Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Тесты / Тәрбие сағаты (1 класс)

Тәрбие сағаты (1 класс)



Осталось всего 4 дня приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

«Бекітемін»                                                                             «Тексердім»

Мектеп директоры:                                                                   Мектеп директорының

……………………..Сквирская Д.К                                  тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:

                                                                                                       …………………………….Уатхан Т

                                                                                                 

 





Тәрбие жұмысының

2015-2016 оқу жылына арналған

жылдық жұмыс жоспары

1- сынып





Сынып жетекшісі:Айтжанова Б.Ж.

 



 

І.    Мақсаты:

 

Мектеп ережесін түсіндіру, тәрбиенің алғашқы қағидаларын таныстыру;

Сыныптағы тәрбие жұмысын жан-жақты ұйымдастыру;

Болашақ қоғам мүддесі үшін еңбектене білетін, рухани ойлау дәрежесі биік, Отанын сүйгіш, еңбекқор, қабілетті адам даярлауға бағыттау.

                                                     

   ІІ.       Міндеттері:

 

Дұрыс, әдемі сөйлеуге, ізетті болуға тәрбиелеу;

Оқу-құрал, кітапты күтіп ұстауға, кешікпей, сабақтан қалмауға дағдыландыру;

Оқушыларды адамгершілікке, инабаттылыққа тәрбиелеуге ықпал ететін тәрбие жұмысын құру;

Оқушылардың қазіргі кездегі өмірге деген көзқарастарын мағыналы түрде аша білуге және кәсіби тұрғыда қажет маңызды тұлға болып жетілуіне ықпал ету;

Оқушының кез-келген жұмыс барысында өзін-өзі көрсете алуына, қоғамдық жұмыстарға араласуына ықпал ету;

Мемлекеттік рәміздерді құрметтей алатын, әдептілік ережесін, тыйым сөздерді білетін, отбасы ұғымының мағынасын түсіндіре алатын оқушы дайындау;

Өз Отанын сүюге, құқықтары мен бостандықтарын сүюге тәрбиелеу.

  

IIІ.  Өткен оқу жылындағы сыныптың тәрбие жұмысын талдау үшін үлгі кестесі

  

Өткен оқу жылындағы сыныптың тәрбие жүйесін жоспарлауы мен тиімді мақсатың талдауы:

өткен жылдың тәрбие міндеттерінің нәтижесі, олардың қойылу мақсатқа дайындылықтығы;

оқушылардың іс-әрекет пен қарым-қатынасқа түскен кезде негізгі бағыттың дұрыс таңдалуы, мазмұны, жұмыс түрі, педагогикалық құралдардың әсері, тәсілдері.

2.Оқушылардың дамуына әлеуметтік жағдайының динамикасының талдауы:

оқушылардың дамуында әлеуметтік жағдайдың ерекшелігі, өткен жылдағы өзгерістер. осы жағдайдың өзгеруіне қандай факторлар әсерін тигізді?

оқушының тұлғасының дамуына, мінезінің қалыптасуына, шығармашылық дарындық пен физикалық қабілеттілігіне жақын қоршаған әлеуметтік ортаның (ата- аналар, құрбылар), үйірмелерге қатысуы, басқа секциялар мен бірлестіктерге қатысуы қандай әсер тигізеді?

сыныптың қоғамдық пікірінің ерекшелігі мен оқушылардың құнды бағдарлауына әсері.

3.Сынып ұжымы дамуына талдау:

сыныптың социометриялық, рөлдік және коммуникативтік құрылымы, ұжымдық қарым-қатынасы;

сыныптағы рухани-психологиялық ауа-райының ерекшелігі:оқушылардың қарым-қатынастық мінезі (сыпайылық, бір-біріне сыйластық, ұлдар мен қыздар арасындағы қарым-қатынасының басымдылығы, сынып оқушыларының эмоционалды басымдықүйіне келтіру;

сыныптағы қарым-қатынасқа оқушыларды жұмылдыру деңгейі, жоспарлау жүйесіне жұмылдыру деңгейі және біркелкі іс-әрекеттің талдауы;

оқушылардың қоғамдық белсенділігінің дамуы «олардың шығармашылығы, талаптылығы, ұйымдастырғыштығы, іс-әрекеттегі дербестігі, сыныптағы өзін-өзі басқаруына қатысуы»).

Мектеп өміріне сынып оқушыларының қатысуына талдау:

Мектеп шараларында сынып оқушыларының негізгі қатысу түрткісі, мектеп өміріне оқушыларды жұмылдыру мен қызығушылық деңгейі, белсенділік пен нәтижелігі (тұлғаның дамуы мен мектептің тіршілік әрекеті үшін) мектеп істерінде сынып ұжымы мүшелерінің қатысуы;

Мектептегі өзін-өзі басқаруындағы, ұйымдастыру іс-әрекеттерінде, мектеп үйірмелерінде, секциялар, клубтар және тағы басқа бірлестіктерде сынып оқушыларының қатысуы, осы іс-әрекеттерінің оқушылар тұлғасының тәрбиесі мендамуына ықпалын тигізуі.

   

5.Сынып оқушыларының дамуына талдау:

*оқушылардың тәрбиелік және рухани-эстетикалық даму деңгейі,

*оқушылардың эстетикалық,еңбек және т.б. іс-әрекеттерінің шығармашылық және танымдық даму деңгейі мен оқу үлгерімдері;

*оқушылардың әлеуметтік-мәдени өзгерісінің дамуы (қарым-қатынас дамуы,құқықтық мәдениет,интелектуалды және ақпараттық мәдениет,қазіргі өмірге бейімділік,әлеуметтік ортаға игілікті әсер ету,ал нәтижесінде-өмірлік өзін-өзі табу мәдениетін дамыту);

*сынып оқушыларының аса жарқын жеке тұлғалық ерекшеліктерінің көрінуі;

*оқушыларда өзін-өзі тәрбиелеумен айналысуға қажеттілігі бар екендігі;

*өткен жыл бойында сынып құрамының өзгеруі;

*сынып ұжымында «жаңадан келушілердің» жеке тұлғалық ерекшеліктері,олардың бейімделуі;

*тәуекел топ оқушылары (олардың жеке тұлғалық ерекшеліктері,қажеттіліктері,қылықтарының түрткілері,олардың жақын әлеуметтік қоршаған ортаға әсері;олармен жұмыс кезінде әсершіл тәсілдері; сол оқушылардың тәрбие міндеттері мен тәртібіндегі түзетілімдері,осы оқушыларды әрі қарай әлеуметтендіру жайында болжау).

 

6.Отбасымен педагогикалық қарым-қатынасының талдауы:

*оқушы ата-аналарының сыныптың тәрбиелік қызметіне әсері;

*ата-аналардың балаларды отбасылық өмірге дайындауға қатысуы.

 

7.Сынып жетекшінің тәрбие жұмысының тиімділігі мен  сыныптағы тәрбие үрдісінің ұйымдастыруына талдау:

*тәрбие шараларының мазмұнынан оқушылар нені аса ықыласпен қабылдады?Қандай істерде олар аса қанағаттанумен қатысты?Қандай істерде олар белсенді ұйымдастырушылар ретінде қатысты?Ал қандай істерге немқұрайлы қарады?Қандай істерде белсенділік танытпады?Неліктен?

*өткен оқу жылында сыныпта өткізген іс-шаралар қаншама ұтымды болды?

*қандай іс-әрекет саналы тәртіпті қалыптастыру мен еңбекке деген жауапкершілікке дұрыс ықпалын тигізе алады?

*өткен жылы өткізілген қандай шаралар мен ұжымдық шығармашылық істер,сынып ұжымының  ұйымшыл болуына ықпалын тигізді?  







                          

  IV.Тәрбие бағыттары бойынша ұйымдастырылатын жұмыс     

   ҚР үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдмасы негізінде жұмысын жүргізудің 12 бағытына

негіздей отырып, тәрбиелік шаралардың мазмұнын жетілдіру және сапасын арттыру.

р/с

      Тәрбие үрдісі                                               

    Тақырыбы

Форма

Мерзімі

Жауапты

1.

Азаматтық, патриоттық, құқықтық және полимәдениеттік тәрбие беру

 

·          «Білім күні», «Менің Отаным Қазақстан»

·        Менің Президентім

·      Ұлттық теңге мақтанышым

·        Ер есімі-ел есінде

·        Тәуелсіздік

·        Егеменді ел қорғаны-Қарулы күштер (ұландар күні)

Т/сағаты

т/сағ

т/сағ

Т/ сағаты

 

т/сағ

01.09.2015

28.11.2015

14.11.2015

14.05.2015

12.12.2015

14.05.2016

Сынып жетекші: Айтжанова Б.Ж.

Осы бағыт бойынша алға қойылған міндет.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін бағалап,Ата Заңды құрметтеуге баулу. Отанға, тілге деген құрмет пен сұйіспеншілікті нығайту. өз құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыра білуге дайын болу.

Нәтижесінде : Оқушылар өз елін сүюге, өз елінің тарихын сыйлауға үйренеді.

2.

Рухани-адамгершілік тәрбиесі;

 

 

·        Бата алғаның жолы болады

·        Сәлем түзелмей,әлем түзелмейді

·        Ана-гүл,ана-өмір шырағы

·        Армысың, Наурыз!

 

Жатқа жаттау

Т /сағаты

ертеңгілік

Т/сағ

 

31.10.2015

28.11.2015

05.03.2016

12.03.2016

Сынып жетекші:   Айтжанова Б

Осы бағыт бойынша алға қойылған міндет.

Өз бойына адамгершілік қасиеттерді қабылдай білуге тәрбиелеу, әдептілік ережесін ұғындыру, қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру.

Нәтижесінде : Оқушылар адамгершілікке, рухани тазалықтарын сақтауға,  ата-анасын сыйлауға үйренеді, ұлттық тәрбие негізі оқушылар бойына сіңіріледі,тиым сөздер тәлімін үйренеді.

3.

Эстетикалық тәрбие  беру

 

·      Бақытым да, байлығым да- денсаулық

·      Ертегілер еліне саяхат

·      Әдептілік әдемілік

Т/сағ

көрініс

Т/сағ

12.09.2015

30.01.2016

23.11.2015

Сынып жетекші:   Айтжанова Б

Осы бағыт бойынша алға қойылған міндет.    «Әсемдік», «сұлулық» сөздерінің мағанасын ұғындыру, қандай да бір көркем шығарма барысында өзінің бейімділігі мен қабілетін байқап  көруге  ұмтылысын қалыптастыру.

Нәтижесінде : Оқушы бойындағы танымы кеңейіп, рухани құндылықтары әсемдік арқылы, көркем мәдениет арқылы қалыптасады, оқушылардың    эстетикалық танымы оянады.

4.

Экологиялық тәрбие беру

 

 

·       Алақай күз келді

  • Мен және мені қоршаған орта

  • Құстар -әлем досы

·      Табиғат аясына саяхат

·      Табиғатты аяла да бағала

Сурет салу

әңгімелесу



Саяхат

т/сағ

 

17.10.2015 19.12.2015 02.04.2016

21.05.2016

16.04.2016

Сынып жетекші:  

Айтжанова Б.Ж.

Осы бағыт бойынша алға қойылған міндет.

Табиғаттың адам өміріндегі маңызын ұғындыру.

Нәтижесінде : Табиғаттың адам өміріндегі маңызын түсінеді, табиғаттың тылсым сырына үңіле бастайды, қоршаған ортаның, табиғаттың сырын білуге                                   қызығушылығы  оянады.

5.

Отбасы тәрбиесі

 

·        Педагогикалық шеберхана

·        Баланың бас ұстазы ата-ана

·        Отбасы-тәрбиенің басты ұясы

·        Жастай берген тәрбие, жас шыбықты игендей

·        Ата-ана мен баланың арасындағы махаббат

·        Сынып жиналысы

Ата-аналар жиналысы

 

 

тренинг

5.09.2015

31.10.2015

30.12.2015

19.03.2016

24.05.2016

19.12.2015-9.01.2016

Сынып жетекші:  Айтжанова Б

Осы бағыт бойынша алға қойылған міндет.

Отбасы туралы, отбасы мүшелері туралы түсініктерін дамыту,отбасында әлеуметтік ролдерді түсіну.

Нәтижесінде: Оқушылардың  ата-аналарға деген құрметі артады.

 

6.

Дене тәрбиесі және салауатты өмір салтын қалыптастыру


·        Дені саудың жаны сау

·        Спорттық ойын сауық

  • Тұмаудан сақтан

 

сайыс

сайыс

26.09.2015

27.02.2016

24.10.2015

Сынып жетекші:   Айтжанова Б.Ж.

Осы бағыт бойынша алға қойылған міндет.

Денсаулықты сақтауды ескере отырып, оқу және    еңбек әрекеттерін қалыптастыру.

Нәтижесінде : Оқушылар өз денсаулығының маңызы мен мәнін түсінеді.

 

7.

Еңбек және экономикалық тәрбие

·        Үлкеге құрмет, кішіге ізет

 

Т/сағ

03.10.2015

 

Сынып жетекші:   Айтжанова Б

Осы бағыт бойынша алға қойылған міндет.Еңбек ету процесіндегі іс-әрекет дағдысын қалыптастыру, еңбек және оның мәні туралы ұғындыру.

Нәтижесінде : Белгілі бір еңбекте іс-әрекет саласына енуге ұмтылысы қалыптасады.

 

Коммуникативті мәдениетті қалыптастыру

 

·        Тілге құрмет

 

Т/сағ

 

19.09.2015

 

Сынып жетекші:   Айтжанова Б

 

Осы бағыт бойынша алға қойылған міндет.

Іс-әрекетті орындау  қабілеттерін дамыту, достық қарым-қатынас, көмек туралы ұғым беру.

Нәтижесінде : Іс-әрекет барысында өзара қарым-қатынас жасау қабілеті артады, бір- біріне деген сезімдері басталады.

9.

Өзін-өзі тану мен өзін-өзі дамыту қажеттілігін қалыптастыру

·        Бар байлықтың басы-нан

·        Жолда жүру ережесі. Әділ бол, балам

Т/сағ

Танысу талдау

23.01.2016

05.09.2015

Сынып жетекші:  Айтжанова Б.Ж.

 

Осы бағыт бойынша алға қойылған міндет.

Оқушының жақсы қылықтары мен олқы мінез-құлықтарын қатар таразылай  білу дағдысын қалыптастыру.

Нәтижесінде : Бір-бірімен қарым-қатынас жасау барысында жағымды, жағымсыз әрекеттерді саралай білуге үйренеді.

10.

Кәсіби-шығармашылық тәрбиесі

 

Қош келдің, Жаңа жыл

ертеңгілік

26.12.2015

Сынып жетекші:  Айтжанова Б.Ж.

 

Осы бағыт бойынша алға қойылған міндет.

Белгілі бір кәсіпке қызығушылығын оята отырып, бір ізге түсуге көмек беру.

 

   11.

Әлеуметтік-мәнді және жеке тұлғалық қасиеттерін

қалыптастыру

·         Білесің бе,Елорданың тарихын?

·         Әлемде талай қызық бар

 

Т/сағ

әңгіме

 

23.01.2016

06.02.2016

Сынып жетекші:  Айтжанова Б.Ж.

 

Осы бағыт бойынша алға қойылған міндет.

Оқушы санасында «Мен» ұғымын ояту, әр оқушы  өзінің саяси ұстанымын және өзгелердің ұстанымын анықтай білуін дамыту.

Нәтижесінде : Оқушы өзінің сыныбы мен сыныптастарын танып біледі, әлеуметтік  жағдайларды және өз ұстанымын көрсете алады.

12.

Интеллектуальды мәдениетті қалыптастыру

·         Мың бір мақал, мың бір жұмбақ

·         Ғарышкерлер күні

·         Татулығы жарасқан қазақпыз

·         Қызықты өнер, білім сайысы .

сайыс

Т/сағ

Т/сағ

сайыс

 

16.01.2016

9.04.2016

23.04.2016

13.02.2016

Сынып жетекші:  Айтжанова Б.Ж.

 

Осы бағыт бойынша алға қойылған міндет.

Оқу- білімге деген ынтасын ояту, оқу- танымдық іс-әрекет дағдыларын қалыптастыру.

Нәтижесінде: Танымдық белсенділіктерін арттырады, білімге құштарлығы оянады.







57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 09.02.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Тесты
Просмотров180
Номер материала ДВ-434268
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх