Инфоурок Дошкольное образование Другие методич. материалы"Мейірімді болса жүрек, орындалар тілек" психологиялық тренинг

"Мейірімді болса жүрек, орындалар тілек" психологиялық тренинг

Скачать материал

                                                                                               Бекітемін:

Әдіскер: Т.Өмірәлиева

Күні: «    »  ақпан 2017 жыл

 

Тәрбиешілерге арналған психологиялық тренинг

Тақырыбы: Мейірімді болса жүрек, орындалар тілек.


Мақсаты: Тәрбиешілерді жаңашылдыққа, инновациялық әдіс-тәсілдерді тәжірибесіне енгізе отырып, логикалық ойлау қабілетін, шығармашылық ізденісін, ой-қабілетін арттыру.

Міндеті: Жаңа қоғамдағы адамгершілік патриотизм және педагогикалық ұйытқысы ретінде нәтижеге бағытталған білім беру іскерліктерін дамыту, өз кәсібіне деген ынтасын арттыру. Балалармен жақсы қарым-қатынаста болу.  

Қатысушылар: тәрбиешілер

Түрі: Психологиялық тренинг  

Әдісі: Топтық жұмыс, сұрақ-жауап, релаксация, ой бөлісу және пікір алмасу.
Қажетті құралдар: музыка аппараты, жағымды, баяу әуенді диск, табиғат көріністері бейнеленген сурет, доп, мата, А4 форматындағы қағаз, ручка, суреті бар парақтар, бонбоньерки.

   
 

Психолог: - Құрметті әріптестер,  психикалық көңіл-күйлеріңізді көтеруге, өз шығармашылық қабілетіңізді бағалай білуге, бір-біріңізбен сыйластық қарым-қатынаста болуға арналған «Мейірімді болса жүрек, орындалар тілек» атты тренингке    ұйымшылдықпен қатысуға шақырамын.

 

 Тренинг ережесі:

·        Ойымызды ашық айтамыз;

·        Бір-бірімізді тыңдаймыз;

·        Бір-бірлеп сөйлейміз;

·        Белсенді қатысу;

·        Бір-бірімізге сый көрсету.

 

Тренинг жаттығулары:

1.     «Әуенді терапия»

2.      «Ха» дем шығару жаттығуы

3.     Релаксация «ол қандай адам?» 

4.     "Допты қағып ал" Жіптік курс

5.     "Автопортрет" ойыны

6.     «Ну ормандағы жаңбыр»

7.     Қорытынды «Суретті тест» жаттығуы

 

 

1.     «Әуенді терапия»

Мақсаты: жаттығуға қатынасушылардың кәсіби құлшынысын арттыру, жігерлендіріп, көңіл күйін көтеру.

Көрнекілігі: музыка аппараты, жағымды, баяу әуенді диск. Табиғат көріністері бейнеленген сурет.

Уақыты 5 -7 минут.

 

Ұйымдастыру кезеңі

А) Қатынасушыларды жайлы орындыққа отырғызып, еркін, ыңғайлы сезінуін қадағалау
Ә) Суретке қарап зер салып, мұкият қарауын өтіну
Б) Әуенді қосар алдында көздерін жұмуы тиіс.
Кіріспе
Көз алдыңызға жаңа суретте көрген табиғатты елестетіңіз.
Терең дем алып, әуеннің ырғағына зейін аударып, менің сөздеріме құлақ салыңыз.

— Ал, бастаймыз. Музыка қосылады.

— Соқпақ жолмен жүріп келесіз… Жол ұзақ, шаршадыңыз, шөлдедіңіз... Кенет алдыңыздан ғажайып бақ көрінді…  Алма бағы… Қып-қызыл алмалар қол созым жерде.. Сіз үзіп алып жей бастадыңыз… Дәмі керемет… Жеген сайын жегіңіз келеді… Қалтаңыздан дорба алып алмаларды жинай бастадыңыз… Күн кешкірді… Қайту керек… Бақтан шығып жолға түстіңіз… Иығыңызда дорба… Жүгіңіз ауыр. Жол бітер емес. Тастап кетсем бе екен? Деген ой келді… Сіз дорбаны емес, жалқау ойыңызды тастап кеттіңіз… Міне, қалашыққа да жеттіңіз… Алдыңыздан қуана секіріп балалар шықты…
Оларға өзіңіз терген алмалардан үлестіре бастадыңыз…
Алма тергеніңіз мұншама абырой болар ма? Сізге балалар да, олардың ата-аналары да дән риза… Балалардың бақытты күлкісі сіздің де көңіліңізді көкке көтерді!

         Музыка тоқталып, тәрбиешілер көзін ашады. Өз әсерлерімен бөліседі.
 

 

2.      «Ха» дем шығару жаттығуы

Мақсаты: Қатысушылардың  эмоциялық күйін, жұмысқа деген қабілетін және дем шығаруын  жақсартады.

Барысы: Денеңізді бос ұстап тұрыңыз. Екі аяғыңыз екі иығыңыздың деңгейіне сәйкес келуі керек. Қолыңыз денеңізді бойлап, төмен тұрады, деміңізді жайлап ішке қарай тарта бастайсыз. Деміңізді тартқан сайын қолдарыңызды  көтере беріңіз. Төбеңізге қолыңыз жеткен кезде, деміңізді бір сәт ұстайсыз да алға қарай денеңізбен еңкейіп, қолыңызды салбырата отырып, «Ха» деп дем шығарасыз. Бұл жаттығу 2-3 рет қайталанады.  

 

3.   Релаксация «ол қандай адам?» деген сұрақ қойылады, осыған байланысты сіздермен «Әріптесіңді танисың ба?» ойын тренингі: бір әріптесінің аты жазылған қағазды алып, сол адамның атын айтпай сипаттап пародия келтіреді, ал басқа әріптестері оның кім екенін табуы керек.

4.     "Допты қағып ал" Жіптік курс

Шарты: Педагогтар жұп құрасыздар. Бір жұпқа бір матадан беріледі. Екі ұшын қарама-қарсы тұрып ұстайсыздар. Матаның ортасына доп салынады, оны келесі жұпқа матаны сілку арқылы лақтырады. Бұл топтық ойын жаттығуда команда мүшелері толық допты жерге түсірмей маталармен қағып алып, өтулері керек. Егер түсіріп алған жағдайда тапсырма кері қайталанады.

5.     "Автопортрет" ойыны

Шарты: Көңілді әуен қосылады. Әуен аяқталғанша билеп жүріп, А4 форматындағы қағазды төбеңізге қойып, ручкамен өзіңіздің автопортретіңізді саласыз.

Әуен аяқталғаннан кейін педагогтар өз әсерлерімен бөліседі.

 

6.     «Ну ормандағы жаңбыр»

Мақсаты: Педагогтар арасындағы қарым-қатынасты нығайтып, жағымсыз көңіл-күйден арылу, күш-қуат жинау. Иық, мойын омыртқаларындағы бұлшықет түйсінуінен арылту, босаңсыту.

Психолог: - Қанекей бір-біріңізбен тығыз, бір бағытта  тұрыңыздар. Өздеріңізді ну ормандағыдай елестетіңіздер. Ауа-райы алдымен керемет еді, күн ашық, өте ыстық және қапырық болатын. . Алдыңызда тұрған адамның арқасына күннің суретін саласыздар. Міне, кішкене жел тұрды қолыңызбен жеңіл қимылдар жасаңыздар. Жел күшейіп, қол қимылы да жылдам бола түседі. Дауыл басталады, қол қимылдары да айналдыра жасалып, күшейді. Сосын ақ жауын жауды (жұбыңыздың арқасын жеңіл түрде қағасыз) Міне нөсер басталды (саусақтармен қимылдар жасап, алақанмен жоғары-төмен жүргізесіз) Нөсер үдей түсті (барлық саусақтарыңызбен қатты қағасыз). Қайта нөсерлетті, ақ жауын жауды, дауыл тұрды, қатты жел тұрды, ол қайта басылды, сосын табиғатта барлығы тынышталды. Қайта күн шықты. Сезінеміз.

Талдау: Сіздер қандай массаждан кейін өзіңізді қалай сезіндіңіз?

Жағымды болды ма? Әлде тек әрекеттерді ғана орындау қажет болды ма? Өз сезім-күйлеріңізбен бөлісіңіздер.

 

7.     Қорытынды «Суретті тест» жаттығуы

-                     Психолог: Құрметті әріптестер бүгінгі тренингіміз қалай өтті? Барлығымыз қандай әсер алдық? Қорыта келе тренингтен алған әсерлерімізді осы  «Суретті тест» жаттығуы арқылы білетін боламыз.

          Қатысушыларға ақ параққа күннің, бұлттың, жаңбырдың, жасыл шөптер бейнеленген парақ таратылады. Тренингтен алған әсерін, бір-біріне тілектерін сол берілген суреттердің біреуіне жазады.

Талдау.

Күннің суреті - тренингке қатысушының  толық қанағаттанғаны, көңілденгені.

Бұлттың суреті- алған әсері төмен.

Жаңбырдың суреті - ешқандай әсер алмаған.

Жасыл шөптер- көңілді, жақсы әсер алғаны.

 

-         Бүгінгі тренингке қатысқандарыңызға алғысымды білдіре отырып, сіздерге қолдан жасалған бұйым немесе бонбоньеркиді менің атымнан қабыл алыңыздар. Шардың ішіндегі тәтті секілді өмірлеріңіз тәтті болсын.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Мейірімді болса жүрек, орындалар тілек" психологиялық тренинг"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Бизнер-тренер

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 670 699 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 18.05.2017 3689
    • DOCX 25.7 кбайт
    • 18 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Аманжолова Арайлым Жандарбековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 41869
    • Всего материалов: 15

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Современные тенденции в воспитании и социализации детей

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 228 человек из 58 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 130 человек

Курс повышения квалификации

Теоретические и практические основы проведения творческих занятий с детьми дошкольного возраста

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 23 человека из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 138 человек

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогическое сопровождение детей с ТНР в условиях ДОУ

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 37 человек из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 469 человек

Мини-курс

GR: аспекты коммуникации и взаимодействия с государственными органами

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Семантическое ядро: теория и практика сбора

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Основы управления проектами: от концепции к реализации

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе