Инфоурок Дошкольное образование Другие методич. материалы"Төрлет, төрлет Наурызым!" ертеңгілігі

"Төрлет, төрлет Наурызым!" ертеңгілігі

Скачать материал

                                 Бекітемін:

Ясли-бақша әдіскері               Т.Өмірәлиева

                          Күні:

 

Ұлыстың Ұлы күні  22 наурыз  мерекесіне арналған «Төрлет, төрлет Наурызым!»  

атты мерекелік кеш сценарийі

 

Мақсаты: Ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесін тойлау. Ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрып жайында қарапайым түсінік беру. Ата-бабаларымыздың кейінгі ұрпаққа мирас еткен асыл мұрасын қадірлеп, қастерлеуге, қасиетін түсінуге баулу. Ұлттық дәстүрдің ерекшеліктерімен таныстыру. Қазақ халқының салт-дәстүрлерін балалардың бойына сіңіру. Балаларды ұлттық салт-дәстүрді, мұраларды танып-білуге, сыйлап, түсінуге үйрету. Балалардың ой-қиялының, шығармашылық белсенділігінің және бейнелі ойларының дамуына ықпал ету.

 

(Сахна сыртында,күй  ойналады)

Жүргізуші:    Наурыз – жылдың басы!

                      Көктем басы.

                      Ежелден оған көзі  жеткен– өткен ғасыр,

                      Ақ шуақ – адамзаттың мейірімі де,

                      Ақ жаңбыр – табиғаттың төккен жасы.

                      Наурыз – мұсылманның бір белеңі,

                      Наурыз – арулардң гүл желегі

                      Жер – Ана ақ халатын шешіп тастап,

                      Бұл күні ғажайып бір түрге енеді.

                      Наурыз – құт – береке, ұлыс күні,

                     Ұлыс күні – халқымыздың тыныштығы!

                     Қазақтың аспанында желбірейді,

                     Тәуелсіз еліміздің  көк туы.

 

Жүргізуші: Армысыздар, ұстаздар, қонақтар,ата-аналар! Бәріміздің асыға күткен Наурыз тойымыз келіп жетті. Тойларыңыз құтты болсын!

           Наурыз – «жаңа күн» деген сөз. Бұл күн – біздің ата – бабаларымыз, арғы тегіміз мыңдаған жылдардан бері тойлап келе жатқан жыл басы мерекесі. Наурыз тойымыз құтты болсын! Ұлыстың ұлы күні деп аталған Наурызда денсаулықтарыңыз мықты болсын, тілектеріңіз қабыл болсын! Бүгінгі ясли-бақшамыздың «Төрлет, төрлет, Наурызым!» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер! Мерекелік кешімізді ашуға  ясли-бақша басшысы Марина Нұрдәулетқызына құттықтау сөз кезегін ұсынамыз.   

(Әже мен Наурыз қыз кіреді)

Әже: «Армысыңдар, бармысыңдар халайық,Ұлыс оң болсын,ақ мол болсын, қайда барсаң жол болсын, Наурыз тойы құтты болсын» (шашу шашып жүріп айтады).

 

Наурыз қыз: (Альфия)

Уа, жарандар, жарандар,

Бәрің бері қараңдар!

Наурыз думан басталды,

Бір сәт зейін салайық.

Ұштасқан оймен мәңгілік

Біздерде бар сан ғұрып,

Ғасырлардан ғасырға

Келе жатқан жаңғырып.

Бермен жақын тұрыңдар,

Сөзіме көңіл бұрыңдар.

Жауқазындай наурыздың

«Тойбастар» деген әні бар

(«Тойбастар» айтып, «Балапан» тобының балаларымен кіреді)

 

Жүргізуші:   Хош келдің, наурызым, ардақты

                     Халқым саған бар үмітін арнапты.

                     Жылда осылай келе бергін жасарып,

                     Гүлге бөлеп, нұрға бөлеп аймақты-дей келе «Балапан»  тобының бүлдіршіндерінің өнерлерін қабыл алыңыздар.

 

1.      Балалардың тақпақтар:

Жанайым:  Құтты болсын Наурыз,

Жалқаулық қас – жауымыз

Дала толы егіске,

Малға толсын тауымыз.

 

Димаш: Кел,балалар ойнайық,

Наурыз тойын тойлайық,

Баянды боп мереке

Қыр гүліндей жайнайық.

 

Нұрсезім: Күн менен түн теңеледі,

Жер шуаққа кенеледі,

Соны тойлар ел енді.

 

Әли: Бата беріп атамыз

Бата беріп әжеміз,

Тәтті болып жасаған

Көжеден дәм татамыз.

 

Тоғжан: Сәнді көктем нұрымен

Наурыз тойы жырымен,

Көңіл гүлдей жайнасын,

Наурыз тойы тойлансын.

2.      Би: «Шаттық»

3.      Хор: «Наурыз біздің жаңа жыл»

(«Балапан»  тобы қоштасып шығып кетеді).

Жүргізуші: Наурыз айы жүректерге нұр сепкен,

                   Мандайымнан сүйіп жатыр нұр көктем

                   Жарығымен, шуағымен Күн - Ана

                   Алып келдің жер бетіне нұр көктем! Келесі кезекте  «Ботақан» тобының бүлдіршіндерінің тойға тартуын қабыл алыңыздар.

Дастан:

 «Наурызым – бабамның сөзі,

Наурызым – анамның сөзі,

Ғасырдан ғасырға жеткен

Наурыз -даламның сөзі» демекші, тойды бастамас бұрын Қыдыр атамыздан бата сұрап алайық

Қыдыр ата бата береді:

Азамат боп ержетіңдер,

Ақылды болып ержетіңдер
Азамат болыңдар көрікті,
Ғұмырың болсын берікті
Азамат болыңдар ардақты
Мінездерің болсын салмақты
Өнерлі болыңдар жан  жақты.

Осы айтқанның бәрі қабыл болып
Алла берсін сендерге зор бақты! Әумин

 

Жүргізуші: Жүріңдер Наурызға басып аяқ,

                   Қалыс қауым болмасын некен саяқ.

                   Ән шырқап, би билейтін қауым болып,

                   Тұрмайық, уақыт келді өнерді аяп. «Ботақан» тобының жігіттерін «Бәйге» биімен ортаға шақырамыз.


Жүргізуші: Шарықтап көңілім,

                   Биге бір жаным басқандай.

                   Бишілер билей жөнелсе,

                   Шаттықтың нұры тасқандай- деп    биші қыздарымызды   «Наурыз думан» биімен қарсы алайық.

 

Жүргізуші: Құтты болсын әр күнің

                   Сыйла бақыт баршаға

                   Сәбидің әсем шат үнін

                   Тыңдат абзал анаға, - ортаға «Шағала» тобын шақырамыз.

  («Шағала»  тобының бүлдіршіндері «Наурыз келді»  әнімен кіреді).

  (Топ тақпақтары)

Іңкәр:

1.Уа, ағайын халайық,

Мұнда назар салайық

Мерекесі халықтың

Наурыз тойын бастайық!

 

Хамза:

2.Жыл- басы науырыз мереке

Ақ  нұрға  әлем боянды.

Наурыз тойы береке,

Тіршілік жаңа оянды!

 

Нұрбану:

3.Жыл басы Наурыз,

Жердің басы Наурыз,

Мерекеге айналсын

Бүгінгі жыр әніміз.

 

Жаннұр:

4.Көктем келді балақай,

Жасарды жер, алақай.

Наурыз тойын тойлаық,

әсем әнге салайық.

 

Санжар:

5.Наурыз келді сән  құрып

Жасарып жаңғырып

Құлпырды жер мен көк

Мейрімі таң күліп.

 

 

 

 

У. Айару:

6.Наурыз тойы- тамаша,

Наурыз тойы-жаңаша

Табиғатта тамаша,

Тамылжып тұр жараса.

 

Жәнель:

7.Наурыз тойым наурыз тойым,

Құтты болсын халайық!

Қане достар, қане достар

Шырқап әнге салайық.

 

Қасымжан:

8.Қош келіпсін Наурыз!

Арман тойы халықтың.

Қуанышы халықтың,

Құтты болсын қадамың.

 

Гаухар:

9.Наурыз тойы-салтанат,

Наурыз тойы- мархабат

Әр жүректен ән тарап

Шаттанады шартарап.

 

Әсел:

10.Наурыз келді еліме,

Наурыз келді жеріме,

Байлық  бақыт тілеймін,

Бүкіл қазақ еліне.

 

Бағлан:

11.Наурыз-бұл мереке

Құтты болсын береке,

Қыдыр ата келсін

Жаксы тілек әкелсін.

 

 Айару:

12.Наурыз келді алақай,

Кел билейік балақай,

Бірге қарап тұрмайык

Тойға шашу шашайық.

 

Әділет:

13.Той думанға келіңіз,

Тамашалап көріз,

Ән айтайық бәріміз,

Қол соғайық бәріміз!

 

Жәния: 
14.Амансыздар ма?
Ұлыс оң болсын.
Ак мол болсын,
Қайда барсаң  жол болсын

 

 

Мәдихан:

15.Наурыз көктем тойымыз,
Өсер біздің бойымыз.
Күн ұзарар жылынып
Қош келдің бізге наурыз.

 

Жүргізуші: Бүгінгі тойымызға   «Жұлдыз»  тобының  батыр жігіттері мен өнерлі қыздары келіп қалыпты,  батырлар, тойымызға қош келіпсіздер.

Батырлар көрінісі

Спорттық сайысы

Қазақша би

Жүргізуші: Наурыз тойын жұп жазбай

                   Қошеметпен қарсы алайық.

                   Досқа құшақ ашайық.

                   Өлең-жырға басайық.

                   Қазақтың бір салты деп

                   Тойға шашу шашайық. Әсемай қызымызды  «Қош келдің, Наурыз» әнімен ортаға шақырамыз.

 

Жүргізуші: Әз Наурызым құтты болсын қадамың,

                   Жолы болсын ары таза адамның.

                   Шалдықтырма зардабына заманның

                   Арам ойын іске асырма жаманның.

                   Елге арна тетігіңнің ақтығын,

                   Халқың сезсін тілегіңнің пәктігін.

                   Наурызбен ырыс береке құт келіп

                  Шалқыта бер шаңырақтың шаттығын-деп құрметті ата-аналар  Ұлыстың  ұлы күні құтты болсын деп бүгінгі ясли-бақшамызда ұйымдастырылған «Төрлет,төрлет Наурызым!» атты мерекелік іс-шараны  осымен аяқтай отырып,  құрметті ата-аналар құттықтау сөз кезегін өздеріңізге ұсынамыз.

 

Жүргізуші:  Жиналған мынау халыққа,

                    Жыр маржанын шашайық.

                    Наурыз көже берумен,

                    Салт –дәстүрді жасайық.

            Құрметті ата-аналар,  Наурыз көжеден дәм татуға шақырамыз!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

№5 «Айгөлек» ясли-бақшасы

 

 

 

 

 

«Төрлет, төрлет Наурызым!»

(Мерекелік ертеңгілік)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2016-2017 оқу жылы

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Төрлет, төрлет Наурызым!" ертеңгілігі"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Научный сотрудник музея

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 670 648 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 18.05.2017 827
    • DOCX 29.9 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Аманжолова Арайлым Жандарбековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 41867
    • Всего материалов: 15

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Разговоры о важном: организация и обеспечение внеурочной деятельности

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 778 человек из 72 регионов
  • Этот курс уже прошли 4 005 человек

Курс повышения квалификации

Развитие речи у детей младшего дошкольного возраста в рамках группы "Мама и малыш"

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 36 человек из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 174 человека

Курс повышения квалификации

VUCA-мир и современные тенденции дошкольного образования: чему и как учить детей

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 56 человек

Мини-курс

Профессиональное развитие бизнеса: стратегии и инструменты

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Вероятность и статистика: формирование общеучебных умений и навыков

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Финансовый риск-менеджмент

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе