Инфоурок Классному руководителю Другие методич. материалыТәрбие сағаты " Ана- өмір шырағы" (4 класс)

Тәрбие сағаты " Ана- өмір шырағы" (4 класс)

Скачать материал

Ана- өмірдің шуағы

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларды Ананың еңбегін ақтауға, анаға деген сүйіспеншілікке, ананы құрметтеп, сыйлауға  тәрбиелеу

Сабақтың көрнекілігі: Нақыл сөздер               

Сабақтың барысы:

Мұғалім сөзі:

  Ана-өмір қолдаушысы әлемнің

Шаңырақтың шаттығы мен шуағы

Сейілмесін жанарынан ананың

Тіршілікке төккен нұрлы шуағы

 

Аялайық аналарды әрдайым

Қуанышқа бөлейікші өздерін.

Әжелердің, аналардың, қыздардың

Мұң шалмасын күлім қаққан көздерін

Ана- барлық өмірдің бастауы Ол адамды өмірге әкеледі, оны тәрбиелейді, өсіреді. Адам бойындағы барлық асыл қасиет күннің нұрынан, ананың ақ сүтінен дариды. Ана-ұлы адам, Ана-құдіретті жан ,ендеше бүгінгі мерекелеріңіз құтты болсын!

                           Аяулы аналар!!!              

І ж  Той пердесін ашайық

       Аналарды құрметтеп

       Ән маржанын шашайық.

 

ІІ ж Құтты болсын ардақты анам

         Асыл анам мерекең

         Құтты болсын алтын анам 

         Қуанышты  берекең.

 

1ж.Шуақты көктем келді гүлін алып,

Көктемнің мерекесі бүгін анық

Өмірдің көктемі де ,гүлі аналар

Ана деп бас иеді күллі халық

 

2ж. Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар

Аналардан туған небір даналар.

Ана деген – тіршіліктің тірегі

Армысыздар, қасиетті аналар!

 

Іж   Ана әнін қабыл алыңыздар.  /Ана –өмір шырағы/

 

1-оқушы: Менің анам үйде барлық тірлікті істеп, одан қала берсе жұмысқа да барып үлгереді.

2-оқушы: Мен мектептен келсем тамағым да дайын, от та жағулы, үй де жинаулы мұның бәрін қалай үлгереді екен?

 

3-оқушы: Біздің аналарымыз бәрін өз қамқорлығына алады , олар барлық шаруаны бітіреді,сонымен қатар  олар біздің әр ойымызды айтқызбай табады, біздің бар  сырымыз оларға әрқашан да белгілі.

 

ІІ ж олай болса Аяулы аналарымызды бір сынап көрелік.

 Аялы алақан ойыны

Аналардың көзін байлап, оқушылардың ішінен өз балаларын тапқызу.

 

4-оқушы: Азамат қуат алар ақ сүтіңнен

              Мәпелеп әлдилеген пейілі кең

              Аналық махаббатың кәусәр-бұлақ

              Сөнбейтін ақ жүрегің мәңгі шырақ.

 

5-оқушы: Алтын анам жасымнан аялаған

               Мен үшін игілікті аямаған

               Сабақтан шаршап үйге келгенімде

               Бал  сөзі жаным деген сая маған.

 

6-оқушы:Ана дейміз бәріміз де аңқылдап

Ана дейді жас сәби де жарқылдап

Ана деген бәйтерегі өмірдің

Ана деген алтын қазық, алтын бақ.

 

7-оқушы. Ана деген асыл жандар болаттай,

Ана деген мөлдір жандар бұлақтай.

О, адамдар қадірлей біл анаңды

Жат қылыққа ақыл ойды тонатпай.

 

8-оқушы. Ана десем сезім билер тым ыстық

Жарасымды адамдарға туыстық.

Бар адамға берсе ананың мейірін,

Орнар еді бар әлемге тыныштық.

 

 

1-ж: Дүниенің жарық күні анамыз

Дана болсақ анаменен данамыз

Тыңдаңыздар көңіл қойып ағайын

Анаға арнап тағы бір ән саламыз.

 

ІІ ж Ән « Голубой вагон»   Ернардың орындауында тамашалаңыздар

 

І ж Әнде шырқап би де билеп жатырмыз

    Асыл ана бәрі осының сіздің ғана арқаңыз.

Би: Қара жорға.

 

2-ж. : Менің анам алтын

Сенің де анаң  алтын

Аналарды құрметтеп

Қол соғыңдар жалпың.

Шырынды «Менің анам алтын» әнімен  ортаға шақырамыз.

 

І ж Аналарымыз бізді байлаулы көзбен де көреді екен.

 

ІІ ж Ал енді біздің балаларымыз байлаулы көзбен өз аналарының дауысын таныр ма екен , соны бір сынап көрелік.

Ойын «Ананың даусын тану»    /Балалар көздерін жұмып отырады, 1 ана ботақаным не қошақаным деп дауыстайды, сол ананың баласы «менің анам дауыстады» , деп орнынан тұру керек/

 

І ж Аналарымыздың құрметіне Шағын ғана көрініс «Ана қарызы» деп аталады.

 

ІІ ж Ерте заманның бірінде қазақ даласына шабуыл жасаған дұшпанның қалың қолы бір қаланы қоршап алады.Қалаға келетін ауыз суды тоқтатып қорғаннан өте алмаған жау халықтың берілуін күтіпті. Бірнеше күн өтсе де қала берілмепті.

Сонда дұшпанның әскер басы мынадай бұйрық шығарыпты.

- Қаладан көтергенше жүк алып әйелдердің кетуіне рұқсат етемін дейді.

Әйелдер бір –бір қапшық арқалап қаладан шығып кетеді.

Дұшпан қалаға кіріп қараса бір де бір еркек жоқ.

 Әйелдер ер азаматтарын қапқа салып көтеріп кетіпті.

Кішкене қыздар ұл балаларды,кемпірлер шалдарды көтеріп қаладан шығып кетіпті.

 

Іж Осылай бір халықты әйелдер аман алып қалған екен.

    Кішкене қыздар ұл балаларды көтеріп шығарыпты.

Сен осылай жасай алар ма едің

 

ІІ ж Білмеймін , Мен тек біреуін ғана алып шығар ма едім?

 

І ж Ол бақытты жан кім екен ? Сол қыздың атын айтшы.

 

І ж Айтпаймын

 

    2-ж.Сен ол қыздың кім екенін айтпасаң, Мадияр біздің кластың барша қыздарына арнап «Миллион қыздар» әнін орындайды.

                

І ж .Біздің аналарымыз қандай керемет десеңші! Қолдарынан бәрі келеді,  өздері бір үлкен адамды да көтеріп кетеді екен, енді оларды  қалай сынасақ екен?

 

ІІ ж Олардың шешендігін сынап көрелік   

    Сөз тапқанға қолқа жоқ ойыны

Аналарды ортаға шақырып бір әріп таңдатамыз.

Таңдаған әріптерге басталатын сөздермен төмендегі сұрақтарға жауап береді

 

9-оқушы. Еркелесем күлімдейтін,

                 Ұрысқаны білінбейтін.

                 Маңдайымнан иіскеп менің

              Құлыншағым,күнім дейтін.

 

10-оқушы.     Әлемдегі ақылды адам

            Бәрінен сол жақын маған.

           Ол жанымда жүрсе мен де,

           Батырларша батылданам.

 

11-оқушы.     Өзіңсің сүйікті ана құдіретім

Жанымды жадыратып күлдіретін

Сендегі маған деген махаббатты

Нұр толы қос жанарың білдіреді.

 

12-оқушы.Бар ана туған елдің гүлі дер ем,

Анажан қайғың болса күңіренем

Таусылмас тау суындай ақылың бар

Сен барда менің әрбір күнім өлең.

 

1-ж.  Енді балалардың шапшаңдығын сынауға бір ойын ойнайық. Ойын «Гүл сыйлау» деп аталады.Бес оқушыдан екі топқа бөлініп 10 оқушы шығады. Отырғышта жатқан гүлдерді қай топ аналарына жылдам тапсырып үлгереді , сол топ жеңіске жетеді.

 

2-ж. Енді шағын ғана көрініс тамашалайық. «Ақ шаш» деп аталады.

 

13-оқушы.Шуақ төгіп күлімдейтін қарасам

Анашымды күнге ғана баласам.

Жер бетінде ең жақыным өзіңсің

Мәпелейсің, аялайсың әрқашан.

 

14-оқушы.Қиялымды қалықтатып қыр асам

Көкте ұшқан құспенен де таласам.

Арманым бар бір өзіңе арналған

Үлкейгенде қажетіңе жарасам.

 

15-оқушы.Ардақты ана,аяулы ана қымбаттым

Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың

Өміріме нәрін берді ақ сүтің

Кең құшағың аясындай гүл бақтың.

 

16-оқушы.Жан ана жарқын күн жанарың

Бір сенде кеңдігі даланың

Балаңды құшақтап сүйгенде

Сеземін көктемнің самалын.

 

17-оқушы.Әлемге тыныштық тілеген

Жан ана жаныңа гүл егем.

Балалық жүрекпен айтылған

Махаббат белгісі бұл өлең.

 

1-ж. Ән. «Ақ мамам»    /ел жатқанда жатпаған/

 

1-ж.Ана ол біздің елде ардақты адам

Кіші де,үлкен де оны ардақтаған.

Өзінің аяулысы Отанды да

Ана деп біздің халық текке айтпаған.

 

2-ж.Өмірде ана бұлақ,ана-пана

Өмірді өркендетер ана ғана.

Өсірген талай көсем,талай шешен

Талай ер,талай ақын, талай дана,

Ана!Ол біздің елде ардақты адам, -дей отырып ертеңгілігімізді аяқтаймыз.

 

 

 

              



 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тәрбие сағаты " Ана- өмір шырағы" (4 класс)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Ландшафтный архитектор

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 942 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 24.04.2017 1309
    • DOCX 25.3 кбайт
    • 25 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жайкова Ақмарал Асылбекқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Жайкова Ақмарал Асылбекқызы
    Жайкова Ақмарал Асылбекқызы
    • На сайте: 7 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 2997
    • Всего материалов: 2

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Организация профориентационной работы в школе

36/72/108 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 217 человек из 50 регионов
  • Этот курс уже прошли 555 человек

Курс повышения квалификации

Работа классного руководителя по организации взаимодействия семьи и школы

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 404 человека из 63 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 549 человек

Курс повышения квалификации

Профилактика компьютерной зависимости и безопасность в сети Интернет среди детей и подростков

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 51 человек из 27 регионов
  • Этот курс уже прошли 147 человек

Мини-курс

Состав и анализ финансовой отчетности

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Современные подходы к преподаванию географии: методика, технологии и практика

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Патологии нервной системы у детей: от перинатального периода до нарушений поведения

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 40 человек из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 26 человек