Инфоурок Доп. образование Статьи"Жаңартылған білім- заман талабы" атты мақала

"Жаңартылған білім- заман талабы" атты мақала

Скачать материал

Жаңартылған білім- заман талабы

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасына дүние жүзілік білім кеңістігіне ену туралы мәселе көтеріліп отырған кезеңде  білім беру мәселесін, әдіс-тәсілдерді иновациялық  үдерістермен  алмастыру арқылы жалпы білім сапасын арттыру көзделген. Осы орайда әрбір мұғалім озық тәжірибені терең талдаудан өткізіп, өзіне тиімдісін таңдауы, іс-тәжірибесін толықтыруы керек.

ХХ ғасырдың басында Ж.Аймауытов : «Сабақ беру- жай үйреншікті нәрсе емес, ол- жаңадан жаңаны табатын нәрсе» деген екен. Әрбір мұғалім ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген, мәдени мұраларды жадында өшпестей етіп сақтаған, құзіретті жеке тұлға қалыптастыруда оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер -7 модульді өз сабақтарында пайдалану керек.

« Сабақ –оқытушының педагогикалық мәдениетінің айнасы», -деп  А.Сухомлинский айтқандай, пән мұғалімі осы жеті модульдің ішінде өз пәніне тиімдісі, жарыққа шығарары, баланың қызығушылығын оятары, білімін жетілдірері қайсы екенін көз жеткізіп, саралай келе әр сабақта бір немесе бірнеше модульді бірден қолдануға болатынын анықтайды. Әр  мұғалім өз сабағынын –көшбасшысы. Ал көшті дұрыс бағыттай білу ол шеберлігіне байланысты. Шебер мұғалімнің оқытудағы  міндеті –оқушыларды өз бетімен жұмыс жасауға тәрбиелеу, үйрету, шығармашылық қабілетін дамыту. Сабақтарда тақырып бойынша  жеке, жұптық, топтық жұмыс түрлерін қолдану оқушының ойлауын, елестету мен есте сақтау белсенділігін, дағдысын білім саласының дамуын қамтамасыз етеді. Мұғалім бала бойындағы туа біткен түрлі қасиеттерді дәл байқап, оның сапалық ерекшеліктеріне баға беріп, ары қарай өз бетінше дамыта түсіну жағдай туғызу керек, көмектесуі қажет.

Бұл үшін, әрине ұстаздың өзі де өзгеруі, яғни дәстүрлі оқытудың таптаулы сүрлеуіне арылуы тиіс. Осылайша  оқытудың жаңа мазмұнын жасауға бетбұрысты әрбір мұғалім өз ұстанымын өзгертуден бастағаны жөн. Мұғалім шәкіртке білім, білік, дағды беріп қана қоймай, ақыл-ойы мен қабілетінің дамуына көңіл бөліп, «оқи алуға үйрету керек». Мұғалім оқытуға кіріспес бұрын оқушылардың мінездерін зерттеп, білімдерін тексеруі тиіс.

« Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиялармен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» - деп Елбасы Н.Назарбаев өз жолдауында айтып қана қоймай, әр мектепте түрлі ақпараттық  коммуникативті  технологиямен  жұмыстың  жүргізілуін қамтамасыз етілуіне көңіл бөлінуде. Яғни, ақпараттық коммуникативті технологияның  білім беруде маңызы зор. Өйткені ол оқушыларға үлкен ақпараттық білім кеңістігіне жол көрсетеді.

   ҚР «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және азаматтық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған, білім алу үшін қажетті  жағдайлар жасау, оқытудың жаңа тәсілдерін енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделеді.

Бұл міндеттерді  шешу мұғалім күнделікті    ізденісі арқылы барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге жол ашады. Бұл баланың ой өрісін кеңейтіп қана қоймайды, білім деңгейін көтеруге үлкен үлесін қосады . Заманауи талап бойынша  сабақ беруде мұғалім оқушылардың жас ерекшелігін негізге алуы керек. Тапсырмаларды  да меңгеруге алатындай, сұрақтарға дұрыс жауап іздей алатындай етіп қою керек. Сол кезде сабақ күтілген нәтижеге қол жеткізеді.

1.       Мұғалім  оқыту кезінде билік жүргізу әдісінен арылуы керек.

2.       Оқыту үрдісі кезінде сабақтағы басты тұлға білім беретін мұғалім емес, осы білімді қызыға қабылдауға дайын оқушы болуы тиіс.

3.       Балалардың оқуға деген ынтасын күшейту керек.

4.       Өз дербестігін , белсенділігін дамыту қажет.

5.       Оқу, дамыту жұмысын ұтымды жүргізу үшін баланың табиғи талабын, қасиетін дер кезінде айқындау керек.

Осы қағидалар  негізінде сабақты оқытудың жаңа әдістерін қолдану арқылы жүргізу- оқушының өзін-өзі дамытуына, өз біліміндегі олқылықтарды өзі тауып, өз сұрағына өзі жауап іздеп жан-жақты білім алуына көмектеседі.  Шығармашыл мұғалімдер коуч ретінде өзге әріптестерді «Оқытудың кембридждік тәсіліне негізделген 7 модуль мәнінде, мәтінінде І,ІІ,ІІІ деңгей курсының бағдарламасымен» таныстыру және оның  элементтерін сабақ беру процестерінде қолдануларына ықпал етуі тиіс. Коучтер мұғалімдерге өздерінің оқыту тәжірибесін жақсартуға көмектесетін болады. Әріптестерінің  үйренуіне  бағыт-бағдар бере отырып, жасаған жұмысының қалай іске асатындығын бақылау үшін коучтің өзінде мынандай қасиеттер болуы керек-өзіне деген мықты сенім, биік идеялық талпыныс, кәсіби шеберлік.

 Оқушының  жеке тұлға болып қалыптасуы үшін мұғалімнің қателесуіне жол жоқ. Мұғалім білім беріп, ұрпақ тәрбиелеуде негізгі тұлға, олай болса оқушыға берілетін білімді нәтижелі, жүйелі түрде жеткізіп қателеспей оқыту –міндеті, парызы. Заманауи  оқытудың негізгі 7 модулі бойынша жаңа білімді, ақпаратты баланың өзіне игерту. Оларды сыни тұрғыда ойлануға, бірін-бірі, өзін-өзі бағалуға, АКТ мүмкіндіктерін қолдануға, дарынды балалардың қабілеттерін ашу, жас ерекшеліктеріне сай топпен жұмыс жасауға, диалогке түсу кезінде жауапкершілік сезімін қалыптастыруға дағдыландыру.

Мұғалім үнемі ізденіс үстінде болу керек. Жаңашыл ұстаз ғана заман ағымына ілесе алады. Жақсы ұстаз ғана оқыта алады. Қазіргі заманғы мұғалімнің  басты мақсаты – оқушыны терең білім алу мен сапалы ойлауды дамытуға жетелеу болып есептеледі. Бірлескен топ жұмысында оқушылар бір-бірімен ой бөлісіп, бір-бірімен тәжірибе алмасып, алынған ақпаратты топ болып түсініп, талдап, синтездейді, салыстырып болжамдар жасай отырып ортақ шешімге келеді.

   Оқыту мен оқудың жаңаша әдіс-тәсілдерін ойдағыдай меңгерген мұғалім шәкіртін білім алуға қызықтыра алады және жеке іздеуге дағдыландырады. Нәтижесінде  оқушы еркін, өзіндік дәлелдемелерін анық жеткізе білетін сенімді, сыни ой-пікірі мен көзқарастары дамыған болып қалыптасады. Қазіргі білім беру тұжырымдамасының талабында мұғалім мен оқушының қарым-қатынасы жаңа болмыстық мазмұнда өзгеріп, мұғалім – ұйымдастырушы, бағыттаушы, оқушы- ізденуші, белсенді болуы керек. Оқушының  өз бетімен білім алуының бір түрі- шығармашылық тапсырмалар орындау арқылы білім алуға қол жеткізуге болады.

Мұғалім  бұл жағдайларда танымдық іс-әрекетті ұйымдастыратын ұжымдық істердің ұйытқысы болатындықтан, оқушының шығармашылығын арттырады.

Ұлы неміс педагогы А.Дистервергтің «Жаман  мұғалім ақиқатты өзі айтып береді, ал жақсы мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді, ойлауға үйретеді» дегені мәлім.

 

«Ө.Жаңабаев атындағы орта мектеп » КММ

Оқу ісінің әдістеме жөніндегі орынбасары:А.С.Кимадилова

Физика пәні мұғалімі:Л.Т.Кусаинова

 

 

P1070326

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Жаңартылған білім- заман талабы" атты мақала"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Оператор очистных сооружений

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

"Жаңартылған білім- заман талабы" атты мақала .Бұл мақалада жаңа білім жайлы айтылады.Мұғалім үнемі ізденіс үстінде болу керек. Жаңашыл ұстаз ғана заман ағымына ілесе алады. Жақсы ұстаз ғана оқыта алады. Қазіргі заманғы мұғалімнің басты мақсаты – оқушыны терең білім алу мен сапалы ойлауды дамытуға жетелеу болып есептеледі. Бірлескен топ жұмысында оқушылар бір-бірімен ой бөлісіп, бір-бірімен тәжірибе алмасып, алынған ақпаратты топ болып түсініп, талдап, синтездейді, салыстырып болжамдар жасай отырып ортақ шешімге келеді.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 668 946 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 26.02.2018 613
    • DOCX 85.8 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Кусаинова Лаура Токановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Кусаинова Лаура Токановна
    Кусаинова Лаура Токановна
    • На сайте: 6 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 103984
    • Всего материалов: 24

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Профессионально-личностное развитие педагогических работников системы дополнительного образования в рамках применения профессионального стандарта «Педагог дополнительного образования детей и взрослых»

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 29 человек из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 363 человека

Курс профессиональной переподготовки

Нормативно-правовые и методические аспекты управления деятельностью организации отдыха детей и их оздоровления

Директор детского оздоровительного лагеря

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
аудиоформат

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы организации здоровьесберегающей среды в дополнительном образовании

72/108/144 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 55 человек

Мини-курс

Психоаналитический подход: изучение определенных аспектов психологии личности

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Современные инструменты инвестирования и управления затратами

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Преодоление внутренних барьеров: убеждения, зависимости, и самооценка

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 184 человека из 48 регионов
  • Этот курс уже прошли 43 человека