Инфоурок Естествознание Другие методич. материалыТәрбие сағаты: «Жастар және табиғат –ортақ болашақ»

Тәрбие сағаты: «Жастар және табиғат –ортақ болашақ»

Скачать материал

БҚО Сырым ауданы Жалпы білім беретін Сырым орта мектеп-балабақша кешені

Өзін-өзі тану пәні мұғалімі Сахан Гауһар Құлсарықызы

 

 

Тақырыбы:    « Дос және достық»

Тәрбие сағатының мақсаты:

 Оқушыларға дос, достық туралы әңгімелей отырып, олардың достығын нығайту.

Оқушыларды адалдыққа, шыншылдыққа тәрбиелеу, өзімшілдіктен, менмендіктен тағы басқа жаман әдеттерден аулақ жүруге үйрету.

Оқушылардың адамгершілік қасиетін, бір-біріне деген достық сезімдерін нығайту.

Әдісі: сұрақ-жауап талдау, топтастыру стратегиясы.

 

Пайдаланылатын көрнектілер: Ұлы адамдардың ойлары, нақыл ұлағатты сөздері, дос туралы мақал-мәтелдер, газет-журналдардан үзінділер, видеопроектор.

Іс- шараның ұраны: “ Дос көңілі – шарайна, сындырып алма, абайла”

Барысы:

I.Ұйымдастыру

1)  Амандасу

2)  Оқушылардың психологиялық дайындығына көңіл бөлу.

ІІ.Оқушы аудиториясы не дейді?

Тақырыпты ашу сұрақтары.

1) “ Дос деген кім?”сауалына сызба арқылы жауап беру.

2) Достық  дегенді қалай түсінеміз? ( жауапты сурет арқылы бер. Әрбір оқушы өздері салған сурет бойынша түсіндіреді.)

3) Досың бар ма? Ол қандай?

4) Достық  шынайы сезім бе, әлде жай ұғым ба?

5) Досыңыздың басына қиындық түсті, не істейсіз?

6) Достық жасқа байланысты ма?

7) Жақсы дос, жаман дос қандай болады?

8) Досыңды неге теңер едің?

9) Қыз бала мен ер баланың арасында достық бола ма?

10) Сіз үшін ең маңызды мәселе?

11) Менің достарым көп болу үшін не істеуім керек? 

                                                        Достық   

Әйтімбет деген сөзге шешен кісі болыпты. Бірде оның замандастары:

- Достық нешеу? – деп сұрақ қояды. Сонда  Әйтімбет тұрып:

- Достықтың екі түрі болады. Бірі – адал достық, екіншісі – амал достық.

Енді оны қалай ажырата аламыз дегендерге:

- Адал достық өмірлік нұсқа болады,  амал достықтың өрісі қысқа болады,- деп жауап берген екен.

                            ( Пікірлері тыңдалады.)

1) “ Мен жақсы оқимын, қоғамдық жұмыстарға қатысып, әрдайым алғы шептен көрінуге тырысамын. Өз сыныбымыздағы бір баламен достастым. Бірде оның бір баланы ұруға қатысқанын білдім, білісімен онымен достықты үздім. ”

2) “ Қалай өмір сүргенімді есіме алсам, ұяттан жерге кіріп кете жаздаймын... Сөйтіп жүргенде Жаннаны кездестірдім. Былай қарасаң қарапайым қыз, оған достасу туралы ұсыныс жасап едім, ол келісті. Достарым оны қалыпты іс деп бағалады, “ Атаманға кім қарсы келуші еді” деп есептеді. Жаннаның басынан біраз нәрсені өткеруіне тура келгенімен ол мені адам етті. Бұл хатымда мен бәлкім ештеңе айпаған да шығармын, әйтсе де менің құрдастарымның кез- келгенінің адамды жөнге салу ісі қолдарынан келетіндігін айтқым келеді.”

- Бұл екі жағдай бір- біріне ұқсас. Бірақ қыздардың істеген істері бірдей емес. Осы екі үзінді жайлы қандай ой түйдіңіздер?

- “ Жаманнан бойды аулық сал” дегендей, алғашқы қыздың дер кезінде достықты үзгені дұрыс та шығар, кәне кім не айтады, пікірімізді ортаға салайық. (Пікірталас кезі)

ІІІ. Жағдаяттан шығу. Екі дос арасындағы түсініспеушілікті бейнелейтін көріністі көрсету.

 А) Оқушылар талқысына салу, шешім қабылдау. “ Cиқырлы орындық” жаттығуы

 Ә) Ортадағы орындыққа бір оқушы отырады. Қалғандары сол оқушының ұнамды жақтарын айтады.

