Инфоурок Дошкольное образование Другие методич. материалы"Қуант бізді Жаңа Жыл" ертеңгілігі

"Қуант бізді Жаңа Жыл" ертеңгілігі

Скачать материал

«Бекітемін»:

                                                                                                     №5 «Айгөлек» ясли –бақша  басшысы                        М.Н.Маханова              

                                                                                            «     »  желтоқсан  2016ж

 

Тақырыбы: «Қуант бізді Жаңа жыл!»

Мақсаты: балаларға мерекелік көңіл - күй тудыру; шыршаның қалай әдемі де сәнді безендірілгеніне, балалардың Аязатаның, Ақшақардың, Қоянның карнавалдық киімдеріне назар аударту; көңілді ойындар ойнату, достық қарым - қатынас ояту, бірлескен ойындар ойнату.

Қатысушылар: жүргізуші, Аязата, Ақшақар, Қоян, балалар, ата – аналар, Мыстан кемпір,   Қасқыр,   Маша, Аю

(Музыка ойнап тұрады).

Жүргізуші:  

Жаңа жылдың таңы неткен арайлы

Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды

Жаңа жылмен құттықтаймын бәріңді

Бақыт, шаттық, молшылық әкелсін

Бәрімізге мына жыл арайлы!

Құтты болсын ағайын!

Жаңа жылың тағы да

Қол соғып қарсы алайық

Шақырайық ортаға

Ертеңгілік басталсын

«Балапан» тобында!

(балалар   шыршаны айналып тұрады)

Жүргізуші: - Құрметті балалар, ата - аналар, ұстаздар, қонақтар. Жаңа жыл мерекесіне арналған «Қуант бізді Жаңа жыл!» атты  ертеңгілігімізді  бастауға рұқсат етіңіздер.

 

Жүргізілу барысы: Ақшақар шыршаны безендіріп жатады. /Қолында сиқырлы таяғы болады Осының бәрін сырттай Мыстан кемпір карап тұрады/. Мыстан кемпір Ақшақардың сиқырлы таяғына қызығып, өз айласын асырып, таяғын ұрлап алып кетеді. Осы кезде Ақшақар сиқырлы қасиетінен айрылып, күші жойылып, шыршаның түбіне әлсіреп, отырып қалады. Қолына сиқырлы таяқ тиген Мыстан кемпір әндетіп келе жатады. Алдынан Қоянды қуып келе жатырған Қасқыр кездеседі. Қасқыр Мыстан кемпірден жөн сұрайды.

Қасқыр: Тым көңілді көрінесіз. Себебі бар шығар?

Мыстан кемпір: Әрине, мен бәріңді қатырдым. Сендердің көптен күткен Жаңа жылдарың өтпейтін болды. Себебі Жаңа жылға сән беретін шыршаларыңның шамдары жанбайтын болды. Ол шамдарды жағатын айдай сұлу Ақшақардың сиқырлы таяғын мен ұрлап алдым. Енді барлық сиқырлы күш менің қолымда, - деп алақайлап, қарқылдап күледі.

Қасқыр біраз ойланып тұрады да, Қоянды қасына шақырады. Қоян Мыстан кемпірдің артына тығылады.

Қоян: Қасқыр ағай, маған тиіспейсіз бе? Мен сізден қорқамын. Алдап мені жеп қоймайсыз ба?

Қасқыр: Жоқ, Қоянжан ағалық уәдемді берем. Екеуміз бір-бірімізді қуалап жүргенде Мыстан кемпір Ақшақардың сиқырлы таяғын ұрлап кетіпті. Кел, екеуміз көмектесейік.

(Қоян қорқа-қорқа қасқырдың қасына барады. Қасқыр мен Қоян ақылдасады).

 

Қасқыр: Мыстан, сен неге олай жасадың. Біз бұл Жаңа жылды асыға күтіп жүр едік. Сен бәрінің берекетін кетірдің ғой. Үшеуміз бір шешімге келейік. Біз саған жұмбақ жасырамыз. Сен осы жұмбақтың шешуін тапсаң сиқырлы таяқ өзіңде қалады, ал шеше алмасаң сиқырлы таяқты бізге бересің.

Мыстан кемпір: Жақсы, келістік. Өз сөздеріңнен айнып кетіп жүрмеңдер.

Қасқыр мен Қоян жұмбақ жасырады.

 

Жұмбақ:

Ақсақалды шал жылына,

Бip-ақ рет келіп кетеді.

Қызы мен ұлына,

Сыйлық алып келеді.

/Аяз Ата/

          (Мыстан кемпір  жұмбақтың шешімін тауып алады. Өздерінің жеңілгенін білген Қасқыр Қоянға ашуланып, өкпесі қара қазандай болып, уәдесінен айнып, Қоянды қуа жөнеледі. Қоян одан әрмен қашады.

          Мыстан кемпір өз жеңісіне қуанып келе жатып, Аю мен тентек Машаға кездеседі. )

Мыстан кемпір: Алақай, мен бәріңді қатырдым. Сендердің көптен күткен Жаңа жылдарың өтпейтін болды. Себебі Жаңа жылға сән беретін шыршаларыңның шамдары жанбайтын болды. Ол шамдарды жағатын айдай сұлу Ақшақардың сиқырлы таяғын мен ұрлап алдым. Енді барлық сиқырлы күш менің қолымда, - деп қарқылдап күледі.

(Өз анасындай қамқор болып жүрген аю Мыстан кемпірден тентек Машаны қорғамақ болып, бауырына жасырады.)

Аю: Кешіріңіз, сонда асыға күткен бәріміздің Жаңа жылымыздың болу болмауы сіздің қолыңыздағы сиқырлы таяқта болып тұр ма?

Мыстан кемпір: Әрине. Шыршаларыңа жан бітіретін, жаңа жылға сән беретін Ақша қардың сиқырлы таяғы менің қолымда тұрған жоқ па?

Аю: Енді түсіндім мән-жайды. Олай болса Маша қызым екеуміздің саған қояр талабымыз бар. Бізбен бірге ойын ойнайсыз. Ойынға ата-аналар, осында отырған қонақтар қатысады.  Ойында сіз жеңіске жетсеңіз, онда сиқырлы таяқ сізде қалады. Ал ұтылып қалсаңыз сиқырлы таяқты Ақшақарға қайтарасыз.

Мыстан кемпір: Жарайды, ендеше ойынды бастайық.

Ойын ойнату. Ата-аналарға арналған ойын.

Бірнеше сұрақтар қойылады, сұрақтың  жауабын  табу керек.

1.     Суды елекпен қалай тасуға болады? Жауабы: мұз қылып қатырып

2.     Қатты жылдамдықпен келе жатқан жүк машинаны бір қолымен кім тоқтата алады? Жауабы: Жол полициясы

3.     Бір үйде елу батыр, үй сыртына сүйкенсе өліп жатыр? Жауабы: Сіріңке

4.     Патша кімнің алдында тәжін шешеді? Жауабы: Шаштараздың

5.     Еліміздегі ең ұзын ағаш қайда өседі? Жауабы: Ұзынағашта

 

(Мыстан кемпір сұрақтың жауабын таба алмай, сиқырлы таяқты аюға береді. Мұңайып отырған Ақшақарды көріп, Мыстан кемпір кешірім сұрап,  аю мен Маша сиқырлы таяқты Ақшақарға береді. Осы кезде сағаттың даусы естіледі. Есіктен Ескі жылды қасына еріткен Аяз ата келеді.  Аяз атаны қарсы алады.)  

Жүргізуші: - Балалар, Жаңа жыл жақындап калған сияқты Аяз атаны шақырайық. Аяз ата а-у-у-у-у 3 рет

 

 

 

Аяз ата:Аяулы аналарға, ардақты ұл-қыздарға

Бүлдіршін балаларға бip сәлем!

Қандай жарқын жүздерің,

Қандай әсем жырларың

Асаулармен алысқан,

Асау желмен жарысқан

Аталарың сендерге

Шаршап келді алыстан.

Ақшақар: Аяз ата қарашы, балалардың киімі қандай әдемі. Шырша да әсем безендірілген екен. Бәрі де сұлуланып кетіпті. Шырша шамын жағайық, Жаңа жыл тойын ашайық. Барлығымыз «Қуант бізді таңырқат, шамдарыңды жарқырат  деп айтайық. (Барлығы айқайлайды, шырша шамдары жағылады.)

Аяз ата: Бәрекелді балалар! Шыршамыз жарқырап, айналаға қуаныш сыйлауда. Шыршаның құрметіне ән айтып, шыршаны айналып өтейік.

Жүргізуші:  Қала нұр, дала нұр. Құтты болсын Жаңа жыл! Балалар бүгін біз Жаңа жылды қарсы алуға жиналдық. Келіңдер, сән құрап тұрып, қол ұстасып жүріп ән салайық.

Ән: «Аппақ, аппақ жапалақтап»

Жүргізуші: Барлық жандар бір тілекке қосқан үн,

Бақыт боп бастады жыл дастанын

Қуанышпен келді той боп жаңа жыл,

Құтты болсын жаңа бақыт достарым, - деп Аяз ата біздің кішкентай бүлдіршіндеріміздің тақпағын тыңдаңыз.

Ақнұр

Ақ қар жапты даланы

Ақ жамылды айнала

Жарқыратып шамдарын,

Шырша келді ортаға

Али

Жаңа жылда, балалар,

Тек қуаныш көріңдер.

Ауырмаңдар ешқашан,

Мықты болу өзіңнен.

 

Димаш

Аспан жерге төгеді

Ақ күмісін уыстап

Жаңа жылда келеді

Бізге қарай жылыстап

 

Нұрсезім

Шыршамыз да керемет

Ойыншықтар тағылған

Алыс жақтан келіп тұр

Аяз ата сағынған.

 

 

 

 

Тоғжан

Әдемілеп біз ілген

Ойыншықтар тізілген

Қандай әсем шыршамыз.

Ән шырқайық баршамыз

Жүргізуші:

Біз тілейміз жаңа жылдық шаттықты,

Біз тілейміз жаңа жылдық бақытты.

Бүлдіршіндеріміздің орындауында  әсем биі.

Мешін жылы: Мен ескі жылмын сіздерге молшылық, бақыт әкелдім. Мына келер жылға айтар тілегім.

Қуанышты ортамыз сазға ұласқан

Тілегім болсын мәңгі ашық аспан

2017 жыл қадам басқан

Гүлденіп көркейе бер Қазақстан.

Келесі жыл бастауын  тауыққа берем.

( Ортаға   тауық  шығады)

Тауық: Сәлеметсіздер ме, кешіккен жоқпын ба, мен сондай асықтым, сондай жүгірдім, кешігем  деп қатты қорықтым, уақытында жеттім бе?

Мешін жыл:

Мен тағы бір қонақпын

Он екі жылда оралар

Үлкендерге ақ ниет

Сіздерге де ақниет

Сіздерге де мың рахмет.

Барлығы: Қош бол, мешін, қош бол.

Ақшақар: Қош келдің жаңа жыл.

Аяз Ата: Ал айналайын жаңа жыл, келген қадамыңа нұр бітсін. Мынау менің ұлдарыммен қыздарым, мынау халқым саған аманат. Он екі ай бойы бағып қағу сенің мойныңда. Жақсы жыл бол, жаңа жыл.

Ән: «Аяз ата»

Жүргізуші: Ендігі кезекте бүлдіршіндеріміздің тақпағына кезек берейік:

Жанайым

Жасыл желек жамылған, 

Асыл моншақ тағынған  ....

Міне ,сұлу шыршамыз 

Көптен күтіп сағынған. 

 

Әбілмансұр

Келді міне жаңа жыл, 

Қарсы алайық, бәріміз. 

Күліп, ойнап,би билеп 

Ән салайық бәріміз. 

 

Нұр Али

Аппақ тонға оранып, 

Базарлықты мол алып. 

Келді алыс сапардан, 

Аяз ата оралып. 

 

Аяжан

Оралдың өлкеме,

Жаңа жыл армысың.

Оранды ақ көрпеге,

Асқартау, қарлы шың.

 

 

Еркін

Аяз ата аппақ

Кәмпиттері тәтті - ақ

Маған кәмпит көп берсең

Тағы айтамын тақпақ.

Жүргізуші: - Аяз ата, Ақшақар  бүлдіршіндеріміздің сіздерге арнаған биі бар, соны тамашалаңыздар.

Аяз Ата: Жарайсыңдар балаларым! Meнi бүгін бip куантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтарың да ақылды, білімде де өнерлі екенсіңдер. Киген киімдерін қандай әдемі! Солай емес пе қызым? Біздің сыйлығымызға риза болыңдар. Ал енді біз жолға шығайық. Басқа да балалардың өнерін тамашалайық. Ал, балаларым, сендер өсе беріңдер, өркендей беріңдер. Аспандарың ашьқ болсын! Қош болыңдар! 

Ақшақар:

Жаңа жылда, балалар, тек жақсылық көріңдер.

Жылау, ауру, жамандық қастарыңда болмасын.

Сау болыңдар, балалар

Балалар: Сау болыңыздар!

 

Жүргізуші: -  Құрметті  қонақтар, жүрекке жылылық ұялатар   Жаңа жылдық құттықтау сөзді, ақыл - ойы жетілген, саналы ұрпақты, сезімі сергек, арманшыл, дана ұрпақты тәрбиелеп жатқан білім ұясының білікті басшысы Марина Нұрдәулетқызына  береміз.

Жүргізуші: Құрметті қонақтар, балалар! 2017 - жаңа жылға арналған ертеңгілігіміз  аяқталды.  Көріп тамашалағандарыңа рахмет. Жаңа жыл құтты болсын, отбастарыңызға тек бақыт пен куаныш әкелсін!!!

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Қуант бізді Жаңа Жыл" ертеңгілігі"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Дефектоскопист

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 670 644 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 18.05.2017 852
    • DOCX 33.9 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Аманжолова Арайлым Жандарбековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 41866
    • Всего материалов: 15

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 184 человека из 48 регионов

Курс повышения квалификации

Здоровьесберегающие технологии в физическом развитии дошкольников и их применение в условиях ФГОС ДО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 73 человека из 31 региона
  • Этот курс уже прошли 1 775 человек

Курс повышения квалификации

Основы общей и педагогической психологии в деятельности педагога дошкольного образовательного учреждения

72/108/144 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 23 человека из 12 регионов
  • Этот курс уже прошли 73 человека

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогическое сопровождение детей с ТНР в условиях ДОУ

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 37 человек из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 468 человек

Мини-курс

Методы маркетинговых исследований в интернете

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 28 человек из 21 региона

Мини-курс

Общие понятия и диагностика антивитального поведения

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Искусство: от истории к глобализации

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе