Инфоурок Доп. образование Научные работыУрок "Дизель блогының қызметі"

Урок "Дизель блогының қызметі"

Скачать материал

Дизель болгінің қызметі

МАЗМҰНЫ

           Кіріспе.........................................................................................................

1.     Дизель блогының  қызметі, негізгі элементтері, құрылымы және техникалық сипаттамасы ......................................................................

2.      Дизель блогының  техникалық ақауын бақылау және жөндеу жұмыстарының орындалу мерзімі .....................................................

3.     Дизель блогының  жұмыс істеу шарты, олардың ақаулары және пайда болу себептері...............................................................................

4.     Дизель блогын тазалау және дефектілеу картасын құру.......................................................................................................  

5.     Дизель блогының  ақауларын жөнге келтіру тәсілдерін таңдау және негіздеу.....................................................................................................

6.     Дизель блогын жөндеуге арналған технологиялық нұсқауын құру.........................................................................................................                   

7.     Жұмыс орынын ұйымдастыру және техника қауіпсіздігі. ...............                                        Қолданылған әдебиеттер.......................................................................                                                                                                         

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

Материалдық өндірістің басқа салаларына қарағанда, көлік жаңа өнімді шығармайды. Ол өнімді бір өндіріс орнынан, екінші тұтыну орнына апарады. Нәтижесінде тасымалданатын өнімнің құны көлеміне қарай өседі.

Халық шаруашылығының басқа салаларынан айырмашылығы, көліктік өнімдерді қорландыру мүмкін емес. Сонымен бірге оның өндірістік процесі және шығаруы бірге болады.

Қазақстан Республикасының темір жолдарына «Қазақстан теміржолдары» ұлттық компаниясы басшылық жасайды. Осы ұлттық компанияның бір саласы локомотив шаруашылығы департаменті болып табылады. Департаментке келесі сызықты бөлімшелер жатады:

-         жөндеу және пайдалану локомотив деполары;

-         локомотивті сервис орталықтары.

Локомотив шаруашылығының басты міндеті – локомотив бригадалары мен жылжымалы тасымалдау құрамасының жүкті тасымалдау жұмысының уақытылы, тұрақты және сапалы болуын, сондай-ақ жолаушылар тасымалын қамтамасыз ету, пойыздар қозғалысының графигін қадағалау және қауіпсіздігін сақтау болып табылады.

Теміржол көлігі – көп салалы шаруашылық. Соның ішінде ең басты орынды локомотив шаруашылығы алады, себебі осында темір жолдың негізгі өндірістік қорының көп бөлігі шоғырланған және оның иелігіне пайдалану шығынының үштен бірі кіреді.

Теміржол көлігі өндірістің тауарлар иелігіндегі орталық жұмысын жалғастыра отырып, қоғамдық өндірістің тиімділігіне әсер етеді. Ол өткізу және тасымалдау қабілетіне қажетті қорларға ие болып, халық шаруашылығының басқа салаларымен қатар дамуы тиіс. Теміржол көлігі шаруашылықты ұйымдастырудың жаңа әдістеріне көшуде. Республикада халық шаруашылығының барлық саласы қазіргі кезеңде жаңа сауда қатынастары жағдайына көшуге дайындық үстінде.

Халық шаруашылығын дамытуда көлік маңызды роль атқарады. Ол республикадағы өндіріс орындары мен ұйымдары арасында өндірістік байланыстарды, өнімді тасымалдау, материалдарды жеткізу, сол сияқты дайын өнімді тұтыну бөлімшелеріне апару жұмыстары арқылы жүзеге асырады. Көлік өндірістік орталықтар мен халық шаруашылығының аудандарын, қала мен ауылды байланыстырады.

Локомотив шаруашылығының тиімді жұмысы барлық теміржол көлігінің үйлесімді жұмысына байланысты. Белгілі болғандай, жүкті тасымалдау көлемінің өсімді жұмысын игеру үшін жүк пойыздарының орта массасын жоспарлы түрде өсіру, олардың қозғалысын реттеу болып табылады. Дегенмен ауыр салмақты пойыздарды жүргізу техникалық жағынан түзу локомотивтер мен тәжірибелі локомотив бригадаларының сапалы жұмысы арқылы іске асады. Локомотив шаруашылығының материалдық-техникалық базасы тасымалдау процесін іске асыруға қажетті еңбек құралдарының жиынтығынан тұрады. Оның құрамына жылжымалы тасымалдау құрамасы, негізгі депо ғимараты және шеберхана, қызметтік-техникалық бөлмелер құралдарымен, экипировкіге және локомотивтерді техникалық жөндеуден өткізетін құрылғылар комплексі, сондай-ақ локомотив бригадаларының ауысымдар бөлімшелері мен демалыс үйлері жатады.

Локомотив шаруашылығының техникалық құрылымы ірі теміржол станцияларында теміржолдар және тарту құрылғылары, сондай-ақ айналым бөлімдері мен техникалық қызмет көрсету бөлімшелерімен біріге отырып, негізгі локомотив депосын құрайды. Негізгі депоға локомотив депосының жылжымалы құрамы, локомотивтердің жұмыс қабілетін ұстау және қалпына келтіру үшін жылжымалы құрамды жөндеу базасын ұйымдастыру жатады. Қазіргі кезеңде депода техникалық диагностика жасайтын тұрақ ұйымдастырылуда. Оған тепловоздарды техникалық қызметтен өткізу бөлімі де кіреді. Техникалық диагностика барлық пайдаланылатын тепловоздарға екі аралық ТО-3 үшін жүргізіледі:сондай-ақ дизель қуаты жеткіліксіз болғанда, тепловоздарға үздіксіз отынды көп жұмсағанда, түтін шығарғанда, дизельдегі тарсылда, бір цилиндрдегі поршеньнің істен шығуында, поршеньді, сақинаны алмастыруда т. б.

Техникалық диагностика жасалғаннан кейін тепловозды пайдалануға береді немесе қажетті жөндеу жұмыстарын орындауға қойылады.

Дизельдің техникалық жағдайына диагностика жасалмаған жағдайда келесі әдістер қолданылады: цилиндрді реостатсыз артқанда, дизель мойына спекральді анализ жасау, логикалық құрылғылар көмегімен дизельдің ақауын сыртқы белгілермен анықтау, шығарылған газдың хромотографиялық анализін жасау жатады.

Дизельдің негізгі түйіндерінің қалыпты жағдайын анықтау және дизельдің қалған қуатын болжау дизель бөлшектерінің үйкелісінен шыққан дизель мойындағы шығынды өнімдерінен білуге болады. Темірдің болатпен қосылуы поршеньді топтық бөлшектерінің бұзылуын көрсетеді. Майдағы қорғасын санына қарай поршеньді саусақтардың және поршеньді сақиналардың бұзылуынан білуге болады.

Дизельді майға НИИЖТ әдісі бойынша экспресс-анализ жасау, арнайы фотоэлектрлік құрылғымен (квантометрмен) МФС-3 іске асады.

Әрбір тепловоз үшін спектрлі-анализ нәтижелеріне есеп жүргізіледі және жөндеуден кейінгі аралыққа байланысты элементтердің бұзылу концентрациясына график құрылады. Бұлар шекті берілетін нормамен (өлшеммен) сәйкестендіріледі. Есепті карточкалар Жолды Есептеу Орталықтарына (ДВЦ) беріледі, оны ЭЕМ-ге жіберіп, сол бойынша диагностикалық және болжау матрицасын құрайды.

1.     ДИЗЕЛЬ БЛОГЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІ, НЕГІЗГІ ЭЛЕМЕНТТЕРІ, ҚҰРЫЛЫМЫ ЖӘНЕ ТЕХНИКАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ

Блок- дизельдің барлық құрылымдық бөлшектері орналасқан тірек болып табылады. Блок тігінен және қысылыса орналасқан болаттан пісірілген парақшалардан тұрады.  Күштік жүйенің басты элементтері негізгі күш түсетін тік парақшалар болып табылады. Тік парақшалардың атсектік алдыңғы жақтағы тік берілістің және орталық сорғыштың тұрысына қарай анықтайды. Тік парақшалар Цилиндр орналасатын атсектік құрайды, көлденең парақшаларға байланысты блок бес атсекке бөлінеді.Үстіңгі иінді біліктің валы, бір- бірімен тік беріліс арқылы жалғасқан, бүйірінің қақпақтық жоғарғы жағына бекітілген, құру үшін арналған кронштейн екі турбокомпрессормен астыңғы жағының шығару трубкасымен тіреуіш плита орнатылған жетекші дизель. Блоктың бүйіріне генератор жағынан жоғарғы жағына орталық ауа айдағыш жетегімен бірге бекітілген. Бұл бөліктерді қарау мен реттеуге арналған люк қарастырылған. Коллектор  шығаратын атсек плитамен қатты жабылған, сол блокта прицизионды шпилькасы болаттармен қатайтылған. Цилиндрлер блогы дизельдің цилиндр поршеньдік тобы мен көптеген басқа құрама бірліктер және агрегаттарға арналған база болып табылады. Ол цилиндр поршеніндегі газ қысымынан және бұлғақ айналшақ механизмінің бөлшектерінің инерция күшін алады. Бағыты мен мәніне қарай негізгі күш ауыспалы. Сондықтан блоктың қаттылығы мен  төзімділігі жоғары болуы керек. Себебі, дизель жұмыс істеп тұрғанда блоктың формасы өзгерсе, бұлғақ айналшақ механизміне кері әсерін тигізеді. 10Д100 және 2АД49 нөмірлі дизель цилиндрінің блогы пісіріп құйылған, болат плиталардан, қағаздардан, құйылған тіреуіштерден және басқа да күш беретін элементтерден тұрады. 10Д100 дизель  блогының қалыңдығы 16мм. Тік қағаздар 12 бөлшектерге бөлінген, 10 бөлігі цилиндрлерге, біреуі алдыңғы механизді басқаруға, біреуі артқы ті беріліске бөлінген. Көлденең блок қалыңдығы 22-25 мм-лік қағаздармен бес бөліктен тұрады. Ол блоктың жоғарғы қағазындағы әр тік бөлгішке бүгілмелі бөліктердің құйма тіреуіштеріне пісірілген.

Подшипниктердің қақпағын қатайту үшін әрбір жоғарғы тіреуіште ұстастырма сиятын екі тесік болады, ал әрбір төменгі тіреуіште болат сиятын тесік болады.

Блоктың ішіндегі тік қағаздың оң жақ және сол жақтарынан отын насосындағы жұдырықша білік подшипниктері үшін он бір тіреуіш пісірілген.

Ауа коллектр бөлігіне ұқсас көлденең қағазға оң және сол жағынан корпустарын қатайту үшін он фланец және қозғалтқыштарға бағыттайтын төлке пісіріледі, ол бүйіріндегі тік қағазға екі жағынан поршень дөңгелектерін көріп тұруға арналған қақпағы бар ауа коллекторы пісіріледі.

Блоктың қуыс бойының екі жағынан коллектор жасайды. Әр цилиндрдің алдындағы бұл қуыстарға шықпалы коробкалар қойылады, оны болтпен қатайтады. Коллектор қуыстары қатты плитамен жабық тұрады. Қолдануға ыңғайлы болу үшін коллектор үстіне алынбалы темір алаң орнатады.

Дизель жұмыс істегенде темір алаң коллекторды жауып тұрады да, күйіктен қорғап тұрады. Блоктың астыңғы бүйіріндегі қағазға люктер штампталған.

 

 

 

 

 

2.     ДИЗЕЛЬ БЛОГЫНЫҢ ТЕХНИКАЛЫҚ АҚАУЫН БАҚЫЛАУ

          ЖӘНЕ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ОРЫНДАЛУ МЕРЗІМІ

Дизель блоктарының геометриялық сипаттамаларының қалпына келтіру сапасы оптикалық тәсілімен тексеріледі. Негізгі подшипниктің астындағы тесіктердің біліктерінің сәйкестігі. Тік қосқыш және цилиндр втулкаларының  отырғызу орындарының перпендикулярлығы блоктың жазықтыққа түзулігі және оның иінді білігіне параллельдігі бақыланады. Тексеру үшін блокты арнайы плитаға орналастырып, оған оптикалық жүйе қосылған колонна перпендикуляр орналастырылады. Колоннаға екі қосылған оптикалық жүйе қосылған құрал, бекітілген қарау құбыры және автоклиматор олардың біліктерінің параллердігі бір бұрыштың секундқа дейінгі дәлдікпен өлшенеді.

Қарау құбыры колоннадан жоғары және төмен жылжи алады және винттің көмегімен көлбеу жазықтықта кіші арақашықтықта жылжи алады. Сол сияқты тік және көлбеу жазықтықтарда бұрыштық жылжу болуы мүмкін. Колонна үстіне алшалы айна орналастырылған. Бұл айнаның қайтару жазықтығы жарық сәулесіне перпендикуляр, ол сәуле автоклиматордан шығып, оптикалық арқылы, тік бұрышпен бағытталады. Теміржол көлігі аумақтық ғылыми зерттеу институтының мінездемесіне сәйкес шұңқырларды 36В және қуаттылығы 50Вт. Олар Таллин «Электрометалл» зауытында шығарылған. Көлбеуге 400-тық бұрыштықтың көмегімен артқы қабырғаға бекітіледі.

Светильниктерді механикалық бұзылудан және ластанудан қағаз үшін олар қорғау әйнектерімен жабылады. Шұңқырлардан өту үшін қалыңдығы 40-50мм ағаштан жасалынған көпіршелер қолдануға болады. Дөңгелек  арматурадан және құбырдан жасалынған көпіршілер қолдануға рұқсат етілмейді. Рельс жолдарының соңына тіреуіш орнатылады. Олар алынбайтын тежеуіш башмактары түрінде жасалынады. Жұп доңғалақтарды тарту қозғалтқышымен бірге алу үшін слесарь шұңқыр үстіне төсеніш салып, оның қоршауын тексерулері керек. Түнгі уақытта олар жарық көрсеткіштерін қосуы қажет.

Тепловоздың үлкен агрегаттарын және тораптарын, компрессорларды, цилиндр втулкаларын, су және май насостарын және тағы басқа тасымалдау үшін электрокар және арбашаларды пайдалану керек. Оларға арнайы бөлінген адамдар қызмет жасайды. Верстак қосқыштары жұмысының шыптағы деңгейде бекітіледі. Металды кесу кезінде слесарьларды жарықшақтардан қорғау үшін верстактар қолданылады.

Престеу кезінде біріктірілген жерлерден сұйықтың өтуіне тиім салынады. Барлық отырғызу беттерінің конустық, элипстік мәндерінің өлшемдері, иінді білік подшипниктері астының төсеніштерінің сатылығы және жұдырықшалы білік подшипниктерінің параллель еместігі. Сүйеніш беттерінің және біліктік егеу жазықтығының дұрыс еместігі, бақылау плиталарында және өлшеу құрал- жабдықтарын немесе оптикалық тәсілін қолдану арқылы орындалады. Оптикалық тәсілмен қолдану кезінде блокқа арнайы оптикалық жүйе орнатады. Ол екі өзіндік екі прибордан тұрады.  Қарау құбыры 8 және автоклиматор 7, олардың біліктерінің параллельдігі 1 бұрыштық секундқа дейінгі дәлдікпен шығарылады.

Қарау құбыры және автоклиматор төмен және көлбеу жазықтықта аз арақашықтықта жылжи алады. Онан басқа олардың тік және көлбеу жазықтықтарда бұрыштық жылжуы мүмкін. Бұл приборларды берілген кординаттар  бойынша өте үлкен дәлдікпен орналастырға мүмкіндік береді.

Тепловоздарға орташа және капиталды жөндеу жүргізгенде блок  қағаздарындағы жарықтарды қандай ұзақтықта болсада пісірерде арнаулы инструкцияға қарап пісіру керек. Пісірілген тігістер мықты болу үшін тігістерді мықтап шегелеп аргон- доғалық өңдеу жүргізу керек.

Д 50 дизель блогында болатын ақаулар: Цилиндр төлкесінің астынан қабырғасына дейін қондырма бұрғыдан өтетін жолындағы бұрышына блок қабырғасына қарай түскен жарық сызықтар, тозып шіру, қондарма орнының доғалдануығ қабырғаларын тат басу, төлкені блокқа тығындайтын жерлерінен сұйықтың ағуы. Дөңгелек сызаттан аққан суды жою үшін қондырғы бұрғыны таттан әбден жалтырағанша тазалап, қондырғы бұрғының бұрышына диаметрі 2 мм болатын қорғасын сыммен орайды. Сым түйіспелерін сетка етіп қояды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3.     ДИЗЕЛЬ БЛОГЫНЫҢ ЖҰМЫС ІСТЕУІ ШАРТЫ, ОЛАРДЫҢ АҚАУЛАРЫ ЖӘНЕ ПАЙДА БОЛУ СЕБЕПТЕРІ

Цилиндр блогы – дизельдің негізгі базалық торабы. Ол барлық басқа тораптардың жағдайын анықтап тұрады. негізгі бөлікке түсетін әсердің бәрін өзіне қабылдайды, сондықтан цилиндр блогы төзімді, қатаң болуы қажет. Блоктың негізгі геометриялық элементтері мына талаптарға сай болуы керек: Блоктың бүгілмелі білігінің астындағы тесік осы бір түзудің бойында жатуы  керек. Цилиндр төлкесінің астындағы қондыратын орынның тесіктері. Осы бүгілмелі білік тіреуіші бойында перпендикуляр жатуы керек. Габарит бөлшектерінде немесе 0,2мм ғана айырмашылық болуы керек. Айналмалы- бұлғақты механизмінің поршенінің күші әсерінен жоғары механикалық қуат пайда болады да, блок элементтерінің пісірілуінің тәртібі бұзылады. Бұл бұзылудан ішкі қуат та артады. Осындай себептердің арқасында блок элементтерінде ақау пайда болады.

Цилиндрдің төлкесі мен блок қабырғаларында тербеліс болса, дизель блогының қабырғасында гравитациялық ақау пайда болады.

Жөндеу жүргізілгенде болттардың қатайғандығын және блок элементтерінде жарылған сызаттың жоқтығын тексереді. Жарықтарды арнаулы технологиямен пісіреді. Подшипниктердің қақпағында жарық болса, мынадай тәртіпті сақтай отырып ауыстырады. Подшипниктермен бірге бүгілмелі білікті шешіп алады, сонан соң үш тірек ұзындығындай технологиялық білікке қояды. Қақпақты құлпына лайықтап алып (түйіспелі тістеріне үлкейтеді), қайтадан қатайтып техникалық біліктің еркін айналуын және саңылаудың жоқтығын тексереді. Білік пен подшипник ұясының арасына жаңа қақпақтың жапсырмасының дұрыс орналасқанын тексеру керек. Д100 дизельдің төменгі бүгілмелі білігіндегі 8, 9, 10 негізгі подшипниктерінің қақпағын ауыстырарда генератор якорінің білігін бүгілмелі біліктен ажырату керек. Барлық ауыстырылған қақпақтан басқа негізгі подшипниктерді жинап алу керек. Тепловоз цилиндр блоктарына орташа және капиталды жөндеу жүргізгенде картер мен дизельдің рамасын жауып тазалағаннан кейін дефектоскоппен тексеру керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4.     ДИЗЕЛЬ БЛОГЫН ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ ДЕФЕКТІЛЕУ

КАРТАСЫН ҚҰРУ

Қаңқа С4   М40 гост 1412-70 шойыннан құйылған стабилизациялау сұйығында шыңдалған, қуаттылығы НВ159-229, салмағы- 2800кг. Қаңқа мен цилиндрлік төлке мынадай болғанда, қаңқа жарамсыз деп табылады. Үстіңгі отырылған белдеу бойынша- 0,2мм, төменгі отырылған белдеу бойынша- 0,3мм.

Жарықтары бар қаңқаларды жөндеудің техникалық шарттары:

№ 248 ЦТ 16.04.1971 жылғы бұйрық бойынша дөңгелек тәріздес жарықтары бар қаңқаларды мына келесі техникалық тәсілдерді сақтағанда жөндеуге рұқсат етіледі:

1)    Жарықтары бар қаңқадағы отырғызу бурттарын таттан механикалық жылтырға дейін тазалау;

2)    Отырғызу буртының бұрышына 2мм қорғасын сымын айналдыра жатқызу. Сымның түйіспелері бір- бірімен байланысу керек;

3)    Цилиндр втулкасын қаңқаға отырғызу кезінде отырғызу бурт бұрышына сымның түсіп кетпеуін қадағалай қажет;

Дөңгелек жарықтары бар қаңқалар Астрахань зауытынан келген болат шеңбер конструкцияларымен жөнделген жағдайларда және ағымдағы жөндеуге түскен кезде оларды қатты нығыздап жөндейді. Қаңқадағы шеңбер орны магниттік тексергішпен қаралады. Қаңқадағы үстіңгі және астыңғы бурттардың арасы бір- бірінен 0,2мм артық айырмашылығы болмауы керек. Бурт арасындағы мөлшері қаңқадағы тиісті шеңбер мөлшерінен 0,1-0,2 мм-ден аз болса, осы мөлшердегі қорғасын бір айналымы буртқа оралады.

Агрегаттың көп бөлігі, механизмдер және құбыр желілері блоктың ішінде орналасқан. Осы тораптарды тексеру және бұзу үшін қаңқада тиісті люктер болады.

Шығу коллекторының бөлімдері қаттылық плиталармен жабылған. Олардың қаңқалармен және шпилкалармен жабылған, бекітілген. Көлденең қабырғаның үстіне және астына иінді біліктің негізгі подшипниктерінің сүйініш пісірілген (әр білікке 12-ден). Сүйенішке подшипниктердің болат  қақпалары бекітілген.

Подшипниктерді бұзу және құрастыру кезінде ыңғайлы болу үшін үстіңгі қақпалар қаңқа сүйенішіне шпилькамен, ал астыңғылары қаңқамен бекітілген. Негізгі құйылған қола үстіңгі және астыңғы иінді біліктің негізгі сүйеніштері қақпағына шұңқырсыз салымдар орналастырылған. Қаңқа төсеміне шұңқырлы салымдар орналастырылған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5.     ДИЗЕЛЬ БЛОГЫНЫҢ АҚАУЛАРЫН  ЖӨНГЕ  КЕЛТІРУ

ТӘСІЛДЕРІН  ТАҢДАУ  ЖӘНЕ  НЕГІЗДЕУ

 

         Дизель блоктарының геометриялық сипатының жөнделгеннен кейінгі сапасын оптикалық әдіспен тексереді. Қадағалау керек:

         •Негізгі подшипник төсемінің жарамдылығын;

         •Цилиндр төлкесінің қондырма орнының перпендикулярлығы және тігінен берілістігі;

         •Блоктың білік жалпақтығының түзулігін;

         •Бүгілмелі білік осьімен параллельдігін;

         Блокты тексеру үшін арнайы плитаға оптикалық жүйе перпендикуляр орнатылған болуы керек. Колоннаға екі оптикалық аспап бекітіледі. Колонна басында жапсырмалы айна болады. Айнадағы жазық сәулесі автоклимматордан шығып, оптикалық тығын арқылы түзу бұрышқа түсетін жарық сәулесіне перпендикуляр болуы керек.

         Д100 дизелінің бүгілмелі білігінің төменгі және жоғарғы тірек осьтерінің параллельдігін өлшеу үшін нысана маркасын және бүгілмелі біліктің бірінші мен он бірінші тірегін бекітеді. Нысана маркаларының қиылысы бар. Әр нысана маркаларының қиылысының орталық нүктесі- лимбасы бар екі бұранданың көмегімен біліктің негізгі мойны тірегінің ортасына белгіленеді. Сосын, дүрбі мен білік шеткі тірегінің нысана маркасының қиылысын біріктіреді. Бұдан оптика осі мен бүгілмелі білік тірегінің геометриялық осі дәл келуі керек. Оптикалық жүйенің дәл осылай орналасуын жапсырылған айна арқылы, автоколиматор арқылы белгілеп қояды. Осьтерінің қате орналасқанын айнадағы көрініс арқылы анықтауға болады.

         Көпір адымы он бір рет ауыстырылады. Ол кезде автоколимматор қозғалмай тұруы керек. Сәуледегі және окулярлы қиылысының бірігуі тек окулярлы микрометр лимбалары арқылы жүзеге асырылады. Шыққанынан екі қатар сандармен кесте құрады.          Оптикалық жүйені төменге жылжытып, дүрбі мен нысана маркасын қиылыстырып жапсырма айна бойынша есептейді. Есеп әртүрлі болып шықса, тік көпірмен тексеріп шығады. Көпір ұшына айна орнатады, оның сәулелері параллель. Блоктың көлденең қағазына бекіткен тік көпірдің орналасуын сәуледен түскен вертикальды сызықтың автоколимматор окуляторындағы окуляр қиылысының орналасуымен тексеріп бақылайды. Цилиндр төлкесіндегі тексеретін орын перпендикуляр болмаса, тік лимбаның бұрыштық білігінен алады. Бір қондырма орнынан шыққан екі есеп тік көпірдің екі жағдайында осьтің перпендикуляр еместігін көрсетеді.

Блок цилиндрі төлкесінің жалпақ беті мен бүгілмелі білік тірегі осінің параллельдігін де осы әдіспен есептеп табуға болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

6.   ДИЗЕЛЬ БЛОГЫН ЖӨНДЕУГЕ АРНАЛҒАН ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ НҰСҚАУЫН ҚҰРУ

 

6.1.          Жөндеу кезінде орындалатын жұмыс көлемі.            Цилиндр втулкаларына арналған блоктағы отырғызу белдеулерінің тегіс еместігі белдеулерді немесе арқылы жоюға болады. Цилиндр втулкаларына арналған блоктағы отырғызу бурттарының дөңгелек жарықтары. Блоктағы кезінде тат араларына су ағуы. Цилиндр втулкасының үстіңгі буртына резина шеңберін қою, су ағу орындарына шруптер немесе қапсырмалар қою, смолаларын немесе ГЭН-150(В) қолдану. Жөнделген бөлшектердің техникалық шарттары блоктағы отырғызу белдеулерінің тиісті мөлшері 0,25 мм-ден көп емес. Цилиндр втулкасы мен блоктың  аралығындағы диаметриялық саңлақтың жергілікті көбеюі 0,35 мм көп емес. Блоктағы шеңбер жарықты цилиндр қақпағының астына аққан су арқылы анықтауға болады. Жөндеу кезінде ток айналдыру ақауландырғышының ПДД-1 немесе ВДУ-1М көмегімен немесе түс тәсілімен анықталады. Кезіндегі су ағуы блоктағы 8,5 қтс/см3 қысымдағы ұзақтығы 20мин шыдамдықпен анықталады. Д50 дизельінің тұтас құйылған рамаларын жарықтар анықтағанда жарамсыз деп табады. Көлденең және бойлық қабырғалардың қосылған жерлерінде тік қабырғалардың негізгі подшипниктер вкладиштарының төсеніштері және де жанама қабырғалардың үстіңгі қарау люктерінің бекітілген жерлерінде картердің қарау люгінен 2 және 4 негізгі подшипниктер қақпақтары бекіту орындарында жарықтарды ауыстырады. Негізгі подшипниктер қақпағында  өтпелі немесе жарықтарды электрлі пісірумен көрсетеді. Пісіруден кейінгі қақпақтағы тегіс емес жерлерді шобравно тәсілімен жонады. Бір-біріне тиеу ауданы 20% болмауы керек. Онан үлкен саңлақта электрод тәсілімен немесе каотер рамкасындағы қақпақты

хромдау арқылы оны 0,6 мм-ге  жеткізе отырып үзілген шпилкалардың және де босаған призиционды блоктарды ауыстырады.

6.2. Жөндеу тәсілін таңдау және жөнделген бірлік сенімділігін арттыру жолдары

Д50 дизель блоктары қабырғалардағы таттан пайда болған ақауларды эбоксид смоласы негізінде жасалған мастиктек жағу арқылы шруптар мен жапсырмалар қою арқылы газдың немесе электр бұғалық пісіру арқылы жоюға болады. Цилиндр втулкалары қойылған Д50 дизель блоктарын тию беттерінің тығыз отыру сапасын бақылау үшін 20-30 мин аралығында 0,3-0,35 мПа қысылады, ыстық сумен опрессовкалайды. Күрделі жөндеу кезінде дөңгелек саңылаулар арқылы ағатын суды отырғызу орындарын егеу арқылы және егелген жердегі болат шеңберлерді орналастырады. Ацетонмен майларын кетіріп, оны эпостармен жабады.

Сыртқы сипаттамасы шектелген диапазонда сипаттамасының кез- келген саны алынуы мүмкін, от пен беру жүйесінің мүмкін сандарымен байланысты болады. Сондықтан сыртқы сипаттама дизель білігінің номиналды және аракідік айналдыру жылдамдықтарының ең үлкен қуат мөлшерін көрсетеді.

Электр қосқышта тартым генераторының қуаты жуықпен айналу жиілігіне пропорционалды. Сол себепті дизельдің иінді білігіне де сондықтан 6 сызық генератор сипаттамасы деп аталады, ол дизельдің қуат мөлшерін көрсетеді. Олар элементі қосқыштың тепловозда өндірістік дизель жұмысы кезінде біліктің номиналды азайтылған біліктің айналу жиілігінде гидравликалық қосқышта дизельдің жүктемесі винттік сипаттамасы деген жүзеге асады.

 

6.3.          Жөндеуден кейінгі бөлшекті тексеру, реттеу және сынау.

Д50 типтегі дизель 4 тактілі, тік жонылған, 6 цилиндрлі турбоүрлемелі және клапанмен бөлінген. Негізгі подшипниктер фундамент рамасына иінді білікпен бірге жатқызылған. Рамаға цилиндрлер блогы орналастырылған, оған цилиндр втулкалары отырғызылған, блок пен втулка қабырғалары, блок және де цилиндр арасында суытылу үшін ашық жер бар. Поршень иінді білікпен ырғалақ арқылы жалғанған. Әр цилиндр втулкас қақпақпен жабылған, кіргізетін және шығаратын клапандар орналасқан. Клапандар қозғалысы бөліп беру білігі штанга және рычаг клапан қорабында орналасқан көмегімен іске асады. Жанармай цилиндрлер алты секциялы насостар арқылы беріледі. Ауа коллекторы арқылы беріліп, шығару коллекторы арқылы шығарылады. ПД1М дизельіндегі қуатты үлкейту негізінен 55-60 кПа-дан, 22-34 кПа-ға дейін осы шартты жанармай шығынын азайтуға мүмкіндік береді.

Д50 типті дизельдер блогы СН-40 маркалы шойыннан құйылған. Бойлық қабырға блоктың ішін бөліктерге бөледі. Оның бірінде цилиндр втулкалары, ал екіншісінде газ тарату механизмі орналасқан. Блоктың іші тік қабырғалармен алты бөлікке бөлінген (цилиндрлер санына байланысты), астыңғы жазықтық блокты фундаментке бекіту үшін қызмет етеді. Үстіңгі жазықтық цилиндр қақпақтарын орналастыру үшін қажет. Блоктың ішінде тік қабырғалар және көлбеу қабырғалар бар, олар цилиндр втулкаларын орналастыру үшін және сумен суыту жазықтарын жасау үшін қажет. Фундамент рамасы және цилиндрлер блогы  анкер байланыспен қосылған және тілу шпилькаларымен рама мен блок бірге қатты, бірақ ауыр остовты құрайды. Оның салмағы дизель салмағының жартысын құрайды.

 

 

6.4.              Жөндеу кезінде қолданылатын құрал- жабдықтар, жөндеу бірлігіне технологиялық нұсқау құру

Күрделі жөндеу кезінде Д50 блоктарын егеп шеңбер жарықтары болса егелген отырғызу ұяларына болат шеңберлерді құю арқылы жөндейді.

Блок бетімен шеңберлердің түйісетін жерлерін ағындық тәсілмен өңдейді, ацетонмен майын кетіріп, оның бетін эпоксид клейімен жабады.

(ЭД5 смоласының 10 гамактық бөлігіне және 18 айналым қорғасын сымның маркасы С1, С2, С3 диаметрлі 1,2-1,5 мм орайды. Шеңбер борттарындағы мөлшер тиісті блоктағы мөлшерден  0,1-0,2 мм аз болған жағдайларда блоктың төменгі борттарына қорғасын сымның бір айналымын орналастырады. Бұл жағдайда болат шеңберді клейсіз жинайды. Блок қабырғаларындағы кавалық бұзылуларды эпоксид смоласы негізіндегі мастиктерімен бітеу арқылы жапсырма мен шуруптар орналастыру арқылы немесе электродоғалық пісіру кезінде темір мыс (Д50 дизелі) немесе аллюминий электродтарын қолдану арқылы жояды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

7.        ЖҰМЫС ОРНЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ТЕХНИКА ҚАУІПСІЗДІГІ

Технологиялық құралдар мен құрылыстарға қойылатын негізгі талап- қауіпсіздік пен еңбектің гигиеналық жағдайы.

         Темір кесетін немесе ағаш кесетін станоктардың жылжымалы бөліктермен қоршалған болуы керек. Кесу барысында темір ұшқынынан  жарақат алмас үшін тискілер жөндеулі қалыпта болуы керек. Токпен жұмыс істейтін станок агрегаттардың да қауіпсіздігін сақтап отыру міндетті. Техника қауіпсіздігінің негізгі талабына профилактикалық тексеруді қажет ететін қондырғылардың жүк тиеу кезінде механикалық беріктігін тексеруден өткізу керек. Құралдарды пайдаланар алдында техникалық куәландыру алу керек. Техникалық куәландыруға көтергіш крандар, механизмдер, жүк көтергіштер, резервуарлар, қысымды газ баллондары, бу қазандықтары, станоктардың гидравликалық жүйесі, пресстер және тағы басқалары.

         Техникалық куәлндыру комиссия мүшелерімен жүргізіледі. Зерттеу, тергеу қорытындысы трафаретке жазылып, арнаулы қондырғылары арқылы жүргізіледі. Тепловоз депосының бөлімдері мен цехтары табиғи жарықтандырылады. Табиғи жарықтандыру белгілі коэффициенттері бойынша жасалады. Станоктардың электр қондырғылары, агрегат стенділерін жерге жалғап қою керек. Жерге жалғауды бір жылда бір рет арнаулы приборлардың көмегімен тексеріп отыру керек. Қысқыш коробкалардың электродвигательдерін қосу үшін қорғасын жүйесі бар ашпалы қақпақтарын ашып қою керек. Реостат қондырғылары өндірістік және тұрғын бөлмелерде жабдықталады. Реостатты тексеруден өткізерде шуды басу үшін санитарлық- қорғаныс аумағын құру керек. Су реостаттарының резервуарларына арнайы қоршау қойылып , жерге жалғанады. Реостат пышақ пластиналарын түсіріп, көтерілуін шектеп тұратын қондырғылармен және электродвигательді автоматты сөндіріп отыратын тетік орнатылады. Тепловоз бен реостатты жалғап тұратын электрлі қондырғылар және басқару пульті белгілі бір деңгейдегі ұзындығын сақтау керек, нормаға сай оқшаулағыш болуы керек, сосын тақта мен тағанға жақсы бекітілуі тиіс. Техникалық қауіпсіздіктің негізгі талабына тиеу жұмыстарында механикалық сынау пен профилактикалық тексеруді жасайтын құрылғылар жатады. Бұл қондырғылар пайдаланардан бұрын техникалық куәландырудан өткізу керек. Техникалық куәландыруға басқа да қондырғылар мен механизмдер жатады.

         Депоға орнатылатын механикалық желдеткіштің де бірнеше түрі болады: суырмалы, тұрақты, тұрақты- созылмалы. Тұрақты желдеткіштер депоның белгілі бір бөліміне қолданылады. Созылмалы желдеткіш жалпы немесе белгілі бір зиянды және ыстық газдарды (пісіретін бөлімдердегі, ұста шеберханасындағы) сыртқа айдайды. Тепловоз депосындағы цехтар мен бөлімдерді табиғи жарықпен қамтамасыз ету керек.  Табиғи жарықтандыру табиғи жарықтың коэффициентімен салыстырылып жасалады. Табиғи жарықты нормасымен жасау үшін бөлменің кең, жарық терезелері мен жарық фонарьлары болуы керек.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Урок "Дизель блогының қызметі""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Корреспондент

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 672 320 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 04.02.2021 247
    • DOCX 32.7 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Махмутова Маралай Мыхановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Махмутова Маралай Мыхановна
    Махмутова Маралай Мыхановна
    • На сайте: 6 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 321
    • Всего материалов: 1

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 188 человек из 49 регионов

Курс повышения квалификации

Проектирование и реализация деятельности методиста организации дополнительного образования в соответствии с требованиями профессионального стандарта

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 67 человек из 35 регионов
  • Этот курс уже прошли 753 человека

Курс повышения квалификации

Обучение на тренинге как форма (вид) внеурочного мероприятия в условиях реализации ФГОС

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 70 человек

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы преподавания специального фортепиано в ДМШ и ДШИ

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 38 человек из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 164 человека

Мини-курс

Аномальное психологическое развитие и психологическая травма

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 36 человек из 18 регионов

Мини-курс

Психосоматика детей и взрослых: психологические аспекты различных заболеваний

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Продвинутые техники нарративного подхода в психологии

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 25 человек из 16 регионов