Б) “ Менің досым” тақырыбы бойынша әр оқушы өзінің досы жайлы айтады

IV. “Жалғастырып көр” ойыны.

а) Әрбір адамға дос керек. Өйткені...

ә) Менің сыныптастарыма немесе досыма тілегім...

б) Сыйластық  бар жерде...

V. Сауалға жауап іздеу.

1) Біздің сынып қандай?

2) Сынып оқушылары арасында сыйластық, достық қатынас орнаған ба? Хат қоржын (Хаттарға жауап).

а)Мен досыммен балыққа кетіп барамын. Ата анамды әрі- бері күтіп, келмеген соң рұқсатсыз кете беруіме тура келді. Бармауға да болады, бірақ дос көңілін қимадым.

ә) Мен досымды қатты аяймын. Досым көз алдымда өзгеріп барады. Менен гөрі арақ пен темекіні дос тұтатын сияқты. Қанша түсіндірсем де ұғынатын емес. Мен бірінші рет дәрменсіздік дегеннің ауыр екендігін сезіндім.

б) Қандай қиянат жасадым десеңізші. Апамның сөмкесінен ақша ұрлау... Әттең, досым үшін ғой. Ауыр хал үстінде жатыр, дәріханаға қарай жүгіріп келемін.

            VII.  (Мақал – мәтел тыңдалады)

       1) Білімдімен дос болсаң,

       Сасқанда ақылын айтар.

       Білімсізбен дос болсаң,

       Топ ішінде бетің қайтар.

       2) Дұшпан біреу болса да көптік етер,

       Досың мың болса да аздық етер.

       Доссыз адам тамыры жоқ ағашпен тең.

       Заттың жаңасы жақсы,

       Достың ескісі жақсы.

5- оқушы: Дос адам артық сұрамайды.

                                                  Махмұт Қашқари.

6- оқушы: Дос достың кемшілігін кешіре береді.

                                                 Жүсіп Баласағұн.

7- оқушы: Досы жоқпен сырлас, досы көппен сыйлас.

                                                   Абай.

8- оқушы: Екі ердің достығы асулардан асырар.

                 Екі елдің достығы ғасырлардан асырар.

                                                 Мұзафар Әлімбаев.

9- оқушы: Қоссыз қазақ болса да,

                 Доссыз қазақ болмаған.

10- оқушы: Дос табу оңай – сақтауы қиын,

                   Жау табу оңай- тоқтауы қиын.

                                                 Жүсіп Баласағұн.

 11- оқушы: Бес мүшеден бөлекше бас та өзгеше,

Қиғаш біткен маңдайға қас та өзгеше. Кеңшілікте дос та дос, қасыңда дос. Таршылықты қайырылған дос та өзгеше.

                                                            Абай.

VIII. Досым саған арнаймын… (ақын өлеңдерінен көркемсөз оқу)

Ән: Достарым менің (хормен)

IX. Қорытынды

Дос емес достың сөзін көтермесе,

Саған жердің түбінен жетем десе.

Не қылып дос атына қосылады,

Көтермей бір сөзіңді бүйтем десе.

Нағыз дос бірін – бір жамандамас,

Араға көп өкпе сап табандамас,

Көңілі татулықтың шабандамас.

Жақсының әрбір сөзін қайырмаңыз,

Жасыған жездей болып мойымаңыз.

Сыр алмаған  біреумен дос болам деп,

Сыр алған досыңыздан айрылмаңыз.

а) Достық, сыйластық туралы ұлы адамдардың айтқандары.

ә) Өздері қалаған адамына өз қолынан даярлаған сыйлығын тапсырады.    

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тәрбие сағаты: «Жастар және табиғат –ортақ болашақ»"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Ученый секретарь

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 672 122 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 17.08.2018 607
    • DOCX 38.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Орынғали Гүлдана Нүркенқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Орынғали Гүлдана Нүркенқызы
    Орынғали Гүлдана Нүркенқызы
    • На сайте: 8 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 30201
    • Всего материалов: 10

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Управление изменениями в компании: практические аспекты

36 ч. — 180 ч.

от 1580 руб. от 940 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Цифровая трансформация в управлении и информационных технологиях

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Дизайн-проектирование: теоретические и творческие аспекты дизайна

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Педагогические и психологические основы образования

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 14 человек

Мини-курс

Искусство переговоров: стратегии и тактики в различных сферах жизни

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 39 человек из 18 регионов
  • Этот курс уже прошли 14 человек

Мини-курс

Стратегии и инструменты для эффективного привлечения и удержания клиентов

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе