Инфоурок Классному руководителю КонспектыУрок на тему "Мемлекеттік рәміздер-ұлттық мақтанышымыз" классный час

Урок на тему "Мемлекеттік рәміздер-ұлттық мақтанышымыз" классный час

Скачать материал

 

БҚО, Бөрлі ауданы, Ақсай қаласы №5 жалпы орта білім беретін мектебі

 

 

 

 

 

 

 

Тәрбие сағаты

Тақырыбы: «Мемлекетті рәміздер- ұлттық мақтанышымыз».

 

 

 

 

 

 

                                                                        Дайындаған 5 «Ә» сынып жетекшісі

                                                                                                       Исенгалиева А. Т.

 

 

 

Ақсай- 2016

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Мемлекетті рәміздер- ұлттық мақтанышымыз».

Мақсаты:
1.Білімділік: оқушыларды аса маңызды мемлекеттік рәміздермен таныстыру. Ұлттық рәміздердің әрбір бөлшектеріне, халқымыздың өткені мен бүгінгі күндеріне қысқаша шолу жасау.
2.Тәрбиелік:оқушыларға мемлекеттік рәміздердің аса маңызды екенін, оны ерекше құрметпен мақтан тұту керектігін, ой-өрісін кеңейту, сана-сезімдерін Отанды сүю, халқының тегін,тарихын білуге тәрбиелеу.
3. Дамытушылық: оқушылардың алған білімдеріне сүйене отырып, олардың осы мәселе жөніндегі білімдерін естеріне қайта түсіру. Одан әрі дамыту бағытында түрлі сұрақтар беру арқылы ой-өрісін дамыту.
Көрнекілігі: ҚР мемлекеттік рәміздері, тақырыпқа сай бүктемелер.
Сабақтың барысы:
І.Кіріспе.

Тәуелсіз мемлекет – егеменді ел болудың қыруар қиындығы, ерекше жауапкершілігі мен қатар бірқатар шарттары, басты-басты белгілері бар екені мәлім. Солардың арасында елдің елдігін танытып, тұратын айрықша мәнділер – Елтаңба, Ту және Гимн. Өз еліне ғана тән мұндай белгілері жоқ мемлекет дербес тәуелсіз бола алмайды.
– Қазақстан Республикасы қандай мемлекет?
Оқушылар: Қазақстан Республикасы – егеменді ,тәуелсіз мемлекет, демократиялы мемлекет, зайырлы мемлекет, құқықтық мемлекет және әлеуметтік мемлекет.

-Төлқұжатта, туу туралы куәлікте, орта білім туралы аттестатта құжаттарда бейнеленген (Елтаңба)
-Президент резиденциясында, Үкімет үйінде ілулі тұрады. Барлық мекемелерде бар. (Ту)
-Республика,облыс, аудан көлеміндегі маңызды салтанатты мәжілістерде орындалады (Гимн).


ІІ. Әдеби – монтаж (оқушылар белгілі ақын-жазушылардың өлеңдерінен үзінді оқиды.)
1. Ж.Молдағалиев. « Мен қазақпын »
2. М.Мақатаев. «Үш бақытым »

3. Ф.Оңғарсынова. «О,Туған жер »

ІІІ.«Ғасырмен сұхбат».

Қазақ халқы азаттық үшін талай қиындықты басынан кешіргенін білдік. Бұлардың барлығы тек тәуелсіздік, егемендік үшін жанталасты. Туған жердің даңқын көкке өрлеткен батырларымызда аз болмапты.
«Өлді деуге бола ма айтыңдаршы, өлмейтұғын артына сөз қалдырған » демекші, олар өлген жоқ, мәңгі бізбен бірге жасай береді.
Өткенді ұмытуға бола ма?
М.Әлімбаев: «Ұмыту өткен тарихты, болашақ үшін қауіпті » деген, өткенді білу,есте сақтау әрқашан парызымыз.
ІV. «Тәуелсіз ел – Қазақстан».

– Балалар , Желтоқсан оқиғасынан кейін біз қандай күнге жеттік ?
– Өз тәуелсіздігімізді алдық, егемен ел болдық.
– Бұл қай күн еді ?
– Тәуелсіздік таңы бүгінде нелерімізді жаңғыртты ?
– Өшкен тілімізді, дінімізді, салт-дәстүрімізді. Өз елбасымызды сайладық.
– Қасиетті Ата Заңымызды қабылдадық, төл теңгеміз дүниеге келді. Қасиетті тіліміз қайта оралды.
– Егемендігіміздің айғағы неде ?
– Аспан түстес Көк байрағымыз, еңселі Елтаңбамыз, айбарлы Гимніміз.
1992 жылы 4 маусымда Қазақстан Республикасының жоғарғы кеңесі мемлекеттік рәміздерді қабылдады.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының авторлары:
Шот-Аман Уалиханов, Жандарбек Мәлібеков.
Елтаңбаның негізгі ойын білдіретін орталық элементі – шаңырақ.
Шаңырақ – отбасы ынтымағы мен тыныштықтың нышаны.
Түндік көк аспан аясындағы жарқын күнді білдіреді.
Уықтар әлемдегі жылу мен тіршілік нышаны – күн сәулелерін еске салады.
Пырақ – тұлпар биікке ұшуды, болашақты арман етуді бейнелейді. Пырақтың қанаттары шаңырақты-біздің ортақ үйімізді сақтайды.
Алтын жұлдыз – биік ойлар бейнесі.
Жандарбек Мәлібекұлы.

ҚР Мемлекеттік Елтаңбасының авторы. Өзбекстанға еңбегі сіңген сәулетші. 1942 жылы Қызылорда облысы Жаңақорған ауданының Екпінді ауылында дүниеге келген. Ташкент политехникалық институтының сәулет өнері факультетін бітірген. Ташкент қаласындағы ғылыми зерттеу жобалау институтының қала құрылысы шеберханасының жетекшісі, жобалар жөніндегі бас сәулетшісі, қазір Астанада тұрады.
Шотаман Ыдырысұлы Уәлихан.
ҚР Мемлекеттік Елтаңбасының авторы. Қазақстанға еңбегі сіңген сәулетші, мемлекет сыйлығының иегері, белгілі қоғам қайраткері. 1932 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданындағы Сырымбет ауылында туған. Мәскеу архитектуралық институтын бітірген. «Қазақ қала құрылысын жобалау» институтының қызметкері.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туының авторы:

Шәкен Оңдасынұлы Ниязбеков.

ҚР Мемлекеттік Туының авторы, Қазақстанға еңбегі сіңген өнер қайраткері, Қазақстан дизайн өнерінің негізін қалаушылардың бірі. 1938 жылы 12 - қарашада Тараз қаласында дүниеге келген. Ленинград жоғарғы көркем өнер училищесін бітірген. Алматы қаласының бас суретшісі.
1992 жылы 4 маусымда Президентіміз Н.Ә.Назарбаев Ту шашағын сүйіп тұрып: «Мазмұнына өрнегі жарасқан тәуелсіздіктің қасиетті Туы мәңгі сөнбесін» деген.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы – ортасында шұғылалы күн, қыран бейнелеген тік төртбұрышты көгілдір түсті мата.
Туымыздың көк теңбіл аспан көк болуы шексіз кеңдікті көрсетеді. Тудың ортасындағы алтын күн – халқымыздың азаттық күні, ол бүкіл әлемге нұрын шашып тұр.
Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек нақышталған.Күн шұғыласы, қыран және өрнек бейнелері алтын түстес.
Оқушы: Енді бүгін өлген Туым тірілді,
Әнұраным жалғап қалды ғұмырды.
Босағада қалып келген Елтаңбам,
Баяғыша төріме кеп ілінді.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнінің авторлары:
Сөзін жазғандар: Әнінің авторы:
Ж.Нәжімеденов, Н.Назарбаев, Ш.Қалдаяқов.

Мемлекеттік Гимн – еліміздің музыкалық поэтикалық эмблемасы, әдеби сазды құжаты. Ол халық жүрегінің лүпілін тұмар ғып түйген музыкалық сәлем хат іспеттес.

Шәмші Қалдаяқов - әнін жазған. Шәмші Қалдаяқов есімі аталғанда аузымызға бірден халқымыздың әнұранына айналған «Менің Қазақстаным» әні түседі. Иісі қазақтың көкірегінде жыр болып төгіліп, сыр болып өріліп, әндерінің қай қайсысы да халықпен бірге туғандай біте қайнасып, оның бөлінбейтін бөлшегіне айналып кеткен. Халқының жүрегін осыншалықты сыршыл да кәусар саздың құдіретімен баураған ұлы сазгер есімі ұмтылмайды. Халық жүрегінде мәңгі сақталады.
Жұмекен Нәжімеденов- сөзін жазған. 1960 жылдардың бері қазақ поэзиясы мен прозасына өзінің ұлттық бояуы қанық, айшықты қолтаңбасын қалдырған дара тұлғалардың бірі. Ол 1935 жылы Атырау облысы, Теңіз ауданы, Қошалық ауылында туған. 1959 жылы Қазақтың Құрманғазы атындағы консерваториясында оқып жүрген кезінде курстас досы Шәмші Қалдаяқовтың «Менің Қазақстаным» атты әніне сөз жазған. Бұл ән қазақ халқының ұлттық әнұранына айналып, күні бүгінге дейін ұрпақ санасын отаншылдық рухымен жаңғыртып келеді.
Нұрсұлтан Назарбаев - сөзін жазған. Достықтың, бірліктің, бауырмалдықтың туын берік ұстап, Қазақстанды әлемге паш етіп отырған ғасыр куәсі болған, еліміздің президенті. Елбасының болашаққа деген талпынысы, еңбекке ерте араласуы балалық кезден басталған екен. Жер жаннаты Жетісудің төскейінде, Шамалған ауылында болашақ тәуелсіз мемлекетіміздің басшысы дүниеге келген.
Ол 1991 жылдан бері ҚР Президенті болып келеді.

1. ҚР тәуелсіздікті қай жылы алды?
2. Қазақстан – «Еуразияның кіндігі» деп неліктен аталады?
3. Жер көлемі жағынан Қазақстан нешінші орында?

4. Еліміздің жер көлемі.
5. Қазақстанда қанша облыс бар?

 6. Қазақстанда қанша ұлт өкілдері тұрады?
7. ҚР - сы неше мемлекетпен шектеседі?

8. ҚР - ның тұңғыш президенті кім?
9.. ҚР - ның жаңа Астанасын атаңыз.

10. ҚР - ның рәміздерін атаңыз.
Қазақстанға саяхат
Қазақстанның өзендері, көлдері, облыстары, таулары, жазықтарының аттары аталады.  Мұнайлы өлке(Батыс Қазақстан), қазақтың ұсақ шоқысы (Сарыарқа), күріш өсіретін аймақ (Қызылорда облысы), ең ірі өзен (Ертіс), еліміздің бас қаласы орналасқан өзен (Есіл), ең ірі тау (Тянь Шань).

V. Қорытынды.
-Балалар ,өткенімізге, бүгінімізге тоқталып өттік.
Нұрсұлтан Назарбаевтың «Біз Тәуелсіздікке аңсап, зарығып жеттік. Енді сол тәуелсіздіктің қасиетті белгілерін ерекше қадірлеуіміз, қастерлеуіміз керек» деген.
Әрбір азамат Қазақстанның Туын,Елтаңбасын, Әнұранын, тұмардай қасиет тұтуы керек. «Еліміздің сыналатын бір тұсы осы» деген терең тебіреніске толы арнау сөзін қазақ елінде тұратын және өз Отаным деп білетін әрбір азамат жүрегінің терең түпкірінде сақтап, қашанда жадында ұстауы қажет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Урок на тему "Мемлекеттік рәміздер-ұлттық мақтанышымыз" классный час"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Хранитель музейных предметов

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 158 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 08.04.2017 462
    • DOCX 48 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Исенгалиева Алма Талгатовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Исенгалиева Алма Талгатовна
    Исенгалиева Алма Талгатовна
    • На сайте: 7 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 3029
    • Всего материалов: 3

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы взаимодействия образовательной организации с семьями обучающихся

72/108 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 41 человек из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 88 человек

Курс повышения квалификации

Работа классного руководителя по организации взаимодействия семьи и школы

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 406 человек из 64 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 548 человек

Курс повышения квалификации

Современные технологии профилактики зависимого поведения среди подростков и молодежи

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 112 человек

Мини-курс

Развитие дошкольного мышления

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 20 человек

Мини-курс

Искусство понимания: техники успешной жизни, отношений и бизнеса

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Педагогические идеи выдающихся педагогов, критиков и общественных деятелей

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе