Инфоурок Дошкольное образование ПрезентацииТәрбиешілерге арналған психологиялық тренинг "Кім кімді тәрбиелейді?"

Тәрбиешілерге арналған психологиялық тренинг "Кім кімді тәрбиелейді?"

Скачать материал

«Өнер және спорт мектебі» КМҚК жанындағы

«Еркетай» шағын орталығы






hello_html_7bf4d2e9.jpg





Дайындаған: «Еркетай» шағын орталығының тәрбиешісі

Манкебаева Индира Кариевна





Приозерск қ

2018 жыл




Тәрбиешілерге арналған психологиялық тренинг

"Кім кімді тәрбиелейді"


2015 жылдың 29 қаңтар күні «Еркетай» шағын орталығында педагогтармен бірге «Кім кімді тәрбиелейді» тақырыбында тренинг өткізілді.

Мақсаты: тәрбиешілер арасында қарым-қатынасты нығайту, жағымсыз көңіл-күйден арылу, күш-қуат жинау, өзін-өзі тану, құрметтеу, өзін еркін сезінуге көмектесу.
Жоспары:
1. Амандасу. «Бумба-Юмба» жаттығуы.





2. «Көңілді музыка» жаттығуы.
3. «
Сәбидің балабақшаға үйренісуіне қалай көмектесу керек».
4. «Өз жұбыңды тап» жаттығуы.

5. «Ата –ана болуды үйренеміз» жағдайаттан шығу
6. «Ерте жетілдіру –жеке тұлғаны қалыптастырудың бастауы» баяндама.

7. «Қазіргі заманғы бала және оның мәселелері» баяндама.
8. «Табиғат көріністері» релаксациялық жаттығу.
9. «Баланың мектепке дайындығы» баяндама.

10. Қорытынды. «Майшам» жаттығуы.
Қажетті құралдар: жүрекше, жануарлардың аты жазылған карточкалар, жаттығуға қажетті парақтар, майшам, магнитофон, теледидар.

Психолог:

Сәлеметсіздерме құрметті ұстаздар! Өз қызметтерін аянбай, алаңсыз жүргізуіне ұшқыр ой, алғыр зейін, ашық көз, ояу көкірек керек екені даусыз. Сергек қимылмен, ширақ оймен, сезімтал жүрекпен адал еңбек ететін олардың зерделеріндегі ойларынан түйін алу. Бүгінгі мақсат, айналамыздағы адамдарымызбен қарым – қатынасымыз қандай, олар кімдер, біз кімбіз, өзімізді – өзіміз танимыз ба? деген сұрақтарға жауап іздеп, тұлғаның адами көзқарасын анықтау.

Ұйымдастыру: 1. Амандасу
Психолог: Біз сіздермен бірге Бумба-Юмба тайпасына қоршауға түсіп қалдық. Ол тайпаның дәстүрі, салты бойынша былай амандасу керек. Қазір екі топқа бөлінеміз. 1-топ 2-топқа барып бір-біріңізді мұрыныңызбен үйкелейсіздер. Ал екінші топ бірінші топқа барып, бір-бірлеріңізбен арқаларыңызды түйістіресіздер.
2. «Көңілді музыка» ойыны
Мақсаты: бойдағы шаршаудан, стресстен арылу.
Шарты: шеңбер бойымен тұрып, бір - бірінің иықтарына қолдарын қояды. Музыканың ырғағымен шеңберді айнала отырып билеп, иыққа ақырын саусақ қимылдарымен массаж жасайды. Ойын кері қайталанып отырады.
Жүргізуші: Рахмет, бұл біздің сергіту жаттығуымыз болатын. Тренингіміздің келесі бөліміне өтеміз.

3. «Сәбидің балабақшаға үйренісуіне қалай көмектесу керек»

Баланың әлеуметтенуі қашан қайда басталады? Әрине бірінші отбасында және балабақшаға келгенде. Балабақшада таныс емес үлкен адамдармен, балалармен танысады, мінез құлық ережелері мен нормаларын меңгереді. Жаңа жағдайға бала қалай үйренеді? Өкінішке орай балабақшаға бейімделу көбінесе қиын және ауыр өтеді. Бала тамақ ішпейді, ұйықтамайды, балалармен және үлкен адамдармен араласудан бас тартады да, қоршаған ортаға деген қызығушылығы төмендейді, ойыншықтарды ойынға қатыстырмайды. Баланың балабақшаға қиын бейімделу себептері:


- Басқа адамдармен бұрын қалып көрмегендіктен,


- Дәретке өзі отырып үйренбегендіктен.


- Кейбір тағамдарды жеу дағдысы жоқ, мысалы қызылша, орамжапырақ, қатты тамақты шайнап үйренбеген (картоп, нан).

- Балабақшаға келген алғашқы күндері бала 2 сағатқа қалу керек. Көбінесе ата-аналар жұмыс тәртібін айтып, баланы күні бойы балабақшада қалдырады. Осының нәтижесінде күрделі және созылмалы мәселелер пайда болады.

Ата-аналардың балаға эмоцияналдық әсері көбінесе жағдайды қиындатады. Әр отбасында бейімделудің үш түрі бар.


- жеңіл түрі- баланың мінез- құлығы 10-15 күнде қалпына келеді;


- орташа ауырлық бейімделу- 1 айдың ішінде;


- ауыр бейімделу- 2 айдан 6 айға дейін өтеді.


Қобалжулары қатты ата-аналардың балалары да балабақшаға қиын бейімделеді, өйткені ата-анасының қобалжуын көріп, баланың қорқынышы ұлғая бастайды. Осы кезде ата-аналар балаға көмек беруі керек.

Ертеңгілік қоштасуды жеңілдету тәсілдері:

-Баламен тез қоштасып үйрену. Қоштасуды созбау.

Бала ата –ананың қобалжығанын көріп, тыныштануы ұзаққа созылады.

Баланың балабақшаға барлық бейімделу уақытында психологпен балабақшаның медика – педагогикалық қызметі бақылауға алады.

4. «Өз жұбыңды тап» жаттығуы.
Қатысушылар шеңбер құрап отырады. Мен сіздерге жануарлардың аттары жазылған текшелер таратып беремін. Атаулар екі текшеде қайталанған. Мысалы, егер сіздің қолыңызда піл деп жазылған болса, сіз тағы біреудің қолында сондай текше бар екенін біліңіз. (Жаттықтырушы текшелерді таратады, егер қатысушылар саны тақ болса, жаттығуға жаттықтырушы өзі де қатысады).
Сіздің текшеңізде не жазылғанын оқыңыз. Жазуды сіз ғана көруіңіз керек. Енді текшені жинап қойса болады. Әрқайсысыңыздың міндеттеріңіз өз сыңарыңызды табу. Бірақ, сөйлеспейсіздер, өзіңіздің жануарыңызға тән дыбыстар шығармайсыздар, тек әртүрлі қимылдар арқылы кез-келген әрекетті үнсіз жасайсыз.
Егер өзіңіздің жұбыңызды тапсаңыз, бірге тұрыңыз, бірақ үндемейсіз, сөйлеспейсіздер. Тек барлығы өз сыңарын тапқан кезде ғана, қандай нәтиже болғандығын тексереміз. Топ мүшелері өз сыңарын тапқаннан кейін, жаттықтырушы «Сіз кімсіз?» деп сұрап шығады.
Әдетте, бұл жаттығу өте көңілді өтеді, нәтижесінде топ мүшелерінің көңіл-күйі көтеріліп, шаршағандығы тарқайды. Жаттығу қатысушылардың ары қарай ашыла түсуіне септігін тигізеді.

5. «Ата –ана болуды үйренеміз» жағдайаттан шығу

1. Сіз кешке балабақшадан балаңызды алуға келдіңіз, балаңыздың көзі көгерген сіздің әрекетіңіз?

2. Сіздің балаңыз балабақшадан кеш қалып қойды, тәрбиешіңіз балаңызды қабылдамай қойды тастайтын жеріңіз жоқ, сіздің әрекетіңіз?

3. Балаңыз балабақшаға барудан бас тартты себебін сұрадыңыз: барғым келмейді, әдетінше қөзінен жас моншақтап аға бастады сіздің әрекетіңіз?

4. Сіз балабақшадан балаңызды алып келе жаттыңыз: алдыңызда бір дүкен тұр, балаңыз жылап дүкенге кіремін деді сіздің қалтаңызда ақшаңыз жоқ сіздің әрекетіңіз?

6. «Ерте жетілдіру –жеке тұлғаны қалыптастырудың бастауы» «Күншуақ» тобының тәрбиешісі Омарова Күлшай Тыныштыққызына беріледі.

Жеке тұлғаның дамуының маңызды факторларын сөз еткенде және бұл процесте тәрбиенің орны ерекше екенін баса айтқанда, адамды ортаның әсерімен тәрбие ықпалының пассивті объектісі деп қарастыруға болмайды.

Жеке тұлға өзінің калыптасу барысында өзіндік дамуының объектісі ғана емес, сонымен катар субъектісі де екенін ескеру керек. Сана мен іс-әрекеттің тұтастығы материалистік диалектика мен психологияның ен маңызды заңдылығы болып есептелінеді.

К. Маркс адам жағдайдың пассивті жеміс емес, ол қоршаған ортасын, жағдайларды және езін белсенді түрде өзгерте алады деп жазған болатын. Демократиялық педагогиканың классиктері де (И. Г. Песталоцци, Я. А. Коменский, К. Д. Ушинский, Ы. Алтынсарин, т.б.) жеке тұлғаның өзінің белсенділігіне, оның шығармашылық-қайта құру іс-әрекетіне үлкен мән берген. Белсенділік адамның табиғи қасиеттерінің бірі болып табылады. Психологияда белсенділікті іс-әрекет деп атайды. Жеке тұлғаның қажеттіліктер). белсенділігі оның қажеттіліктерінен туады. Адамның белсенділігінің жануарлардан айырмашылығы оның қажеттіліктері сәби жасынан бастап-ақ қоғамдык қажеттіліктермен реттелінеді. Адамның белсенділігі (немесе оның іс-әрекеті) оның себеп-салдарымен, мақсат пен міндеттерін дұрыс қоя білуімен, оларды орындау құралдарын дұрыс таңдай алуымен байланысты. Белсенділіктің өзіне және жеке тұлғаның қоршаған орта мен тәрбиелік (сыртқы) әсерлерге қатысты ішкі ұстанымдарына байланысты ол әр түрлі бағыттарда қалыптасуы мүмкін.

Тәрбиеші, оның педагогикалық әсері ішкі өрісте, яғни тәрбиеленушінің санасы мен сезіміне оң әсерін тигізбесе, барлық жағдайларда әрдайым осылай болып отырады.Осының нәтижесінде, жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуында көрініс табатын барлық әсерлер мен ықпалдар екі топқа – ішкі және сыртқы болып бөлінетін болды. Ортаның әсері мен тәрбие жеке түлғаның дамуының сыртқы факторларына жатады. Табиғи әсерлер – бейімділік пен әуестік, сонымен қатар, адамның сезімдері мен күйзелістері, оның сыртқы әсерлердің ыкпалымен пайда болатын сылтаулары мен қажеттліктері -барлығы ішкі факторларға жатады.

Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуы осы екі фактордың өзара байланысының нәтижесі болып табылады.

Осы бейімділік пен өсіп келе жатқан адамның жеке тұлға ретінде жетілуіне деген өзіндік ынтасы ғана түбінде оның дамығанын анықтайды. Осылайша бұл шын мәнісінде, өзін-өзі дамыту, өзін-өзі тәрбиелеу сипатына ие болады. Л.Н.Толстойдың адамның дамуын жемісті ағаштың өсуімен салыстыруы тегін емес. Өйткені, сөздің тура мағынасында оны ешкім өсірмейді, ол өздігінен өседі. Адам тек қана топырағын қопсытады, тыңайтқыштар себеді, артық бұтақтарын кеседі, яғни оның өзіндік дамуына мүмкіндік беретін қажетті сыртқы жағдайларын жасайды, ынталандырады. Ал өзіндік даму өзінің ішкі заңдары бойынша жүреді.

Жеке тұлғаның өзіндік дамуына қоршаған орта мен тәрбие секілді сыртқы факторлар әсер етсе де, бұл факторлар оның ішкі дүниесіне оң әсер еткенде ғана және оның өз өзімен жұмысы кезіндегі өзіндік белсенділігін ынталандырған жағдайда ғана жеке тұлғаны дамытып, қалыптастыра алады. Осы бір аса күрделі процесс тәрбиенің персонификациясы (лат. – жеке тұлға) деген атауға ие болды. Осылайша, жеке тұлғаны әлеуметтендіретін сыртқы факторлар, соның ішінде тәрбие де, жеке тұлғаның өз өзімен жұмысы кезіндегі өзіндік белсенділігінің ішкі механизмдерімен, яғни оның қажеттіліктерімен, сенімдерімен, өзара тығыз байланыста болғанда ғана оның дамуы мен қалыптасуына әсер етеді. Баланың, оқушының белсенділігі іс-әрекеттің әр алуан түрлерінде көрінетіні психологияда дәлелденген. Өмір барысында қарым-қатынас, таным белсенділіктері, өзін-өзі жетілдіру мен қоршаған өмірді түрлендіру, өзгерту белсенділіктері дамиды. Кішкентай баланың өзі де пассивті емес түрде өмірдің жағдайларына бағынады. Ол өзінің талаптарын орындатқанда (үлкендерге) белсенді, ол қоршаған адамдарға қатысты өз түзетулерін енгізеді. Ол адамдарға деген (ұнату, ұнатпау) және заттарға деген (керек, керек емес, жақсы көретін, жақсы көрмейтін) өзіндік жеке тұлғалық қатынасын көрсетеді. Бұл қатынастар оның іс-әрекетінде жеке тұлғаның өзгешелігін жасай отырып пайда болады.

Баланың дамуы барысында жеке тұлғаның танымдық белсенділігінің өрісі кеңейіп, тереңдей түседі. Кейбір заттардың қасиеттерін тану үшін оларды қолына ұстап көргеннен кейін бала «Бұл не? Бұл кім? Қалай аталады?» деген сияқты сұрақтар сұрай бастайды. Бұл сұрақтардың жауабы балаға заттар мен кұбылыстардың жалпы мәнін ашып береді. Әлеуметтік белсенділік дегеніміз осы. Әрбір баланы белсенді қайраткер орнына қойып, оны баланың барлық күшін белсенді жұмсауға, іс-әрекеттегі баланың жеке тұлғаға сай өзгешелігін зерттеуге, жеке тұлғаның потенциалды мүмкіндіктерінін ашылуына барынша көмектесуге мүмкіндік туғызатын іс-әрекетті ұйымдастырудың әдіс-тәсілдерімен қаруландыру – осының бәрі баланың дамуының нәтижелілігін қамтамасыз ететін тәрбиенің басты қызметі.

Сондықтан жеке тұлғаның белсенділігін жан-жақты қалыптастыра отырып, тәрбиеші сол баланы өзіне одақтас етіп алады.

Жеке тұлғаның дамуы үшін баланың қарқынды іс-әрекеті қажет. Алайда кез-келген іс-әрекет баланың қабілетін, дарынын, мінез-құлық белгілерін, білік пен дағдыларын дамыта алмайды.. Баланың қабілетін оята алмайтын репетиторлық жұмыстар қаншама. Қабілеттіліктің дамуы үшін өз барысында баланын бойында жағымды сезімдер туғызатын іс-әрекет қажет. Ал мұндай көңіл-күйге түсу (немесе басқа да) жұмыстан пайда болған сүйсіну сезімімен сипатталатын танымдық қажеттіліктермен байланысты. Осыған байланысты әдебиеттерде өте сирек айтылып жүрген жеке тұлғаның дамуының тағы бір бастауы өзіне көңіл аудартады. Бұл – жеке тұлғаның мәдени ұстанымдарынан бастау алатын өз-өзіне деген қалыптастырушылық, жасампаздық ықпал-әсері. М. Князеваның ойынша, адамның өзін өзі дамыту күштері жеке тұлғаның дамуының ең маңыздысы болып табылады.. Қазіргі ғылыми көзқарас бойынша баланың жеке тұлғалығы тәрбиенің объектісі ретінде де, субъектісі ретінде де қарастырылады. Оның объект болу себебі, оның қалыптасуы сыртқы ықпал-әсерлерге, әсіресе, тәрбие мақсатты әсерлерге тәуелді.

Субъект болу себебі жеке тұлғаның белсенділігінсіз, сыртқы ықпал-әсерлерге деген белсенді ықпалынсыз даму ілгері жүрмейді; тағы бір себебі: адамның дамуы өзін- өзі дамыту процесінде ғана жүзеге асады, сондай-ақ жеке тұлғаның дамуында өзін-өзі тәрбиелеудің де алар орны ерекше ,
Жеке тұлғаның субъект болып толық жүзеге асуын ойын арқылы жүзеге асыруға болады. Балалар әлемі - ерекше әлем. Оның өзіндік лексикасы, фольклоры, мөлшері, ар-намыс кодексі, өздік қызықтары бар. Бұл таңғажайып әлемнің құралы – ойын. Балалық шақта ойын қызықтырады және қуантады, барлық бос уақытты толтырады, балалар үшін өте маңызды жұмыс болып табылады.

Ойын – барлық балаларды педагогикалық ұйымдарға қосылуға, өзіндік шығармашылық әрекетпен шұғылдануға мүмкіндік береді. Ойын балаларды коммуникативті дамуын және жеке өзіндік бекінуін, өзін-өзі тануын қадағалайды.
Ойын құрылысына жоспарлау, мақсатын анықтау, мақсатты жүзеге асыру, сонымен қатар жеке тұлғаның субъект болып толық жүзеге асу нәтижесін сараптау әрекеттері жатады. Ойын технологиясының мотивациясы – оның еркіндігін, өзін-өзі бекітуі мен өзін-өзі жүзеге асыруында қанағаттандыруды қамтамасыз етеді.

Ойынды оқу үрдісін белсендіруші оқу және тәрбие әдістемесі ретінде, келесі жағдайларда қолданамыз:

Дидактикалық ойынның нәтижесіне жету және оны өткізу үшін келесі жағдайлар жасалуы керек:

Педагогтің өзінде дидактикалық ойындарға қатысты білімі мен біліктілігі болуы қажет;


• ойынның өту мәнері;
• ойынға педагогтің қатысуы;
• ойнату мен оқытудың үйлесімді болуы;
• ойынға балалардың көңіл күймен қатысуларын көтеру тәсілдері мен жолдары, өздік мақсат қана болып емес, дидактикалық тапсырманы орындауға апаратын жол болуы;
• дидактикалық ойында қолданатын көріністер, суреттер қарапайым болуы қажет.
Ойын біліктілік белсенділігі бойынша мынадай топтарға бөлінеді:
Заттық ойындар – мектепке дейінгі балаларды ойыншықтар мен ойнату, қызықтыру. Балалар ойыншық арқылы заттың қалыбын, түрін, көлемін, материал, жануарлар әлемін, адамдар әлемін, т.б . таниды.
Интеллектуалдық ойындар – шығармашылық, көріністі-рольдік болып келеді. Сюжет бұл жерде қызмет қалыбында қолданылады. «Сапарлар», «саяхаттар» кезінде іс-әрекеттерді елестету арқылы, олардың барлық күйзелістері мен қуаныштары ,балалардың ойындық рольдерімен өткізіледі. «Ғажайып алаң», «Ақылды қыздар мен ақылды ұлдар», «Алтын қақпа», парасаттылық ойындары танушылыққа, білімділікке әр түрлі материалдар жинауға мүмкіндік береді.
Дидактикалық ойындар – бұл ойындардың балалардың белсенділіктерінің дамыуына арналған дайын ережелері бар.
Дидактикалық ойындар 3 негізгі топқа бөлінеді:
1. заттармен ойын ( ойыншықтар, табиғат материалдары);
үстел ойындары ( лото, домино, т.б.);
2. ауызша сөйлесу ойындары – алған білімдерін жаңа жағдайда қолдануды талап етеді. Бұл ойындарға «Асханада», «Дүкенде», «Кітапханада», т.б. рольдік ойындары жатады.
3. Спорттық ойындар. Күш, айла, төзімділік, мергендік сапаларын спорт ойындары «Бәйге», «Итеріспек», «Көкпар» т.б. ойындары көмекке келеді.
Интеллектуалдық ойын технологиясы. Интеллектуалдық (іскерлік) ойындар технологиясы үш кезеңнен тұрады:
Дайындық кезеңі. Интеллектуалдық ойын дайындығы сценарий жасаудан, көрініс жағдайын елестетуден басталады. Сценарий мазмұнына енетіндер: сабақтың оқу мақсаты, оқыған мәселені сипаттау, тапсырмалар, ойын жоспары, кейіпкерлердің (топтың) мінездемелері және оқиға мазмұны. Ойынға кіру, ойыншылардың және сарапшылардың бағдары, жұмыс уақыты анықталады, істің басты мақсаты белгіленеді, ойын мәселесін қоюмен жағдайды таңдау негізделеді. Материалдар пакеттері, нұсқаулықтар, ережелер беріледі. Қосымша ақпарат жиналады. Ойынға қатысушылар алдын ала өзара сөйлесулеріне, кеңесулеріне болады. Рольден бас тартуға,ойыннан шығуға, ойынға құлықсыз қатынасуға, тәртіп этикасымен уақытты өзгертуге тыйым салынады.
Жүргізу кезеңі – ойын үрдісі. Ойынның өткізілуін ешкім өзгертпеуі тиіс. Ойынның басты мақсатынан шығып бара жатқан жағдайда ойын бастаушы ғана ойыншықтардың іс-әрекетін түзетіп
отыра алады. Қорытындысында педагог нәтиже жетістіктеріне қарайды, қателерді белгілейді, жұмыс қорытындысын қалыптастырады.
Ойын технологиясының нәтижесін көтеру үшін ойынды сабақтың бірінші және үшінші бөлігінде қолданған жөн. Ойынды дұрыс бағаламау оқу-тәрбие үрдісінде нәтижелікті жоққа шығаруы да мүмкін. Сонымен қатар балалардың мінез-құлықтарының жан-жақты толық дамуына, тану қасиеттерінің дамуына, сөйлеу мәнеріне, оқуға қызығушылықты қалыптастыруда, балаға сараптай білуге, салыстыра білуге көмектесу, елестету мен жалпылауға ойынның үлкен әсері бар екенін ұмытпаған жөн.

7. «Қазіргі заманғы бала және оның мәселелері» «Күншуақ» тобының тәрбиешісі Манкебаева Индира Кариқызына беріледі.

«Балалар құрметке сенім мен достыққа, қарым-қатынасқа лайық, олармен осы жылы сезімді анық жағдайда, көңілді күлкі,наздану мен таңдану,таза жарқын және тартымды қуанышта болу бізге жағымды тиеді» (Я.Корчак).

Балалардың ең бір ғажабы әр сәттегі мінез-құлқы,былдырлап шыққан тілі,әр жеткен жетістігі деп білеміз.Әрбір адам,ата-ана,педагог бола алатын ойлана отырып бүлдіршіндерге мұқият қараған дұрыс деп білеміз.Қазіргі заманғы балалардың жеке тұлғасын қалыптастыру мәселелері білім мен тәрбие беру тұжырымдамасында негізгі орын алады.Оқу-тәрбие жұмыстарын бүгінгі білім стандартын сай кешенді түрде жүргізу арқылы балаларды біртұтас тұлға етіп қалыптастыру.

Әрбір адам өзінің дамуында үш кезеңді басынан өткізеді;жетілу, кемел жас және кәрілік.Бала ағзасының жетілуі –даму ,өсу және дене пішінінің қалыптасуы арқылы жүреді.Баланың дамуы –ағзада өтетін сапалы өзгерістер арқылы білінеді.

Елбасы ана мен балаға қамқорлық жасауға баса назар аудару қажет екенін 2030 жылғы жолдауында айтып кеткен болатын.Баланың өсуі мен дамуы үздіксіздігімен жолдауында айтып,кеткен болатын.Баланың әркелкі дамуы,оның психологиялық дамуы әртүрлі деңгейде болады. Бұл баланың жеке басының ақыл –ой процестерінің дамуына ғана емес,сонымен қатар оның тәрбиеленген орта жағдайына да байланысты болады.Тақты ғұлама ғалым ӘЛ-Фараби: «Адамға ең бірінші білім емес,тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім -адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне апат әкеледі»деген.

Барлық тәрбиешілер, болашақ тәрбиешілер,ең алдымен алдындағы балабақша бүлдіршіндерінің жан-жақты тәлім-тәрбие алуына, олардың ішкі қабілетін анықтауға, дарынын шыңдауға , сол арқылы өздері көздеген тәрбие бұлағынан сусындауына әрдайым жағдай жасайды.

Ал, психологиялық жағынан алып қарастырсақ, жеке баланың бағыт-бағдар көрсететін компоненттері көп, олар; адамның қажеттері, қызығулары, дүниетанымы, сенімі, мұраты. Солардың негізінде балалар іс–әрекеттерімен айналысады – ойын, оқу, еңбек. Әсіресе, оқу әрекетінде бұл компоненттер өзінің орнын табады.

Мысалы: рухани қажеттілік, оқу материалдарына қызығушылық, ғылыми дүниетанымы, өз ісіне сенімділік, мұратына жету барысында өмірдің мақсаттылығы айқындалады. Үйдегі бала мен балабақшаға баратын балалардың айырмашылығы жер мен көктей.

Балабақшаға баратын баланың қызығушылығы, қарым – қатынасы, мінез – құлиқы, бағдарлары мен қажеттіліктері, мотивтері, бейімділіктері және т.б. қалыптасады және өзгереді. Мұның барлығы баланың санасын есейтеді. Бұл жерде баланың физиологиялық,психикалық дамуының, жас ерекшеліктері есепке алынады.

Қазіргі заманның баласы қатыгез деген ұғым қалыптасып келеді, бұған қайшы не?

Мысалы: ата - аналар балаларын жиі мақтаса,бала өзін тым ерекше сезініп, өзімшіл болып кетуі мүмкін. Оның залалын бала өсе келе көрсете бастайды. Ал кейде тіпті керісінше, оның істеген істеріне, талап –талпыныстарына мән бермей қою және немқұрайлы қарау баланың еңбектенуге деген құштарлығын жойып жіберуі мүмкін. Сондықтан ересектер ( ата -аналар) тарапынан мақтауды бала тәрбиесінде орынды қолдану маңызды. Онсыз бала мінезі басыла береді. Ал, балалардың бір – бірін мақтағаннан гөрі сөккенін ұнатуы қазіргі заманға жат құбылыс болмай бара жатыр. Бұл кімді болса да еріксіз қынжылтады.Бірақ мұны қазіргі заманның баласы қатыгез болуының себебі деп айту қиын. Әрине, қазіргі біздің қоғамымызға батыстық үрдістердің тереңдеп енуіне байланысты, қоғамда болып жатқан жахандану тенденциясына қарай,қазіргі балалардың психикасының бұзылуы олардың мінез – құлқы мен өмірлік бағдарларының, құндылықтарының өзгеруі байқалады. Атап айтсақ, баланың бос уақытының дұрыс ұйымдастырылмауы, ата – аналар тарапынан тәрбиенің толыққанды болмауы, ақпараттық технология құралдарын баланың өз еркімен қалауынша қолдануы – оның өзімшіл, ашушаң, ұрысқақ, қатыгез болуына, жанашырлық езімін іркіп қалатынына ықпал ететіні сөзсіз. Бала тәрбиесінде мейірімнің маңызы ерекше. Жақсы да, жақсылықта жалпыға ортақ.

8. «Табиғат көріністері» релаксациялық жаттығу
Қандай сезімде болдыңыздар? Не сезіндіңіздер?
9. «Баланың мектепке дайындығы» «Құлыншақ» тобының тәрбиешісі Сейдилдаева Майра Саулебайқызына беріледі.

Еліміздің ертеңгі болашағы- бүгінгі өсіп келе жатқан жас ұрпақ.

Сол жас ұрпақты тұлға етіп қалыптастырудың алғашқы баспалдағы- балабақша.

Мектепке дейінгі жаста балалар қоршаған орта жайлы көптеген мағлұмат алады. Олардың ой-өрісі кеңейе түседі. Әр түрлі ойындар, табиғатқа серуенге шығару мектеп жасына дейінгі балалар үшін өзінше сабақ болады. Бұл жұмыстар балалар бақшасында белгілі бағдарлама бойынша жүргізіледі. Және балаларды әрі қарай мектепке оқуға дайындайды.

Бүгінгі таңда халыққа білім беру саласындағы қаралып жатқан көптеген мәселелер ауқымы мектеп жасына дейінгі мекемелерді де қамтып, ондағы тәрбиелеу, білім беру жұмысының мазмұнын жаңарту талабы қойылуда. Жеткіншектерімізді мектепке дайындауда олардың денсаулығын нығайту, адамгершілік қасиетін, эстетикалық талғамын дамыту, қоршаған ортаны тану, математиканың қарапайым түсінігін, тіл байлығы мен ойлау қабілеттерін жетілдіру көзделіп отыр.

Баланы мектепке дайындау мәселелері бойынша 5 жастағы балалардың бойында адамға тән қасиеттердің жақсы, өнегелі үлгілерін ойдағыдай қалыптастыру арқылы мектепке дайындау- мектепке дейінгі мекемелердің негізгі міндеті.

Баланың тұңғыш рет мектеп табалдырығын аттап білім алуға ден қоюы- оның өміріндегі дамуының негізгі кезеңі.Осы кезеңнен бастап баланың мінезі және жеке ерекшеліктері қалыптаса бастайды.

Балаларды мектепке дайындаудың нәтижесі мектептегі оқу кезеңінде айқын байқалады. Көбінесе балабақшадан емес, үйден тәрбиеленіп келген балалардың дайындығының кем екендігі айқын аңғарылатын себебі де осында болса керек. Балалардың мектепке дайындығының сапасына келетін болсақ, мектепке дейінгі жаста адам өміріне қажетті психикалық және дене тәрбиесінің сапалары қалыптасады. Осы шақта қоршаған ортаны қабылдау, өзіне деген қарым-қатынастары, атап айтқанда, 3-7 жас аралығында эмоциялық, танымдық, ерік сезімдері нығаяды. Психологтар мен педагогтар осы кезеңдегі дайындықты жалпы және арнаулы деп екіге бөледі, соған байланысты балабақшада жалпы және арнаулы дайындықтар жүргізіледі...

Жалпы дайындық- ол психологиялық, адамгершілік және дене дайындығы. Адамгершілік дайындық және ерік дайындығы бір- бірімен тығыз байланысты. Әр баланың басқа баладан ерекшеленетін өз мінезі бар, соған байланысты балалар істеген ісің, қылығын басқарып үйренуге тиісті екенін айтып өткен жөн. Сонда ғана мектепке барғанда тез тіл табысып кетеді.

Психологиялық дайындық- ол таным процестерінің дамуымен байланысты. Балалар өз еркімен жұмыс істеуге әлі толық дайын емес, зейіні тұрақсыз, тез шаршайды. Мектепке барғанда мұғалім барлық ерекшеліктерін ескеріп, дайындық кезеңіндегі әдіс-тәсілді жалғастыра отырып, осындай процесінде дамытады.

Дене дайындығы-мықты денсаулық, шыдымдылық қасиеттері балаларда болу үшін дербестік, еңбексүйгіштік, жинақтылық сияқты қасиеттері де даму үшін ата-аналардың көмегімен жұмысты бекіту керек.

Баланы мектепке дайындықты балабақша мен мектептегі әдіс-тәсілдері ұштастыру арқылы жүзеге асыруға болады, бірақ оларға қойылатын міндеттілік, реттілік, ойын әдістерін пайдалану, өз кезегімен бір-бірден жауап беру сияқты талаптар бірдей болуға тиісті екенін ұмытпауымыз керек. Мектепке баратын балалар санауды, әріптерді танып, біліп қана қоймай, қоршаған орта туралы да толық түсініктері болу керек. Сонымен бірге таным процестерін (ес,зейін,ой-қиял, қабылдау) да дамып отыру қажет. Балабақшадағы сурет, жапсыру, мүсіндеу сабақтары мектептің бейнелеу, математика, еңбек сабақтарына дайындауға септігін тигізеді. Жазу мен сурет салуда балада денесін тік ұстау, қаламды дұрыс ұстау дағдылары қалыптасады. Балабақшада балалармен жұмыс жасауда оларға білім беріп, дағдыларды қалыптастыруға ерекше мән бергеніміз жөн.

Мектепке балаларды дайындау барысында «Қатынас» білім беру саласы бойынша балалардың қарым- қатынаста кездесетін қиыншылықтарды балалардың граматикалық дұрыс сөйлеуді, дыбыстарды дұрыс айтуда сауат ашу негіздерімен дұрыс және жеке жұмыс жасау барысында кездесетін қиыншылықтарды жеңу үшін балалардың ата-аналары балабақшамен бірлесе отырып, жұмыс жасау қажет. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде белсенділігі төмен,тұйық,өз бетінше жұмыс жасауға қорқатын, өздеріне сенімсіз, өкпелегіш,ұялшақ балалар, оқу іс-әрекетде қиыншылықтар тудырады.

Балалардың мінез-құлқына да көңіл аудара отыра, туындамайтын қиыншылықтар ды табандылықпен, алға қойылған мақсатқа жету үшін ерік-жігермен кездесетін қиыншылықтарды жеңе отыра, балаларды мектепке оқуға ынтасын қалыптастыруымыз қажет деп ойлаймын.

Баланың мектептегі оқуға дайындығы біртіндеп қалыптасатын аса күрделі үрдіс және бұл үрдісті жүзеге асырудың бірден бір жолы - ата-ананың, тәрбиешінің және психологтың бірігіп жұмыс істеуі. Бала балалық шақтан өзіне белгісіз, таныс емес дүниенің есігін ашқаннан кейін, баланың өмір сүру тіршілігін түбегейлі өзгертеді.

Яғни, баланың мектеп өміріне еніп және өзінің әлеуметтік ортада «МЕН» дегенін қалыптастыра алып, жоғарыдан көріне алуы, баланың білімді, табысты және нәтижелі игеріп кетуіне ықпал жасайды. Бұл баланың жеке тұлғасының қалыптасуы және ақыл-ойының, таным үрдістерінің дамуы болып табылады. Бес жастағы бала зейінін дамытып, жеке тұлғаға айналдыру әр тәрбиешінің басты міндеті. Сондықтан бала жүрегіне жылылық ұялатып, қабілетімен дарынын ашу әр тәрбиешінің алдына қойылған ең басты міндеті деп түсіндім.

10. Қорытынды. «Майшам» жаттығуы.
Қазір мен майшамды жағамын. Барлығымыз бір-бірімізбен бірігіп, жұмыс жасағанымыз үшін бір-бір жылы сөз айтып, майшамды беріп отырамыз. Қоштасуға майшамды алғаным, жарық деген жақсы нәрсе, сондықтан да алдарыңыз ашық, жарқын болсын деген тілекпен, бүгінгі тренингімізді аяқтаймыз. Рахмет!

Қорытындылай келе тәрбиешілер тренингтен алған өз әсерлерімен ой бөлісіп, алғыстарын білдірді.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тәрбиешілерге арналған психологиялық тренинг "Кім кімді тәрбиелейді?""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Товаровед-эксперт

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 670 235 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 27.11.2018 4289
    • DOCX 312.9 кбайт
    • 34 скачивания
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Манкебаева Индира Кариевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Манкебаева Индира Кариевна
    Манкебаева Индира Кариевна
    • На сайте: 7 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 27768
    • Всего материалов: 14

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Взаимосвязь образа сверстников и коммуникативной компетентности детей дошкольного возраста

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 29 человек

Курс повышения квалификации

Организация занятий адаптивной физической культурой с детьми дошкольного возраста с ограниченными возможностями здоровья

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 46 человек из 23 регионов
  • Этот курс уже прошли 556 человек

Курс повышения квалификации

Развитие креативности у детей дошкольного возраста (на примере использования разнообразных материалов)

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 46 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 266 человек

Мини-курс

Инновационные технологии в краеведческой и географической работе со школьниками

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Стратегии бизнес-развития

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Подготовка и проведение тренинга

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе