Ақын жанның негізгі мақсаты – от болып лаулап, жанып күю. Бұндағы бейне дамуы мен көрінісі төмендегідей:

От жалын от жалынды > жану, күю, өрт

Мағжанның өмір туралы ұғымы “Ж... ға” өлеңінде де айқын көрінген.

Өмір – көрік, от үстінде салынған,

Діңгектері зәндем отқа малынған.

Қоқу білме, аяқтарың талмасын,

Ойнап қана от, шарпу көрме жалыннан. (...)

... Төменде ылғи түтін, сасық тұман бар. (...)

... Сұм өмірдің күлін көрме, гүлін көр...

Өлеңдегі от, жалын, түтін, күл - өмірдің баламасы ретіндегі бейнелер. Нақтырақ айтқанда, от - өмір қиыншылығы, ащысы, түтін оның келеңсіз жақтары, шынайы өмір емес, алданыш, адасу, ал күл мәнсіздікті меңзейді. Жас сұлуға тілек айта, ақын өмір мағынасы жайлы өз түсінігін жеткізеді.

“Ж...ға” арнауындағы басты бейнелік ұғым ислам дінінің түсініктерінен де туындаған деуге болады. Әрбір адам Қиямет-Қайымда ас – Сират атты “қылдан жіңішке, қылыштан өткір” тағдыр көпірінен өтеді. Ол көпірдің ұзындығы мың жылдық, ал астында – тозақ оты. Фәни жалғанда күнәға батқандар сол отқа құлайды да, ал өмірін жақсылыққа сарп етіп, тазалыққа, зәулімдікке ұмтылғандар бұл көпірмен көзді ашып-жұмғанша өте шығады екен. Бұл мәлімет өлеңде иллюзия ретінде терең мағыналы ойлар мен параллелдерге жетелеп, меңзеп отырады.

Бұл өлеңдегі тағы да бір жәйт назар салып кетуге тұрарлықтай, ол – жалғыздық сарыны. Біздің ойымызша, бұл экзистенцалдық тақырыптың Мағжан поэзиясында үлесі ерекше. Адамның бұл дүниедегі тағдыры – жалғыздықта болу, жан-жақтан басқалар сені қаумалап жатса да, сен жалғызсың, жаныңның жалғыздығына серік болар, алас ұрған ішкі жан-дүниеңді сезінер ешкім де жоқ:

Жақын емес, ата-ана, туғандар,

Көз жасында олардың не ісі бар,

Соқыр олар, жанған жаның көре алмас,

Жыла мейлің, жан-күй отта шегіп, зар...

Ақын өлеңінде өмір от, жалын, түтін, күлден құралған болса, бұл бейнелер де бір-бірінен туындап отыр:

От жалын түтін күл

Осы құрылымға ақынның 27 жасқа толғанда жазылған “Жан сөзі” атты тағдыр жырын да жатқызуға болады:

От бол!” – дедің, от болып, жанбадым ба?

Күйдірмей, сірә, нәрсе талғадым ба?

Күлді де алдым, құшаққа, гүлді де алдым,

Мынау “күл”, мынау “гүл” деп, таңдадым ба?

Демек осындай бағыттарда қолданылған от жоқшылық функциясының негізінде төмендегі формулаға жауап береді:

Тағдыр = от = жоюшы

Қазақ поэзиясында махаббат дегеніміз – от, сүю дегеніміз – күю = (Махаббат = от, сүю = күю) екені белгілі. Мағжанның махаббатқа байланысты жазған өлеңдері осы формулаларға теңеледі. Бұны әсіресе, “Сүйгеніме” өлеңінде нақ басып, дәл көрсеткен.

Жанып-күйдім, сені ойлап, дамыл көрмей.

Қайғы жұттым, сені ойлап, дамыл көрмей,

Сыртым – сау, ішімде - өрт, жанған қалың,

Күйдірген қалың өрттің зардабынан,

Сүмірейіп, өлгелі тұр, сүмірейіп, сорлы жаным.

... “Отқа түскен сорлыңды сүйші”, - дедім.

... Шырылдап көз алдыңда оттай жандым.

... Қош енді, жанып-күйіп сүйген сәулем...

Ғашығына қолы жетпеген ақынның махаббат отына күйген жаны шынайы бейнеленіп, муреттеліп тұр. Отқа түскен Мағжанның іші өрт болып, “аһ” десе, аузынан жалыны шығып, күйіп-жанып, сүйгенін аңсайды.

От өрт жалын күйіп-жану

Басты бейненің жалғасу, туындауы ығысуға негізделмеген, керісінше, ұлғая түсетіндей.

Сопылар поэзиясында жиі кездесетін балауыз шам мен көбелек бейнесі Мағжан өлеңдерінен де көрініс тауып, ақынның өзіне тән мінез-құлқын аңғартады.

Мен көбелек, сен бір шам,

Өзі келген мен құрбан,

Жалынға одан незиян,

Күйейін де сүйейін, - деп “хор сипатты қарындасқа” күйерін біле тұра, сүюге ұмытылады.

Әдетте сопылар поэзиясында жиі орын алатын бұл бейненің символикасын екі түрлі түсіндіруге болады. Бір жағынан шамды махаббат, ал көбелекті ғашық деп ұғынуға болса, астыртын мағынасы одан да терең жатыр: шам, сәуле – Жаратушы, ал көбелек – сопы. Міне, сондықтан сопалар өзін мәңгі ғашықпыз деп атаған. Мәселен, Қожа Ахмет Иассауида:

Мұңлы қылған, жынды қылған, құмар қылған,

Мәжнүн қылған, Расуам да шығар қылған,

Көбелектей өзін отқа ұрар қылған.

Не қылсаң да өз еркіңде, Пәруәрдігәр!, - делінсе,

Мағжанда:

Сен: “Сүй” – дедің, талайды, сүйдім бе?

Көбелек боп, көп отқа күймедім бе?

Тірілгенім болмаса, білгеннен соң,

Мен талай күлден кебін кимедім бе?!

Ақынның кез-келген махаббат тақырыбына жазылған өлеңіне алсақ та оны төмендегі формулаға негізделуге болады:

Махаббат = от = жоюшы.

Тұранның билері бар Торғайдай,

Сол биден Темір туған от боп ойнай,

От шашып, жер жүзіне Ақсақ темір

Тарқ етіп, өте шыққан мына жағдайдай, - деп, ақын жер жүзін жаулап алмақшы болған қаһарлы Ақсақ Темірдің бейнесін оттың жоюшылық функциясы негізінде суреттейді. Демек, Мағжан “оты” төмендегі формулаға да сүйенеді:

Күш-қуат = от = жоюшы

“Ескендірдің екі мүйізінде” патшаның шашын алуға келген шаштараз оның мүйізін көріп қалады. Бірақ Ескендір шаштараздың өз өмірін тек ауызға беріктігімен ғана сақтап қалатындығын айтып, жөніне жібереді.

Шаштараздың жүрегін,

Мынау сыр бірақ өртеді.

... Енді сорлы не қылмақ,

Барады жанып, іш күйіп.

Шаштараз от секілді сырды ішінде сақтай алмайды, ол оған таным бермей, жай таптырмай, жүрегін, ішін өртеп, ақыры мерт қылдырады.

“Достық һәм көз жасы” өлеңінде:

Жүректі мастық өртейді,

Төккізіп көзден ыстық жас, - деп шын достар адалдығын жырлай, достыққа баға бере алмас адам көзден ыстық жас төге алмайды, өртендейді деген ой тасталады. Онда достыққа деген жағымды мінез – адалдық – от секілді.

Мінез = от = жоюшы

Ақын өлеңдерінде адамның әр алуан мінез-құлқы отқа теңеліп, от болса функциясынан қарай жұмсалуы мүмкін.

От - жаңғыртушы. Оттың жаңғыртушылық функциясы өмір береді, жоқтан бар жасап, түлетеді. Ақынның жиырма өлеңі оттың осы функциясына негізделген.

Адам тұрмысында от – тіршіліктің жаңғыртушысы. Сондықтан да Мағжан лирикасында оттың осы ерекшелігі қандай орын алатындығы хақында сөз қозғау орынды болар. Ақынның біраз өлеңдеріне келесі теңеу де жиі кездеседі:

Тіршілік = от = жаңғыртушы

От сөніп, жүректен, құрыды ма?

(“Алыстағы бауырыма”)

Көздерінде от ойнар,

Сөздерінде жалын бар.

(“Мен жастарға сенемін”)

Өрнек бұлар мұндай іс,

Кейінгі жанға жастарға.

(Жауға түскен жанға)

Бұнда ерікке ұмытылған кешегі күннің қуатын, ертеңгі күннің үміті болатын жігерлі жастарды суреттеуі оттың жаңғыртушылық функциясына негізделеді.

Мұндай-күш қуат өмір береді, жаңғыртып, түлетеді. Сондықтан Мағжан өлеңдеріндегі қайрат отын төмендегі формулаға да жатқызуға болады.

Күш-қуат = от = жаңғыртушы

Баладан тәтті өмрдің өтім, қорқынышты өлімнің жетуі, жастықтың оты сөніп, кәрліктің келуі өмірді сүйген, өмірде биік белсендерге талпынған ақынды қатты толғандырады.

Есіл жастық ескен желдей гүлдеп,

Әлі-ақ кетер жүректен – от, күш бойдан.

(“Бүгінгі күн өмір, өлім менікі”)

Жалынды жүйрік жас жүрек,

Неге ақырын сөнеді?

Демек, Мағжан үшін жастықтың зулап өтуі жүректегі оттың сөніуімен байланысты.

Осы тектес “Қараңғылық қоюланып келеді” деген символикалық өлеңінде ақын пен ішіндегі сөнген шоқты суреттейді:

Шоқ үстінен кішкене ұшқын ұшты да,

Біразырақ шоқ қызара түсті де,

Дереу сөніп, тезірек күлге айналады,

Астындағы ыстық күлде құшты да.

Сонда Мағжан үшін өмір келесі сатымен ұштасатын секілді:

Жалын шоқ күл

Ғұмырдың әр кезеңі оттың жану деңгейіне баланады: жалын – жастық, шоқ – егде кез, күл – қартаю.

Өмір, шіркін, көз алдымда сөнеді,

Қиял-алыс, келемеж ғып күледі.

Өмір сөнсе, үміт сөнсе не қылды?

Мөлт-мөлт етіп көзіме жас келеді, - деген “Алдамшы өмір” өлеңі жоғарыда көрсетілген жырлармен негізгң мәні жағынан ұқсас.

Сөну - “оттың, шамның жанып бітуі, өшуі” /7, VІІІ, 366/. Өмірдің сөнуі ең алдымен жастық отының өшуіне байланысты, ары қарай да өмірдің өтуіне оттың басқа да вариациялары бейнелейді. Ол сөне бастап, шоққа, күлге айналар бастаса, өмір де өтеді.

Демек, өмір оттың жаңғартушылық функциясына байланысты:

Өмір кезеңдері = от = жаңғыртушы

Ал келесі үзінділерде оттың тағы да бір ерекшелігі жырланып өтеді:

Адал ниет, ақ көңілді жан көрсем,

Жалындаймын, жадыраймын, жайнаймын.

(“... альбомына”)

Жетесің туған жеріңе,

Еркелеткен еліңе,

Жүрегім, неге жанбайсың?

(“Айда атыңды, Сәрсенбай”)

Бұл жерде қуану, бал-бұл жайнау, жадырау от сарындарымен белгіленген, яғни:

Қуану = от = жаңғыртушы

От – тазалаушы. Шоқан Уәлиханов кезінде халқымыздың әдет-ғұрпының кейбір ерекшеліктерін сөз еткенде, оттың қасиетін қалайша түсінетіндігі туралы айтқан едік: “Оттан тазалаушы қасиет бар деп түсінеді, екі оттың арасынан өткізіп, тазартады, осы тазартуды қазақтар аластау дейді”

Батыс символистерінің үлгісінде жазған Мағжанның от циклындағы өлеңдері қазақ поэзиясына жаңалық алып келген туындылардың қатарына жатады. Олардың жазылуының ең басты мақсаты – Күнбатыс өркениетінен қаптап келе жатқан қараңғылықтың көзін жою.

Мұнда “тұқымы-түрік, заты от” жер тәңірісі жарық таңға ұмытылып, әдетікке қолын созды. Оттың символикалық бейнесі ақын болмысына біткен ерекше күш-қуатын танытады:

Жалынмен жұмсақ сүйеді,

Сүйген нәнсе күйеді.

Жымиып өзі жорғалар,

Ұшарғанды шоқ қылар,

Мұның аты от болар,

Мен де отпен – мен жанам.

От – сен, тәңірім, табынам.

Ал Мағжанның “Жүрегім де, Жаным да, Иманым да, арым да – от деуі, оның өмірде лапылдап, өртенуімен қатар ішкі жан дүниесінің тазалығын, кіршіксіздігін көрсетеді.

“От” және “Пайғамбар” өлеңдеріндегі ақын бейнесінің сомалдауы келесі сатыда дамиды:

Күн от жалынды, отты жан

Мағжан құтқарушыны күннен жаратуының себебі, пайғамбарды не тәңірді күншығыстан күткендіктен болуынан. Астан-кестен аласапыран заманның түтін жою тек қуаты мен екпіні сол жазудан асып түсер дүлей әрі қасиетті тылсым күштің, яғни оттың, ғана болмысына сай. Сондықтан отты тәңірім, әулием деп, діни-наным негізінде, күнбатысты құтқарар пайғамбар бейнесін сомдайды.






ҚОРЫТЫНДЫ


Кешегі әлемде дүр сілкіндірген құдіретінен бүгінде адам болған ер түркі ұрпағына ақын “байрағы жалын қалпыңа орал, қайта тү” дегендей. От бап лаулау үшін, яғни өмірді тайсалмай қабылдап, оны өз ырқыңа көндіру, алғы шепте тұрған өжет халықтар қатарына қосылу үшін, алаш баласына отпен аласталып, бүгінгі ынжықтық пен жасықтықтан арылу қажет.

Мағжанның ақындық әлемінде жиі кездесетін тірек-берненің бірі – от образы концепт-бернеге айналған. От концепциясының бернелік астары сан алуан, тура мағынасында да, ауысаплы мағынасында да түрлі символдық реңктерге ие болады. От, ең алымен, жылу көзі, әрі жарық нұры, кейде жүрек халі, тазарту жолы ретінде от пен аластау мағынасында өмір көзі, тағдырдың да бернесі болады. Әлі күнге дейін мазасызданған баланы отпен аластау амалы қалмағаны белгілі. Мағжан от тарихының философиясын емін-еркін пайдаланған, әсіресе оттың тазартушылық, құтқарушылық ролін өз өлеңінде күшейтеді. Мына бір өлеңінде отқа тарихи сипат береді.

Тұранда түрік туған ұсап отқа,

Түріктен басқа от боп жан туып па.

Көп түрік енші алып бөліскенде,

Қазақта қара шаңырақ қалған жоқ па

Өнер түрлерінің ішінде көркем сөз өнерінің қызметі мен маңызы қаншалықты зор болса, поэтикалық амал-тәсілдің арасында бернелеу-символдың да көркемдік қызметі орасан зор деп бағалауға толық негіз бар. Көркем әдебиеттің оның бейнелеу құралы сөздің синкретті табиғатына орай, сөз символдар белгілі дәрежеде синкретті түйінді бернелер болып табылады.

Сұлулықты, әдемілікті жан жүрегімен сезіне біледі. Сезіне білу бар да, оны халыққа жеткізе білу бар. Өзі ғана сезініп қоймай, оны сол әдемі, сұлу күйінде халыққа жеткізе білсе, бұл үлкен олжа, биік тұғыр. Біз Мағжанды осы тұғырдан көреміз. Сезім мен сөзді астарластырып, көз алдыңа әсем сурет әкеледі.

Мағжан шығармаларына үңілетін болсақ, оның өлеңдері сомдалған, салмақтанған, қырланған, артық-ауысы жоқ туындылар. Мағжан шеберлігінің сырын, ақындық дарын көзін ашатын ең негізгі мәселе - оның өз ана тілінің байлығын соншалықты мол білетіндігінде және оны ұршықтай үйіріп, құйындай ойнатып, қынаптан суырған қылыштай жарқылдатып, оқтай өткір етіп, дегеніне көндіріп, қалауынша пайдалана білетіндігінде.












ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


1.Әуезов М. Әр жылдар ойлары. – Алматы: Мектеп, 1959ж.432 б.

2.М.Жұмабаев Шығармалары: - Өлеңдер, поэмалар, қара сөздер. Алматы: Жазушы, 1989 – 448 бет.

3.Аймауытов Ж. Шығармалары.-Алматы: Жазушы, 1989 ж, 560 б.

4.Байтұрсынов А. Шығармалары. – Алматы: Жазушы, 1989. 320

5.Кенжебаев Б.ХХ ғасыр басындағы әдебиет –А: 1976 ж 266 б.

6.Қабдолов З. Сөз өнері – Алматы: Мектеп, 1982 ж. 365 б.

7.Жетпісбаева Б. “Символ в движении литературы”. А., 1999.

8.Қаракөзова Ж. “Казахская культура и символ” (А; 19997)

9. Шәріп А. “Қазақ позиясы және ұлттық идея” (А; 1999)

10.Қаратаев М.Әдебиет және эстетика – Алматы: 1970 ж.350б.

11.Ахметов З. Өлең сөздің теориясы. – Алматы: Мектеп, 1973-212 б.

12. Ш.Уәлиханов Таңдамалы. – Алматы: Жазушы, 1985 – 560 бет.

13. Елеукенов Ш. Мағжан Жұмабаев. – Алматы: “Білім” қоғамы, 1990.

14. Базарбаев М. Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы. Алматы: 1973 254 16.

15. Гинзбург Л.О.Лирике М.-Л,Советский писатель, 1964 ж. 382б.

16. Құнанбаев А. Шығармалары. – Алматы. Жазушы, 1987 ж. 238 б.











"№2 Қабанбай орта мектебі мектеп жасына

дейінгі шағын орталығы бар" коммуналдық

мемлекеттік мекемесінің қазақ тілі мен әдебиеті

пәнінің мұғалімі Қыяхметова Ляззат Аукеновна











Алакөл ауданы «№2 Қабанбай орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар » коммуналдық мемлекеттік мекемесінің

10 - сынып оқушысы

Кабдылова Әсемнің «Абай шығармаларындағы жүрек «культі» және оның поэтикалық қолданысы» тақырыбына жазған ғылыми жұмысына

СЫН-ПІКІР

Ізденіс-зерттеу жұмысы Абай лирикаларының тақырыптық – танымдық арналарын талдауға арналған. Оқушы жыл басынан бері осы тақырып төңірегіндегі мақалалар мен ғылыми еңбектерге шолу жасап, ақын өлеңдерінде кездесетін «жүрек» сөзін теріп, талдаулар жасады. Ақын шығармаларының зерттелу деңгейін анықтарлық барша мәліметтерді жинақтау, саралау, ғылыми негіздеу барысында І .Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің ғалымдарына жолығып, ақыл-кеңес алып, жұмысын ғылыми негізде толықтыра түсті. Оқушының тақырыпты таңдаудағы мақсаты Абай шығармаларындағы «жүрек» культі және оның көркемдік қызметін таныту, зерттеу болғандықтан осы мәселеге баса назар аударылған.

Абай Құнанбаев шығармаларының көркемдік ерекшеліктерін сөз еткенде әдебиет теориясының қағидаларына сүйеніп ғылыми-теориялық талдау жасап, ақынның көркемдегіш құралдарды қолданудағы ақындық шеберлігіне ой жібердік. Қазақ поэзиясының дамуы басында тұрған Абайдың алар орны ерекше.

Зерттеу жұмысында «Абай танымындағы жүрек ұғымының пәлсфалық

негізі», «Абайдың толық адам тұжырымдамасы», «Адамгершілік арналары», «Абай поэзиясындағы жүрек культі», «Жүрек - Абай дүниетанымының алтын арқауы» мәселелеріне талдау жасау, қаламгердің өзіне тән суреткерлік қолтаңбасын айқындау, ақынның шығармашылық шеберханасына зер салу – оның замана шындығын қандай деңгейде көрсете алғандығы, сол жолдағы шеберлігін сараптауға жетелейді.

Зерттеу еңбекке біраз тер төгілгендігі білініп тұр. Жазу мәнері, ой түю ұмтылысы болашақта ғылымның құлағын ұстайтындығын сездіргендей.

Демек, зерттеу жұмысты оқушылар арасында өтетін ғылыми байқауға ұсынуға болады.


І.Жансүгіров атындағы

Жетісу мемлекеттік университеті

Қазақ тілі мен әдебиеті

кафедрасының аға оқытушысы,

филология ғылымдарының кандидаты Джакыпбекова М.Т.


Алакөл ауданы «№ 2 орта Қабанбай атындағы шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 10 - сынып оқушысы

Кабдылова Әсемнің «Абай шығармаларындағы жүрек «культі» және оның поэтикалық қолданысы» тақырыбына жазған ғылыми жұмысына


П І К І Р

Өлең сөздегі сурет пен суреткерлік, бедерлі бейнелік – ақынның ой айтудағы негізгі құралы. Ақын шығармаларының тақырыбы әр алуан, бірақ оның ерекшеліктері өзгеге ұқсамас көркемдік құралдарды қолданудағы сыры мен қырында жатыр. Дүниедегі бар құбылысты, адамзат санасындағы сан қырлы сезімді сөз арқылы жеткізуге болады. Осы сөздердің реңін кіргізіп, ажарлап, көркемдеп үйлесімге келтірудің бірнеше түрлері мен тәсілдері бар. Әдебиеттің ұлттық ерекшелігі оның сыртқы формасында, көркемдегіш құралдарында ғана емес, ең басты белгісі сол бейнелеуіш сөздер арқылы танытатын идеясында, беретін ұғымында екені даусыз. Бұл лириканы зерттеудегі өзекті тақырыптың бірі болмақ.

Жас зерттеуші Кабдылова Әсемнің Абай қолданысындағы «жүрек» культін, оның көркемдік қызметін талдап таразылауы осындай өзектіліктен шығып отыр.

Зерттеу жұмысын «Абай танымындағы жүрек ұғымының пәлсфалық

негізі», «Абайдың толық адам тұжырымдамасы», «Адамгершілік арналары», «Абай поэзиясындағы жүрек культі», «Жүрек - Абай дүниетанымының алтын арқауы» деп төрт бөлімге бөліп қарастырады.

«Абай танымындағы жүрек ұғымының пәлсфалық негізі» атты бірінші тарауда Абай карасөздеріндегі Адам, Жан құмары, Жан азығы, Жан қуаты, Сана мәселелеріне тоқталады. Абай қара сөздеріндегі моральдық философияға сай келетін танымның бірінші категориясы жүрек деп қарастырады.

«Абайдың толық адам тұжырымдамасындағы жүрек культі» атты екінші тарауда толық адамды былайша жүйелейді: а) толық адам: ақыл, қайрат, жүрек; ә) ақыл, жүрек; б) жәуанмәртілік: ақыл, рақым, әділет; в) жүрек: әділет, рақым, т.б. г) әділет; д) сүю; е) ізгілік.

Тақырыпты ашу бағытында салыстырмалы-салғастырмалы әдісті пайдалана отырып, өзіндік ой түйіп, пікірлер ұсынады, жаңа тұжырымдар жасайды.Зерттеу жұмысы ұтымды дәрежеде жазылған, жаңалығы мол, тілі шұрайлы, сауаттылығы жағы да көңіл қуантарлықтай. Сондықтан бұл еңбекті ғылыми жұмыстар байқауына ұсынып отырмыз.


Ғылыми жетекшісі: Кыяхметова Л.А.





Тақырыбы: АБАЙ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ЖҮРЕК «КУЛЬТІ» ПОЭТИКАЛЫҚ ҚОЛДАНЫСЫ





МАЗМҰНЫ



КІРІСПЕ .....................................................................................................

АБАЙ–ТАНЫМЫНДАҒЫ ЖҮРЕК ҰҒЫМЫНЫҢ ПӘЛСАФАЛЫҚ

НЕГІЗІ............................................................................................................

1.1 Абайдың толық адам тұжырымдамасы...............................................

І.2 Адамгершілік арналары.........................................................................



АБАЙ ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ ЖҮРЕК КУЛЬТІ .....................................

2.1. ЖҮРЕК - Абай дүниетанымының алтын арқауы ...........................

ҚОРЫТЫНДЫ............................................................................................



ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР..........................................................

















КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Абай танымындағы жүрек ұғымының пәлсапалық негізі-жүрек түкпірінен бастау алар сезім, сүйіспеншілік, мейірімге толы адамгершілік арналары әрі ақынның жүрек ұғымын поэтикалық тұрғыдан әр қырынан суреттеуі терең әрі талдай зерттеуді қажет ететін мәселе. Абай этикалық мәселені, мораль философиясын тереңдеп сөз еткен ойшыл ақын. М.Әуезовтың: «Ол адамгершілікті, моральдік философияны барлық жайдан жоғары қойды» (1) деген ойы ақын танымын терең танудан туған. Абай ақындық мұрат емес, оның ақындығы – адамгершілік танымының құралы ғана. Ол белгілі адамгершілік қасиеттерді іш тартып қана қоймай, сонымен бірге адамгершіліктің, адам болу мен кісіліктің өзі тапқан қалыбын, жүйесі мен жолын жасайды. Адам тану мен адамгершіліктің мәніне, сырына үңіле түседі. Қайтсем адам атын асқақ, асыл етем деп шарқ ұрады. Әдебиетші ғалым Мекемтас Мырзахметов «Мұхтар Әуезов және абайтану проблемалары» атты монографиясында Абай шығармаларындағы таным жайын хауас арқылы, ізгілік сырын жүрек, жәуанмәртілік, үш сүю арқылы жан – жақты таратып айтқан. Абайдағы толық адам – тәнімен де, жанымен де жетілудің шыңына жетіп, кемеліне келген адам. Ақынның өмір бойғы ізденісінен туған адамгершілік таным, кісілік қалып осы.

Ақын адамгершілікті көркемдік тұрғыда суреттеумен шектелмей, оны ілім, таным, ойшылдық деңгейіне көтере жүрекпен байланыстыра жырлайды. Жүрек – алла-жар әмірін ет пен сүйектен жаралған адамзат кеудесіне ұялатушы. Жүрек әміріне құлақ аспау, ынсап пен қанағатты жоғалту, «бес дұшпанға» ырық беру, нәпсінің құлына айналу– адамдық қасиеттен азу. Ақынның: «Жүрегіңнің түбіне терең бойла», «Жүрегіңе сүңгі де түбін көзде». «Ынталы жүрек сезген сөз». «Ынталы жүрек, шын көңіл, Өзгесі хаққа қол емес», «Жүректің көзі ашылса, Хақтықтың түсер сәулесі» – деген ойлары - ақиқатты тану жолын нұсқағаны. Адам жаны мен тәнінің сан алуан жан қуаттарының сыр-сипатын саралап, ақыл, сезім, қайратты біртұтас құбылыс деп түсіндіреді.















АБАЙ–ТАНЫМЫНДАҒЫ ЖҮРЕК ҰҒЫМЫНЫҢ ПӘЛСФАЛЫҚ

НЕГІЗІ.

Абайдың мәдени – философиялық таным теориясы танытуда ақынның жүрек ұғымына айрықша маңыз беруінің себебін ғылыми тұрғыда дәлелдеу үшін ақын өзі өлеңдерінде ауызға алған шығыс, батыс ғұламаларының еңбектерін білуіміз қажет. Абай Дауанидің мораль философиясын оқи отырып, оның философиясындағы адам жаны, жанның табиғатын ғылыми тұрғыдан білуге тырысады. Сөйтіп одан моральдік философияға сай өзінің 7, 38, 43 қара сөздерінде таным категорияларын жасайды:

Адам





Жан құмары Жан азығы Жан қуаты





Сана





Ғылым жолы

Біз Абай қара сөздеріндегі моральдық философияға сай келетін танымның бірінші категориясы жүрек деп қарастырамыз. Енді осы категорияға анықтама беріп кетелік. Кез – келген оқыған адамның бойында жаны бар. Ол жан – тәнімен бір нәрсені құмартады. Оның бойында жан құмары (білуге құштарлық), жан азығы (оқу, білім, іздену арқылы ғылымға ұмтылу), жан қуаты: (бойында шабыт, қайрат, ояну арқылы білімге тоймау). Міне осы қасиет адамды саналыққа, білімге, білім – ғылымға жетелейді.

Бұл Абай қара сөздеріндегі 1 – ші таным категориясы. Енді бұдан да ғажабы Абай көп ретте шығыс ойшылдарының әсіресе мораль философиясы саласында айтылған ой – пікірлерінде жиі ұшырасатын араб, парсы тіліндегі философиялық, психологиялық қалыптасқан термин сөздер қазақы қалыпқа түсіріп, исі қазаққа түсінікті табиғи баламасын тауып, қолданған. Мысалы:

Ақыл мен жан – мен өзім, тән – менікі

«Мені» мен менікінің мағынасы – екі

«Мен» өлмекке тағдыр жоқ әуел бастан,

Менікі өлсе өлсін, оған бекі. Енді осы жерде Абай адам жанын «мен» деп алған. «Ақыл мен жанды» қосарлап, жаңа таным жасамақ болады. Абай айтып тұрған «мен» мен «менікі» де «жан» мен «тән». Құранда, шығыстық исламдық философиясында «жан», рух өлмейді. Ал тәндегі тіршіліктегі жан ол «менікі» деп алып отыр. Үшінші шумақта «мен» өлмекке тағдыр жоқ әуел бастан, «менікі» өлсе өлсін оған бекі» дегені. Тән өледі. Сен оған сен, өзіңді өлемін деп тағдырыңды сендір деп тұр.

Абайдың ғылымды шын махаббатпен көксеп, оны меңгертуге ұмтылған саналы адам ғана адам атына лайықты деп білуінде үлкен мағына бар. Осы ойдың орайында Абай жас талапкерлердің теологиялық ғылымды, қоғамдық ғылымды, табиғи ғылымды меңгеруі қажеттілігіне 38 – қара сөзіне тоқталып өтеді. 19 – қара сөзінде «... Естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы мен жаманды таниды дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады» деп Шығыс ғұламасы мен қазақтың данышпан ақынының арасында бұл мәселелер төңірегінде айқын пікірлестік, ой сабақтастығы болғандығына олардың көзқарас, танымдары мен тұжырымдарын салыстыра отырып көз жеткіздік.



Абайдың толық адам тұжырымдамасындағы

жүрек культі

Абайда толық адамның мәні мен негізіне үңілген белгілі бір жүйе бар. Сол жүйені мынадай күйде көруге болады:

а) толық адам: ақыл, қайрат, жүрек;

ә) ақыл, жүрек;

б) жәуанмәртілік: ақыл, рақым, әділет;

в) жүрек: әділет, рақым, т.б.

г) әділет;

д) сүю;

е) ізгілік.

«Ғылым таппай мақтанба» өлеңінде ақынның бұған дейін айтылып келген адам болу жайындағы ойлары әжептәуір жүйеленіп, тиянақтала түседі. Ақын шығармашылығындағы осы өлеңнің ерекше орны туралы кезінде М.Әуезов өте жақсы айтқан. Әдебиетші ғалым М.Мырзахметов те бұл өлеңнің туу тарихы мен мән – мағынасын өзі де жете танып, жұртқа да нанымды насихаттап келеді. Ақынның кейінгі өлеңдерінде ерекше бөліп айтатын үш қасиеті осы өлеңінде – ақ елес беріп өтеді. Абай атаған бес асыл іс негізінен толықтықты танытатын үш қасиетті құрайды: талап пен еңбек қайратты танытса, терең ойыңыз – ақыл, ал қанағат пен рақым жүректен туатын қасиеттер. Сонда «Малға достың мұңы жоқ малдан басқа» өлеңіндегі:

Үш – ақ нәрсе – адамның қасиеті:

Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек - деген ақындағы өзіне қатысты түйінді, қорытынды ойдың алғашқы нышаны ертеректе – ақ көріне бастаған екен. Адам бойындағы осы үш қасиеттің ерекше танып білуге тұратын таным екенін «Әуелде бір суық мұз – ақыл зерек» өлеңінде өзгеше бөліп айтады. Ақынның «Ғылым сол үшеуінің жөнін білмек» деуі осыдан. «Жастықтың оты, қайдасың?» өлеңіндегі мына шумақ осы ойды дамыта, бекіте түседі:

Адамның тауып айласын,

Кісілікті ойламай.

Қаруын көңіл сайласын,

Қолға от түспес бойламай.

Абай өзінің бар саналы өмірін адамдық пен кісілік қасиеттің кемеліне келіп, көркеюіне жұмсайды. Оны өз танымын жүйелі жырлауымен байқатады. «Жастықтың оты жалындап» өлеңіндегі мына шумақтан да жаңағы үш қасиеттің бірлігі көрінеді:

Қайратпен кіріп жалынбай,

Ақылмен тауып айласын.

«Мен қалайға» салынбай,

Жылы жүзбен жайнасын.

«Жылы жүз» ішкі рақым, мейірім секілді қасиеттерден туады. Ал олардың ақын танымындағы шығар көзін еске алсақ, соңғы жолдан жүректің әрекетін көреміз. Ақын осы үш қасиеттің үнемі бірліктегі тірлігін тілейді. Осы орайда әсіресе, «Әсемпаз болма әрнеге» өлеңін ерекше атаған жөн. Әбдірахман өліміне байланысты өлеңдердегі асыл қасиеттердің негізінен жүректен туғаны көбірек болса да, ақыл, қайрат, жүрек үшеуінің бірлігі оларда да бұзылмайды. Жүрегі жылы, бойы құрыш,

Туысы жаннан бөлек – ті.

Өнері оның жұрт асқан,

Ғылымға көңілі зерек – ті.

...Басыңа құдай беріпті,

Өлшеусіз қылып ақылын.

Сабыр пен талап беріпті,

Ақылың, рақымың қиын – ды.

Әдебиетші ғалым М.Мырзахметов айтқандай, Әбдірахман – ақын армандаған толық адамның өмірдегі көрінісі. Сондықтан да толықты танытар үш қасиеттің Әбдірахман туралы өлеңдерде молынан ұшырасуы әбден заңды. Ақын толық адам туралы танымын өмірінің соңына дейін алып барады. 1902 жылы жазылған «Тоты құс түсті көбелек» атты мәні терең өлеңінде тағы да осы үш қасиеттің тұтастығын танығандай боламыз:

Адамзатқа не керек:

Сүймек, сезбек, кейімек.

Харекет қылмақ, жүгірмек,

Ақылмен ойлап сөйлемек.

Ақын шығармаларымен біршама таныс оқырман екінші жолдан жүректі, үшінші жолдан қайратты, соңғы жолдан, өзі де айтып тұрғандай, ақылды оп – оңай аңғара алады. Адамзат үшін қажет үш қасиеттің осы шумақтағы бөлінбес бірлігін кездейсоқ құбылыс дей аламыз. Абай адам бойындағы барлық асыл қасиеттер мен қабілеттерді бір орталыққа біріктіріп, оларды өзі таныған үш қасиет арқылы толық адам бойына жинақтайды. Ақыл, қайрат, жүрек үшеуінің бір кеудеден табылып, одан толық адам туатын танымы – ұлы ақынның зор табысы.

Абай осылайша толық адам туралы танымын қалыптастырумен қатар, өз танымының мәні мен негізін жәуанмәртілік пен жүрек аялдамалары арқылы сүю мен ізгілікке алып барады. Ол шын пейіл мен сүйген жүректі бүкіл шығармаларының негізгі арнасы етіп алады. Бұл – Абайдағы әбден тұрақталған, табанды да төркіні терең дәстүрлі таным. Абайдың Орта ғасырдағы Шығыс мәдениетімен байланысты айтылып жүр. Шағатай, араб – парсы тіліндегі көркем туындылар ақын сусындаған рухани көздің бірі екендігі мәлім. Ал Орта ғасырда туған әрбір әдеби шығарма өзін сопылық танымнан толықтай бөліп ала алмайды. Сопылық танымның бастау алар көзі де, өзіндік қыр – сыры да аса күрделі. Біздегі сопылық таным туралы көзқарасты соншалық оңды деп айту қиын. Қалай болғанда да, сопылық танымның адамгершілік қағидалары – біз үшін аса құнды мұра. Сол сопылық танымның негізгі мәселесі – сүю. Әрине, мұнда сүю құдаймен қосылуды көздеген діни ұғымда танылады. Ал құдай әл – Фарабиде Бірінші тұлға деп аталатын кемелділік күйінде келеді. Сопылық таным философия тарихындағы Платон идеяларымен тығыз байланысты. Оның ойынша, таным ақыл – оймен ғана емес, сүюмен қосылғанда ғана жемісті, табысты болмақ. Платонның сүю танымы туралы зерттеуші А.Ф.Лосев былай деп жазады: «Познает не тот, кто мыслит, но тот, кто любит. И познает не тот, кто видит, слышит и осязает, но тот, кто любит». Ал Платонның жолын қуушы Плотин танымының ең жоғарғы сатысын керемет сүюден туған «мастықпен» салыстырады. Оның ойынша, әрбір жаны таза, пәк адам сүю керек. Сүю – дақ түспеген таза жанның табиғи қажетті қасиеті.

Сүю туралы ой – толғамдар Орта ғасырлық Шығыста да өз жалғасын табады. Ұлы ойшыл әл – Фараби адам өміріндегі жүректің қыр – сыры мен әсіресе, сүюдің тірліктегі бірегей орнын соншалық тиянақтылықпен түсіндіреді. Адам пайда болысымен оның бойына ең алдымен бітетін нәрсе – күш (яғни қабілет), ол осы күш арқылы қоректенеді. Абайда бұл күш қайрат күйінде келеді. Қайраттың қадір – қасиеті ақыл, жүрекпен бірге болған тұтастығымен танылса да, ол екеуінсіз жасалатын қайраттың жалаң тірлігін Абай қолданбайды. Әл – Фараби да ең алдымен бітетін күшті адамның таным мен ізгілік жолындағы игілікті ісіне көмекші деп біледі. Ол адамдағы қиялдау күші мен ойлау күшінің екеуі де ынтыққан талапты демеуші болатынын айтады. Сонда түйсіну мен қиялдау, ойлау мен тану – бәрі де ынта, ықылас, сүюсіз болмайды екен. Әл – Фараби сүюді үстем күш деп атайды да, оны жүрекке орналастырады. Абай да сүюдің мекенін, шығар көзін – жүрек етеді. Әл – Фараби жүректің гуманистік қадір – қасиетін оның табиғи мүше ретіндегі кәдімгі тіршілік қызметінен таратып – таратып, дәлелді де нанымды сөз етеді. Жүректің табиғи мүше ретіндегі басты орнын тілге тиек ету нышаны Абайда да бар: «... Мен адам денесінің патшасымын, қан менен тарайды, жан менде мекен қылады, менсіз тіршілік жоқ». Сөйтсе де Абайдың негізгі мұраты – «...асықтық та – жүрек ісі» дегендей, жүректің ізгілікті қасиетін тану. Әл – Фараби адам бойындағы күштерді өздерінің қадір – қасиетін танытар деңгей – дәрежесімен орналастырады да, олардың бәрін билеп – төстейтін қасиет – сүю екенін айтады. Осы танымын талпынғыш күш туралы ойымен де бекіте түседі: «Талпынғыш күш дегеніміз – затты ұнататын немесе ұнатпай тастайтын күш. Ол – үстем күш, ал басқа (күштер) оған қызмет етеді». Таным процесінің өсуін танытатын әл – Фарабидегі сезімдік, қиялдау, ойлау, парасатты күштерінің бәріне де жүректегі талпынғыш күштің басшылық етуі Абайдағы танымның сүюден басталатынын еске түсіреді: «Талап, ұғым махаббатттан шығады». Абайдың көпшілікке жеңілдетіп жеткізуге тырысатын ойлары әл – Фарабиде аздаған күрделі құрылым, арнаулы термин сөздерімен айтылады: «Не бүкіл тәніңмен, не мүшелеріңнің бірімен әлденендей бір затты білсең деген тілегің, сонымен қатар, әлденендей бір затты жасасам деген тілегің болуы керек. Бірақ бұл тілекті (қайткен күнде де) талпынғыш үстем күш туғызады». Абайдағы жүректің ізгілікті қызметінде ғана қасиетті, қадірлі көрінетін ақыл әл – Фарабиде де бар: «...жүректің ізгі қасиеттерін жүзеге асыру ісіне қызмет ету тек қана миға тән қабілет».

Әл – Фарабидің ең түпкі мақсаты – бақыт пен кемелділік. Ол «асқан игілік пен ең биік кемелділік дәрежесіне ең алдымен қала жетпек» деп біледі. Ал қайырымды қаланы кемелденген, сырқатсыз денеге ұқсатады. Денедегі бірден – бір бас мүше – жүрек болатыны сияқты қалада да бас мүше – билеуші болады. Әл – Фараби Бірінші тұлғаның шексіз кемелділігі мен қала әкімінің жүрекке ұқсас жетекші орнын жиі айтады.

Орта ғасырда өмір сүрген атақты ақын бабамыз Жүсіп Баласағұн да «Құтты білік» дастанында негізінен ізгілік пен жүрек сырын сөз етеді. Дастандағы құт қонған бақытты ел, ізгілікті ту еткен Күнтуды бек, кейіпкерлердің ділі мен әрекетіндегі тазалық пен мол махаббат – бәрі де кемелділікке бет алған талпыныс – талапты танытады. Күнтуды бек - әділет, сүю, ізгілік қасиеттерінің көрінісі. Дастанда төрт – ақ кейіпкер бар екені белгілі. Төртеуінің де тұла бойы тұнған кісілік, адамдық. Бәрі де - тек қана адамдықты арман еткен ізгі ниетті, ізгі қылықты жандар. Құт – береке, бақ бейнесіндегі Айтолды алғашқыда өзін адамдар ісінен аулақ ұстаған тақуа кісі еді. Сондай күйдегі Айтолдыны бұл дүниелік өмірдің ісіне құштар еткен Күнтуды бектің әділ саясаты мен ізгілікті істері болатын. Елікті де тәнті еткен – Айтолдының адамдығы мен кісілік қасиеттері. Ақыл бейнесіндегі Ойтолды да өзін ізгіліктің құлы санайды. Өзі ізгілік, әділет бейнесіндегі Күнтуды бекте дүние, байлық дегеннің бәрі бар, атақ – даңқы да жеткілікті, күш – қуаты да қас - жауларын қаймықтырып келген. Оның өмірде ұзақ аңсап іздегені – адами асыл қасиеттер. Ол - дененің бас мүшесі жүрек секілді қаланың ізгілікті көздеген бас әкімі.

Абайдағы жүректен туатын сүю арқылы осы тамырлы таныммен үндесіп жатады. Ақындағы жүрек сырына М. Әуезов нұсқаған бағыт – бағдармен үңіле қараған әдебиетші ғалым М. Мырзахметов «жүректің ақын көздеп отырған гуманистік бағыты әліге дейін сөз болмағанын» ескеріп, Абайдың жүрек жайындағы танымының «өзекті де елеулі желістерінен туатын кейбір жақтарын» арнайы сөз етеді. Абайдағы жүрек танымының адамгершілік негізі мен танып – білуге қатысын шығыстағы мещаиюдер мектебінің ірі өкілдері айтқан түйінді пікірлермен салыстыра отырып ашады. Ақын дүниетанымындағы жүректің орнын әдебиетші ғалым Х. Әдібаев та айрықша деп бағалайды: «Әйтсе де ақын эстетикасы мен поэтикасында «жүректің» орны айырықша».

Абай жүрек қасиетін көтере жырлауға бірден кірісіп кетпейді. Ол түпкі мақсаты – сүюге қайраттан ақылды, ақылдан жүректі жоғары қоятын жағдайын дәлелдеп барып жетеді. «Жүректе қайрат болмаса» өлеңінде үш қасиеттің өзіндік ерекшеліктерін ашып бағады.

Малда да бар жан мен тән,

Ақыл, сезім болмаса, -

деп, қайраттан ақылды артық санайды. Мұндағы «жан» дегені әйтеуір тірі болуды, өлі немесе тірлікті танытады. Ақын Сократтан алған сөзінде тірлік тәнге жан келуімен басталатыны айтылады. Жан мен тән мүшелерінің табиғи, рухани қабілет – қызметтерінің көзі секілді көрінеді. Хайуан да тіршілік етеді, яғни онда да жан бар, бірақ дүниені танып білмейді. Абай айтып отырған жанның артықышылығы өзін де, өзгені де танып – білуге жарамды болуында. «Дүниенің көрінген һәм көрінбеген сырын түгелдеп, ең болмаса денелеп білмесе, адамдықтың орны болмайды. Оны білмеген соң, ол жан адам жаны болмай, хайуан жаны болады». Сонда адамда бар жан хайуанда да бар екен. Осы ойын ақын алтыншы сөзімен де растай алады: «... ол қай тірлік? Ол осы жан кеудеден шықпағандық па? Жоқ, ондай тірлік итте де бар».

Сөйтіп «Малда да бар жан мен тән» дегені осы тірлік, яғни тірі болу. Ақын айтатын қайраттың ең төменгі түсінігі де осы, ал мағыналы мәні мен қасиеті дүниені танып – білу мен жақсылық жасауға көмекші болумен танылады. Ақынның «жан мен тән» дегені – қайрат. Өлең шумағының соңғы екі жолы біз үзінді келтірген 7- сөздегі ойды түгелдей қайталайды:

Тіршіліктің несі сән,

Тереңге бет қоймаса?

Жан мен тән, яғни қайрат адам мен хайуанда бірдей болатын екеуіне де ортақ қасиет екен. Сондықтан да ақын ақылды қайраттан артық көреді.

Аспаса ақыл қайраттан,

Тереңге бармас, үстірттер.

Ақынның ерекше айтпақ болғаны - дүниені танып білу. Сол ғана адамды хайуаннан артық етеді.

Ақылға сәуле қонбаса,

Айуанша жүріп күнелтпек.

Сәуле сөзі сыртқы дүниенің ақыл ойда сәулеленуін, яғни танылуын танытады. Абай ақылдың өзін өз күйінде қаншалық қасиетті көрсе де, оның ең асыл қасиеті – танып - білуін, жүректегі сүюге тәуелді етеді.

Жүректе қайрат болмаса,

Ұйықтаған ойды кім түртпек.

Ақылды танып – білу сүюден басталады, әрі сүюмен ғана жемісті болмақ. Ойды түртіп оятатын, сөйтіп іске қосатын жүректегі ынта, талап ықылас екен.

Жүрек – махаббат пен сүюдің шығар көзі, құтты мекені саналады. Біз Абайдағы жүректің осы қырын айту арқылы өзге сырын тани аламыз.

Кейде есер көңіл құрғырың,

Махаббат іздеп талпынар.

Ішем деп бейнет сусынын,

Асау жүрек алқынар.

Көңіл мен жүрек ақын шығармаларында ортақ ұғымды танытады, анығы, көңіл жүректің баламасы ретінде келеді. Жүректің қалауы, тірлігінің мәні, қорегі – сүю, бірінсіз – бірі жоқ, бірі қасиет болса, бірі – сол қасиеттің көрінуі. Сүю жүректен шығады, ал жүрек өзін тек сүю арқылы таныта алады. Осы бір ғана шумақта сүюдің ең қарапайым көрінісі мен зор қасиеті танылған. Жоғарғы шумақта лирикалық кейіпкер әрі ақынның өзі де, жастық шақтағы сүюді аңсап отыр. Көңілін есер деуі мезгіл өткен сүюді аңсауына байланысты. Ал қазір:

Қызықтан өзге қалсаң бос,

Қатының, балаң, досың бар –

«Соларды сүй» деген астарлы ойын байқатады. Ақындағы сүю мен махаббаттың түрі, сыры әртүрлі болғанымен, мәні, сыны – біреу, ол – жүректің ізгі қасиеті. Ақын қаншалық қиянатшыл қоғамда өмір сүрсе де, сүюін жоғалтпаған жөн.Тартқан бейнет, өткен жас,

Жүректің отын сөндірмес.

Ақын сүю мен махаббатты өмірдің мәні, сәні, тірегі деп біледі. Тіпті өмірдің өзін түгелдей сүю деп түсінеді. Біз ақындағы сүюдің ең қасиетті түсінігі деп осыны айтамыз. Махаббат - өмір көркі, рас...

Махаббатсыз дүние бос,

Хайуанға оны қосыңдар...

Жүрегі жұмсақ білген құл,

Шын дос таппай тыншымас.

Ақын айтып отырған «Жүрегі жұмсақ білген құл» - сүюді өмірінің мәніне айналдырған ізгілікті жан. Ал «дос» деп отырғаны - өте кең ұғымдағы сөз. Абайдағы досты аңсау тақырыбын өз алдына әңгіме етуге болады. Махаббат, достық, Абай ұғымында, төркіні бір туыс түсініктер. Сүю мен достық адамдық ерлік екенін Абай әр кезде де айтып отырады.

Махаббат, достық қылуға,

Кімде болса тең емес...

Сүйіспек көңлім ойлайды,

Жанның бәрі татыбас.

Жүректің сүю, махаббат екені «Көзімнің қарасы», «Жүрегім, ойбай, соқпа енді», «Алла деген сөз жеңіл», «Ерекше естен кетпес қызық қайда», «Қуаты оттай бұрқырап», «Жүректе қайрат болмаса», «Өлсем орным қара жер сыз болмай ма», «Жүрегім менің қырық жамау», «Жүрегім, нені сезесің» өлеңдерінде ашыла – айқындала түседі. «Жүрегім, нені сезесің» өлеңінде өз жүрегіне: Дүниеде нені сезесің,

Өмір қайда, дос қайда? –

деп тіл қатады. Егер ақында ерік, дүниені өзгерте алатын құдірет болса, ол барлық адамды дос, бауыр етіп, бүкіл өмірді сүю мен махаббатқа айналдырар еді. Сондай құдіретінің жоқтығынан да

Өлді кейі, кейі – жау,

Кімді сүйсе бұл жүрек, -

деп қиналады, қайғырады. Әйтсе де ақын қайғыдан қайрат тауып, шыңдалатын күйге жеткен. «Қайғы келсе, қарсы тұр, құлай берме» деген кісіге қайрат беріп, қуат қосар ақын сөзі оның өзіне де тіреу, сүйеу болуға жараса керек.

Абайдағы жүректен туатын сүю, махаббат жайын айтқанда, оның шығармаларында молынан сөз болатын құдайды сүю, тануды аттап өту мүмкін емес. Ақын алланы, тәңіріні сүйіп тануды бірнеше өлеңдері мен қарасөздерінде біршама таратып бағады. Солардың бәрінде де, бұған дейін М. Әуезов айтқандай, Абай діни танымын өзінің адамгершілік мұратына көмекші, жәрдемші етуден танбайды. Осы мәселе төңірегіндегі түсінігіміздің айқындалып, кеңейе түсуіне әдебиетші ғалым М. Мырзахметовтың зерттеулері ерекше үлес қосқанын атап айтқан жөн.

Абай шығармаларын тереңдеп таныған кісі ақындағы құдайды сүю – адамдықты сүю екеніне таласпайды. Ақын құдайды сүюді осы тұрғыда сөз етеді. Түптің түбінде, ең жоғарғы түсінігінде, құдай – сүю мен махаббат. Сүюдің жүректен шығатынын ескерсек, 17 – сөздегі жүректің әрекетінен тәңіріні танығандай боламыз: «Жақсылық айтқаныңа жаны – ділі құмар болады. Көнбек түгіл қуанады. Жаманшылық айтқаныңа ермейді. Ермек түгіл жиреніп, үйден қуып шығады». Әрине Құдай деген құдіретке тең келер ешнәрсе жоқ, сонда да сопылық таным өкілдерінің құдайды жүрекпен танып, ал құдайдың өзі сүйген жүректен ғана сая табатынын айтқан пікірлерін ескерсек, осы салыстыруымыз көңілге қона кетеді. Ақынның өзі де «Алла деген сөз жеңіл» деген өлеңінде тәңіріні танудың жолы – жүрек, яғни шын пейіл, ықылас, сүю екенін айтады.

Алла деген сөз жеңіл,

Аллаға ауыз жол емес.

Ынталы жүрек, шын көңіл,

Өзгегі хаққа қол емес.

Ақын ертеректе – ақ жазылған «Абралыға» өлеңінде кейіпкерін «ниет қыла білмейді» деп кінәлаушы еді. 36 – сөзінде де: «Қазақ құлшылығым құдайға лайықты болса екен деп қам жемейді... Тілін жаттықтырып, діні тазартып, ойланып, үйреніп әлек болмайды» деп, өзінің сүюге апаратын шын пейіл, ықылас жайындағы ойын дамыта түседі. Сөйтіп Абай жаңағы шумақта аллаға құлшылық ету құр сөз, салқын ақылмен бітпейтінін, оған шын ниет, шексіз сүюмен ғана жетуге болатынын айтады.

Дененің барша қуаты

Өнерге салар бар күшін.

Жүректің ақыл суаты

Махаббат қылса тәңрі үшін.

«Дененің барша қуаты» көңілге екі түрлі түйінді түсіреді: бірі қайрат қасиеті болса, екіншісі ақын айтатын «Руза, намаз, зекет, хаж».

Руза, намаз, зекет, хаж – талассыз іс,

Жақсы болсаң, жақсы тұт бәрін тегіс.

Бастапқы үшін бекітпей, соңғы төртті,

Қылғанменен татымды бермес жеміс.

«Бастапқы үшін» дегені ақынның өзіндік сүю танымы – имани гүл. Осы имани гүл танымындағы үш сүюдің алғашқысы тәңірге бағышталған. Өзге сүюдің бәрі де ақынның «Алла деген сөз жеңіл» өлеңіндегі «Махаббат қылса тәңрі үшін» деген бірінші сүюінен бастау алады. Себебі Абай «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп дегендегі екінші сүюді алғашқы сүюдегі алланың хикметі деп түсінеді. Адам қазіргі күйінде өзінен - өзі жете қалса жақсы, ал біреу жаратты десек, оны алла, құдай демегенде кім дейміз.

Адамды сүй, алланың хикметін сез,

Не қызық бар өмірде онан басқа?!...

Көптің қамын әуелден тәңірі ойлаған

Мен сүйгенді сүйді дең иең сүйсін.

Шығыстағы ғылыми танымның негізін салушы философ әл – Фараби «...ең озығы да, ең кемелдісі де – Бірінші тұлға» деп санайды. Абайдағы алла, құдай, тәңірі осы Бірінші тұлғамен төркіндес ұғымдар. Әл – Фараби ең жоғарғы сүйіспеншілікті болмысы әбден кемеліне келген Бірінші тұлғаға қызығудан табады: «...біз үшін құштарланған махаббат туғызушы – кемелділік пен сұлулық... Ол - әрі ғашық болушы, әрі құштарлық махаббат туғызушы Бірінші тұлға. ...жан біткен оны сүйеді». Әл – Фараби сипаттаған жағдайдағы Бірінші тұлға Абайда да көрініс тапқан.

Махаббатпен жаратқан адамзатты

Сен де сүй ол алланы жаннан тәтті.

Абайдың құдайды сүюі әл – Фараби секілді оны кемелділік пен сұлулық, ізгілік пен сүю деп тануымен байланысты. Оның үш сүюді қамтыған имани гүл танымында алланы алғаш, адамды кейін атауынан кішіпейілділік пен өзіне дейінгі білім төркінін білгендігі көрінеді.

Ақын ең түпкі үшінші сүюді - әділетті екінші сүюдегі адамзат үшін қасиетті де қадірлі болуынан шығарады. Абай танымындағы әділет – адамзаттың ең негізгі сүйеніші мен тірегі, өмірінің мәні. Ақын көпті надандығы себепті тобыр санаса да, адам ретінде дос, бауыр, жақын тұтады. Оның көптен тілейтіні де, әрі өзінің оларға ұсынатыны да - әділет.

Ғадәлет пен мархамат – көп азығы,

Қайда көрсең, болып бақ, соған көмек.

Сөйтіп, Абайдағы адамгершілік мұраттың шыңы – имани гүл танымы «Алла деген сөз жеңіл» өлеңіндегі ақынның өзі ерекше ықыласпен жырлайтын «Тәңіріне жасаған махабатынан» туындап отыр. Ал құдайды сүю – сопылық танымның ең негізгі тірегі. Құдайға деген құрмет кемелділік күйінде шығыс ойшылдарында да кездеседі. Абай таратып көп айтатын толық адам – шығыс ойшылдары мен сопылық танымдағы кемеліне келіп, әбден жетілген адам мен төркіні бір таным. Барлық жақсылық пен ізгілік құдайдан деп түсінген әрбір кісі өзінің адамгершілік қасиетін жетілдіру арқылы өз қиялындағы құдайындай ізгілікті, рахымды, мейірімді болуға тырысады. Шығыс ойшылдары мен сопылық танымдағы құдайды сүю мен тану – мейлінше адамгершілікті болу. Осы адамгершіліктің өсіп – жетілуін, әбден толысуын Абай тағы да жүрекпен, жүректегі сүюмен байланыстырады.

Ақылмен хауас барлығын

Білмейдүр, жүрек сезедүр.

Ақын шығармаларын, әсіресе 38 – қарасөзін үңіле оқыған кісіге «хауастың» құдай екені талас тудырмайды. Осы ойды дәлелдеп айтушы - әдебиетшы ғалым М.Мырзахметов. Сопылық танымға тұспалдап айту, символдық сипатта таныту тән. Абайдың да құдайды айтып отырып, адамгершілікті, оның негізі – сүю мен ізгілікті ұқтыруы әбден мүмкін. Біз осылай ойлауға бейімбіз.

Сөйтіп, ақын құбылыс күйіндегі толық адам танымының терең мәнін әділет, сүю, ізгілікке алып барады. Абайды қай қырынан тануға тырыссақ та, оның сүю танымына тап боламыз. Ол – өзінің сүю танымын ашық та айтады, астарлап та жеткізеді. Тек «Егер ісім өнсін десең, ретін тап» деп, ақынның өзі айтқандай, жүйесін тауып, сонымен ғана жүріп отырмасаңыз, оны өзі қалаған деңгей – дәрежеде тани қою қиын.



Абай поэзиясындағы жүрек ұғымының поэтикалық өрнегі

Абайдың дүниетанымы мен жыр мұхитының алтын арқауы – ЖҮРЕК деген ұғым – символдың астарында жатыр.

Мақсұтым – тіл ұстартып, өнер шашпақ,

Наданның көңілін қойып көзін ашпақ –

деген әйгілі жолдарының шешу түйіні де сол символ – бейнеде алаулайды...

Иә, Абайға дейін «жүрек» махаббат тілінде сөйлеп, ғашықтың сырын шертті, сезім қылын тербетті. Ұлы ақында ет жүрек алғаш рет адамша сөйлеп кетті, адамша күйінді, күйді, ақық жырдың алтын арқауын әйгіледі. Алуан түрлі рең – бояу, өрнек – айшыққа малынып, мағыналық аясын кеңітті. Енді сезім жалыны, көңіл лүпілімен шектелмей, ақыл – ойдың «қызыл тіліне» айналды. Саяси - әлеуметтік тұжырым дейсіз бе, философиялық түйін дейсіз бе, өкпе – наз, егестік, ереуіл дейсіз бе, - әйтеуір қиял жетер парасат айдынында шеру тартты. Сөйтіп жүйелеу, жинақтау қуаты бұрын – соңды болмаған қуат – күшке, құпия – сырға ие болды. Образ өрістеп, сөз салмақтанды. Ұлы ақынның кермек ойы жаңа өріс тауып, айтып жеткізе алмас көркемдік қуатты паш етті.

Ақын атаулы атам заманнан бері күңгірт күй, көлеңкелі ғұмыр – азаптың күнәкәрін қоғамнан, уақыттан, жеке адамнан іздеді, кінәлады, кінәраттады; тек көмескі, көртірлікке өзін де айыпты санаған ешқайсысы табылмады. Тек Абай ғана бұл салтанатты саптан оқшау тұр.

Ұлы ақынның көркем түйсінуін, өрелі ойдың өрісін зерделесек, таңғажайып жыр әлеміне, екі аяқты пенденің тұңғиығына бойлаған керемет жеке дара озық дүние танымға тап боламыз. Ал, «ЖҮРЕК» Абай пәлсафасы мен эстетикасында адам бойындағы қадыр – қасиет пен кемшілік – мін атаулының бұрқ – сарқ қайнасқан қорытпасы – көркемдік ұлан – ғайыр метафора, қиянаттан қара жерге қараған шағында даланы жаңғырықтырған жан айғайы, ой – сезімнің сығындысы. Қарар қамшы шыбын жанын аяусыз осқылағанда, қансыраған жүрек үні - әлем өнерінде жоқ жаңалық.

Абай азапты тіршілікті өзі таңдаған жан. Бүкіл болмысқа көзқарасының қорытындысы, ой – сезімінің тірелер асқар бір шыңы да – сол. Адам баласы арқалаған бүкіл күнә - дертке ол өзін ортақпын деп білді, жұмыр басты пенденің кемшілігі мен қайшылығы менің де тұла бойымды шымырлатқан деп ашық айтты! Сол ортақ күнәқарлықтан адам баласын тазарту үшін ғұмыр бойы тозақ отында қақталып өтеді, алтын басын жалаң қылышқа тосады: «Уа, жарандар, кешіріңдер мені. Мен де өздеріңдей күнәһармын! Есіңді жи, етегіңді жап, ағайын!» - деп жар салады.

«Өкінішті көп өмір кеткен өтіп» деген жырында (1866) ұлы ақын тұңғыш рет ет жүрекке қинала үңілген еді:

Сенімі жоқ серменде сырды бұзды

Анық таза көрмейміз досымызды.

Қылт етпеге көңілдің кешуі жоқ,

Жүрегінде жатады өкпе сызы.

Мақсатсыз, мағынасыз өтіп бара жатқан өмірге ашынған ақын: «Сеніскен досым да жоқ, асығым да, Ақыры өлең қылдым жасымды да», дейді қайғы – мұңның тұңғиығында тұншығып. Байқайсыздар ма, «жүрек» таза махаббат, әуен – сезімнің көне шекарасын бұзып, әлеуметтік – қоғамдық кең мағына айдынында қанат қағады: адамгершілік пен аярлықты бағалайтын мүлде жаңа қасиет - өлшемге ие болады – «жүрегінде жатады өкпе сызы» деген тіркестің мән – мағынасы қорғасындай салмақты. Достық та, ар да сатулы, «досыңнан» көрген күнің қараң... «Моласындай бақсының жалғыз қалған» ақын адал дос, ақ махаббатты – жүректер жақындығын аңсайды, бірақ бұл тілегінің де қолға қонбас сағым құсы екенін біліп, өзегі өртеніп отыр. Сондықтан да жүрегінен қан тамшылайды. Жалғыз – ақ тіркесті осыншама жандандыру, ана тіліміздің көкжиегін кеңейту, ажарына – ажар, әріне әр қосу – тіл ұстартуда жаңа жол ашып беру еді. Бұл – ана тілді құнарландырудың, байытудың сарқылмайтын алтын арнасына айналды. Ана тілімізде Абайға дейін «сыз» және «сыздану» деген сөз бар еді, оларды қолданудың белгілі шеңберінен ешкім асып көрмеген – ді: «жердің сызы», «ауа сызы», «сызданып отыр», «сыздануын – ай!» - деген сияқты.

Абай: «Жүрегінде жатады өкпе сызы» деп дүниені шыр айналдырады! Табиғаттың онша келісімді емес қасиетін адамға теліп теңдесі жоқ тіл мүмкіншілігін ашады. «Өкпе сызы» - тұңғиық ой – сезім, керемет метафора – «сенімі жоқ серменде сырды бұзды», - бірлікті, тірлікті бұзды, ажарын кетірді, жаныңа айықпас дақ салды... – деген сияқты ой туғызумен қатар, астарында адалдықты аңсау, ақ серік іздеу, торығу, күйіну, арман жатыр – осы іспеттес сансыз сезім – ойды көкірекке құйып отыр!...

«Білімдіден шыққан сөз» (1899) – ұстаздың ұрпағына бағыштаған өсиеті – сорлы елінің белін жазып, еңсесін көтеретін абзал азаматты аңсауы.

Білімдіден шыққан сөз,

Талаптыға болсын кез.

Нұрын, сырын көруге,

Көкірегінде болсын көз.

«Көкірек көзі!» - ақынның қасиетін аша, түрлендіре түсетін – қуатына қуат қосатын жаңа ой – образ. Әдетте адамның жан тынысын ағартатын «көкірек» (көкірегі өртене күрсіну) енді мүлде жаңа ой – сезім ұялатады, жаңа мән – мағынаға ие болады. «Қайран сөзі қор болған» ұстаз «жүрегі айна, көңілі ояу» - сезімтал, сергек, көзі ашық ұрпақты аңсайды. Тосыннан табылған көркем бейне толықсып, қиялға қанат бітіріп тұр.

Абай үрдісі онымен де бітпейді – көз талдырар жыраққа қол создырады. Егер Абай: «Саналы, білімді немесе сезімтал жас» десе, әңгіме сонымен бітер еді, ал: «Көкірегінде болсын көзі!» - ұмытылмас бейнелі ойдың әсері мүлде басқа! Ой ағымы көркем толғаныс пен жетумен қатар, «жүрегі - айна» жас ұрпаққа ғұмырлық талап қойып, азаматтық биікке шақырады. Көкейкесті арман – тілек көріктеніп, жадағай ұрандықтың шаңын қағады. Ауырмай тәнім,

Ауырды жаным,

Қаңғыртты, қысты басымды.

Тарылды көкірек,

Қысылды жүрек,

Ағызды сығып жасымды...

Әр жолы – құдырет. Қара халықтың қайғысы мен қасіретіне булыққан ақын жанын жарып шыққан бейнеге қайта оралады. Ашынған жүрек жан айғайын әлемге жария етеді. «Қысылды жүрек!» - міне, айрықша, әсерлі, алтынды мұхит – бейне! Қуатты сезім ағымы ел мүддесі үшін, күйзелген ақберен азаматтың от - тұлғасын көз алдымызға алып келеді, рухани дарияға бойлатады.

«Өлсем, орным қара жер сыз болмай ма?» (1899) – жартас жыр. Алып тұлғалы ақынды көр де, жырға үңіл, жырды оқы да, қинала соққан жүректің дүбіріне құлақ түр. Әлемнің бай күйігі мен күйзелісі, запыраны мен зәрін көресің - өмір – ғұмырды саралаған кемеңгердің ой – жанары тірі жанның құпия – сырын ақтарады. Жұмыр басты пенденің мәңгі қиналысы – көкіректе арпалысқан ақ пен қараның ойраны ғой - өз жүрегіңді өзін қайтып жұлып аласың?! Өз пиғылыңа өзің қайтсең кісен сала аласың, қайтіп ақ тілекке ғана жүгінесің?! Егер қайран жүрек ақ пен қараның арпалысқан ордасы болса, не шара?!...Бейнетқор өмірдің жан айнасы – тағдырдың өзімен пара – пар образ – сәуле – айтып жеткізе алмас өрелі де өрісті бейне – символ, тек ұлы ақынға тән кемел тұлға. «махаббат, ғадауатпен майдандасқан, қайран менің жүрегім мұз болмай ма?» - бүкіл адамзаттың жанын жезтырнақтай бүрген қасырет.

Асау жүрек аяғын шалыс басқан

Жерін тауып артқыға сөз болмай ма?!...

«Асау жүрек – аяғын шалыс басқан!»Бас білмес асау, ырық бермес тентек, аяғын шалыс басқан азамат болушы еді. Ал, «Асау жүректі» бұрын – соңды естігеніміз осы! Енді осынау дария метафораның мән – мағынасын саралап көріңізші – түбіне жете алмайсыз! Әлденеше ағым: мән – мағыналық, сезім – ойлық, өрнек – ажар, әуен – саз... – санап шығудың өзі күш!... Батыр жүрек білек сыбанып, алға шыққанда, сен, ақыл – есеп, ұмыт бол: ер – азамат қателесер, аяғын шалыс басар, тіпті жапа шегер, бірақ адам – ақ тілек, адал ниетпен адам емес пе?! Егер азапты, ауыр, бірақ ақ жолда аяғымды шалыс бассам, қателессем, көтеріп алдым, қылша мойным талша деп, әйтсе де сен, туған ел, кешір, кешір сен де келер ұрпағыммен тек ақ жүрегімнің әміріне ғана бағындым. Ақ сәулеге талпынғанда, «асау жүрек» ырық бермей, адал жанға, ақ ниетке ара түсті, бір ғана сәттік талпынысқа мың күн жапа шегер – одан азамат қашар ма?!... Көріп отырсыздар, бір тіркесте сансыз тармақты ой – сезім, телегей теңіз астардың шымырлауы ақын жырының арда қасиеті, сөз ұстартудағы ғаламат жеміс берген сарқылмас арнасы, асыл арнасы. Иә, «асау жүрек» - Абайдың от – жүрегін кернеген өрт – сезіммен, мұхит ойымен бірге асқаралы тұлғасын айқындап, алаулап тұрған ауқымды бейне – символ. Жырдың төртінші шумағы ойды өрістете түседі.

Жүрегіңнің түбіне терең бойла,

Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла.

Соқтықпалы, соқпақыз жерде өстім,

Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма!

«Жүрек» ұлғая, өрелене келе адам баласының ой – сезімінің қатпар – құзының символына айналды!

Енді жырдың үшінші жолына назар аударып көрелік. Әдетте халық: «соқпақсыз» деген сөзді табиғатқа байланысты айтады. Ал, Абай «соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім» - деп мүлде басқа айдынды ашады: мынау тарих – қоғамның тұңғиық, түнек сапар – соқпағында, соқтығысқан, соқпақсыз жолайырықта ғұмыр кешкен қайран елінің жағдай – күйін керемет көркемдік қуатпен бейнелеген!

Иә, жаңа ғана Абайға дейін қазақ: «асау жылқы» десе де, ешқашан «асау жүрек» деген емес дедік. Ұлы ақынның қиялынан қайнап шыққан ғажайып бейне: «Асау жүрек аяғын шалыс басқан» бірден – ақ ойнап, түлеп шыға келген. Асаудың соңынан қалмай, тақымдаған бес аспап жылқышы мен басына жүген тимеген асау жүй ріктің мінезі – тас тұяқтың дүбірі, орға да, ойға да қарамай жанталасқан шабысы, жылқышының қиқуы – бәрі – бәрі келеді көз алдыңа. Күйбең тірліктің, қоламта күнкөрістің ырқына көнбей, сергелдеңнен сескенбей, ақиқат үшін, ар үшін басын тасқа да, тауға да соққан азаматтың «суық ақылға» бой бермеген «асау жүрегінің» дүбірін естиміз. Бір сөздің қауызына бір ғұмырды сыйдырған сөз ұстарту деген осы да! Өнер деген осы да!

Қараңызшы, жалғыз жырда қанша «қос ағын», қанша ой – сезім ордасы сап түзейді. «Өлсем орным қара жер сыз болмай ма, Өткір тіл бір ұялшақ қыз болмай ма, Махаббат ғадауатпен майдандасқан, Қайран менің жүрегім»... «Асау жүрек аяғын шалыс басқан, «Қаны қара бір жанмын, жаны жара», «Жүрегіңнің түбіне терең бойла, Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла. Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім. Мыңмен жалғыз алыстым кінә, қойма! Жасымда албырт өстім, ойдан жырақ, Айлаға, ашуға да жақтым шырақ. Ерте ояндым, ойландым, жете алмадым, Етекбасты көп көрдім елден бірақ. Ой кіргелі тимеді еркі өзіме. Сандалмамен күн кешкен түспе ізіме, Өзі ермей, ерік бермей, жұрт қор етті, Сен есірке, тыныш ұйқтап, бақ сөзіме!... Ішім толған у мен дерт, сыртым дүрдей, Мен келмеске кетермін түк өндірмей. Өлең шіркін - өсекші, жұртқа жаяр, Сырымды тоқтатайын айта бермей... »

Ұлы ақынның сөз ұстартуының бір ғана арнасын көрсету үшін, әйгілі өлеңді түгел дерлік көшіруге мәжбүр болдық. «Жай ғана айтыла салған сияқты» «етекбасты» деген бейнені алайық. «Етекбасты көп көрдім елден бірақ!» - деп сөз ұстартудың жаңа көкжиегін ашады. Ұмытпас, әсерлі образ - өрнекте қаншама тосын сурет, ой – сезім жатыр!...

Бұл – құдырет Абайдың ақындық жаңашылдығы мен өнерпаздық ерекшелігін анық байқатады. Уақыт озған сайын бой түзеген өрнек – бояу, образ – ой көңілді де, көзді де үйіреді: «Қара көңілім», «Көкірек көзі», «Жетім көз», «Жапырағы қуарған ескі үміт», «Ылайла ылайлы оймен тұнығыңды», «Батыр ой» т.т. – таланттың жасыл ойлауы.

Абай мұрасы – туған елдің рухани шыңы, рухына рух қосар, айдыныңды ашар, әлемдік ақыл – ойдың құз – қиясына самғатар азығымыз, адамдық, азаматтық ақ туымыз, ұлттық мирас. Бір сөздің қауызына бір ғұмырды, фәни жалғанды түгел сыйғызған бұл не деген құдырет!...

Арбаулы қауымда сенісуге, мұңдасуға жан таппай, ел аман, жұрт тынышта әуре – сарсаңға түскен, қарайып жалғыз қалған ақын күйзелісі – «Жүрегім, ойбай, соқпа енді!» (1892) атты жырында булыға, қинала шымырлайды. Шағын (не бары төрт шумақ) толғаныста Абай үш рет қиналған, қысылған жүрек бейнесіне оралады, оралған сайын күтпеген шешім – оймен құнарлана, тереңдей түседі. Рухани жалғыздықтан шексіз жапа шегіп, нелер тосқауыл, тосқынға тап болса да, Әділдікті жан сала қорғаған, бірақ қиянатшыл, қытымыр заманға не істесін, өмірі босқа өтіп, қажыған адамның мұң – зарын естиміз. Өксігі көп, өкінішті шексіз жүректі жарып шыққан ащы үн жаныңды сыздатады. Бірінші шумақта ақын жүрегінен соқпауды, мәңгілік тоқтауды қинала өтінеді. Өмір не? Онда не мағына – мақсат, не қызық бар?! Жақыным деген, жаным деген сүйген – сүйенген, сүйсінген ағайыннан көңілің азынап, көкірегің күйіп жатса...

Көрмейсің бе, тоқта енді,

Кімге сенсең, сол шикі.

Келесі шумақ тынысыңды тарылта түседі.

Сорлы жүрек мұнша ауыр,

Неге қатты соқтығар?

Сенісерге жан таба алмай,

Сенделеді ит жүрек (!!!)...

Ақынның қиялында, дүние фәнидің қатпар – сырын көруінде шек жоқ!... Ауыл иті қай уақытта сенделеді?... Күздің қара суығында. «Сенделеді ит жүрек» деген суреттен жаныңыз түршігеді. «Жалғыздық Құдайға ғана жарасқан»....Азынаған күз. Жадау, жабырқаулы дала, жауын – шашынды қырат – төбе... Жабыққан жалғыз жан, төңіректі топ дұшпан торыған. Жаны азынап жазирадан сая таппай сенделген азамат...

Ұлы ақынның өз бейнесіндей болып кеткен «Жүрегім менің қырық жамаудың» (1899) - әуезіне құлақ түріп көріңізші! Жұмыр басты пенденің күйгенін, күйзелгенін бұдан артық бейнелеу мүмкін емес! Ақын тапқан арна айбынданып, ауқымданып, құдыреттене береді.Сөз құдыретін аша түсудің тағы бір керемет үлгісі «сөз өнері – дертпен тең», - деген тіркестің тұңғиығында көлбеңдейді. Ақын эстетикасының негізі – соқтықпалы, соқпақсыз өмір – ғұмырдың, соқталы ой, сом образ – тұлғаның мұхитына қадалған шырақ – жанарда. «Сөз өнері - дертпен тең!» - сан сала мағыналы, сансыз суретті түпсіз ой – сезімді. Бейнелі метафора екпінді шарықтап, ордалы образ - ойды қоздатады. Бір өнер иесі: «Күйініп, қиналып, тер төгіп көрдің бе?!» - десе, екіншісі: «Кеудеңде қызғаныш өрті лаулады ма?» деп ойласа, үшіншісі: Абырой, арыңды жалғыз киелің – Еліңе құрбандыққа шалып көрдің бе?! Отқа күйіп, судың түбі – құрдымда тұншығын көрдің бе?!» - деп, өмір – ғұмырдың от көрігінде күйінеді. Мұхит ойдың тұңғиығында бойлаудың өзі күш. Жаңағы Абай сөзінен ақынның шыбын жанына төнген жалаң қылыштың ысылы да, мерез жандардың өсегі де естіледі...Абай үшін өнер ардың ісі, жан сыры, Өнер – азап, ақтық демің қалғанша тыныстар қасиетің. Жүрек түбінен шымырлап шыққан рух келер ұрпақтың да зердесін оятар, санасына – сана, ақылына – ақыл қосар өлмейтін рухани байлық. Білімдінің жүрекжарды сыры есте мәңгі қалар құдырет, жан азығың. Ақынның ой – образ, бояу тасқыны – салқар жер шалқар өнердің алабөтен қасиет – құдыретін айқындайды. Абайдың тұлғасы қаншалықты күрделі болса, соншалықты нұр сәулелі – ұлттық өнердің өркендеп, өсе берудің сарқылмас көзі, ұлттық сана – сезім, ұлттық рухтың - бас арнасы.

Абай дүниетанымы мен жыр мұхитының алтын арқауы ЖҮРЕК – жан айнасы; ізгілік пен зұлымдықтың шарпысқан майданы. Бірде күйіп, бірде жанған – жүрек бейшараны қойсаңшы, тағдыр ізі сайрап жатыр. Жаныңды шөлдей қаңсыратар тірлік майданында, Тәңір – ау, неге зұлымдықтың мерейі көбірек үстем шығады? Ғұмыр – сүгірдің қорқау қалпы жүрегіңді қалай қырық жамау етпесін, қалай зар – запыран болып төгілмесін?! «Қаны қара бір жанмын, жаны жара», «Ішім толған у мен дерт, сыртым дүрдей», «Егер менің ішімді жарып көрсең, жылауыңды ұмытып, шошыр едің», «Мен көрдім дүние деген иттің көтін, Жеп жүр ғой біреуінің біреуі етін», «Біреуге мылтық үйреттім, ол мерген болды, мені атты», «Жүрегімді кескілеп салып жүрген Арсыздарды досым деп неге аяймын», «Ауру жүрек ақырын соғады жай, өз дертін тығып ішке, білдіре алмай»... «Жүрегім, ойбай, соқпа енді, Бола берме тым күлкі. Көрмейсің бе, тоқта енді – Кімге сенсең, сол шикі»... «»Жүректің көзі! («Көзінен басқа ойы жоқ», (1891)); «Ауру жүрек» («Ауру жүрек ақырын соғады жай», 1898); «Жүректің қанымен» («Талай сөз бұдан бұрын көп айтқанмын», 1895); «Күйесің, жүрек, күйесің» («Жүрегім нені сезесің», 1900); «Ыстық жүрек» («Жапырағы қуарған ескі үмітпен», 1901); «Жаралы жүрек» («Есіңде бар ма, жас күнің», 1899); «Жүрек теңіз» («Жүрек – теңіз, қызықтың бәрі – асыл тас», 1902); «Жүрегімді байқасам, инедейін таза емес» («Ойға түстім, толғандым», 1901)...

Енді махаббат лирикасына назар аударыңыз. Абай қиялының ақ сәулесіне малынған шар – тарапты бейне – жүрек нәркес бойжеткен мен бозбаланың сырын наздана тербетіп, сыбызғы үнмен көңіл қылын шертеді. Көңілдің көгілдір мұхиты сізді де еріксіз тебірентеді. Жүз жылдан бері ақынның сезім лирикасы неге ылғи жаңғырып, жаңара береді? Неге Абай әні ылғи той – думанның төріне жайғасады? Неге басқа жұрттың ай – аруы да Абай әніне қосыла жөнеледі? Бұл дүниенің ләззаты бәрі сонда, деп Абай айтқандай, шырқаған, қалқыған, сорғалаған, тамылжыған сырлы сазды адамның жан жүрегіне сондай жақын.

«Қызарып, сұрланып» (1891) – тұңғыш жеке жолыққан ғашықтардың үрікпе, нәзік көңіл күйі, жүрек дүрсілі. Ақын: «Ғашықтың тілі – тілсіз тіл» (1894), «Жөндеп те айтпадым, Жүрегім лүпілдеп» «Көзімнің қарасы», (1891), «Қайғың болар шермен тең, Қара көңлім жермен тең» («Қыз сөзі», 1889) – дейді. Самалда тербеген жібектей арайлы нәзіктік, жүрек лүпілі жаныңызды жылытып жібермей ме? Махаббаттың тылсым тербелісін жеткізудегі шеберлігіне үңілейікші. Жүректің өзі мұңайып, өзі сөйлейді - өз сырын өзі шертеді. Ғашық жардың жан діріліне қалай бейтарап қаласыз, қалай толқымайсыз? Жас жандардың алабұртқан көңілі сіздің де кеудеңізді шарпып өтеді. Аулақта алғаш жүздескен сәт: тарылған таныс, үркек көңіл, жүрек лүпілі – одан кейін лап етіп лаулай, жана жөнелген сезім оты Абай әнінен лапылдайды.

Әлемнің бір әуен – сазын үн қосқан Абайдың көктем назын аралай бергің келеді: «Ыстық жүрек», «Тулаған жүрек» («Әуелде бір суық мұз ақыл зерек», 1889); «Ет жүрек өртенді» («Сен мені не етесің», 1889); «Балқыған жүрек» («Жігіт сөзі») «От жайған жүрек» («Қыз сөзі», 1889); «Жүректі түртіп қозғамай?» («Жастықтың оты қайдасың?», 1889); «Жас жүрек»: («Бір сұлу қыз тұрыпты хан қолында», 1896); «Лүпілдеп жүрек» («Көзімнің қарасы», 1891)... «Мен не болсам, болайын, Сен аман бол!» - деп сезім құдыретін аспанда әуелеткен де ұлы Абай.

Өзгеге көңлім тоярсың,

Өлеңді қайтіп қоярсың, -

Сазды әуезге деген шексіз сүйіспеншілігін де өзі өрнектеп береді.

Ән мен жыр – шерлі жүректің үні. Өнегелі, өрелі өнер ғасырға кетпек, жан сырын ұрпағына жеткізбек.

Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы,

Қиыннан қиыстырар ер данасы.

Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,

Теп – тегіс, жұмыр келсін айналасы.

Әнді құлақпен емес, «жүрекпен тыңда!» Өнерді түсінудің өзі өнер: «көкірегінде оты бар, құлағын ойлы ер салсын... қас надан нені ұға алсын?».

Ұлы ақынның өмір – ғұмырының бел – белесіне сай образ – символ «жүрек» жырдан – жырға, жылдан – жылға тереңдеп, талант жұлдызындай жарқырай, жайнай берген. Үңілген сайын ақынның асыл сөзді қалай таңдап, қалай – қалай таба білгеніне қайран қаласыз.

«Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа» (1896) – ақындық шамшырақ. Сиқыр әнді қойсаңшы! - сыры қандай, сыны қандай?! – «ұйықтап жатқан жүректі ән оятар, үннің тәтті оралған мәні оятар». Сырлы саз көкірегінде көзі бар сырласты, мұңдасты аңсайды, көңіл құсын түсінер озық ойлы, сезімтал жанды алабұрта іздейді. «Мұңмен шыққан, оралған тәтті күйге, жылы жүрек қайда бар қозғаларлық!».

«Жылы жүрек!» - сыршыл жырдың қан тамыры, шырыны. «Ақылдының сөзіндей ойлы күй», «Көкірегінде оты бар ойлы адам», «Ой көзі», «Жабырқаған көңіл», «Ұйықтаған жүрек» - «жылы жүректің» сиқыр сәулесімен нұрланып, салқар көңілге ұласады.

Шырқап, қалқып, сорғалап, тамылжиды,

Жүрек тербеп, оятар баста миды.

Бұл дүниенің ләззаті бәрі сонда,

Ойсыз құлақ ала алмас ондай сыйды.

Абайдың ән мен жырға деген кемел ойының айдыны бұл. Ақындар ұстазының өнерге деген көзқарасы, өнерді жырлау мәнері тамыр жайып, мол жемісін беріп келеді.

«Адамның кейбір кездері» (1896), «Құлақтан кіріп бойды алар» (1896) Абайдың эстетикасын аша түсіп, өлең – жырға деген талабын айқындай береді. «Кірлеген жүрек», «ызалы жүрек» сынды сырлы бейне – символ Абайға жыр «ішкі менін» ақтарумен пара – пар екеннін дәлелдейді.

Абай жыры – ел арманы, тот баспас зерлі айдын. Жан сыры – халық сыры, туған халқының – тұнба тұнығы. Азамат ақынды күйзелткен қайғы – қасырет – халқының қасырет – қайғысы. Абайдың үлкен жүрегі заманының үні, елінің жан дауысы. Ақын мұрасы сондықтан да ғасырлар өткен сайын жаңғырып, жасар берер мың жылдық мұң, елінің рухани қасиеті.

Абай қартайған шағында айықпас қайғыға душар болды – 27 жасында үміт артқан жан тірегі Әбдірахман көз жұмды. Парасатты мұрагері көзінің қарашығы, көңілінің нұры еді. Көкірегін кернеген күйік запыран – зар болып төгіледі. Сорлы жүрек қалай қиналды, қалай қысылды десеңізші! (Жәй ғана жеке бастың күйініші деп қараған зерттеушілер осынау ақық жырдың тереңіне үңілмей келеді).

Топтаманың бірінші өлеңін («Я, Құдай, бере көр») қамкөңіл әке перзентінің дауасыз науқасқа шалдыққан шағында жазған – ды. «Шошынған жүрек», «суылдаған жүрек» - Абай қасыретінің «көлеңкесі», көкірегін булықтырған дерт, күйік. Тағдырдың қатыгез кейпінен шошыған ақын - әке «жүрегім» деп қайталай береді – үрей де, үрку де, қайғы қасырет де айғай салып тұр. Өршіл өлеңмен таныстаған ақын қайғы – дертін сездірмей, ұлына дема беріп, демейді – «Жүректің сөзін сөйле, тіл» деп тебіренеді.

Сұм тағдыр аямады, қыршын жасты қара жер құшағына алды. Ақын - әке көрлақатта тұншығып, сұмырай жалғанның түксиген түрінен түңілгендей күйге түсті, дегенмен уақыт жылжып өткен сайын қайғысы қасыретті жырға айналып, ақ қағазға зар – маржан болып төгіле берген. Әбдірахманның асыл бейнесі жыр тұғырында асқақтап кетеді.

«Жүрек» - Абай сезімінің тұнба тұнығы; «Жүрегіңе сүңгі де, түбін көзде, сонан тапқан – шын асыл, тастай көрме» («Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап», 1896), «Жүректің ақыл суаты» («Алла деген сөз жеңіл», 1896), «Жүректегі қайрат», («Ауру жүрек ақырын соғады жай», 1898).

Абай философиялық һәм әстетикалық көзқарасын атақты өлеңінде «үш – ақ нәрсе – адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» деп жинақтаған. Әйтсе де ақын эстетикасы мен поэтикасында «жүректің» орны айрықша. Қазақ жерінде, мүмкін, бүкіл Шығыста Пушкинді, Лермонтов, Крыловты, Бунин мен Полонскийді, орыс поэзиясы арқылы Байрон, Гете, Мицкевичті тұңғыш аударған Абай. Ұлы жүректер тебіренісі қазақ халқының көкірегіне жол тапты; талай жүректің отын тұтандырып, талай көздің нұрын жарқыратты. Сары далада шырқаған Татьяна әні орыс қызын қазақ құрбыларымен мұңдас, сырлас етті – қарақат көз мұңды сұлу сонау XIX ғасырдың өзінде – ақ «Евгений Онегинге» құлақ тікті.

Демонның бүлікшіл, дауылпаз рухы қазақтың күнге күйген ер жүрек жігіттерінен жақын – туыс тапты, бірақ та бізді қызықтырып отырған ол емес, ақын аудармасының кейбір шешімі. Таңданарлық жағдай – Абайдың Пушкинде жоқ Онегиннің өлер алдындағы сөзін жазғаны ғой деп ойлаймын. Романның соңғы тараулары жоғалып кетті де, қалың қауымға Евгенийдің қайсыбір шатқалды қиялары белгісіз қалды. Тек жүз елу жылдай уақыт өткен соң ғалымдар Пушкин өз романын бас кейіпкердің өлімімен аяқтаған деген қорытындыға келді. Қазақтың ұлы ақыны бұл тарихи - әдеби пайымдауды білмей – ақ әріптесі Пушкиннің өзекті ойын, роман жүйесін терең түсініп аударғаны мәлім. Абай аудармаған романның басты бір жүйесі – махаббат шытырманын таңдап алғаны – бұл әңгімеден бейхабар оқушыға білініп тұрады. Ақындарымыз Пушкин маржанын қазақ халқының рухани дәулетіне айналдырмақ болып әлденеше жасаған әрекетіне қарамастан, Абай аудармасының биік шоқтығына әлі де қол жетпей келеді.

Аударма жүйесі ақын мақсатына тікелей байланысты: аударма көлемінде Татьяна мен Онегин бейнесін жаңғырту, жан бітіру, бейтаныс оқырман жүрегінде шымырлаған тұтас әсер қалдыру. Егер «Онегиннің сипаты», «Татьянаның Онегинге жазған хаты», «Ленскийдің армиясы» түпнұсқадан ажыратқысыз болса, басқа үзінділер еркін аударылған (бұл ежелгі Шығыс поэзиясының дәстүрі). Бұл үзінділер Абай аудармасында мағына – мақсатын, ырғақ – интонациясын, сезім әлемін түгел сақтаған.

Пушкин:

Я к вам пишу – чего же боле?

Что я могу еще сказать?

Теперь я знаю, в вашей воле

Меня презреньем наказать...

Абай:

Амал жоқ – қайттым білдірмей,

Япырау, қайтіп айтамын?

Қоймады дертің күйдірмей,

Не салсаң да тартамын.

Енді негізгі мәселеге көшейік: «Онегин сипатында» («Как рано он мог лицемерить?») Пушкин екі рет «жүрек» деген бейнені қолданады («В сердечных письмах небрежен», «Послушать сердца первый звук»). Міне, сондықтан да: «В сердечных письмах небрежен» деген жолды Абай: «Ғашықтық сөзге жүйрік, әсіресе» деп аударады. Бұл өзгерістен өлең зиян көріп тұрған жоқ. Енді бір жерде Абай: «Жүрегің қалай соқса, пайым қылар» деп дәлме – дәл аударады. Демек ұлы қазақ ақыны әріптесіне қылдай қиянат жасамай, оның ой – түйінін, сезім – ағымын ықылас ізетпен әдіптейді. («Онегиннің жауабы»):

Души доверчивой признанья

Любви невинной излияния...

деген тармақтарды да Абай жібектей тарқатады:

Жан жүректің толқынын да

Жаза алыпсың толтырып.

Еркін аударған өлеңдерінде Абай экспрессия мен эмоцияға толы тосын тіркестерді орынды қолданады – «Сұм жүрек» (екі рет) «Жас жүрек жанған», «Жүректің отты шағы» тәрізді. «Онегиннің Татьянаға жазған хаты», «Онегиннің Татьянаға жауабынан» мүлде басқаша: көңіл өзгерісін – «май сықылды еріп, от боп күйді жан», «жүрегіме түсті өрт», «Өлі бойға жан жүгірді», «Ықтиярсыз мұңды сезім, кетті ыршып жолыңа» - дей келіп осының бәрі ғашығы – Татьянаның «ақ жүрегінен» деп тиянақтайды.

Біздің еңбегімізден «жүрек» бейнесі шексіз қайталана береді деген пікір тумаса керек, мәселе керісінше: әлі күнге дейін әдебиетшілеріміздің өздері де бұл құбылысты жөнді байқап, байыбына бара қойған жоқ. Өйткені Абайдың жыр алқабында қисыны таба қиысып, табиғи сіңісіп кеткені соншама тосын көзге байқала бермейді. «Жеміт көз», «Қанды көз», «Қара бет», «Жанның жүрегі», «Жан кірі», «Жан жалыны» т.б. арнаулы зерттеуді қалайды.Абай тіл қазынасын тереңнен қопарған зергер. Қоғамның тамырлы құбылысы мен ет жүректің тылсым сырын шыншыл бейнелеп берген ана тілі ақын жырында қуатына – қуат, салмағына – салмақ қосып, асылдай шұғыла шашады.Ұлы ақын өнердің де сыры мен қыры, сымбаты мен сипаты, зері мен зердесі туралы терең ойды тебірене шертеді. Аталы пікірі әйгілі болғанмен, ақын ізін тағы шолып шығудың өзі - өрісті ойдың өресін танытып, келешекке қол созған ізгі арман – тілегін байқатады.











































Қорытынды

Тарихта ұлттың атымен қатар аталатын, ұлттын жер жаһанға танытатын дара, дана тұлғалар кездесетіні аян. Халқының ой-арманының, мақсат-мүддесінің үддесінен шығып, ұлы мұрат, жарқын жолға бастар көшбасшылық миссиясын «тәңірінің берген өнері» арқылы іске асыруға талпынған ұлы тұлға, ұлттық әдебиетіміздің темірқазығы, ақылдың ақыны Абайдың асыл мұрасы әлемге танылып, мәңгіліктігін де мойындатты.

«Абайдың өлген күнінен қанша алыстасақ, рухына сонша жақындаймыз. Үнемі бұл күйде тұрмас, халық ағарар, өнер білімге қанар, сол күндерде Абай құрметті күннен-күнге артылар «Бірінші ақынымыз» деп қабіріне халқы жиі-жиі зиярат етер, халық пен Абай арасы күшті махаббатпен жалғасар. Ол күндерді біз көрмеспіз, бірақ біздің рухымыз сезер, қуанар» (Қазақ, 1914.23.07) деген Міржақып Дулатовтың сәуегей пайымы ақиқатқа айналды.

«Адам деген даңқым бар» деп асқақ толғаған ақын алла «махаббатпен жаратқан адамзаттың» асыл қасиеттерін, ізгілік сипаттарының қайнар бастауы қайда екенін «толық адам» туралы тұжырымдамасы арқылы түсіндірді. Абай алдымен «адам болам десеңіз» деген тезис ұсынып алады да «бес асыл істің»: талап еңбектің – қайраттан, терең ойдың – ақылдан, қанағат, рақымның – жүректен шығатынын, «үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» деп түйіндейді. 17-қарасөзінде ақыл, қайрат, жүректің ізгілік сипаттарын үшеуінің айтысы арқылы өздеріне дәлелдетіп, ғылымға төрелік айтқызады: «Осы үшеуің басыңды қос, бәрінде жүрекке билет. Осы үшеуің бір кісіде менің айтқанымдай табылсаңдар, табанының топырағы көзге сүртерлік қасиетті адам сол». Үшеуің ала болсаң, мен жүректі жақтадым. Құдайшылық сонда, қалпыңды таза сақта. Құдай тағала қалпыңа әрдайым қарайды деп кітаптың айтқаны сол. Жүрек пен иман тақуалықты сақтайтын дене мүшесі ретінде кітапта – Құран кәрімде 133 рет кездеседі. Сопылық ағым өкілдері жүректі адамды періштеден де биік қылатын адам табиғатындағы «тәңірлік құпия», жаратушыны қабыл алатын адамның құдаймен тілдесетін орны «құдірет тағы», «асыл қазына қоймасы» ретінде таныса, шиит ойшылдары жүректі құран сөзінің құпия мағынасын және сезімнен тыс танымды ұға алатын мүше деп білді. Әл-Фараби «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары» атты трактатында «Қайрат», «Ақыл» және «Жүрек» ұғымдарына түсінік бере келіп: «жүрек басты мүше, мұны тәннің ешқандай басқа мүшелері билемейді, жүректің ізгі қасиеттерін жүзеге асыру ісіне қызмет ету тек қана миға (ақылға) тән қабілет» - дейді. (Әл-Фараби. Философиялық трактаттар. А., 1973 ж. 286 бет) Жүрек – алла-жар әмірін ет пен сүйектен жаралған адамзат кеудесіне ұялатушы. Жүрек әміріне құлақ аспау, ынсап пен қанағатты жоғалту, «бес дұшпанға» ырық беру, нәпсінің құлына айналу– адамдық қасиеттен азу. Фәни жалғандығын көкірек көзімен ұққан, өмір ақиқатын білуге құштар, жүрек қалауына ерік берген адам-әулие. Ақынның: «Жүрегіңнің түбіне терең бойла», «Жүрегіңе сүңгі де түбін көзде». «Ынталы жүрек сезген сөз». «Ынталы жүрек, шын көңіл, Өзгесі хаққа қол емес», «Жүректің көзі ашылса, Хақтықтың түсер сәулесі» – деген ойлары - ақиқатты тану жолын нұсқағаны. Ақынның ақиқатты, тылсым табиғат құпиясын тануға талпынысынан берік сенімі туған. Адам жаны мен тәнінің сан алуан жан қуаттарының сыр-сипатын саралап, ақыл, сезім, қайратты біртұтас құбылыс деп түсіндіреді. Педагогикадан оқулық еңбек жазған М. Жұмабаев та: «Педагогика ғылымы да адамның рухани әлемін үш салаға – ақыл, көңіл (ішкі сезім) және жүрек деп жіктейді. Қазақтың данышпаны Абай бұл үш тапты ақыл, қайрат, жүрек деп атайды» - деп Абайға сілтеме жасайды.Ақын «Тоты құс түсті көбелек» өлеңінде өмірдің өтпелілігін «бәйшешек», «көбелек» символдық бейнелеулері арқылы аңдатады:

Адамзатқа не керек:

Сүймек, сезбек, кейімек,

Харекет қылмақ, жүгірмек,

Ақылмен ойлап сөйлемек, -

деп екінші тармақта - жүректі, үшінші тармақта – қайратты, төртіншіде – ақылды меңзейді. Абай осы үш қасиетті терең пайымдаумен бір де бірлікте, бір де әрқайсысының сипатын жеке бөліп түсіндіру арқылы үнемі жетілдіріп, уағыздап отырған. Адамзат тірлікті дәулет білмек, Ақыл таппақ, мал таппақ, адал жүрмек,-дейді. «Қартайдық қайғы ойладық, ұйқы сергек» өлеңіндегі - ақыл таппақ – ақыл ісі, мал таппақ – қайрат ісі, адал жүрмек – жүрек ісі екені айқын. Абай ақылдың қасиетіне де айрықша тоқталады. «Ер ісі ақылға ермек, бойды жеңбек», «ақыл керек, ес керек, мінез керек», «ары бар, ақылы бар, ұяты бар» «достық, қастық - бәрі де жүрек ісі, ар-ұяттың бір ақыл күзетшісі». Бойды жеңбек қайраты бар адамның жүрегі де таза болуға тиіс. Себебі «жүректің – ақыл суаты». Қарасөздерінде ақылға кенделіктің залалын: «Жоқ, бірлік ақылға бірлік, малға бірлік емес, өзің тірі болсаң да көкірегің өлі болса, ақыл табуға сөз ұға алмайсың (6 сөз), «...көңілдері көкте, көздері аспанда, адамдық, адалдық, ақыл, білім, ғылым – ешнәрсе малдан қымбат демейтін» пенделердің мінезі мен тірлігін сынау арқылы санамызға сіңіреді. (Ақын «ақыл» сөзін өлеңдерінде 64, қарасөздерінде 75 рет қолданады). Аталған қарасөзінде: үйрену, құдайға лайықты ғибадат қылу, өнер мен мал табу, бойды таза сақтау, күнәһарліктен, көрсеқызарлықпен, нәпсі мен шайтанның азғыруынан құтқару, бойдағы дертті жеңу үшін қайрат керектігін тарата түсіндіріп, «Әсемпаз болма әрнеге» өлеңінде ақыл қайрат, жүректің (әділет, шапқат – жүрек ісі) бірлігін терең таныта түседі:

Қайрат пен ақыл жол табар,

Қашқанға да қуғанға ,

Әділет, шафқат кімде бар,

Сол жарасар туғанға.

«... адамгершілікті, моральдық философияны барлық жайдан жоғары қойған» (М.Әуезов) ақынның «табанының топырағы көзге сүртерлік қасиетті адамы» Сократтың «Өзін-өзі тани білген», қытайдың дао іліміндегі әбден жетілген адамы (совершенно мудрый человек), шығыс ойшылдары мен суфизмдегі камили инсани (камил – арабша – жетілген, инсан – парсыша – адам) кәміл адам. Хәкім Абай 38-қара сөзінде «белгілі жәуанмәртлік үш хәсләт бірлән болар деген, сидиқ кәрәм – шафағат болар. Ғақыл мағалұм дүр, ғылымның бір аты екендігі (сиддих, кәрәм, ғақыл – арабша - шындық, ақпейіл, ақыл) – Бұлар әр адамның бойында алла тәбәрәкә уатағала тахмин бар қылып жаратқан» деп түсіндіреді. Абайтанушы ғалым М.Мырзахметов Абайдың кәміл адам туралы ойларының жәуәнмәртлікпен сабақтасып жатқанын жан-жақты талдап, «жәуәнмәртлік негізі – адамгершілік» деген ой түйеді. (М.Мырзахметов Абайдың адамгерішілк мұраттары. А., 1993, 36 бет). Ұлы ойшыл ақыл, қайрат, жүрек,ғылым жайлы ой-танымдарын, толық адам сипаттарын төмендегі өлеңінде поэтикалық пайыммен терең түйіндейді:

Әуелде бір суық мұз – ақыл зерек,

Жылытқан тұла бойды ыстық жүрек.

Тоқтаулылық, қалыпты шыдамдылық,

Бұл – қайраттан шығады, білсең керек.



Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста,

Сонда толық боласың елден бөлек.

Ақыл, қайрат, жүректің таласына төрелік айтатын «сол үшеуінің жөнін білмек - ғылым – алланың бір сипаты». Ақынның тұнық ойының тұңғиығында жатқан інжу-маржандарын жүрегіңнің түбіне терең бойламай қасиетін тани алмайсың. Абай жолы-ақын тыңнан салған жалғыз аяқ-соқпақ жол, соқтықпалы жерде мыңмен жалғыз алысып өткен жол, артына өлмейтін сөз, өшпейтін із қалдырған өнегелі жол. Абай даналығы – алдында бағыт көрсетер жол бастар соқпақ із жоқ сахарада, соқтықпалы жерде, мыңмен жалғыз алысып, жүріп кемел ой, кәміл сенімге жетіп, толық адамға, ұлттың ұлы тұлғасына айналуы, әлемдік әдебиет көшінің алдыңғы легінде көрінуі.



Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. А.Құнанбаев ІІ ТШЖ. А., 1986, 2002 ж

  2. Абай. Таңдамалы өлеңдер. А., 1985-174б.

  3. Абай энциклопедиясы. А., 1995ж

  4. Әуезов М. Абайтану дәрістері. А., 1995ж.

  5. Әлімқұлов Т. Жұмбақ жан. А., 1978ж – 365б.

  6. Байтұрсынов А. Шығармалары. А., 1989ж – 226б.

  7. Есімов Ғ. Хәкім Абай. А., 1994-198б.

  8. Мырзахметов М.Абайтану тарихы. А., 1994ж – 192б.

  9. Мырзахметов М. Абай және шығыс. А., 1994-208 б.

  10. Мұхаметханов Қ. Абайдың ақын шәкірттері. IV ТШЖ. А.,1993ж -224б.

  11. Мұхаметханов Т. Абай мұрагерлері. А., 1995ж-208б.

  12. Сыздықова Р.Абайдың сөз өрнегі. А., 1995ж – 208б.

  13. Өмірәлиев Қ. Абай афоризмі. А., 1993ж- 128б.

  14. Омаров Д. Абайтану. А., 2002ж.

  15. Байғалиев Б. Абай өмірбаяны архив деректерінде. А., 2001ж.

  16. Ұлы Абайға адалдық. Жинақ. Семей., 2002ж.

  17. Абайды оқы таңырқа. Құр.:М.Мырзахметов. А., 1993ж.

  18. Абай және қазіргі заман.Жинақ. А., 1994ж.

  19. Ысмағұлов Ж. Абайдың ақындық тағылымы. А., 1994ж.















Армысы, Әз Наурыз

  1. жүргізуші : Армысыздар , аса құрметі "Әз Наурыз " мерекесіне жиналған, қауым!

  2. жүргізуші: Бүгін Көктем берекесі, жыл басы, ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі!


Жүргізушілер: Ендеше мереке де осында , береке де осында Ән " Наурыз -думан барлығы бірге


1-жүргізуші : Ерітіп қарын даланың, Жинатып гүлін саланың.

Жетелеп жұмсақ самалын,

Келді Наурыз – жыл басы.

Күлімдеп қарап күміс күн,

Аспанның бүркіп пүліш түн.

Ұлы күні Ұлыстың,

Келді Наурыз – жыл басы!


Кезекті Сәнияның орындауында "Наурыз-думан" әніне берейік.

  1. шумақ қайырмасымен айтады.

2-жүргізуші:

Кел, наурызым, шық төріме думандат, 
Жұрт қарасын бейнетіңе қайран қап.
 
Табиғаттың тұмса шағы тамсантып,
 
Халқым да бір жадырасын сайрандап.
 
Кел, наурызым, самалыңмен еркелет,
 
Қырға шығар, жамағатты жетелет.
 
Бала біткен болып жүр ғой мәз-мәйрам,
 
Наурыз келген, көктем келген екен дегендей , «Наурыз –аруын» қошеметпен қарсы алайық , ағайын!


/Осы кезде «Наурыз-ару» нөкер қыздарымен сахнаға шығады /


Наурыз аруы

Уа, халайық, тойларыңыз тойға ұлассын !

Кернейлетіп қуанышты салтанат .

Мәз -мейрам боп құлпырады шартарап.

Бүгін шаттық ,қыздырыңдар думанды.

Ұлыс күні , барлығыңа. Қыдыр қонсын аралап.






Қашанда құт – береке орнасын деп,

Тойларда шашу шашу - салты елімнің.

Уа, халайық! Теріп ал несібіңді,

Қабыл болсын, жамағат, ақ тілеуің!


Шашу! Шашу!

Көп шашайық шашуды,

Жауғандай кеп аспаннан нөсер жаңбыр.

Уа, жамағат, теріп ал несібіңді,

Ризығың болсын көл – көсір!



2 -жүргізуші:

"Ұлыс күні қазан толса,

Ол жылы ақ мол болар.

Ұлы кісіден бата алса,

Сонда олжалы жол болар".


Батаменен ел көгерер, жаңбырменен жер көгерер дегендей, бүгінгі қара шаңырағымызға қонақ болып кеп отырған Қызыр атамыздан бата сұрайық.

Қызыр ата! Бүгінгі думанға сонау алыстан ат арылтып, келгеніңізге орай ала келген ақ батаңыз бар болар. Мына халыққа ақ батаңызды беріңіз!

( Қызыр ата барлық жұртқа бата береді)


Қызыр ата:

Елдеріңнің іргесі берік болсын,

Жасқа құрмет, кәріге күтім болсын.

Сөздерің серттей берік болсын.

  Өмірлерің көңілді болсын.

  Қазақ елі атауы баршамызға,

 Мәңгілік ел болуға бастау болсын.

 Төрт түлік төлді болсын,

Теңгеміз құнды болсын. 

Пейілдерің кең болсын,

 Отбасына бақыт келсін,

 Таудай талап берсін,

Бармақтай бақ берсін.

Ұлыс оң болсын!

Қайда жүрсеңде жол болсын! Ал, халқым ,ата салтын ұмытпай,ұлыс тойын өткізіп жатқандарың өте жақсы. Ал,қане,ортаға өнерлеріңді салыңдар.

1-жүргізуші:Қыдыр атамның ақ батасына мың да бір алғыс!



2- жүргізуші:

Әдет-ғұрып, салт-дәстүрі қазақтың,
Жарасымды, ұнасымды, ғажап шың.
Ұмыт болған дәстүрлерді сақтайық,
Насихаттап, жаңартудан қашпайық.

Халқымыздың ғасырдан ғасырға жалғасып келе жатқан « Біз шаншар» , "Қазан шегелеу" атты салт-дәстүрлерімізді тамашалауға шақырамыз.


  1. жүргізуші: Қазақтың салт –дәстүрлерінің бірі «біз шаншар». Еліміздің шығыс, оңтүстік жақтарында «елші » орнына осы «біз шаншар» салты қолданылады. Бір топ ер азамат бойжеткен қызы бар үйге түсе қалады. Қандай шаруамен жүргенін айтпайды, ел шаруасын, амандық білген болып, қонақасын ішіп аттанып кетеді. Әдеп бойынша ел ішінде бір топ адам былай жүрмейді. Келген кісілер үй иесінің қайрағын алып кетіп , біз шаншып кетеді.Олар кеткеннен кейін отағасы қайрағын іздейді. Сырмаққа шаншылған бізді көреді, қайрақтың жоғалғанын біледі. Бұл - «ұл ержетті, қыз бойжетті, бала бізде бар, қаса сұлу сізде бар, жекжат болайық» деген ишарат. Бір апта ішінде үй иелері қайрақты алуға бармаса, онад құда болуға келіскендіктерін білдіреді.


Көрініс:


Отағасы: Әй ,бәйбіше , пышақ қайрайын деп едім, менің қайрағым қайда, көрдің бе?

Фарида : Ай ,шал -ау, қайрағыңды мен қайдан білейін, бір жерге қойған шығарсың.


Қазақ үйден бой жеткен қыз жүгіріп шығап:

Әжесі: Әже, апа мен үйді жинастырып жүріп шаншулы біз тауып алдым, қараңызшы.


Әжесі: Е.... бұл дегенің "Біз шаншар "болды ғой ,қарағым. Бағанағы келген қонақтар қандай шаруамен жүргенін айтпады.

Ел шаруасын, амандық білген болып, қонақасын ішіп аттанып кеткенін енді түсіндім.... Салтымыз бойынша ел ішінде бір топ адам бұлай жүрмейді. Бізді шаншып ,қайрақты алып кеткені бұл «бізде ұл, сізде қыз бар» құда болайық дегенді білдіргені ғой, қызым.


Апасы :Қызым, сен бой жетіп, бір шаңырақтың ұйытқысы болатындай дәрежеге жеттің.Сен арқылы өрісіміз кеңейіп жаңа жекжаттар тауып, құда –құдағи болғалы жатырмыз. Сен енді екі елдің арасындағы елшісің.


Көкірегі сырға толы күй –дастан,

Алатаудай арманы бар жүздеген.

Өзі өскен ұясына сыймастан,

Түзден бақыт іздейді екен қыз деген - деп бекер айтпаған болар.

Отағасы: Әй ,бәйбіше, бүгінгі келген кісілердің жүздерінен жақсы адамдар екені байқалып тұр. Құда болуға лайық кісілер сияқты.


Әжесі : Иә, келінжан, балам дұрыс айтады. Енедеше бұл тұрсымыз жарамас. Тезірек той қамына кірісейік. Құдаларды күтуге дайындалайық.

Апасы: Иә ,иә, дұрыс айтасыз ,әже. Сіздің айтқаныңыз жөн.

Көрініс: Қазан шегелеу. 

Өздері жақсы танитын, әзіл-қалжыңы жарасқан адамдар бір-бірінің үйіне бас қосып, "осы үйдің қазанын шегелей келдік" дейді екен.  Қазан шегелеу - қонақ бола келдік деген ұғымды білдіреді. Жолдастарының үйіне Біз шаншып кетіпті дегенді естіп, жолдас –жоралары қонақ болып келеді.

Бір топ әжелер, Бүлдірген әнін айтып келеді.

Ассалаумағалейкум, ағаларым бүлдірген
Ақ жібекпен қайырған жағаларын бүлдірген
Сіздерге арнап, ағайын, өлең айтсам бүлдірген
Жаңылдырма сөзімді, бабаларым бүлдірген
Қ-сы
Тауда өскен бүлдірген
Қырда өскен бүлдірген
Ағаларым болмаса,
Қадірімді кім білген
Жаны жайсаң ағайын
Қадіріңді кім білген
ахоу ахоу


Қарт кісі

  • Ассалаумағалейкум!

Отағасы:

- Уағалейкумассалам! Сәлем бердік!

-Төрге шығыңыздар!

-Келіңіздер!

Апа:

Біздің естуімізше, қыздарыңыз бой жетіп, ұзатылғалы жатыр дейді ғой.

Апа:

Е, қарақтарым, өздерің білетіндей ауылда сөз жатпайды ғой. «Біз шаншыды» дегенді естіп, "Осы үйдің қазанын шегелей келдік".

«Қазан шегелеу» үлкен тойдың , қуаныштың басы болсын.

Апасы : Рахмет, айтқандарыңыз келсін.Жоғары шығыңыздар.

Әжесі:

  • Ағайынның азары болса да , безері жоқ деген.Алтын тонның болмағанмен ,жаға менен жең керек. Асқан батыр болсаң да ағайын мен ел керек деген екен. «Құтты қонақ келсе,қой егіз табады»- дегендей. "Жақсы болды ғой, қазан шегелегіш шебер іздеп отыр едік . Қош келдіңіздер.

Бүгін міне ,ауданымыздан да ортамызға қонақтар келіп қалған екен. Ендеше, барлығыңызды да қара шаңырағымыздың төріне шақырамыз. Құтты қонақ болыңыздар!»

Отағасы: Ағайын, бүгінгі той сіздерге арналған .Жоғары шығыңыздар. Дастарханға төрлетіңіздер. Наурыз көжеден дәм татыңыздар. Бүгінгі қуанышымыз ұзағынан болғай.

1-жүргізуші :

Қарашы қазақ еліме,

Қарашы қазақ жеріме,

Кең өлке - Сарыарқасы,

Береке, дән алқасы.

Мереке, ән алқасы -дегендей, Қазақ «қазақ» деген атын осы кезге дейін қазақи салт- дәстүрлерімен , той –мереке, тағы басқа да жол – жосындарымен талай елді таң қалдырған.Бүгінгі күнде қазақ елінің Дәстүрі өз жалғасын табуда. Ата дәстүр мәңгілік өлмейді.

2- жүргізуші:

Әрбір күніміз мерекелі, әрбір ісіміз берекелі болсын!

1-жүргізуші:

Дамуымыз жедел, келешегіміз кемел болсын!

2-жүргізуші

Жарқын іспен күллі әлемді таң қылып, Жасай берсін, Елдігіміз Мәңгілік!






























Өздік жұмыс

І. Жансүгіров "Күй" поэмасы

( Мәтінді интерпретациялау)







Орындаған : Алматы облысы Алакөл ауданы Қабанбай ауылы

Мектепке дейінгі шағын орталығы бар мемлекеттік мекемесінің

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Кыяхметова Л.А













Ілияс Жансүгіровтың "Күй" поэмасын интерпретациялау

Матайда қазақтағы қобызшызшыдан қалған соңғы тұяғы - Молықбай шал. Молықбай шалдың тіпті маймаңдаған бақайшағына дейін жорға еді.Аман текше, ала қарлы жайлауда қарлатып, жаңбырлатып нөсер жауын төксе де, тоқсыртып, кәрі аршаны маздатып жаққан қобызшының үйіне келіп, қобызының үнін естуге құмартқан жандар да көп болатын. Соның ішінде біз де аталап, жалынып, атамызға қобыздан құздың күйін , мұздың күйін тартып беруін өтініп, қолқа салатынбыз. Ішкен қымызы мас етіп, маужыратқаннан кейін , көңілі көтеріліп, шабыты келген Молықбай шал: " Қане балам, қобызымды әпер! " деп, өзі де көп жалындырмайтын.Молықбай шал күйді шерткенде күй толықсып, өжет болып, кейде долыдай албытсынып, кейде паң ,кейде сергітер сергек тұлпардың шабысындай өткір болып естіледі. Қобызшының тартқан зарлы, ащы күйлері тас бұлақтың суындай лақылдатып, біресе жүректі шымырлатып, біресе көңілді тербейді.

Күйді шертіп отырып, самайындағы терді бір сыпырып, демала бергенде , тағы да қолқалау басталды. Бұл жолғы халықтың өтініші "Бозінген" күйі еді. Күй шертпес бұрын күйдің шығу тарихына байланысты аңызды бастап кетіп, арасында сол аңыздан туған "Бозінгенді" боздататын еді. Молықбай шал ертегісінің мазмұны былай өрбиді.

"Баяғы атам заманында Бағлан деген бай болыпты. Арқа оттап, асқар жайлап, құм күзеген қыстауы -Амударияның аяғында орын тепкен еді.Сол уақытта өзге түйеге ұқсамаған бір боз тайлақ болыпты. Ол бурасына , енесіне тартпаған өренде ,өлкеде жоқ айуан екен. Сондықтан болар ,туғаннан бай -бәйбіше оны ардақтап, оның жолына мал айтуға дайын еді. Су ішсе де , қырға кетсе де, шөбін жесе де, оның иелері "Тіл -көзден сақтай гөр"- деп сыйыныпты. Қырдың түні тұмандатып батқанда, бұлаң қаққан Сырдың суы қатқанда, күл көрпе, қорда төсек төсеп, қолға байлап, үкілеп, қара таспен тұмарлатыпты. Түкірігің жерге түспей, қыстың күні шұнаң қаққан аязда жабыла жүріп,Самарқанның жібегімен жабулап ,күтіп баққан екен. Күннен күн , аптадан ай,айлар өтіпті. Бозінген төлежіп, түгі түлеп, боталайтын уақыты жетіп, алтын басты,күміс бота дүние есігін ашыпты. Бозінгеннің боталағанын бай -дағы, бақташы да білмей қалыпты. Бозінгенді олармен бірге аңдып жүрген ұры ботаны ұрлап, аулаққа буып тастап, енесін керуенге әкеліп сатып жіберіпті.Апақ -сапақта сауда біткен уақытта інгенді керуен тіркеп жүріп кеткен екен. Бозінген артына қарай -қарай , боздай -боздай қоңыр түнді күңірентіп кете барды.Боздаған ботасына зар илеген Бозінгеннің өзендей сорғалаған екі көзінің жасы төрт табан құмды қосып, нан илеуге жарағандай. Сонымен бірге боздаған Бозінгеннің үні қара жерді күңірентті. Бозінгеннің күңіренген дауысынан аспанда қаңқылдаған қаз бен қу,тұнжырап жиде, жыңғыл үндемей, көкте күйінген жұлдыз, жылаған жел тына қалғандай күйге енді. Бұл керуенге бозінгенмен бірге құлдыққа адам да сатылып бара жатыр.Осындай күйге түсіп, сатылған, саудаланған құл да ашулы. Ботасынан айырылған бұл да ашулы. Біреуі -сана сезімі жетілеген адам, біреуі - ессіз айуан. Бірақ бұлар бір -бірін түсіне ме екен? Кім білсін. Бозінген тіл білмесе де құлға қарап , телміріп "Неткен қатал шіркін" дегендей зарын төгуде.

" Ей ,құл , сенің менен артықшылығың: тіл білесің . Тіліңнің пайдасы не? Екеуміздің жайымыз бір . Босанайын , Бұйдамды қи! Мін арқама, қайтайық жүр!" Бұл зарына құл құлақ түрсін бе? Әй, қайдам. Адамзаттың бір артық жері тіл біледі. Ал, тіл білгеннің пайдасы не ? Екеуінің барар жолы бір болатын .

Құл айдап, түн жамылып , інген зарлап, керуен кете береген Үргеншіге ...." деп, күйші отырушы еді зары деп Бозінгеннің күйін тартып....

Жан көңіліңді тебірентер түйенің күйін тартқан кезде, біздер құм кезіп, түзде безіп жүріп ерекше ықыласпен тыңдайтынбыз.Бұл күйдің сарыны кеш батып, қозы жамыраған уақытта аяқталушы еді. "Інген зары " қобыздан сонда ғана үзілген еді.

Молықбай шал осындай ертегі айтып, қобызға "Бозінген " деп зар қосқан екен.

Молықбай шалдың ертегісі жанды улап, жүрегіңе жара салардай күй кешкізеді.

Пайдаланылған әдебиетт :


Ілияс Жансүгіровтың "Күй " поэмасының желісі бойынша жалпы білім беретін 5-сыныбына араналған оқулық

Алматы ,Атамұра 2010жыл, 156-159 бет


PISA талаптарына сәйкес "Күй" поэмасының интерпретацияланған нұсқасы бойынша ашық тест сұрақтарының үлгісі


1. Тыңдармандардың шал үйін сағынудағы мәнісі неде ?

---------------------------------------------------------------------------


2. Бай -бәйбішенің бозінгеді туғаннан ардақтаудағы себебі не?

----------------------------------------------------------------------------


3.Бай мен бәйбішесі бозінгенді сырт көзден таса ұстаудағы мақсаттары не деп

ойлайсың?

----------------------------------------------------------------------------

4. Дүниеге келген ботаның ерекшелігі неде?

----------------------------------------------------------------------------

5. Бозінгеннің қоңыр түнді күңірентудегі себебі не деп ойлайсың?

----------------------------------------------------------------------------















І. Сабақтың тақырыбы: Сөйлем мүшелері бойынша өткенді қайталау



ІІ.Сабақтың мақсаты: а) Сөйлеу мүшелері туралы түсінік беру,олардың грамматикалық

белгілерін меңгерту,негізгі мәселелерді қайта жаңғырту,

қызығушылығын ояту;

ә) Өз бетінше ізденуге ,ойлау қабілетін арттыруға ықпал ету,өз

ойын еркін жеткізуге баулу,жылдам жауап беруге жаттықтыру;

б) Мақал - мәтел арқылы оқушылардың рухани байлығын

қалыптастыру,адамгершілікке тәрбиелеу

ІІІ. Сабақтың түрі: жарыс ( оқушыларды екі топқа бөліп, аукцион сабағын өткізу

арқылы өткен тақырыптарды қайталап,қорытындылау).



ІҮ. Сабақтың әдісі: Топтастыру,сұрақ –жауап,ізденушілік, талдау.

Ү. Көрнекілік: интерактивті тақта

ҮІ. Пәнаралық байланыс : әдебиет ,математика, әдеп.



Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру . Оқушылармен амандасу,оларды түгендеп,сабақтың мақсатын хабарлау,оқушыларды топқа бөлу,бір –бірінің жауабын тыңдауды, бағалауды ескерту.

Сабақтың барысы төрт кезеңнен тұрады.

Бірінші кезең: «талдау – табыс кілті»Оқушыларды екі топқа бөлу, сөйлдемдер беріп, талдату.

Екінші кезең І топ - «білгіштер».Оларға талдауға берілетін бастауышқа байланысты сөйлемдер.

  1. Құрмаш ( кім?) бұл сөзге көнбеді. (Зат есімнен жасалып тұр)

  2. Екеуі (кім?) қайтадан Қарадырға бет қойды. (сан есім)

  3. Бүгін бұлар ( кімдер?) Қарашоқыдағы күнкенің ауылына да жетпек. (сілтеу есімдігі)



Бастауыш пен баяндауыш арасына қойылатын сызықшаға байланысты сөйлемдер.

  1. Ол -күзетші жас жігіт Кәріпжан айтқан ән .(бастауыш ІІІ жақтағы жіктеу есімдігінен, баяндауыш зат есімнен жасалып тұр)

  2. бес жердегі бес –жиырма бес .(бастауыш та ,баяндауыш та сан есімнен жасалып тұр)

Қосымша қойылатын сұрақтар бастауыштың анықтамасы,олардың жасалу жолдарын сұрау,

ІІ топ –«Тапқыштар». Оларға талдауға берілетін баяндауышқа байланысты сөйлемдер.

  1. Енді кішкене жүрсек ,өтіп те кетеміз. (Етістіктен жасалған).

  2. Сиыр –төрт жүз, жылқы - мың үш жүз.( сан есімнен жасалған)

  3. Жүрісте, отырыста Құнанбай әлі тіп –тік. (сын есім)



Бастауыш пен баяндауыш арасына қойылатын сызықшаға байланысты сөйлемдер

1.Қуаты –ақындық, үміті –халық .(бастауыш та , баяндауыш та зат есімнен жасалып тұр .



2.Бұл –Бәкен . (бастауыш сілтеу есімдігінен,баяндауыш - зат есімнен жасалып тұр)



Қосымша қойылатын сұрақтар баяндауыш тың анықтамасы, олардың жасалу жолдарын сұрау.

Екінші кезең: «Кім көп біледі?»Мақал –мәтел айтудан жарыс





Бірінші топ.

  1. Алып (анадан) туады. 2.Ұстазыңды үлы әкеңдей (сыйла)

3.Гүл өссе жердің (көркі), Қыз өссе елдің (көркі). 4. (жақсы) ат -жанға серік.

5. (Отан үшін) отқа түс күймейсің.



Екінші топқа

  1. Шешен кісі (сөз)бастар, адал кісі (ел) бастар.

  2. Жақсының (ашуы) жібек орамал кепкенше.

  3. Ат сүрінбей (жер)танымас. 4. (әдепті ) бала –арла бала,(әдепсіз) бала сорлы бала.

  4. (оқу) –білім бұлағы, (білім ) - өмір шырағы.



Үшінші кезең .«Сұрақ -жауап». Сынақ өткізу



-Сынақ өткізу барысында сұрақтың екі жауабын, яғни «иә»немесе «жоқ »деп жауап бересіңдер.бұл кезеңге тек қана екі топтың басшылары қатысады.



Сұрақтар.

1. шылау сөйлем мүшесі бола ала ма? (жоқ) 2. Бастауыш кім,не деген сұраққа жауап береді.(иә). 3. Анықтауыш - сөйлемнің тұрлаулы мүшесі (жоқ) 4. Баяндауыш сөйлемнің тұрлаулы мүшесі (иә). 5. –ның –нің ілік септігінің жалғауы. (иә). 6. Мен ,сол ,ол, біздер жіктеу есімдігі (иә). 7. ма,ме, -ше сұраулық шылаулар (иә). 8. Лепті сөйлем қызметіне қарай негізгі, жетек, анықтауыштық болып бөлінеді. (жоқ) 9.Биылғы күн салқын - Бұл құрмалас сөйлем. (жоқ) 10. «У» тұйық етістік жасаушы жұрнақ. (иә)

Төртінші кезең: Сөйлемдерді сипаттап,талдау.

Сөйлемдерді мағынасына қарай ажыратыңдар.

1.Ей,сен бала, директордың шопыры емессің бе? Сипаты: сұраулы ,негізгі .

2. Құлайды! - деп айқайлайды. Сипаты :лепті,интонация арқылы жасалған.

3. Сен енгізші, осы ұсынысты, Осыны да айта баршы. Сипаты: бұйрықты,- шы,-ші. жұрнағы арқылы өтініш формасында жасалған.

4. Кішпейілділіктен қорлық көрген адамды естіген де, көрген де емеспін. Сипаты: хабарлы .

Сөйлемдердегі тұрлаулы мүшелерді тауып,қай сөз табынан жасалғанын анықтаңдар.

  1. Рахима бұған бірнеше рет ескерту жасады. Рахима – дара бастауыш , зат есім;

ескерту жасады –күрделі баяндауыш.

  1. Көмір қазушылар ауылда бір жұмадай жатты. Көмір қазушылар – күрделі бастауыш, жатты – дара баяндауыш.



Бастауыш пен баяндауыштың арасына сызықшаның қойылғанын ескере отырып,олар қай сөз табынан жасалғанын анықтаңдар.



  1. үлкен үйден дәм татып келу – борыш.

  2. Шетінен көшіріп жатқаны – кішкене молда жіберген « татьяна хаты».

Қорытындылау

-Сөйлем мүшелерін тіл білімінің қай саласы реттейді екен. ( синтаксис)

-Сөйлем мағынасына қарай нешеге бөлінеді? ( 4:хабарлы ,сұраулы ,лепті, бұйрықты.)

-Сөйлем мүшелері құрылысына қарай нешеге бөлінеді ? (3: дара ,күрделі, үйірлі.)

-Сөйлемнің тұрлаулы мүшелерін атаңдар . Бастауыш пен баяндауыштың сөйлемдегі қызметі қандай?



Бағалау .Сабаққа қатысулары бойынша әр оқушыны бағалау

Үйге : Адамгершілік,имандылық тақырыбына байланысты даналық сөздер тауып жазу



Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімінің құзыреттілігі – білім нәтижесі

Қазіргі кезде жоғары білім жүйесін реформалаудың басты мақсаты –білімді игеру кезінде күтілетін нәтижелерге қол жеткізу. Мұнда басты назар оқытушыдан жеке тұлғаға ауысады. Бул кезде тұлға өзінің өмірлік проблемаларын тиімді және рухани тұрғыдан шеше білетіндей өмір сүре алуды үйренуге міндеттеледі. Жеке тұлға бұрын білімді қабылдаушы, жинақтаушы,өзіне сіңіруші рөлдерін атқарса, ал жаңа талап бойынша өздігімен білім алушы,үйрене білуші ретінде танылады.Сондықтан жеке тұлғаны осы рөлдерді атқаруға лайықтау үшін оның жаңа бейнесін заман талабына сай дайындауымыз қажет.

Қазіргі заманғы білім берудің модернизациялау стратегиясын «құзыретті білім беру» деп атап жүр. Құзіретті білім беруді іске асыру жалпы бірқатар әдістемелік және теориялық мәселелерді шешудің жолдарын қарастырады.Бұл мәселе негізінен білім беру әдіснамасына қатысты.Қазіргі заманғы ғылым тарихында түрлі әдіс- тәсілдер,әдістемелер пайда болып,жаңаша білім беру жолдары іздестірілуде. Құзыретті білім беру тәсілдері «құзырет, құзыреттілік» ұғымдарымен тікелей байланысты.

Қазіргі заман талабына сай «Құзыретті мұғалім қандай болу керек?» деген сұрақ әркімнің көкейінде тұрады. Құзыретті мұғалім –көп тілді білетін, өз бетінше білім алып, шешім қабылдай алатын,топта жұмыс істей алатын,күтілетін нәтижені болжалдайтын,өзіне үлкен жауапкершіліктер алатын,өз бетінше ақпараттар ала білетін құбылмалы заманға ыңғайланып, ілесіп,кез келген жағдаяттардан шығудың жолын іздеп таба білетін,көшбасшысы бола білетін,халықтар достығын сақтауға тырысатын,олардың тілін, мәдениетін, әдет –ғұрпын сыйлайтын,жаңа ақпараттық технологияларды меңгерген жеке тұлға.

Ахмет Байтұрсынұлы « Мұғалім әрдайым ізденісте болса ғана шәкірт жанына нұр құя алады» дегендей, мұғалімнің ізденісі, жан –жақтылығы айтылып кеткен құзыреттілік арқылы айқындалады. Құзыреттіліктің мазмұны жеке кәсіптік,интегралдық сипаттама ретінде төмендегі қызметтерді жүзеге асырумен анықталады.

Болжау

Ұйымдастыру

Бақылау

Реттеу

Үйлестіру

Сәйкестендіру

Белсенділігін арттыру

Зерттеу

Оқыту үрдісінде оқушының өз еркімен білім алуына,материалды ойлау қабілетіне бағыттауға,оқытуды жаттанды түрде емес,шығармашылықпен меңгертуге көңіл бөлу қажет.Оқушы қиялы жүйрік,жан дүниесі нәзік,өзін қызықтырған істе белсенді,ақыл-қабілеті дамыған,сондықтан шығармашылық оған шын ләззат,қуаныш сезімін әкелуі тиіс.

Оқушылардың шығармашылығын дамыту жолдарын ақпараттық және коммуникативтік құзыреттіліктер арқылы іске асыруға болады.

Ақпараттық құзыреттілік арқылы нақты обьектілер көмегімен қажетті ақпаратты іздеу,талдап таңдап (іріктеп)алу,ұйымдастыру,түрлендіру,

сақтау және ақпаратты беру біліктері қалыптасады.Бұл құзыреттілік оқушының оқу пәндеріндегі және білім аймақтарындағы, сонымен бірге қоршаған дүниедегі ақпараттармен жұмыс істей білу дағдыларын қамтамасыз етеді.

Коммуникативтік құзыреттілік – қажетті тілдерді, қоршаған адамдармен және оқиғалармен әрекеттестікте болу тәсілдерін білуді, топта жұмыс жасау дағдыларын,ұжымдағы әр түрлі әлеуметтік рөлдерді меңгеруді қамтиды.Оқушы хат жаза, сауалнама толтыра, арыз жаза,сұрақ қоя, пікір таластыра т.б білуі тиіс.Бұл құзыреттілікті оқу үрдісінде игеру үшін коммуникациялардың нақты нысаналарының қажетті және жеткілікті саны және олармен жұмыс тәсілі белгіленуі тиіс.

Қазіргі кезеңдегі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімінің міндеті – жас буынды сөз өнеріне баули отыра оқытудың шығармашылық сипатын күшейте отырып,баланың жеке қабілеті мен әлеуметтік белсенділігінің дамуына жол ашатын шығармашыл тұлға қалыптастыру. Қазақ тілі мен қазақ әдебиетін оқытуда нәтижеге бағытталған іс –іс әрекетті құзыреттілік тұрғыдан жүзеге асыру –негізгі міндет. Құзырлылық –оқушы іс-әрекетінің сапасынан көрінетін білім нәтижесі.

Әрине, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне тың жауапкершілік жүктеледі, жұмыс нәтижесі олардың іскерлігіне байланысты болады.

Мұғалім оқушыны шығармашылыққа баулу арқылы шәкірт бойындағы талант көзін ашып,тілін байытып, қиялын ұштау мен өз бетінше ізденуге зор әсерін тигізеді.

Мұғалім оқушыларды мынадай жұмыстар арқылы шығармашылыққа баулиды:

  • Сюжетті сурет бойынша шағын әңгіме,ойтолғау жазу;

  • Берілген суреттерді көркем тілмен суреттеу;

  • Шешендік,нақыл сөздердің мәнін ашу;

  • Мақал –мәтелдер,әңгімелер негізінде әңгіме жазу;

  • Жұмбақ,жаңылтпаш,бейнесөз құрастыру;

  • өз сыныптастарының,достарының портреттерін суреттеу,мінездеме беру;

  • автордың ойын өз идеясымен өрбітіп жазу;

  • бес жолды өлең құрастыру;

  • жансыз нәрселерді жандандырып әңгіме,ертегі жазу

  • еркін тақырыптарға шығарма,ойтолғау,эссе жазу;

  • топпен ертегі құрастыру;

  • ұлы адамдар өміріне байланысты сұрақтар қою,пікір айту;

  • ақын –жазушылар шығармалары бойынша пікір алмасу;

  • оқыған кітаптары бойынша ойтолғау,эссе жазу;

  • қоғамдағы болып жатқан әр түрлі өзгерістерге байланысты пікір айту;

  • баспасөз материалдары бойынша пікір айту;

  • өлеңді қарасөзге айналдырып мәтін құрау;

  • ақпарат құралдарын пайдалана отырып,реферат,баяндама жазу;

  • іс-қағаздары үлгілерін жаздыру;

  • тақырыпқа сай диолог,монолог жаздыру;

  • оқиғаға қатысты өз ойларын айту;

  • өлеңді қара сөзге айналдырып мәтін құрау;

  • ақпарат құралдарын пайдалана отырып,реферат,баяндама жазу;

  • іс- қағаздары үлгілерін жаздыру,

  • тақырыпқа сай диолог,монолог жаздыру;

  • оқиғаға қатысты өз ойларын айту;

  • автордың көзқарасы туралы айта білу;

  • көркем туындыны талдау,салыстыру,қорыту,шешім көрсету т.б

Мінекей, бүгінгі күнде замана көшінен қалып қоймай уақыт талабына сай ертеңгі болашақ жас ұрпақты білімді етіп тәрбиелеу ұстаздарға зор жауапкершілікті жүктейді.Ол мұғалімнен үздіксіз ізденуді,өз білімін үнемі жетілдіріп отыруды талап етеді.Өйткені еліміздің ертеңі жас ұрпақтың қолында. Мұғалімнің шеберлігі мен жетістігі сапалы білім және жақсы тәрбие алған шәкіртінде.

Сөзімді:

Құзырлылық –адамның ол рухани байлығы,

Бәсекеге кез –келген сайлылығы.

Кәсіби қызметінің биігінен,

Ұстаздың көрінер балаға жайлылығы,-деп аяқтағым келеді.






















2 Қабанбай орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар мемлекеттік мекемесі









Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімінің құзыреттілігі – білім нәтижесі









































67





Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 22 ноября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru


Общая информация

Номер материала: ДВ-536922
Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 22 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>