Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Физика / Другие методич. материалы / Внеклассная мероприятия на 9 мая
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Физика

Внеклассная мероприятия на 9 мая

библиотека
материалов




hello_html_53b5be89.gif



hello_html_m25114f7e.gif















Ерлікке тағзым

Тәрбие сағатының мақсаты: оқушыларды Отанын сүюге, оны қорғауға баулу, оларға патриоттық тәрбие беру, соғыс жылдарында Қазақстан халқының майданда көрсеткен еңбегін паш ету, жас ұрпақты отансүйгіштікке, елжандылыққа тәрбиелеу, ерлікпен қаза тапқан жауынгерлердің рухына бас иіп, ардагерлерге құрмет көрсету. Көрнекілігі: суреттер, нақыл сөздер.

Барысы

Жүргізуші: Құрметті ұстаздар,оқушылар! Женістің 71 жылдығына орай өткізілгелі отырған «Ерлікке тағзым» тақырыбындағы ашық тәрбие сағатын бастаймыз. Бүгінгі күн – көптен күткен салтанатты күн, зымыраған уақыттың қанатында Жеңістің міне 71 – көктемі де келіп жетті. 71 жыл бейбіт көктем таңы атқалы, 71 жыл шуақты күн таратты әнін. 71 рет көктемде содан бері Ашылды Жеңіс күннің парақтары. XX ғасырдағы ең бір қанды қасірет Екінші дүниежүзілік соғыс болды. Себебі оған әлем халқының 80 пайызы қатысып,соғысқа 61 мемлекет тартылды.Миллиондаған адамның өмірін алып кеткен, талай боздақты қыршынынан қиып, ананы жесір, сәбиді жетім еткен, қанды шайқастарға толы 1418 күн мен түн ешқашан да ұмытылмақ емес.Ол мәңгі есімізде сақталады.Еліне, жеріне оралмай, жат жердің топырағы бұйырған ерлерді біз әрқашан құрметпен еске аламыз. Жүргізуші: Біздің Қазақстанда да соғыс оты шарпымаған шаңырақ кемде – кем.Жүз мыңдаған ата – әкелеріміз соғыстың алғашқы сәтінде – ақ майданға аттанды.Осы қан майданда мерт болған ерлердің рухына басымызды иіп тағзым етейік.Олардың ерлік істерін ешкім де, ешқашан да ұмытпауға тиіс. Дәл осынау жадыраңқы жай күні, Болса дағы қай ғасырдың қай жылы, Ұлы Отаным басын иіп бір минут. Есіне алмақ сол бір апат қайғыны. (Бір минут үнсіздік, орнынан тұрып еске алу) Жүргізуші: Сүйінші, халқым, сүйінші, Сүйіншіге сүйінші. Шаттан ата – анамыз, Шаттан ата – бабамыз.

Кек қайтарып фашистен, Соғыс бітті Жеңіспен. Жеңдік жауды күресте, Жасалсын той, мереке.

Мөлдір аспанды бұлт қаптады.Шаттық әні қайғылы үнге, нұрлы күнді қара түнге айналдырмақ болды.1941 жылы 22 маусымда фашистік Германия Кеңес Одағына опасыздықпен шабуыл жасады.Халық үшін ауыр кезең басталды. Отанымызға қатерлі күн туды.Дүниедегі бейбітшілік бағына сұрапыл соғыс қаһарын төкті.Отанымызды қорғау үшін еліміздің көптеген ер – азаматтары майданға аттанды. Әрбір село, әрбір қала үшін кескілескен ұрыс болды.Неміс – фашист басқыншыларымен Кеңес азаматтары аянбай шайқасты.

Дамира: Жеңіс күні Жеңіс күні бар әлемге әйгілі, Көктем,шуақ – Тоғызыншы май күні. Біздің ұлы Жеңісіміз көктем боп, Көңілдерге шұғыласын төккен көп. Сонау жылы Тоғызыншы май күні Алмастырған қуанышқа қайғыны.

Ақмарал: Отанға жаулар қаптады, Опасыз жаулар тапталды: Қасиетті жер үшін, Қастерлеп батыр елі үшін.

Айдана:

Жеңіс деген – жақсылықтың сыңары, Жігер менен құштарлықтың құралы, Күрескердің арманы мен ұраны, Қуаныш пен мерекенің ұраны.

Дильназ: Жазайын хат туып өскен еліме, Күміс қапты, алтын дәнді жеріме. «Елді қорға, жауға берме» деп сенген Хат жібердім Отаныма, еліме. Сәлем бізден үлкен – кіші, ағаға, Туған жерім, қалам менен далама. Дана болған бабаларым жасасын, Мың рахмет бізді туған анаға!

Іңкәр: Тастар көкке атылды, Орман шулап, тау құлап. Жиырма сегіз батырды Жеңе алмады жау бірақ. Жау жеңілді ақыры, Атты бейбіт таң күліп, Жиырма сегіз батырды Ұмытпайды ел мәңгілік.

Жүргізуші: Құлақтан кіріп бойды алар Жақсы ән мен тәтті күй. Көңілге түрлі ой салар, Әнді сүйсең менше сүй.

Ән: «Катюша қыз»

Айдана: Барша халық Жеңіс күнін тойлайды, Жас сәбилер думандатып ойнайды, Ардагерлер көздеріне жас алып, Ұрпақтардың амандығын ойлайды.

Ақмарал:

Бақытты болсын балалар, Соғысты сүймес адамдар. Өркендей берсін қалалар, Гүлдене берсін далалар.

Іңкәр: Естідім – ау Жеңіс күнін, Дүрілдейді көк пен жер. Қуанышпен қағып күлім Ойнақтайды қуанған ел.

Дильназ:

Жетпіс жылда өтелмей парызымыз, Туған тілдің алдында қарызымыз. Басқа ұлттарға үнемі мазақ болмай, Арымызға айтайық арызды біз.

Дамира: Бақыт деген келер дәйім күреспен, Бақыт үшін қарт бабалар күрескен. Бақыт үшін арпалысты әкелер, Тек бақытқа қол созумен ұл өскен. Би: «Смуглянка»

Жүргізуші: Жеңістің бүгін туы желбіреп мың, Қарайды тыныш түндер мөлдіреп тым. Сонда да мазалайды – ау майдангерді Санада қалған даусы зеңбіректің. Ән: «Ән салшы сарбазым» Жүргізуші: Елге қауіп төнбесін, Егестен адам өлмесін. Есен – аман болайық, Енді соғыс болмасын. Енді соғыс болмасын, Өртенбесін туған ел. Шайқалмасын асқар бел, Шайқалмасын шалқар көл. Ендігі жерде біз бар мүмкіндігімізді Отанымызды нығайтуға, егеменді еліміздің ертеңінің жарқын болуына арнауымыз керек. Балалар, Отанды сүйіп қастерлей біліңдер.Ата – баба дәстүрін, әдет – ғұрпын берік ұстанып, үлкенге ізетті, кішіге ілтипатты болыңдар.Халқымның ерлігімен, батырлығымен, қайсарлығымен келген тәуелсіздігімнің туы мәңгілік желбіреп тұрсын!Отанын сүйетін, қорғай білетін нағыз азамат болып өсе беріңдер.Оңайлықпен келмеген тәуелсіздігіміздің туы мәңгілік желбіреп тұрсын! Жақсы оқып, еліміздің тәрбиелі, Отанын сүйетін нағыз азаматы болып өсе беріңдер. Құрметті көрермен қауым, осымен тәрбие сағатымыз өз мәресіне жетті. Баршаңызға шаттық,қуаныш,елімізге тыныштық тілейміз.Алтын уақыттарыңызды бөліп тыңдағандарыңызға көп – көп рахмет.


Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 07.05.2016
Раздел Физика
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров93
Номер материала ДБ-070899
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх