Инфоурок Информатика Другие методич. материалы"Учебный методический комплекс" по информатике

"Учебный методический комплекс" по информатике

Скачать материал

Выберите документ из архива для просмотра:

Выбранный для просмотра документ УМК 1-курс.docx

 

Астана қаласының білім Басқармасы

Астана қаласы әкімдігінің «Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжі» МКҚК

 

 

 

 

 

 

«Келісілді»                                                                                    «Бекітемін»                                                                          

Әдіскер                                                                                      директорының орынбасары

Р.Кобегенова _________                                                         ___________У.Кстаубаева

«____» __________2017ж.                                                      «_____» ___________2017ж.

 

 

Дәрістер жиынағы

І- курсқа арналған

 

Картинки по запросу информатика фото

 

 

      

                                                            Информатика мұғаілім:Махмутова Л.А.

 

 

 

«Жаратылыстану-математикалық пәндер» бойынша

әдіс-бірлестік кеңесінде қаралып келісілді.

Әдіс-бірлестік жетекшісі ___________А.Шуакова

Хаттама №_______

«____» _____________2016 ж.                                                                                               

 

 

 

 

 

Астана 2016

 

 

 

 

 

 

 

МАЗМҰНЫ:

 

 

 

 

 

І. Алғы сөз

ІІ. Дәрістер

1.      Әлемнің ақпараттық бейнесі. Ақпараттық жүйелер және ресурстар. Білім беру ақпараттық ресурстары.

2.      Алгоритмнің негізгі  түсінігі, қасиеттері.

3.      Алгоритмдерді құрастыру әдістері.

4.      Программалау тілдерінің шығу тарихы.

5.      Программалаудың түрлері: құрылымдық, модульдік, функционалдық, логикалық. Түрлі бағдарламалау әдістерінің принциптері.

6.      Аппараттық және программалық қамтамасыз етудің диалектикасы.

7.      Компьютердің қосымша құрылғыларын баптау және орнату

8.      Windows 7 –нің  негізгі нысаналары мен оның басқару жолдары. Windows 7 –нің файлдары мен бумалары.файлдық құрылым амалдары:

9.      Windows 7 –нің стантартты қосымшасы.

10.  Linux ОЖ негізгі түсініктері. Файлдық жүйесі

11.  Архивтеу туралы түсініктеме. WinRAR. WinZIP архиваторлары. Архивті құру туралы мүмкіндіктері. 

12.  Компьютерлік вирустар, түрлері вирустардың дербес компьютерге ену жолдары.

13.  Microsoft Word 2013 мәтіндік процессоры туралы жалпы түсінік.

14.  Microsoft Word 2013-та құжаттарды құру және форматтау.

15.  Кестемен жұмыс.

16.  MS Word 2013  мәтіндік процессорының графикалық мүмкіндіктері.

17.  MS Excel электрондық кесте туралы жалпы түсінік.

18.  Электрондық кесте құрылымы, мәліметтерді енгізу. Фильтірлеу және автопішін.

19.  Электрондық кестені есептеулерге қолдану. Электрондық кестедегі формулалар, фунцияларды қолдану.

20.   Графика мен диограмма тұрғызу.

21.  Microsoft Excel кестесін мәліметтер базасы ретінде пайдалану.

ІІІ. Тест

1-вариант

2-вариант

ІV. Әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алғы сөз

 

 

1.1.  Қолдану аймағы

     «Информатика» пәнінің дәрістер жинағы   «Тамақты ұйымдастыру», «Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу» мамандығында оқитын 1-курс студенттеріне арналған. Жалпы 2-семестр сағаты 42 сағатқа арналған дәріс

1.2. Оқу пәнінің мақсаты

Деректер және ақпаратпен, ақпаратты өңдеу әдістері мен түрлерімен, файылдық құрылым және файлмен, символдық және сандық ақпаратты беру әдістерімен, санау жүйесімен, мұрағаттау жұмысымен жсауды, офистік жұмыстармен жасауды  үйретеді.

    Қазіргі заманғы  компьютерлердің ақпараттық құралдарымен, компьютерді құру тұжырымдамасымен, компьютер құрылымы негізгі тетіктерімен, сыртқы құрылғылармен жұмыс істиеуге үйретеді.

     Қазіргі  заманғы компьютерлердің программалық құралдарымен, компьютерлік жүйенің программалық қамтамасымен, операциялық жүйе түсінігімен, қазіргі заманғы операциялық жүйе түсінігімен, қазіргі заманғы офистік жүйелермен, құжатты дайындау және жүйені дайындау және жүйені баптаумен, графикалық редактормен, баспаға шығару жүйесімен жұымыс істеуге үйретеді.

      Мультимедиялы технологиямен, интернет технология және компьютерлік желілермен, компьютерлік желілердің серверлері, браузерлері,протоколдары мен стандарттарымен, электронды почтамен, гипертекстік технологиямен, компьютерлік қауіпсіздік және қорғаумен, компьютерлік вирустармен, антивирустық пограммалармен жұмыс істеуге көмектеседі.

 

1.3. Оқу пәнінің міндеттері

Қазіргі заманғы  компьютерлердің ақпараттық құралдарымен, компьютерді құру тұжырымдамасымен, компьютер құрылымы негізгі тетіктерімен, сыртқы құрылғылармен жұмыс істиеуге үйретеді.

     Қазіргі  заманғы компьютерлердің программалық құралдарымен, компьютерлік жүйенің программалық қамтамасымен, операциялық жүйе түсінігімен, қазіргі заманғы операциялық жүйе түсінігімен, қазіргі заманғы офистік жүйелермен, құжатты дайындау және жүйені дайындау және жүйені баптаумен, графикалық редактормен, баспаға шығару жүйесімен жұымыс істеуге үйретеді.       Мультимедиялы технологиямен, интернет технология және компьютерлік желілермен, компьютерлік желілердің серверлері, браузерлері,протоколдары мен стандарттарымен, электронды почтамен, гипертекстік технологиямен, компьютерлік қауіпсіздік және қорғаумен, компьютерлік вирустармен, антивирустық пограммалармен жұмыс істеуге көмектеседі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

№ 1 Дәріс.

Тақырып: Әлемнің ақпараттық бейнесі. Ақпараттық жүйелер және ресурстар. Білім беру ақпараттық ресурстары.

 

1.1 Инфоpматикабұл компьютерлік техниканы пайдалануға негізделген, ақпараттардың құрылымы мен жалпы қасиеттерін, сол сияқты оны жасау, сақтау, іздеу, түрлендіру, адамның іс-әрекетінің әртүрлі сфераларында тарату мен пайдаланудың заңдылықтары мен әдістерін оқып үйренуге арналған пән.

"Информатика" термині (франц. informatique) information  (ақпарат) және automatique (автоматика)  деген француз сөздерінен шыққан және сөзбе-сөз аудармасында "ақпараттық автоматика" дегенді білдіреді.

Сол сияқты бұл терминнің ағылшын тіліндегі нұсқасы да кеңінен таралған — "Сomputer science", бұл тура мағынасында "компьютерлік ғылым" дегенді білдіреді.

Сонымен қатар ол - ақпаратты сақтаудың, тасымалдаудың, іздеудің жеңіл және тиімді түрле­рін қарастыратын, ақпараттың құрылымын, жалпы қасиеттерін зерттейтін де ғылым.

         Медицинаға информатика бірнеше салыстырмалы тәуелсіз бағытта ене бастаған. Бұлардың ең маңыздысы: лабораториялық диагностика, медициналық кибернетика, медицина аппараттарын жасау.

         Медицина даму саласының алдынғы  қатарында орын алып келеді. Компьютерді медицинада ең алғаш 1967ж. Олдендорф ЭЕМ-ді магниттік-резонанстық томографта пайдаланған. Кейінірек 1971 жылы Хаусфилда МР-тың томографында дербес компьютерлер кеңінен қолданылады. Қазіргі уақытта информатика өте тез дамып жатқан ғылым. Дербес компьютерлер біздің күнделікті қолданатын құрылғымызға айналуда.

Компьютердің медицинада қолданылуы:

1.      Өз қызметтері бойынша  мәліметтер базасын жүргізу (науқастарды тіркеу, дәрі-дәрмектерді есепке алу)

2.      Халықаралық жаңалықтар туралы жедел ақпарат алу (емдеудің жаңа әдістері, жаңа дәрі-дәрмектер  және т.б.)

3.      Науқастарға компьютерлік диагностика жүргізу.

     Компьютер- бұл ақпаратты іздеуге, жинауға, сақтауға, өңдеуге және сандық пішімде пайдалануға арналған құрылғы.

1.2 Ақпарат — бұл біздің оған деген бейімделуіміздің және біздің сана сезіміміздің оған бейімделуінің нәтижесінде сыртқы әлемнен алынған мағлұматтардың белгіленуі.

Ақпарат — бұл қоршаған ортаның объектілері және құбылыстары, олардың параметрлері, қасиеттері мен күйлері туралы, олардағы анықталмағандық дәрежесін, білімнің толық еместігін кемітетін мәліметтер (Н.В. Макарова);

Ақпарат —бұл  энтропияны жоққа шығару (Леон Бриллюэн);

Ақпарат — бұлқұрылым күрделілігінің өлшемі (Моль);

Ақпарат — бұләртүрліліктіңбейнеленуі (Урсул);

Ақпарат — бұлбейнелену үрдісініңмазмұны (Тузов);

Ақпарат — бұл таңдау ықтималдығы (Яглом).

Ақпарат қандай түрде болады?

Ақпарат мына түрлерде болуы мүмкін:

мәтіндер, суреттер, сызбалар, фотосуреттер;

жарық немесе дыбыс сигналдары;

радиотолқындар;

электрлік және нервтік импульстер;

магниттік жазбалар;

ымдар мен қимылдар;

иістер мен дәм сезінулер;

ағзалардың белгілері мен қасиеттері ұрпақтарға беріліп отыратын хромосомдар және т.б.

Ақпараттық қасиеттері тұрғысынан қаралатын нәрселер, үрдістер, материалдық немесематериалдық емес қасиеттері бар құбылыстар ақпараттық объектілер деп аталады.

Ақпарат қалай беріледі?

Ақпарат хабарламалар түрінде қандай да бір ақпарат көзінен оны қабылдаушыға олардың арасындағы байланыс каналдары арқылы беріледі. Ақпарат көзі берілетін хабарламаны жібереді де, ол берілетін сигналға кодталады. Бұл сигнал байланыс каналы арқылы жіберіледі. Нәтижесінде қабылдаушыда қабылданған сигнал пайда болады, осында коды шешіледі және қабылданған хабарламаға айналады.  Ақпарат «ақпарат» термині латынның түсіндіру, баяндау, білу деген ұғымдарды білдіретін іnformatіon сөзінен шыққан.

            Біз өзімізге қажетті ақпаратны оқулық пен кітаптардан, газет-журналдардан, теледидар хабарлары мен кинофильмдерден ала аламыз. Ақпарат кез-келген түрде бізге белгілі-бір мағлұматтар немесе не болып жатқаны туралы деректер береді.

            Түрлі объектілер, құбылыстар  мен процестер жөніндегі жалпы мағлұматтарды ақпарат дейді. Ақпарат алу дегеніміз – бізді қоршаған құбылыстар мен объекттердің өзара байланыстары, құрылымы немесе олардың бір-біріне қатысуы жөнінде нақты мағлұматтар мен мәліметтер бере алу деген сөз.

            Сонымен, ақпарат – белгілі-бір нәрсе (адам, жануар, зат, құбылыс) туралы таңбалар мен сигналдар түрінде берілетін мағлұматтар. Ақпарат түрлері: мәтін, сурет, фотобейне, дыбыстық сигналдар, электр сигналдары, магниттік жазба және т.б.

Ақпаратты өңдеу — бірнеше алгоритмдерді орындау жолымен бір ақпараттық объектілерден екінші бір ақпараттық объектілерді алу .

Өңдеу ақпараттармен орындалатын операциялардың негізгілерінің бірі, және ақпараттар көлемін үлкейту мен түрлендіріудің басты құралы болып табылады.  

Ақпараттарды өңдеу құралдары — бұл адамзат жасаған барлық қондырғылар мен жүйелер , және ең бірінші кезекте, компьютер — ақпараттарды өңдеуге арналған әмбебап машина .

Компьютерлер ақпараттарды бірнеше алгоритмдерді орындау жолымен өңдейді.

Тірі ағзалар мен өсімдіктер ақпараттарды өздерінің мүшелері мен жүйелерінің көмегі арқылы өңдейді. Ақпараттық ресурстар мен ақпараттық технологиялар дегеніміз не?

гіз жасайды.

Қоғамды ақпараттандыру — ақпараттық ресурстарды жасақтау мен пайдалану негізінде, азаматтардың, мемлекеттік басқару органдарының, мекемелердің жергілікті басқару органдарының, қоғамдық бірлестіктердің ақпараттық сұраныстары мен құқықтарын іске асыруды қанағаттандыру үшін, тиімді жағдайлар жасауға ұйымдастырылған  әлеуметтік-экономикалық және ғылыми-техникалық үрдіс.

Ақпараттандырудың мақсаты — адамдар еңбегінің өнімділігін арттыру мен жағдайларын жеңілдету есебінен олардың тұрмысын жақсарту .

Ақпараттандыру — бұл халықтың тұрмыс салтының маңызды өзгерістерімен байланысты, күрделі әлеуметтік үрдіс. Ол көптеген бағыттарда, соның ішінде компьютерлік сауатсыздықты жоюда, жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану мәдениетін қалыптастыруда және т.б.  қажырлы еңбекті қажет етеді.  

         Ақпараттар бірлігі ретінде Клод Шеннон бір  бит    (ағыл. bitbinary digit — екілік сан) алуды ұсынды.

Ақпараттар теориясында бит—тең ықтималдықтағы екі хабарламаны ажырататын ақпарат мөлшері (түрлері "орел"—"решка", "жұп"—"тақ" және т.б.).

Есептеу техникасында бит дегеніміз мәліметтер мен командалардың машинаішілік ұғымда қолданылуы үшін пайдаланылатын, "0" мен "1" белгілерінің біреуін сақтауға қажетті,  компьютер жадының ең аз "бөлігі".

Бит — өлшем бірліктің өте аз шамасы. Практикада көбінесе одан ірі бірлік —  байт қолданылады, ол сегіз битке тең. Компьютер пернелеріндегі 256 символдың кез келген біреуін кодтау үшін дәл осы сегіз бит қажет  (256=28).

Сол сияқты ақпараттардың одан да үлкенірек туынды бірліктері кеңінен қолданылады :

1 Килобайт (Кбайт) = 1024 байт = 210 байт,

1 Мегабайт (Мбайт) = 1024 Кбайт = 220 байт,

1 Гигабайт (Гбайт) = 1024 Мбайт = 230 байт.

Соңғы уақытта өңделетін ақпараттар көлемінің ұлғаюына байланысты, қолданысқа мынандай туынды бірліктер де ене бастады:

1 Терабайт (Тбайт) = 1024 Гбайт = 240 байт,

1 Петабайт (Пбайт) = 1024 Тбайт = 250 байт.

Ақпараттар бірлігі ретінде он тең ықтималдықтағы хабарламаларды ажыратуға қажетті, ақпараттар мөлшерін таңдап алуға да болатын еді. Бұл енді екілік емес (бит), ондық (дит) ақпарат бірлігі болады.

1.3 Жүйе дегеніміз бір мезгілде әрі біртұтас, әрі әртекті элементтердің жиынтығы алға қойған мақсаттарға қол жеткізуге орай біріктірілген ұғым ретінде қарастырылатын кез келген объекті болып табылады. Жүйелер өзара құрамы жағынан да, басты мақсаттары жағынан да едәуір ерекшеленеді.

«Жүйе» ұғымына  «ақпараттық» сөзін үстеу оның құрылуы мен жұмыс істеуін көрсетеді . Ақпараттық жүйелер кез келген саладағы міңдеттердің шешімдерін қабылдау үдерісінде қажетті ақпаратты жинауды, сақтауды, өңдеуді, іздестіруді, беруді қамтамасыз етеді.Олар проблемаларды талдауға және жаңа өнімдерді жасауға көмектеседі.

Ақпараттық жүйе – алға қойылған мақсатқа жетуге орай ақпаратты сақтау, өңдеу және беру үшін пайдаланылатын құралдардың, әдістер мен жұмыскер-лердің өзара байланысты жиынтығы.

Кез келген мақсаттағы ақпараттық жүйе жұмысын қамтамасыз ету үдерістерін шартты түрде мынадай блоктардан тұратын схема түрінде ұғынуға болады:

сыртқы немесе ішкі қайнар көздерден ақпаратты еңгізу,

түсетін ақпаратты өңдеу және оны оңтайлы түрде беру,

тұтынушыларға ұсыныу немесе басқа жүйеге беру үшін ақпаратты шығару,

кері байланыс – бұл түсетін ақпаратты түзету үшін аталған ұйым адамдарымен қайта өңделген ақпарат.

Ақпараттық жүйе төмендегідей қасиеттерімен айқындалады :

кез келген ақпараттық жүйе талдауға жатуы мүмкін, олар жүйелерді құрудың жалпы принципі негізінде құрылған және басқарылды,

ақпараттық жүйе серпінді және қарқынды дамуда,

ақпараттық жүйені құру кезінде жүйелілік тәсілді қолдану қажет,

ақпараттық жүйенің шығатын өнімі ақпарат болып табылады, оның негізінде  шешімдер қабылданады,

ақпараттық жүйені ақпаратты өңдеудің адам-компьютерлік жүйесі ретінде қабылдаған жөн.

«Ақпарат» сөзіне адамдар бұрыннан үйренген. Егер сіздерден ақпарат дегеніміз не деп сұрасақ, онда сіз алдымен ақпарат құралдары деп аталатын газет, радио, теледидар және т.б. есіңізге түсіруіңіз  мүмкін. Тек осында «ақпараттық хабарлама» немесе «жедел ақпарат» деген сөздер жиі қолданылады. Мұндай хабарламаның мақсаты – оқырмандарға немесе тыңдармандарға бір оқиға туралы жеткізу. Хабарламаны тыңдамай тұрып, біз ол оқиға туралы білмейтінбіз, тек тыңдаған соң білдік.

 

 

 

 

№ 2 Дәріс.

Тақырып: Алгоритмнің негізгі  түсінігі, қасиеттері

          «Алгоритм» ұғымы информатикада ақпарат сияқты іргелі ұғымдар қатарына жатады. Алгоритм атауы атақты араб математигі Әбу Жафар Мұхаммед ибн Мұса әл-Хорезми ( 763-850 ж.ж) есімінің латынша Algorithmi (Алгоритми) болып жазылуынан шыққан. Ол санаудың ондық жүйесінде көп орынды сандар мен арифметикалық амалдардың орындалу ережесін ұсынған. Бұл ережелер қосынды мен көбейтіндіні табуға арналған амалдарды орындауға қажетті тізбектен құрылған. Сол ереже осы күнге дейін қолданылып келеді.

Алгоритм — орындаушының белгілі бір мақсатқа жетуі үшін орындалатын әрекеттер тізбегін айтады.  Кез-келген есепті қарапайым амалдарды тізбектей орындау арқылы шығаруға болады. Алгоритімді компьютерде орындау үшін оны программа түрінде жазып шығу керек.

Алгоритм біздің өміріміздің әрбір тұсында кездеседі

Алгоритм күнделікті әрбір пәнде кездеседі

 

Алгоритмнің орындалуы.  Күнделікті тұрмыстан алгоритмге бір мысал келтірейік.

Мысал 1. Студент болу үшін мынадай  алгоритм қадамдарын орындау керек:

1.     Мектепті тәмамдау.

2.     Бірыңғай ұлттық тестілеуден өту.

3.     Керекті құжаттарды, аттестаттың түпнұсқасын емтихан қорытыдысымен белгілі бір мамандықты көрсетіп, конкурсқа тапсыру.

4.     Конкурстан өту.

5.     Таңдаған мамандығы бойынша оқитын жоғары оқу орнын анықтау.

 

Мысал 2  Ағаш отырғызу алгоритмі

3.      Жерге шұңқыр қазу

4.      Шұңқырға көшет отырғызу

5.      Шұңқырды өміп тастау

6.      Көшетті суару.

Бұл пункттердің орнын ауыстыруға бомайды. Олар көрсетілген ретпен кезегі орындалуы тиіс. Сонда ғана көздеген нәтижеге қолымыз жетеді.

             Алгоритм – информатика мен есептеу техникасының іргелі ұғымдарының бірі.

             Техникалық құрылғылдары дұрыс пайдалана алу үшін есеп шешу жолы, яғни орындалатын іс-әрекеттердің тізбегі әрі түсінікті, әрі нақты болуы қажет.

 

Мысал 3 у = (ах+b)(сх -d) функциясын есесптеу үшін келесі қарапайым әрекеттерді орындау керек:

1) а- ны х-ке көбейтіп, оны У деп белгілеп аламыз;

2) У – ті  b –ға қосып, оны У1 деп белгілейміз;

3) с – ны  х – ке  көбейтіп, оны У2 деп белгілейміз;

4) У2 –ден d – ны алып тастаймыз, оны У3 деп белгілейміз;

5) У1 –ді У3 –ке  көбейтіп, нәтижені У4 деп белгілейміз.

 

      Алгоритм қасиеттері

Кез келген есептің шешу кезеңін қарапайым амалдар тізбегіне бөлектеуге болады. Алгоритмді компьютерде орындау үшін оны программа түрінде жазып шығу керек.

Программа деп машина тілі түсінетіндей, инструкциялар тізбегі түрінде жазылған алгоритмді айтамыз.  Программа командалар тізбегінен тұрады. Командалар тізбегі орындалған кезде есептің нәтижесі шығады. Әрбір компьютер алдын-ала құрылған программа бойынша жұмыс жасайды. Яғни, программа деп белгілі бір нәтиже алу үшін түсінікті операциялар тізбегін айтамыз. Процессор программа құрамындағы командаларды реті бойынша орындайды. Команда бір қарапайым операцияны орындауға бұйыратын бұйрық түрінде болады. Командалар арифметикалық, логикалық, басқаруды беру, сандарды салыстыру, экранға шығару, принтерге шығару және т.б. болып бөлінеді.

Алгоритм ұғымның мәнін аша түсетін оның мынадай қасиеттері бар:
1. Алгоритмнің айқын, дәл өрнектелу қасиеті.

Алгоритмде келтірілген барлық іс-әрекеттердің мағынасы айқын, нақты анықталған болуы керек. Онда қандай қадамдар көрсетілсе тек солар орындалуы қажет. Атқарушы алгоритм командаларын орындау кезінде ешқандай ойланбауы тиіс.

2. Алгоритмнің үзіктілік қасиеті.

Алгоритмнің үзік модульдерге бөлінуі, яғни үлкен алгоритмді бірнеше кішкен алгоритмдерге жіктеу мүмкін болуы керек. Бұл қасиет бойынша алгоритм аралық нәтиже беретіндей бірнеше ықшам бөліктерге, ал олар оданда кіші қадамдарға бөлінеді, яғни мәселені шешу процесінің тізбегі жеке-жеке әрекеттерге жіктеледі.

3. Алгоритмнің нәтижелік қасиеті.

Кез келген алгоритмнің нәтижесі болуы керек. Әрекеттердің шектеулі санынан кейін белгілі бір уақытта қорытынды  нәтиже алуымыз қажет. Кейде алгоритдердің бірнеше қадамы қайталанып, ешбір нәтиже бермейді. Ондай есеп алгоритмн циклдден шықпайтын, нәтижесіз деп қайта құрады.

Мысалы: сандарды қосу алгоритмі үшін бастапқы мәліметтерге қосылғыштар мәні жатады, ал нәтижесі қосынды болады.

4. Алгоритмнің жалпылық немесе ортақтық қасиеті.

Алгоритм құрғанды белгілі бір жеке проблемаға ғана арнамай, осы сияқты проблемалардың шешуін толық қамтуға мүмкіндік беретіндей етіп құру керек. Бұл қасиет алгоритмнің пайдалану құндылығын арттырады. Егер берілген мәліметтер өзгерсе, нәтижеде өзгереді.

m және n бүтін сандарының ең үлкен ортақ бөлгішін табуда Евклид алгоритмін қолданайық.

5. Алгоритмнің формальды орындалу қасиеті.

Алгоритмді орындағанда орындаушы оның әр командасының мағынасын түсінуі де, түсінбеуі де мүмкін. Бірақ орындаушы өзі атқарып отырған әрекеттердің мағынасын түсінбесе де, алгоритм командаларын орындау арқылы белгілі бір нәтижеге жетеді, бұл формалды орындалу деп аталады.

 

     Атқарушы түсінігі

Алгоритм атқарушысының рөлін адам немесе автоматтандырылған құрылғы: компьютер, робот

және т.б. орындайды. Мысалы,

Жалпы алғанда, өміріміздің барлығы алгоритм тізбектерінен тұрады десек те болады.

Алгоритм орындалу барысында атқарушы қандай инструкция келесі орындалу керектігін

біледі. Атқарушы орындай алатын командалардың жиынын атқарушы командалар жүйесі деп

атаймыз.

Сонымен, алгоритм атқарушысы алдын-ала қойылған әрекеттерді орындап,

нәтижеге жететін адам, компьютер немесе техника болуы мүмкін. Егер есепті шешу үшін

техникалық құралдар пайдаланылса, орындалатын әрекеттер тізбегі нақты және түсінікті болу

керек. Қаншалықты әрекеттер түсінікті де, нақты болса, соншалықты нәтижеге жету тез және

дұрыс болады.

 

№ 3 Дәріс.

Тақырып: Алгоритмдерді құрастыру әдістері.

             Егер орындаушы командаларды бірінен соң бірін ілесу тәртібімен орындайтын болса, алгоритм сызықтық деп аталады.

Орындаушының әрекеттері қандай да бір шартты нұсқауларға тәуелді орындалатын болса, ол алгоритм тармақталган болып саналады.

Жеке командалар немесе команда топтары бірнеше рет қайталанатын болса, алгоритм циклдік деп аталады.

Блок-схемалар. Компьютерде есеп шығару кезеңдері.

Алгоритмнің берілуінің ең көрнекі әдісі болып блок-схемалар түрінде берілуі болып табылады. Блок-схема - есептеу амалдарын көрсетуге арналған графикалық бейнелер жиынтығы болып табылады. Алгоритм бұл жерде бағытталған байланысы бар геометриялық фигуралармен сипатталып беріледі. Геометриялық фигуралардың ішіне орындалып жатқан әрекеттерді түсіндіретін ақпарат орналасқан. Блоктардағы сызықтар блоктар арасындағы байланыс функцияларын орындайды. Байланыс сызықтарының бағыттары, егер олар жоғарыдан төмен немесе солдан оңға қарай бағытталған болса, үшкір сызықшамен (стрелкамен) белгіленбеуі мүмкін. Блок-схема түрінде сипатталған алгоритм орындалатын әрекеттер көрнекілігін арттырады.

http://konspekta.net/lektsiiimg/baza1/1093095239662.files/image143.jpg


- эллипс, алгоритмнің басын, соңын белгілеу;   - төртбұрыш, қадамды орындау командасы;   - параллелограм, мәліметтерді енгізу, шығыру;   - ромб, шарттың ақиқат, жалғандығын тексеру;   - көмекші алгоритмді шақыру.

Алгоритм командаларының блок схема түріндегі бейнеленуінің жалпы үлгісін қарастырайық: алгоритмдерді бағдарламалау тілінде көрсету - багдарлама деп аталады. Багдарламалау тілі дегеніміз - бағдарлама жазуға арналған тіл. Компъютерде есеп шыгару кезеңдері:

1. Математикалық модель құруды қамтитын есептің қойылуы (есептің
математикалық қойылуы);

2. Есеп шешудің алгоритмін жазу;

3. Бағдарламаны құрастыру;

4. Бағдарламаны жөндеу;

5. Компьютерде есепті шешу және нәтижені талдау.

Басқа бағыт процедуралық емес программалау методологиясымен байланысқан. Оларға объектілі-бағытталған және декларативті тілдер жатады. Объектілі-бағытталған тіл тәулсіз объектілерді құрады.

Декларативті тілді пайдалануда программист ақпараттық құрылымға, олардың арасындағы байланыстарды көрсетеді. Алгоритмді жазу тәсілдері.

Алгоритмді компьютерде орындау үшін оны белгілі бір заңдылықтарға сәйкес өңдеу керек. Алгоритмді жазудың бірнеше тәсілдері бар:

1. Табиғи тілде

2. Арнайы түйінді сөздер – терминдер, псевдокодтар арқылы жазу.  Яғни, қарапайым алгоритмдік тілдер қолдану.

3. Блок-схема түрінде графикалық кескіндеу.

4. Программалау тілінде жазу.

Осының ішінде алгоритмді блок-схема түрінде жазу және одан кейін оны программалау тіліне аудару кеңінен қолданылады.

 

4 Дәріс.

Тақырып:  Программалау тілдерінің шығу тарихы.

       Программалау – хабарларды есептеуіш машиналардың көмегімен сұрыптайтын жасанды тілдер тобы. Кез келген компьютер программасының негізгі мақсаты – аппаратты құралдармен басқару.

Алғашқы пайда болған программалау тілдері өте қарапайым болатын. Ол 0 және 1 символдардан тұрады. ЭЕМ – ді қолдану көп жақты болғандықтан арнайы есептерді шешу үшін түрлі тілдер құрылды. Тарихта бірінші болып процедуралық құырылымды программа пайда болды. Процедурааға бейімделген тіл – Фортран – 50 жылдың ортасында пайда болды. Бұл тіл бірінші және кең қолданылатын программалау тілі. Ол қазіргі кезде инженерлік, ғылыми есептеулер салаларында пайдаланылады.  Есептеуші математика аумағында программалау жүйесі процедурадан ауыса бастады. Соның нәтижесінде Алгол – 60 , Паскаль, Модуль – 2 , Си программалау тілдері жетілді. Симула- 67 программалаудың нысанды бейімделген деген жаңа әдіс пайда болды.  НБП – толығымен күрделі программа құрғанда көрінеді. Автоматты цифрлы есептеуіш машиналарды құруға алып келген революциялық пікірлердің бірі XIX ғ. 20-шы жылдары Чарльз Бэббидж айтқан есептеуді- келешекте автоматтылыққа, программаға жүзеге асыру үшін машина әрекеттерінің ретін алдын-ала жазу туралы ойы болды. Бэббидж пайдаланған перфокарталардағы программалар жазбасынан бастап программалау тарихы басталады.

Ч. Бэббидждің замандасы Аду Лавлейс аналитикалық машинаның құндылығын бағалаған жер шарындағы 1-ші программист. Ол теориялық түрде программалауда пайдаланылатын есептеу тізбегінің кейбір тәсілдерін басқаруды өңдеді және қазіргі заманғы прогаммалау тілдері үшін маңызды болып табылатын конструкция – циклды сипаттап берді.

Программалау тілдерінің тарихындағы революциялық мезет - арнайы символдардың көмегімен машиналық командаларды кодтау жүйесінің пайда болуы болды. Мұны Пенсильван университетінің қызметкері Джон Моучли ұсынды. Моучли ұсынған кодтау жүйесі оның компаниясының қызметкеріөзінің барлық өмірін компьютер мен программалауға арнаған Грейс Мюррей Хоппер деген қызметкерді қызықтырды. Ол жер шары бойынша 1-ші үлкен цифрлы компьютерлердегі 3-ші программист болғандығын еске алады. Марк – 1 компьютерінде жұмыс жасауда Хоппер және оның тобы көптеген мәселелермен қақтығысты және олар ойлап тапқандардың барлығы жаңа болды. Олар ішкі программаны ойлап тапты. Сонымен бірге программалау техникасының іргелі ұғымдарының бірі баптауды алғаш болып енгізді (1945). Debugging (насекомое) –баптау.

40-шы жылдарыдың соңында Джон Моучли жоғарғы деңгейдегі дөрекі программалау тілі болып табылатын “Short Code” атаудағы жүйесін құрады, Онда программист шығарылатын есепті математикалық формула түрінде жазып, содан кейін арнайы кестені пайдаланып, символдарды кезекпен аударып, бұл формулаларды екі литерлі кодтарға түрлендірді. Болашақта компьютердің арнайы программасы бұл кодтарды екілік машиналық кодқа айналдырды. Дж. Моучли құрған жүйе дөрекі интерпретатордың алғашқысы болды.

Тек 1951 ж. Хоппер жер шарындағы 1-ші компиляторды құрды, ал 1954 ж. Хоппердің жетекшілігімен программалау тілінен және компилятордан тұратын MATH-MATIC жүйесі өңделді. Хоппер және оның тобы қолданушыларға қарапайым ағылшын тіліне жақын болатын тілде программалау болатын жаңа тіл мен компилятор өңдеуге кіріседі. 1958 ж. FLOW-MATIC компиляторы пайда болды.

50 ж. ортасы программалау облысында прогресс болуымен сипатталады. Машиналық командалы программалау ролі азайып, жаңа типтегі программалау тілдері пайда бола бастады. Бірінші және кең тараған – Фортран болды (FORTRAN, FORmula TRANslator – формула аударушысы). 1954 ж. IBM фирмасының программистер тобы өңдеген.

60-шы ж. ортасында Дартмутск колледжінің математика факультетінің қызметкерлері Томас Курц пен Джон Кемени қарапайым ағылшын тілінің сөздерінен құралған арнаулы программалау тілін құрды. Жаңа тілді “бастаушыларға арналған универсальды символикалық код” деп атады (Beginners All-Purpose Symbolic Instruction Code немесе қысқаша BASIC) (1964 ж.). PL/1 (Programm Language One, 1967), АЛГОЛ-68 (1968) .

Ресейде 50-ші жылдары Сергей Петрович Ершовтың жетекшілігімен Альфа трансляторы құрылған (Алголдың орысша версиясы). Кейініректе академик Ершов СССР-де мектеп информатикасының қалыптасуында маңызды роль атқарды.

Алгоритмдерді өңдеуді құрылымдау туралы Алголдың идеяларын дамыту 1970 ж. басында швейцар оқымыстысы Никлаус Вирт Паскаль тілін құруға алып келді. Паскаль тілі бастапқы кезде оқыту тілі ретінде құрылған, шындығында, қазіргі кезде де ол программалауға үйрететін тілдерідің негізгілерінің бірі болып отыр. Турбо-Паскаль жүйесін француз, джазист Филип Кан өңдеді. .

Программалау тілдері әртүрлі мақсатта қызмет етеді және оларды таңдау қолданушыға ыңғайлы болуымен, берілген компьютер және есеп үшін қажеттілігімен анықталады. М, Бейсик программалар жазуда кең қолданылады, Фортран математикалық және инженерлік есептерде ЭЕМ-де шығаруда классикалық программалау тілі болып табылады. Кобол (COBOL – іскерлік есептерге бағытталған жалпы тіл) тілі басқару және бизнес салаларында мәліметтерді өңдеуге арналған негізіг тіл болып ойластырылған. Біршама арнаулы тіл – ЛОГО (гректің logos-сөз) оқушылады программалауға оқытуға арналған (математика және педагогика профессоры Сейсмур Пейперт). Жеткілікті арнаулы әйгілі тіл – Пролог –жасанды интеллект жүйелерін құруға арналғанпрограммалау тілі ретінде құрылған.

Классикалық операциональды нмесе процедуралық программалау программистен есепті шығару үшін оның жеке бөліктерін сипаттауды, яғни алгоритмін және оның арнайы жазбасын тұжырымдауды талап етеді. Тілдердің негізгі ұғымдары – оператор және мәліметтер. Процедуралық тәсілде операторлар топқа- процедураларға бірігеді. Құрылымдық программалау осы бағыттың шегінен шықпайды, ол тек программалау технологиясының кейбір қажетті тәсілдерін белгілейді.

 

Программалық жасақтама – белгілі бір типтегі есептеуіш машиналарға арналған, олардың аппараттық құралдарының жан – жақты қызметін, сонымен қатар қолданушының есептеу ресурстарына мұқтаж кез келген есептерін шығаратын программалар жиынтығы.

 Компьютердегі программалық жасақтама құрамын программалық конфигурация деп атайды.

Программалық жасақтама аппараттық жасақтаманың әртүрлі режімдердегі қызметін қамтамасыз етіп қана қоймай, есептерді дайындып, жөндеуден өткізіп, шығару үдерістеріне ыңғайлы, жетілдірген пайдаланушы интерфейсін береді.

Программалық жасақтама келесі деңгейлерден тұрады: негізгі, жүйелік, қызметтік, қолданбалы.

Программалық жасақтаманың деңгейлері  пирамидалық жүйе болып табылады. Әрбір келесі деңгей бұрынғы деңгейге сүйеніп жасалады.

Базалық деңгей – ақпараттық құрылғылармен байланысуға жауап береді. Тұрақты жадта сақталады.

Енгізу —  шығарудың базалық жүйесі (BIOS) тұрақты жадта орналасқан. компьютердің құрылғыларын тексеруге, ОЖ – инициализациялауға және монитор, пернетақта, дискілер, принтермен енгізу – шығару амалдарын орындауға арналған программалар кіреді.

Жүйелік деңгей – өтпелі. Нақты құрылғылармен өзара әрекеттесуді қамтамасыз ететін программаны драйвер дейміз. Жүйелік деңгей программалардың басқа қолданушымен өзара әрекеттесуіне жауап береді. Жүйелік деңгейдің программалық қамсыздануының жиынтығы компьютердің амалдық жүйе ядросын құрастырады.

Қызметтік деңгей – базалық деңгейдегі мен жүйелік деңгейдегі программалармен тығыз байланыста болады. Қызметтік программалар компьютерлік жүйені тексеру, баптау, жөндей жұмыстарын автоматтандырады.

Қолданбалы деңгей – қолданбалы программалардың көмегімен өндірістік, шығармашылық, оқыту және т.б мақсатта нақты жұмыстар атқарады.

Қолданбалы программаларға: мәтіндік редакторлар, графиктік, электрондық кестелер, мәліметтер базасы, автоматтандырылған жобалау жүйелері, баспахана жүйеелері, web – редакторлар, браузерлер кіреді.

Программалық жасақтамалар функционалдық қызметтеріне байланысты төмендегідей түрлерге бөлінеді:

·         Жүйелік ПЖ

·         Аспаптық ПЖ

·         Қолданбалы ПЖ

Жүйелік программалық жасақтама  — компьютерді пайдалану мен техникалық қызмет етуге, есептеу жұмыстарын ұйымдастыру мен қолданбалы программалар әзірлеуді автоматтандыруға арналған программалық жабдықтама.

Амалдық жүйе және программалау жүйесі жүйелік ПЖ негізгі бөлігі болып табылады.

Амалдық жүйе – құжаттар мен амалдар орындауға арналған, сыртқы құрылғыларды және программаларды басқаруды жүзеге асыратын программалар жиынтығы.

Амалдық жүйе ПЖ компьютердің мәліметтерді өңдеу жұмысын, пайдаланушымен сұхбатын ұйымдастырады, компьютердің құрылғыларын және қор көздерін басқарады, мәліметтерді қорғауды қамтамасыз етеді, пайдаланушы мен программалар сұратуы бойынша түрлі қызметтер атқарады.

Амалдық жүйе болмаса компьютердің жабдықтары мен программаларына қатынасу мүлде мүмкін болмас еді. Амалдық жүйеде компьютермен Windows терезелік тілдесу тінтуірмен жүзеге асады. Windows амалдық жүйесінің пайдаланушы тілдесуінің негізгі элементтеріне мына нысандар жатады: Жұмыс үстелі, терезелер, лақаптар, батырмалар, үстеолдер, мәзірлер, бумалар, қосымшалар, құжаттар.

Қызметші (сервистік) программалар – әрбір адамның амалдық жүйемен жұмыс істеуін жеңілдететін программалар тобы.

Белгілі бір қосымша қызмет атқаруға керекті программалар тобы утилиттер деп аталады. Оларға антивирустық программалар, мұрағаттау программалары, компьютердің жұмыс істеу қабілетін тексеретін диагностика программалады айтуға болады.

Аспаптық программалық жасақтама  (АПЖ) – ЭЕМ – ге қажетті программаларды құруға немесе өзгертуге арналған прграмма пакеттері. Мысалы: Turbo Pascal программалау тілі.

Қолданбалы программалық жасақтама (ҚПЖ) – әртүрлі мәселелік аумақтардағы қолданбалы есептерді шешуді жасақтайтын жеке қолданбалы программалар мен қолданбалы программалар дестелерінен тұратын программалық жасақтама бөлігі.

Оның құрамына ҚПЖ кіреді:

·         Жалпы мақсаттағы ҚПЖ;

·         Мәселелік бағытталған ҚПЖ;

·         Интегралданған ҚПЖ;

Жалпы мақсаттағы ҚПЖ әртүрлі қолданбалы есептерді шешуге жиі қоолданылатын программалық құралдар енеді, олар:

·         Мәтіндік редакторлар мен процессорлар;

·         Графикалық редакторлар;

·         Электрондық кестелер процессорлары;

·         Мәліметтер қорын басқару жүйелері;

·         Презентациялдар;

Мәселелік бағытталған ҚПЖ – белгілі бір саладағы есептерді жүзеге асыруға мамандандырылған программалық құралдардың жиынтығы.

Бұларға:

·         Жобалауды автоматтандыру жүйелері (ЖАЖ);

·         Таңбаларды айыру жүйелері;

·         Статистикалық, қаржылық – аналитикалық жүйелер;

·         Ғылыми – зерттеу жүйелері;

Интегралданған ҚПЖ – қазіргі уақытта ҚПЖ – ның қарқынды және қуатты дамып жатқан бөлігі.

Олар – көп функционалды, бірнеше қолданбалы программалық жабдықтарды бір ресурстық қор негізінде жинақтап ұсынады. Мысалы: Microsoft Office

Қорыта айтқанда программалық жасақтама аппараттық жасақтаманың мүмкіндіктерін жетілдіретін және онымен қолданушының белгілі бір программалық құралдардың негізінде тікелей жұмыс істеуіне мүмкіндік беретін сыртқы қоршау болып табылады.

 

№ 5 Дәріс.

Тақырып: Программалаудың түрлері: құрылымдық, модульдік, функционалдық, логикалық. Түрлі бағдарламалау әдістерінің принциптері.

Көлемі жағынан орташа программаларды құруда құрылымдық программалау қолданылады. Оның негізгі идеясы, оны шешу алгоритмі ағымдағы мәтінге анық көріну үшін шешілетін тапсырманың құрылымын программа құрылымы көрсетуі тиіс. Ол үшін жай оператордың көмегімен құрылатын программа құралдары ғана емес, сонымен қатар алгоритмнің құрылымын нақты бейнелейтін құралдар қажет. Осы мақсатпен программалауды ішкі программа ұғымы енгізілген.

Ішкі программа – қажетті әрекетті орындаушы және ағымдағы кодтың басқа бөліктеріне тәуелді емес операторлар жиынтығы.

Программа бірнеше кішкене ішкі программаларға бөлінеді, олардың әрқайсысы ағымдағы тапсырмамен қарастырылған әрекеттердің бірін орындайды. Құрылымдық программалау идеясы 70-жылдары IBMкомпаниясында пайда болды, оны әзірлеуге атақты ғалымдар: Э.Дейкстра, Х.Милс, Э.Кнут, С.Хоор қатысты.Құрылымдық программалау программалық өнімнің модульдік құрылымына және әртүрлі программалық модульдердің мәліметтерін өңдеу алгоритмдерінің типтік басқару құрылымдарына негізделген.

Құрылымды басқару типтері:

·         Реттілік;

·         Альтернативті (таңдау шарты);

·         Циклдік.

Құрылымдық программалауға жататын программа әзірлеудің екі әдістемесі кең тараған:

·         «Жоғарыдан төменге» программалау;

·         «Төменнен жоғарыға» программалау;

Құрылымдық программалау алгоритмдік мінездемесі бар математикалық есептерді шығаруда тиімді қолданылады.

 Программалық жабдықтама өңдеуіндегі модульдік қатынас түсінігін оңдаған, жүз мыңдаған операторлары бар программалар мысалында қарастырамыз. Мұндай үлкен күрделі алгоритмдік программалардың құрылысы, оларды программалық өнім деп атайық, бөлінбейтін бүтін болып табылмайды. Программалық өнім өзара байланысқан – программалық модульдер жиынтығы болып көрінеді.

Модуль – бұл анықталған тағайындалуы және басқа программалық модульдерден автономды өңдеу берілген функцияларын қамтамасыз ететін программаның тәуелсіз бөлігі.  Өзара байланысқан бөлік-модульдер жиыны түріндегі жасалып жатқан программалық өнім көрінуі, ыңғайлылығы үшін орындалады:   • өңдеу;

                         • программалау;

                         • жөндеу;

                         • программалық өнімге өзгертулер енгізу.

Программалық өнімнің модульдік көрінуі келесі мақсаттарды көздейді:

                         • өндеудің қажет мерзімін қамтамасыз етіп орындаушыларға жұмысты үлестіру;

                         • жобалық жұмыстарға күнтізбектік график құрау және программалық өнімдерді жасау процесінде оларды үйлестіру;

                          • жобалық жұмыстардың еңбек шығыны мен бағасын бақылау.

Программаларды жеке құрамдарға құрылымдық бөлу оларды жасау құралын таңдау үшін де қызмет етеді. Программалық өнімді жасаған кезде көп рет пайдаланылған модульдер еркшеленеді, олардың тимизациясы мен унификациясы болады, ол арқылы бүтіндей өңдеуге кеткен мерзімі мен еңбек шығыны қысқартылады. Үлкен алгоритмдік күрделі программалар өңдеушілер ұйымымен жасалынады және өңдеу ыңғайлылығын, программалау сенімділігін, жөндеу тиімділігін және программалық өнімге өзгертулер енгізуді қамтамасыз ететін модульдік қатыныста ғана жасауға болады.

Көптеген модульдер арасынан ерекшелейді:

• басты модуль – программалық өнімнің іске қосуын басқарады;

• басқарушы модуль – басқа модульдерді өндеуге шақыруын қамтамасыз етеді;

• жұмыс модульдері - өндеу функцияларын орындайды;

• сервистік модульде және кітапханалар, утилиттер – қызмет ету функцияларын атқарады.

Әрбір модуль дербес сақталатын файл ретінде рәсімделеді. Программалық өнім қызмет ету үшін программалық модульдердің толық құрамы  бар болуы қажет. Программалық өнім жұмысы кезінде қажетті программалық модульдер активтеледі. Басқарушы модульдер кезекті модульдер орындауға тізбекті шақыруды береді. Модульдердің ақпараттық байланысы ортақ деректер базасы немесе өзгермелі алмасу арқылы модульаралық деректер жіберу арқасында қамтамасыз етіледі. Модульдік программалау – программаны логикалық бөліктерге бөлу үдерісі.

Программа бірнеше модульдерге бөлінеді және мынадай мақсаттар орындалуы тиіс:

·         Модульдің дұрыс болуы және оның контекстерге тәуелсіз болуы қажет;

·         Модульдің ішкі жұмыстарын білмей тұрып әртүрлі модульдерден программа құру мүмкіндігінің болуы қажет.

Модуль өлшемі 60 жолдан аспауы керек және модульдер өзара тәуелсіз болуы керек. Байланысқан элементтерді бір модульге, байланыспаған элементтерді әртүрлі модульге жинау керек. Модульдерді қолдана отырып программа күрделігін төмендетуге болады.

Өзара байланысқан негізгі нысандардан тұратын программалау тілін нысанға бағытталған программалау тілі дейміз.

Нысанға бағытталған программалау технологиясында қолданушы үш базалық элементпен: нысан, хабар және кластармен жұмыс істейді.

Нысандар бірнеше рет қолданылатын программалық модульдерден, яғни байланысқан мәліметтер менпроцедуралардан, ал нысан құрылымы екі бөліктен тұрады: айнымалылар және әдістер.

Класс біртипті нысандарға арналған шаблон және нысанды айнымалылар типтері мен әдістерін анықтайтын ақпараттардан тұрады.

Нысанға бағытталған программалаудың негізгі үш принципі бар: инкапсуляция, тұқым қуалау, полиморфизм.

 

 

 

№ 6 Дәріс.

Тақырып: Аппараттық және программалық қамтамасыз етудің диалектикасы.

 

Компьютердің дамуы мен модернизациясы бірін-бірі толыктыратын екі бағытта жүзеге асырылады. Ол - аппараттық жэне программалык камтамасыз ету.

Аппараттық қамтамасыз ету перифериялық құралдарға қажетті компьютердің электрондық толтырылымын құрайды. Процессор, электрондық платалар, монитор, пернетақта-бұлардың барлығы аппараттық қамтамасыз етуге жатады. Компьютердің заманауи аппараттық қамтамасыз етілуі көлемінің барынша кішіреюіне және өнімділігінің үлкеюіне әкеледі. Мысалы, қазіргі ұялы телефондарда компьютердің процессорлары орнатылған.

Программалық қамтамасыз етудің дамуы

Компьютердің ұзақ мерзімді жадында сақталған барлық программалар жиынтығы оның программалық қамтамасыз етуін құрайды. Программалық қамтамасыз ету жанжақты даму үстінде.

Сонымен қатар бекітілген бойынша жіктеуге қиындық тудыратын дәстүрлі емес программалар пайда болды. Жүйелі программалық қамтамасыз ету дегеніміз-компьютер желілері мен компьютер жұмысын қамтамасыз ететін программалар жиынтығы.

Базалық программалық қамтамасыз етудің кеңейтілуіне қосымша орнатылған программалар жатады, оларды функционалдық белгілері бойынша төмендегідей топтауға болады:

1. Компьютердің жұмыс істеу қабілеттілігін анықтайтын программалар

2. Компьютерді вирустардан қорғайтын вирусқа қарсы программалар

3.Дискілерге арналған программалар

4. Мұрағаттарды қамтамасыз ететін программалар

5. Желілірдің қызметіне арналған программалар

6.Қолданбалы программалар

Программалық жүйелер дегеніміз-программалық өнімдерді дайындау және енгізу технологиясын қамтамасыз ететін программалар жиынтығы. Программалық жүйелерге трансляторлар, программа дайындайтын орта, анықтамалық программалар кітапханасы, байланыс редакторлары ж.т.б жатады.

Жүйелік программалық жасақтама-дербес компьютерді пайдалану мен техникалық қызмет етуге, есептеу жұмыстарын ұйымдастыру мен қолданбалы программалар әзірлеуді автоматтандыруға арналған программалық жасақтама.

Амалдық жүйе-құжаттар мен амалдар орындауға арналған, сыртқы құрылғыларды және программаларды басқаруды жүзеге асыратын программалар жиынтығы.

Қызметші(сервистік) программалар-әрбір адамның амалдық жүйемен жұмыс істеуін жеңілдететін программалар тобы..

ЭЕМ-де программалық жасақтама қүрамын программалық конфигурация деп атайды. Программалар арасында физикалық буындар мен блоктар арасындагы сияқты байланыс бар - көптеген программалар өзінен томен деңгейдегі баска программаларга сүйеніп жүмыс істейді, ягни, біз аралық программалық интерфейс туралы айта аламыз. Мун пай интерфейстің болу мүмкіндігі де техникалық шарттар жэне өзара әрекеттесудің хаттамаларының болуына негізделген, ал ол іс жүзінде программалық жасақтаманың өзара әрекеттесетін бірнеше деңгейге бөлінуімен қамтамасыз етіледі.

Программалық жасақтама аппараттық жасақтаманың эртүрлі режімдердегі қызметін қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен қатар есептерді дайындап, жөндеуден өткізу, шыгару үдерістеріне ыңгайлы, жетілдірілген пайдаланушы интерфейсін береді.

Программалық жасақтама келесі деңгейлерден тұрады: базалық немесе негізгі, жүйелік, қызметтік жэне қолданбалы.

Программалық жасақтаманың деңгейлері өз кезегінде пирамидалық жүйе болып та- былады. Әрбір келесі деңгей программалық жасақтаманың өзінен бұрынғы деңгейлеріне сүйеніп жұмыс істейді.

Базалық деңгей. Программалық жасақтаманың ең төменгі деңгейі - базалық. Базалық деңгей базалық ақпараттық құрылғылармен байланысуга жауап береді. Ереже бойынша, базалық программатор базалық саймандар құрамына кіреді жэне тұрақты жа- дыда сақталады. Программалар жэне мэліметтер жасау кезеңінде жедел жадыга жазыла- ды жэне пайдалану үдерісінде озгертіле алмайды. Базалық программалық құралдарды пайдалану барысында программаланатын тұрақты есте сақтайтын құрылғылары пай- даланылады. Бұл жағдайда жедел жадының мазмұнын озгерту есептеу жүйесінің құрамында тікелей орындауга да болады, одан тыс та программалаушы деп аталатын ар- найы қүрылымдарда да болуы.

Енгізу-шығарудың базалық жүйесі (BIOS) ЭЕМ-нің тұрақты жадында орналасқан, бүл негізі MS DOS-тың болігі емес, бірақ бұнымен тор байланысты. Bios құрамына дер- бес компьютердің құрылгыларын тексеруге, операңиялық жүйені иниңиализаңиялауға арналган жэне монитор, пернетақта, дискілер, принтермен енгізу шыгару амалдарын орындауга арналган программалар кіреді.

Жүйелік деңгей (ЖД) - өтпелі. Бұл деңгейде жұмыс істейтін программалар базалык деңгейдің программалары мен дербес компьютерлік жүйенің өзге де программато­ры жэне тікелей аппараттық жасақтамамен өзара әрекеттесуін қамтамасыз етеді, ягни «делдалдық» функцияны атқарады. Программалық жасақтаманың бұл деңгейіне кобінде барлық есептеу жүйесінің пайдалану көрсеткіштері тэуелді. Мысалы, жүйелік деңгейде есептеу жүйесіне жаңа жабдық қосқанда басқа программалар үшін осы жабдықпен бай­ланысты қамтамасыз ететін программа орнатылуы тиіс. Накты кұрылгылармен өзара эрекеттесуді қамтамасыз ететін нақты программаны драйвер кұрылғысы дейміз. Ол программалық жасақтаманың жүйелік деңгейінің кұрамына кіреді.

Жүйелік деңгей программаларынын баскасы колданушымен өзара әрекеттесуге жауап береді. Солардың аркасында ол есептеу жүйесіне мәліметтерді енгізуге, онын жұмысын басқаруға жэне нәтнжесін өзіне ынғайлы формада алуға мүмкіндік апды. Бұл программалық кұралдар интерфейстін пайдаланушылық қамтамасыз ету құралдары деп аталады. Дербес компьютермен жұмыстың ыңгайлылыгы мен жұмыс орнындагы еңбек өнімділігі оларга тікелей тэуелді.

Жүйелік деңгейдің программалық қамсыздануының жиынтыгы дербес компьютердің амалдық жүйе ядросын құрастырады. Амалдық жүйе ядросының бар болуы - адамның есептеу жүйесі мен тэжірибелік жұмысының мүмкіндігі үшін міндетті шарт.

Қызметтік деңгей. Программалық жасақтаманың бұл деңгейі базалық деңгейдегі программалармен де, жүйелік деңгейдегі программалармен де тыгыз байланыста бола­ды. Қызметтік программалар дербес компьютерлік жүйені тексеру, баптау жэне жөндеу жұмыстарын автоматтандырады. Сонымен қатар олар жүйелік программалардың қыз- метін жақсарту жэне кеңейту үшін қолданылады.

Өндеуде жэне қызметтік программаларды пайдалануда екі талгаулы багыт бар: амалдық жүйемен біріктіру жэне автономды жұмыс жасау. Бірінші жағдайда қызметтік программалар жүйелік программаның тұтынушылық құрамын тэжірибелік жұмысқа өте ыңгайлы етіп өзгерте алады. Екінші жағдайда олар жүйелік программалық қамсыздануымен элсіз байланыскан, бірақ қолданушыға аппараттық жэне программалық қамсыздануы мен олардың өзара әрекеттесуін дербес күйге келтіру үшін көп мүмкіндік береді.

Қолданбалы деңгей. Қолданбалы программалардың көмегімен өндірістік, шығар- машылық, оқыту жэне т.б. мақсатта нақты жүмыстар атқарылады. Қолданбалы програм- малық қүралдарға мэтіндік редакторлар, мэтіндік процессорлар, графиктік редакторлар, электрондық кестелер, мэліметтер базасын басқару жүйелері, автоматтандырылған жо- балау жүйелері, баспахана жүйелері, web-редакторлар, браузерлер жэне т.б. жатады.

Дербес компьютерге арналған программалық жасақтамаларды функционалдык қызметтеріне байланысты төмендегідей түрлерге бөледі:

           жүйелік программалық жасақтама;

           аспаптық программалық жасақтама;

           қолданбалы программалық жасақтама;

Жүйелік программалық жасақтама - дербес компьютерді пайдалану мен техникалық қызмет етуге, есептеу жүмыстарын үйымдастыру мен қолданбалы программалар әзірлеуді автоматтандыруға арналған программалық жасақтама. Амалдық жүйе жэне программалау жүйесі жүйелік программалық жасақтаманың негізгі бөліктері болып табылады. Аймақтық, мемлекеттік жэне ғарыштық жүйелердің алуан түрлерімен бірге олардың сэулеттік формасын, жүмыс істеу тэсілдерін, қоршаған ортаға эсерін жэне адам- дық фактордың қатысуын қамтиды.

Амалдық жүйе (АЖ) - құжаттар мен амалдар орындауға арналған, сыртқы құрылғыларды жэне программаларды басқаруды жүзеге асыратын программалар жиынтыгы. АЖ программалар жүйесінің компьютердің мәліметтерді оңдеу жөніндегі бүкіл жүмысын, пайдаланушымен сүхбатты ұйымдастырады, компьютердің қүрылғыларын жэне қор көздерін басқарады, мәліметтерді қорғауды қамтамасыз етеді, пайдаланушы мен программалар сүратуы бойынша түрлі қызметтерді атқарады жэне т.б.

Амалдық жүйе болмаса, қазіргі заманғы компьютердің жабдықтары мен программа- ларына қатынасу мүлде мүмкін емес. Барлық аппараттық, сонымен қатар программалық жабдықтар пайдаланушыға тек амалдық жүйе арқылы гана үсынылады. Дербес компьютерлерде тілдесудің екі түрін (эмірлік жэне терезелік) көруге болады. Әмірлік тілдесуі бар амалдық жүйелерге MS DOS жатады. Компьютермен дұрыс жүмыс істей алу үшін қолданушы MS DOS амалдық жүйесі бойынша том-том нүсқаулықтарды оқып шығуы қажет болатын.

Терезелік тілдесу Windows сияқты, компьютермен тек бір қүрылгы (тінтуір) арқылы ғана қатынас жасауға болатын амалдық жүйеде жүзеге асырылган. Бүнда компьютер­мен қатынас жасау үшін тек бейне беттен сызбалық кескін түрінде үсынылған қажетті эрекеттерді таңдаған жон.

Windows амалдық жүйесінің пайдаланушы тілдесуінің негізгі элементтеріне мына нысандар жатады: Жүмыс үстелі, терезелер, лақаптар, батырмалар, үстелдер, мэзірлер, қалталар, қосымшалар жэне қүжаттар.

Терезелік тілдесуді меңзерді нысан үстіне апарған кезде қалқып шыгатын түсініктемелер, сондай-ақ тінтуірдің оң жақ пернесін Windows амалдық жүйесі нысанының үстінде шерткен кезде пайда болатын контекстік мэзірлер өте үғынықты етеді.

Қызметші (сервистік) программалар - эрбір адамның амалдық жүйемен жүмыс істеуін жеңілдететін программалар тобы. Қолданбалы программалар арқылы біз өз есептерімізді шығарамыз. Мүндай программалар «қосымшалар» (приложения) деп те аталады. Қолданбалы программалар сан алуан, оларға қарапайым программадан бастап күрделі есептерді шыгара алатын қуатты мамандандырылған жүйелерді (мэтіндік процессор, графикалық редактор, баспаханалық жүйелер, т.б.), ғылыми мәселелерге және жалпы көпшілікке арналған қызмет ету кешендерін де жатқызуға болады.

Белгілі бір қосымша қызмет атқаруға керекті программалар тобы утилиттер болып табылады. Оларға мысал ретінде антивирустік (вирустерге қарсы) программаларды, мәліметтерді мұрағаттау (қысу) программаларын, компьютердің жұмыс істеу қабілетін тексеретін (диагностика) программаларды (тест программалары) айтуға болады.

Аспаптық программалық жасақтама (АПЖ) — бұл дербес компьютерге қажетті программаларды құруға немесе өзгертуге арналған программа пакеттері. Оларға мысалы, Турбо Паскаль программалау тілін алуға болады.

Қазіргі заманның программалау жүйелері жаңа программаларды құруға программалаушыға мүмкіндігі жогары жэне ыңғайлы құралдарды ұсынады. Программа- ны түрлі тэсілдер бойынша құруға болады. Оған қойылатын негізгі талап - оның сапалы жэне қолданушыға түсінікті болуы.

Қолданбалы программалық жасақтама (ҚПЖ) - эртүрлі мэселелік аумақтардағы қолданбалы есептерді шешуді жасақтайтын жеке қолданбалы программалар мен қолданбалы программалар дестелерінен (ҚПД) тұратын программалық жасақтама болігі. Оның құрамына томендегідей ҚПЖ кіреді:

                    жалпы мақсаттағы ҚПЖ;

                    мәселелік бағытталған ҚПЖ;

                    интегралданған ҚПЖ.

Жалпы мақсаттағы қолданбалы программалық жабдықтар қүрамына эртүрлі қолданбалы есептерді шешуге жиі қолданылатын программалық қүралдар енеді, олар: мәтіндік редакторлар мен процессорлар; графикалық редакторлар; электрондық кестелер (ЭК) процессорлары;

          мәліметтер қорын басқару жүйелері;

          электрондық түсаукесерлер жэне т.с.с.

Мэселелік бағытталған қолданбалы программалық жабдықтар - белгілі бір саладағы есептерді жүзеге асыруға мамандандырылған программалық құралдардың жиынтығы. Мүндай программалық күралдарға:

          жобалауды автоматтандыру жүйелері (ЖАЖ);

          таңбаларды айыру жүйелері;

           статистикалық, қаржылық-аналитикалық жүйелер; гылыми-зерттеу жүйелері.

 

№ 7 Дәріс.

Тақырып: Компьютердің қосымша құрылғыларын баптау және орнату(веб-камера, сканер, принтер,желілік принтер).

Қосымша құрылғылар –компьютердің жүйелік блогына қосымша жалғанатын құрылғылар. Оларды жүйелік блоктың сыртына да, ішіне де қосуға болады.

Компьютердің қосымша құрылғыларына дыбыс колонкалары, микрофон, принтер, мәтіналғы, модем және т.б жатады.

Принтер – мәтіндік және графиктік ақпаратты қағазға шығару құрылғысы.

Сканер – компьютерге мәтіндік және графикалық ақпаратты енгізу құрылғысы.

Модем – телефон желілері бойымен ақпарат тарату құрылғысы.

Баған (колонка) – дыбыстық ақпаратты шығару құрылғысы .

(DVD) CD-ROM – лазерлік дискілерді көруге арналған құрылғы.

Тышқан – компьютермен жұмыс істеуге арналған ыңғайлы құрылғы .

Принтерлерді баптау және орнату

Принтерді баптау Windows 7 операциялық жүйесінде орнату үшін көрсетілген. Бірақ егер компьютерде басқа операциялық жүйе орнатылған болса да орнату жұмыстарының бір-бірінен айырмашылығы шамалы.

Ең алдымен принтерді тоққа қосуымыз керек. Содан кейін арнайы шнур арқылы компьютер мен принтерді байланыстырып жалғаймыз.Ол шнур принтер қорабының ішінде міндетті түрде болады. Компьютер қосатын тетікті көлеміне қарай тауып алыңдар. Бірақ соңғы шығып жүрген принтерлердің шнуры кәдімгі біз қолданып жүрген флешканың формасындай болады.

Осылардың барлығы дайын болған соң, орнатуға кірісеміз. Компьютердің кез келген қосымша құрылғыларының баптаулары Басқару панелі деген жерде сақталады. Экранның сол жақ төменгі бөлігінде Пуск батырмасы арқылы сол жерге өтеміз де,Қондырғылар және принтерлер деген бөлімге кіреміз.

Одан кейін Принтерлерді орнату деген батырманы басу керек. Содан соң шыққан терезеден принтерлерді орнату типін таңдаймыз.

Егер сол компьютерге ғана орнату керек болса, Локалді принтерді қосу, ал егер жергілікті принтер болса, Жергілікті принтер қосу деген батырманы таңдау керек. Сонымен Локалді принтерді қосу батырмасын таңдаймыз.

Одан кейін принтердің портын таңдап Әрі қарай батырмасын шертеміз де, дискіден принтердің өз маркасын арналған драйверін орнатамыз.

Мәтіналғыны орнату.

Жоғарыда айтып өткендей драйвер туралы мәселені шешіп болып, шнур арқылы мәтіналғыны компьютерге жалғаған соң, Windows автоматты түрде  құрылғыны орнатады.

Мәтіналғы ескі болса, орнатуды өз қолдарыңмен іске асыруға тура келеді. Пуск арқылы басқару панелі  деген мәзірге барып, терезенің сол жақ жоғарғы бөлігіндегі Қосымша құрылғы атты батырманы басып, Windows –тың айтқан барлық қадамдарын орындап шығасыңдар.

«Компьютер» сөзі ағылшын тілінен аударғанда есептеуіш , емептеуге арналған құрылғы дегенді білдіреді. Компьютерлер есептеу операцияларының қатарларын адамның қатысуынсыз, алдын ала көрсетілген нұсқаулық – бағдарлама бойынша жүргізуге мүмкіндік береді. Есептеуіш техниканың қазіргі тарихының негізі 1943 жылы «Марк-1» машинасының дүниеге келуінен бастап қаланды. Компьютерлердің алдыңғы буындары шамдық есептеуіш машиналар болатын, олардың орнын транзисторлы электронды есептеуіш машиналар (ЭЕМ), содан кейін – интегралды сызбалар пайдаланылатын электронды есептеуіш машиналар және ең ақырында, қазіргі таңда аса үлкен интеграциялық деңгейлі сызбалар пайдаланылатын ЭЕМ басты.

Негізгі принциптері: Өзінің алдына қойылған тапсырманы орындау үшін компьютер механикалық бөліктердің орын ауыстырылуын, электрондардың, фотондардың, кванттық бөлшектердің ағынын немесе басқа да жақсы зерттелген физикалық құбылыс әсерлерін қолданады. Көбімізге компьютерлердің ең көп таралған түрі — дербес компьютер жақсы таныс.

Компьютер архитектурасы алға қойылған мәселені, зерттеліп отырған физикалық құбылысты максималды айқын көрсетіп, модельдеуге мүмкіндік береді. Мысалы, электрондық ағындар бөгеттер салу кезіндегі су ағынының үлгісі ретінде қолданылуы мүмкін. Осылай құрастырылған аналогтық компьютерлер ХХ ғасырдың 60-жылдары көп болғанымен, қазір сирек кездеседі.

Қазіргі заманғы компьютерлердің басым бөлігінде алға қойылған мәселе әуелі математикалық терминдерде сипатталады, бұл кезде барлық қажетті ақпарат екілік жүйеде (бір және ноль ретінде) көрсетіледі, содан кейін оны өңдеу үшін қарапайым логика алгебрасы қолданылады. Іс жүзінде барлық математикалық есептерді бульдік операциялар жиынына айналдыруға болатындықтан, жылдам жұмыс жасайтын электронды компьютерді математикалық есептердің, сонымен қатар, ақпаратты басқару есептерінің көпшілігін шешу үшін қолдануға болады.

Бірақ, компьютерлер кез-келген математикалық есепті шеше алмайды. Компьютер шеше алмайтын есептерді ағылшын математигі Алан Тьюринг сипаттаған болатын.

Орындалған есеп нәтижесі пайдаланушыға әр түрлі енгізу-шығару құрылғыларының көмегімен көрсетіледі, мысалы, лампалық индикаторлар, мониторлар, принтерлер және т.б.

Компьютер — жай ғана машина, ол өзі көрсетіп тұрған сөздерді «түсінбейді» және өз бетінше «ойламайды». Компьютер тек қана бағдарламада көрсетілген сызықтар мен түстерді енгізу-шығару құрылғыларының көмегімен механикалық түрде көрсетеді. Адам миы экрандағы көріністі қабылдап, оған белгілі бір мән береді.

Веб-камера – бейне кескіндерді электрондық пішімге айналдыратын құрылғы.

Принтер- ақпаратты қағазға басып шығаратын құрылғы.

Принтердің бірнеше түрі: матрицалық, сия бүріккіш, лазерлік, сублимационалдық,  жарық диодты (LED) принтерлер бар.

Сканер - қағаздағы мәтін мен суретті компьютерге автоматты түрде енгізу үшін қолданылады. Сканер кескінді (суретті, т.б.) машина кодына ауыстырып, компьютердің жадына жазады. Сканердің жұмысының принципі былай: жарық сәулесі жол-жолмен жазық суретті сканерлейді, оның жұмыс принципі электрондық сәуленің дисплей экранын сканерлеуіне ұқсайды. Сканерлер қара-ақ түсті немесе түрлі түсті болады.

 

 

 

 

 

 

 

№ 8 Дәріс.

Тақырып: Windows 7 –нің  негізгі нысаналары мен оның басқару жолдары. Windows 7 –нің файлдары мен бумалары.файлдық құрылым амалдары.


         Microsoft компаниясы Windows операциялық жүйесін 1980-жылдарың ортасында жасап шығарды. Содан бері Windows-тің көптеген нұсқалары шықты, бірақ олардың ішінде ең танымалы – Windows 10 (2015 жылы шығарылған), Windows 8 (2012), Windows 7 (2009), Windows Vista (2007), мен Windows XP (2001). Windows көптеген жаңа компьютерлерге алдын-ала орнатылып қойылады және де әлемдегі ең көп таралған операциялық жүйе болып саналады. 
Егер сіз Windows операциялық жүйеңізді соңғы нұсқасына жаңартқыңыз келсе, онда Windows-тың соңғы шыққан Home Premium, Professional және Ultimate сияқтыларының бірін таңдай аласыз. Бірақ орнатпас бұрын қайсы сізге оңтайлы болатынын зерттеп алыңыз.
Операциялық жүйелер әдетте сіз сатып алып жатқан компьютерге алдын-ала орнатылып қояды. Көптеген адам компьютерді орнатылып қойылған операциялық жүйемен бірге сатып ала салады, бірақ егер қаласа басқасын қоя алады. 
Компьютерге арналған үш ең танымал операциялық жүйе бар: Microsoft Windows, Apple Mac Os X және Linux.

Заманауи операциялық жүйелер Қолданушының Графикалық Интерфейсін (ҚГФ, ағыл. GUI — Grafical user interface) пайдаланады. GUI қолданушыға графикалық сурет түрінде дисплейде көрсетілген экрандағы батырмаларды (иконка, батырмалар, белгілер, меню) тышқан, пернетақта мен джойстик арқылы басқаруға мүмкіндік береді. Яғни компьютерде тышқан, пернетақта және т.б. арқылы оңай жұмыс істеуге болады.

Жұмыс үстелі

 

 

 

Бас мәзір

http://danilidi.ru/books/images/notebook/windows7.png Бастау батырмасын басқаннан  кейін бағдарламаларды іске қосуға, қиып алу, сурет салу  Paint, есептегіш, факс және мәтін алғыш, проекторға қосу, жойылған жұмыс үстеліне қосылу, жұмысқа кірісу, лупалық экран батырмалары шығады. Бағдарламалар әмірі компьютерге орнатылған бағдарламалар тізімін көрсетеді және оларды іске қосуға мүмкіндік береді. Бас мәзірдің оң жақ бетінде құжаттар, бейне, музыка, компьтер, панель басқармасы, баспаға шығару құрылғылары, бағдарламалар, анықтамалар батырмалары бар.

Изображение поля поиска в меню «Пуск»

Қажетті анықтама жүйесін жылдам іздеу үшін «іздеу» енгізу өрісі бар. Онда өзіңізді қызықтаратын терминді егізу қажет. Енгізген соң іздеу түмесін басқан сон сізге керек құжатты немесе әнді, киноны т.б. жылдам тауып береді.

 

Контекстік мәзір(англ. context menu)

http://sadesign.ru/lj/context_menu1.jpg Графикалық интерфейсте қолданушы-мәзір, контекстік мәзірді тышқаның оң жақ бетін басып шақырамыз, арнайы батырма «мәзір» арқылы немесе (  Shift  +  F10  в Windows) http://www.expert-technomarkt.de/out/pictures/z1/logitech-m100-5099206019140-1.jpghttp://www.telerik.com/Images/editor/radgrid/KeyboardBottomRight.jpg

 

  Персонализатция

 

 тышқанның оң батырмасын жұмыс үстел үстінде баса отырып шақырамыз .

http://linchakin.com/files/2012/09/02/2.jpg 

 

Заставканы орнату

http://www.oszone.net/figs/u/72715/091118065749/ss-01.jpghttp://cms.helpit.alser.kz/Uploads/1%5b1%5d.jpg

 

 

 

 

№ 9 Дәріс.

 

Тақырып: Windows 7 –нің стантартты қосымшасы.

 

Windows жүйесінің стандартты программалары құрамына бір топ программалар жиыны кіреді. Олар бірсыпыра жұмыстардың орындалуын қамтамсыз етеді мысалы: 
- мәтіндік құжаттар дайындау;
- графикалық бейне - көріністерді даярлау және оларды өңдеу, түзету; 
-жұмыс уақытын жоспарлау және ұйымдастыру; 
- математикалық есептеулерді орындау және т.б. 
Бұл қосымша программалар «Стандартты» тобында орналасады.



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бағдарламаларды іске қосу жолы:

 

 

Бастау                                                  Пуск

 


Барлық бағдарламалар                      Все программы

 

Стандарттық                                                               Стандарные

 


                  

Таңдаулыны аламыз

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

WordPad  терезесі

 

 

 

 

 

 

WordPad  редакторының батырмалары

 

№ 10 Дәріс.

 

Тақырып: Linux ОЖ негізгі түсініктері. Файлдық жүйесі

 

               Linux операциялық жүйесі көптеген жерлерде, яғни ұжымдық мекемелер мен ғимараттарында оқуда тегін және өте қарапайым OS Unix альтернативінде кең таралды. Бүгінгі барлық операциялық жүйелердің жақсы қасиеттерін Linux  өзінде қамтып тұр. Оны OS/2 операциялық жүйе сияқты жеңіл қондыруға болады. Оның графиктік интерфейсі WindowsXP-мен пара-пар және желінің жасалу мүмкіндігі WindowsNT-дан жоғары, ал көпқолданбалы жұмыс тәртібі Unix принципі арқылы жасалған.OS Linux-тің болашағы жоқ деп айтылуда. Бірақ бұл операциялық жүйенің он бір жылдық тарихы бізге керісінше ойлануға кепілдік береді.Бұл жұмыстың мақсаты Linux-тің мүмкіндіктері мен жұмыс ережелерімен танысу болып табылады. Бөлімдерде операциялық жүйенің жалпы мағлұматтары және оны дербес компьютерде қондырудың процесі келтіріледі. Сонымен бірге операциялық жүйеде графиктік және мәтіндік режимдермен жұмыс істеуге болатыны көрсетіледі. Және де кейбір администраторлау мағлұматтары мен OS-тің жан-жақты қамтылуы беріледі.Linux–те инструменттердің жинағы қамтамасыздандырылған, осы инструменттер арқылы, сіз өзіңіздің жеке қолданбаларыңызды, құжаттарыңызды, WEB парақтарыңызды, презентацияларыңызды, сызбаларды, ойындарды және де компьютерлік графиктерге дейінде қатынас құра аласыз. Интернетте Linux жүйесі персоналды компьютерлерде жұмыс жасайтындарға негізгі тірек болып табылады. Интернетте жүріп саяхаттаудан тыс, Linux операциялық жүйесі интернет тораптарын және FTP – серверлерін құруға рұқсат береді. Осының арқасында басқа қолданушылар (мысалы, модемі компьютерге қосылған, сіздің достарыңыз) сіздің Linux жүйеңізге көп пайдаланушылар режимінде қосыла алады. Linux операциялық жүйесімен танысуLinux – Unix  операциялық жүйесінің толық функционалды нұсқасы. Бұл операциялық жүйеге,  Unix операциялық жүйесінің ең қуатты мүмкіндіктері кіргізілген, және де Linux–ке Unix операциялық жүйесінің қазіргі кездегі қолданбалары қосылған. Бұл қолданбалар GNU тізбегімен таралып өзіне кәсіби деңгейдегі  қолданбаларды кіргізеді. Linux–те инструменттердің жинағы қамтамасыздандырылған, осы инструменттер арқылы, сіз өзіңіздің жеке қолданбаларыңызды, құжаттарыңызды, WEB парақтарыңызды, презентацияларыңызды, сызбаларды, ойындарды және де компьютерлік графиктерге дейінде қатынас құра аласыз. Интернетте Linux жүйесі персоналды компьютерлерде жұмыс жасайтындарға негізгі тірек болып табылады. Интернетте жүріп саяхаттаудан тыс, Linux операциялық жүйесі интернет тораптарын және FTP–серверлерін құруға рұқсат береді. Осының арқасында басқа қолданушылар (мысалы, модемі компьютерге қосылған, сіздің достарыңыз) сіздің Linux жүйеңізге көп пайдаланушылар режимінде қосыла алады. Linux-тің бірінші түрі шыққаннан кейін екі айдан соң Линус Торвальдс жаңа оперциялық жүйені таратты және басқаларды Linux-ті дамыту жұмысына шақырды. Сондықтан Linux операциялық жүйесі бүгінгі күнде көптеген жер шарының программистерімен дамытылуда және олардың жемісі көптеген Интернет сайттарында жазылған. Осы топтың басқарушысы әлі күнге дейін Линус Торвальдс болып саналады.Linux Unix-тің жеңілдетілген түрінің қорында орналасқан, ол Minix деп аталады. Алғашынан бастап Linux тез бейімделген, кіші және арзан операциялық жүйе ретінде жасалады. Linux операциялық жүйенің негізгі қасиеттері.Толық көпқолданбалы операциялық жүйе. Ол бір мезгілде бірнеше жұмыстарды орындауда компьютердің барлық ақпараттық ресурстарын қолданады.Виртуалдық жадының жәрдемі. Linux қатты дискінің бөлімін виртуалдық жады ретінде пайдалана алады. Операциондық жадыда активті процестерді сақтайды және дискіге програманың аз қолданылатын бөлімдерін кіргізеді. Жүйенің барлық жадысы қолданылады (виртуалдық және операциялық), Linux үшін бағдарламалармен дискінің жалпы жадысы сипатталады.Операциялық жүйенің графиктік ортасы. XWindow – бұл стандартты интерфейс, ол Unix-те графиктік мүмкіндіктерді орындайды. Linux барлық қолданбалы тор хаттамаларын, сонымен бірге Интернет-хаттамасы TCP/IP, желілік хаттамалары SMB* және Novell, Nis ақпараттық хаттамалары, NFS, WINS және т.б. желілік файлдық жүйенің хаттамаларына жәрдемдеседі.

Кітапхана байлығы. Әрбір жұмыстағы қайталанатын процедураларды сақтаудың орнына жүйе стандартты кітапхана жиынын береді. Олар қажет уақытта бағдарламаларға қосылады.

SysV, BSP және IEEE POSIX 1 стандарттарына ұқсас болуы. Linux көбінесе стандарттарды қолданады.

Операциялық жүйенің ашық мәтіні. Linux AT&T* сияқты саудалық дамытылуларын пайдаланбайды. Сондықтан әрбір адам өзінің OS модулін жазуға мүмкіндік алады.

Басқа операциялық жүйелерге қарағанда өте арзан. Вирустарға толық қарсы тұруы. Қазіргі уақытта Linux-ке арналған он вирус қана белгілі. Олардың ешқайсысы операциялық жүйеге зиян келтіре алмайды.

 

№ 11 Дәріс.

Тақырып: Архивтеу туралы түсініктеме. WinRAR. WinZIP архиваторлары. Архивті құру туралы мүмкіндіктері. 

 

               1.1 Балалар сабақты бастамас бұрын мен сендерге мынадай сұрақ қойғым келіп отыр. Архив деген сөзді қалай түсінесіңдер? Архив дегеніміз не?

Резервтік көшірмені құру үшін немесе компьютерлік  желілер арқылы жылдам  беру үшін файлдар архиватор деп аталатын арнайы программалардың көмегімен архивтеледі. Архиваторлар бір немесе бірнеше файлдың орнына бір архивтік файл құрады.

Файлдарды архивтеу не үшін қажет?

— компьютер жадын тиімді пайдалану үшін (әсіресе, ақпаратты дискетте сақтауда);

— электрондық пошта арқылы жіберу үшін (орнатылатын файл өлшемі аз болған сайын жіберуге кететін уақыт та аз болады).

Файлды архивтік файлға жазу процесі – архивтеу (буып – түю, сығу), ал файлды архивтен алу – архивтен шығару деп аталады. Буып түйілген (сығылған) файл архив  деп аталады.

Архивтеудің алты әдісі бар:

— сығусыз;

— шапшаң;

— жылдам;

— әдеттегідей;

— жақсы;

— максималды.

Ақпараттар көлемі кішірейетін, ал ақпарат саны сол қалпында қалатын әр түрлі  архивтеу алгоритмдері бар. Мәтіндік, графикалық файлдар жақсы сығылады, ал іс жүзінде архивтік файлдар сығылмайды.

             1.2 Программашылар көптеген әр түрлі архиваторларды құрды, олардың ішінде кеңнен тарағаны WinRar, WinZip, сол сияқты Windows операциялық жүйесіне деректерді  Архивтеу қызметші программасы кіреді.  Архиваторды таңдағанда  олардың әмбебаптығы  және сенімділігі басшылыққа алынады.

Архивтерді құру және оларды басқарудың бірден бір кеңінен тараған әйгілі  құралына, орыс тіліне толығымен көшірілген архиватор WinRar жатады. WinRar RAR және ZIP архивтермен жұмыс жасауға, әртүрлі сығуларды орындауға мүмкіндік береді, жоғары нәтижелі деректерді сығу алгоритмін пайдаланады, көптомдық және архивтен өзі шығаратын архивтерді құрады.

Бірнеше бөліктен тұратын архивтер – көптомды архивтер деп аталады. Жалпы томдар үлкен архивті бірнеше бөліктен тұратын архивті бірнеше дискетаға немесе  басқа  сменалық  тасушыда  сақтау үшін пайдаланылады.

1.3 Архиваторлар - дискідегі орынды үнемдеу үшін файлдың кӛлемін кішірейтіп сақтауға мүмкіндік беретін программалар тобы.

Мұрағатта қандай файлдар бар екендігін білуге мүмкіндік беретін мұрағаттың тақырыбы бар. Мұрағаттың тақырыбында ондағы бар файлдың әрқайсысы үшін келесі ақпараттар сақталады:

      файлдың атауы;

      файл тұрған каталог туралы мәліметтер;

      файлдың өзгеруінің соңғы күні мен  уақыты;

      файлдың дискідегі және мұрағаттағы мөлшері;

      мұрағаттың тұтастығын тексеру үшін пайдаланылатын әрбір файлға арналған циклдік бақылау тамғасы.

Бағдарлама көптомдық мұрағатты — мұрағаттық файлдардың тізбектілігін дайындауға мүмкіндік береді. Олар дискетке файлдардың үлкен кешендерін мұрағаттау кезінде пайдалы.

WinZip пен WinRar бағдарламаларының мұрағаттық файлдары атауының келесі кеңеюлері бар: WinZip бағдарламасының мұрағаттық файлдары үшін — .ZIP. WinRar бағдарламасының мұрағаттық файлдары үшін — .RAR

Осы бағдарламаларды пайдалану кезінде үнсіз келісім бойынша әрине мұрағаттар атауының осы кеңеюлері пайымдалады.

 

 

№ 12 Дәріс.

Тақырып: Компьютерлік вирустар, түрлері вирустардың дербес компьютерге ену жолдары.

                 Компьютерлік вирустар, компьютерлік вирустар түрлері, вирустардың дербес компьютерге ену жолдары. вирустардан сақтау шаралары. вирусқа қарсы программалары.

Енді балалар вирустар туралы толық мәлімет алу үшін Электронды оқулықпен және оқулықпен жұмыс ісейміз. (5 минут)

1.Вирус дегеніміз не?

О: жауап Компьютерлік вирус дегеніміз – әдетте шағын өлшемді (200-ден 500 байтқа дейін) «көбею» және басқа прораммаларды «зақымдау» қабілеті бар (яғни өз кодын көп қайтара көшірмелейді және оны басқа программалардың кодына қосады) арнайы компьютерлік программа.

2.Вирустардың барлық әр алуан түрлерінен негізгі топтарын былайша бөліп алуға болады:

1. Жүктейтін вирустар – дискетің немесе винчестердің жүкеу секторында сақталатын компьютердің бастапқы жүктеу программаларын зақымдайды және компьютерді зақымдағанда іске қосылады.

2. Файлдық вирустар – көбінесе СОМ және ЕХЕ кеңейтілуі бар файлдарға кіріп алады. Файлдық вирустар файлдардың басқа типтеріне де кіре алады, бірақ олар онда басқару ала алмайды, сондықтан көбею қабілетінен айырылады.

3. Жүктейтін-файлдық вирустар – файлдарды да, дискінің жүктейтін секторларын да зақымдайды.

4. Драйверлік вирустар – компьютер құрылғыларының драйверлерін зақымдайды немесе өзін файлға қосымша қатар конфигурациясын қосу арқылы ендіреді.

5. Желілк вирустар – ондаған және жүздеген мың компьютерді біріктіретін желілерде тарайды.

Компьютердің вируспен зақымданғанын дер кезінде анықтау үшін вирустарды пайда болуының негізгі мынадай белгілерін білу қажет:

1) Ойдағыдай жұмыс істеп тұрған программалардың жұмысын тоқтатуы немесе жұмыс істемеуі;

2) Компьютердің баяу жұмыс істеуі;

3) Файлдар мен қапшықтардың жоғалуы немесе олардың ішіндегілердің бұрмалануы;

4) Файлдардың өлшемінің өзгеруі;

5) Дискідегі файлдар санының кенеттен көбеюі;

6) Бос жедел жад өлшемінің кішіреюі;

7) Компьютер жұмысындағы жиі тұрып қалулар мен жаңылысулар;

Белгілі антивирустық программаларды бірнеше типтерге бөлуге болады.

1. Детектор-программлар белгілі вирустардың бірімен зақымдалған файлдарды табады.

2. Фагтар немесе доктор-программалар, сондай-ақ вакцина программалар вируспен зақымданған файлдарды тауап қана қоймай, оларды емдейді де. Яғни программаны вируспен зақымдалғанға дейінгі қалпына келтіріп, файлдардан вирусты жояды.

3. Ревизор-программалар вирустардан қорғайтын программалардың ең сенімдісі. Ол программалардың алғашқы қалпын есте сақтап, содан соң ағымдағы жағдайды басттапқа кезбен салыстырып отырады. Өзгеріс пайда болса хабарлайды.

4. Фильтр – программалар немесе күзетшілер – ұдайы компьютерн жадында болатын шағын резидентті программалар. Олар компьютер жадын бақылайжы және жұмыс барысында вирустарға тән күмәнді әрекеттерді табады. Олар вирусты тапқанмен емдемейді, сондықтан вирусты жою үшін фагтарды қолдану керек.

Компьютердің вируспен зақымдануының алдын алу үшін:

1. Резервтік көшірме жасау – ақпаратты архивтеу;

2. Ұрлық программаларды көп қолданбау (өйткені олар заңды өнім болып табылмайды);

3. Дискетаны ашпас бұрын вирусқа тексеріп отыру;

4. Антивирустық программаны дискетада сақтау керек, өйткені винчестерде болса, ол да зақымдануы мүмкін;

5. Компьютерді үнемі вирусқа қарсы тексеріп отыру керек.

Ақпаратты қорғаудың бір түрі – резервтік көшірмелерді магниттік тасуыштарда сақтау. Яғни файлдарды дискетте сақтау керек. Егер файл жадтың көлемін көп алып, дискетке сыймайтын болса не істеу керек. Мұндай жағдайларда ақпаратт бүлдірмей сығуға мүмкіндік беретін арнайы программалар қолданылады. Мұндай сығылған файлдарды тек дискетте сақтап қана қоймай, компьютерлік желіде байланыс арналары арқылы жіберуге де болады.

№ 13 Дәріс.

Тақырып: Microsoft Word 2013 мәтіндік процессоры туралы жалпы түсінік.

 

Бұл қолданбалы бағдарлма кұжаттарды кұру, карап шығу, өзгерту және басып шығару үшін арналган MS Word  жүйесінің құрамына кіретін программа. Демек, Word-та жұмыс жасау принципі Windows  жүйесіндегідей: бірдей уақытта бірнеше ашық терезелер және бумалармен жұмыс жасау, жүйелік меню, т.с.с.

MS WORD  іс жүзінде казіргі мөтіндік процессорлардың барлык кажетті сапаларына ие:

       Кұжаттарды құру және теру;

       каріптер жиынын пайдалану аркылы оларды форматтау;

       кестелер, графиктер, математикалык формулаларды пайдалану;

       емле ережесін тексеру жөне сөздерді автоматты тасымалдау;

      іскер хаттарды, келісім-шарттарды, есеп беру формаларын жәнө т.с.с. дайындауға Шеберді (Мастерді) жәнв Шаблонды пайдалану.

Мәтіндік процессордың кемшіліктері:

       математикалық формулаларды енгізу күрделі;

       растрлык графикаларга арналмаған.

 

 MS Word мәтіндік процессоры  жұмыс істеу

MS WORD мәтіндік процессорын  іске қосу үшін, келесі әрекеттерді орындау керек.

Баптау                Барлық бағдарламалар                     Microsoft Office

                      Microsoft Office Word 2013

 

Осы әректтер орындалғаннан кейін экранға MS Word  терезесі шығады.

 

MS Word  терезесімен таныстыру.

 

Мәтіндік процессорды бірнеше өдіспен іске косуға болады:

1)   негізгі менюден Баптау —> Бағдарламалар —» MS WORD командаларын                    орындау аркылы;

2)    Жүмыс үстеліндегі               таңбашамен

 

3)    MS WORD  тақтасындағы батырмалармен.

Мәтіндік процессор жұмысын дұрыс аяқтау үшін келесі әдістерді қолдануға болады

1)   Файл —» Шығу (Выход) командаларын таңдаңыз

2)    Аlt + Ғ4 батырмалар комбинациясын басу

3)   MS WORD программасының атаулар жолының оң жақтағы жоғарғы жабу батырмасына шерту.

WORD  терезесін жабу кезінде құжатқа енгізілген өзгерістер сақталмаса, экранға диалогтік терезе шығады. Осы диалогтік терезе аркылы сіз файлдағы өзгерістерді сақтай аласыз (жауап — Иә (Да)), өзгерістерді сақтамайсыз (жауап — Жоқ (Нет)) немесе редакциялауды жалғастырасыз (Болдырмау (Отмена)).

Мәтіндік процессорды іске косқаннан кейін экранда косымша терезе бейнеленеді. Ашылған құжат қосымша терезенің жұмыс аймағында бейнеленеді. WORD терезесінің негізгі элементтері барлық Office қосымшаларына үшін орта болып табылады. Әдеттегі Windows –дағыдай редактор терезесінің жоғары бөлігінде меню бар: Главная, Всатавка, Разметка страницы, Ссылки, Рассылки, Рецензирование, Вид

 

Меню қатары

меню қатары

 

 

Форматтау құрал саймандар тақтасы

Форматтау құрал саймандар тақтасы

 

Сызғыш

 

 

Сызғыштар үшбұрыш орналасқан ол сызғыштың қызметі беті гоизонталь жылжыту қызметін атқарады, ал +, - белгісі бет үлкейту кішірейту.

 

 

 

Парақтың шеткі өлшемдерін өзгеру «Разметка страницы ----Поля-Настройка страницы командасын орнындау арқылы өзгертуге болады.

 

 

MS Word –пен жұмыс істеу отырып, негізінде екі құрал –саймандар тақтақтасын пайдаланасыз: суреттері бар батырмалардан және қалыптағы тақта мен баптау тақтасы. Әрбір батырмаға сәйкес қызметтері бар, ал батырмалар суретіне тиісті өзгертулерді орындайды. Бұл батырмалардың қызметін негізгі мәзірдің көмегіменде орындауға болады. Ол қызметтерді шақыру үшін тінтуірдің қызметтін пайдалануымызға болады.

 

№ 14 Дәріс.

Тақырып: Microsoft Word 2013-та құжаттарды құру және форматтау.

 

Мәтіндік процессорды бірнеше жолмен қосуға болады:

1.      Негізгі менбден Жіберу =>Программалар => Microsoft  Office => Microsoft  word  командаларын орындау арқылы;

2.      Жұмыс үстеліндегі таңбашамен;

Мәтіндік процессор жұмысын дұрыс аяқтау үшін келесі әдістерді орындауға болады:

  1. Файл =>Шығу командаларын таңдаңыз;
  2. Alt +F4 батырмалар комбинациясын басыңыз
  3. Microsoft  word прогрпммасының атаулар жолының оң жақтағы жоғарғы жабу батырмасын шертіңіз.
  4. Alt +F4 батырмалар комбинациясын басыңыз

*      Microsoft  word программасының атаулар жолының оң жақтағы жоғарғы жабу батырмасын шертіңіз.

Мәтіндік құжатқа графикалық кескіндер, фигуралық мәтін кірістіруге болады.
Дайын суреттер қорынан алынған суретті кірістіру үшін: 
1.Файлды ашып, мәтіннің суретті кірістіретін жерге меңзерді орналастырамыз
2.Вставка = Рисунок = Картинки командасын орындаймыз
3.Microsoft Clip Gallery диалогтік терезесінде Картинки қосымшасын және Рисунок категориясын таңдаймыз.
4.Суреттері бар терезе ашылады, таңдалған суретте маусты шертеміз.
5.Суреттің өлшемін қалауларың бойынша таңдап, суреттің үстінде маустың оң жақ батырмасын шертеміз.
6.Динамикалық менюден Формат рисунка командасын таңдап, Формат рисунка диалог терезесіндегі Положение қосымшасын шертіп Поверх текста опциясының жалаушасын алып тастап ОК батырмасын шертеміз.

                                              Суретті кірістіру үшін:

 

 

 

 

 

 

Парақтың шетіне рамка қою үшін
(Формат – граница заливки – страница – керекті рамкамызды таңдаймыз.)

Фигуралық мәтін кірістіру
Фигуралық мәтін кірістіру үшін Коллекция WordArt диалогтік терезесін пайдаланамыз.
Ол үшін:
1. Меңзерді мәтіннің басына орналастырамыз
2. Вставка – Рисунок - Объект WordArt командасын орындаймыз
3. Коллекция WordArt диалогтік терезесінде ұнаған қаріп стильін таңдап, ОК батырмасын шертеміз.
4. Изменение текста WordArt диалогтік терезесі пайда болады, ондағы Текст надписи өрісіне  мәтін енгізіп, Ок батырмасын шертеміз.

 

 

 

№ 15 Дәріс.

Тақырып: Кестемен жұмыс.

 

          Кесте – бұл жолдар мен бағандарда реттеліп берілген ақпарат. Жолдар мен бағандар қиылысып, ұяшық құрайды. Кесте құру үшін : (мұғалім интерактивті тақтадан көрсетеді). WORD  мәтіндік редакторында кесте құру үшін Таблица→Добавить таблицу немесе Вставка-Таблица-Вставить таблица командасын орындаймыз.. Экранда  Вставка таблицы диолгтік  терезесі пайда болады. Оған қажетті қатар мен бағандарды енгіземіз. WORD үнсіз келісім  бойынша  2 баған  ұсынады, бірақ қашан болса да еңгізуге болады.

Таблица→Добавить столбцы командасын орындап кестеге баған қосуға болады.

Число строк операциясының өрісінде кесте жолдарының саны еңгізіледі. Кейін Таблица→Добавить строки командасын орындап, жол санын көбейтуге болады.

 

Ширина столбца өрісінде үнсіз келісім бойынша орнатылған AUTO  параметрін қолдануға болады, не баған екенін мәнін еңгізуге болады. Егер AUTO параметрі қолданылса, онда барлық бағандардың ені бірдей болады.

    

   Ұяшықтарды қосу, өшіру және біріктіру.   Ұяшық немесе ұяшықтар тобын қосу үшін, алдына жанына жаңа ұяшық немесе ұяшықтар тобы орналасатын ұяшықты белгілеңдер. Содан кейін Таблица → Добавить ячейки командасын орындаңдар. Добавление ячеек диалокты терезесінде жаңа ұяшық қосылғаннан кейін не істейтінін: жол, баған қосу, ұяшықтарды жылжыту керек екенін көрсетіндер. Дайын кестеге жеке ұяшықтарды қосу іс жұзінде қолданылмайды.

 

Ұяшықтарды біріктіру үшін: Біріктіру қажет ұяшықтарды белгілеп алып:

—          Контекстік  менюден Объединить ячейки командасын орындаймыз.

—          Макет- Объединить ячейки

Кесте құрудың алгоритмі

1.      Меню жолынан «Таблица» командасын таңдау.

2.      «Добавить таблицу» батырмасын шерту.

3.      «Вставка таблицы» диалогтық терезесінде бағанның және жолдың тиісті сандарын енгізу керек.

4.      «ОК» батырмасын шерту.

Кесте безендіру алгоритмі

1.      Кестені бөліп алу.

2.      «Таблица» – «Автоформат» командаларын орындау.

3.      Формат пішімін таңдау.

4.      ОК батырмасын шерту.

Кесте жиектеу алгоритмі

1.      1. Кесте торын алып тастағыларың келетін ұяшықты немесе ұяшықты толық белгілеу.

2.      2. Формат> Границы и заливка

3.      3. Границы и заливка диалогтық терезеде Граница қосымшасы қосылады

4.      4. Жақтаудың Нет типін таңдаңдар да, ОК шерту.

 

Текстік құжатқа формулалар енгізу. Word текстік құжатына Microsoft Equation 3.0  формулалар редакторын пайдаланып математикалық және т. б. формулаларды енгізуге болады. Ол үшін

1.      Құжаттағы формула жазылатын орынды анықтаңыз;

2.      Вставка ->Символы -> Формула командалары орындалады, формула шаблонынан керекті формуланы таңдап аламыз.

      3.Керекті шаблон табылмаған  жағдайда , өзімізге  жаңа шаболды құруға болады. Ол үшін Вставить новую формулу батырмасын басқанда жұмыс алабында формула енгізу ұяшығы пайда болады Мәзір жолында Конструктор жолағы пайда болады

            4.Символы тобында әр түрлі символдарды формулаға қосу батырмалары орналасқан.

5.      Структура тобында формула құрылымын басқаратын саймандар орналастырылған

Сонымен, біз сіздермен кесте құру, безендіру мен жиектеудің алгоритмін , формула редакторының құрылымымен таныстық. Енді практика жүзінде қарастырып шығайық.

 

№ 16 Дәріс.

 

Тақырып: MS Word 2013  мәтіндік процессорының графикалық мүмкіндіктері.

              MS WORD – текстік құжаттарды дайындауға, түзетуге және қағазға басып шығаруға арналған Windows жүйесінің қосымша бағдарламасы. Ол — текстік және графиктік мәліметтерді өңдеу барысында жүзден аса операцияларды орындай алатын ең кең тараған текст редакторларының бірі.

Мәтіндік редакторда көптеген графикалық ақпараттармен, обьектілермен жұмыс жасауға мүмкіндік береді. Графикалық обьектілерге иллюстрациялар деп аталатын обьектілер тобы жатады. Иллюстрациялармен жұмыс жасауға MS Word мәтіндік редакторы көптеген мүмкіндіктерді ұсынады. Сонымен қатар, кез келген графикалық обьектілермен жұмыс жасау үшін жеке қосымша мәзір ашылады.
Қазіргі таңда көптеген мекемелер, жұмыс орындары, фирмалар, компаниялар, оқу орындары осы редактормен жұмыс істеп жатыр. Жоғарыда айтып өткен мол мүмкіндігі бар болғандықтан, жұмыс істеу ыңғайлы, оңай болғандықтан тез таралып, қолданыс тапты.

Осы пән бойынша терең теориялық білім алу, оны тәжірибеде пайдалану іскерлігі графикалық ақпараттармен, графикалық обьектілермен жұмыс істеу дағдысын игеру қарастырылады.

Студентке пәннің барлық салаларымен тығыз байланыста екенін бағдарламамен жұмыс жасау барысында түсіндіру. Іс  -тәжірибелік құралдарын қолдану, оқытудың жаңа әдістерін пайдалану арқылы баланың пәнге деген қызығушылығы мен белсенділіктерін арттыру. Студенттердің әр пәннен алған білімін іс жүзінде қолдана білуге үйрету. Топтық, ұжымдық жұмысқа, жауапкершілікке, мәдениеттілікке тәрбиелеу.

 

Студенттерге білім қажеттілігін уағыздау:        

ХХІ ғасырдың бас кезіндегі адамзаттың даму үрдісі ақпараттық қоғамның қалыптасуымен ерекшеленеді, оның негізгі бағыты ақпарат және оны өңдеу ұғымымен анықталады. Осындай өңдеу қызметтерін мәтіндік редакторлар жүзеге асырады. Бұл құжаттарды енгізу, өңдеу, форматтау және сан түрлі қызметтерді орындау болып табылады. Тек мәтіндік құжаттар емес, графикалық ақпараттармен жұмыс жасау, енгізуге және оны өңдеуге мол мүмкіндік бар. Мұның барын MS Word мәтіндік редакторы жүзеге асырып жатыр.

 

№ 17 Дәріс.

 

Тақырып: MS Excel электрондық кесте туралы жалпы түсінік.

            Microsoft  Excel – кесте  ішінде  есеп  жұмыстарын  атқара  отырып, оларды  көрнекі  түрде  бейнелейтін  диаграммаларды  тұрғызу, мәліметтер  базасын  құру, сан  түрінде  берілген  мәліметтер  арқылы  эксперименттер  жүргізу т.б  мүмкіндіктер  беретін, Windows ортасында  жұмыс  істеуге  арналған  арнайы  бағдарламалық  десте.

 

Бүгінгі сабақтың  мақсаты:

—    электрондық  кестенің  негізгі  түсініктерімен  танысу;

—    кестеге  мәліметтер  енгізу  және  оларды  өңдеу;

—    кестені  файл  ретінде  сақтау  және  жүктеу  әрекеттерін  орындауды  үйрену;

1.     ЕXCEL  бағдарламасын  іске  қосу үшін: Пуск => программа => Microsoft  Excel командасын  орындаймыз.

2.     Excel бағдарламасының  терезесі

Excel  бағдарламасы  іске  қосылғаннан  кейін  экранның  көрінісі 1- суреттегідей  болады:

https://im0-tub-kz.yandex.net/i?id=34c91fa09088fb22a50e1fc58ed07c83&n=33&h=190&w=363

Excel программасын жүктеу үшін тапсырмалар тақтасындағы Іске қосу (Пуск) батырмасын таңдап, Программалар қатарындағы Microsoft Excel жолында тышқанды шертеміз. Егер жұмыс үстелінде Excel программасының немесе файлының жарлығы болса, онда соны екі шерту арқылы да программаны жылдам жүктеу мүмкіндігі бар

Электронды кестені ойлап табу идеясы 1979 жылы Гарвард университетінің студенті Дэн Дриклинге келді. Досы Боб Франкстон екеуі бухгалтерлік кітаптың көмегімен экономикалық есептеулерді орындай отырып, VisiCalc деп атаған бірінші электронды кестені жетілдірді. Басында ол Apple II деген компьютерлер типтеріне арналған болатын, бірақ кейіннен барлық компьютерлер типіне тасмалданды.

Электронды кестелерді қолдану, оймен есептеусіз – ақ, берілгендермен жұмысты жеңілдетіп нәтиже алуға мүмкіндік береді. Ең кең қолданымды, электронды кестелер бухгалтерлік және экономикалық есептеулерде тапты.   

            Электрондық кестелер немесе кестелік процессорлар - деп кесте түрінде берілген мәліметтер жиынын компьютер көмегімен автоматты түрде жылдам өңдеуге арналған программалар тобын айтады. Басқаша айтсақ, электрондық кестелер – кесте  ішінде есеп - кисап жұмыстарын атқара отырып, оларды көрнекі түрде бейнелейтін диаграммаларды тұрғызу, мәліметтер базасын құру, сан түрінде берілген мәліметтер арқылы тәжірибелер жүргізу, т.б. мүмкіндіктер беретін арнайы программалық дестелер. Excel мүмкіндігінің көпжақтылығы тек экономика саласында ғана емес, ғылыми зерттеу, әкімшілік жұмыстарында да кеңінен қолдануынан көрінеді.  

Қазіргі кезде бірнеше электрондық кестелер - Microsoft Excel, Lotus, Works тәрізді программалар кең қолданылып келеді. 

Excel даярлайтын құжат жұмыс кітабы деп аталады. Жұмыс кітабы жұмыс парағынан тұрады. Жұмыс парағының құрылымы кестенің құрылымындай және ол бір немесе бірнеше кестені қамтиды. Әрбір парақтың аты төменгі жағында орналасқан таңбаша көрініп тұрады. Осы таңбашаның көмегімен кітапты парақтауға болады. Таңбашаны тышқанның батырмасымен екі рет шерту арқылы атын өзгертуге болады. Әрбір жұмыс парағы жолдар мен бағандардан тұрады.

            Әрқашанда ұяшықтардың біреуі Бір жұмыс парағы  256 – ға дейін баған санын қамти алады. Бағандар A-дан  Z әріптерінің комбинацияларымен белгіленеді, ал жолдар 1-ден бастап 65 536-ға дейін нөмірленеді. Бағандар мен жолдардың қиылысуы ұяшықтарды береді. Ол электрондық кестенің мәліметтер енгізетін ең кіші эелементі  болып табылады. Әрбір ұяшықтың жол мен бағандардың белгіленуінен тұратын адресі болады. Мысалы: A9, D216, F56, G76, L16.ағымдық ұяшық болып есептеледі және жақтаумен ерекшеленіп тұрады. Осы жақтау кестелік меңзердің рөлін атқарады және оны тышқанның немесе басқару пернелерінің көмегімен аламыз. Қатар орналасқан көрші ұяларда біртұтас мәліметтер орналасады да, оларға адрес арқылы сілтеме жасауға болады. Ұялардың осындай жиынын диапазон деп атайды.

            Кестенің ұяшықтарына мәліметтердің келесі үш типінің біреуін ғана енгізе аламыз. Ол мынадай типтер:

Ø  Сан;

Ø  Формула;

Ø  Мәтін.

Енгізілетін мәліметтің сан немесе формула екенін оның алғашқы символына қарап анықтайды. Егер енгізілетін символдың біріншісі теңдік белгесе болса, формула деп қабылдайды. Егер бірінші символымыз әріп немесе апостраф болса, мәтін деп қабылдайды. Мәліметтерді енгізу enter пернесін басумен жүзеге асырылады. Енгізілген мәліметтерді енгізбей алып тастау үшін немесе ұяшықтың бастапқы мәндерін қалпына келтіру үшін Esc пернесін басамыз, немесе формулалар жолындағы Болдырмау батырмасын шертеміз. Excel-де енгізілген сандық мәліметтер автоматты түрде ұяшықтардың оң жақ шетіне орналасады. Экономикалық есептерде санның үш түрлі пішімде жазылуы қолданылады: кәдімгі сандақ пішім әр түрлі сандық шамаларды жазуға арналған. Мысалы: қайсыбір тауардың санын, пайызын, жас мөлшерін және т.б. ақша сомасын енгізу қаржылық пішімде жүзеге асырылады. Уақыт мезгілін жазу үшін мерзімдік пішім пайдаланылады. Мәтіндік пішім мәтіндік жолдар мен цифрмен көрсетілген сандық емес мәліметтерді жазу үшін қолданылады. Бұларға жататындар: регистациялық нөмірлер, поштаның индексі, телефонның нөмірі.

Қатар нөмірі - электрондық кестенің көлденең орналасқан қатарларының (жолдарының) сол жақ шетінде жазылған нөмірі.

Бағана әрпі - электрондық кестенің бағаналарын (тік жолдарын) белгілейді. Әріптер жұмыс аймағының жоғарғы жағында жазылып тұрады.

Ұяшық (тор) - электрондық кестенің мәлімет енгізілетін ең кіші элементі. Әр бір ұяшық бағана әрпі мен қатар нөмірінен тұратын адреспен анықталады.

Ұяшық сілтемесі (көрсеткіші) - жұмыс істеуге тиіс екпінді күйдегі үстіміздегі немесе ағымдағы ұяны көрсетіп тұрған тік төртбұрышты теңбіл тор. Теңбіл тор пернелер көмегімен немесе тышқан арқылы кесте бетімен ұядан ұяға көшіріліп отырады.

Ағымдағы ұяшық - теңбіл тормен белгіленіп тұрған екпінді ұя. Ол кестенің бір торын ғана белгілеп, келісім бойынша, мәлімет енгізу операциясы немесе басқа бір іс әрекет осы торда ғана орындалатынын көрсетеді.

Блок (ұялар жиыны, аумағы) - тік төртбұрышты түрдегі қатарласа орналасқан ұялар жиыны. Ол бірнеше ұядан, толық қатардан, бағанадан немесе тік төртбұрыш түріндегі бір топ торлардан тұра алады. Бір мезгілде бір ұяшықпен немесе қатар орналасқан бірнеше ұяшықтар тізбегімен жұмыс жасауға болады. Белгіленген ұяшықтар тізбегін блок немесе ұялар аралығы деп атауға болады. Мұндай блоктардың адресі бірінші ұяшықпен соңғы ұяшықтардың адресін қос нүктемен бөліп жазу арқылы көрсетіледі. Мысалы, D2-ден D8 аралығындағы блоктың адресі D2:D8 түрінде көрсетіледі.

Жұмыс парағымен және кітаппен жұмыс істеу - Excel электрондық кестесі үш өлшемді құрылымнан тұрады, яғни ол бөлек парақтардан тұратын 16 парақ кітап тәрізді. Экранда тек бір парақ - кітаптың ең үстіңгі ашық тұрған беті көрініп тұрады.

Формула ретінде арифметикалық амалдар немесе функциялармен біріктірілген сандар тізбегін немесе ұяшыктар адрестерінен тұратын арифметикалық өрнектерді жазуға да болады.

Формулаларды міндетті түрде "=" теңдік белгісінен бастап жазу керек. Мысалы, 2*3 теңдігін есептеу үшін =2*3 формуласын жазу керек. Ал, С1 және F5 ұяшықтарындағы сандардың қосындысын есептеу үшін, нәтиже орналасатын ұяшыққа кестелік курсорды орналастырғаннан кейін, =С1+Ғ5 формуласын теріп жазамыз. ¥ялар адрестері латын әріптерімен пернелер арқылы немесе керекті ұяда тышқанды шерту жолымен енгізіледі. ¥ялар жиыны адресі терілгенде оларды бөліп тұратын : (қос нүкте) қолмен, енгізіледі. Формуланы енгізгеннен кейін, сол ұяшықга бірден нәтиже көрінеді.

Формулалардағы амалдардың орындалу реті операторлардың көмегімен жазылады. Операторлар дегеніміз іс әрекеттің орындалу ретін анықтайтын шартты белгілеулер. Көбейту, бөлу, азайту, қосу операторлары - амалдары шартты белгілеулер түрінде өте қысқа болып жазылады.

Excel электрондық кестесінде мұндай операторлардың   бірнеше түрлері бар. Арифметикалық операторлар мен олардың орындайтын амалдарын қарастырайық:

 

Оператор

Мысал

Нәтиже

+

2+6 (қосу)

8

-

9-7 (азайту)

2

*

4*8 (көбейту)

32

1

6/2 (бөлу)

3

А

4^2 (дәрежелеу)

16

%

0,6 (процент)

60%

 

= (тең), > (үлкен), < (кіші), >= (үлкен немесе тең), <= (кіші немесе тең) және # (тең емес) салыстыру операторларының нәтижелері Ақиқат немесе Жалған деген логикалық мәндерге сәйкес келеді.

Абсолют және салыстырмалы адрестерді (сілтемелерді) енгізу кезінде олар (үнсіз келісім бойынша) формулаларда салыстырмалы, яғни өзгермелі деп қарастырылады. Салыстырмалы адрестер көшірілгенде, жаңа орынға сәйкес өзгереді, ал абсолюттік адрестер - көшіру процесінде өзгермейді.

Формула қатары - ұяларға мәліметтер және формулалар енгізуге немесе оларды түзетуге арналған қатар.

Жолдар:    1 2 3 4 5 6 ...   65536

Бағаналар:   А В С ... Z AA AB AC ... AZ BA BB ВС ... IU

Бағаналар саны - 256. Енді стандартты Excel терезесінің элементтерін қарастырайық. Экрандағы Excel терезесінде мынадай объектілер орналасқан:

Жоғарғы жол — басқару батырмалары бар терезе тақырыбы.

Екінші жол — Excel менюі.

Үшінші және төртінші жолдар — Стандарты және Форматтау аспаптар тақтасы.

Бесінші жол — енгізу мен түзету жолы немесе формулалар жолы.

Бесінші және соңғы жолдың арасына электрондық кестенің жұмыс парағы (беті) орналасқан. Жұмыс парағындағы жолдар мен бағаналар белгілі бір тәртіппен белгіленеді.

Терезенің ең төменгі жолы — қалып-күй (қалып) жолы. Төменгі жолдың сол жақ шетінде Excel жұмыс режимдерінің индикаторы (көрсеткіші) орналасқан. Төменгі қатар - Қалып-күй қатары, оған үстіміздегі уақыттағы компьютердің жұмысы немесе Excel кестесі жөнінде ақпарат шығып тұрады.

Мысалы, Excel мәлімет енгізуді күтетін сәтте, ол Дайын режимінде болып, режим индикаторын - "Дайын" (Готов) деген сөзді көрсетеді.

Стандарттар саймандар тақтасы. Бұл тақтада орналасқан батырмалар жиі орындалатын командалардың әрекеттерін қайталайды. Олар файлды сақтау, оқу, қағазға басу, көшіру, енгізу, сандар қосындысын табу, мәліметтерді реттеу т.б. эрекеттерді жылдам орындау мүмкіндігін береді.

Форматтау саймандар тақтасы. Бұл саймандар тақтасындағы батырмалар қаріп (шрифт) түрін, мөлшерін таңдау мүмкіндігін береді: мәтінді жартылай қарайтылған, курсивті, асты сызылған етіп жазу, мәтін шеттерін туралау, жақтау сызықтары мен түрлі түстерді қолдана отырып, кестені көркемдеу әрекеттерін жылдам орындау істерін атқарады.

Төменгі қатардың сол жақ шетінде Excel кестесі жұмыс режимдерінің индикаторы тұр. Мысалы, Excel кестесі мәліметтердің енгізілуін күтіп тұрған жағдайда дайын режимі іске қосылады да, индикатор Дайын (Готов) деген сөзді көрсетіп тұрады. Көптеген әрекеттер алдын ала белгіленген ұялар мәліметтерімен атқарылады.

Кестені, блоктарды, жолдарды және бағаналарды белгілеу. Кесте объектілері олармен белгілі бір жұмыс атқару үшін тышқанмен былай белгіленеді:

 

Нені белгілейміз...

Қалай белгілейміз...

бағананы

бағана атына сәйкес әріпті тышқанмен таңдап алып, оны бір рет шерту;

бірнеше бағананы

алдыңғы шерткен тышқан батырмасын басулы күйінде ұстап, курсорды оңға не солға жылжыту;

бір жолды

жол нөміріне сәйкес санды тышқанмен ерекшелеп алып, оны бір рет шерту;

бірнеше жолды

алдыңғы шерткен тышқан батырмасын басулы күйінде ұстап курсорды жоғары не төмен созу;

блокты         (тік төртбұрышты ай­мақ)

тышқан батырмасын блоктың алғашқы ұясында басамыз да, оны сол басулы күйінде ұстап курсорды блоктың ең соңғы ұяшығына жеткізу;

жұмыс парағын толық ерекшелеу

тышқан курсорын бағана аттары мен жол нөмірлерінің қиылысу нүктесіне, яғни кестенің сол жақ жоғарғы бұрышына алып барып, оны бір рет шерту.

 

Пернелер көмегімен блокты ерекшелеу үшін Shift пернесін басулы күйде ұстап тұрып, теңбілторды блоктың бір бұрышынан оған қарсы бұрышына бағыттауыштар арқылы жеткіземіз. Әйтпесе, F8 пернесін басып белгілеу режиміне көшеміз де, бағыттауыш пернелерді пайдаланамыз. Esc пернесі ерекшелеуді тоқтату үшін пайдаланылады. Бір-бірімен тіркесе қатар орналаспаған блоктарды ерекшелеу қажет болғанда, былай істеу керек:

1. алғашқы ұяшықты немесе қатар орналасқан ұяшықтардың бір блогын ерекшелеу;

2. Ctrl пернесін басып, оны басулы күйінде ұстап тұру;

3. келесі ұяшықты немесе блокты ерекшелеу, т.с.с;

4. Ctrl пернесін қоя беру.

Ерекшелеуді алып тастау үшін тышқан батырмасын жұмыс парағының ерекшеленбеген кез келген бөлігінде шерту жеткілікті. Жаңа ерекшелеу де бұрынғы ерекшелеуді алып тастайды.

 ¥ялар мәліметін көшіру/жылжыту ұяларды белгілеп алған соң, алмасу буфері арқылы орындалады. Белгіленген мәліметтерді тікелей тышқанмен тасымалдау немесе тарту тәсілімен көшіруге/жылжытуға болады.

  Плюсті толтыру әрекеті арқылы да көшірме алуға болады. Курсорды ұяшықтың оң жақ төменгі шетіне алып барғанда, ол "плюс" таңбасына айналады, оны толтыру маркері деп атайды. Толтыру әрекетін оңға қарай және төменгі бағытта жүргізеді. Толтыру орын ауыстыру сияқты орындалады, бірақ бұл сәтте курсор ұяшықтың немесе блоктың оң жақ төменгі шетінде тұруы тиіс (қара плюс түрінде). Толтыру кезінде бастапқы ұяшықтағы немесе блоктағы мәлімет (НЕ) тышқанның батырмасын басып тұрып бірнеше рет қайталана алады. Ол әсіресе формулаларды көшіруге өте ыңғайлы.

 

 

 

№ 18 Дәріс.

Тақырып: Электрондық кесте құрылымы, мәліметтерді енгізу. Фильтірлеу және автопішін.

              Microsoft  Excel — кесте  ішінде  есеп  жұмыстарын  атқара  отырып, оларды  көрнекі  түрде  бейнелейтін  диаграммаларды  тұрғызу, мәліметтер  базасын  құру, сан  түрінде  берілген  мәліметтер  арқылы  эксперименттер  жүргізу т.б  мүмкіндіктер  беретін, Windows ортасында  жұмыс  істеуге  арналған  арнайы  бағдарламалық  десте.     ЕXCEL  бағдарламасын  іске  қосу үшін: Пуск => программа => Microsoft  Excel командасын  орындаймыз.

2.     Excel бағдарламасының  терезесі

Excel  бағдарламасы  іске  қосылғаннан  кейін  экранның  көрінісі 1- суреттегідей  болады:

https://im0-tub-kz.yandex.net/i?id=34c91fa09088fb22a50e1fc58ed07c83&n=33&h=190&w=363

                           1-сурет. Excel  бағдарламасының  терезесі
Кеңінен тараған амалдардың бірі Бастау мәзірінен Бағдарламалар тармағын және MS Excel тармағын таңдау. Тағы бір тәсіл Бастау мәзірінде Жегу тармағын таңдап, ашылған терезеде Excel деп жазып, Жарайды батырмасын басамыз.
Microsoft Excel-дің қолдану аясы өте кең. Excel терезесі дайын кесте болып табылатындығының арқасында ол көбінесе қандай да бір есептеулері жоқ, жай кесте түрінде ғана көрінетін құжаттар жасау үшін қолданылады.
Excel–де математика, физика пәндерінде жиі кездесетін есептерді шығарып, графиктер тұрғызуға болады.
Excel-де сызбалар мен диаграммаларлың алуан түрлерін оңай жасауға болады. (экономикада түрлі санақтар жүргізу үшін қолданылады).

Кестенің құрылымы

Электронды кесте нөмірленген жолдар және латын әріптерімен белгіленген бағандар жиынтығы болып табылады. Баған мен жолдың қиылысқан тұсында кестенің ең кіші құрамдас бөлігі – ұяшық орналасқан. Әр ұяшықтың баған әрпі мен жол нөмірінен құралатын айрықша мекен жайы бар (мысалы, “Al”, “B4”).
Ұяшық мекен жайы ұяшыққа деген сілтеме болып табылады және осы ұяшықтағы деректерді өрнекте пайдалану үшін қолданылады. Еxcel бағдарламасындағы парақ ұяшықтары ауқымы – кестеде тік төртбұрыш пішінді аумақты құрайтын шақпақтар жиынтығы. Кесте ауқымының дұрыс белгіленуі А1:В2.
Еxcel бағдарламасы кестесінде ұяшықтар ауқымын ерекшелеп алу үшін бірінші ерекшеленетін ұяшықты шертіп, <Shift> пернесін басып тұрып, ерекшеленетін ауқымның соңғы ұяшығын шерту қажет.
Еxcel бағдарламасында іргелес емес ұяшықтарды ерекшелеу үшін бірінші ұяшықты шертіп, <Ctrl> пернесін басып тұрып, өзге ұяшықтарды шерту керек.
Ұяшықтардың биіктігі мен енін өзгерту үшін мына әмірлерді орындау керек: Пішім-Жол Биіктік қосымша мәзірін таңдағаннан кейін шығатын сұхбат терезесіндегі мәнді өзімізге қажетіне ауыстырамыз. Сондай-ақ баған таңбашасының оң жақ шетін оңға немесе солға жылжытып, бағанның енін ұлғайтуға болады.
Жүгіргіні баған таңбашасының оң жақ шетіне апарғанда ол баған енін өзгертуге болатынын көрсетіп, мөлшерді өзгертуге арналған жүгіргі кейпіне енеді. Мысалы, егер D бағанының оң жақ шетін шертіп, таңбашаны оңға қарай сүйресе, баған кеңейе түседі. Дәл осылай, баған таңбашасын солға қарай сүйресе, баған ені кішірейеді.

Microsoft Excel терезесіне шолу

Excel құжаты .xls кеңейтіміне ие және Кітап деп аталады. Кітап парақтардан тұрады. Үнсіз келісім бойынша олар үшеу етіп жасалады. Парақтар арасында терезенің төменгі жағындағы «Парақ1» және т.с.с. сілтемелерді пайдаланып, ауысып жүруге болады.
Әдепкіде әрбір Excel кітабындағы парақтар Парақ 1, Парақ 2 және Парақ 3 деп аталады. Кітапқа ерекше атау беру оның не туралы екенін есте сақтап қалуға көмектесетіні сияқты, парақтың атауын өзгерту де оның мазмұнын есіңізге салады.

№ 19 Дәріс.

 

Тақырып: Электрондық кестені есептеулерге қолдану. Электрондық кестедегі формулалар, фунцияларды қолдану.

           1.1 Ms Excel бағдарламасы қарапайым есептеулерді оңай орындауға мүмкіндік беретін бағдарлама. Алу, қосу, азайту және бөлу амалдарынан басқа, бұл бағдарлама мәндер жинағының орташа арифметикалық амалдарын математикалық финанстық, статистикалық және логикалық функциялардың ауқымды жиыны ендірілген. 
Өрнек- бұл Excel бағдарлаасы орындайтын жазылған есептеулер. Ұяшыққа өрнекті енгізген кезде бағдарлама оны еске сақтап қалады, бірақ ұяшықтың өзінде есептеу нәтижесі ғана көрініс табады. 
Ехсеl бағдарламасында өрнектің барлығы «=» теңдік таңбасынан басталады. 
Өрнекті көру үшін осы өрнек орналасқан ұяшықты шерту керек. өрнек өрнектер өрнектер жолағында көрініс табады. Өрнекті енгізу аяқталғаннан кезде ұяшықта оның өзі емес, осы өрнек бойынша 
Ехсеl бағдарламасындағы өрнектерді өңдеуге болады. Мысалы, өрнектегі қатені түзету үшін өрнекті шертіп, өрнектің жолындағы Функциялар есептеулерді ықшамды күйде жазу үшін қолданылады және мынадай түрде жазылады:
Бірқатар функциялар
МАКС (тізім) - тізімдегі ең үлкен (максимум) шаманы табады.
СУММ(тізім) -көрстеілген тізімнің қосындысын есептейді.
Мысалы, СУММ(А1:А300) функциясы
=> А1.А300 аралығындағы ұяшықта орналасқан мәндердің қосындысы табады.
Қосу функциясы өте жиі қолданылатындықтан, оған саймандар тақтасында yавтоматты түрде қосу батырмасы
S меншіктіеліп қойылған. Қосу амалын жылдам орындау үшін осы батырманы пайдалануға болады .
Формулаға Excel программасында қолданылатын кез келген функцияны енгізу үшін, Енгізу, Функциялар (Вставка,Функций) командасын орындаймыз немесе саймандар тақтасындағы fx. Батырмасын шертеміз.

           1.2 MS Excel -дегі теңдік «=» белгісінен басталатынын символдар тізбегін формула деп атаймыз. Символдар тізбегі құрамына тұрақты мәндер, ұяшыққа сілтемелер, атаулар, функциялар немесе операторлардың бірі немесе бірнешеуі қамтылуы мүмкін. Формула жұмысының нәтижесінде қандайда бір жаңа мән есептелініп шығады.

MS Excel-де функциялар жұмыс кітабындағы стандартты есептеулерді орындау үшін қолданылады.

Функцияны қолдану үшін оны жұмыс кітабының қажетті ұяшығына формуланың құрамды бөлігі түрінде енгізу керек.

Егер функция формуланың алғашқы бөлігінде қолданылатын болса, онда оның алдына міндетті түрде теңдік белгісі қойылады.Функция аргументі функция атауынан кейін дөңгелек жақшаға алынып жазылады. Егер аргумент hello_html_m372112c4.pngбірнешеу болса олар өзара нүктелі үтір (;) арқылы ажыратылады.

ФОРМУЛЫ – құралдар тақтасы арқылы функциялармен жұмыс істеуге болады.

 

 

 

 

 

Функция менюіндегі Қою немесе hello_html_5a1f9fd9.png батырмасының көмегімен Функция шебері (Мастер функции) диалогтік терезесін шақыру.

hello_html_me5a7a04.png

Формулада +, -, /, *, ^ операцияларын және (,), % белгісін қолдануға болады.

Ms Excel -де 400-ден астам функциялар бар.

Логикалық функциялар

Логикалық функциялар бір немесе бірнеше шарттардың орындалуын тексеру үшін қолданылады.

  • И

Егер аргументтің барлық мәндері АҚИҚАТ болса, онда нәтиже АҚИҚАТ мән қабылдайды, егер аргумент мәндерінің кемінде біреуі ЖАЛҒАН болса, онда нәтиже ЖАЛҒАН мәнін қабылдай.

И (АҚИҚАТ; АҚИҚАТ) нәтиже АҚИҚАТ

И (АҚИҚАТ; ЖАЛҒАН) нәтиже ЖАЛҒАН

  • ЕСЛИ

ЕСЛИ функциясы формуланы немесе мәндерді шартты түрде тексеру үшін қолданылады:

ЕСЛИ (логик_өрнек; ақиқат_болғандағы_мән; жалған _болғандағы _мән)

Логик_өрнек – шартты тексеру нәтижесінде АҚИҚАТ немесе ЖАЛҒАН мән қабылдайтын кез келген өрнек немесе мән.

Ақиқат_болғандағы_мән- логикалық өрнектің мәні АҚИҚАТ болғанда қабылданатын мән

немесе орындалатын оператор

Жалған _болғандағы _мән- логикалық өрнектің мәні ЖАЛҒАН болғанда қабылданатын

мән немесе орындалатын оператор

  • ИЛИ

Берілген аргументтердің кемінде біреуі АҚИҚАТ мән қабылдаса АҚИҚАТ болады; аргументтердің барлығы ЖАЛҒАН мән қабылдаған жағдайда ғана ЖАЛҒАН болады.

ИЛИ (1 логикалық_өрнек; 2 логикалық_өрнек; ...)

  • НЕ

Аргументтің логикалық мәнін кері мәнге ауыстырады. НЕ функциясы көп жағдайда мәннің

қандайда бір нақты шамаға тең емес екенін анықтау мақсатында қолданылады.

НЕ (логикалық _ өрнек)

Логикалық өрнек ЖАЛҒАН мән қабылдаса, НЕ функциясы нәтижеде АҚИҚАТ мән береді,

керісінше АҚИҚАТ мән қабылдаса, онда НЕ функциясы нәтижеде ЖАЛҒАН мән береді.

  1. Статистикалық функциялар

Статистикалық функциялар берілген мәліметтер аймағында статистикалық талдаулар жасауға

мүмкіндік береді.

  • СРЗНАЧ

Өз аргументтерінің арифметикалық орташа мәнін есептейді.

СРЗНАЧ(1сан; 2сан ...)

  1. Математикалық функциялар
  • СУММ

Көрсетілген ұяшықтардағы сандық мәндердің немесе берілген сандардың қосындысын табады.

СУММ(1сан; 2 сан;...)

Электронды кестеде қосу (СУММ) функциясы жиі қолданылады, сондықтан Стандартты аспаптар тақтасында hello_html_m3a1eca34.png белгісінің батырмасы қарастырылған. Жалпы қосындыны білу үшін қосылатын ұяшықтардың аумағын белгілеп, Автоқосынды (Автосумма) hello_html_m3a1eca34.png батырмасын шертіңіз.

Қорытылып шығатын формулаларды енгізу үшін Функция шебері (Мастер функции) диалогтік терезесін қолдануға болады. Ол функцияны енгізіп қана қоймай, күрделі есептеулерді де орындайды.

Формулаларды көшіру. Көшіру кестеге бір типтес формулаларды енгізуді жеңілдетеді. Формулаларды көшіру батырмасында ұяшықтарға салыстырмалы жіберу автоматты түрде өзгереді.

Ұяшықтағы мәліметтерді көшіру үшін:

  • мәліметтері көшірілетін ұяшықты белгілеу;
  • Түзету (Правка) менюіндегі Көшіру (Копировать) командасын шақыру.
  • Мәлімет қойылатын ұяшықты белгілеу;
  • Түзету менюіндегі Вставить (Қою) командасын шақыру.
  • Буфердегі бөлік көрсетілген орынға көшіріледі.

 

Ұяшықтағы мәліметтердің орнын ауыстыру үшін:

  • мәліметтердің орны ауыстырылатын ұяшықты белгілеу;
  • Түзету менюіндегі Қиып алу (Вырезать) командасын шақыру.
  • Бөлік қойылатын ұяшықтың сол жақ жоғарғы аймағын белгілеу;
  • Түзету менюіндегі Қою командасын шақыру.
  • Буфердегі бөлік көрсетілген орынға қойылады.

 

20 Дәріс.

Тақырып: Графика мен диограмма тұрғызу.

       1. Диаграммалар деректердің үлкен көлемін және әр түрлі деректер қатарының арасындағы айырмашылықты түсінуді жеңілдету үшін нөмірленген деректер қатарын сызбалық пішіммен көрсетуге пайдаланылады.

Excel бағдарламасында диаграмма жасау үшін нөмірленген деректерді жұмыс парағы диаграммаға енгізу арқылы бастаңыз. Содан кейін пайдалану қажет диаграмма түрін Office Fluent таспасында (Кірістіру қойындысы, Диаграммалар тобы) таңдау арқылы сол деректерді диаграммада сызуға болады.

Жұмыс парағының деректері және диаграмма

1. Жұмыс парағы деректері

2. Жұмыс парағы деректерінен жасалған диаграмма

Excel бағдарламасында деректерді тыңдаушыларға түсінікті әдістермен көрсетуге көмектесетін көптеген диаграммалардың түрлері бар. Диаграмма жасағанда немесе бар диаграмманы өзгерткенде әр түрлі диаграмма түрлерінен (мысалы, гистограмма немесе дөңгелек диаграмма) және олардың қосымша түрлерінен (мысалы, жинақтау гистограммасы немесе үш өлшемдік секторлық диаграмма) таңдауға болады. Диаграммадағы бірнеше диаграмма түрлерін пайдаланып, аралас диаграмма жасауға да болады.

Аралас диаграмма

Гистограмма мен сызба түрлерін пайдаланатын аралас диаграмма үлгісі.

Excel бағдарламасынан таңдауға болатын диаграмма түрлері туралы толық ақпаратты Қатынаулы диаграмма түрлері бөлімінен қараңыз.

Диаграмманың элементтерін танып білуге кірісу

Диаграмманың элементтері көп. Бұл элементтердің кейбірі әдепкі мәні бойынша көрсетілсе, басқаларын қажетінше қосуға болады. Диаграмманың элементтерін диаграммадағы басқа орындарға жылжыту, олардың өлшемдерін өзгерту немесе пішімін өзгерту арқылы олардың бейнеленуін өзгертуге болады. Сондай-ақ, көрсету қажет емес диаграмма элементтерін жоюға болады.

Диаграмма және оның элементтері

1. Диаграмманың диаграмма аумағы.

2. Диаграмманың тұрғызу аумағы.

3. Диаграммада құрастырылған деректер нүктелерідеректер қатары.

4. Диаграммада деректер құрастырылатын көлденең (санат) және тік (мән) ось.

5. Диаграмманың шартты белгілер.

6. Диаграммада пайдалануға болатын диаграмма және білік диаграммалардағы тақырыптар.

7. Деректер нүктелерінің мәліметтерін деректер қатарынан анықтау үшін пайдалануға болатын деректер белгісі.

Талаптарға сай келу үшін негізгі диаграмманы өзгерту

Диаграмманы жасағаннан кейін оның элементтерінің кез келгенін өзгертуге болады. Мысалы, біліктердің бейнелену жолын өзгерту, диаграмма тақырыбын қосу, мәндік белгіні жылжыту не жасыру немесе қосымша диаграмма элементтерін бейнелеу қажет болуы мүмкін.

Диаграмманы өзгерту үшін мыналарды орындауға болады:

·         Диаграмма біліктерінің бейнеленуін өзгерту    Біліктердің кеңейтімін анықтауға және көрсетілетін мәндер немесе санаттар аралықтарын реттеуге болады. Диаграмманы оқуды жеңілдету үшін білікке бөлік белгілері және бөлік жазбалары қосуға және олардың пайда болатын аралығын көрсетуге болады.

·         Диаграммаға тақырыптарды және деректер белгілерін қосу    Диаграммада көрсетілетін ақпаратты түсінікті ету үшін диаграмма тақырыбын, білік аттарын және деректер белгілерін қосуға болады.

·         Мәндік белгілерді немесе деректер кестесін қосу     Мәндік белгілерді көрсетуге немесе жасыруға, оның орнын өзгертуге немесе мәндік белгілерді енгізуді өзгертуге болады. Сондай-ақ, кейбір диаграммаларда деректер кестесі және диаграммада бар мәндерді көрсететін шартты белгілердің кілттері көрсетіледі.

·         Әрбір диаграмма түрі үшін арнайы параметрлер қолдану    Әр түрлі диаграмма түрлері үшін арнайы сызықтарды (мысалы, жоғары-төмен сызықтар және тренд сызығы), жолдарды (мысалы, жоғары-төмен жолдары және қателік жолдары), деректер маркері және басқа параметрлерді пайдалануға болады.

Кәсіби көрсету үшін алдын ала анықталған диаграмма орналасуы мен диаграмма мәнерін қолдану

Диаграмма элементтерін қолмен қосудың немесе өзгертудің немесе диаграмманы қолмен пішімдеудің орнына алдын ала анықталған диаграмма орналасуын және диаграмма мәнерін диаграммаға жылдам қолдануға болады. Excel бағдарламасы таңдауға болатын көптеген пайдалы алдын ала анықталған орналасу үлгілері мен мәнерлерді ұсынады, бірақ, қажет болса, диаграмма аумағы, тұрғызу аумағы, деректер қатары немесе диаграмманың мәндік белгілері сияқты диаграмманың жеке элементтерінің орналасу үлгісін немесе пішімін қолмен өзгерту арқылы орналасу үлгісін немесе мәнерді дәл реттеуге болады.

Алдын ала анықталған диаграмманың орналасу үлгісін қолданғанда диаграмма элементтерінің нақты бір жиынтығы (мысалы, тақырыптар, мәндік белгілер, деректер кестесі немесе деректер белгілері) диаграммада нақты бір тәртіппен көрсетіледі. Әрбір диаграмма түріне арналған көптеген орналасу үлгілерінен таңдауға болады.

Алдын ала анықталған диаграмма мәнерін қолданғанда диаграмма қолданылған құжат тақырып негізделіп пішімделеді және диаграмма өзіңіздің немесе ұйымыңыздың тақырып түсі (түстер жиынтығы), тақырып қаріптері (тақырып аты және негізгі мәтін қаріптерінің жиынтығы) және тақырып пәрмендері (сызықтар мен бояу әсерлерінің жиынтығы) сәйкес келеді.

Өзіңіздің диаграммаға арналған орналасу үлгілеріңізді немесе мәнерлеріңізді жасау мүмкін емес, бірақ қажетті орналасу үлгісі мен пішімді қамтитын диаграмма үлгілерін жасауға болады.

Тартымды пішімдерді диаграммаға қосу

Алдын ала анықталған диаграмма мәнерін қолданудан басқа, диаграммаға арнайы және тартымды көрініс беру үшін деректер таңбалауыштары, диаграмма аумағы, тұрғызу аумағы және тақырыптардағы және жазбалардағы сандар мен мәтін сияқты диаграмманың жеке элементтеріне пішімдеу қолдануға болады. Арнайы кескін мәнерлерін және WordArt мәнерлерін қолдануға болады, сондай-ақ диаграмма элементтерінің кескіндерін және мәтінін қолмен пішімдеуге де болады.

Пішімді қосу үшін мыналарды орындауға болады:

·         Диаграмма элементтерін бояу    Диаграмманың жеке элементтеріне көңіл аударту үшін түстерді, сурет құрамдарын, суреттерді және градиенттік бояуларды пайдалануға болады.

·         Диаграмма элементтерінің құрылымын өзгерту    Диаграмма элементтеріне ерекше көңіл аударту үшін түстерді, сызық мәнерлерін және сызық қалыңдықтарын пайдалануға болады.

·         Диаграмма элементтеріне арнайы әсерлер беру    Диаграмма элементінің кескіндеріне көлеңке, шағылу, жарық, жұмсақ жиектер, бедер және үш өлшемдік бұрылыс сияқты арнайы әсерлер қосуға болады.

·         Мәтінді және сандарды пішімдеу    Диаграмманың тақырыптарындағы, жазбаларындағы және мәтін жолақтарындағы мәтінді және сандарды жұмыс парағындағы сияқты пішімдеуге болады. Мәтінді және сандарды айырып көрсету үшін WordArt мәнерлерін де қолдануға болады.

                        Диаграмма үлгілерін жасау арқылы диаграммаларды қайта пайдалану

Егер талаптарыңызға сай болатындай теңшелген диаграмманы қайта пайдалану қажет болса, ол диаграмманы диаграмма үлгісі (*.crtx) ретінде диаграмма үлгілері қалтасында сақтауға болады. Кейінірек диаграмма жасаған кезде сол диаграмма үлгісін кез келген басқа бекітілген диаграмма түрін пайдаланған сияқты пайдалануға болады. Іс жүзінде диаграмма үлгілері өзгертпелі диаграмма түрлері болып табылады  және оларды бұрыннан бар диаграмманың диаграмма түрін өзгерту үшін пайдалануға да болады. Егер арнайы диаграмма үлгісі жиі пайдаланылса, оны әдепкі диаграмма түрі ретінде сақтауға болады.

 

№ 21 Дәріс.

Тақырып: Microsoft Excel кестесін мәліметтер базасы ретінде пайдалану.

             1.1  Мәліметтер базасы  — қолданбалы  программаларға  тәуелсіз,  белгілі  бір  ережелер бойынша  ұйымдастырылған  мәліметтерді  сақтау,  сипаттау,  олармен  әр түрлі  әрекеттер  жасау  принциптері  қарастырылған мәліметтер  жинағы.

Мыс,  мәліметтер  базасына  кітапхана  каталогін  немесе  қызметкерлері  жайында  жинақталған   кез  келген  мекеменің кадрлар  бөлімінде  жатқан   бумаларды,   оқушылардың  журналын  келтіруге  болады.

Мәліметтер базасы,  негізінен,  үлкен  ақпаратты  сақтауға  және   іздеп  табуға  қызмет  етеді.  Сол  сияқты  мәліметтер  базасына  қала дәріханаларының  дәрілері жайлы,  тұтынушылардың  сұранысы  бойынша  сол  дәрінің  қай  жерде және  қандай бағаға  сатылатыны  жайында ғы  мәліметтер  жатады.

Мәліметтер базасының ең алдымен  жасалатын  бірінші  амалы  толтыру,   мәліметтер  өзгерісінің  барлық  түрлерін  енгізу (мысалға алатын болсақ,  жаңа  дәрілердің  түсуі  немесе  бағасының  өзгеруі, т.с.с),   қажет  мәліметтерді  іздеу  және  іздеуді  жеңілдету  үшін  реттеу.

        Мәліметтер базасы (МБ) – дегеніміз  белгілі  бір  қасиеттерге  ие  мәліметтер  жиыны  жөніндегі  жүйелі  түрде  мәлімет  сақтауға  мүмкіндік беретін  информациялық  модель.

Microsoft Excel-дің  көмегімен  мәліметтер  базасын  жасауға  және  редакциялауға   болады. Мұндай  жағдайға  электронды  кестеге   Excel-дегі  тізім  немесе  мәліметтер  базасы  және  мынадай  термин  сөздер  қолданылады:

тізімнің жолы   — мәліметтер  базасының   жазылуы;

тізімнің  бағаны – мәліметтер  базасының  өрісі.

Бағанның  аты  бір  ғана  ұяшықта  болуы  мүмкін   және  ол  кестемен

жұмыс   барысында  өріс  атымен  аталады.

ЕХСЕІ-де  мәліметтер  базасы жол  және бағандармен ұқсас құрылады,

мұнда кестенің бағаны – өріс,  ал әрбір жолы – жеке жазба болып табылады.

Әрбір өріс бойынша ақпарат кестенің жеке ұяшықтарына енгізіледі.

Мысал   ретінде оқулық  бойынша  (9.1-сурет)  кесте  арқылы  түсіндіріп

өтетін болсақ,  кестенің  А2:F1 аумағын  мәліметтер  базасы  ретінде

қарастыруға  болады,   бұл  жерде А, В, С, Д, Е, Ғ бағандары   өріс,  ал 3-12

жолдар  жазулар  деп  аталады.

Мәліметтер  базасының  құрылымдарына  шектеулер бар:

— мәліметтердің  бірінші  қатарында  қайталанбайтын  өріс аттары  болуы

керек;

— мәліметтер  базасының  қалған  қатарларында  жазулар  болуы  керек;

— өріс(баған) боынша  ақпараттар біртекті,   яғни  тек  сандар  немесе  тек

қана мәтін  болуы  керек.

     Мәліметтер  базасында жазбалармен орындалатын жұмыс

Мәліметтер  жазбасын  экранда көру үшін меңзерді  мәліметтер  базасының кез-

келген ұяшығына орналастырыңдар  да  Берілгендер  — Пішін (Данные  — Форма)  

     командасын   орындаңдар.

Мәліметтер  базасында жазба іздеу үшін  Назад   және Далее  батырмаларын

қолдануға  болады.   Жазба табылғаннан кейін өзгерістер енгізуге болады.

Егер дерек базасы өте үлкен болса критерий батырмасын қолдануға болады.

Кестедегі  өлшем  бірліктердің  қолданыуы:

— орбита  бойымен айналу  периоды – Жер жылы;

— Күннен  орташа  қашықтық – млн километрмен берілген;

— орта сызықтық  диаметр – мың  километрмен берілген.

— масса – 1024 кг-ға көбейтіледі.

Кесте өлшемінің  үлкендігі  оның  мәліметтер  базасы  ретінде

қарастырылуының  негізгі  ерекшелігі  болып  табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Өзіндік бақылауға арналған тестілік тапсырмалар

Информатика

1-вариант

 

1. Е.К. Балапанов бойынша информацияның анықтамасы:

А) Информация – мәтін, суреттер, фотографиялар, электр сигналдары.

B) Информация – қоршаған орта туралы мәтін сурет, дыбыс түрінде берілген мағлұматтар.

С) Информация – белгілі бір нәрсе (адам, зат, құбылыс) туралы таңбалар мен сигналдар түрінде берілетін мағлұматтар.

D) Информация –  теледидар, газеттер, кітаптар  және т.б. арқылы алынған мағлұматтар.

 

2. Информатика дегеніміз:

А) ЭЕМ арқылы информацияны жинау, сақтау, жеткізу және оны пайдалану заңдылықтары мен тәсілдерін зерттейтін ғылыми пән.

B) Информацияны зерттейтін пән.

C) Ғылымның информация туралы саласы.

D) Информацияны сақтау тәсілдері мен әдістерін зерттейтін ғылыми пән.

 

3.Информатиканың басты ұғымы (информация ұғымымен қатар):

A) Алгоритм.

B) Объект.

C) Пән.

D) Информация.

 

4.    1 Мегабайт қаншаға тең:

A) 16 ГБайт.

B) 1024 КБайт.

C) 32 Мбайт.

D) 8 бит.

 

5. ЭЕМ және бағдарламалаудың  логикалық негізі болып табылатын алгебралық пікірді 1854 жылы  кім баспаға шығарды:

A) Г.Холлерит.

B) Т.Тьюринг.

C) Г.Эйкен.

D) Д.Буль.

 

6. Микропроцессор дегеніміз:

А) Ақпаратты өңдейтін және есептеу жұмыстарын орындайтын шағын электронды  схема;

В) Магниттік таспада берілгендерді сақтайтын құрылғы.

С) Компьютерге ақпаратты енгізуді женілдететін құрылғы.

D) Мәтінді және графиктік ақпаратты баспаға шығаратын құрылғы.

 

7. Компьютердің базалық конфигурациясы келесіні қамтиды:

A) Оперативті блок, модем.

B) Микропроцессор, шина, адаптер.

C) Жүйелік блок, пернелік, монитор.

D) Джойстик, стример, винчестер.

 

8. Бас әріпті енгізу пернесі:

A) End.

B) Home.

C) Insert.

D) Shift.

 

9. Курсордың сол жағында тұрған символды өшіру пернесі:

A) CapsLock.

B) Backspace.

C) Space bar.

D) Shift.

 

10. WINDOWS жүйесін жасаушы - ... компаниясы:

A) Microsoft.

B) Next.

C) Semantes.

D) Apple.

 

11. WINDOWS. Қоржын не үшін қолданылады:

A) Файлдарды сақтау үшін.

B) Файлдарды көріп шығу үшін.

C) ¤шірілген файлдарды уақытша сақтау үшін.

D) Файлдарды редакторлау үшін.

 

12. WINDOWS. A дискісінен өшірілген файлдар Қоржында сақтала ма:

A) Сақталады.

B) Сақталмайды.

C) Тек жүйелік файлдар.

D) Тек .doc кеңейтілуі бар файлдар.

 

13. Word мәтін процессорында сурет салуға, графикалық объектілермен жұмыс істейтін қандай саймандар тақтасында орналасады:

А) Сурет салу.

В) Стандарттық.

С) Форматтау.

D) Кестелер және шектемелер.

 

14. WORD  мәтін редакторында қатарлар арасындағы интервалдарды қою үшін қай менюді ашу керек:

A) Правка.

B) Вид.

C) Вставка.

D) Формат.

 

15. WINDOWS. WORD  текстік редакторында беттердің параметрлерін қою үшін қай менюді ашу керек:

A) Файл.

B) Правка.

C) Вид.

D) Сервис.

 

16. Word-та беттерді нөмерлеу үшін мына команда қолданылады:

А) Файл  Нөмерлеуді енгізу.

В) Қою  Беттердің нөмерлері.

С) Сервис  Беттердің нөмерлері.

D) тышқанның оң жақ батырманы шерткенде контекстік менюдан «Беттердің нөмерлерін қою» командасын таңдау.

 

17. «Құжат» терминінің анықтамасын беріңіз:

А) Ақпараттық құжатты іздеу үшін, арналған арналған формальді тіл.

В) Бұл ақпараттық мәні бар мәтін немесе бейне.

С) Бұл табиғи тіл.

D) Бұл ақпаратты беру тәсілі.

 

18. Электронды пошта дегеніміз:

А) Пошта арқылы емес, электронды құрылғы арқылы жіберілетін кәдімгі хат.

B) Локалды желі арқылы информация алмасу.

C) Мәтіндік информацияны жіберу хаты.

D) Интернет арқылы электронды информациямен алмасатын желілік қызмет.

 

19. MS Excel электрондық кестесіндегі бағаналар саны:

А) 65536.

В) 16356.

С) 255.

D) 256.

 

20. Excel кестелік процессорның мәлімет енгізілетін ең кіші элементі:

А) Блок.

В) Бағана.

С) Қатар.

D) ¦яшық.

 

21. MS Excel электрондық кестесіндегі қатарлар саны:

А) 65536.

В) 16356.

С) 255.

D) 256.

 

22. Слайдты көріп шығу үшін келесі менюді қолданамыз:

A) Показ слайдов  - Начать показ (F5).

B) Вид - Показ слайда (F7).

С) Правка  - Начать показ (F8).

D) Формат - Начать показ слайда (F5).

 

23. Жоғары сапалы презентацияларды құруға мүмкіндік беретін тиімді құралдары жеткілікті программа:

A) Microsoft Access.

B) Microsoft Word.

С) Adobe PhotoShop.

D) Microsoft Power Point.

 

24. Мәліметтер қоры дегеніміз не:

A) Мәліметтер қоры – арнайы  түрде ұйымдастырылған жазбалар жиымы.

B) Мәліметтер қоры – арнайы  түрде ұйымдастырылған файлдар жиымы.

C) Мәліметтер қоры – арнайы  түрде ұйымдастырылған символдар жиыны.

D) Мәліметтер қоры – арнайы  түрде ұйымдастырылған жазбалар мен файлдар символдар жиымы.

 

25. Сұраныс дегеніміз:

A) Берілгендерді енгізуге арналған объект.

B) Берілгендерді енгізуге және экранға бейнелеуге арналған объект.

C) Берілгендерді шығаруға арналған объект.

D) Берілгендерді экранға бейнелеуге арналған объект.

 

2-вариант

 

1. Информатика дегеніміз:

А) ЭЕМ арқылы информацияны жинау, сақтау, жеткізу және оны пайдалану заңдылықтары мен тәсілдерін зерттейтін ғылыми пән.

B) Информацияны зерттейтін пән.

C) Ғылымның информация туралы саласы.

D) Информацияны сақтау тәсілдері мен әдістерін зерттейтін ғылыми пән.

 

2. Информация мөлшері:

А) Берілген информацияны екілік кодтау үшін қажетті байттар мен биттердің санымен анықталады.

B) Хабарламадағы символдар санымен анықталады.

C) Хабарламадағы сөздер санымен анықталады.

D) Таңбалар орны санымен анықталады.

 

3. Компьютер информацияны енгізуге қатысты  құрылғыны таңдаңыз:

A) Пернелік, сканер.

B) Монитор, сканер.

C) Принтер, джойстик.

D) Винчестер, шина.

 

4. Компьютердің базалық конфигурациясы келесіні қамтиды:

A) Оперативті блок, модем.

B) Микропроцессор, шина, адаптер.

C) Жүйелік блок, пернелік, монитор.

D) Джойстик, стример, винчестер.

 

5. Сөздер арасына бос орын енгізетін перне:

A) CapsLock.

B) Backspase.

C) Space bar.

D) Shift.

 

6. Мәтіндік және графиктік ақпаратты баспаға шығаратын құрылғы:

А) Сканер.

В) Тышқан.

С) Принтер.

D) Стример.

 

7. Құжат түрі дегеніміз не:

А) Файл аты-құжаттың кеңейтілуі.

В) Құжат аты.

С) Құжат көлемі.

D) Қатқыл дискідегі құжаттың орналасқан орны.

 

8. Windows – та терезенің қандай түрлері болмайды:

A) Тізім терезесі.

B) Бума терезесі.

С) Сұхбат терезесі.

D) Құжат терезесі.

 

9. Word. "Параметры страницы" сұхбат терезесінде келесілерді орнықтыруға болмайды:

A) Беттің өрістерінің өлшемін.

B) Қағаздың өлшемін.

C) Колонтитулға дейінгі шегініс.

D) Абзац шегінісі.

 

10. Microsoft Word- ты іске қосу?

 А) Пуск – завершение работы.       

 В) Пуск- праграмма – MS WORD

 C) Пуск – MS WORD                    

 D) дұрыс жауабы жоқ

 

11. Құжат беттерін нөмірлеу әрекеті қалай орындалады?

А) Вставка- номера страниц          B) Вид- колонтитулы

С) Файл- Параметр страницы        D) Дұрыс жауабы жоқ.

 

12. Excel кестелік процессорының терезесіне тән элементті көрсетіңіз:

А) Формула қатары.

В) Есептер тақтасы.

С) Объектінің жарлықтары мен белгісі.

D) «Таблица» көлденең меню пункті.

 

13. Жаңа жұмысшы кітапты құру үшін:

A) Файл – Открыть командасын таңдаймыз.

B) Стандартты саймандар тақтасының Открыть түймесін қолданамыз.

C) Alt + N пернелер комбинациясын қолданамыз.

D) Файл – Создать командасын таңдаймыз.

 

14. MS Excel электрондық кестесіндегі бағаналар саны:

А) 65536.

В) 16356.

С) 255.

D) 256.

 

15. Excel. Егер символдар тізбегі "=" белгісінен басталса, онда оны Excel...деп есептейді:

A) Функция.

B) Формула.

C) Сан.

D) Мәтін.

 

16. Презентация дегеніміз:

A) .mdb кеңейтілуі бар файлда сақталатын нақтылы тақырыпты мәтіндер жиыны.

B) .xls  кеңейтілуі бар арнайы форматты файлда сақталатын нақтылы тақырыпты түрлі-түсті слайд-суреттердің жиымы.

С) .ppt   кеңейтілуі бар арнайы форматты файлда сақталатын нақтылы тақырыпты түрлі-түсті слайд-суреттердің жиымы.

D) .exe   кеңейтілуі бар арнайы форматты файлда сақталатын нақтылы тақырыпты түрлі-түсті слайд-суреттердің жиымы.

 

17. Power Point құжаты қосымшаның терезесінде келесі әдіспен бейнеленуі мүмкін:

A) Структура режимінде, слайдты сұрыптау режимінде, беттерді белгілеу режимінде.

B) Слайд түрінде, құжаттың структурасы режимінде, беттерге белгі қою режимінде.

С) Слайд түрінде, структура режимінде, слайдты сұрыптау режимінде, беттерді белгілеу режимінде.

D) Электрондық құжат және слайд түрінде.

 

 

18. Мәліметтер қорын басқару жүйесіне (СУБД) аталғандардың қайсысы жатады:

A) MS OutLook.

B) MS Powerpoint.

C) MS Access.

D) Adobe Illustrator.

 

19. Форма дегеніміз:

A) Берілгендерді экранға бейнелеуге арналған объект.

B) Берілгендерді экранға шығаруға арналған объект.

C) Берілгендерді енгізуге және экранға бейнелеуге арналған объект.

D) Берілгендерді енгізуге арналған объект.

 

20. Макрос дегеніміз:

A) Access Basic орындайтын бір немесе бірнеше әрекеттерді бірнеше бөліктерге бөліп, структураландырылып сипаттайтын объект.

B) Access Basic орындайтын бір ғана әрекеті структураландырылып сипаттайтын объект.

C) Access Basic орындайтын бірнеше әрекеттерді структураландырылып сипаттайтын объект.

D) Бір әрекетті структураландырылып сипаттайтын объект.

 

21. Paint графикалық редакторы бір уақытта қанша құжатты өңдей алады:

А) 2.

В) 3.

С) Қанша қажет болса.

D) Тек қана бір.

 

22. Internet дегеніміз:

A) Жергілікті желі.

B) Корпоративті желі.

C) Ауқымды желі.

D) Регионалды желі.

 

23. Ауқымды желі неден тұрады:

A) Ауқымды желі басқа ауқымды желілерден тұруы мүмкін.

B) Функционалдық желілерден тұруы мүмкін.

С) Кез келген ауқымды желі басқа ауқымды, жергілікті желілерден, және де оларға жеке қосылған компьютерлерден (алыстатылған компьютерлерден) немесе жеке қосылатын енгізу/шығару құрылғыларынан тұруы мүмкін.

D) Кез келген ауқымды желі жергілікті желілерден тұруы мүмкін.

 

24. Телефон желісі арқылы басқа компьютерлермен мәлімет алмасатын құрылғы:

А) Стример.

В) Сканер.

С) Модем.

D) Плоттер.

 

25. Сайт дегеніміз: 

А) Есептеулер жүргізетін электрондық кесте.

B) Кәдімгі текстік және графикалық информациямен қатар, басқа құжаттарға жасалған сілтемелері бар құжат, және бұл сілтемелер берілген құжаттың текстік фрагменттеріне немесе графикалық объектілеріне қойылған.

C) Бір адам немесе ұйым дайындаған, қандай да бір Web-серверде орналасқан Web-беттері жиынтығы.

D) Сурет,  мәтін, гиперсілтемесін қамтитын .doc кеңейтілуі бар   файл.

 

 

 

 

 

 

 

Әдебиеттер және оқу құралдардың тізбесі

Негізгі әдебиеттер:

1.      Білімді ақпараттандыру және оқыту мәселелері / Авт, ұж: Е.Ы.Бидайбеков, В.В.Гриншкун, Г.Б. Камалова, Д.ІІ. Исабаева. Б.Г.Бостанов / Оқулық. - Алматы, 2014. 352 бет.

2.      Информатика: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық - гуманитарлық бағыттың 10- сыныбына арнлған оқулық / Сапаргалиева Б.Қ., Масалимова Н.Е., Тезекбаева Г.А. - Астана: «Арман-ПВ» баспасы, 2014-272 бет.

3.      Информатнка: Жаппы білім беретін мектептің жаратылыстану - математика бағыттың 10- сыныбына арналған оқулық / Сапаргалиева Б.Қ., Масалимова Н.Е., Тезекбаева Г.А. - Астана: «Арман-ПВ» баспасы, 2014.-288 бет.

4.      Информатика / Михеева Е.В., Титова О.М.,М.: «Издательский центр «Академия» 2013г.

5.      Компьютерлік желілср: Оқу әдістемелік кешен - Алматы: Нур-Принт, 2012-144 бет.

6.      Алгоритмдеу және программалау тілдері: Оқу әдістемелік кешен - Алматы: Нур-Принт, 2012-111 бет.

7.      Имформатиканың элементтері / Ермеков Н.Т. Астана, Фолиант,2007

8.      Информатика / Хубаева Г.Н. Ростов н/Д, 2010г.

9.      Информатика и ИКТ/Цветкова М.С. М.: Академия, 2013 г

10.  Windows 7 операциялық жүйелер. Зертханалық практикум. Орта мектептерде жоғары сыньптарға арналған оқу құралы. Microsoft Excel-зертханалық практикум. Орта мектептерде жоғары сыныптарга арналған оқу құралы. Балафанов В.К.. Бөрібаев Б.. Даулетқұлов А.Б.

11.  Семакин И.Г., Хеннер Е.К. Информатнка и ИКТ. Базовый уровень: учебник для 10- 11 классов. М.: Бином. Лаборатория знаний. 2009г.

12.  Семакин И.Г., Хеннер Е.К. Практикум. Информатика и ИКТ. Базовый уровень. 10-11 класс. М.: Бином. Лаборатория знаний. 2009г.

13.  Семакин И.Г., Хеннер Е.К.. Шеина Т.Ю. Информатика и ИКТ. Базовый уровень: практикум для 10-11 классов. М. Бином. Лаборатория знаний, 2011.

Қосымша әдебиеттер:

1.      Информатика и ИКТ / Цветкова М.С., Астафьева Н.Ғ., Гаврилова С.А. «практикум , М.: Академия, 2013

2.      Бизнестегі қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар / А.О.Сұлтанбекова/Оқулық - Алматы: 2009 г, 304 бет.

3.      Стив Джонсон: пер. с англ. М.Л. Голубева – Microsoft Office 2007 /: НТ Пресс 2009

4.      Алексеев А.П. Информатика 2002 г. - Издательство Солон, 2002

5.      Соловьева Л.Ф. Информатика в видеосюжетах + СГ) -Издательство БХВ-Петербург, 2002.

6.      Праффенберген Б. Эффективная работа с Microsoft Internet Explorer 4.0. Санкт-Петербург, 1998,416 с.

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Учебный методический комплекс" по информатике"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Инструктор по волейболу

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 669 366 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Интегрированный урок декоративно-прикладного искусства и информатики по теме: «Золотая хохлома» 5 класс
  • Учебник: «Информатика», Босова Л.Л., Босова А.Ю.
  • Тема: § 2. Компьютер — универсальная машина для работы с информацией
  • 17.05.2018
  • 579
  • 1
«Информатика», Босова Л.Л., Босова А.Ю.

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 17.05.2018 3468
    • RAR 2.3 мбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Махмутова Лаура Абсаттаровна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Махмутова Лаура Абсаттаровна
    Махмутова Лаура Абсаттаровна
    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 36673
    • Всего материалов: 10

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Компьютерная грамотность для пенсионеров

36 ч. — 180 ч.

от 1580 руб. от 940 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 23 человека

Курс повышения квалификации

Специфика преподавания информатики в начальных классах с учетом ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 39 человек из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 284 человека

Курс профессиональной переподготовки

Информатика: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель информатики

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 495 человек из 73 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 529 человек

Мини-курс

Психологические вызовы современного подростка: риски и профилактика

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 124 человека из 48 регионов
  • Этот курс уже прошли 38 человек

Мини-курс

История архитектуры: от классицизма до конструктивизма

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 36 человек из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 19 человек

Мини-курс

Технологии в онлайн-обучении

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 27 человек из 17 регионов