Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Социальному педагогу / Другие методич. материалы / Жалпы білім беретін мектеп жағдайындағы аутист балаларды түзете-дамыта оқытуды ұйымдастыру

Жалпы білім беретін мектеп жағдайындағы аутист балаларды түзете-дамыта оқытуды ұйымдастыру



Внимание! Сегодня последний день приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • Социальному педагогу

Поделитесь материалом с коллегами:

Жалпы білім беретін мектеп жағдайындағы аутист балаларды түзете-дамыта оқытуды ұйымдастыру



Қазіргі заманда бүкіл әлемде аутистік бүзылыстары бар балалардың саны өсуде. Бұдан 10-20 жыл бұрын бала аутизмның 10000 баланың 3 пайызында байқалса, қазір оның саны 20 пайызға дейін көбейді.

Қазақстанда да аутизммен ауыратын балалар жиі кездеседі. 2002 жылғы мәліметтер бойынша олардың саны 93 болса, 2009 жылы ол 326 -ға жетті.

Психологиялық- медициналық-педагогикалық консультациялардың статистикалық мәліметтері бойынша Каннер синдромы бар балаларды жынысына қарай бөлгенде, ұл балалар қыз балаларға қарағанда 3-4 есе көп.

Аутизмі бар балалар санының өсуі оларға түзету көмегінің дұрыс және дер кезінде көрсетілуінің қажеттілігін білдіреді. Яғни олардың жанүясының қажеттілігіне, талабына деген қоғам мен әр түрлі қоғамдық орындар жағынан түсінушілікті қажет етеді.Қоғам жағынан осындай түсінушілікті қамтамасыз ету үшін аутист балаларды оқыту мен әлеуметтік дамыту саласында ағарту жұмысын жүргізу және оның құзіреттілігін арттыру өте маңызды. Бірақ Қазақстан аймақтарындағы әлеуметтік-қоғамдық институттар аутист балаларға сапалы көмек көрсете алмайды.

Педагогтардың аутист балалармен жұмыс жүргізулерінің мамадандырылған біліктіліктері болмағандықтан, олар аутист балаларда арнайы білім беру ұйымдарында оқытудан бас тартады.

Көптеген аутист балалар үйде оқытылылады, ал бұл оларды құрдастарынан және әдеттегі қалыпты өмірден оқшаулайды.

Заңнама бойынша

Қазақстан Республикасының 11.07.2002 жылғы «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық – педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» № 343 Заңын іске асыруда дамуында ауытқушылығы бар балалардың диагнозын анықтау, емдеу, оңалту, оқу-тәрбие үрдісін жан-жақты қарастырудың қажеттігі маңызды. Осыған орай мүмкіндігі шектеулі балаларды терең тексеріп, нақты диагноз қоюға, баланың жеке дамуы жағдайына байланысты тәрбиелеу мен оқыту мақсатында облыстық ПМПК жанынан : 
а)күрделі ауытқушылығы бар балаларға;
б) эмоционалды ерік-жігерінде ауытқушылығы бар балаларға, оның ішінде баланың ерте жастағы бала аутизімі мен мінез-құлығында ауытқушылығы бар балаларға арналған екі ТДТ құрылды. 

Аутизмнің анықтамасы.

1943 жылы доктор Л.Каннер алғаш рет бала аутизмін психикалық дамудың жеке бұзылысы ретінде ерекшеленеді. Ол бала дамуындағы ауытқушылықтың ерекше түрін сипаттап, оны ерте жастағы бала аутизмі деп аталды. Қазір оны Каннер синдромы деп те атаймыз.

Бала аутизмін айналасындағы адамдармен эмоциялық қарым-қатынасты орнатудағы үлкен қиындықтардан, тәртіптің қайталанатын, біртекті түрлерін үнемі қайталай беруге талпынуынан, белгілі бір объектілермен іс- әрекеттерге қатты берілуінен, сөйлеу тілін меңгеру мүмкіндігінің сақталғанымен, сөйлеу тілінің болмауы ( мутизм ) немесе сөйлеу тілінің адамдармен қатынаста пайдаланбауынан, басқа салаларда танымдық қабілеттерінің жақсы болуынан байқаймыз.

Л.Каннер бұл бұзылыстар ерте жастан екі жарым жасқа дейін байқалады деп есептеді, бұл кейіннен аутизмнің балалардың психикалық дамуының туа біткен және ерекше бұзылыстары деп айтуға мүмкіндік туғызды.

Бала аутизмі – бұл сан қырлы бұзылыстарға жататын, психологиялық дамудың өзіндік бұзылысы. Аутизмдегі әр түрлі ауытқушылықтардың арасынан бала аутизмі синдромының негізгі және міндетті үш белгісін ерекшелейді:

  1. Қарым-қатынастың сапалы бұзылыстары;

  2. Әлеуметтік өзара әрекеттестіктің сапалы бұзылуы;

  3. Тәртіптің стереотиптік түрлері.

Сәби жастағы немесе ерте жастағы бұзылыстарда биологиялық шығу тегіне және психикалық бұзылыстарға тән ремиссиясыз және асқынусыз тұрақты ағымы көрсетіледі.

Бала аутизмі психиканың барлық жақтарындағы: танымдық және эмоциялық аймақтағы, сенсорлық және моторлық дамудағы, сондай-ақ жоғары психикалық қызметтердің, еркін тәртіптің, сананың және тұлғалық қалыптасуындағы бұзылыстарда байқалады дизонтогенезді білдіреді.

Балалардағы аутизм бұрмаланған (асинхрондық) даму ретінде сипатталады, бұнда психикалық дамудың жеке жақтарының бірі уақытында, екіншісі алға кетіп, ал үшіншісі дөрекі тежеліспен даму мумкін , сонымен бірге олардың дамуы қалыптыларға да, тежелген онтогенезге де дәл келмейді.

Психолог О.С.Никольскаяның пікірі бойынша аутистік дамудың бұрмалаушылығы қабылдаудың күрделі формалары, қимылдағы икемділік, сөйлей білу мен көп нәрсені түсіну қабілеті кездейсоқ байқалған кезде де, бала өзінің мүмкіндігін шынайы өмірде , қоршағандармен өзара іс-әрекетте пайдалануға тырыспайтындығынан да байқалады. Бала аутизмінде дамудың қалыпты даму жолы жәй ғана бұзылмайды, ол қатты бұрмаланып басқа жаққа кетеді. Аутист балалардың әр түрлі әлеуметтік қызметтен алынған ақпарат пен дағдыларын үйлесімді түрде пайдалана білмеулері олардың ең негізгі проблемаларының бірі болып табылады. Сонымен бірге мұнда егер аутистік өзіндік бұзылыстар баланың жасы келе тегістеле бастаса, ал әлеуметтік іс-әрекет, оның икемсіздігі, жағдайды түсінбеуі, еркін тәртіппен қызметтің жоғары түрінің бұзылыстары айқын байқала бастайды.

Аутизмнің этиологиясы(туындаудың себептері) мен патогенезі.

Бала аутизмін қазіргі кезде зерттеу бала аутизмінің туындауының көптеген себептері мен оның әр түрлі патологиялыр аяасында пайда болу дәлелдейді. Аутистік бұзылыстар әр түрлі туындаудың себептерінен болуы мүмкін

  1. Эндогендік-тұқым қуалаушылық.

  2. Хромосомдық абберрация және зат алмасудың туа біткен аурулары.

  3. Экзогенді- органикалық этиологиясы орталық жүйке жүйесінің органикалық зақымдалуы.

Аутизм классификациясы

Ауруларды халықаралық жіктеуде бала аутизмін және оған ұқсас бұзылыстарды жалпы психикалық бұзылыстарға жатқызады және олар төменде берілген үлгі бойынша жіктеледі:

Ғ84.0. Бала аутизмі(аутистік бұзылыстар, бала аутизмі, бала психозы, Каннер синдромы)

Ғ84.1.Атиптік аутизм(атиптік бала психозы, аутизм белгілері бар ақыл-ой дамуының кешеуілденуі енеді).

Ғ84.2. Ретта синдромы.

Ғ84.3. Бала жастағы басқа да дезинтегративтік бұзылыстар (бала деменциясы, дезинтеграциялық психоз,Геллер синдромы, симбиоткалық психоз).

Ғ84.4. Ақыл-ой дамуының кешеуілденуімен және стереотиптік қимылдармен үйлескен гипербелсенді бұзылыс.

Ғ84.5. Аспергер синдромы(аутистік психоапатия, бала жастағы шизоидтік бұзылыстары).

Ғ84.8. Дамудың басқа да бұзылыстары.

О.С.Никольскаяның бала аутизмін негізгі топтарға жіктейтін психологиялық классификациясы.

1-топ. Сыртқы дүниемен қатынастан толық бас тарту

Бұл топ балаларында жайсыздық пен белсенділіктің бұзылуы ерте жастан байқалады, бала кейіннен бұдан өзі үшін ең тиімді қорғаныс тәсілінің көмегімен өтеді(сыртқы дүниемен қатынастан толық бас тарту). Мұндай балалар өз есімін айтқанда бұрылмайды, басқалардың өтінішіне жауап бермейді, сонымен бірге өздері де ештеңе сұрамайды. Оларда, ереже бойынша мақсатты түрде бағытталған тәртіп қалыптаспайды, керісінше алаңдық бір объектіден екінші объектіге ауысуы, заттарға қол тигізу, оларды қолдарында ұстау, бір затқа өрмелеу, шеңбер бойымен жүгіру, объектілерді ұзақ уақыт енжар бақылау байқалады. Балаларда сөйлеу тілі болмайды, алайда олардың кейбіреулері кейде коммуникативті бағытталмаған жеке сөздерді немесе тіптен сөз тіркестерін де айтулары мүмкін. Балалар қоршаған ортамен қатынас үшін сөйлеу тілін, мимикамен ишаратты пайдаланбайды, жақын адамдарына деген бауыр басушылықты білдірмейді. Қоршағандарға енжарлық білдіре отырып, олар тактильді қатынасқа қарсылық білдірмейді, ол өзін тамақтандыруға, киіндіруге және басқа да іс–әрекеттерге енжар қатысады. Бұл аутизмнің ең терең түрі.

2-топ. Бұл топтың балалары ортамен қатынаста белсенділеу, тез ренжімейді, қоршаған ортамен таңдап қатынасқа түсе алады, бірақ оларға қоршаған әлемді тануға деген ұмтылыс пен қызығушылыққа қарағанда оны қабылдамау тән болады.Балалар қорғаныс тәсілі ретінде жайсыздық пен қорқыныш тудыратындардың бәрінен белсенді түрде бас тартуды пайдаланады. Сондықтан қоршаған ортамен қатынас баланың бекіткен және бұлжытпай орындайтын тәртібі бойынша ғана жүреді. Мұндай балалар үшін қалыптасқан өмірлік стереотиптерді, белгілі бір әдеттерді қатал сақтау өте маңызды.Олар таныс еместердің барлығын жаратпайды. Ұнату оларда өте тар және қатал қалыптасады, баланың тәртібін қалыптасқан әдеттің аясынан шығаруға ұмтылу, балада қарама-қарсылық реакциясын тудырады(айқайлау, жылау, агрессия). Бұл топ балаларда қолдарын сермеу, қол бастарын айналдыру, секіру, таяқшаларды және жіптерді сілкілеу сияқты қимыл-қозғалыс стереотиптері байқалады. Олар өзінің қажеттілігін білдіру үшін сөйлеу тілін пайдалана алады, бірақ олардың сөйлеу тілінің дамуы ерекше. Бұл топ балалары анасынан бир минут та ажырамайды себебі қатты қорқыныштарға беріліп кетеді.

3-топ: Балалар қатынасқа оның ішінде сөйлеу тілдік қатынасқа түсе және оны қолдай алады, бірақ оны орнату айрықша жан-жалдықпен ерекшеленеді. Олар қырсық, қыңыр болып, басқалардың пікірлерін есепке алмай, сөйлесіп тұрған адамның сөзіне және одан алған әсеріне мән бермей барлық жерде өздерінің айтқандарын істеткілері келеді.Олар үшін басқа адамдардың сезімін түсіну олардың басқалардың ісіне жауап беру,жол беріп ,жаны ашу қиындық туғызады.

Бұл балалардың жоғарыдағы топтармен салыстырғандағы психикалық белсенділігінің жоғары болғандарына қарамастан, оларда басқа аутистер сияқты өте сезімтал, тез ренжігіш болып келеді.Олар жайсыздық пен қорқынышты жеңу үшін аутистік қызығушылықтары басым болып келетін

психологиялық қорғаныш тәсілін пайдаланады. Балалар қандай да бір интеллектуалды түрдегі сабақтармен және қызығушылықтармен айлап айналысуы мүмкін.

Бұл топ балалары іс-әрекеттерін жоспарға сәйкес қатал дәйектілікпен орындауға тырысады; егер оны іс жүзіне асыру бұрмаланса, онда ол тәртіптің бұзылуына : қырсықтыққа, агрессияға , керісінше істеуге ұмтылуға әкеліп соқтырады.

4 топ.Бұл балалардағы аутизм қарым-қатынас пен өзара әрекеттестікті ұйымдастырудағы қиындық ретінде жеңіл түрде байқалады. Бұл балалар жоғары сезімталдығы мен және тез ренжігіштігімен,сын мен қолдамауды жаратпайтындығымен ерекшеленеді. Олар жақындарына бауыр басқан,олардан үнемі көңіл мен эмоциялық қолдауды талап етеді. Бұл топ балалары жасық, ұялшақ және қорқақ балалар сияқты әсер қалдырады. Оларда басқа адамдардың сезімдерін, тәртібін және олармен белсенді және икемді әрекеттес болу ұғымы, түсіну мүмкіндігі төмендеген; олар қарапайым әлеуметтік жағдайларда естері шығып кетуі мүмкін. Бұл топ балалары үшін тәртіп пен қызметтің стереотиптік формаларына ұмтылу тән. Әдеттегі стереотиптің сәл болса да өзгерген кезінде оларда бірден қорқыныш пен ыңғайсыздықтың жоғарлауы байқалады. Қимыл-қозғалыстыңтежелулігі мен сенімсіздігі тән. Оларда жиі жағдайда психикалық және сөйлеу тіл дамуының тежелуі байқалады. Сөйлеу тілі байланысқан, бірақ кедей, көмескі.

Аутист баланың психикалық дамуының ерекшеліктері.

Аутист балалардың ата-анасы және оларды бақылайтын бала дәрігерлері әдетте олардың өмірінің бірінші жылында нәрестенің психомоторлық дамуындағы қандай да бірауытқушылықтарды байқамайды. Көптеген аутист балалардың психофизикалық дамуы олардың өмірінің бірінші жылында жас шамасы нормативтеріне сәйкес болады. Баланың эмоциялық дамуы да оның бір жасқа дейінгі жас ерекшеліктеріне қарай одан психикалық жоғары белсенділікті күтпейтіндіктен ата-анасын көп алаңдатпайды.

Сонымен бірге мамандарға аутист балалардың психикалық ерекшеліктері олардың өмірінің алғашқы айларында –ақ, әсіресе ерте аффекті немесе эмоциялық-коммуникативті саласының дамуынан байқалатыны жақсы мәлім. Сәби жас.

Коптеген сәби балаларда ересек адамның эмоциялық қатынасына әлсіз көңіл аударулар байқалды, олар өзіне көңіл аударуларды талап етпейді, қолға алуды сұрамайды, өздерімен өздері болып тыныш жата береді. Анасының қолындағы бала оған жабыспайды, құшақтамайды табиғи және жайлы қалыпты қабылдаудан қиналады. Оларда адамның бетіне қызығушылық байқалмайды, қараған күнде де олардың көзқарасы адам бетіне қарамай жанай өтіп кетеді. Бұл сәбилерде жиі жағдайда жеке сенсорлық әсерді жоғары деңгейде бекіту байқалады. Олар кілем немесе түс қағаз өрнектері ұзақ уақыт мұқият қарайды, қабырғадағы көлеңкенің қозғалысын бақылайды, 3-4 айдан бастап, жарнаманы немесе мультфильмді басқалардан ерекшелеп ұзақ қарай бастайды. Олардың тағы бір ерекшелігі кітаптың бетін парақтау, бір нәрсені шиқылдату, саусақтарын салалау, арбаны тербету, секіруді жақсы көреді.

Ерте жас.

Егер баланың ата-анасы аутист бала өмірінің алғашқы бір жарым жылында оның дамуындағы проблемаларды байқамаса, бала өмірінің екінші жылының соңы мен үшінші жылының басында айқын байқалады. Жақын адамдары атын атап шақырса оның қарамайтыны, ата-анасымен өзара әрекетке ұмтылмайтыны, басқаға еліктемейтіні, басқа балалар ойнайтын ойынды ойнамайтыны, тек бір істі бар көңілімен қайталай беретіні басты белгісі болып табылады.

Аутист балаларда ерте жастан-ақ қоршаған заттардың пішініне, шығу тегіне деген қызығушылық пайда болады. Ата-аналар баланың текшелерді, пирамидалардың шығыршықтарын, қарындаштарды түсіне қарай өзі топтастыратынын, заттарды пішініне қарай сұрыптап, көлемі бойынша қатарлап тізетінін, арнайы үйретпесе де компьютер, ұялы телефонды пайдалана алатынын, жиі жағдайда екі-үш жастағы балалар әріптерді , цифрларды білетінін, көру, музыкалық есте сақтау, тақпақтарды есте сақтау қабілеттерінің болатынын айтып отырады.

Мектепке дейінгі жас.

Мектепке дейінгі жастағы балалардың қоршаған ортамен қарым-қатынасы мен өзара әрекетте болудың қиындығы, сөйлеу тілінің дамуының тежелуі, баланың тәртібіндегі проблемалар ата-анасына айқын байқала бастайды да, олар мамандардан көмек сұрай бастайды.

Мектеп жасы.

Мектеп жасындағы кейбір балалар (1 топ) басқаруға көнеді, жақын адамдармен арадағы әрекеті бағытталған түрде өтеді, сөздік өтініштерді орындай бастайды, болып жатқан жағдайларға қызығушылық байқалады, сөйлеу тілі пайда болады да, өз қалауын білдіру үшін жеке сөздермен сөз тіркестерін пайдалана бастайды.

2 топ балаларында мектептегі оқу үшін қажетті мүмкіндіктері үлкен болады. Кейбіреулері бастапқы кезде бейімделуге қарсы тәртіпті көрсетуі мүмкін, бірақ аз уақыт өткен соң мектеп өмірінің жалпы стереотипі пайда бола бастайды да оны бұлжытпай орындайды.

3-топ балаларының мектеп өміріне бейімделу немесе оқу материалын меңгеруіне байланысты проблемалар болмайды. Бірақ қиындық баланың тәртібінде туындайды. Оқуда жеткен жоғары нәтижелері, мұғалімнің қойған жоғары бағасы мен мақтауын уәж еткен бала, одан тек өзіне көңіл аударуды талап етеді, онымен үнемі өз қызығушылығы тақырыбында ғана сөйлескенді қалайды. Мұндай бала үнемі бірінші болғанды, барлық сұрақтарға өзі жауап бергенді қалайды, қарсылыққа төзбейді.

4-топ балалары тежелудің жоғарлығына, тез қажып, шаршағанына, жылдам ренжігіштігіне қарай оқуда қиындықтарға кездеседі. Бұларда айтылған сөзді түсінудегі қиындықтар, нұсқауды қабылдау мен материалды меңгерудің баяулылығы байқалып, мұғалім көмегін қолдауын қажет етеді. Бұларды ПДТ бағдарламасы бойынша оқыту ұсынылады.

Аутист балаларға арнайы көмек көрсету

Аутист балаларға арнайы көмек көрсету жүйесі өткен ғасырдың 60 жылдарында алғаш рет АҚШ пен Батыс Еуропа елдерінде қалыптасуын бастаған. Еуропада ең бірінші аутист балаларға арналған мектеп Данияда 1920 жылы ашылған. Кейін кейбір жеке меншік мекемелер аутист балаларға көмек көрсеткен, бірақ ол кезде, нақты оқыту мен түзеудің әдістемелік, ғылыми негіздемесі болмаған.

Ресей ғалымдарыың мәліметтері бойынша уақытымен түзетушілік көмек көрсетілген жағдайда аутист балалардың 60 пайызы жалпы білім беру бағдарламалары бойынша, 30 пайызы арнайы білім беру бағдарлама бойынша оқуға қабілетті, ал 10 пайызы отбасында әлеуметтенуге мүмкіндіктері бар. Бірақ түзетушілік көмексіз қалған жағдайдағы балалардың 75 пайызы әлеуметтік ортаға бейімделе алмайды, 22 -23 пайызы шамалы бейімделеді, тек 2-3 пайызы әлеуметтік бейімделудің жеткілікті деңгейіне жетеді.

Аутист балаларға арнайы көмек көрсету жүйесі өткен ғасырдың 60 жылдарында алғаш рет АҚШ пен Батыс Еуропа елдерінде қалыптасуын бастаған. Еуропада ең бірінші аутист балаларға арналған мектеп Данияда 1920 жылы ашылған. Кейін кейбір жеке меншік мекемелер аутист балаларға көмек көрсетуді бастаған, бірақ ол кезде нақты оқыту мен түзетудің әдіснамалық, ғылыми негіздемесі болмаған.

Қазіргі уақытта балалық ерте шақтағы аутизмді түзетудің әдістемелік негіздері әр түрлі. Жиі кездесетін бихевиористік психологияның негізінде операнттық оқыту (мінез-құлықтық емдеу).

Бұл түзету әдісі АҚШ-та және басқа да елдерде кеңінен тараған. Әдістің негізі қажетті қылықты, әрекетті қалыптастыру үшін сыртқы жағдайларды арнайы қамтамсыз ету, әлеуметтік-тұрмыстық бейімделу, сөйлеу тілін дамыту, оқу немесе еңбек ету дағдыларына үйрету. Бұл әдіс бойынша оқытылған балалардың 50-60 пайызы жалпы мектеп бағдарламасын меңгере алады, кейін орта, жоғары оқу орындарында оқуын жалғастыра алады.

Операнттық оқыту әдістен басқа шет елдерде ТЕАССН атты бағдарлама (Э.Шоплер,Р.Райхлебер), холдинг терапия (М.Уелш) күнделікті өмір сүру жағдайын қамтамасыз ету арқылы емдеу (К.Китахара) т.б тәжірибеде жиі пайдаланады.

Ресейлік тәжірибеде ең танымал К.С.Лебединская мен О.С.Никольскаяның аутизмді түзетудің кешенді медициналық-психологиялық-педагогикалық әдістемесі. Бұл әдістеменің негізгі ерекшелігі дәрігер, педагог пен психологтардың бірлесе, тығыз байланыста жұмыс жасау. Өткен ғасырдың ортасынан бастап балалық ерте жастағы аутизмді зерттеулер басталуына қарамастан, қазіргі уақытқа дейін арнайы кешенді көмек көрсету жүйесі құрастырылмаған.

Бұл жерде кейбір балаларды жалпы мектептегі арнайы сыныптарда оқыту тәжірибесі бар екенін айту керек.Бірақ сол балаларға арнайы психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету қажеттілігі негізгі талап.

Л.Каннер бойынша ерте балалық шақтағы аутизм синдромы келесі үш көрсеткішті біріктіреді: аутистикалық уайымдар, стеротипі, үйреншікті, бір қалыпты мінез-құлық, сөйлеу тілінде ерекше сипаттағы кемістіктер

Емдеу

Бұл қатерлі кеселді емдейтін психиатрлар тапшы. Кейбір дәрігерлер оны қатерлі ауру ретінде қарастырмай, жай ғана психологиялық дерттің түріне жатқызады, сөйтіп, психикалық ауруларға тек кеңес берумен шектеледі. Мұның соңы балалардың өсе келе әлеуметтік ортаға бейімделуін қиындатады, айналадағы адамдардың өзіне деген түсінбеушілігін тудырады. 
Негізінен, аутист балаға үш жасқа дейін ем қолданса, оны аталған дерттен құлан таза айықтыруға болады. Ал дер кезінде шара қабылдамаса, бала өсе келе қоғамға бейімделе алмайды. Бастапқыда ата-ана баланың мінез-құлқын түсінбейді. Аутист бала да өзінің айналасында не болып жатқанын ұқпайды. Ол үнемі басқа әлемде жүргендей мінез танытады. Мұндай балалардың барлығына нақты көмектер керек. Аутизмге шалдыққан балалардың мінезі басқа қатарластарына қарағанда өзгеше болады. Олар қоғамға араласқысы келмейді емес, дұрыс араласа алмайды. Оның себебі, орталық жүйке жүйесі бұзылған. Мұндай дертке шалдыққан балаларды тәрбиесі қиын балаларға жатқызуға болады. Мұндай ауруды емдеуге болады. Тек мемлекеттің толық, жан жақты қол-дауы және ата аналардың келісімі қажет. 
Бала аутизіміне шалдыққан балаларды неғұрлым ертерек анықтап, ем алса, медициналық, әлеуметтік, психологиялық-педагогикалық түзеу көмектерді дер кезінде беруге болады. Ата-аналар балаларының қылығында өзгешелік, яғни сөйлесудегі қиындықтар, тіке қарамау, адамдармен араласа алмау және қайталана беретін қимыл-қозғалыс, баланың ұзақ уақыт бойы тек бір нәрсемен айналысып отыра беруі, өзімшіл әрекет жасауын байқаса, бірден бала дәрігеріне тексеруден өткізгендері дұрыс. Бала дәрігерлері ата-аналарға түсіндіріп айтып, психиатр дәрігерге көріну қажеттігін ұғындырулары керек

Аутист балалар суды өте жақсы көреді. Сондықтан оларды «жаңбыр балалары» деп атайды. Бұл балалар суды көргенде ғана эмоциялық әрекет жасауы мүмкін. Дамыған елдерде арнайы терапия бар. Ол дельфиндермен емдеу. Дельфинотерапия арқылы аутист балалардың 70%-ы жазылып кетеді деген тұжырымдаманы ғалымдардың дәлелдеп шыққаны қашан. Өкінішке орай, Қазақстанда емнің бұл түрі жоқ. Жануарлармен емдеу жағы да ақсап тұр. Иппотерапияны қолға алып едік, арнайы мамандар мен қаржының тапшылығынан ол да тұралап қалды. Жылқымен серуендеу емін қазақтан артық білетін жан жоқ десек, бұл жағдай қазақтығымызға сын болып отырғаны да рас.



Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Башина В.М.Аутизм в детстве.-М.:Медицина-1999.

2.Гилберт К., Питерс Т. Аутизм.: Медицинское и педагогическое воздействие: Книга для педагогов- дефектологов-М.Владос.-2003.

3.Каган В.Е. Аутизм у детей –М.: Медицина, 1981.

4. Лебединский В.В.,Никольская О.С.и др. Эмоциональные нарушения в детском возрасте и их коррекция.-.:МГУ-1990.

5. Лебединский В.В.,Никольская О.С Диагностика раннего детского аутизма.-М.: Просвещение-1991.

6. Методические рекомендации по определению детей с аутизмом в организации образования.

7. Никольская О.С., Баенская Е.Р., Либлинг М.М. Аутичный ребенок. Пути помощи.- М.: Терефинф-1997.

8. Никольская О.С., Баенская Е.Р., Либлинг М.М.,Костин И.А., Веденина М.Ю., Аршатский А.В.,Аршатская О.С. Дети и подростоки с аутизмом. Психологическое сопровождение.- М.: Терефинф-2005.







57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 10.01.2016
Раздел Социальному педагогу
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров667
Номер материала ДВ-322283
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх