Инфоурок Родной язык ТестыУрок. Грамотность чтения. Казахский язык

Урок. Грамотность чтения. Казахский язык

Скачать материал

НРТ-01-нұсқа

 

Құрметті тыңдаушы!

Оқу сауаттылығы  пәні бойынша  бір нұсқада 4 мәтін және олардың мазмұны мен тілдік бағдар бойынша құрастырылған, бір ғана дұрыс жауабы тест тапсырмалары ұсынылады. Мәтіндерді мұқият оқыңыз, тапсырма шарттары талабына қарай дұрыс жауап беру қажет.

 

 

 Отанына адал қызмет ету – әрбір адамның қасиетті парызы. Мен де өз еліме пайдалы қызмет еткім келеді. Елімнің өркендеуіне өз үлесімді қосқым келеді. Бірақ елімнің болашағы үшін кім болғаным дұрыс? Соңғы кезде елімізде қылмыс өршіп кетті, сондықтан да заңгер болсам ба екен? Әлде адам жанын емдейтін психолог болсам ба екен?

        Кейде тіпті ұшқыш та болғым келеді. Ұшақпен көк аспанда зымырап, құсша қалықтап ұшқым келеді. Асыққан жолаушыларды қажетті жеріне дәл уақытында жеткізгім келеді. Көпшіліктің алғысына бөленгенге не жетсін, шіркін! Мен әлі кім болатынымды шешкен жоқпын. Анам да, ұстазым да:       “Сен әлі кішкентайсың ғой, көзқарасыңды әлі талай өзгертесің. Мамандықтың жаманы жоқ, ең бастысы адал азамат болу керек”, – дейді. Иә, мамандықтың бәрі жақсы. Үлкейгенде бір емес, бірнеше мамандықтың иесі болғым келеді. Себебі, “Ер жігітке жетпіс өнер де аз”,- деген ғой аталарымыз. Ал сенің болашақта кім болғың келеді, замандасым?   

1.     Кейіпкердің кім болғысы келеді?

А) заңгер

В) психолог

С) ұшқыш

Д) кім болатынын шешкен

Е) әртүрлі мамандықтың иесі

 

2.     Мәтінге  тақырып таңдаңыз.

А) Менің таңдаған мамандығым

В) Бүгінгі оқушы ертеңгі маман

С) Мамандығың өмірілік серігің

Д) Болашақта кім болғың келеді

Е) Мамандықтың бәрі жақсы

 

Қазақ халқында бірінші туған баласы –“тұңғыш”, ең соңғы баласы –“кенже”, ал басқа балалары “ортаншы” деп аталады. Қазақ – балалары есейіп өз алдарында отау тігіп, үйленген кезде әрқайсысына өз үлесін (мұрасын) береді.  Қазақы отбасында дәстүр бойынша кенже ұл ата-анасының қолында қалады. Кейін “қара шаңырақтың” иесі болады. Қазақ –  қыздары тұрмыс құрғанда, қыздарына киім-кешек, төсек-орын, жасау береді. Ал тұңғыш ұлы мен ортаншы ұлдарына енші беріп,  бөлек шығарады. Тұңғышы мен ортаншы ұлдарының үйлері отау үй деп аталады.  Ата-анасының үйі үлкен үй немесе қара шаңырақ деп аталады. Бөлек шыққан ұлдары мен ұзатылған қыздары ата-анасын құрметтеп, тиісті сыбағасын әкеліп тұрады.  Атасының батасын алып, анасының алғысына бөлену – бала үшін үлкен мәртебе әрі бақытқа бастар жол. Тіпті ата-анасы көз жұмған соң да, қара шаңырақты қадір тұтып, қасиеттеп сый-сияпат әкеліп тұруды ұмытпайды.

Дәстүрлі қазақы отбасын ынтымақ пен береке билеп тұрады. Ата-анасы балаларының көзінше керілдесіп жатпайды. Әрқашанда бір-бірін сыйлайды. Әйелі күйеуін отбасының пірі тұтып, балаларының алдында әкесінің мерейін көтеріп отырады. Балаларын әкесіне қолқанат болуға баулиды. Отағасы да де өз кезегінде балаларына үйдің берекесін келтіріп, ажарын енгізіп отырған аналарын әрқашанда сыйлауды, құрметтеуді үйретеді. Ата-ананың мейірімі мен ыстық ықыласына шомылып өскен бала ешқашанда ата-анасынан безбейді. Қайырымды да адал,  отбасы мен достарына сыйлы жан болып өседі.

3.     Мәтінге ат қойыңыз.

А) Біздің отбасымыз

В) Мерейлі отбасы

С) Дәстүрлі қазақ отбасы

Д) Қазақ халқының дәстүрі

Е) Туыстық атаулар

4. Сөйлемді толықтырыңыз.

Тұңғыш ұл – ... иесі

А) қара шаңырақтың

В) кішкентай үйдің

С) киіз үйдің

Д) отау үйдің

Е)  үлкен үйдің

5. Дұрыс жауабын таңдаңыз.

Қазақ қызы ұзатылғанда ... береді.

А) көрпе жастық

В) төсек орын

С) киім кешек

Д) жасау

Е) жауаптардың бәрі дұрыс

6. Сөйлемді толықтырыңыз.

Қазақтарда ұлдары өз алдына отау тіккенде, оларға өз ... береді

А) тиісті сыбағасын

В) төсек-орнын

С) бар дүние-мүлкін

Д) еншісін

Е) 3,4 жауаптар дұрыс

 

Менің мектеп табалдырығын аттауым Қазақстан тәуелсіздігін жариялаған жылмен тұспа-тұс келді. Еркін ел атанған еліммен мен де бірге есейіп, ұстаз болу үшін білім нәрінен сусындау үстіндемін.

    Қазіргі шат тұрмыс, жарқын болашақ іргетасы оңайлықпен қаланбағанын білемін. Алыс ауылдарды былай қойғанда, аудан орталығының өзінде жарық болмай, ауыз су беру доғарылып тұрды. Менің әке-шешем де екі қолдарына жұмыс табылар жерге қоныс аударуды ойлады. Соны естіген Ресейдегі жақындары өз орталарына шақырды. Бірақ жеме-жемге келгенде өздері әбден сіңісіп кеткен, қатты бауыр басып қалған, біздің кіндік қанымыз тамған ортаны қимады.

   Бүгінде жоғары оқу орнында білім алудамын. Егіндібұлағыма оралып, жерлес шәкірттеріме орыс тілі мен әдебиетінен сабақ берсем деймін. Боса болмасын қазақ тіліне бала кезімнен жетіктігім тұрғылықты халқы қалың ортамен біте қайнастырарына шүбәм жоқ.

  Биыл менің өмірімде ұмытылмас оқиға болды. Қарағанды облысының 70 жылдығы мерекесіне арналған салтанатты жиында Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың алдында сөз сөйлеу құрметі тиді. Мінберге көтерілер сәтте жүрегімді толқыныс биледі. Мемлекет басшысының біздерге, жастарға, жан-жақты қамқорлығына шексіз алғысымды, еліміз өсіп-өркендеуіне замандастарым қосатын үлесті еселей түсу орайындағы ойымды қазақша жеткізуге талпындым. Қанша айтқанмен, Қаз дауысты Қазыбек бидің ізі қалған топырақ тумасы емеспін бе, залдағылар ду қол шапалақтауынан сөзімнің құлақ түрдіргеніне масаттанып қалдым.

   Мемлекеттік тілді білуім – менің ең үлкен мақтанышым. Соның арқасында болашағыма жол ашықтығына қуанамын. “Екі кісі сыйласса, бір кісіге орын бар”, дейді қазақ. Тілін сыйлаған, құрметтеген адамға халық құрметі алабөтен екенін білемін. Сондай көңіл шуағына бөленушілердің көп болуын тілеймін.

         Елена Федорова, Е.А.Бөкетов ат. Қарағанды мемлекеттік университетінің студенті. “Егемен Қазақстан”, 2006.

7.        Елена алғаш рет мектепке қай жылы барды?

А) 1992

В) 1991

С) 1990

Д) 2001

Е) 2000

8. Дұрыс жауапты таңдаңыз.

Оның әке-шешесі атамекеніне не үшін кеткісі  келді? Басты себеп:

А) ауылдарда ауыз су тапшы болатын

В) электр қуаты берілмей қалатын

С) жұмыссыз қалғандықтан

Д) Ресей тарихи отаны болғандықтан

Е) жұмыссыз қалғандықтан

9.Сөйлемді толықтырыңыз.

Еленаның мақсаты ........

А) жергілікті халықпен достасу

В) ауылдастарына орыс тілін үйрету

С) қазақ тілі мен әдебиетінен сабақ беру

Д) орыс тілі мен әдебиетінің мұғалімі болу

Е) мемлекеттік тілді жетік меңгеру

10. Мәтіннің мазмұны мен мәніне сай тақырып таңдаңыз.

А) Ана тілің арың бұл

В) Мемлекеттік тіл менің тірегім

С) Қазақ тілі мемлекеттік тіл

Д) Қазақстан менің отаным

Е) Қазақ тілі ана тілім

11. Дұрыс жауапты белгілеңіз.

Елена Елбасының алдында салтанатты жиында ... сөз сөйледі

А) ана тілінде

В) орыс тілінде

С) ресми тілде

Д) мемлекеттік тілде

Е) халықаралық тілде

12. Сөйлемді аяқтаңыз.

Елена жарқын болашағынаа жол ашар басты себеп

А) халықтар достығы

В) ана тіліне деген сүйіспеншілік

С) мемлекеттік тілге деген құрмет

Д) халықтың құрметіне  бөленуі

Е) мемлекеттік тілді жетік білмеуі

 

Рухани мұраларымыздың маңызды түрлерінің бірі  – әшекей бұйымдар. Сол әшекей бұйымдардың беттеріндегі өнегелік жазбалар мен өрнектері тәлімдік түйіндер назардан тыс қалып келеді.

Жетісу жерінен  табылған, қазір Британ мұражайында сақтаулы қалайыдан жасалған айна жиегіндегі жазулар (ХІІ-ХХІІ ғ.) өзіндік тәлімдік түйіндерімен құнды. Бұл айнада « Айнадай әсем бол» деген нақыл  сөздер бар. Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданына табылған тас мөрде өрнектеліп жазылған «Таңда да, уан!» деген сөздің ертедегі руникалық әріппенен  жазылғандығы белгілі. Демек, өмірден әр нәрсені таңда, содан мейірім тап деген сөз бұл. Павлодар қаласындағы өлкетану мұражайында сақтаулы күміс білезіктегі түркі жазуы қазақша былай оқылады: «Шашылған асыл қазына күлмен тең».

Алтынмен апталған, күміспен күптелген, көмкерілген небір

белбеулерде әртүрлі жазулар сақталған. Сондай бір белбеуде «Беліңді бекем бу келген жауға» деген өсиет сөз жазылған. Ал қыз балаға, келіншектерге арналған белдіктерде «бір Алла жарылқаушы», «Бойыңды тік ұста» деген өрнекті жазулар бар.

Ерте кездерде (Х-ХІҮ ғ.) адамдардың  белдіктеріне қарап, олардың қандай тектен шыққанын және әскери шендерін білген. Егер алтынмен не күміспен қапталған  белдік бай адамдікі екендігін аңғарсақ, ал теріден жасалған белдіктің жауынгерге арналғанын аңғарамыз. Екінші бір белдіктің шетінде қалтасы бар, олар саудагерлер мен көпестерге арналып жасалған. Орыстың белгілі ғалымы В.Радловтың сөздігінде: «Қалталы әшекей белдіктерде құранның сүрелері сақталынады» делінген.

Әртүрлі пәле-жаладан сақтау үшін зергерлер мен кестешілер әдемі өрнектермен нақышталған үшбұрышты және түтікше бойтұмарларды жасап, ішіне қуыс қалдырып, оған дұғалар мен құран сүрелерін сақтаған. Осындай тұмарлар адам бойына қуат беріп, көңіліне сенім тудырған. Ол бойтұмарлар көбіне түсті металдардан, маталардан немесе терілерден жасалған. Тұмар рөлін атқарған, көркем жасалған қоңыраулы алқалар да болған. Осындай бір алтын алқаның жиегінде «Тікенек көзден, шайпау сөзден сақта» деген сөз жазылған.

Зергер мен ұсталардың өнерінен туған әшекей бұйымдар арулар бойына көрік, ажар, жігіттерге жігер беретіндіктен ондағы жазулардың тәлімдік рөлі арта түскен. Көптеген әшекей бұйымдар ұзатылатын қыздың сән-салтанатты жасауы ретінде қолданылған.

Қазақтың арулары мен ерлеріне ортақ болған әсемдік  дүниелердің бірі - ер-тұрман. Әсіресе, әйелдердің ер-тұрмандары көркем болған. Кейбір қадірлі батыр, биге арналған ер-тұрмандардың алдыңғы жағындағы беттерінде күміспен өрнектелген жазулар болған. Ол жазуларда «Сапарың оң болсын», «Алла сақтасын», «Алла күш-қуат берсін» деген сөздер бар.

Қазақ жасаған зергерлік бұйымдары біздің бабаларымыздың он саусағынан өнері тамған, жаны сұлу адамдар екенін дәлелдейді. Шеберлер жазған тәлімдік сөздер адам бойы мен ойының таза болуын және ұлтымыздың салт-дәстүрін сыйлауға үйретеді.

             Тұрсын  Әлсатов.  «Парасат» журналынан.

 

13. Дұрыс жауапты көрсетіңіз.

Жетісу өңірінен табылған жәдігер ... сақтаулы тұр.

А) мұражайда

В) өлкетану мұражайында

С) Британ мұрағатында

Д) Британия мұражайында

Е) Павлодар мұражайында

14. Сөйлемді аяқтаңыз.

 Руникалық жазуы бар тас мөр ....

А) Семей облысынан табылды

В) Өскемен облысында табылды

С) Күршім өлкесінен табылған

Д) Шығыс Қазақстаннан табылған

Е) Павлодар облысынан тапқан

15. Мәтін қандай мәнерде жазылған?

А) ғылыми стильде

В) ауызекі сөйлеу тілінде

С) сипатттау мәнерінде

Д) баяндау мәнерінде

Е) суреттеу мәнерінде

16. Қалталы белдіктер ... арналған.

А) жауынгерге

В) әскери шенділерге

С) саудагерлерге

Д) бай-сұлтандарға

Е) лауазымды кісілерге

17. Әшекей бұйым жасайтын адамдар ... дейміз.

А) шебер

В) ісмер

С) зергер

Д) ұста

Е) кәсіпкер

18. Сөйлемді толықтырыңыз.

 Тәлімдік сөздері бар ер-тұрман ... арналған.

А) лауазымын білуге

В) қыз-келіншектерге

С) жас балаларға

Д) би-болыстарға

Е) құрметті ер кісілерге

19. Дұрыс жауапты белгілеңіз.

Әшекей бұйымдарға зергерлердің дұғаларды жазу себебі ....

А) тәрбиелік мәні жоғары

В) қасиетті құран сөзі болғандықтан

С) жамандықтан сақтайды деген сеніммен

Д) адамға күш-қуат береді деп сенгендіктен

Е) жоғарыдағы жауаптардың бәрі дұрыс

20. Мәтіннің негізгі идеясын анықтаңыз.

А) әшекейлердің әсемдік қасиетін көрсету

В) зергерлік бұйымдарды қолдануға шақыру

С) ата-бабамыздың рухани байлығын көрсету

Д) зергерлердің ұсталық өнерін насихаттау

Е) әшекейлерді бойтұмар ретінде тұтынуға баулу

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Урок. Грамотность чтения. Казахский язык"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Менеджер гостиничного комплекса

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 906 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 09.12.2020 815
    • DOCX 62.5 кбайт
    • 10 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Наралиева Рахила Турсыновна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Наралиева Рахила Турсыновна
    Наралиева Рахила Турсыновна
    • На сайте: 7 лет и 10 месяцев
    • Подписчики: 1
    • Всего просмотров: 40800
    • Всего материалов: 28

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы методики преподавания русского языка в условиях реализации ФГОС

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 141 человек из 50 регионов
  • Этот курс уже прошли 479 человек

Курс профессиональной переподготовки

Русский язык и культура речи: теория и методика преподавания в дополнительном образовании

Педагог дополнительного образования по русскому языку и культуре речи

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 32 человека из 18 регионов
  • Этот курс уже прошли 47 человек

Курс профессиональной переподготовки

Русский язык и литература: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель русского языка и литературы

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 1537 человек из 84 регионов
  • Этот курс уже прошли 4 902 человека

Мини-курс

Спортивная подготовка: теория и практика

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Влияние внешних факторов на психологическое развитие личности

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Эволюция классической музыки до романтизма

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе