Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / География / Рабочие программы / Урок по географии на тему "Австралия" (7 класс)

Урок по географии на тему "Австралия" (7 класс)

  • География

Поделитесь материалом с коллегами:

Сынып: 7 «а» Күні: 11.12.2015. Пән: География
Сабақ тақырыбы: Аустралия – ең кішкентай материк, географиялық орны, ашылуы. Жер бедері мен пайдалы қазбалары
Сілтеме: 7-сынып оқулығы, Ә.Бейсенова, С.Әбілмәжінова, К.Каймулдинова
Мақсаты: Аустралия материгі туралы өз ойларын түсіндіру, қорыту

.- Материктің физикалық-географиялық орнын, өзіндік ерекшеліктерін, жер бедері, пайдалы қазбаларын анықтату.
– Оқушыларды сыни ойлау, есте сақтау қабілеттерінің, топта және жұпта жұмыс істеу дағдыларының дамуына жағдай жасау.
– Өзара және өзін бағалауға дағдыландыру.
Күтілетін нәтиже: Аустралия материгінің физикалық-географиялық орнын анықтайды, материктің ерекшелігін жатқа айта алады; Аустралияның жер бедері, пайдалы қазбалары жөнінде жан-жақты білім алады.
– Жұппен, топпен жұмыс жасау арқылы сыни ойлауға ынталанады, пікірлесу арқылы ойын еркін жеткізеді;
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Көрнекіліктер мен құрал-жабдықтар Интерактивті тақта, оқулық, карталар, постерлер, слайдтар.
Әдіс-тәсілдер: топтық жұмыс, диалог, сын тұрғысынан ойлау, топ басшысының бағалауы.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру
(1 мин) Сәлемдесу. Түгендеу. Психологиялық ахуал туғызу.
Оқушылармен бірге бағалау критерийлерін анықтап, бағалау парақтарын тарату

Үй тапсырмасын тексеру (11 мин) 1. «Алтын сандық» сұрақтары 

2. Тест тапсырмалары

3. «Африкаға саяхат»  (үш топқа тапсырмалар беріледі)

І- топ 2мин

Атлас картадан төмендегі обьектілерді тауып көрсетіңдер.

  1. Ассаль көлі

  2. Виктория көлі

  3. Виктория сарқырамасы

  4. Гвинея шығанағы

  5. Гибралтар бұғазы

  6. Замбези өзені

  7. Канар аралы

  8. Килиманджаро тауы

  9. Конго өзені

  10. Мадагаскар аралы

  11. Танганьика көлі

  12. Сахара шөлі

  13. Ніл өзені


ІІ- топ 2мин

Сандар сөйлейді
Осы сандардың нені білдіретінін    табыңыз.  
933м;
6671 км,
+58˚;
1470м;
30,3 млн;
5895м;
-153;
12 км;

7,5 тонна;


ІІІ-топ 2 мин

4-тапсырма. Резюме

Материктің аты:___________________________________________________

Жер көлемі:_______________________________________________________

Ең биік нүктесі:____________________________________________________

Ең төмен орналасқан нүктесі:_______________________________________

Зерттеген ғалымдар:_______________________________________________

Жағалауын шайып жатқан мұхиттар мен теңіздер:____________________


«Алтын сандық» сұрақтары 4 мин (сандықша ішіндегі сабағымызға байланысты термин сөздер берілген:

НАМИБ, ЧАД, ГОНДВАНА, ОКАПИ, БАОБОБ, СОМАЛИ, ЛИВИНГСТОН, КИЛИМАНДЖАРО, ПИГМЕИ).


Тест тапсырмалары 5 мин

І нұсқа

1.      Көлемі жөнінен Африкадан үлкен материк:
A) Солтүстік Америка    B) Антарктида    C) Евразия   D) Оңтүстік Америка   E) Австралия
Дұрыс жауап: C

2.      Альпі мен Гималай тауларымен бір мезгілде қалыптасқан Африканың таулары:
A) Эфиопия таулы қыраты   B) Атлас таулары   C) Шығыс Африка таулары   D) Митумба тауы
E) Дракон таулары   Дұрыс жауап: B

3.      Африканың жанартаулар көп орналасқан аймағы:
A) Шығыс Африка таулары    B) Атлас таулары    C) Мадагаскар аралы   D) Сахара шөлі
E) Намиб шөлі    Дұрыс жауап: A

4.      Африкада биік, әрі ұзын тау тізбектерінің болмауы:
A) Экватор материкті қиып өтеді    B) Геосинклинальды аймақта орналасқан
C) Жауын-шашын көп жауады    D) Ежелгі платформада орналасқан
E) Сейсмикалық аймақта орналасқан   Дұрыс жауап: D

5.      Африкада суық ағыстар … септігін тигізеді:
A) Жауын-шашынның көбеюіне    B) Жауын-шашынның азаюына   C) Жауын-шашынның маусым бойынша біркелкі таралуына
D) Жауын-шашынның жаз кезінде көп түсуіне    E) Жауын-шашынның маусым бойынша біркелкі таралмауына
Дұрыс жауап: B

ІІ нұсқа

1.      Африкадағы жер қыртысының ең ірі жарығы өтетін ауданы
А) Шығыс Африка таулы қыраты   В) Тибести таулы қыраты   С) Ахаггар таулықыраты
D) Дарфур үстірті   Е) Аир үстірті   Дұрыс жауап: А

2.      Секретарь құсы тіршілік ететін зона
А) Саванналар   В) Қоңыржай белдеудің шөлдері    С) Прерийлер
D) Тропиктік шөлдер    Е) Экваторлық ормандар   Дұрыс жауап: А

3.      Африканың ең биік нүктесінің биіктігі /м/
А) 5895   В) 4925   С) 6698  D) 7135    Е) 5100     Дұрыс жауап: А

4.      Африкадағы жауын-шашынның ең көп жауатын жері
А) Жерорта теңізінің жағалауы     В) Мадагаскар аралы    С) Үнді мұхиты жағалауы   D) Гвинея шығанағы жағалауы
Е) Материктің оңтүстігі    Дұрыс жауап: D

5.      Африканың оңтүстік-батысындағы жағалық шөл
А) Үлкен Нефуд    В) Виктория    С) Намиб   D) Атакама   Е) Руб-эль-Хали   Дұрыс жауап: С


ІІІ нұсқа


1.      Африка елдері:
A) Алжир, Сирия, Иордания   B) Судан, Камерун, Либерия    C) Нигер, Непал, Гвиана   D) Колумбия, Парагвай, Уругвай
E) Суринам, Судан, Чад    Дұрыс жауап: B

2.      Африка жағалауын мұхит шайып жатыр?
А) 1    В) 2   С) 3    D) 4    Е) 5    Дұрыс жауап: В

3.      Африка материгіндегі ең ежелгі мемлекет
А) ОАР    В) Египет    С) Алжир    D) Сомали    Е) Мозамбик     Дұрыс жауап: В

4.      Конго өзенінің алабы орналасқан климаттық белдеу
А) Субтропиктік және тропиктік    В) Экваторлық   С) Субэкваторлық және тропиктік   D) Экваторлық және тропиктік
Е) Қоңыржай    Дұрыс жауап: В

5.  Африканың ең биік нүктесі
А) Атлас    В) Кап    С) Килиманджаро   D) Айдаћар   Е) Шығыс Африка   Дұрыс жауап: С


І. Жаңа сабақ. Қызығушылықтарын ояту.

Ертеде ренжіп мен аралдарға Кетіп ем жылжып өзге жағалауға Оңтүстік жарты шарды мекен еттім Талайлар көшіп келді паналауға

Сондайлық аспан тірер тауларым жоқ Ойпат көп, шығысымда жоталар көп Шағыл мен құм басады баурайымды Сөнбеген өзгелердей жанартау жоқ

Тұрсамда ортасында мұхиттардың Суына жауын-шашын қанықпадым Оңтүстік тропигі кесіп өтіп, Шудаларын бұлттардың кептірмей жүр

 Менде бар жануарлар өзгеде жоқ Қалталы аю, қалталы кенгуру көп Мен өзім кіп-кішкентай болғанменен Материктің сыры мен жұмбағы көп -Балалар бұл қандай материк туралы айтылған?

Жаңа сабақтың тақырыбы: Аустралия – ең кішкентай материк, географиялық орны, ашылуы. Жер бедері мен пайдалы қазбалары


«Миға шабуыл» психологиялық ахуал туғызу 3мин
1. Аустралия материгі туралы кім не біледі?


Балалар бүгінгі күнді және жаңа тақырыпты дәптерлерінізге жазып қойыңыздар.

Білемін Білгім келеді Білдім парақшаларын тарату.

Аустралияның ашылуын Баубек презентация арқылы баяндап береді. (оқушы) 10 мин

Топтық жұмыс. Әр топқа тапсырмалар беріледі. Аустралия материгіне сипаттама бере отырып, әр топ жауаптарын толықтырады. Оқулықтағы мәтінді оқиды, жұппен және топпен талқылайды. Спикер әр топқа барып, түсіндіреді, басқаны тыңдайды, түсінбегенін сұрайды.

І-топ. Австралия материгінің ерекшелік белгілерін анықтау. Шеткі нүктелері.

ІІ-топ. Материктің географиялық орнын анықтау. А) Материктің экваторға, бастапқы меридианға, тропиктік сызықтарға қатысты орнын анықтау. Ә) Шектесіп жатқан мұхиттар мен теңіздер, материктер. Б) Қандай климаттық белдеулерде орналасқан?

ІІІ-топ. Жер бедері мен пайдалы қазбалары.

Енді балалар осы орындаған тапсырмаларыныздан Нені білдім бағаңына, оқып білгендеріңізді жазып қоясыздар

Тірек сөздер. Интерактивті тақтаға тірек сөздер жазылады. Оқушылар оқып есте сақтап, дәптерлеріне жазады. Осы тірек сөздерді оқулықтан тауып оқып, мазмұның ашады
1. Аустралия 
2. Жылы сулары 
3. Маржандық құрылымдар 
4. Гондваналық ежелгі платформа 
5. Таулы үстірттер 
6. Аустралия Альпісі 
7. Пайдалы қазбалары 


Сергіту сәті


Кескін картамен жұмыс (Тірек-сызба арқылы Аустралияның пайдалы қазбаларын жазу. Жер бедері мен пайдалы қазбаларды кескінге түсіру. Материкті шайып жатқан мұхиттармен теңіздерді, шығанақтарды және шеткі нүктелерін түсіру) 5 мин

7. ББҮ кестесін толтыру. Оқушылар кестені толтыру арқылы, сабақты қорытындылайды. Білгім келеді бағаның толтырып және « Аустралия» материгіне 5 жолдық тақпақ шығарады 5 мин



Екі жұлдыз – бір тілек
1 мин

 

Үй тапсырмасы:  §53 Аустралия. Географиялық орны. Жер бедері мен пайдалы қазбалары


Автор
Дата добавления 15.01.2016
Раздел География
Подраздел Рабочие программы
Просмотров134
Номер материала ДВ-341159
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх