«Жер жұмағы - Астана» тақырыбындағы
«Ойнайық та, ойлайық»
сайысы
Мақсаты: Оқушылардың қазақ тіліне деген
қызығушылықтарын арттыру,
өз беттерімен ізденуге талпындыру
Астана қаласының көрнекі
орындарымен, тарихымен таныстыру.
Құндылықтарымызды бағалап,
сыйлауға тәрбиелеу.
Көрнекіліктері: ҚР рәміздері, суреттер,
слайдтар, кеспе қағаздар.
Барысы:
Жүргізуші: Армысыздар құрметті оқушылар, сайыскерлер!
Сендерді тілдер мерекесімен
құттықтай отырып ,
«Жер жұмағы - Астана»
тақырыбындағы «Ойнайық та, ойлайық»
сайысымызды бастаймыз!
Сайыстың кезеңдері:
1 «Сөздерді сөйлетейік»
(Орындары ауыстырылып берілген сөздерден дұрыс
сөйлем құрап шығару)
2 «Жанды суреттер»
(Берілген сурет бойынша қысқаша әңгіме құрау)
3 «Сергіту»
(Жасырылған суреттерді дұрыс тауып айту)
4 «Адасқан әріптер»
(Шашылған әріптерден дұрыс сөздер құрап шығару)
5 «Кім жылдам?»
(Берілген тақырыпқа қатысты сөздерді жылдам
жазып шығу)
Сайысқа қатысушылар:
4 «В» 1 сыныбы «Астана» тобы
4 «Г»1 сыныбы «Туған жер» тобы
4 «в» сыныбы «Атамекен» тобы
4 «Г» сыныбы «Қарлығаш» тобы
Сайыс басталмастан бұрын 3-4 сынып оқушылары ана
тілі, тіл туралы, Астана туралы, достық туралы өлеңдерден мәнерлеп үзінді
оқиды.
Малика: Астанам – Сарыарқаның биігісің,
Азия құрлығының кіндігісің.
Батырдай жорықтарда қол бастаған,
Баста елді қазағымның бірлігі үшін.
Еркеназ : Астанам – Сарыарқаның төсіндесің,
Ел естен кеткен күнін өшірмесін.
Бауырға бас шеттегі қандастарды,
Оралған Отанына көшін көрсін.
Еркеайым: Сүйемін туған тілді – анам тілін,
Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.
Шыр етіп жерге түскен минутымнан
Құлағыма сіңірген таныс үнім.
Ислам: Қазақ жұрты- меймандос,
Қазақ жері- кең-байтақ.
Құшақтарын жайған дос
Ұлыстарға ел ортақ.
Сайыстың тапсырмалары:
1 «Сөздерді сөйлетейік»
- Қазақстанның астанасы – Астана қаласы.
- Қазақстан Республикасының президенті –
Н.Ә.Назарбаев
- Қазақстанның өз туы, елтаңбасы, әнұраны бар.
- Қазақ тілі - Қазақстанның мемлекеттік тілі.
2 «Жанды суреттер»
Топтарға мына екі сурет беріледі
4 «в,г» 1
сыныптар 4 «в,г»сыныптар
3 «Сергіту»
ҚР рәміздерінің суреттері жасырылады
4 «Адасқан әріптер»
4 «в»
- СЫНЫП 4 «Г» 1- СЫНЫП
З,А,С,Қ,А,Қ,Т,Н,А
– Б,Т,Й,Ә,Р,Е,К,Е –
К,Е,М,П,Т,Е – Ғ,А,І,М,Ұ,М,І,Л
–
А,Р,М,Ұ,Й,А,Ж
– Н,Ұ,Ә,Р,Н,А –
І,Т,Л – Ө,З,К
–
4 «Г» -
СЫНЫП 4 «в» 1- СЫНЫП
М,К,Е,М,Л,Е,Т,Е
– А,Т,С,А,Н,А –
Ы,Н,П,С,Ы – М,А,Қ,Л,А
–
І,Л,М,І,Б – Ы,Ш,Ғ,Ы,С,З
–
О,Л,Қ – А,Б,С
-
5 «Кім жылдам?»
Топтарға төмендегідей тақырыптар беріледі:
4 «в,г» 1сыныптар
«Қазақстан»
4 «в,г» сыныптар «Мектеп»
Жүргізуші: Сайысымыздың шарттары толық
орындалған сияқты. Олай болса жеңімпаздарды анықтайтын кез де жетті.
4 «в» сыныбы «Атамекен» тобы І
- орын
4 «в» сыныбы «Туған жер» тобы
ІІ - орын
4 «г» сыныбы «Қарлығаш» тобы
ІІІ - орын
4 «г» сыныбы «Астана» тобы ІІІ
- орын
Құрметті оқушылар, тілдер мерекесіне арналған
сайысымызды аяқтай келе қазақ тілінің кемелденіп, көркейе беруіне ат
салысыңдар, қазақ тілін оқыңдар дей отырып, сөзімді мына жолдармен аяқтағым
келіп тұр:
Барам десең
болашаққа
Тіліңді таза
сақта....
Тіліңді биіктет,
Өзгеге сүйікті ет!
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.