Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Информатика / Другие методич. материалы / Тізбектелген сабақтар топтамасына бағдарламаның оқыту үшін бағалау модулі қалай және неге енгізілгені туралы рефлексивтік есеп
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Информатика

Тізбектелген сабақтар топтамасына бағдарламаның оқыту үшін бағалау модулі қалай және неге енгізілгені туралы рефлексивтік есеп

библиотека
материалов

Исмагамбетова Анаргуль Умирбековна Мұғалім портфолиосы А есебі

4 топ 3 – деңгей

Ақтөбе қаласы


Тізбектелген сабақтар топтамасына бағдарламаның оқыту үшін бағалау модулі қалай және неге енгізілгені туралы рефлексивтік есеп


«Адамзат табиғатының терең қасиеттерінің бірі адамдардың

өз дәрежесінде бағалануына деген құштарлық болып табылады»

У.Джеймс.


Бағдарламада көрсетілген жеті модульдің бірі- «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» болып табылады. «Бағалау» терминінің өзі «жақын отыру» дегенді білдіреді. ( Мұғалімдерге арналған нұсқаулық 57- бет). Бағалаудың екі түрі бар. Олар формативті және жиынтық бағалау болып табылады. «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалаудың» тарихы тереңде екенін мен осы Кембридж Бағдарламасы бойынша оқуға келген кезімде білдім. (Александердің 2001) жылы айтқан сыныптағы бағалау тек қана техникалық тәсіл емес, мұғалімдер жазбаша немесе ауызша түрде баға қою жолымен бағалайды деген. Осы орайда оқушыларды ынталандыру құралының бірі екенін айта кету артық болмасы сөзсіз. Бағалаудың басты мақсаты- оқушының іс- әрекеттерін, туындаған қиындықтарды жеңе білуін, мұғалімдер мен оқушылардың жетістіктері мен дамуы, айталық алынған ақпаратты түсіну және дағды туралы хабарлама беру болып табылады.Оқушылардың оқып алған білімдерін өздерінің түсініктерімен жеткізе алатын оқушы болса, мұғалімдер үшін де,оқушылар үшін де осы түсініктің мәнін білу аса маңызды, өйткені ол оқыту барысында ілгерілеу қадамдарын айқындау мен оған қолдау көрсету үшін қажет (Мұғалімдерге арналған нұсқаулық 55 бет).

Оқыту үшін бағалау  - бұл білім алушылар өздерінің  оқудың қандай сатысында тұрғанын, қандай бағытта даму керек және қажетті  деңгейге қалай жету керек екендігін  анықтау үшін оқушылар және олардың мұғалімдері қолданатын мәліметтерді іздеу және түсіндіру үдерісі.  Оқушылар өздерінің сыныптастарын және өздерін бағалауға  тартылуы мүмкін және мұғалімдер  бағалауды  белсенді жүргізген кезде, оқушылар белсенді қатысуы керек. Талпынғандар ғана білім ала алады. Білім алушылар өз білімін арттыру үшін бағалауды үйренуі қажет, сондықтан оқушыларға өзінің оқуын жақсарту үшін  кері байланыс арқылы  алынған ақпаратқа сәйкес жұмыс істеу қажет. Бұл олардан түсінушілікті, қызығушылықты және ықыласпен әрекет етуді қажет етеді (Мұғалімге арналған нұсқаулық 58 - бет).

Бағалаудың мақсаты оқытудың қиындықтарын анықтау, жетістіктер туралы кері байланыс орнату, ынталандыру. Оқушының өзін-өзі бағалауын елемей тастауға болмайды. Оны елемеу мынадай теріс құбылыстарға алып барады:

  1. Психикалық дамудың тежелуі;

  2. Оқытудағы психологиялық және мағыналық кедергілер;

  3. Жаман мінездің қалыптасуы:

Мен өз тәжірибемде бағалаудың әр түрін қолдануға тырыстым. Себебі өзін-өзі бағалау критерийлері бойынша бала өзіне баға беру арқылы өзін-өзі реттеуді үйренеді, ал топтағы оқушыларды бағалау арқылы салыстыра білуге шынайылыққа үйренеді.

Бұрынғы кезде бағалау тек мұғалім оқушыны бағаласа , ал қазіргі кезде бағалау - одан арғы оқу туралы шешімді қабылдау мақсатымен оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде жиынтықтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылатын термин.

Тәжірибеде бағалаудың өзін-өзі бағалау, бірін-бірі бағалау, тест арқылы бағалау, бағалау парағы, мадақтау сынды түрлері бар. Екі жұлдыз, бір тілек арқылы“ өз топтарына тілектерін айтты. Бағалау –білім сапасының көрсеткіші. Бағалау –одан арғы білім алу туралы шешімді қабылдау мақсатымен оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде жинақтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданады. Бағалау кезінде бағалау парақтарын дайындай отырып, өзін-өзі бағалау немесе топты бағалау бойынша бағалау жасауға болады. Бағалау критерийлерін оқушылармен бірге құруғада болады. Әділ баға балаға жақсы әсер қалдырады, әділетсіз баға балаға кері әсерін тигізеді, пәнге, оқуға деген қызығушылығы төмендейді. Әділ баға оқушының қызығушылығын, ынтасын арттырады.

Александер (2008) «Сыныптағы бағалау тек қана техникалық тәсіл емес, мұғалімдер жазбаша немесе ауызша түрде баға қою жолымен бағалайды» , - деп жазады . Бірінші бетпе-бет кезеңінде өзімді оқушы ретінде сезініп, баға ынтаны арттыратындығын түсіндім. Оқушылар мектепке күн сайын баға алу үшін , жора-жолдастарының алдында беделді боп жүру үшін жақсы баға алуға тырысады .

Мектептегі іс-тәжірибем кезеңінде 6 класта информатика пәні бойынша өткізген бірінші сабағым «Презентацияларды құру. Безендіру шаблондары» тақырыбымен бастадым. Өткен сабақты еске түсіру үшін интербелсенді тақтадан бейнежазба көрсеттім. Көрсету барысында оқушыларға, қандай бағдарлама туралы көріп отырғандарын ойлануына ой тастадым. Себебі, сұрақ қою маңызды дағдылардың бірі болып табылады . Көріп болған соң, «Презентация... көз алдарына не келеді?» деген сұрақ қойдым Рахат оқушым «Тұсаукесер», Слупан «Слайд», Аяжан «анимация», Рамазан «Шаблон» деген жауаптар айтылды. «Қаншалықты қажет?»- деген сұрағыма, Нурали «Күнделікті өмірде мәтіндерді әсерлі етіп көрсету үшін», Аружан «суреттерді әртүрлі дизайнда көрсету үшін» деп жауап берді, «Өмірде бұл бағдарлама керек пе?» деген сұрақ қойдым. « Ия, Әрине» - деген жауаптар айтылды. Бағалауды өткізу үшін оқушылардың нені білетіндігін және не істей алатындығын, сонымен қатар олар қандай қиындықтармен кездесуі мүмкін екендігін анықтау қажет мақсатында, үй тапсырмасы бойынша білімдерінің қаншалықты дәрежеде екендігін анықтау үшін 10 сұрақтық тест жұмысын алдым.

Жазып болған оқушылар «Қара жәшік» ішіндегі оқушылардың өздерін- өздері бағалай алуы және өздерінің оқуын қалай жақсартуға болатындығын түсінудің қажеттілігін іске асыру мақсатында тақтадан дұрыс жуаптарын шығардым. Олай жасаған себебім оқушылар жіберген қателерін өздері анықтаса сол арқылы есте сақтауын дамытса және өздерін әділ бағалап үйренсе деген ойым іске асты. Оқушылардың өздеріне тексертіп, бағалаттым. Тест парақтарына смайлик жапсырып бағалап шықтым. Мен өзін-өзі бағалағанда оқушының өзіне деген сенім мен сенімсіздік қатар жүретінін түсіндім,өздерің бағалаңдар деген кезімде жіберген қателеріне қарамай жоғарғы балл бергісі келгендері байқалды, анықтап қараңдар деген сайын әділ болғаны байқадым. Жаңа тақырыпты ашу үшін оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау модульіндегі қара жәшіктегі сұрақтың дұрыс болуын ескеріп, ашық сұрақтар қойдым, Мысалы:- «Алдыңызда слайд тұр солай ма?» деген сұрағыма оқушылар, «Иә» деген жауаптар айта бастады. «Ұнай ма? Не себепті?»-дегеніме әртүрлі жауаптар айтылды. «Жетіспеушілік бар ма? Қалай түрлендірер едің?» деген сұрағыма балалар өз ойларын айта бастады. Сұрақты қайта бағыттап, «сен көмектесе аласың ба?» немесе «көмектесе алатындар бар ма?» -деп диалогтік тәсілмен сыни тұрғыдан ойлауына ықпал еттім. Сонда Рамазан деген оқушы жетіспеушілігін айтып, көмектесуге дайын екенін айтты. Мен жауап беріп отырған оқушыларды мадақтап отырдым. Көзбен көретін айғақтар негізінде сын тұрғысынан ойлау үшін интербелсенді тақтадан PowerPoint бағдарламасының терезесі мен басқару элементтерінің суреттерінен постер дайындау тапсырылды. Постер дайындау мазмұнының ашылуы, жүйелі баяндалуы, эстетикалық талғамға сай болуы керек деген критерийлер арқылы бағаланатынын ескерттім. Егер белгіленген өлшемдердің бірі болмаса- «4», ал екеуі болмаса - «3» қойылатыны тапсырма барысында келісілді. Бұл балалардың әділ бағалануының кепілі екендігіне оқушылардың көзі жетті.

hello_html_m308ffbab.pnghello_html_m25316513.png


Жұмыс жасау барысында тақтадағы суреттерге тамсана қарап отырғандарын байқадым, себебі оқулық, газет - журналдан көргендеріндей емес сандық технологияның дамыған уақытында түрлі-түсті етіп дайындаған едім. Бұл жұмыс барысында зерттеудегі Слупан оқушымның өз тобында «басшылық» жасап отырғаны байқалды. Өзі нақты білмесе де топтық жұмыс пайдасы арқылы «былай салайық», «мұнда қояйық»- деп өзінің ұйымдастырушылық қабілетін, эстетикалық талғамы барын көрсетіп отырды. Өйткені, өзі бейнелеу өнері мен еңбекке баулу пәнін басқа пәндерден артық жақсы көретін Осы тапсырма барысында құлшына кірісіп кетті. Оның іс- қимылына қарап қызығушылығын оятқаныма өзім де қуандым. Шәкіртіңнің әр жетістігі біз үшін мақтаныш екенін ғұламалар бекер айтпаған екен осы тұста түсіндім.. Әр топтың баяндамашылары жасаған постерді қорғап шықты. Барлық топты «өте жақсы» деген бағамен бағаладым. Себебі бағалау критерийлеріне сәйкес жұмыс жасалды. . Бұл сабақта критерий арқылы жиынтық бағалау жүргіздім, бағалау критерийлерін оқушылар өздері талқылап, бірлесе дайындады. Нәтижесінде оқушылар әр топтың жұмысының, презентациясының түйінді мәселелерін ажырата білді, меңгергенін жеткізе білу әдістерін ұғына, оқушылар бақылау жасауды, мәліметтерді интерпретациялауды және қорытынды жасай білді. Келесі тапсырмада мәтінді тізбектеп айтып шығу керек болатын, айтылмай қалған тұсын толықтыру үшін оқушылар арасында талас пайда бола бастады себебі мен әр дұрыс жауапты жұлдызшамен бағалап отырдым. Мен белгілер арқылы бағаланудың балалардың ынтасы және белсенділігі артатынын осы тұста байқадым. Талпынғандар ғана білім алады дегендей формативті бағалау іске асқан сайын балалардың құлшынысы артты.

«Кестелерді, суреттерді, бейнені және дыбысты кірістіру» тақырыбына балалар бірлескен ұйымшылдықпен қатысты. Бұл сабақта критерий арқылы жиынтық бағалау жүргіздім, бағалау критерийлерін оқушылар өздері талқылап, бірлесе дайындады. жаңа сабақты меңгеру барысында «ЖИГСО» әдісі арқылы әр топқа тақырыпты 3-ке бөліп үш топқа таратып бердім. Үш топтың әрқайсысы тақтаға шығып жұмыстарын қорғады. Балалар өздерінің жасаған постерлеріне екі жұлдыз бір тілек айту арқылы бағаларын қойып шықты.


hello_html_m68ca2600.pnghello_html_m302bccd4.png

Үшінші сабағымды «Анимация әсерлерін баптау» деген тақырыппен өттім. Бір күн бұрын өтетін тақырыпқа байланысты табыс критерийлерін беріп жібердім.Алдын ала беріп жіберген табыс критерийлері бойынша тақырыпқа дайындалуда оқушыларымның сабаққа қатысуына, ақпаратты жан-жақты ізденуіне бағыт беретіні осы тұста анық байқалды. Табыс критерийі оқушылардың ізденуіне көмек болғаны мені қатты қуантты. Үй тапсырмасына берілген бағалау критерий бойынша нақты жауап беріп отырған оқушыларды формативті бағалап отыруды іске асырдым. Сол кезде жанында отырған оқушының көзінен, менде смайлик алсам дегендей ұшқын пайда болды. Әр топта талдау жүргізу үшін «Кемпірқосақ» стратегиясын пайдалануды ұйғардым. Әр түрлі түстер арқылы жаңа топ құрып, өз тобында баяндалған мәтінді жаңа топта талқылап, қайтадан өз топтарына оралды. Енді өз топтарыңда таныстырылым дайындаңдар деген тапсырманы ести сала, үлкен құлшыныспен кірісіп кетті. Алдымен бастамас бұрын бағалау критериймен танысыңдар, жақсы баға алғыларың келе ме?, ол үшін бөлімдегі мағлұматтың толық болуы, эстетикалық талғаммен орындалуы, баяндамашының айтып жеткізуіне назар аударыңдар, өйткені топ аралық бағалау болады деп нұсқау бердім. Оқушылар өздерінің әрбір айтылған жауаптарын өзара тыңдау арқылы әділ бағалауларына итермелеуді көздедім. Дайын болған әр топтан баяндамашы шығып өздеріне берілген бөлім бойынша айтып шықты. Қалай айтып шықты? Қалай бағалайсыңдар?- деген сұрақтарыма «басбармақ» (жест) көрсету арқылы бағалады. Оқытуды диалогтік тәсілмен дамытуға «неге олай ойлайсың?» –деп, оқушылардың бір- бірінен үйренуіне, басқа оқушылардың идеяларын құрметтеуіне және бағалауына ықпал жасадым. Анимация әсерлеріне жасаған ассосацияларын бағдаршам көздері арқылы бағалау жүргізді.

hello_html_m3b2ebbb.pnghello_html_514388f.png




Оқыту үшін бағалауда білім алушылар өз білімін арттыру үшін де бағалауды үйренуі қажет дегендей, кері байланыс арқылы алынған ақпаратқа сәйкес өз оқуын да жақсартса деген ойым іске асты деп ойлаймын. Қысқа мерзімдік жоспар бойынша төртінші сабағымды «Презентацияларды көрсету» тақырыпта өттім. Бұл сабағымда мен оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау модулін ұтымды қолдануды жоспарладым. Себебі, білім беруді, әдістерді және осы мүмкіндіктерін анықтауға бағытталған бағалау формативті немесе оқыту үшін бағалау болып табылатынын (нұсқаулық, 56 бет) басты әдіс етіп алдым. Үй тапсырмасына берілген критерийлерге байланысты өткен сабақты еске түсіру үшін «Елші» стратегиясын пайдаландым.

hello_html_m478d0474.png

Оқушылардың сабақ барысында «оқушы- оқушы» жағдайында қарым- қатынас, түсінікті дамыту мен мағынаны ашудың елеулі бөлігін қаншалықты құрайтынын білгім келді. Алдымен бұл стратегияны түсіндіріп өттім. Өздерің теледидардан әншілермен, атақты жұлдыздармен кездесулерді көріп жүрген шығарсыңдар, сендерде бүгін өздеріңді кездесуде отырға сияқты сезініңдер дедім. Сол әсерге еніп кеткендей көздерінде қуаныш сезімі пайда болды. Алдыңғы өткен тақырыпқа байланысты әр топ үш сұрақтан дайындап, басқа топтан сұрап отырды. Бірінші топ - екінші топқа, екінші топ - үшінші топқа, үшінші топ - бірінші топқа сауал қойды. Әр берілген жауапты қол соғып қошемет көрсетіп отырды. Бағалаудың бұл түрі оқушылардың өзін- өзі бағалауына және қызығушылығына ықпал ететіндігін мойындау, бұл өз кезегінде білім алуға түбегейлі ықпал ететіндігі (Нұсқаулық 60 бет) осы тапсырмада анық көрініс тапты.Бағалаудың hello_html_m34dc6d74.pngнегізгі идеясы жұптың өзін-өзі бағалауы болды.


hello_html_76546db2.png

Жигсо әдісін қолданғанда оқушылар ынталы, жинақты, белсенді араласты. көзбен көретін айғақтар негізінде сыни ойлауды дамыту мақсатында әр топқа «Ғарыш әлемі» тақырыбында презентация қорғады. Топтар презентацияны қарай отырып бір-бірімен әңгімелесіп, ой-пікір алмасып, ұсынылған пікірлерді топ ішінде өзара ишара белгілері арқылы бағалады және бір-бірін толықтыра келе топтың атынан ортақ шешім ұсынды.

Талпынғандар ғана білім алады дегендей, білім алушылар өз білімін арттыру үшін бағалауды үйренуі қажет. Сондықтан кері байланыс жүргізу кезінде олардан түсінушілікті, қызығушылықты ықыласпен әрекет етуді талап еттім. Жылдам оқып болған оқушылардың оқулықтарына смайл белгілерін жапсырған кезімде, жанындағы баяу оқитын оқушылардағы шапшандық байқалды.

hello_html_25c56f77.pnghello_html_34c87ae5.pnghello_html_298daf3.png

Альберт Бандура(2001) айтқандай өзара әрекет, еліктеу, басқаларды бақылай отырып өздері де солай өзгеретіні іске асты.Талантты және дарынды балаларды айқындау үшін сұрақтар дайындадым. Бағалау критерийі бойынша бағаланатындарын ескертіп, таныстырып өттім. Сұрақты тыңдап алып, нақты, ұтқыр жауап беріп, белсенді қатысып отыру керектігін айтып өттім. Әр жауаптарына жұлдызша алып бағаланған сайын, оқушыларда бәсекелестік пайда болып, таласа жауап беру басталды. Зерттеудегі Ақгүлім деген оқушым басқа сыныптастарымен тіл табысып кетуі қиындау еді. Ал бүгін мен сол оқушымның қасындағыларға еліктеп жауап беріп отырғаны үшін мадақтап, көтермелеп жұлдызшамен бағалаған сайын, қасындағы оқушылар «кел, мынаны былай айт, жарайсың» дегендей қолдау көрсетті. Мен бұрынғы дәстүрлі сабақтарымда кім көп қол көтерсе сол біледі деп сол оқушыны тыңдай беретін едім, тыныш отырған оқушы өз шаруасымен отыра беретін. Ол сабаққа тағы дайын емес деп, оған көңіл бөлмейтін кездерімде болатын. Оқушыларым мұғалімнің мадақтауын қажет ететінін, жылы сөз естіген сайын оқуға талпынатынын байқап басқа пән мұғалімдеріне де ескертіп өттім. Оқушылар жұлдызша жинау үшін бір-бірінен бұрын жауап бергілері келіп, бір- бірін тыңдамай, шулай бастаған еді, «топ ережесінің қай тұсы іске аспай жатыр» деген едім, өздері тыныштала қалды. Зерттеудегі Ақгүлім менің қойған сұрақтарыма жауап бере отырып, не жазу керек екенін түсініп болып жазуға кірісті. Түрткі болуға арналған сұрақтарым толық жауап беруге жетеледі. Эссені критерий бойынша бағаладым. Бағалау критерийлерін басшылыққа ала отырып қойылған бағаларға оқушылар келісіп қана қойған жоқ, келесі жолы жоғарғы нәтижеге жету үшін қандай кемшіліктерін жою керектігін түсінді деп ойлаймын. Лев Выготский атап көрсеткендей «Жақын арадағы даму аймағында» жұмыс істей отырып, оқушылардың когнитивті дамуы жақсарды деген пікірі іске асты. Оқушыларымның жеткен әрбір жетістігі менің тарапымнан да, сыныптастарының тарапынан да қолдау тауып отырды. Еткен еңбектерін үнемі формативті бағалап, көңілдерін көтеретіндей мақтау сөздер айтып отырдым, осылай бағалау барысында барлық балалардың аз да болса жеткен жетістіктері мадақталып отырды. Сабақ соңында жинаған белгілері арқылы суммативті бағаланды. Жиынтық баға ашық түрде қойылды. Оқушы нәтижеге жету үшін өзінің мүмкіндіктерін ғана емес, сонымен қатар нәтижеге жету жолын алдын – ала біліп отырды. Міне төрт сабақты өтіп болғаннан кейінгі менің жаңа әдіс-тәсілді қаншалықты меңгергендігімнің көрінісі. Соңғы сабағымда оқыту үшін бағалауды іске асырған сайын балалар өздерін басқа қырынан көрсетіп шықты.Үлгерімі төмен, денсаулығына байланысты ойлауы төмен оқушылардың бойындағы оқуға деген ынтасы күшейгені мені қатты қуантты. Әр әдісті ұтымды пайдалана білсек біздің еңбегіміздің жемісі биікте болатыны айдан анық деп ойлаймын.

Пайдаланған әдебиеттер:

Мұғалімдерге арналған нұсқаулық

Информатика негіздері журналы. 2012 жыл.

Интернет желісі:http://45minut.kz.















Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Краткое описание документа:

«Адамзат табиғатының терең қасиеттерінің бірі адамдардың

өз дәрежесінде бағалануына деген құштарлықболып табылады»

У.Джеймс.

Бағдарламада көрсетілген жеті модульдің бірі- «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» болып табылады. «Бағалау» терминінің өзі«жақын отыру» дегенді білдіреді.( Мұғалімдерге арналған нұсқаулық57- бет). Бағалаудың екі түрі бар. Олар формативті және жиынтық бағалау болып табылады. «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалаудың» тарихы тереңде екенін мен осы Кембридж Бағдарламасы бойынша оқуға келген кезімде білдім. (Александердің 2001) жылы айтқан сыныптағы бағалау тек қана техникалық тәсіл емес, мұғалімдер жазбаша немесе ауызша түрде баға қою жолымен бағалайды деген. Осы орайда оқушыларды ынталандыру құралының бірі екенін айта кету артық болмасы сөзсіз. Бағалаудың басты мақсаты- оқушының іс- әрекеттерін, туындаған қиындықтарды жеңе білуін, мұғалімдер мен оқушылардың жетістіктері мен дамуы, айталық алынған ақпаратты түсіну және дағды туралы хабарлама беру болып табылады.Оқушылардың оқып алған білімдерін өздерінің түсініктерімен жеткізе алатын оқушы болса, мұғалімдер үшін де,оқушылар үшін де осы түсініктің мәнін білу аса маңызды, өйткені ол оқыту барысында ілгерілеу қадамдарын айқындау мен оған қолдау көрсету үшін қажет (Мұғалімдерге арналған нұсқаулық 55 бет).

Оқыту үшін бағалау - бұл білім алушылар өздерінің оқудың қандай сатысында тұрғанын, қандай бағытта даму керек және қажетті деңгейге қалай жету керек екендігін анықтау үшін оқушылар және олардың мұғалімдері қолданатын мәліметтерді іздеу және түсіндіру үдерісі. Оқушылар өздерінің сыныптастарын және өздерін бағалауға тартылуы мүмкін және мұғалімдер бағалауды белсенді жүргізген кезде, оқушылар белсенді қатысуы керек. Талпынғандар ғана білім ала алады. Білім алушылар өз білімін арттыру үшін бағалауды үйренуі қажет, сондықтан оқушыларға өзінің оқуын жақсарту үшін кері байланыс арқылы алынған ақпаратқа сәйкес жұмыс істеу қажет. Бұл олардан түсінушілікті, қызығушылықты және ықыласпен әрекет етуді қажет етеді (Мұғалімге арналған нұсқаулық 58 - бет).

Бағалаудың мақсаты оқытудың қиындықтарын анықтау, жетістіктер туралы кері байланыс орнату, ынталандыру. Оқушының өзін-өзі бағалауын елемей тастауға болмайды. Оны елемеу мынадай теріс құбылыстарға алып барады:

  1. Психикалық дамудың тежелуі;
  2. Оқытудағы психологиялық және мағыналық кедергілер;
  3. Жаман мінездің қалыптасуы:

Мен өз тәжірибемде бағалаудың әр түрін қолдануға тырыстым. Себебі өзін-өзі бағалау критерийлері бойынша бала өзіне баға беру арқылы өзін-өзі реттеуді үйренеді, ал топтағы оқушыларды бағалау арқылы салыстыра білуге шынайылыққа үйренеді.

Бұрынғы кезде бағалау тек мұғалім оқушыны бағаласа , ал қазіргі кезде бағалау -одан арғы оқу туралы шешімді қабылдау мақсатымен оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде жиынтықтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылатын термин.

Автор
Дата добавления 02.05.2015
Раздел Информатика
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров2027
Номер материала 261417
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх