Инфоурок Технология Другие методич. материалыУрок "Жас технолог " байқауы

Урок "Жас технолог " байқауы

Скачать материал

                    

БҚО Казталаока ауданы

Сатыбалды ауылы

Сатыбалды негізгі жалпы білім беретін мектебі

Технология және бейнелеу өнері пәні мұғалімі

Мақпозова Насима Алибековна

 

 Тақырыбы: «Жас технолог-  2015» байқауы

Мақсаты: Сабақтан  алған білімі бойынша,біліктерін шыңдап,шапшаңдыққа үйрету.Ой-өрісін кеңейту арқылы ізденуге қиялын дамыту.Ортада өзін ұстауға,сөйлеуге дағдыланады,қолынан келгенше жолдасына көмектесуге үйренеді.Шығармашылық қиялын дамыта отырып ісмерлікке,шеберлікке баулу.

Көрнекілігі: плакаттар, қанатты сөздер, шар слайд

Түрі : сайыс жарыс сабақ

Ұйымдастыру кезеңі:

а)Сайысты өткізу сыныбын,көрнекіліктерді,ән-күйді дайындау;

б)Қонақтар мен балалардысайыс өткізетін жерге жинап орналастыру;

в)Әділқазылар алқасын сайлау.

жүргізуші:Армысыздар құрметті ұстаздар,қымбатты оқушылар!Ұлттық мәдениетіміздің ең байырғы ,аса құнды салаларының бірі-қолөнер. «Өнерлінің өрісі кең»демекші 8-11 сынып оқушы қыздар  арасындағыатты «Жас технолог 2014»байқауын бастауға рұқсат етіңіздер.

Қазылар орнықтырар әділдікті,

Кімдердің жауаптары кәміл шықты.

Өнер мен шеберліктің сайысында,

Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты,-деп бүгінгі сайысымызды  саралайтын әділқазылар алқасымен таныстырып өтейік.

жүргізуші: Бүгінгі сайысымызға қыз балалар  ішіндегі алғырлары мен білімділері шеберлік сынасуға келіп отыр, ортаға сайысқа қатысатын сайыскерлерімізді шақырамыз.

(Барлық сыныптын қыздары ортаға шығады.)

 Сонымен біздің бағдарламамызда:

1.      «Сәлем- сөздің анасы»,әр қыз өзін таныстыру , тотың аты ұранымен, эмблемасымен

2.      «Кім білгір»сұрақ-жауап.

3.      «Істі ине тікпейді,икемді қол тігеді»түйме қадау сайысы.

4.      Кім жылдам

5.      Әр топ мүшелері өздерінің шеберліктерін, икемділіктерін көрсетеді.
а) «Ою ойғанның ойы ұшқыр» (қағаздан ою ою)
ә) кесте тігу
г) 1 мин ішінде инеге бисер өткізу (кім көп тізіп шығады).

6.       «Өнерлі өрге жүзер» өз өнерін көрсету.

7.      «Ойлы болсаң, озып көр» -мақал-мәтел құрау

8.      «Шеберлік шыңға жеткізер» ермексазбен әйнекке сурет салу.

9.       «Дәмді тағам дәмді ас» салат әзірлеу. Нан жаю.

10.  «Он саусағы майысқан шебер болар ұрпақпыз» – қолөнер бұйымдарын көрсету және үй тапсырмасы

 

жүргізуші: «Болар елдің баласын сәнімен емес,сәлемінен танисың »-демекші,алғашқы сайысымыз «Сәлем сөздің анасы».

Өнер қуып сайыскерлер өтер деймін,

Бір басына өнер-білім жетер деймін.

Бәске түскен сайыскерлер кезектесіп,

Таныстырып өздерін өтсе деймін.  «Таныстыру бөлімі»

жүргізуші: Қолөнері халқымның өрістенсін,

Әрқашан Алла берсін берекесін.

Егіз ұғым өнер мен білім деген,

Сайыскерлер білімін сынап көрсін.

Келесі «Кім білгір»сайысымызда кезекпен экрандағы ұяшықтарды таңдап,сұрақтарға жауап береді.

Сұрақтар мен жауаптар

1.Композиция дегеніміз не? Өрнектің үйлесімділігі.

2.Симметрия дегеніміз не? өрнектің екі жағының бірдей болуы

3.Колорит деген не? Түстер үйлеімділігі

4.Икебано қандай өнер? Кепкен өсімдіктерінен жасалатын гүлшоғы

5.Оригами дегеніміз не? Қағаздан бүктеу әдісімен бұйым жасау

6.Гобеленнің кілемнен айырмашылығы? Гобелен –суретті кілем

7.Аппликация дегеніміз не? Әр түрлі материалдармен әр түрлі бейнелерді суреттеп жапсырмалау

8.Өсімдік тектес ою-өрнектерді ата(ағаш,жапырақ,үш жапырақ,Өткізбе,шиыршық,гүл,жауқазын)

9.Космагониялық(ғарыштық) ою- өрнектерін ата(шеңбер,шимай,төртқұлақ,шұғыла,жұлдыз,айшық,бітпес)

10. Қойдың етін неше мүшеге бөледі? (12 мүшеге)
11. Ыстап кептірілген ет? (Сүр ет)
12. Қолдануына қарай бұйымдар қандай түрге бөлінеді? (Тұрмыстық, күнделікті, салтанатты)
13. Көкөністерден жасалған тағам? (Салаттар)
14. Ер адамның ұлттық аяқ киімі? (Етік, мәсі, саптама)
15. Қой терісінен тігілген ер адамның сырт киімі? (Тон)
16. Жармалардан жасалған тағам? (Ботқа )
 

3-тур     Кім жылдам?» шапшаңдықтарын сынау
а) «Ою ойғанның ойы ұшқыр» (1 қыз түрлі-түсті қағаздан ою ойып беруі керек).
б) Инені сабақтап, түйіндеу. (тез әрі дұрыс істеуі керек).
в) Түйме қадау. (түйме мата түсіне сәйкестігіне, ине, жіп түйілгені ескерілуі керек).
г) Бисер тізу. (1 мин ішінде сабақталған инеге бисер өткізу керек. Ең ұзын тізбек тізген оқушы жеңеді)

жүргізуші:  Қазақ жұрты киелі
                    Өнерліні сүйеді
                    Сіздерді күтіп отыр сонша қауым,
                   Би билеп, ән салып бер енді.демекші келесі бөлім «Өнерлі өрге жүзер» өз өнерін көрсету.

жүргізуші:Келесі сайысымыз  «Ойлы болсаң, озып көр»  берілген суреттерге мақал мәтелдер айту.

жүргізуші:  Келесі бөліміміз «Шеберлік шыңға жеткізер» ермексазбен әйнек бетіне сурет салу

жүргізуші: «Ас адамның арқауы»
Ендеше іске сәт сайыскерлер!
Ас көңілдің ажары деген ырым
Жақсы ғой тағамның да білген сырын,
Көрсетсін келесі сәт сайыскерлер
Дайындаған жаңашыл салат түрін.
Өнер-білім тұңғиығынан нәр алған сайыскерлеріміздің тағам дайындау жағынан сыналар уақыты да жетті. Әр топ салат жасайды. (уақыты 5 минут)
«Дәмді тағам дәмді ас» кезеңіне береміз.

   1.салат әзірлеп, безендіру                         2. Нан жаю өнері

Ән: «»

Жүргізуші  «Он саусағы майысқан шебер болар ұрпақпыз» – демекші үйден жасаған қолөнер бұйымдарын көрсетіп таныстыру.

Жүргізуші Кімдер шешен,кім іскер білейікші,

Өнерлісі деп мектептің жүрейікші.

Қазыларға тек қана әділдікті,

Ал сайыскерге тек сәттілік тілейікші.

 (әділқазылар алқасынасөз беріледі.  Марапаттау)

Сайысымызды қорытындылап өз бағаларын білу үшін әділ қазылар алқаларына береміз.

Жүргізуші: Демеңіз біз өнерді аяп қалды,

Уақыт біраз жерге таяп қалды.

Көріскенше хош сау болып тұрыңызда

Бүгінгі сайысымыз аяқталды.

 

Қыздар, бүгін сендер өз білімдеріңді ортаға салып тамаша өнер көрсеттіңдер. Сайысқа қатысқан қыздарымызға және көрермендерімізге үлкен алғысымызды айтамыз.

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Урок "Жас технолог " байқауы"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Землеустроитель

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 963 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 10.01.2016 967
    • DOCX 45.4 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Идрисова Айгерім Бауыржанқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Идрисова Айгерім Бауыржанқызы
    Идрисова Айгерім Бауыржанқызы
    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 14402
    • Всего материалов: 8

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы преподавания технологии в условиях реализации ФГОС

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 241 человек из 62 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 072 человека

Курс повышения квалификации

Методика инструктажа и обучения в социальном учреждении по вопросам трудовой деятельности

180 ч.

3300 руб. 1650 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Специфика преподавания технологии с учетом реализации ФГОС

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 295 человек из 67 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 091 человек

Мини-курс

Теория вероятности и комбинаторика в современной математике

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Современные направления в архитектуре: архитектурные решения гениальных изобретателей

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Введение в искусственный интеллект

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 118 человек из 43 регионов
  • Этот курс уже прошли 45 человек