Инфоурок Биология Другие методич. материалы"Тыныс алудың маңызы" ашық сабақ

"Тыныс алудың маңызы" ашық сабақ

Скачать материал

 Алматы облысы,

 Кербұлақ ауданы,

Майтөбе ауылы
Биология пәнінің мұғалімі:

Мұратбек Сауле Мәлікқызы
Күні:                       Пәні:  биология         Сыныбы:  8        Тексерген:

Сабақтың тақырыбы: Тыныс алудың маңызы. Тыныс алу мүшелері: ауа тасымалданатын жолдар және өкпе. Мұрын, аңқа, жұтқыншақ, көмекей, кеңірдек және негізгі бронхылар, олардың құрылысы мен қызметі. Өкпенің құрылысы және қызметі. Өкпедегі және ұлпалардағы газ алмасу.

Көрсетілім.Тыныс алу және тыныс шығару кезіндегі көкірек қуысының (кеуденің) сыртқы шеңберін өлшеп салыстыру.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Тынысалу жүйесі, оныңмүшелерінің құрылысы, қызметімен,өкпедегі және ұлпалардағы газ алмасупроцестерімен таныстыру;

Дамытушылық: Оқулықты дербес пайдалана алу, оның құрам бөліктерін оңай іске асыру икемдігін дамытуға ықпал жасау;

Тәрбиелік: Тынысалу жүйесінің қызметімен таныстыра отырып, тынысалу мүшелерін қорғауға баулу.

Сабақтың түрі:  аралас

Сабақтың әдісі:   сұрақ-жауап, баяндау                                  

Сабақта қолданылатын жаңа технология түрлері: тірек-сызба

Техникалық құралдар түрлері: интерактивті тақта

Сабақтың көрнекілігі:Кесте: «Тыныс алу жүйесі», адам торсы

Ұйымдастыру кезеңі: сәлемдесу, отырғызу, оқушыларды түгендеу, сынып бөлмесінің және оқушылардың санитарлық-гигиеналық жағдайларына назар аудару  

Үй тапсырмасын сұрау:

  1. Қан кетудің қандай түрлерін білесіңдер?
  2. Капиллярлық қан кетуді сипаттаңдар.
  3. Венадан қан кеткенде қандай алғашқы жәрдем көрсетіледі?
  4. Артериядан қан кеткенде қандай көмек көрсету қажет?
  5. Артериядан қан кетудің қауіптілігі неде?
  6. Қан кеткенде керекті құрал-жабдықтарды атаңдар

Сұрақтарға берілген жауаптарды талдап, толықтырып, жаңа сабақты түсіндіремін.

Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі:

Тыныс алу мүшесінің құрылысы мен қызметі. Тыныс алу дегеніміз – ағзаның қоршаған ортадан оттегін сіңіріп, өзінен көмір қышқыл газын бөлуін қамтамасыз ететін процестер жиынтығы.Құрылысы: танау тесіктері→кеңсірік→көмей→кеңірдек→ ауатамырлары→өкпе.

Сызбакестелер бойынша тыныс алу мүшелерімен, олардың құрылысымен таныстыру.

 

Тыныс алу мүшелері

 

Жоғарғы тыныс жолдары

 

Төменгі тыныс жолдары

 

Газ алмасу мүшесі

·         мұрын қуысы (екі танау тесігі)

·         кеңсірік (сілемейлі бөлімі)

·         аңқа (ауыз қуысы-мен түйісетін жері)

·         көмей (қалқанша тәрізді шеміршек пен дыбыс сіңірлері орналасқан)

 

·         кеңірдек (трахея)

·         ауа тамырлары (бронхылар мен бронхиолалар)

 

 

·         оң жақ өкпе (үш бөліктен)

·         сол жақ өкпе (екі бөліктен)

Өкпе -  өкпе көпіршік-тері – альвеолалардан тұрады

Көпіршіктердің саны - 700 миллион. Қабырғасы эпителий клеткаларыныңжұқа бір қабатынан тұрады және оларды қан тамырларының торы шырмап жатады. Оның негізгі қызметі — көпіршіктердің көлемін тұрақтандырып, қабысуына жол бермеу. Сонымен қатар ауамен бірге өткен микроорганизмдерді залалсыздандырады.  Оңжақ өкпе үш, ал сол жақ өкпе екі бөліктен тұрады. Әрбір өкпені сырты дәнекер ұлпадан тұратын жылтыр, тегіс - өкпе сіріқауызы қаптайды. Кеуде қуысының ішкі қабырғасын сіріқауыз астарлап жатады. Олардың арасы жіңішке қуыс, онда ауа болмайды, өте аз көлемде сероз деп аталатын сұйықтық бар. Бұл сұйықтық өкпенің үйкелісін жеңілдетеді.

Дені сау ересек адам минутына 16-18 рет тыныс алады. Өкпеде бұлшық еттер болмайды. Қабырғааралықтыныс алу бұлшық еттерінің күшті жиырылуынан кеуде қуысы қимылға келеді. Сыртқы қабырғааралық бұлшық еттер және көкет жиырылғанда, кеуде қуысы кеңейіп, көлемі үлкейеді де, кеуде қуысындағы қысым атмосфера қысымынан төмендейді. Өкпенің созылып, оған ауаның енуіне әсер етеді. Тыныс шығарғанда — сыртқы қабырғааралык бұлшық еттер созылады, көкет (диафрагма) жоғары көтеріліп, дөңестенеді.Кеуде қуысы тарылады. Сіріқауыз қуысындағы қысым жоғары көтеріледі. Өкпе сығылып, ондағы ауа сыртқа шығады.Сөйтіп, тыныс алу және тыныс шығару - біріне-бірі байланысты және олар сопақша мидағы ты­ныс жүйесінің орталығымен реттеледі. Жасөспірімдер де ересек адамдар сияқты 1 минутта 16—18 рет тыныс алады.

Сурфактант жүйесінің құрылысы. Газдардың алмасуы өкпенің көпіршіктеріндегі ауа мен қылтамырлардағы қанның арасында өтеді. Көпіршіктің ішкі бетін сурфактант деп аталатын қабық астарлайды.Сурфактант ауа көпіршіктерін тұрақтандырады және тіректік қасиет береді. Тыныс шығарғанда, ауа көпіршіктерінің жабысып қалуынан сақтайды. Сонымен бірге оттекті тасымалдауға әсерін тигізеді. Өкпедегісур­фактант жүйесіағзаны климат жағдайларына бейімдейді.  Экстремальдық жағдайларда сурфактант жүйесінің маңызы зор. Адамның екі өкпесінде 600-700 миллион ауа көпіршігі (альвеолалар) болады.

Газдардың алмасуы. Ауа көпіршігі мен қанның арасында газдардың алмасуы үздіксіз жүреді.Қалыпты жағдайда қан атмосфера ауасымен тікелей қарым-қатынасқа түспейді. Ауа көпіршігінің ауасын "тыныстың орталығы" дейді. Ол "сақтау орнында тұрған газ" тыныстыққұбылыстардың барлық кезеңінде тұрақты газдар алмасуын қамтамасыз етеді.Газ алмасу өкпе қылтамырлары үстімен жанасқан ауа көпіршіктері бетінде өтеді. Қылтамыр және ауа көпіршігі, яғни екімембраналық бет біртұтас қызмет аткаратын құрылымды түзеді. Оны ауа көпіршігі қылтамыр мембранасы деп атайды. 300 миллиард қылтамырларда 60-90 мл қан болады, олардың жалпы беті — 65-75 м2. Сондықтан газдардың қысымының айырмашылығы аз болған жағдайда да мембрананың екі жағында газдардың тепе-теңдігі қамтамасыз етіледі.

Ауаның құрамы

Атмосфералық ауа

 

Тыныс шығарғандағы ауа

 

  • О2 – 21%
  • N2 – 79%
  • CO2 – 0,03%
  • H2O – 0,15%

 

  • О216%
  • N2 – 79%
  • CO2 – 4%

 

Ауа құрамында — 21% оттек, 0,03% көмірқышкыл газы, 79% азот және аз мөлшерде су буы мен инертті газдар болады. Тыныс шығарғандағы ауа атмосфера ауасынан өзгеше. Мұнда — 16% оттек, 4% көмірқышқыл газы бар. Су буының мөлшері жоғары.

Өкпедегі газ алмасу оттек пен көмірқышқыл газдарының қанықпасының айырмашылығына негізделеді. Оттектіңқанықпасы өкпедегі көпіршіктердің көктамыр қылтамырларындағы көмірқышқыл газына қарағанда едәуір жоғары. Сондықтан өкпе көпіршіктерінен оттек қылтамырлар қабырғасы арқылы қанның құрамына өтеді. Одан соң эритроцит құрамындағы гемоглобинмен қосылып, оның тұрақсыз оксидін, яғни оксигемоглобин түзеді. Ұлпада салатамыр қаны салатамырлар арқылы газ алмасуын жүргізеді. Ұлпада О2салатамыр қанына қарағанда едәуір төмен. Сондықтан оттек салатамыр қанынан ұлпаға өтеді.СО2қанықпасы,салатамыр қанына қарағанда ұлпада жоғары, кіші қанайналым шеңберімен өкпеге келген көктамыр қанында СО2қанықпасы өкпе көпіршіктеріндегі ауаның құрамына қарағанда жоғары болады. Бұл СО2 көктамыр қанынан ауа көпіршігіне өтуіне себепші болады.

Газ алмасудегеніміз — оттектің немесе көміркышкыл газының қысымы жоғары орталықтан қысымы темен орталыкка өтуі.

Өкпедегі газ алмасуды сыртқы тыныс алу дейді.

Ұлпадағы газ алмасуды ішкі тыныс алу дейді.

Тыныштық күйінде ересек адамға, шамамен, минутына 300 см3 оттек қажет. Тыныштық күйінде ересек адам минутына 16 – 18 рет тыныс алу қозғалыстарын жасайды.

            Тыныс алу қозғалыстары негізінен қабырғааралық бұлшықеттер мен көкеттің жиырылуы арқылы қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар тыныс алуға бронхылар, кеңірдектің шеміршекаралық бұлшық еттері, омыртқа жотасының бұлшық еттері, иық белдеуінің бұлшық еттері, т.б. қатысады.

Бекіту сұрақтары:

  1. Тыныс алу дегеніміз не?
  2. Тыныс алу мүшелерін атаңыздар
  3. Өкпенің құрылысы қандай?
  4. Тыныс алу мүшелері қайда орналасқан?

5.      Сурфактанттың құрылысы қандай?

6.      Сурфактант қандай қызмет атқарады?

7.      Ауа көпіршігінің маңызы неде?

8.      Өкпеде газдар қалай алмасады?

9.      Ұлпадағы газдардың алмасуының ерекшелігі неде?

10.  Өкпедегі және ұлпадағы газдардың алмасуының маңызы кандай?

Сабақты қорытындылау: Оқушыларға тыныс алу мүшелерінің құрылысы және қызметі, тынысалудың адам өміріндегі маңызы туралы түсініктерді негіздеуге болады.

Оқушыларды бағалау. Үй тапсырмасы бойынша және сабақ барысындағы біліміне қарай оқушыларды бағалау.

Үй тапсырмасы:§39, 40. Жаңа термин сөздермен және тақырып соңындағы сұрақтармен жұмыс жасау.

Рефлексия кезеңі. Оқушылар сабақ барысында алған әсерлерін ортаға салады.

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Тыныс алудың маңызы" ашық сабақ"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Консультант по финансам

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 158 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 14.11.2016 2126
    • DOCX 44.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Муратбек Сауле Маликовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Муратбек Сауле Маликовна
    Муратбек Сауле Маликовна
    • На сайте: 7 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 18435
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Биология и химия: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель биологии и химии

500/1000 ч.

от 8900 руб. от 4150 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 324 человека из 68 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 138 человек

Курс повышения квалификации

Организация и руководство учебно-исследовательскими проектами учащихся по предмету «Биология» в рамках реализации ФГОС

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 126 человек из 47 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 328 человек

Курс профессиональной переподготовки

Биология и химия: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель биологии и химии

500/1000 ч.

от 8900 руб. от 4150 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 46 человек из 26 регионов
  • Этот курс уже прошли 58 человек

Мини-курс

Особенности психологической коррекции детей с различными нарушениями психического развития

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 387 человек из 70 регионов
  • Этот курс уже прошли 287 человек

Мини-курс

Основы финансовой отчетности

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Возрастные кризисы

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 30 человек из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 18 человек