Инфоурок Другое Другие методич. материалыВнеклассное мероприятие на тему " Табиғат – сенің өз үйің "

Внеклассное мероприятие на тему " Табиғат – сенің өз үйің "

Скачать материал

Табиғат – сенің өз үйің.  (экологиялық сайыс)

 

Мақсаты: Туған жерге, Отанға  деген сүйіспеншілігін арттыру,  экологиялық  білімді қалыптастыру  туған жер , табиғатты қорғауға баулу.

Оқушыларға табиғаттың адам өміріндегі зор маңыздылығын насихаттай отырып, оны аялауға, сақтап қорғауға өз үлестерін қосуға жұмылдыру.

Оқушыларға экологиялық  тәрбие беру,  табиғат анаға деген сүйіспеншілік сезімін ояту, мейірбандыққа тәрбиелеу.

Көрнекілік:Интерактивті тақта, мақал – мәтелдер.

1.      Адамдардың араласуы мұң екен, жер шары тез қартая бастады.

Циолковский

2.      «Табиғат – алтын бесігің»,

3.      «Өзеннің көркі тал болар, таудың көркі мал болар»

4.      «Судың кепкені, тіршіліктің кеткені»

5.      «Орман тоғай жер сыны, көкорай, шалғын ел сыны»

6.      Табиғаттың тарылтпайық

Мөлдір кәусәр тынысын

Пәк табиғат!

Жүрегімнің тамылжыған жырысың

Ей, адамдар!

Қалай ғана қатыгездік жасайсың

Ол – анаң ғой!

Ал, сен кенже ұлысың!

Қабырға газеттері «Экология және біз», «Жас эколог»

ҚР саяси әкімшілік картасы

Кештің барысы:

І. Қызығушылықты ояту. Қаламыздағы  «Табиғатты қорғау орталығынан» жедел хат келді. Бірақ, ол шифрленген екен, оқи алмадым.

Тапсырма: Жеделхат немен жазылған, оны қалай оқуға болады, не жазылған?

Жауап: Күкірт қышқылымен жазылған , оны спиртшамның жалынына аздап қыздырса жазу толық оқылады. «Табиғат адамның – алтын бесігі», «Табиғат – сенің өз үйің»

ІІ. Мағынаны тану. Қазіргі кезде экологиялық білім мен тәрбие беру ең негізгі мақсаттардың бірі. Бүгінгі кешіміздің мақсаты: Оқушыларға экологиялық білім бере отырып мәдениетті жасау. Экологиялық білімі мен тәрбие аз адамда экологиялық сана болмайды, экологиялық сана төмен адамда қоршаған ортаға деген жанашырлық болмайды.Сондықтан экологиялық тәрбиені бесіктен белі шыққаннан бастап, есі кіргеннен, төменнен жоғарыға қарай  сатылай дамыту керек. Бүгінгі кешімізге 8-сыныптан «Жезбұға» 9-сыныптан «Қызылжар» командасы қатысып отыр.

Кіріспе сөз, ұстанымдарыңыз не?

«Жезбұға» командасы:  «Экология» деген сөзді Австралия ғалымы, өз заманының білгір ботаник, дәрігері  Э. Геккель 1866ж «Организмдердің жалы морфологиясы» - деген еңбегінде тұңғыш рет айтқан екен. Содан бері 1 жарым ғасыр уақыт өтті. Бүгінгі таңда көкейкесті проблема: Қоршаған  ортамыздың ластануынан экологиялық апат, яғни дүние жүзі халқының жойылып кету қаупі төніп тұр. Сондықтан, «Болашақты ойла, қам-қарекет жаса».

«Қызылжар» командасы: «Экология» гректің үй, ғылым деген сөзінен шыққан. Яғни өзің тұратын үй-жай, ғаламшарыңды бақылап, біліп, ахуалын жақсартуға бағытталған ілім деген сөз. Табиғат күллі тіршілік атауының құтты қоныс, мекені, құт берекесі. Қазір теңізіміз тартылып, орманымыз кесіліп, құнарлы жерлеріміз сортаңдап қалды.Осының бәріне кім кінәлі? Әрине адам. Бәрі адамдардың  рақымсыз істерінен кешегі табиғаттың уылжыған тамаша сыйынан айырылатын болдық. Сондықтан, « Табиғатты қорғау – бәріміздің міндеттіміз».

Сайыстың жоспары:

Экологиялық қойылым

І.Айтыс «Табиғат жанашырларымыз»

ІІ. «Сиқырлы сандық» супер ойын

ІІІ. «Адамзат - экологиясы»

ІҮ. «Олар қызыл кітапта»

Ү. Тақырыптық ән.

ҮІ. Қабырға газеттерін бағалау

Экологиялық қойылым . Елдің биік рухы сезілетін Мұқағали Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасынан үзінді.

Енді сайыскерлерді бағалайтын әділ – қазылармен таныс болыңыздар. Ең жоғарғы ұпай – 10 балл. Сарапшы жалпы ұпайларды  көрсетіп отырады.

Сонымен, І тур. «Табиғат жанашырларымыз» айтыс.

Қарсы алайық 8 сынып оқушысы Авдеев Назбек пен 9 сынып оқушысы Сағынғали Нұржұлдыздың айтысы

 

ІІ тур: Супер ойын«Сиқырлы сандық» 100 ұпай, көмек алса 50 ұпай.

Табиғаттан бабамыз ала берген  секілді

Дархандықты қазаққа дала берген секілді

Еркелікті, ерікті желден алған секілді

Мөлдірлікті көгілдір көлден алған секілді

Сонымен «Жезбұға» тобына сұрағымыз.

1.      Экологтардың пайымдауынша, бұл қала еліміздегі ауа кеңестігі ең көп ластанған қала болып саналады. Ауа кеңестігінің адам ағзасына аса зиянды ауыр түсті металдармен ластануына қаладағы қорғасын – мырыш, полиметалл комбинаттары тікелей қатысты деп есептеледі. Қала орналасқан тұстағы түсті металл қорлары мен су энергиясы өнеркәсіптің бұл түрін дамытуға мүмкіндік береді. Бұл қай қала? (Өскемен)

2.      Ертіс маңы ауданында бірқатар химия мен мұнай – химия кәсіпорындары орналасқан. Бұған осы ауданда көптеген маңызды факторлардың тоғысуы себеп болды. Бұл жерде әр алуан минералды шикізат бар, аудан сумен жақсы қамтамасыз етілген, көмір мен электр энергиясының қоры мол, ауданның экономикалық географиялық орны аса ыңғайлы. Бұл қалада минерал отын, жоғары сатыдағы май өндіріледі. Алайда осы аталғандар табиғатқа кері әсерін тигізіп отыр. Бұл қай қала? (Павлодар)

3.      Бұл өңірде экологиялық ахуал барған сайын ушығуда. Мұнда қоршаған ортаны бүлдіретін  2000-ға жуық кәсіпорын бар, облыс бойынша жылына ауаға 112 млн 5 мың тонна зиянды қалдық таратады. Оның 2 млн 275 мың тоннасы радиоактивті екені анық. Бұл қала шығыста орналасқан. Бұл қай қала? (Семей)

4.      Бұл қалада пайдалы кен орны пайдаланады. 140 млн м3 жер тақырланған , ал мұндай тақырланған жерлер жылына 7 млн м3 ұлғаюда. Бұл қала Орталық  Қазақстанда  орналасқан, ауаға зиянды заттарды шығарудан республика бойынша  5 орын алады. Облыс бойынша 3 орындағы, жасы жарты ғасырға тең қала. (Жезқазған)

5.      Қазіргі адамдардың жер бетінде өмір сүріп келе жатқанына 40 мыңдай жыл болған. Ал мал өсірумен және егіншілік пен осыдан тек 10 мың жыл шамасында ғана шұғылдана бастаған. Сондықтан да, қалған 30 мың жыл бойы тамақ пен киімнің көзі тек аңшылық болды. Сондықтан 20 жыл ішінде жер бетіндегі жануарлардың 110 түрі жойылып кетті. Сұрақ:

Отыра алмас ұл шыдап, қыз да шыдап

Жоғалғандар тізімі ұзын шұбақ

Мезгілсіз кеткендердің

Бастарына қойылған  қызыл шырақ. Бұл не? (Қызыл кітап)

6.      Өткен ғасырда Қазақстанда ең көп таралған жануар. Дәмді еті үшін есепсіз аулаудың салдарынан 30-шы жылдары  жерімізден жойылып кетті. 1953 жылы бұл аңды Барсакелмеске жерсіндіру ісі қолға алынды. Сырт пішіні жылқы тектес, құлағының  үлкен , басы салмақты келіп, кекілінің болмауы және есекті елестетсе, жеңіл қимылы мен ептілігі жылқыға ұқсас. Екеуіне ұқсамайтын  ерекшелігі  - басын көтеріп жүгіруі, ұшқырлығы , мықтылығы, төзімділігі. Бұл қандай қызыл кітапқа енген аң? (Құлан)

ІІІ. Тур. «Адамзат экологиясы». Бұл сайыстың ерекшелігі топ мүшелері тақырып  таңдай алады. Онда құны әртүрлі үш сұрақ бар. Егер таңдаған  тақырыптың сұрағына  дұрыс жауап берілсе, сонша ұпай топ қоржынына қосылады, ал жауабы  қате болса, сонша шегеріледі. Тақырыптарды таңдау кезекпен  жүргізіледі. Сонымен,

1.      Су экологиясы

2.      Ауа экологиясы

3.      Жануарлар экологиясы

4.      Өсімдіктер экологиясы

5.      Адам экологиясы

6.      Жер қыртысының экологиясы

 

1.      Су экологиясының сұрақтары:

50 – Сусыз өмір жоқ. Адам ағзасындағы судың  % мөлшері, тәулігіне адам қанша су ішу керек? (60-65%, 2 л)

100 – жергілікті халықты ауыз сумен қамтамасыз етуге  арналған бағдарлама? (Ақбұлақ бағдарламасы)

150 – Қытай халық Республиксынан  бастау алатын бұл өзен мұнай өнімдерімен , фенол, металдармен ластанған, бұл Алматы облысының негізгі су көзі. Бұл қандай өзен ?  (Іле өзені)

2.      Ауа экологиясының сұрақтары

50 – Үш атомды оттек, газ, көк түсті. Жерді зиянды сәулелерден қорғайды. (озон)

100 – Бұлар ауаға жылына 100 млн тонна зиянды заттар түтін шығарады. Олардан ауаға өте қауіпті  - қорғасын қосылыстары, көмірсутектер бөлінеді екен. Олар ауаны ластау көзінің 98 % -ін құрайды. Сондықтан, ірі қалаларда өкпе – тыныс жолдарының қабынуы, қан қысымының бұзылуы байқалады. Жеке адамның қажетіне жаратылатын бұл не? (автокөліктер)

150 – соңғы 20-30 жылда көлемі 2 есе кішірейген экологиялық аппаттың шегіне жеткен, дүние жүзін алаңдатып отырған аймақ (Арал теңізі)

3.      Жануарлар экологиясының сұрақтары:

50 – Төле бидің «Қарлығаш  әулие», «Қарлығаш би» атану себебін әңгімеле?

100 – Мұнай 1 л суға түссе, 40 – мың л теңіз суын оларға қажет оттектен айырады екен. Судың жоғарғы қабатында дамитын оның  дернәсілдеріне өте қауіпті. Сөйтіп, 1га су ластанса оның  100 млн – нан астамы өліп қалуы мүмкін. Бұл не? (балық)

150 – Іле тоғайынан 1947 ж Қазақ аңшысы ең соңғысын атып алған  жыртқыш аң? (Жолбарыс)

4.      Өсімдіктер экологиясының сұрақтары:

50 – Гренландияға жерсіндірілген, байырғы отаны – Қазақстан.  Бұл қай өсімдік?(қызғалдақ)

100 – Өсімдіктері мен жануарлары әр алуан , арнайы қорғалатын  тұтас табиғи аймақ? (қорықтар)

150 – Жасыл өсімдіктер алқабы өз бойына 86% шаң-тозаңды сіңіріп , қанша % шамасында   дыбысты бәсеңдетеді.

+а/26%                 б/46%              г/16%

5.      Адам экологиясынан сұрақтар:

50 – Ауаға зиянды түтін шығаратын облысымызда 4243 бірлік тіркелген. Жеке адамның қажетіне жаратылатын не? (автокөлік)

100 – Адамдар денсаулықты сақтап, аурудың алдын алып, түрлі жаман әдеттерден аулақ болу үшін ұстану шарасы (СӨС)

150 – «Адам экологиясы» деген терминді ғылымға енгізген  Р.Парк және Э.Берджес қай елдің ғалымдары (Америка)

6.      Жер қыртысының экологиясынан сұрақтар:

50 – Мына қасиеттер қандай  пайдалы қазбаға тән: сұйық, судан жеңіл, қоңыр түсті, ащы иісі бар, жақсы жанатын «қара алтын» (Мұнай)          

100 – Семей полигонында алғашқы ядролық қару қай жылы сыналды? (1949ж)

150 –Жыл сайын 1 млрд/т зиянды заттар, 200 млн/т күкірт газы 700 млн/т көміртек оксиді, 150 млн/т азот оксиді, ауаға көтеріліп, сумен қосылып, зиянды заттар жерге  түседі. Оның әсерінен экожүйеде тепе-теңдік бұзылады. Бұл не? (қышқылдық жаңбыр)

 

ІҮ –тур: «Олар Қызыл кітапта»  ұяшық таңдалады. Дұрыс жауапқа 100 ұпай беріледі. Жауап бере алмаса қарсылас топ жауап бере алады, ұпай сол топқа беріледі.

№1 ұяшық. Өңіріміздегі биік тау алқаптарын мекендейтін жыртқыш. Ерекше сымбатты, күшті, епті де батыл аң. Салмағы 40 кг шамасында, 15 жылдай өмір сүреді. Жемін аулағанда өте жылдам қозғалады. ҚР символы болып табылады. Қазақстанда өткен қысқы Азия ойындарының символы болды. Ол қызыл кітапқа енгізілген. Бұл қандай аң? (Қар барысы)

№2 ұяшық. Биік тасты  құздарда тіршілік етеді. Салмағы ірі 3-кг дай, түсі тас реңдес сұрғылт құс, тауық тұқымдас. Дауысы әуезді, жағымды. Көбінесе топтасып жүреді, тек жұмыртқа басарда ғана жұптасады. Өте сақ. Олар тек жоғырадан төмен қарай ұшады. Бұл «қызыл кітапқа» енгізілген. (Ұлар)

№3 ұяшық. Өте ірі ешкі тектес шөп қөректі жануар. Олар биік тау жайылымдарын мекендейді. Түнде мұзды алқапқа дейін өрлеп барып, түнеп шығады да, ертеңгісін жайылымға қайта түседі.  Сирек кездеседі, таралу аймағы тарылып саны азаюда. Сондықтан, «қызыл  кітапқа» тіркелген (Алтай арқары)

№4 ұяшық. Өңіріміздің су қоймалары мен нулы қамысты көлдерде мекендейтін құс. Денесі ірі, салмағы 13 кг – дай, ақшыл қызғылт түсті. Тұмсығы өте ұзын, үлкен. Тұмсығының астыңғы жағында созылмалы «қабы» бар. Қанатын жайғанда 3 м дейін жетеді. Саны бірте –бірте кеміп бара жатыр. Сондықтан да,  «қызыл кітапқа» енгізілген. (Қызғылт бірқазан)

№5 ұяшық. Құйрықты қосмекенді. Өте сирек кездеседі. Зайсан көлінің маңын мекендейді. Ыстықтан  гөрі салқынды жақсы көреді. Қорегін аулауға кеш батқанда шығады. Қызыл кітапқа енгізіліп , қорғауға алынған. (Зайсан жұмырбасы)

№6 ұяшық. «Қызыл кітапқа» белгілі түрде енгізу үшін  ғалымдар әр жануардың, не өсімдіктің 5 санатын анықтаған. Сол, Қызыл кітаптың 5 – санатына қандай жануарлар енеде, мысал келтір.

(Жауап: қорғау жұмыстары нәтижесінде қайта көбейтуге болатын түрлер . Мыс. аққу, көкқұс)

Ү тур. Тақырыптық әнге кезек келді.

Ән. «Аралдан ұшқан аққулар» Лұқпан Сара 9- сынып

      «Заман -ай» Хамидулина Айкөркем 8 сынып

ҮІ тур. Қабырға газетін қарап бағалау

Қорытынды:        Табиғатты ұқсатып мәпелейік

                              Барды сақтап, мәртебе әперейік

Келер ұрпақ мәз болсын ісімізге

Жалғастырып күш қосып күшімізге

Табиғатты қорғайық, аянбайық! – деп осымен бүгінгі сайысымызды аяқтаймыз. Қатысып отырған ұстаздарға , әділ қазыларға рахметімізді айтамыз.  Жеңімпаз топ анықталады, марапатталады.

 

 

Қарлығаш Едресова

БҚО, Теректі ауданы

Қызылжар негізгі орта мектебі

 

 

Қызылжар жалпы білім беретін негізгі мектебі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Табиғат – сенің өз үйің

(экологиялық сайыс)

8-9 сыныптар үшін

 

 

 

 

 

 

 

                                                                                               Биология пән мұғалімі: Қ.А.Едресова

 

 

 

 

 

Қызылжар ауылы

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Внеклассное мероприятие на тему " Табиғат – сенің өз үйің ""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по занятости населения

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 185 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 05.12.2015 1073
    • DOCX 30.7 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Едресова Карлыгаш Аймурзиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Едресова Карлыгаш Аймурзиевна
    Едресова Карлыгаш Аймурзиевна
    • На сайте: 8 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 15035
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 283 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 850 человек

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 490 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 329 человек

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Мини-курс

Налогообложение и компенсация потерь: предотвращение ошибок и снижение рисков

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Тревожные расстройства: диагностика и причины

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 36 человек из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 15 человек

Мини-курс

Эмоциональная связь между родителями и детьми

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 43 человека из 26 регионов
  • Этот курс уже прошли 19 человек