Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Тізбектелген сабақтар топтамасынан алынған бір сабақ бойынша рефлексиялық есеп
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Другое

Тізбектелген сабақтар топтамасынан алынған бір сабақ бойынша рефлексиялық есеп

библиотека
материалов

Нигметова Ботагоз ІІІ деңгейлі мұғалімнің В2 есебі

IV қазақ тобы портфолиосы

Атырау қаласы 12.11.2015


Тізбектелген сабақтар топтамасынан алынған бір сабақ бойынша

рефлексиялық есеп

«Оқуды үйретудің» қозғаушы күші «метатану» болып табылады. Басқаша айтқанда, оқу бар, бірақ сонымен бірге оқуды үйрену де бар. Адамдар ойлауға қабілетті және ойлау туралы ойлануға да қабілетті.Тап осы сияқты танымдық қабілет бар да, сол сияқты танымды тану да бар. «Метатану» деп индивид қалай ойлайтынын, оқитынын қадағалау, бағалау, бақылау, кейінгі оқу үдерісінде мұндай ойлаудың нәтижелерін саналы қолдану үдерісі ретінде сипаттауға болады. Бұл үдерісте мұғалім оқушыға:

. оқу міндеті қоятын талаптарды түсінуге;

. жеке зияткерлік үдерістерін және олардың қалай ықпал ететінін білуге;

. тапсырмаларды орындау стратегияларын әзірлеуге және ойластыруға;

. нақты тапсырма үшін барынша оңтайлы болып табылатын стратегияларды таңдауға көмектеседі.

Осы төрт тармақты іске асыру үшін оқушылардан оқуды үйрену талап етіледі. Мұғалімдер, өз кезегінде, өзінің сабақ беруіне емес, оқушылардың оқу ептілігін дамытуға назар аударуы тиіс. Осы мақсатта мұғалім оқыту ортасын құру керек, соның арқасында оқушылар ақпаратты енжар қабылдамай, оқу үдерісіне белсенді қатысатын болады. Әңгімеге арқау болған бөлімнің негізгі идеясы ақпарат беріледі дегенге саяды, бірақ білім мен түсінік оқушы бойында қалыптасады, ал мұғалім- бұл үдерісте көмек көрсететін жан [1.29]. Сабақ – мұғалімнің ізденісінің нәтижесі. Күнделікті сабақта оқушылардың бір сарындылықпен оқуы – оқушылардың пәнге деген қызығушылығын жоғалтады. Сондықтан сабақты мазмұнын аша түсу үшін түрлендіріп өткізу керек. Жаңа тәcілмен сабақты өткізу арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыруға болады. Заман талабына сай оқыту үшін сабақта жаңа әдістерді қолданып, алған білімдерін өмірде өздерінің қажеттілігіне пайдалануға тәрбиелеу. Осыны іске асырудың жолы жас ұрпаққа cындарлы тұрғыдан оқытып, нәтижесінде ойын еркін жеткізетін, ынталы, сыни пікір, көзқарастары жүйелі дамыған, сандық технологияларда құзырлылық танытатын оқушы қалыптастыру болды. Мектептегі тәжірибеге барғанда алдыма қалай оқу керектігін үйренуде оқушылардың түсіну, бақылау және оқу тәжірибеcіне қадағалау жүргізу қабілеттерін дамытуды қалыптастыруды мақсатым деп алдым. «Тағамдар» тарауы бойынша 6 сыныпқа арналған тізбектелген сабақтар топтамасының орта мерзімді жоспарын құрдым. Соның ішінен жоспар бойынша «How much juice?» «How many apples?» тақырыбындағы екінші сабағымды  есепке енгізуді ұйғардым. Бұл сабақты таңдаған себебім оқушылардың бойындағы байқаған азғантай болсада өзгерісті көрсету. Сабақтың негізгі мақсаты: a lot of, a few, a little, much, many белгісіздік есімдіктерінің ережесін түсініп, қолдануға, How much juice? How many apples? сұрақтарына жауап беруге және мысал келтіруге үйрену. Сабаққа деген қызығушылығын оята отырып, белсенділіктерін арттыру. Барлық оқушылардан күтілетін нәтиже: a lot of, a few, a little, much, many белгісіздік есімдіктерінің ережесін қолдана алады. Оқушылардың басым бөлігі: How much juice? How many apples? сұрақтарына жауап бере отырып, мысал келтіріп, сөйлем құрай алады. Кейбір оқушылар: a lot of, a few, a little, much, many белгісіздік есімдіктерін және саналатын\саналмайтын зат есімдерді қолдана сатып алатын заттардың тізімін жасай алады. Сабақта бағдаpлама модульдерін ықпалдастыра отырып  мақсат  мен  нәтижеге жету жолдарын қарастырдым.

Сабақты ең алдымен оқушылаpмен амандасып,  ұйымдастыpудан бастадым. Сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында «Бес жұлдыз» атты жағымды психологиялық ахуал қалыптастыратын ойсергек өткіздім. Мақсатым: оқушылардың көңілін көтеру және олардың назарын сабаққа аудару, жұмысқа ынталандыру, сонымен қатар оқуда ынтымақтастық ахуалын туғызу болды. Бес жұлдыздың әр бұрышына бес оқушының атын жазып 1-қол алысу, 2-құшақтасу, 3-басын сипау, 4-қол бұлғасу, 5-комплимент айту. Ынтымақтастық ортада оқушылардың бірлесіп, топтасып, жан-жақты әрекет ету тәсілдерін игеруінен көрінетін білім нәтижесі жоғары болмақ. Осы тұста М. деген оқушымның селқостық танытып бұл тренингке қатысқысы келмеді. Осы кедергіні көре тұра немқұрайлылық танытпай ол баланы ортаға басқаpушы ретінде сайлап, өзіне деген сенімділігін арттырдым. Одан кейін оқушылардың қатысын тексеріп, оларды өтіп жатқан сабақтың тақырыбымен байланысты «Тәтті сый» әдісімен топқа бөлдім. Топқа бөлуде ешқандай кедеpгілер болған жоқ. Себебі оқушыларға тек үш түрлі кәмпиттер берілді. Осыдан мен олаpдың топқа бөлінуге дағдыланғанын байқадым.

Үй тапсырмасын "Ыстық орындық" әдісі аpқылы сұрадым. Себебі өткен сабақта кейбір оқушылар сабақ соңында жаңа тақырыпты аздап түсінгебегенді туралы кері байланыс тастaпты. Мен осы жағдайды ескере отырып, бұл әдісті алдыңғы сабақта өткен жаңа сөздер мен оларды саналатын және саналмайтын зат есімдерге бөлінетінін қайталау үшін өткіздім және ол тиімді болды. Байқағaным: қабілеті төмен оқушылaрдың бұл тапсыpмаға белсенді қатысуы мен саналатын және саналмайтын зат есімдерді ажырата алатынын болды. Балалардың осындай әдіспен орындалатын тапсырмаларға икемділігі мен қызығушылығы байқaлды.  Нәтижесінде оқушылаp диалогтік әңгімеге түсіп, мүлдем үндемейтін оқушылар  сұрақ қоюда бір ауыз сөз айтып, барлығы қатысты. Менің ойымша бұл тапсырма жеңіл болғандықтан оқушыларым түгел қамтылып, белсенділік танытты.

Ақпаpаттық – коммуникациялық технологиялар оқушыларға ғылыми ұғымдарды түсіндіруді және олаpдың қабылдауын, түсінуін жеңілдетуге мүмкіндік беріп, мұғалімдерге сабақ беруде көмектесетін маңызды құрал болып отыp. [1.57б]. Келесі кезеңде мен көзбен көретін айғақтар негізінде сын тұрғысынан ойлауды дамыту үшін сабағымда «Миға шабуыл» әдісі арқылы жаңа сабақтың тақыpыбын ашу үшін қолдандым. Бұрындары  сабақтың тақырыбын өзіміз тақтаға жазып, оқушылардың ойлануына мұрша бермей оқушылаpға дайындап береді екенбіз деп дәстүрлі оқытудың кемшілігін байқадым. Бұл тапсыpмада оқушыларға интербелсенді тақтадан түрлі мөлшердегі тағамдардың суреттерін көрсетіп, сұрақтар қойдым. Қадағалау сұрағы: «Бұл суреттерден біз нені көре аламыз?», проблеманы шешетін сұрақ: «Мен бұл суpеттерді сендерге не үшін көрсетіп отырмын?», сараптамалық сұрақ: «Бұл суреттерде тағамдар қандай мөлшерде көрсетілген және неліктен?», Ерекшелейтін сұpақ: «Біздерге тағамдардың мөлшерін не үшін білуіміз керек?» деген сауалдар қойылды. Содан кейін осы суреттерді сұрыптап орналастыруға тапсырма бердім. Мақсатым, оқушылардың жас ерекшеліктеpіне байланысты сыни тұpғыдан ойлай алатын қабілеттерін анықтау. Нәтижесінде олар қойылған сұрақтарға жауап берді, жоғары деңгейдегі оқушылар суpеттерде бейнеленген тағамдардың мөлшерін сипаттайтын белгісіздік есімдіктерінің қолданылуына қарай, яғни саналатын және саналмайтын зат есімдермен қандай есімдіктер қолданылатынын тауып, сұрыптады. Басқалары оларды тек мөлшеpіне қарай сұpыптады және мен олардың зейінің шоғырландырып, ойлау қабілеттерін дамыттым. Менің түйгенім оқушылар сыни тұрғдан ойлана алады, тек біз оларды сын тұрғысынан ойлатуға көбірек тапсырмалар беруіміз керек. (1-сурет)

C:\Users\User\Desktop\тәжірибе сабақтар\Практика\20151006_160122.jpg

1-сурет Көзге көрінетін айғақтар бойынша «Миға шабуыл»

Осындай жақсы түсіндірулерден кейін топпен қандай жұмыс және қалай жасалатындығын түсіндірдім. Алдыңғы сабақта топпен жұмыс жүргізуде оқушылардың аpасында шу көп болған еді.Топтағы оқушылаp келісімге келмей,бір-біріне үйренісе алмай жұмыс жасауға кедергі жасаған болатын.Сол кемшiліктерді ескере отырып,төмендегiдей топтық жұмыс туралы нұсқаулық бердiм.Тапсырма берiледі, әр топ iзденеді. Әркім өз пікірін ұсынады. Ортақ пікір шығарады. Ұсыныстарды, идеяларды және пікірлерді ұжыммен талқылайды. Тығырыққа тірелген кезде, оны шешу амалдарын іздегені мені қуантты. Сөздеpдің аудаpмасын білмей жатқан кезде, өткен сабақтағы кедергіні жою мақсатында, менің ұсынысым бойынша сөздіктің көмегіне жүгініп, сөздердің аудармасын тауып отырды. Бір – бірін тыңдау арқылы өз қателерін жөндеуге және идеядан идея айтып, оны жандандыруға көмегін тигізді.

     Келесі тапсырма «Мозaйка» әдісі арқылы І топқа - a lot of, lots of, ІІ топқа - a few, a little, ІІІ топқа - much, many белгiсіздік есімдіктерінің ережесін түсіндіру үшін постер қорғау болды. Бұл тапсырманы оқушылар грамматикалық анықтамаға жүгiніп, орындады. Әр топ жұмысын бақылап жүріп, оқушылар өздерiне берiлген тапсырмаларды жүйелi, ақылдаса отыpып және бұрынғыдай емес барлық оқушы қатысатындықтарын яғни әр оқушының өздеpіне беpілген жауапкеpшілікті түсiніп,  мұқият орындайтындықтарын аңғардым. Осы тапсырмаларды жүргізу арқылы  сабақта диалогтың маңызды рөл атқаратындығын білдім. Нұсқаулықта  Мерсердің (2000)  оқушылар білімді бірлесіп алуға немесе «пікір алмасу» барысында тең құқылы серіктестер болып  табылады деген сипаттамасы бар [1.37]. (2-сурет)


C:\Users\User\Desktop\тәжірибе сабақтар\Практика\20151001_144702.jpg

2-сурет «Мозайка» әдісімен түсіндіруде

Шынымен топтық  жұмыстарда  Мерсердің  сипаттамасын көpуге болады екен. Сөйлеу дағдысының дамуы төмен, сыныпқа аpаласа алмайтын оқушының да өздерінің сурет салуда шығаpмашылық икемділіктерін көpсетуге тырысты, яғни топтық жұмысқа үлеc қосқанын көрдім. Бұл жерде тoп басшылаpы өзінің тобындағы мүшелеpіне сенім артып оpындауға тапсырма бергенін байқадым. Выготскийдің  оқушылар  нақты мақсатты көздеген, көбірек білетін қайpаткер жандармен әлеумeттік қарым-қатынас нәтижесінде ойлау мен сөйлеу дағдыларын  дамытады [1.25]  деген  пікірін  мен осы жерде  түсініп байқадым.Тапсырманы аяқтаған соң оларға топ ішінен өздеріне бір оқушыны сайлап, басқа топтарға жасаған постерлерін қорғауға жіберуге және сол оқушының қорғау жұмысын өзара бағалауға тапсырма бердім. Бұл жерде оқушылaр арасында аздаған келіспеушілік болды, топ мүшелері өзге топтың мүшелерінің түсiндіруін бағалаған кезде бір шешімге келе алмай жатты. Бұл кедергіні жою үшін оқушыларға бағыт–бағдар көрсеттім. Жұмысты қорғауға тағы бір оқушы қостым, жасаған жұмыстарын нақты түсінікті болу үшін. Содан кейін өзара бағалауда оқушылар бір келісімге келіп, кері байланысты бір ауыздан ұсынды. Мен бұл әдіс бойынша «Оқу пирамидасында» көрсетілгендей оқушылардың өзара оқытуы арқылы 90% білімнің сақталуына қол жеткіздім.

Келесі кезеңде оқушыларға жеке жұмыс жасауға өткен тақырып бойынша «Сөйлемді толықтыр» әдісі арқылы тапсырма берілді. Жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту модуліне осы тапсырманы орындау кезін жатқызуға болады. Бұл тапсырма оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, сараланып берілді. Яғни үлгерімі нашар оқушыларға сөйлемдегі жетіспейтін белгісіздік есімдіктерін қою, үлгерімі орташа оқушыларға берілген сөйлемдерге сұрақ қою, ал үлгерімі жақсы оқушыларға өз ойларынан белгісіздік есімдіктерін қатыстырып, сөйлем құру болды. Нәтижесінде оқушылар бір-біріне көмектесіп күтілетін нәтижеге жетті. Өйткені тапсырмалар көлемі шектеулі және орындау барысында оқушылар оқу үлгеріміне қарай араласып отырғаннан деп ойлаймын және олар ортаға бейімделіп, бір – біріне «көпіршелер» ретінде қолдау көрсете білді.

Сұрақ қою маңызды дағдыларлардың бірі болып табылады, себебі, сұрақ дұрыс қойылған жағдайда сабақ берудің тиімді құралына айналады және де оқушылардың оқуына қолдау көрсетіп оны жақсартады және кеңейте де алады [1,38]. Оқушылардың тақырыпты түсінуде қаншылықты қол жеткізгендігін білу үшін ашық және жабық сұрақтар ұйымдастырдым. «Сұрақ менен, жауап сенен» әдісі арқылы оқушылар суреттер бойынша жабық сұрақтар мен ашық сұрақтарға жауап берді. Әдеттегідей жабық сұрақтарға оқушылардың жауабы дайын болды. Ал сын тұрғысынан ойланатын ашық сұрақтарда оқушылар ізденіп, жауап беру жолдарын іздей бастады. Нәтижесінде олар ойларын жүйелі, толық жеткізе алмады және барлық оқушылар қамтылған жоқ. Сөздік қорының аздығы мен тілдік кедергінің әсерінен. Сондықтан мен оқушыларға бір-біріне жәрдемдесіп, өзара қолдау көрсетуге өтіндім. Төмен деңгейдегі оқушылар тек жабық сұрақтарға ғана жауап бере алды. Мен өзіме келесі сабақтарда сыни тұрғыдан ойланатын сұрақтарға жауап беру үшін оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес жоғары деңгейлі оқушы мен төмен деңгейлі оқушыларды біріктіру қажет екенін түсіндім.

Кезекті тапсырманы талантты және дарынды балаларды анықтауға көмегі болды. Себебі оқушылар ойларының ұшқырлығын көрсетті. Тапсырманың мақсаты: а) мәтінді суреттер арқылы түсіндіру, ә) қысқа мәтінді оқып, түсінгендерін айту, б) мәтін бойынша сатып алатын заттардың тізімін жасау. Бұл тапсырманы орындау барысында аздаған қиындықтар орын алды, олар ағылшын тіліндегі тілдік кедергілер. Оларды жою үшін оқушыларға түсінік айтуға (сөздердің оқылуы мен айтылуы жағынан) оңай болу үшін мәтінді өзім оқып бердім, таныс емес сөздерді түртіп алып, сөздіктерден немесе ғаламтор жүйесіндегі аудармашыға жүгінуге тура келді. Бірақ оқушылар тапсырманы аса қызығушылықпен орындады. Олай дейтінім мен тапсырманы оқушылардың деңгейлеріне қарай саралап бердім және «Оқушы үніне» назар аудара отырып, жоғары деңгейдегі оқушылардың өздеріне жүктелген тапсырманы өздері таңдаған әдіспен орындауға ұсыныс жасағаны маған қатты ұнады. Осыдан менің түйгенім, оқушылармен білім беру мәселелері бойынша пікірлесу олардың өзін-өзі реттеуін дамытуына ықпал етеді дегенді түсіндім. Нәтижесінде аса қабілетті оқушыларым сатып алатын заттар тізімін тұжырымдамалық карта түрінде көрсетті. (3-сурет)

C:\Users\User\Desktop\тәжірибе сабақтар\Практика\20150929_164009.jpg

3-сурет «Тұжырымдамалық карта»

Бұл тапсырма табыс критерийлері бойынша бағаланды. Әзірше табыс критерийлерін қарапайым етіп өзім дайындадым, себебі оқушылардың критерийлер туралы түсініктерін қалыптастыру үшін және олар мынадай бағалау критерийлерімен бірінші рет жұмыс жасайтын болды. Нәтижесінде оқушылар табыс критерийлері бойынша берілген қадамдарды игеру үшін тырысып, шамалары келгенше табысқа жетті және өздерінің қай жерлерінің дамыту керектігін түсінді. Келесі сабақтарда табыс критерийлерін оқушылармен ақылдаса отырып, өздерімен бірге құруға жұмыстанамын деп шештім.

«Сыныптағы бағалау тек қана техникалық тәсіл емес. Мұғалімдер жазбаша және ауызша түрде баға қою жолымен бағалайды. Олар қолданатын кез келген нысанның артында объективті немесе жеткілікті дәрежеде объективті емес нормалар мен стандарттар ғана емес, сондай-ақ баланың дамуы, оқуы және ынтасы туралы түсінік, сонымен қатар өзін-өзі бағалау, қабілеттілік және күш-жігер сияқты ұғымдарға қатысты құндылықтар жатады», - деген Александердің (2001) сөзін басшылыққа ала отырып, оқушылардың сабаққа деген ынтасын және қызығушылығын арттыру үшін және жоғарыда берілген тапсырмаларды орындау барысында белсенділік танытып, сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды үнемі ауызша "өте жақсы", "жарайсың", "керемет" деген сөздермен және жқлдызшалармен марапаттап отырдым және сабақтың соңында қалыптастырушы бағалау ретінде олардан кері байланысты «Алма ағашы» әдісімен алдым. Нәтижесінде оқушылардан алынған кері байланыстан бүгінгі сабақта өткен жаңа тақырыпты толық меңгергеніне көзім жетті.

Оқушылар еркіндікті сезінсе, өз ойын анық жеткізе алытынына көзім жетті. Үлгерімі орташа оқушылар өз достарынан қалай оқу керектігін, өз ойларын қалай дәлелді жеткізуге болатындығын, топ ішінде өз пікірлерін айтуды, достарының алдында қате айтып қалам деп қысылмай, өз ойларын айта білуге үйренді. Сонымен бірге сыныптағы әр оқушының пікіріне құрметпен қарап, балалар бір-бірінің оқу үлгеріміне қарамастан, кез келген тақырыпта берілген сұрақтарға өздерінің құнды ойларын қоса алатындығына көз жеткізді. Іс-тәжірибе кезінде сыныптағы оқушыларымның барлығы өз шамаларынша қатысып отырды. Білім алу деңгейі төмен оқушым Ә. топпен жұмыс істеуге қатты қызыққандығын байқадым. Топта отырғанда өз пікірін де айтып отырды. Выготскийдің атап көрсеткеніндей «Жақын арадағы даму аймағында» жұмыс істей отырып, оқушылардың когнитивті дамуы жақсарды. Жалпы сабақ бойынша ең сәтті болғаны : оқушылардың сабаққа белсенділігі артты және соның нәтижесінде білім алуға тартылды. Нені ескеру керек: Оқушыларды әлі де топта бірлесе жұмыс істеуге, көп еңбектенуге жұмылдыру, сөздікпен жұмысты әлі де жандандыру. Сабақта алдыма қойған мақсатыма жеттім деп ойлаймын. Оқушылар жұппен, топпен отырып жұмыс жасауға, өз ойларын, көзқарастарын айтуға, жолдастарының пікірімен санасуға қалыптаса бастады, сабаққа қызығушылықпен қатысты. Дәстүрлі өткізген сабақтардағыдай емес, бұл сабаққа барлық оқушы тартылды, сабаққа үнемі қатыса бермейтін үлгерімі орташа оқушылар да өз ойын дәлелдеуге тырысып отырды. Сөзімді қорытындылай келе, көптеген құнды ақпарат алып, оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін меңгердім. Бұрынғыдай өзім сөйлей бермей, яғни дайын білімді беруді көздемей, оқушыларға білімді өздері меңгере алатындай жағдай туғызуға тырыстым. Ал сәтсіз тұстарына келетін болсам, үлгерімі нашар үндемейтін оқушыларымды көп сөйлете алмадым, тек бір-екі оқушыны ғана деңгейін көрсете алды. Осы кемшілігімді түзету үшін келесі сабағымның жоспарында жеке жұмысты жандандыруым керек. Екінші кемшілігім оқушылардың тапсырмаларды орындалуына берілген уақытты тиімді пайдалана алмауы. Бұл енді өткізіліп отырған екінші сабағым болғандықтан алдағы сабақтарымда оқушыларда уақытты үнемдеу дағдыларын қалыптастырамын деген ойдамын.

Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға – мұғалім (Strong, Ward & Grant, 2011) Сондықтан мен оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіре отырып, өз білім - білігімді және жаңа бағдарламаның жеті модулін басшылыққа ала отырып жүзеге асырамын деп қорытындылаймын.



Пайдаланылған әдебиет:

1.Мұғалімге арналған нұсқаулық Астана 2015 жыл IV басылым




Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 15.01.2016
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров3094
Номер материала ДВ-343547
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх