Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Творческая работа "Қазақ хандығы"

Творческая работа "Қазақ хандығы"



Осталось всего 2 дня приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:



Шығарма


Ұлы тұлғалар

Халқына – бегі,бегіне –

халқы сенген ел ұзақ жасайды.

Күлтегін.

«Дүние –үлкен көл, заман –соққан жел» дейді ұлы Абай. Осы бір бейнелі сөз , бедерлі ойдың төркініне үңілген сайын , «ел», «жер» дейтін киелі қос ұғымның ұлт үшін, ұрпақ үшін қаншама қадірлі екеніне , қажет екеніне көзіміз жете түседі.

Абай айтып отырған «үлкен көліңіз» - мәңгілік, «заманыңыз» - сол мәңгіліктің қозғаушы күші.

Үлкен бе, кіші ме, ұлт болып ғұмыр кешу бақыты пешенесіне бұйырған кез келген халықтың түпкі мақсаты – заман атты «желдің» айдауына түсіп, мәңгілік атты «үлкен көлдің» жұтқыншағында жойылып кетпеу, Ел болу, Мемлекет болу!

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Мәңгілік Ел» атты ұлттық идеясының тереңнен тамыр тартар, өткенге – бәтуа, болашаққа баян сілтер мақсаты да, мұраты да осы.

Ондаған ғасырлардағы аламан-тасыр қиындықтарын басынан өткерген, «мың өліп, мың тірілген», уақыттың жойқын шабуылдарынан аман өткен қазақ халқының рухы осы жолда не көрмеді дейсіз? Нендей «соқтықпалы, соқпақты» жолдардан өтпеді дейсіз?

Бесігінің басына үкі байлап, шыр етіп дүниеге келген сәбиінің құлағына айқайлап, азан шақырып, сыбырлап, есім берген есті жұрттың қай қара шал, кемпірі осынау Ұлы Далаға Мәңгілік тілемеді дейсіз?!

Жөргекте жатқан шекесі торсықтай қара баланың маңдайына қара күйе жағып, күндігімен күн сүйіп, түндігімен түн күзеткен елдің бар мақсаты, айналып келгенде қара қазақтың қамын ойлайтын бір ұл туып , ұлы жұртқа ие болар ұрпақ өссін, жетілсін деу еді!..

Ғасырлар қойнауынан халқымызбен бірге жасалып, біте қайнасқан осы бір ұлт қиын, күрделі өткелдерінен әркез аман алып өтті. Жаңылған тұсында жебеді, сүрінген тұсында демеді...

Өзінің кемеңгерлік кескінімен грек жұртының тандайын қақтырған Анарыс заманында да, «Түгел сөздің түбі бір, түп атасы Майқы би» атанған дала данагөйінің тұсында да, көк түріктердің от ауыз, орақ тілді шешендері мен көсемдері Тоныкөк пен Күлтегіннің дәуірінде де, Батыс-Шығыс ауызына тегіс қараған адамзат ойының асқары Әл-Фараби заманында да ұлды сақтау – ұлтты сақтау екені, ұлтты сақтаудың ең ұлы құралы ұлт рухын сақтау сабағы екені Ұлы Даланың күн тәртібінен түскен емес.

Кезінде дүниенің төрт бұрышын тіреген, әлемді аузына қаратқан, мәңгілік ел










орнатуды армандаған ер жүрек түрік қағандары тасқа мәңгі қашап: «Биікте көк Тәңірі, төменде қара жер жаралғанда,екеуінің арасында адам баласы жаралған.Адам баласы үстіне ата-тегім Бумын қаған, Істемі қаған отырған.Түрік халқының ел-жұртын қалыптастырған, иелік еткен.Дүниенің төрт бұрышы соларға қараған» , - деген сөзді жазып кеткен.

Мәңгілік ел орнатамыз деп шарқ ұрған, заманының ұлы империясы – Түрік қағанатын құрып, келешекке осыншама байтақ жерді,сарқылмайтын, таусылмайтын байлықты, тозбайтын дәстүрді қалдырып кеткен Бумын, Істемі, Құтлығ, Білге қағандар, абыз Тоныкөк,айбынды Күлтегін – бәрі де біздің бабаларымыз.Байырғы түрік даналары иелік еткен жер де, дәулет те, қалыптасқан дәстүр де, ой-сана да – ең алдымен, қазаққа мирас.

Көп түрік енші алып тарасқанда,

Қара шаңырақ қазақта қалған жоқ па? – деп ақын Мағжан жырлағандай, көк түріктің де, көп түріктің де мекені, ата қонысы, түп қазығы – қазіргі осы қазақ даласы.

Жаңаша жыл санауға дейін-ақ ірге бекітіп, әр алуан мемлекет құрған сақ,ғұн,үйсін,қаңлы елдері, VІ-VІІІ ғасырлардағы түрік, түргеш, қарлық қағанаттары, VІІІ-ІХ ғасырлардағы оғыз, қыпшақ, қарахан дәулеттері

ХІ-ХІV ғасырлардағы Алтын орда ұлысына ұласты.Ұлы дала төсіндегі алып империялардың сынығы – Алтын Орда хандығы есеңгіреп, ыдырап, ақыр аяғында бірнеше хандықтарға бөлініп кетті.Ағайынның арасына алауыздық кіріп, бүтін халық екі жартыға бөлінді.Бір ата, бір анадан туғандар жылап айырысты.Қарға бойлы Қазтуғанның:

Қайран да менің Еділім,

Мен салмадым, сен салдың.

Қайырлы болсын сіздерге,

Бізден бір қалған мынау Еділ жұрт! – деп етегі жасқа толып еңірейтіні – осы тұс.

Ноғай Ордасы өз алдына ұлыс болып, Ақ Орданың ішінен Қазақ хандығы шықты.Бұл – қазақ деген атаумен алғаш мемлекет құрған хандық еді. Ал Қазақ хандығы – Ұлы далада салтанат құрған мемлекеттік құрылымдардың тікелей жалғасы.

Мәңгілік атты кеңістіктегі Мәңгілік Ел болу үшін жүргізілген үздіксіз күрес ондаған дала данышпандары мен Алаштың алып ұлдарын жаратты.

Халық оларға өзін де,сөзін де,тарихын да,тағдырын да сеніп тапсырды.

Даланың көркейген тұсында да, өртенген кезінде де... Шыңғыстың ұлы дәуірінде де, Алтын Орданың азуын айға білеген шағында да...Қалың қазақ арғы-бергі бабаларын ұран қып шақырып,хандық туын көтерген Керей мен Жәнібектің, Қасым мен Есімнің, Тәуекел мен Тәукенің, Абылай мен Әбілқайырдың кезінде де солай болды...

Қазақ хандығының тарихы Жәнібек хан мен Керей ханнан басталып, қазақ мемлекетінің бірлігі мен орнығуын жүзеге асырған Тәуке ханмен аяқталады. Ал ежелгі сақ, ғұн және сармат, Түрік қағанаты, Алтын Орда қазақ хандығының қалыптасуынан Қазақстанның жаңа тарихына дейінгі уақытты қамтиды.

Қазақ хандығы дәуіріндегі жыраулар поэзиясында ерлік тақырыбының басымдық алып , өз мемлекетінің тәуелсіздігі мен оның даңқын арттыру жолында күрескен батырлардың ержүректігі мен қайтпас қайсарлығын жырлау ең өзекті мәселе болды. Жыраулар билеушілердің және адамдар жоқшылық дегенді білмей, молшылықта өмір сүретін қоғамның мінсіз бейнелерін жасады.

Жыраулар поэзиясы- дербес мемлекеттік дәрежеде өмір сүрген Қазақ хандығы атты дәуірдің әдеби мұрасы. Көрнекті ғалым-жазушы М.Мағауиннің айтуынша: «Қазақ халқының жалпы түркілік ортақ этнос құрамынан бөлініп, дербес Орда құрған хандық заманы төрт ғасырға жуық ұзақ дәуірге созылды». Ол тағы бірде «ХҮ-ХҮІІІ ғасырларда жасалған әдебиет мүддесін, жұрт мұратын бірінші орынға қойды, Өзіндік түр тауып,

айқын ұлттық сипатта қалыптасты. Алаштың жайсаң жанын, өр рухын бедерлей таңбалап, келер ұрпақ үшін ешқашан ескірмес үлгілер тудырды. Көркемдік танымның асқар биігіне көтеріліп, әлемдік өредегі ұлы шығармалар қалдырды»,- дейді.

Жыраулар поэзиясының атасы,абызы Асан Қайғы болатын.Оның толғауларынан Қазақ хандығының құрылу дәуірінің тарихи белгілерін көреміз.Ғалым Б.Кенжебаев: «Асан Қайғының шығармалары өз тұсының айнасы, ол өз дәуіріндегі қазақ халқының мұнын, тілегін көрсетеді», - деп жазған еді. Асан Қайғы- халқының бірлігін,мемлекеттін тұтастығын сақтаған жырау.Ол өзінің толғауында былай дейді:

«...Қырында киік жайлаған,

Суында балық ойнаған,

Оймауыттай тоғай егіннің,

Ойына келген асын жейтұғын,

Жемде кеңес қылмадын,

Жемнен де елді көшірдің,

Ойыл деген ойынды,

Отын тапсан, тойынды.

Ойыл көздің жасы еді,

Ойылда кеңес қылмадын,

Ойылдан елді көшірдің»

Қазақ хандығының мемлекеттік құрылуы дәуірінде өмір сүрген көркем сөз шеберлері қазақ әдебиетіндегі жыраулар қалыптасуында Доспамбет пен Шалкиіз,Үмбетей жыраулардын алатын орны ерекше. Доспамбет жырау поэзиясында атамекенді сүю, ардақтау, отаншылдық-патриоттық өте басым.

«Бетегелі Сарыарқаның бойында,

Соғысып өлген өкінбес!» деп, одан соң:

«Айналайын Ақ Жайық,

Ат салмай өтер күн қайда?!» дейді.

Еділдің бойын ен жайлап,

Шалғынға бие біз байлап,

Орындықтай қара сабадан

Бозбаламен күліп-ойнап,

Қымыз ішер күн қайда?!» дейді.

Доспамбет жыраулар поэзиясында өзіндік қолтаңбасы бар, жорықшы, батыр жырау болған.Қазақ хандығы дәуірінде мемлекет мүддесін жоғары ұстанған ақын, елінің бірлігін, тұтастығын жырлаған.

Жыраулар – Қазақ хандығы мемлекетіндегі қазақ халқының әрбір азаматының асыл сапаны иеленуін, сол жақсылықты ұрпақтарға жалғастыруын мұрат тұтқан қайраткерлер.

Жыраулар арнауларының ішіндегі ең көлемдесі, әрі көркем жырланатыны –Абылай

ханға арналған. «Абылай ханым, бұл қалай?» деген өлеңінде жырау Абылайдың жиырмаға толғандағы өміріндегі маңызды екі сәтін еске алады. Біріншісі, қалмақпен

соғыстағы дүлей күш иесі Шарыш батырдың жекпе-жекте басын алып, ұрыстың тағдырын шешкен «Алғашқы бақты тапқан» ерең ерлігі. Екіншісі, жеңілген қалмақтың соңына түсіп «Жау қашты деп айғайлап», «Абылайлап» шауып, содан бастап атасы Абылайдың есімін алғаның жалына түсіреді.

Абылайдың сын сағаттағы сол ерлігін бүкіл халық қошеметтеп, ақ киізге көтеріп, хан сайламаса да, ресми әміршілерден атағы мен даңқы еш кем емес хан атандырғаны айтылады. Қалдан ханның қазақтың ең абыройлы бетке ұстар ханын қапыда қола түсіріп, Тәшкенге апарып, зыңданға салғанын, қазақтан «Тоқсан жақсы үш жүзден» елші жіберіліп «сұрай барғанда» қалмақ ханының Шарыш үшін өлтірем дегеніне жауаптасып қарсы сөз айтып, сөз тапқырлығын, шешендігімен мойындатты, «Үш ауыз сөзбен құтылғаны» баяндалады.

Хандардың ханы саналған Абылай хан туралы қазақ әдебиеті ғылымының көрнекті өкілі Б.Кенжебаев тарихи очерк жазып, онда: «Абылайға дейін болсын, Абылайдың

тұсында болсын қазақ халқының арман еткені: 1) өз алдына ерікті ел болып, өзін өзі меңгеру, 2) ата қонысына жайғасып, бейбіт еңбек етіп, шаруашылық шалқыту, 3) бір ауызды, ынтымақты болып, отанын, елдігін қорғау» деген еді. Міне, осы үш қағида тәуелсіздігімізді алып, бодандықтан құтылғаннан кейінгі жерде салтанат құрып келе жатыр.

«Үш жүздің ханы» атанған Абылай ханның арманы орындалды. Бүгінгі күні халқымыздың ғасырлар бойғы асқақ арманы Елбасымыздың бастауымен ақиқатқа айналды. Бірлігі жарасқан еліміздің дамуы, бейбіт өмір сүруіміз, әсем қала Астананы салу жолында халқымызды Тұңғыш Президентіміз біріктірді.

Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойы- ұлттық рухтың жаңа биігі. Биік ұлттық

рух- Мәңгілік Ел негізі. Яғни, мерейтой Қазақ елі болашағының жарқын боларына сенімді нығайта түсуде. Мерейтой қазақстандандықтардың мәртебесін өсіріп, ынтымақ-берекемізді одан әрі арттырады. Ол – тек Қазақ хандығын құрған бабаларымыздың ғана емес, бүгінде береке- бірлігі жарасқан барша отандастарымыздың ерен еңбегіне де көрсетілген құрмет.Тарихи сананы жаңғыртудың жаңа сапа мен деңгейге көтерілуінің белгісі. Бұл - Қазақ хандығы дәуірінен, тіпті, одан да терең замандардан жалғасып келе жатқан дәстүрге, аманатқа құрмет, әрі адалдықтың белгісі.


















57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 19.12.2015
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров109
Номер материала ДВ-271253
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх