Сабақ кезеңдері
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
I.Оқушыларға
психологиялық ахуал туғызу (2 минут)
|
Тренинг: Жақсы тілек жаттығуы
Сіздер бір – біріңізге жалғастыра отырып, жақсы тілек білдіру.
Сыныпты
топқа бөлу /1,2,3 сандарын айтқызу арқылы/
|
Шеңбер
құру.Тілек білдіру.
Топқа
бөлініп отырады
|
II.Өткен
тақырыпты қайталау.
(5 минут)
|
1. Қызығушылықты ояту – «Ой қозғау» - тірек сызба
бойынша топтастыру тапсырмалары
2. Физикалық диктант
Төмендегі сөздердің қайсысы физикалық денеге, қайсысы – заттарға,
қайсысы–құбылысқа жататынын жазыңдар: қорғасын, күннің күркіреуі,
рельстер, қарлы дауыл, алюминий, таңның атуы, үстел, мыс, Ай, сынап, қардың
жаууы, мұнай, қайнау, бұрқасын, тасқын, тікұшақ, найзағай.
3. Суреттегі ғалымдарға байланысты берілген сұрақтарға жауап беру.
1. Суретте бейнеленген ғалымдар кімдер?
2. М. В. Ломоносов молекула және атом туралы қандай қағиданы қалыптастырды?
3. Молекула және атом туралы ұғымды енгізген кім?
4. Бір айналым сөйлесу. Тәжірибелік сайыс. (Құбылысты анықтау.
Не байқадың? Себебі?)
1. Ыстық суға қант кесегін салу арқылы;
2. Салқын суға қант кесегін салу арқылы;
3. Салқын суға марганцовка кесегін салу арқылы.
5. Еркін әңгіме – Диффузия туралы түсінік. Диффузияның пайдасы
мен зияны.
-Температураны өлшеу құралы - термометр.
|
Берілген сұрақтарға топтық жұмыс
Жауабын жазады. Бір-бірінің жауабын
тексереді.
Сұраққа
жауап.
Тәжірибе
бойынша құбылысты түсіндіреді.
|
III. Жаңа
тақырып
(20 мин)
|
“Ой қозғау” (3 мин)
1. Затты құрайтын бөлшектер қалай деп аталады?
2. Молекула дегеніміз не?
3. Молекуланың көрнекі кескіні қалай деп аталады?
4. Диффузия дегеніміз не?
5. Диффузияның температураға байланысы бар ма?
Топтастыру стратегиясы.
1. Мұз, су, бу олардың бір – бірінен ерекшелігі неде?
2. Қандай қасиеттерін білесіңдер?
2. Мағынаны тану.
“Түртіп алу” стратегиясы.(15 мин)
- Қатты дененің молекулаларының орналасуы
Пішінін мен көлемін сақтау – қатты денелерге тән қасиет.
- Сұйықтың молекулаларының орналасуы
Аққыштық, көлемін сақтау және пішінін оңай өзгерту – сұйыққа тән қасиет.
- Газдардың молекулаларының орналасуы
Газдың тұрақты көлемі мен пішіні болмайды. Олар берілген көлемді түгелдей алады.
|
Топтық
жұмыс . Талқылау. Жеке жұмыс.
Топ
ішінде жұмыс осы сұрақтар негізінде кітаппен жұмыс.
Топ
ішінде бір-біріне сұрақ қоя отырып, талдайды.
Алдымен
топта ақылдаса отырып, жұмыс атқарады.
Постермен жұмыс
|
V.Қорытындылау
(8 мин)
|
1.Ой толғаныс.
Зымыран сұрақтар
1. Молекула – кинетикалық теорияның негізгі қағидалары қанша?
2. Қатты күйдегі заттың ерекшелігі қандай?
3. Сұйық күйдегі заттың ерекшелігі қандай?
4. Газ тәрізді заттың ерекшелігі қандай?
Тест тапсырмасы
1. Көлемін және пішінін сақтайтын дене?
А) қатты б) сұйық с) газ
2. Көлемін сақтап, пішінін сақтамайтын дене?
А) қатты б) сұйық с) газ
3. Көлемін және пішінін сақтамайтын дене?
А) қатты б) сұйық с) газ
4. Химиялық элементтің қасиеттерін бойына сақтаған оның ең кіші бөлшегі.
А) атом б) молекула с) зат
5. Дененің жылулық күйін анықтайтын құрал?
А) таразы б) термометр с) мензурка
6. Заттың үш күйінің айырмашылығы неде?
А) молекулаларының өлшемдері мен б) молекулалардың орналасуы мен
с) молекулалардың құрамымен
7. Молекула – кинетикалық теорияның негізін салушылардың бірі?
А) Архимед б) Аристотель с) Ломоносов
8. Әлем кеңестігіндегі барлық нәрсе не депаталады?
А) зат б) материя с) дене
9. Кез – келген зат молекулалары өзара қалай әсерлеседі?
А) өзара тартылады
б) өзара тебіледі с) тартылады және тебіледі, өте аз қашықтықта тебілу күші тартылу күші тартылу күшінен көп болады
10) Молекулалары өзіне берілген көлем ішінде ретсіз шапшаң қозғалатын заттың қандай күйіне сәйкес келеді?
А) қатты б) сұйық с) газ
|
Сұраққа жауап
Тест тапсырмасын орындайды.
Бірін-бірі тексеріп, бағалайды.
|
V.Үй
тапсырмасын беру (2 минут)
|
Параграф
16 оқуға, 2.1 эксперименттік тапсырма, 2-кестемен жұмыс
|
Үйге берілген тапсырманы күнделіктеріне жазып алады.
|
VI.Бағалау
(5
минут)
|
Формативті
бағалау
Жиынтық
бағалау
|
Өзін-өзі
бағалау, топ басшысы тапсырманы орындауына байланысты бағалайды.
Қорытынды
баға
|
VII.Кері
байланыс.
(3
минут)
|
Мен
бүгінгі сабақта ............ білдім.
Біз
........................ үйрендік.
Маған
.................. ұнады.
|
Оқушылар
өз пікірлерін білдіреді
|
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.