Инфоурок Классному руководителю Научные работыТӘЖІРИБЕ "Белсенді оқытудың тиімділігі"

ТӘЖІРИБЕ "Белсенді оқытудың тиімділігі"

Скачать материал

 

БЕЛСЕНДІ ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІ

Ұстаз ойшыл болмаса,

 шәкірт ұшқыр болмайды.

                                                      Халық даналығы

Заманауи білім берудің мақсаты, оның ұйымдастырушылық құрылымы, ақпараттық коммуникативтік технологиямен қамтамасыз етілуін, білім беру үрдісіндегі оқыту әдістемесі қоғамның әлеуметтік сұранысынан туындайды. Осы уақытқа дейін білім беру үрдісінің негізгі бөліктері:мақсат —> мазмұн —> форма —> әдіс —> оқыту көрнекілігі болса, ал қазір заман ағымына сай оқып үйрену —> меңгеру —> өмірге ендіру —> дамыту болып өзгеріп отыр.            Бүгінгі күннің өзекті мәселесі - оқушыларды қарапайым болса да өз ойларын еркін жеткізіп қана қоймай, өзара тіл табысып, пікір алысуға үйрету, себебі жалпыға білім беретін орта мектеп білімнің негізгі мақсаты - оқушының сөйлеу қабілетін жетілдіру болып табылады. Сондықтан баланың білім алуға деген құштарлығын ояту үшін қазіргі заманда мұғалім көп ізденіп, сабақтың тиімді өтуіне жұмыс жасауы қажет. Білім сапасы оқушының білімге деген құштарлығымен, қызығушылығына тікелей байланысты. Сабақ барысында оқудың белсенді әрекет әдістерін қолданудың нәтижелілігін осыдан көруге болады.

  Өз сыныбымдағы негізгі мәселе оқушылырдың өз ойын толық жеткізе алмауы, тілдік дағдылары толық жетілмегендігі, өз ана тілінде еркін   сөйлей алмауынан  білім алушылардың оқу материалын толық меңгере алмауына әкеп соқты. Сондықтан өз тәжірибеме оқыту мен оқудың жаңа тәсілдерін қолдана отырып, диалогтық оқытудың әдіс-тәсілдерін сабақта тиімді қолдана отырып оң нәтиже беретіндігін түсіндім.

 Педагогикалық тәжірибе  өзектілігі оқыту  немесе оқу диалогы өзіндік ерекшелігі бар қатынас құралы. Бұл  балалардың өзара қатынасы, мұғалім мен балалардың, балалар мен оқытушы арасындағы қатынас. Оқу үрдісі тілдесу арқылы жүзеге асады. Дәстүрлі  оқытуда көбінесе  мұғалімдер  оқу диалогы орнына  оқу монологын  пайдаланады. Бұл кезеңде оқушылардың еркін пікірін тыңдау сирек кездеседі. Оқытудағы тәсілдер мен әдістер түбегейлі өзгеруде. Қазіргі заман оқушысы  оқу бағдарламасының  білім, білік дағдыларын меңгеру ғана емес, білімді өз бетімен іздеп, оқып  үйренуі керек. Ол өзінің  оқу қызметін ұйымдастыра отырып, оқу оқуға дайындығын  және  оқуға икемділігін  жоспарлауы тиіс. Сондықтан оқушы мен оқытушының бірлескен оқыту  әдісі  монологтан диалогқа қарай ауысуы  қажет деп ойлаймын. Тәжірибенің жетекші педагогикалық идеясы  - сыныптағы  оқушылардың  бірлескен  сұхбаты  үлкен  пайда  келтіретіндігіне  дәлелдер бар. Олар:

• оқушылардың тақырып бойынша өз ойларын білдіруіне мүмкіндік береді;

•  басқа  адамдарда  түрлі  идеялардың  болатындығын  оқушылардың  түсінулеріне көмектеседі;

• оқушылардың өз идеяларын дәлелдеуіне көмектеседі;

• мұғалімдерге оқушыларды оқыту барысында олардың оқушылары қандай деңгейде  екендігін түсінуге көмектеседі.

 Қазіргі таңда оқушылырдың ауызекі сөйлеу дағдыларын дамыту бүгінгі күннің басты талабы болып табылады. Тіл дамыту тіл үйретудегі қарым қатынас құралын іске асыру оқушылардың тілін дамыту лексикалық және грамматикалық тұлғаларды меңгерту, оларды сөйлемде қолдану дағдыларын қалыптастыру. Сөз, сөз тіркесі, сөйлем арқылы тілдік әрекетке жетелеу болып табылады. Сөйлеу үшін жеткілікті, белсенді қоры болуы керек.Себебі сөздік қоры мол адам өз ойын екінші адамға жеткізуге қиындық тудырмайды. Мен бастауыш сынып ұстазы болғандықтан оқушылардың  сөйлеу дағдыларын қалыптастыру мен дамытудағы бірден бір себепкерімін деп ойлаймын.Себебі ол ұстаздың мақсаты - оқушылырға сөйлеу мәдениетін меңгерту, ойлау қабілеті мен сауаттылығын арттыру.

    Мұғалім оқу үрдісінде белсенді оқу стратегияларын тиімді қолдану оқушының кез келген материалды жақсы меңгеруіне ықпал етеді. Сондықтан белсенді оқыту стратегияларын іс-тәжірибемде қолданамын. Қай сыныпта болмасын  білімді меңгеру оқушының оқу мақсатын түсінуіне байланысты. Білім беру жүйесінде күнделікті сабақ барысында оқу мақсатын түсінген оқушы тақырыпқа байланысты тапсырманы орындай алады. Бұл үшін жаңа тақырыппен жұмыста ең алдымен оқушыларға  дұрыс нұсқау беремін.  Оқушылардың ерекше назар аударатын мәселелерді назардан тыс қалдырмауына жағдай жасаймын. Белсенді оқу құрылымы оқудың уәжінен, мақсаты мен шартынан және нәтижесiнен құрылады. Белсенді оқыту мен оқу үрдісінің қажеттiлiгiнен және оқушының білімге қызығуынан туындайды. Ал белсенді оқуға ұмтылу үшін ықылас, уәж қажет. Уәж белсенді оқу үрдісін дұрыс меңгеруге бағыттайтын күш. Оқушы мақсаты – алда орындалатын іс-қимыл әрекеттің нақты көрінісін көрген соң нәтижеге жету. Менің мақсатым – тақырып бойынша сұрақтар бере отырып оларды қызықтыратын ақпарат алуға жетелейу арқылы нәтижеге жетуге ықпал жасап отырамын.

Тілдік дағдыларды қалыптастыруда, яғни айтылым, тыңдалым, жазылым, оқылымға үйрету барысында алдымен көрсету және модельдеу өте тиімді. Сөздерді дұрыс айту, ақпаратты дұрыс қабылдау үшін қалай айту жөнінде мұғалім үлгісін көрсеткен жағдайда оқушы орындай алады. Менің құрастырған «Әріптер сыры» атты оқу бағдарламамның мақсаты да оқушылардың физиологиялық-психологиялық ерекшеліктерін негізделе отырып жүзеге асырылатын, баланың ойын әрекетінен оқу әрекетіне  өтуін қамтамасыз етеді. Бағдарлама белсенді іс-әрекет тәсілдеме –нәтижеге жеткізетін ең негізгі тәсілдеме, өйткені адамның жанында  бірінші кезекте өзінің әрекеттері мен өз қолынан жасағаны ғана қалады. Қытай ғұламасы Конфуций «Маған айтып берсең – ұмытып қаламын,көрсетсең –есте сақтармын, ал өзіме жасатсаң –үйренемін деген тұжырымдамадан көруге болады.    «Әріптер сыры» бағдарламасы білімді іздену дағдыларын (ойлау, оқу, сөйлеу, талқылау,жазу, пікірлесу, пікір таластыру) басшылыққа алдым.

 

 

 

 

 

 

 

  Белсенді оқу стратегияларын қолдануда оқушының түсiну, тереңдiк деңгейi оның алдына қойған мақсатына байланысты. Яғни, мәтiн негiзiнен не туралы екендiгiн, оның негiзгi мағынасын егжей-тегжейiне жете түсiну.

Белсенді оқу әрекетiнiң  тиімділігі мақсаты мен уәжінде, яғни қиындық-кедергілерді жеңе отырып, белгiлi бiр нәтижеге қол жеткiзу. Ал белсенді оқу үрдісіндегі нәтиже дегенiмiз ақпаратты нақты әрi терең түсiну және мазмұнын айта бiлу.

Мысалы, «Қызыл телпек» ертегісінің мазмұнын жоспар бойынша баяндау үшін оқиға карта құрастыру немесе ашық сұрақтар қою арқылы ойландыруға бағыттау. Негізгі мақсат ертегіден басты ойды анықтай алу.

Атауы

Қызыл телпек

Кейіпкер

Қызыл телпек Қасқыр

Әжесі                Отыншы

Ахуал, жағдай

Орман

Әжесінің үйі

Шешім

Отыншы Қызыл телпектің артынан келіп, қасқырды өлтіреді.

Проблема

Қасқыр әжесінің үйіне баса-көктеп кіріп, оны жеп қояды. Ол Қызыл телпек келгенде оны да жеп қойғысы келеді.

Оқиға

Қызыл телпек орманда қасқырды кездестіреді.

Ол оған әжесіне бара жатқанын айтады.

Оқушылар мәтінді оқи отырып, терең зерделеуге үйренеді және ойын жинақтай отырып, негізгі проблемасын табады да, шешімін айтады. Бұл қысқа да нұсқа жұмыс болғанымен оқушының өз ойын жинақтай білуге үйретеді. Сонымен қатар, белсенді стратегияларды қолдануда бірлескен оқудың да маңызы зор. Өйткені, бұл стратегияны тиімді пайдалану оқушылардың тақырыпқа сай ақпарат алуымен қатар олардың белгілі бір тақырыпқа байланысты ойлау деңгейлерін жетілдіреді де, бір-бірімен өзара жақсы қатынас орнатуды  жақсартады. Бастауыш сыныпта белсенді оқытудың алғашқы кезеңiнде кесте бойынша моделiн: бiрiншi тыңдау – ауызша сөйлеу, содан кейiн оқуға үйрету деп айтуға болады.

Белсенді оқудың тиімділігі оқушы өзінің ой-пікірін еш бүкпесіз айтуға, сонымен қатар басқа адамның  айтқан  пікіріне құрметпен қарауды үйренеді. Бірлесіп  оқу технологиясы оқушыларды тың идеяларды ұсынумен қатар олардың жаңа мүмкіндіктерді қолдануға бағыттап отырады. Белсенді оқудың тиімділігі білім алу үрдісінде оқушының жеке көзқарасы мен басқалардың пікірімен санаса білу мәдениеті қалыптасады. Оқушылардың бірлесіп жұмыс істеу барысындағы негізгі мақсаты – қиын тапсырмаларды орындауда, топтық жұмыстарда, ортақ тіл табысу кезінде, өзін-өзі басқара білуде қажет болатын дағдыларды қалыптастыру. Тыңдалым – айтылым дағдысын қалыптастыруда белсенді оқудың тиімділігі адамның ойлау қабілетін дамытады. Өйткені, оқушы айтылғанды тыңдап, қабылдап және оны түсінуге үйренбейінше, басқа дағдыларды жеткілікті деңгейде меңгере алмайды.

Оқу үдерісінде жүйелі жүргізілетін белсенді əдістерді қолдану барысында оқушылардың сөздік қорлары толығады. Оқу үдерісінде мұғалім оқушының неғұрлым белсенді болғанына назар аудара отырып, оқу материалын дайын күйінде бермеуі, оларға ашық сұрақ қою арқылы  назарларын шоғырландырып оқу, шолу жасауы, тәжірибе және зерттеу жасауға бағыттауының нәтижесінде нәтижеге жетеді.

 Бұл -жаңадан меңгерілген дағдыларды тəжірибеде қолдану жəне дамыту үшін сыныпта жəне үйде орындауға арналған əртүрлі жаттығулардың көмегімен түрлі мүмкіндік ұсыну. Сонымен қатар, коммуникативтік дағдыларды дамытуға негізделген сабақтарды құрылымды етіп құру оқушыларды сын тұрғысынан ойлауға жетелейді, яғни олардың қызығушылықтарын оятады. Әр кезеңде белгілі бір оқыту мақсатын қою арқылы мұғалім оқушыларға мақсатқа жетуге, мәселені анықтауға, жауаптарды іздеуге, мәселені талқылауға, қорытынды жасай отырып, өз ойын білдіруге және ашық қоғамның азаматы болуға үйретеді. Шынында да оқушылардың интелектісін дамыту мақсатында интерактивті оқыту амалдарын қолдану – ақпараттың мұғалімнен оқушыға, оқушыдан мұғалімге ауысып отыруына мүмкіндік береді. Сұрақ қою жəне талқылау әдісі  де сабақтың бағытына жəне қарқынына сəйкес  тақырыпты қаншалықты меңгергендігін білу үшін қажет.        Әр оқушының оқудағы қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін оқушыны сөйлете алу мен пікірталас, қажетті ақпаратты іздестіру, жеке   жұмыс жасау да орынды.  Мақсатыма жету үшін көбінесе  оқытудағы диалог әдісін сабақта қолдану аясын кеңейтуді көздедім. Бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктерін ескере отырып, «Ойын – ойға жетелейді» дегендей, ойын арқылы өзара  қарым – қатынасқа түсіріп, сыныпта жағымды жағдайлар туғыздым.  «Саңырау телефон», «Әңгімелесу» ойындарын тақырыпқа сай ойнатуға тырыстым.

            Әдебиеттік оқу пәні оқушылар арасында бір сарынды,  берілген шығарманың мазмұнын айту мен сыныптағы жаппай тізбектеп оқумен, мұғалімнің түсіндіру монологынан тұратын. Оқушылар жаттанды түрде шығарма мазмұнын айтқаннан гөрі, сол шығармадан өзіне өмірлік тәжірибе жинақтай отырып, автордың  негізгі ойын түсінуге бейімдейтін тапсырмалар дайындаймын. Үй тапсырмасын сұраудан бұрын оқылған  шығармалар мазмұны бойынша анкеталық сауалнама, шығарма авторына сұрақ әзірлеу, түйінін табу, сонымен қатар анықтау, талдау, жинақтау  сұрақтары қамтылады.

       Шығармаға басқа қандай ат қояр едің? Сұрақтары төңірегінде  оқушылар өзара  диалогқа  түсіп, түрлі пікірлерімен, көзқарастарымен алмасады. Мысалы, «Дөңгелек үстел» тәсілі арқылы топ ішінде оқушылар кезекпен  маркерді микрофон орнына ұстап,үй тапсырмасы туралы  ауызша есеп  береді. Мұғалім командасы бойынша   «микрофон» келесі оқушыға беріледі.Топтан қалауы бойынша бір оқушы сыныпқа үй тапсырмасын айтады.

«Сыншымен сұхбатта»  өз көзқарасын  дәлелдеу, әрі  құптай алуға келісу. Бұл өз дәлелдемелерімен қоса, басқаның пікірімен санасуға үйретеді.   

«Күтпеген кездесу» (автормен, түрлі шығарма  кейіпкермен), өз ой пікірін,тұжырымдамасын  белгілі кейіпкерге жазу немесе айту. («Жусан иісі», «Мен соғысты жек көрем» «Дегелеңдегі қызыл күн»)

«Лингвистикалық микроскоп» (негізгі берілген сөздер, мәліметтер  арқылы) немесе атаулы күндер арқылы өз бетімен,жұппен,топпен жұмыс жасай отырып, мәтінді, авторды анықтау

«Босмикрофон»  ешқандай шектеусіз тақырыпқа сай айтылатын пікірлер.

«Шығарманы өз көзқарасыңмен,болжамыңмен аяқта» (өзіндік пікірін қосу,түйінді сөзбен немесе мақалмен, сөйлеммен жеткізу).

«Шығарманы ролмен ойнау» берілген шығармаларды сахналау, көрініс әзірлеу

«Алдын ала берілген атаулар»тәсілі тақырып кейіпкерлері туралы өз ойларын жазу. Мақсаты: жаңа білім қабылдауға және игеруге белсендіру.

«Үш қадамды сұхбат» 1- қадам. Оқушылар мысалдың алғашқы бөлігін оқиды. Содан кейін жұппен сұрақтар әзірлейді.Бірінші жұп жауап береді. 2- қадам. Керісінше. 3-қадам. Екі жұп  тақырып бойынша бірлесіп, сыныпқа қандай сұрақ әзірлейтінін талқылайды.

«Сызбамен жұмыс» берілген мәліметтерді пайдалана отырып, автор туралы хабарлама әзірлеу.

7.Диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын  арттырумен қатар, олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосады. Зерттеулерде  ересектермен  интерактивті  қарым-қатынас  пен  достарымен  бірігіп  жүргізілген  жұмыстың балалардың оқуына және когнитивті дамуына әсер ететіндігі айтылған. Оқушылар жұмыстарын, хабарламаларын,  жобаларын, презентацияларын сыныптың алдында қорғап, өзіндік сөйлеу мәдениетін  қалыптастырады. Өткізілген тәжірибе нәтижесінде диалогты оқыту оқушылардың тілдік қорының молаюына, құзыреттілігінің дамуына жақсы әсер етеді.

 Ғылыми  зерттеу  нәтижелері  сабақта  диалогтің  маңызды  рөл  атқаратынын  көрсетті. 1934  жылдың  өзінде-ақ  Выготский  өзінің  «Ой  мен  тіл»  атты  еңбегінде  оқу  үшін әңгімелесудің  маңызды  екендігін  тілге  тиек  еткен.[1]  Выготский  кіші  жастағы  балаларды  когнитивті  даму әрекеттері әлеуметтік қарым-қатынас үдерісінде, яғни, анағұрлым  қабілетті  оқушылармен араласу және мәдениет, қоршаған ортамен өзара қарым-қатынас  жасау  арқылы  оқушыларды  ересектерше  ойлау  әдісіне  үйрету  кезінде  қалыптасатын  субъекті  ретінде  суреттейді. Сонымен  қатар  Выготский  когнитивті дамудың, оқушылар  өздерінің  «Жақын  арадағы  даму  аймағында»  (ЖАДА)  жұмыс  істесе,  жақсаратындығын  атап  көрсеткен. ТТоптық жұмыстар арұылы диалогқа тартып оқушылардың белмһсенлі қарым-ұатынас құруына жағлай жасадым.Оқушылардың  сөйлеу тілдерін дамыту үшін диалогты оқу арқылы сабақ үдерісін түрлендіру, өзара қарым –қатынасқа түсіре отырып, белсенділігін дамыту.Мынандай міндеттер айқындалды:
- Диалогты оқыту туралы ғалымдардың зерттеулеріне талдау жасау;  
- Бастауыш сыныптарда  диалогты оқытудың әдіс-тәсілдерін қолдану,
-
Диалогты оқытудың әдіс-тәсілдерін қолдануарқылы  оқушылардың сөйлеу мәдениеті дамитынын бақылау;

 БолжамыЕгер сабақ үдерісінде диалогтық оқыту тәсілі тиімді қолданылса, тілдік қарым –қатынасқа түсіретін  тапсырмалар жүйелі  пайдаланылса, онда  оқушылар тақырып бойынша сындарлы сөйлеуге ынталанады, сауатты жазуға машықтанады, олардың сөйлеу мәдениетінің деңгейі   артады.  Жаңашылдығы:Диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын  арттырумен қатар, олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосады. Зерттеулерде  ересектермен  интерактивті  қарым-қатынас  пен  достарымен  бірігіп  жүргізілген  жұмыстың балалардың оқуына және когнитивті дамуына әсер ететіндігі айтылған. Оқушылар жұмыстарын, хабарламаларын,  жобаларын, презентацияларын сыныптың алдында қорғап, өзіндік сөйлеу мәдениетін  қалыптастырады. Өткізілген тәжірибе нәтижесінде диалогты оқыту оқушылардың тілдік қорының молаюына, құзыреттілігінің дамуына жақсы әсер етеді. Диалогты оқытуды бастауыш сыныптан  бастап дамыта беру қажет. Оқушы диалогта  тек тыңдаушы емес, оқу диалогының  қатысушысы болады. Сабақ үрдісіндегі диалогта білім мен  таным дағдылары бірге қызмет  атқарып, дами түседі. Сөйлеу тілін біртіндеп дамытуда диалогтың орны ерекше.

    Оқушыларды диалог арқылы талқылауға тарту белсенді жүргізілген жағдайда олардың оқуы тиімдірек  және зияткерлік жетістіктері жоғары болатынын дәлелдейтін зерттеулер көбеюде.  Әр оқушының өзіндік мүмкіндіктері бар. Сол мүмкіндіктерін ашуға қолайлы жайлы ортаны ұйымдастыра білу, мұғалімнің міндеті. Курстан өтпей тұрғанға дейін мен өз оқушыларымды жақсы білемін деген ойда едім, бірақ оқытудыңмен оқудың жаңа әдістері менің оқушыларымды маған басқа қырынан танытты. Топтық жұмыс маған өз оқушыларымды жан-жақты ашуға, әрқайсысының тұлғасын көре білуге, олардың мінез-құлықтарының ерекшеліктерін байқауға көмектесті. Топтық жұмыс оң нәтиже бере бастады. Оқушылардың білім алуға деген белсенділігі артты. Топта өз пікірлерін ортаға салады, толықтырады, басқаның пікірін тыңдайды. Өзіне, достарына баға береді. Ең бастысы оқушыларым сабаққа ынтамен келеді.

  Мұғалімнің сыни тұрғыдан ойлауы өзінің іс – тәжірибесін, жаңа әдіс – тәсілдерді қолдана білуімен, бағалау әрекеттерін сыни тұрғыдан қолдана білуімен көрінсе, ал оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауы кез келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға үйрету.  Менің авторлық жұмысым 2-4 сыныптарға арналған «Математика әлемі» факультативтік курс бағдарламасы

 Логикалық ойлауға қатысты математикалық есептерді шешу арқылы, ой-өрісінің, танымдық іс-әрекетінің дамуына деген баланың қызығушылығын арттырып, жалпы тұлғалық дамуын, өз бетімен жұмыс жасау, ойлау, шығармашылық тапсырмаларды шешу, сонымен қатар нақты сұрақ төңірегінде өзіндік көзқарасын дәлелдей білу қабілетін жетілдіреді.

           Бағдарлама мазмұны бастауыш сынып оқушыларының танымдық дамуына сәйкестелген, оқу мотивациясын дамыта отырып, қарапайым математика әлемінде, математикалық білімін кеңейте, тереңдете отырып, оларға жоғарғы талап деңгейінде жұмыс жасау мүмкіндігін ұсынады, басқа тұлғалар арасында өзінің тұлғалық іс-әрекетінің ең бастысы қызығушылық пен зейінін, есте сақтау қабілетін, сезімін және тілдік дамуын, пәнге деген қызығушылығын арттырып, өз білімін тәжірибеде қолдануға мүмкіндік алады.

          Бағдарлама баланың математикалық ойлау бейнесінің дамуына бағытталған: нақты сөйлеу, математикалық терминдерді дұрыс қолдана білу, танымдық және шығармашылық, тұлғалық жеке бас рухани және тұлғалық қасиетінің дамуына, сенімді ортада өзінің психикалық денсаулығын нығайтады.

           Аталған бағдарлама баланың шығармашылық дамуына логикалық ойлау, математикалық тілін, зейінін, математикалық жоба құрастыра білу, сараптау, ребустарды шешу, басқатырғыштар, қорытынды шығару, ойымен бөлісу қабілетін қалыптастырады.

          Бағдарламаның педагогикалық мақсаты ақыл-ой дамуының қалыптасыру тәсілдерімен түсіндіріледі: сараптау, жинақтау,салыстыру, топтасыру, толықтыру, қорытындылау.

 

 

Бағдарламаның айқындылығы:

-оқытудың қағидалары (даралық, қолжетімділік,ғылымилық, сабақтастық, нәтижелік)

-саралап оқыту

-бақылау әдістерінің икемділігі

           Ақыл-ойға берілген тапсырмалар: пішін құрастыру, өзгерте білу, шешу жолдарын табу, ойын құралдары, ойын әрекеттері арқылы сандарды тауып алу. Тапқырлық, ептілік, зеректік бастамалары белсенді іс-әрекет негізінде байқалады.

      Бағдарламаның негізгі мақсаты: әр баланың жас ерекшеліктері мен мүмкіндіктерінің деңгейіне сәйкес, жеке тұлғаның жан-жақты дамуына қолайлы жағдай тудыру.

         Жалпы мақсаттан мынандай міндеттер шешімін табады:

-бала тұлғасының дұрыс өсуіне, ақыл-ойдың дамуына оқушылардың тұлғалық, сезімталдық-еріктілік, белсенділік қалыптастыру;

-математиканың болып жатқан нақты құбылыстарды жалпылайтын және қоршаған ортаны танып білуге ықпал ететін екендігі туралы түсінік қалыптастыруға әсерін тигізу;

-оқушы білімін тереңдету, кеңейту және математикалық құзіретттілігін қалыптастыру;

-өмірге және мектептің келесі сатысында білім алуды жалғастыруға қажетті білім, білік және дағдыларды оқушы бойында қалыптастыру;

-қызықты тапсырмалар арқылы пәнге деген қызығушылығын арттыру;

-шыдамдылық және табандылықты қалыптастыру;

-есте сақтау түрлерін, жалпы оқытудың біліктілігі мен дағдыларын қалыптастыру және дамыту;

-математикаға қабілетті, дарынды балаларды анықтау;

 

Оқыту жүйесін ұйымдастыруда оқытудың жаңа тиімді әдістері мен түрлі тәсілдерін интерактивті  жабдықтар арқылы кіріктілген сабақтар, аралас сабақтар жүргізіледі.

   Бағдарламаны жүзеге асыру жүйесінде түсіндіру әдісі, көрнекілік әдісі, практикалық әдісі, ізденіс әдісі, өзіндік жұмыс жасау әдісі, көтермелеу әдісі қолданылады.Бағдарлама дәстүрден тыс сабақтар, кіріктілген сабақтар, сынақ сабақтар, ойын сабақтар, тәжірибе сабақтар түрлерін пайдалануды көздейді.Фроньтальдық, топпен, жеке жұмыс, жұптасып жұмыс жасау қолданылады.Оқушылар әртүрлі шығармашылық тапсырмаларды орындай отырып бақылауға, салыстыруға,  қорытындылай білуге, сараптауға үйренеді.

    Бағдарламада жаңашыл оқыту технологиялары мен әдістері: тәрбие мен оқытудың дамыта оқыту технологиялары, ойын технологиясы, компьютерлік технология, жобалау технологиясы, сыни тұрғыдан ойлау технологиясы, зерттеу іс-әрекет қолданылады.

   Ұсынылған курс төмендегідей дидактикалық қағидаларды есепке ала отырып құрылған:

-қолжетімділік: курс мазмұны оқушының танымдық қабілетінің мүмкіндіктерін еске алады:

-оқушының жас және жекеленген өзгешелік қағидасын есепке алып, баланың психо-физиологиялық даму мүмкіндіктеріне сай әдістер мен тәсілдер қолдану:

-өзектілігі: оқушылардың математика деген ішкі құлшынысын, зияткерлік мүмкіндіктерін ашатын орта құру;

-ғылымилығы: логикалық тұрғыда ойлау, пәндік құбылыстың сан қырын танып, жалпылау, қорытынды шығару, ойын ортаға салу;

-жүйелілігі: жекеленген мысалдарды шешуден жалпы есептерді шешуге құрылған;

-практикалық бағыттылығы: факультативтік сабақтың мазмұны оқушыға математикалық терминдерді оңды  меңгертіп, қызықты есептерді шығаруда, мектеп және қалалық, олимпиадаларда қатысуда оңай жұмыс жасауына бағытталған:

Оқушылардың негізгі іс-әрекет түрлері:

-қызықты есептер шығару;

-математикалық қабырғаны безендіру

-математикалық байланысты танымал ғылыми әдебиеттермен танысу;

-жобалық іс-әрекет;

-өз бетімен жұмыс жасау;

-жұппен, топпен жұмыс;

-шығармашылық жұмыстар;

        Оқушының сыни ойлау қабілетін дамыту үшін мынадай стратегияларды қолданамын. «Инсерт», «Миға шабуыл», «Топтық пікірталас»,  «Блум сұрақтары», «Кластер», «Синквейн», «Рөлді ойын», «Эссе», «Шатастырылған логикалық баулар» , «Керібайланыс».Бұл әдіс- тәсілдерді мен өз сабақтарымда үнемі қолданып жүрмін. Мысалы:Инсерт әдісі бойынша әдебиет, дүниетану сабақтарында қызығушылықпен орындайды. Бұл тәсіл аналитикалық ойды дамытады, материалды толық меңгеруге мүмкіндік туғызады. БББ әдісі білім алушының өткен біліммен жаңа білімді ұштастырып, қорытында жасауына көмек береді. Миға шабуыл - шығармашылықты ынталандыратын психологиялық тәсіл. Оны Алекс Осборнның 1950ж. «Қолданбалы елес» тәсілімен шатастырмау керек,олар әртүрлі салада қолданылады және әртүрлі міндет атқарады. Миға шабуыл әдістемелік тәсіл ретінде сыни тұрғыдан ойлау технологиясында фактілік материалдармен жұмыс істегенде бар білімдерін белсендендіру мақсатында қолданылады. Стратегиялар маған мынадай нәтиже берді. Мәтінді нақты  жабық сұрақ тар құрастырса, енді ашық сұрақтарды қоюды үйренді.  Рөлдік ойын ойнағанда менен көмек басшылық күтетін, ал қазір өз бетімен сұрақ құрастыру, тағы басқа дербес әрекеттерді жасайтын болды. Миға шабуыл кезінде топтық пікірталас тудыра отырып, өз ойларын көпшілік алдында айта алмайтын оқушылар ашылып, басқалармен бірігіп сөйлей бастады. Жолдасымен ой бөліскен оқушы, барлық топпен жеңіл қатынасқа түсті.  

 Кластер құрастыру. Қандай да бір тақырыпты ұғынуда ой үрдісін көрнекті ететін графикалық ұйымдастыру тәсілі. Жаңа тақырыпқа болжам, не білетінін есіне түсіреді, жазады, салыстырады. Кластерлермен жұмыс жасағанда оқушылардың еркін ойлануына мүмкіндік бердім.

Синквейн әдісі - ақпаратты түйіндеу, күрделі ойларды бірнеше маңызды сөздермен, кең және қысқа сөйлемдермен жеткізу қабілетін дамытады. 
Синквейн әдісін жеке өзіндік жұмыс ретінде, жұппен жұмыс үшін, сирек топтық шығармашылық ретінде ұсынамын. Әдебиеттік оқу сабақтарында синквейн әдісін рефлексия кезінде қолданған тиімді.

       Эссе - қандай да бір әдеби, философиялық, эстетикалық, моральдық және әлеуметтік мәселенің еркін баяндамасы. Өз сабақтарымда оқушылар сабақ соңында «Екі жұлдыз, бір тілек» жазуды әдетке айналдырып алды. Басында ойлары шашыраңқы болып, дұрыс жеткізе алмаса, қазір өз ойларын еркін жаза алады.

Оқушылардың оқу жетістігін бағалауда аса көтере баға қоятынын анықтадым. Бұл мәселені жою үшін қалыптастырушы, жиынтық бағалау түрлерін қолдандым.

      «Рефлексия» кезеңінде « Жетістіктер баспалдағы», « Таным ағашы»,  «Көңіл- күй смайликтер»т.б.. қолданамын,Оқушы өзіне және достарын бағалауға үйренеді. Оқушыларымның сыни ойлау қабілеттерін дамыту барысында сыни ойлау стратегияларын қолданамын.  Сыни тұрғыдан ойлауда ең басты - сұрақтың дұрыс қойылуы. Сыни ойлауда - оқушылар қай нәрсеге болса да терең оймен қарайды, салыстыра отырып талдау жасайды, өз көзқарасын білдіреді, өзіндік мәнін қалыптастырады, өз ойын тұжырымды жеткізе алады. Сын тұрғысынан ойлауды дамытуда сұрақтардың маңызы ерекше. Сыныпта қойылған әртүрлі сипаттағы сұрақтарға жан – жақты жауап беруге  үйретіп қана қоймай, дағдыландырып,нақты ортаны жасау керек. Дүниетану пәні бойынша жүйелі, жан - жақты терең білім берілсе сыни ойлау арқылы оқушылардың шығармашылығы қалыптасады. Логикалық ойлары тереңдейді. Өздігінен білім алады. Оқушылар жоғарғы және төменгі дәрежелі сұраұтар құратыра алады. Үйге берілген әтін бойынша сұраұтар ұойып,ыстыұ орындыұұа отырады, жауап береді. Оқушылар алда тұрған мақсаттың мәнін түсініп, оған қол жеткізу үшін не істеу қажет екенін анықтай алған жағдайда ғана олар оқу мақсатына қол жеткізеді. Сондықтан оқу барысында өзін-өзі бағалаудың маңызы зор. Әрбір оқушының сабақта қалай жұмыс жасағанын анықтауда өзі-өзі бағалауға үйретемін.

Бастауыш сынып оқушылары үшін қарапайым және тиімді әдіс- «Бағдаршам» әдісі. Бағдаршам түстерін пайдаланып, (жақсы, орташа, шамалы түсіндім) оқушылар өздеріне берген бағасын хабарлайды. Мұғалім «жасыл» немесе «сары» түстер бірлесіп бір-біріне проблеманы шешуге көмектесуі үшін оларды жұпқа біріктіре алады. Ал «қызылдар» тобы өздерінің түсінбеушіліктерін жою үшін мұғаліммен топтасады.

«Басбармақ» әдісі. Тақырыпты меңгеру барысында оқушылардың қаншалықты түсінген, түсінбегенін білу үшін мұғалім қол белгілерін қолданады.

Басбармақ жоғарыға қарай = Мен түсіндім және айтып бере аламын.

Басбармақ көлденең = Мен түсінгендеймін, бірақ сенімсізбін.

Басбармақ төмен қарай = Мен әлі түсінбедім.

Мұғалім түсінбеген оқушыларға нақтылау сұрағын қояды. «Нені түсінбедің?». Түсінген оқушылардың бірнеше жауабын тыңдатады, оқушы жауаптарының негізінде қайта өзі түсіндіріп жіберуіне болады, содан кейін осы әдіспен қайталап тексеру керек.

Баспалдақ

Оқушылар баспалдақтың баспаларына оқу материалын қаншалықты меңгергенін белгілейді: төменгі саты-түсінбедім, ортаңғы саты- кішкене көмек пен түзету қажет, жоғарғы саты- жақсы меңгердім, өздігімнен орындай аламын.

«Ғажайып сызғыш», «Блоб ағашы», «Температураны өлшеу», «Смайликтер» т.бәдістер арқылы да оқушы өзін-өзі бағалай алады.

Бағалау барысында баланы мақтап, мадақтап, көтермелеп отырудың маңызы зор. Өйткені бала қашанда мақтағанды қалап , сол мақтағанға лайық болуға тырысады. Мадақтау ықпалы оқушының ұнамды көңіл күйін тудырап, өзіне деген сенімін арттыруға көмектеседі.

Бастауыш сынып оқушылары болғандықтан алдымен «Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы бағалауды үнемі назарда ұстаймын. Мұндағы мақсатым –өзгені бағалау арқылы өзінде жоқты табу немесе өзгенің жетістігі арқылы өз кемшілігін тауып,оны түзетуге бағыттау.

Өзара бағалау оқушыларға кері байланыс беруге көмектеседі, яғни бір- бірінен білім алуға және бір-біріне қолдау көрсетуге, бір-бірімен талқылауға, әңгімелесуге, түсіндіруге және бірін бірі сынауға мүмкіндік береді. Сапалы өзара бағалау өз жұмысын бағалау сапасын жақсартуға ықпал етеді, нәтижесінде ол оқушылардың бойында өзінің алға дамуы үшін жауапкершілігін арттыруға бағытталады»

Бағалаудың өзіндік қиындықтары да байқалып жатады. Басында балалар өздеріне жоғары баға береді. Ол жағдайда оқушыларға бағаның шын болу керектігін айта отырып, яғни шын баға өзінің қаншалықты түсінгенін көрсететінін айтып өткен жөн. Яғни әр оқушы өзіне сын көзбен қарай бастайды.

Өзін өзі бағалау өзін өзі реттеуге жетелейді. Оқушыны төмендегі жолмен өзін өзі бағалауға үйретемін:

-Бұны білемін, ол қолымнан келеді.

-Бұны аздап білемін, әлі үйренуім қажет.

-Бұны мүлде білмеймін, білуім керек. Оқушы тапсырманы: -егер білсе, толық орындаса торды бояйды: -егер шала білсе, әлі үйренуі қажет болса торды жартылай бояйды. -Егер мүлде білмесе, үйренуі қажет болса торды сызып қояды. Оқушы өзін-өзі бағалағаннан кейін осы әдіспен мұғалім жанына өз бағасын қояды. Бұл-оқушы және мұғалімнің қойған бағалау көрсеткіші. Мен өз іс-тәжірибемде көбінесе оқушыларды өзін-өзі, өзара, топтық өзара бағалау әдістерін жүйелі қолдануды мақсат етемін. Өйткені оқушы өзін-өзі реттей отырып, өз білім деңгейін анықтайды, өз білімін басқалармен салыстыруды үйренеді.

.Қазіргі нәтижеге бағытталған білім беру жүйесі білім беру сапасына ерекше мән береді. Өз кезегінде , білім беру сапасын жоғарылату оқушылар жетістіктерін бағалаудың нақты критерийлерін жасауды талап етеді.

Бағалаудағы ерекше тәсіл-критерий арқылы бағалау болып табылады. Бұл бағалау барысында оқу үдерісі оқушылар өзін-өзі, өзінің жетістіктері мен кемшіліктерін, өзінің әрекеттері мен мүмкіндіктерін бағалауға жағдай жасалатындай етіп ұйымдастырылады.

Критериалды бағалаудың басты ерекшелігі:

*алдын-ала ұсынылған бағалау шкаласы;

*анық, айқындылығы;

*бағаның әділдігі;

*өзін-өзі бағалауға мүмкіндіктің берілуі

Критерий арқылы бағалау:

Мұғалімдерге:

1. Сапалы нәтиже алуға бағытталған критерийлер әзірлеуге;

2. Өзінің іс-әрекетін жоспарлауға және талдауға жедел түрде ақпарат алуға;

3. Білім беру сапасын арттыруға;

4. Оқытудың сапасын жақсартуға;

5.Әр оқушының жеке ерекшеліктері мен қабілеттерін ескере отырып, жеке оқыту траекториясын құруға;

6. Бағалаудың түрлі тәсілдері мен құралдарын қолдануға;

7. Оқу бағдарламасын жетілдіруге ұсыныстар енгізуге мүмкіндік береді

Оқушыларға:

1.Өзінің түсінігі мен қабілетін көрсету үшін оқытудың түрлі стильдерін және ойлау әрекетінің типтерін қолдануға;

2. Өз нәтижелерін болжау арқылы табысқа жету үшін бағалау критерийлерін білуге және түсінуге;

3. Өзінің және өз құрдастарының жетістіктерін бағалап, рефлексияға қатысуға;

4. Шынайы міндеттерді шешу үшін өз білімдерін қолдануға, түрлі көзқарастарды білдіруге, сын тұрғысынан ойлауға мүмкіндік береді.

Ата- аналарға:

1. Өз баласының оқытылу деңгейі туралы обьективті дәлелдер алуға;

2. Баланың оқудағы прогресін қадағалауға;

3. Оқу үрдісінде оқушыға қолдау көрсетуге;

4. Мектеп әкімшілігімен, мұғалімдермен кері байланыс орнатуға;

5. Баласының мектепте және сыныпта жайлы сезінуіне сенімді болуына мүмкіндік береді.

Критерий арқылы бағалаудың артықшылықтары :

- жеке тұлға емес, оқушының жұмысы бағаланады;

- оқушы жұмысы алдын- ала белгілі критерийлер бойынша бағаланады;

- бағалау критерийлері нақты оқыту мақсаттарын айқындайды, сондықтан оқушыларға баға оқып- зерделенген материал бойынша ғана қойылады.

- өзінің оқу жетістіктерінің деңгейін анықтау үшін және ата- аналарына осы ақпараттарды жеткізу үшін оқушыға нақты бағалау алгоритімі белгілі.

- оқушының оқуға деген және өзін-өзі бағалауға ынтасы артады.

Бағалау шынайы және барлығына көрінетіндей болуы үшін сабаққа негізделген бағалау критерийлерін құра бастадым. Ол критерий сабақты жақсы меңгергендігі, берілген тапсырмаларды орындауы сияқты меңгеру қажеттіліктеріне негізделеді. Оқушылар критериилерге сүйене отырып өздерін де өзгені де шынайы бағалауға тырысып жатады.

Бағалау арқылы оқытуды жақсарту бір қарағанда қарапайым болып көрінетін бес басты фактордан тұратындығын көрсетті:

1. Оқушылармен тиімді кері байланысты қамтамасыз ету.

2. Оқушылардың өзіндік оқуға белсенді қатысуы.

3. Бағалау нәтижелерін ескере отырып, оқытуды өзгерту.

4. Бағалаудың оқушылардың өзін-өзі бағалауы мен қызығушылығына едәуір ықпал ететіндігін мойындау, бұл өз кезегінде білім алуға түбегейлі түрде ықпал етеді.

Қалыптастырушы бағалау технологиясын қолдану педагог пен баланың арасындағы кері байланыс, бұл – оқушының білімге деген ынтасының артуына, білім деңгейінің көтерілуіне ықпал етеді. Бағалауға деген көзқарасымызды өзгертіп, сабақтарымызға критерий арқылы бағалауды енгізіп біз оқушыларымыздың тұлғалық бағытын белсенді позицияға бағыттай аламыз. Менің аз уақыт тәжірибемде сыныптағы білім сапасы көтерілді.

 Мен үшін сабақты оқу материалын тереңінен  тартымды, қызықты өткізу өте  маңызды көңіл бөлемін. Кез-келген мұғалім біледі. Кіші мектеп жасындағы оқушыларды оқу үрдісіне тарту оңай процесс емес. Егер қызығушылық болса ғана, жақсы нәтижелерге қол жеткізуге болады .  Мен тәжірибемдегі ақпараттық технология тәсілдерінің бірі Ақараттық-коммуникациялыұ технологияны қолданамын..

         Менің құрастырған мультимефиялық презентацияларым оқушылардың жас және психологиялық даму ерекшеліктеріне сай құрастырылған.Авторлық презентациядағы ребустар, кроссвордтар, қызықты дамытушы тапсырмалар оқушылардың танымдық ,шығармашылық қабілеттерін дамытады.Бұл материалдардың көбі мектеп сайттарында ұстаздарға арналған Республикалық, халықаралық сайттарға жарияланған.

          Интерактивті тақта оқу үрдісін көрнекілігі бай,тартымды,  қызықты сапалы  заманауи сабақтарды  өткізуде өте ыңғайлы құрал. Бастауыш сынып оқушылары зейіні өте тұрақсыз. Ол тезарада бір іс-әрекеттен екіншіге тез ауыса алмайды. Дегенмен ИТ арқасында зейіннің ауқымы ұлғаяды. Бала тақтадан кез-келген обьектіні,  геометриялық фигураны, жазуды, бастысын анықтауды ,түстерді өзгерту, өлшемін, фигуралардың пішінін санын өзгерте алу мүмкіндігіне ие болады.

      Интерактивті тақтаны сабақта қолдануда математика сабағында оқушылардың белсенділігін, қызығушылығының артқаныны байқалады.Іс-әрекетке бәрі қатысады.  1-ші сыныптың математика пәні сабаұтың ұйымдастыру кезеңінде ауызша есептеу дағдыларын дамыту мақсатында  9 және 10 тең теңдіктер жазылған хаттарды  тауып пошта жәшігіне салу тапсырма берілген. Оқушыларға  әрине жай қағаз беттеріне жазылған тапсымадан көрі оларға әртүрлі түстемен боялған, суреттері бар музыкасы бар тапсырмалар ды қызығушылықпен  орындайды.  Әрине мұндай флипчарттар жазау үшін Актив студио Актив пейдж бағдарламаларын қыр-сырын олық меңгеріп алу керек. Көп уақытты қажет етеді, бірақ өте тиімді. Балаларды материалдың  көлемі қынжылтпайды. Оларға белсенді , табысты оқуға мүмкіндік береді. Сыныптағы АКТ арқасында ең қиын деген оқушылардың өзі де,өзгергенін байқауға болады.Сабаққа селқос қарайтын оқушылардың өзі белсенділік танытып, шығармашыл ойлай бастайды.Оқу қиынға түсіп  жүрген балаларда, өзін көрсетуге жаңа мүмкіндіктерге ие болады.

Сабақта өткізілген рефлексия оқушылардың оқу материалына деген қызығушылын көрсетеді.

«Саған ИТ жұмыс жасаған ұнай ма? Несімен ұнайды?» деген сауалнамаға 100% аталған іс-әрекетке деген жақсы қарым-қатынас көрсетті.

Ø Балалар иә бізге ұнайды, ИТ түрлі түсті маркерлермен жазуға және сурет салуға , әртүрлі  қызықты тапсырмаларды ойнай отырып шешуге болады,  қолыңды бүлдірмен тақта  сүртетін  шүберектің орнына өшіргішті пайдалану, әртүрлі заттарды қозғалта отырып, білім алған өте қызықты –деп жауап берген.  

 

Ø   тестілеу

Компьютерлік тестілеу арнайы пульттарды әр оқушыға алдын ала тіркеп қойылады, аз уақыт ішінде  жасаған жұмысының нәтижесін сараптауға, қайта қарап шығуға жіберген қатемен жұмыс жасауына мүмкіндік береді. Оқушыда өзінің білім деңгейін аз уақыт ішінде байқайды . Дұрыс жауапты тапқанына қуанады , қызығушылығы артып белсене түседі

Тестілеу тәсілін қолданғысы келген мұғалім өзі тест  құрастыруына , әріптестерінің дайын тесттерінде қолдануына болады. Мұғалім өткен тақырыбына сәйкес жалпы сыныптың білім сапасын пайызды түрде көре алады .  Оқу процесінде қолданылатын  Электрондық оқулықтар тақырыпты мазмұнды, түінікті жеткізуге, жаңа тақырыппен танысқаннан кейін білімін жедел бекітуге, мысалдарды қолдана отырып тапсырмаларды орындауға, олардың орындалу ретіне сараптама жасауға жəне оқушының өз білімін тексеруіне мүмкіндік береді. Сонымен қатар электрондық оқулықтарды қолдану кезінде əр оқушының өз бетімен жұмыс істеуіне жағдай жасалады.

     Бастауш сыныптың  сабақтарында АКТ қолдану тәжірибеме сараптай отырып,  АКТ пайдалану:

Ø    Оқу уәжін жоғарлауын қамтамасыз етеді

Ø     Сабақтың эстетикалық және эмоцианалдың деңгей жоғары өтеді

Ø     Саралап оқытуды қамтамасыз етеді

Ø     Сабақта  орындалатын жұмыстың көлемі  1,5-2 есе артады

Ø     Білімді сапасын бақылау жақсарады

Зерттеу іс-әркетінің дағдыларын қалыптастыру толықтай қамтамасыз ететіндігін сеніммен айтуға болады..

        Өз сыныбымда мынандай жетістіктерге жетіп жүргенімді айтқым келеді .

-Сыныпта барлық бала еркін қаламмен жұмыс жасай алады .

- Өзіне қажетті түсті таңдап сурет салады , жазады .

- Қатесі болса , керек емес бөлікті өшіргіші таңдап өшіреді

-Пультпен еркін жұмыс жасап , өз білімдерін электронды тексере алады.

-Ғаламтордан ақпараттар жинақтайды,  жоба құрастырады, презентация жасайды,қорғайды.

        Ойлау, шешу, жұппен, жеке, топпен жұмыс жасауына мүмкіндік алады

Ұжымда балалар өздерін еркін ұстайды , жүйелі сөйлеп, сенімі, өзіне-өзі бағалай алады .

     Тиімділігіне келетін болсақ:

 -Уақытты үнемдейді ,

. Көрнекілігі өте әсерлі, сапалы сабақ туындайды . 

     Ендеше білім саласында болып жатқан жаңалықтарды дер кезінде қабылдап , дұрыс  әрі жүйелі қолдансақ ,алдымыздағы оқушылардың оқуға деген қызығушылықтары артып , білім сапасы жоғарлайды .

 

 

Әріптестеріммен де өз тәжірибеммен бөлісіп, оқу үрдісіндегі туындаған қмыншылықтар мен жетістіктерім жайлы тәжір ибе алмасамын

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "ТӘЖІРИБЕ "Белсенді оқытудың тиімділігі""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист по безопасности

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Тәжірибенің өзектілігі оқытунемесе оқу диалогы өзіндік ерекшелігі бар қатынас құралы. Бұл балалардың өзара қатынасы, мұғалім мен балалардың, балалар мен оқытушы арасындағы қатынас. Оқу үрдісі тілдесу арқылы жүзеге асады. Дәстүрліоқытуда көбінесемұғалімдероқу диалогы орнынаоқу монологынпайдаланады. Бұл кезеңде оқушылардың еркін пікірін тыңдау сирек кездеседі. Оқытудағы тәсілдер мен әдістер түбегейлі өзгеруде. Қазіргі заман оқушысыоқу бағдарламасыныңбілім, білік дағдыларын меңгеру ғана емес, білімді өз бетімен іздеп, оқыпүйренуі керек. Ол өзініңоқу қызметін ұйымдастыра отырып, оқу оқуға дайындығынжәнеоқуға икемділігінжоспарлауы тиіс. Сондықтан оқушы мен оқытушының бірлескен оқытуәдісімонологтан диалогқа қарай ауысуықажет деп ойлаймын.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 668 510 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 10.03.2019 26893
    • DOCX 51.4 кбайт
    • 371 скачивание
    • Рейтинг: 1 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жаканова Майра Сапарбековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Жаканова Майра Сапарбековна
    Жаканова Майра Сапарбековна
    • На сайте: 8 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 6
    • Всего просмотров: 73302
    • Всего материалов: 20

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Медиаграмотность как форма работы с современным родителем

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 37 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 127 человек

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы профориентационной работы в деятельности педагога

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 96 человек из 36 регионов
  • Этот курс уже прошли 124 человека

Курс повышения квалификации

Организация профориентационной работы в школе

36/72/108 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 216 человек из 50 регионов
  • Этот курс уже прошли 557 человек

Мини-курс

Современные тенденции в архитектуре

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Стратегии маркетинга и продаж в B2B

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Путь к внутреннему спокойствию: освобождение от тревоги, злости и стыда

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 634 человека из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 214 человек