Инфоурок Начальные классы КонспектыТәрбие : «Елін сүйген Елбасы». 2 класс

Тәрбие : «Елін сүйген Елбасы». 2 класс

Скачать материал

Тақырыбы: «Елін сүйген Елбасы»

Мақсаты: «1-желтоқсан-Тұңғыш Президент күні» мерекесінің мәнін ашу, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру; Елбасындай Отанын, халқын сүюге, нағыз азамат, шынайы патриот болуға тәрбиелеу;оқушылардың бойында Елбасына деген сүйіспеншілік, құрмет сезімін қалыптастыру;

Көрнекілігі:слайдты презентациялар, үнтаспа, Нұрсұлтан Назарбаевтың портреті, Қазақстан Республикасының рәміздері,шарлар.

Барысы:

Мұғалім: Құрметті оқушылар,ұстаздар! Барша Қазақстан халқы 1-желтоқсанда Тұңғыш Президент күні мерекесін тойлауға дайындалып жатыр.Осыған орай біз де «Елін сүйген Елбасы» тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізіп отырмыз.

 

1-жүргізуші:

Бар әлемге шын танылдық міне,біз,

Елін сүйген Елбасы деп білеміз.

Тең аталып Қазақстан-Нұрсұлтан,

Нұрсұлтан мен Қазақстан тұр егіз.

3-жүргізуші

Күнге беттеп бара жатыр көш жүріп,

Елдің даңқы бар жаһанға естіліп.

Елбасыны құрметтейтін ерекше,

Армысыздар,ақ пейілді көпшілік!

2-жүргізуші:Қазақстан Мемлекетінің Тұңғыш президенті күніне арналған мерекелік тәрбие сағатымызды бастаймыз.

Қазақстан Республикасының әнұраны орындалсын.(Әнұран қосылады)

Мұғалім:

-Ал Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмірі мен қызметі туралы не білесіңдер?

Оқушылар өздері білетін мәліметтерін айтып шығады.Сосын жоспар бойынша дайындалған фактілерді слайд арқылы көрсетіп түсіндіремін.

Балалық шағы

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 6-шілде 1940 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған. Балалық шағы таршылық жағдайда өтті.Үлкендердің мал бағуына,бау-бақша өсіруіне көмек көрсету керек болды, шөпшек теріп,отын жарды. Өзі еске алғандай,өсірген аз-маз өнімдерін сатып,үй ішіне қажетті заттар алу үшін есек жеккен арбамен жақын маңдағы теміржол стансасына бару дегенің керемет мереке саналған. Мектепті жақсы оқып, жақсы білім алады.

Жұмысшы Нұрсұлтан

Ол ерте есейді. Орта мектепті бітіре салысымен Кеңес Одағындағы аса ірі Қарағанды металлургия комбинатының көлемді құрылысына аттанды. Құрылыста біраз еңбек еткеннен кейін бір топ қазақстандықтармен Украинаның Днепродзержинск қаласына барып металлург-жұмысшы мамандығын меңгерді. Шойын құюшы,домна пешінің көмекшісі жұмыстарын атқарды, ал кейінірек инженер дәрежесіне көтерілді.

Украин биі

1-жүргізуші:

Елімнің атын айтсам -Қазақстан,

Жерімнің атын айтсам- Қазақстан!

Қойнауы қазынаға толған мекен,

Байлығын атын айтсам –Қазақстан!

 

Ел тарихы, жер тарихы-өзіміз,

Болашақтың қасиетті көзіміз.

Барлық ұлтпен бауырласып жетерміз,

Ақ-қараны тіліп тұрса сөзіміз.

2-жүргізуші:

Ауыр күнді артымызға тастауы-

Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.

Тілім,дінім,ұлтым қайта көтерген,

Елбасымыз Нұрағаңның бастауы.

 

Туды ұстап тура жолға түсіріп,

Жас Отанның өмірін де түсініп,

«Елім,жерім» деп ұрандап тайсалмай,

Бір керемет жасады-ау кісілік!

 

«Елбасы» әні

Келесі сөз кезегін оқушыларға берейік.

1-оқушы:

Халқымда күш-қуат бар озар лайық,

Сондықтан алға қарай қозғалмайық?!

Тәуелсіз елдің туын желбіретіп,

Көтерген көкке биік Назарбаев!

2-оқушы:

Ашылып алдымыздан оң құбыла,

Бақ болып басымызға қонды мына.

Кірсек біз елу елдің қатарына,

Содан соң қол созамыз ондығына.

3-оқушы:

Арқаны кеңге салмай,уақыт тарын,

Қолымен қойғандай ғып танып бәрін,

Берді айтып қолымызға ұстатқандай,

Өрлетер әр саланың бағыттарын.

4-оқушы:

Қалдырмай әрбір ауыл,әр ошақты,

Өшпейтін бұл өмірдің шамын жақты.

Айқындап көз алдына әкеп отыр,

Тап басып тамыршыдай болашақты.

5-оқушы:

Толығар нәрсең болса толықпаған,

Өйткені тауым тыныш,тұнық далам.

Ұстатып қолына оның ел тізгінін,

Сол үшін халқым сеніп ұлықтаған.

6-оқушы:

Барынша қабілетті болған елдер,

Білеміз тек еңбекпен кемелденер.

Айтып тұр Елбасымыз,сасар түк жоқ,

Бұл деген тірлік екен қолдан келер.

7-оқушы:

Қадамы мықты елміз алға басқан,

Сондықтан кем болмаймыз бақ-ырыстан.

Ап шықты Елбасымыз жолын тауып

Кешегі төніп келген дағдарыстан.

8-оқушы:

Шалқытып ақын жүрек толғасын да,

Көшбасшың адастырмасбар қасыңда.

Жол тартты Жаңа әлемге Қазақстан

Көреген Елбасының арқасында.

9-оқушы:

Көрінер осыдан-ақ озғаны әрі,

Сірескен сеңді бұзып қозғағаны.

Қаймықпас қара дауыл,борандардан,

Ол-елдің қыран бүркіт,мұзбалағы.

10-оқушы:

Бойында күш-жігерін аяп қалмай,

Оятқан елімізді таң аттырмай.

Нұрсұлтан бұл ғасырдың ғұламасы,

Ап шыққан жұрт соңында шаң қаптырмай.

11-оқушы:

Жақсының айтады ел жақсы атын,

Тұнық боп тұмасынан басталатын.

Елінің ертеңіне көз жіберген,

Талмасын,Қыран Бүркіт,қос қанатың!

12-оқушы:

Кенеліп мол табысқа ұлан-ғасыр,

Жасап ап кереметтер келер асыл,

Жүрейік биік ұстап еңсемізді,

Таң қалып жатсын бізге мына Ғасыр!

 

Полька биі

 

Ал,енді викториналық сұрақтар:

1.Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев кім? Ол қашан, қай жерде туды? (1940 жылы,6-шілдеде Алматы облысы,Қаскелең ауданы,Шамалған ауылында)

2.Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев алғашқы еңбек жолын қайда бастады?(1960 жылы Теміртау қаласындағы металлургия тресінде жұмысшы болып бастады)

3. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қашан президент болып сайланды?(1991 жылы 1-желтоқсанда)

4.Біздің еліміз қашан тәуелсіздігін алды? (1991 жылы 16-желтоқсанда)

5.Астана қаласының тұсаукесері қашан болды? (10-маусым 1998 жылы)

6.Нұрсұлтан Назарбаевтың қандай жеке еңбектері бар? («Еуразия жүрегінде», «Тарих толқынында», «Ғасырлар тоғысында», «Бейбітшілік кіндігі», «Тәуелсіздік белестері», «Сындарлы жыл»)

7.Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне нелер жатады? (Елтаңба,Әнұран,Ту)

8.Ту мен Елтаңбаға сипаттама беріңдер. (Елтаңбада шаңырақ,қос тұлпар бейнесі,бес жұлдыз, «Қазақстан» сөзі бар.Туда қыран,күн,қазақтың ою өрнегі бар).

9.Әнұран қашан қабылданды? (2006 жылы 7-қаңтарда)

10.Авторы кімдер? (Әні Шәмші Қалдаяқовтікі,сөзі Жұмекен Нәжімеденов пен Нұрсұлтан Назарбаевтікі)

Презентация

Ән: «Қазақстаным»

 

1-жүргізуші: Біз бүгін ұлтымыздың кемеңгер данышпанына айналған білімді,ақылды,өзінің ұстанған саясаты бар Нұрсұлтан Назарбаев туралы бар білгенімізді ортаға салдық.Президент біз үшін ұлы тұлға. Біз Елбасымен мақтана аламыз.Мақтай да аламыз.

2-жүргізуші: Еліміздің тәуелсіздігі мәңгі болып, қазақ елі ертегідей күн кешіп,татулық пен тұрақтылықты ту етіп келеді.Сондықтан егемендігіміз баянды болып,халқымыз аман,ел жұртымыз тыныш болсын .

3-жүргізуші: 

Сіз-әке барша қазақ бәрімізге,

Жас сәби үлкен-кіші кәрімізге.

Сіз –басшы, халқың-қосшы бол бергей,

Жарасып келе жатыр әніміз де, сәніміз де,-дей келе  «Елін сүйген Елбасы» атты тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тәрбие : «Елін сүйген Елбасы». 2 класс"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Интернет-маркетолог

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Бастауыш сынып оқушыларына арналған тәрбие сағаты.

Тұңғыш президент күніне арналған ашық тәрбие сағаты. Тұңғыш Президент туралы ақпараттар, өлең шумақтары бар. Сынып оқушылары өздері жүргізуші бола алады,

Мақсаты :1-желтоқсан-Тұңғыш Президент күні» мерекесінің мәнін ашу, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру;

Елбасындай Отанын, халқын сүюге, нағыз азамат, шынайы патриот болуға тәрбиелеу;оқушылардың бойында Елбасына деген сүйіспеншілік, құрмет сезімін қалыптастыру;

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 536 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 08.12.2019 278
    • DOCX 24.9 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Исабекова Гульнар Мадеткаримовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 19040
    • Всего материалов: 10

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Ресурсы библиотерапии в работе с детьми дошкольного и младшего школьного возраста

72/144/180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 49 человек

Курс повышения квалификации

Методика преподавания курса «Шахматы» в общеобразовательных организациях в рамках ФГОС НОО

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 273 человека из 56 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 597 человек

Курс профессиональной переподготовки

Теория и методика преподавания в начальных классах компенсирующего и коррекционно-развивающего вида

Учитель начальных классов компенсирующего и коррекционно-развивающего образования

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 281 человек из 54 регионов
  • Этот курс уже прошли 889 человек

Мини-курс

От романтизма к современности: шедевры и новаторство

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Успешая команда: опросы, сторис

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Основы образовательной политики и информатики

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе