Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Дошкольное образование / Конспекты / Утренник "Новогодняя ёлка 2015"

Утренник "Новогодняя ёлка 2015"

Международный конкурс по математике «Поверь в себя»

для учеников 1-11 классов и дошкольников с ЛЮБЫМ уровнем знаний

Задания конкурса по математике «Поверь в себя» разработаны таким образом, чтобы каждый ученик вне зависимости от уровня подготовки смог проявить себя.

К ОПЛАТЕ ЗА ОДНОГО УЧЕНИКА: ВСЕГО 28 РУБ.

Конкурс проходит полностью дистанционно. Это значит, что ребенок сам решает задания, сидя за своим домашним компьютером (по желанию учителя дети могут решать задания и организованно в компьютерном классе).

Подробнее о конкурсе - https://urokimatematiki.ru/


Идёт приём заявок на самые массовые международные олимпиады проекта "Инфоурок"

Для учителей мы подготовили самые привлекательные условия в русскоязычном интернете:

1. Бесплатные наградные документы с указанием данных образовательной Лицензии и Свидeтельства СМИ;
2. Призовой фонд 1.500.000 рублей для самых активных учителей;
3. До 100 рублей за одного ученика остаётся у учителя (при орг.взносе 150 рублей);
4. Бесплатные путёвки в Турцию (на двоих, всё включено) - розыгрыш среди активных учителей;
5. Бесплатная подписка на месяц на видеоуроки от "Инфоурок" - активным учителям;
6. Благодарность учителю будет выслана на адрес руководителя школы.

Подайте заявку на олимпиаду сейчас - https://infourok.ru/konkurs

  • Дошкольное образование

Поделитесь материалом с коллегами:

Жаңа жыл мерекесі -2015

Г.Б. Сахариева,

КММ «Ленин атындағы орта мектебі»

мектепалды даярлық сыныбының тәрбиешісі

Катонқарағай ауылы, Катонқарағай ауданы, ШҚО

Тақырыбы: Кел Жаңа жыл, жаңа жыл!!!

Жүргізуші: Жаңа жылың құтты болсын жас ұрпақ,
Келген жылға қарамаңдар тосырқап.
Жаңа жылың құтты болсын, аталар.
Сергек ұрпақ өздеріннен нәр алар.
Жаңа жылың құтты болсын, аналар,
Бүлдіршіндер өздеріңнен нәр алар.
Міне, көптен күткен жаңа жыл босағаны аттағалы тұр. Келе жатқан жаңа 2015 қой жылы әрбір шаңыраққа шаттық пен береке әкелсін.  Зор денсаулық, еліміздің жақсы азаматы мен азаматшасы болып өсіңдер! Жаңа жыл көп куаныш әкелсін, бүгінгі шырша мерекесі сендерге жақсы әсер қалдырсын, деп тілейміз. Ал, енді, құттықтау сөз мектеп директорына беріледі.


Жүргізуші: Балалар, біз қандай мерекеге келдік?
-    Жаңа жыл.
Жүргізуші: Қанеки, шеңберге тұрып, шырша әнін орындайық.
Балалар шырша әнін орындайды.

Құтты болсын Жаңа жыл!

Қане, достар, тұрмайық!

Қарсыалайық жыл басын!

Қызықтан бос қалмайық

Шырша жыры самғасын!


Қайырмасы:

Ал, достарым, келіңдер!

Келді Аяз атамыз!

Биде күліп билеңдер!

Шырша жырын айтамыз.


Құтты болсын Жаңа жыл!

Шыршамыз тұр жараса.

Жанында Аяз ата жүр,

Қуанады балаша.


Аппақ қардай береке

Даламыз да самғасын,

Жаңа жылдай мереке

Таба берсін жалғасын!

Сахнаға Мыстан кемпір кіріп келеді.


Мыстан кемпір: Ой, қандай әдемі, қандай биік шырша. Мына шыршаны алып кетсем қайтеді. Мынау алынбайды ғой өзі, жарайды керек емес. Ой, мынау қандай әдемі қуыршақ, алып кетіп жесем бе? Жарайды керек емессің. Қойшы, жолдан шаршадым, біраз тынығып алайын. (Жерге отырып, сөмкесін ақтарады) Балалар, мынау сынған ойыншық керек пе? Жарайды, мен оны Аяз атаға сыйлаймын. Мен жаңа келе жатсам, мына етікті тауып алдым. Бұл сендердікі емес пе? (Сол кезде бір бала етігін танып қояды.) Өлең айт, сыйлығыңды сосын аласың.

Малика «Шырша» өлеңін орындайды.

Мыстан кемпір:Мен жұмбақ жасырайын, кім шешеді соған сыйлықа кәмпит беремін.
Жұмбақтар:
1.Қолы жоқ, көзі жоқ, денесі жоқ - сурет салады. (Аяз)
2.Кеше ғана жерді жапты ақ мақта ,балалр жүр шаңғы теуіп сол жақта. (Қар)

3.    Суға батпайды,
Отқа жанбайды. (мұз)

4. Ең айлакер жануар? (түлкі)
5. Ең қорқақ жануар? (қоян)
6. Балды жақсы көретін аң? (аю)
7. Ең ұзын мойыңды жануар? (керік)
8. Ең ұзақ өмір сүретін жануар? (тасбақа)
Ой, сендер жаман балаларсындар! Көп білесіңдер! Ал, мен ештеңе де білмеймін. Бірақ мен бір ойын білемін, сендермен бірге ойын ойнасақ қайтеді. Маған үш-төрт ойыншы керек. Ойының шарты - кім себетке көп кар толтырады, сол жеңеді. Қыздар бір себетке, ұлдар екінші себетке, ата-аналар екінші себетке лақтырып жинасын. Көрейік, қай команда жеңеді екен!

Жүргізуші: Ой, балалар қараңдар, бізге қандай торсық қой келді. Бәріміз онымен амандасайық.

Жылқы: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен сендерге өте ризамын! Осы жылы сендерге мектеп табалдырығын аттап, білім алып, жақсы жетістіктерге жеттіңдер. Қане, айтыңдаршы, кімге сабақ оқыған ұнады? Кім өзінің мектебін жақсы көреді?

-Кім бірінші сыныпқа барғысы келеді?

-Жарайсыңдар, балалар, енді мен сендермен қоштасқалы отырмын. Сендерді келе жатқан Қой жылымен құттықтаймын! Ақылды болыңдар! Жарайма!

Қой: Сәлеметсіңдер ме, балалар! 2015 жылы - менің жылым. Денсаулықтарың мықты болсын, қуаныш көп болсын, мектепте жақсы оқыңдар, ата-аналарыңа қолғанат болындар! Апайларының тілдерін алыңдар, ақылды бала болып өсіндер!  Жаңа жыл құтты болсын!
Жүргізуші: Балалар, міне жылан жылын қарсы алдық, енді Аяз ата мен Ақша қарды қарсы алайық!

Исполнение песни «Маленькой елочке холодно зимой». (Балалар Аяз ата мен Ақша қарды ортаға шақырады.)


Аяз ата: Сәлеметсіңдер, балалар! Жаңа жыл құтты болсын! Бүгінгі көңіл-күйлерің жақсы ма? Мен алыстан шаршап келдім, маған дайындаған қандай өнерлерің бар? Қане, ортаға салындар.
Балалар тақпақтарын оқып береді.

  1. Аспан жерге төгеді,
    Ақ күмісін уыстап.
    Жаңа жылда келеді,
    Бізге қарай жылыстап.


  2. 2. Өлең де әзір, ән әзір,
    Ойын да әзір, бәрі әзір.
    Кел, жаңа жыл, біздерге,
    Кел, жаңа жыл, жаңа жыл.


3.Көрсін біздей балғынды,
Көңілденсін ол енді.
Шырқатайық ән жырды,
Шырқатайық өлеңді.

4.Далада қар борайды,
Ақ мамыққа орайды.
Мұз болады қатады,
Жып–жылтыр боп жатады.


  1. 5. Жаңа жылдың таңы неткен арайлы,
    Ақ мамықа бөлеп алды маңайды.
    Барлық балалар:
    Жаңа жылмен құттықтаймыз бәріңді,
    Бақыт, шаттық, молшылық пен тыныштық,
    Бәрімізге әкелсін мына арай жыл.

6. Аспан жерге төгеді
Ақ күмісін уыстап.
Жаңа жылда келеді
Бізге қарай жылыстап.


7. Келді Аяз-атамыз,
Қызыққа әбден батамыз.
Оянды әне, Ақшақар,
Қарсы аламыз баршамыз.


8. Жауды міне қар аппақ,
Айналаның бәрі аппақ,
Жасырыпты жолдарды,
Тегістепті оларды.


9. Қызыл алма шапаны,
Сағындым Аяз-атаны.
Жылдамырақ келсе екен,
Бізге ойыншық берсе екен.


10. Ойна, ойна, ойнайық.
Биле, биле, билейік.
Ән-шашуын мол шашып,
Қызығына тоймайық.


11. Әдемілеп біз ілген,
Ойыншықтар тізілген.
Қандай жақсы шыршамыз,
Ән шырқайық баршамыз.
Ен жарлықты тастайық,
Шырша тойын бастайық.


12. Далада қар борайды,
Ақ мамыққа орайды.
Мұз болады, қатады,
Жып-жылтыр боп жатады.
Аралайды бақшаны,
Үзілмейді жақсы әні.
Гүлденеді бақшалар,
Жауса, жаусын ақшақар.


13. Әлде қарлы боранды
Тау басына түсті ме?
Аяз-ата оралды,
Ақ тон киіп үстіне.
Ақ қырауға малынған,
Сақалы да, мұрты да.
Аяз-ата сағынған,
Сәлем берді жұртына.

14. Жүзімізде күлкі ойнап,
Қанаттанды жанымыз.
Жаңа жылды біз тойлап,
Шаттанамыз бәріміз.


15. Жаңа жыл, Жаңа жыл.
Жаңа жылда, жаңа жыр.
Жасыл шырша жанында,
Билеп барлық бала жүр.


16. Тамаша, тамаша,
Шыршамыз тұр жараса.
Басында әсем жұлдызы,
Көз тоймайды қараса.


17. Көрікті, бөрікті,
Аяз ата келіпті.
Беріп жатыр таратып,
Алма, анар, өрікті.


18. Қуант бізді таңырқап,
Шамдарыңды жарқырат.
Тастайық,
Жаңа жыл тойын бастайық.


19. Жаңадан тақпақ
Аламыз жаттап.
Жаңа жыл келді,
Жаңа жыл аппақ.


20. Шыршаға бардық,
Әсем ән салдық.
Аяз атадан 
Сыйлықтар алдық.


21. Қуантып елді,
Жаңа жыл келді.
Өсетін болдым

22.Ақ қырауға малынған
Сақалы да мұрты да.

Аяз ата сағынған,
Сәлем бepді жұртына.

23.Безендіріп шыршаны
Жыл қуантты баршаны.
Той-маскарад басталды,
Аяз оны басқарды.

24.Аппақ тонға оранып,
Базарлықты мол алып.
Келді алыс сапардан,
Аяз ата оралып.

25.Қалып едік сағынып,
Kүтіп алдъқ жабылып.
Жолын қойдық жарық қып,
Шыршаларға шам іліп

26.Аяз Ата ойды қырды
Аралап жүр түгел шолып.
Қарсы алғалы жаңа жылды,
Ол да көптің бірі болып.
Қайда қызық болса думан,
 
Аяз Ата сонда болды.
 
Күндіз үйде ойнап бізбен,
 
Балалармен бірге болды



27.Далада қар борайды,

Ақ мамыққа орайды

Мұз болады, қатады

Жып жылтыр боп жатады.


28.Жасыл желен жамылған,

Асыл моншақ тағылған.

Міне сұлу шыршамыз

Көптен күтіп сагынған.


29.Аққала мен ақ бала,
Сырғанайды сырғанақта.
Жаздым тақпақ бәріне,
Ақ қыс сұлу ақ өлең.
Ақ бала жасады аққала.
Ақ қар жатыр далада.

30.Балалар шықты далаға,
Ойнап, күліп жүр енді.
Шаналармен азады,
Аққаланы соғады.


31. Сақалы аппақ күмістей,

Тістері аппақ күріштей,

Қызыл-ала шапаны,

Сағындым Аяз атаны.

Оралама ол әлі

Айтар едім өлеңді,

Жылдамырақ келсе екені

Ол бізге ойыншық берсе екені.


32 Мұздан моншақ тағылды,

Күміс-қырау жамылды.

Ортада тұр Ақша қар

Көптен күткен сағынды.


33. Аяз қысып, өрнек сызып

Терезені торлайды.

Қарда омбығып, бет домбығып

Балалар сырғанақ ойнайды.


34.Шыңнан ырғып түсті де, Келді етекке қыс міне,

Ақ қарлар ақ көбелек

Қондың үйлердің үстіне.


35. Біз тебеміз сырғанақ,

Таудан төмен сырғанап

Бір шанада екеуіміз.

Құламаймыз екенбіз.


36. Ақ шанамыз зырлайды,

Ақ қар оны шыңдайды.

Біреуі шаңғы тебеді,

Құйындатып келеді.


37.Тамаша.тамаша!
Шыршамыз тұр жараса.
Басында әсем жұлдызы
Көз тоймайды қараса.

38.Жылдың әнін бастайын,
Аяз- Ата кеп қалды.
Майысады жас қайың,
Көтере алмай көп қарды.

39.Бақша іші мереке,
Ойын күлкі асқақ ән.
Жақсы әпкелер жаңа кеп,
Мерекені бастаған.

40.Жаңа жылды қарсы алдың,
Мініп алып күймеге.
Мен де бүгін ән салдым,
Араластым биге де.


Ақша қар: Балалар, рахмет, сендер өте жақсы өнер көрсеттіңдер. Қуанатын шақ болсын, дастарханға ақ толсын! Бізге келген жаңа жылда құт-береке, бақ әекелсін! Бірақ мен біраз көңілім тісіп тұрғаны. Менің ақ ұлпаларым көрінбейді ғой!

Аяз ата таяғымен жерді үш рет ұрып, ақ ұлпаларды шақырады:

- Ақ ұлпалар, жаусын, жер бетін аппақ қар бассын!

«Ақ ұлпалар» биі.

Жүргізуші
Балалар, қараңдаршы, бізге қонақтар келіпті «Ертегі әлемінен» ( «Ақшақар мен жеті гном», «Жылға талас» ертегілердің көрінісі.)

Жүргізуші:
- Келесі кезекті ойынға берейік! Аяз ата мен Ақша қар сендермен бірге ойын жүргізгелі оты

1. Ойынның аты «Кім шарды ұзақ ауада ұстай алады». Ойынның шарты: әрқайсысыңа бір-бір шар беріледі, Музыка ойнаған кезде, сендер қолдарыңдағы шарды жоғары лақтырып үрлеп тұрасыңдар. Жерге құлатуға болмайды. Кімнің шары ұзақ ауада қалқып тұра алады, сол ойынның жеңімпазы болып аталады.

2. Екінші ойын сайыс түрінде өтеді. Ол ойынның аты «Шыршаны безендірейік». Екі сыныптың балалары екі қатарға тұрып, алдында тұрған екі шыршаға қар ұлпаларын жапсыру керек. Яр шыршаның алдында Аяз ата мен ақшақар тұрады. Олар сендерге қар ұлпалпрын қолдарыңа береді. Сендер оны алып, шыршаға қоясыңдар.

Ақша қар: -Аяз ата, енді сиқырлы сандығымызды ашатын уақыт жеткен сияқты, балалар өнерлерін көрсетті, енді сыйлықтарын таратайық. (Сыйлықтар таратылады.)
Аяз ата: Ал, енді, балалар, біз жолға шығайық. Бізді сендер сияқты басқа балалар тосып отыр

Жүргізуші: Тұра тұр Ата, біз сізге өлең айтып берейік!

Құтты болсын Жаңа жыл!

1.Міне келді Жаңа жылымызда,

Аяз ата Ақшақарымызда.

Шыршаны олар жағады бізге,

Ойыншықтар әкеледі міне.

Қайырмасы:

Құтты болсын Жаңа жыл!

Жаңа жылда – жаңа жыр.

Тілеймін мен бәр әлемге:

«Құт-берекені»!

2.Міне біздің Жаңа жыл мол болсын!

Басқан қадамың сенің оң болсын!

Төрле-төрле, Жаңа жылың менің!

Міне аңсаған күніміз келді!

Аяз ата - Рахмет сендерге! Қанеки, бәріміз шыршаның жанында тұрып, суретке түсейік ші! Жаңа жылдарың құтты болсын, сау болындар! (Балалар аяз атаны шығарып салады.)
Жүргізуші: Құрметті балалар, ата-аналар, барлығымыз шыршаның жанына тұрып би билейік ші! (дискотечная музыка). Осымен мерекеміз аяқталды, келгендеріңізге көп рахмет!  Сау болыңыздар! Жаңа жыл құтты болсын!





















































1



Самые низкие цены на курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации!

Предлагаем учителям воспользоваться 50% скидкой при обучении по программам профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок".

Начало обучения ближайших групп: 18 января и 25 января. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (20% в начале обучения и 80% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru/kursy



Автор
Дата добавления 18.07.2016
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Конспекты
Просмотров38
Номер материала ДБ-144132
Получить свидетельство о публикации

УЖЕ ЧЕРЕЗ 10 МИНУТ ВЫ МОЖЕТЕ ПОЛУЧИТЬ ДИПЛОМ

от проекта "Инфоурок" с указанием данных образовательной лицензии, что важно при прохождении аттестации.

Если Вы учитель или воспитатель, то можете прямо сейчас получить документ, подтверждающий Ваши профессиональные компетенции. Выдаваемые дипломы и сертификаты помогут Вам наполнить собственное портфолио и успешно пройти аттестацию.

Список всех тестов можно посмотреть тут - https://infourok.ru/tests

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх