Инфоурок Другое Другие методич. материалы"Жапырақтар сарғайғанда" күзгі бал

"Жапырақтар сарғайғанда" күзгі бал

Скачать материал

Тақырыбы: Жапырақтар сарғайғанда

Мақсаты: Мектебімізде өткізіліп жатқан «Жапырақтар сарғайғанда» атты арайлы алтын күз мерекесіне ұйымшылдықпен қатыса отырып, күз-байлық, күз-береке, күз-молшылық,               күз-шаттық, күз-қуаныш екеніні оқушы санасына жеткізу. өздеріне ерік бере отырып, ауызбіршілікке, ынтымақтастыққа баулу.

Жүргізуші: Армысыздар, қымбатты ұстаздар, оқушылар!  «Жапырақтар сарғайғанда» атты күзгі бал кешіне қош келдіңіздер. Бәрекелді, мерекелі алтын күз құтты болсын. Қасиетті күз мезгілінің бір сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Күз дегеніміз- жазира  даланың дархан дастарханы. Күз дегеніміз- байлық, молшылық.

Алтын күз біз бен сізге шуақ шашсын,  

Көңілді серіппелі күйін ашсын.

Бақ пенен  шаттық бірге қатар қонып,

Береке бірлікпенен ортақтассын.

Көңіл қойып, құлақ салыңыздар!

Үнсіздік орнап тына қалыңыздар!

Бүгінгі біздің бағдарламамызда:  

Келтіретін әрдайым сезім күйін,  

Көресіздер қызықтың неше түрін  

Әншінің анықтаған әнін естіп,  

Көңіліңіз қалары хақ бір серпіліп.  

Осылай бәрі-бәрі болып жатса,  

Мақсатқа қалар едік біз де жетіп.    

Жүргізуші:  Нағыз сары алтындай сары күз-қыркүйек айы. Ол-еңбек айы. Күз маусымының екінші ай – қазан. Бұл ай – мереке басы. Өйткені дихандар сабантой жасайды. Күздің соңғы айы-қараша. Қараша десе дегендей, айнала теп-тегіс сүреңсіз. Жапырағынан айрылған ағаш қара суыққа қалтырап, жүдеу далаға өң бере алмай селтиеді.  

Күз мейрам құтты болсын баршаға,

Күздің сәні келіп қапты ортаға.

Әділқазы алқалармен таныстырып,

Кетейінші осы отырған баршаңа,-дей отырып құрметті көрермендер әділқазы алқаларымен таныстырып өтейін.

1. Мектебіміздің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Шораева Нәзігай апай.

2. Бейінді оқыту жөніндегі орынбасары: Нысанбаев Бақберсін ағай.

3.  Мектебіміздің химия биология пәнінің мұғалімі: Айтөреева Ақмарал апай.

 Жүргізуші: Қош келдіңіз көрермен,

«Арайлы алтын күз» кешіне  

Отырыңыз қол соғып,  

Шат күлкіге бөлене.  

Көбейді құт-береке,  

Астық толы қоймамыз

Құтты болсын мереке,  

«Арайлы , алтын күзді» тойлаймыз. 

Жүргізуші: Жиылған қауым, армысыздар, бәріңіз,

Келіп жетті алтын дәнді сары күз.

Бірге болып қуанышта бәріңіз,

Бізбен бірге шаттық әнін салыңыз.

Күз – мереке, күз – ырыстың белгісі,

Қайтып барады мекеніне жыл құсы.

Әнге ұласып, жырға ұласып даламыз,

Алтын күздің той думаны басталды-дей отырып, құрметті көрермендер, бүгінгі жыл сайын мектебімізде өтетін дәстүрлі «Күзгі бал» кешіне жиылып отырсыздар. Бұл сынға 5-9 сыныптар аралығынан 5 топ қатысқалы отыр.Осы топтар арасынан «Алтын күздің» ханшайым мен ханзадасын бірге таңдайық.

Жүргізуші: Бүгінгі өтетін «Жапырақтар сарғайғанда» атты алтын күз мерекесінің бағдарламасымен таныстырып өтейін. Бағдарлама тоғыз бөлімнен тұрады.

1-бөлім: «Сәлем –сөздің атасы»  (топ аты, төс белгі, альбом) бұл бөлімде  әр топ өздерін таныстырады.

2-бөлім: «Өнерлі өрге жүзер»  (күй тарту, ән айту, күз тақырыбында өлең оқу).

3-бөлім: «Кім білгір?»  (салт-дәстүрден сұрақ жауап,  жұмбақ шешу , мақал-мәтел).

4-бөлім: Күз сыйы  (Күзгі көкөністерден, жеміс – жидектерден көрме)

5-бөлім:. «Ас-адамның арқауы» » (нан өнімдерін жасау, салат жасау, оның жасалу жолы туралы айту)

6-бөлім. Үй тапсырмасы «Күз, береке молшылық » тақырыбындағы қабырға газеттерін қорғау.

7-бөлім: «Әзіл – аралас сұрақтар»

8-бөлім: «Сымбат көрік , сәндік өнер»  сән үлгісі (2016  жылдық күздік киім үлгісі).  

9-бөлім: Қорытынды.

Жүргізуші: Күзгі мейрам құтты болсын баршаға,

                     Күздің сәні келіп қапты ортаға.

                     Сайысушы топтарды  шақырайық,

                     Таныстыру кезегін бір жалғаса.

Ондай болса енді  «Жапырақтар сарғайғанда» атты сайысымыздың бірінші бөлімін бастайық.Қол соғып қошеметтеп қарсы алыңыздар.

5-сынып - «Алтын жапырақ» тобын ортаға шақырамыз.

6-сынып – «Алтын тал» тобын ортаға шақырамыз.

7-сынып - «Ақ күріш» тобын ортаға шақырамыз.

8-сынып - «Алтын күз» тобын ортаға шақырамыз.

9-сынып - «Ақ қайың» тобын ортаға шақырамыз.

 Жүргізуші:Ал енді әділқазылар алқасы бірінші бөлімнің қортындысы бойынша сайыскерлерлеріміздің бағаларын берсеңіздер.

2- бөлім. Жүргізуші:Алтын  күз шаттық алып кел,

                                  Өнерлі жанға шабыт бер.

                                 Адасқан жанға бағыт бер,

                                 Болсаңшы біздің бақытты ел-дей келе «Өнерлі өрге жүзер» сайысына кезек береміз.Ендеше қатысушы сайыскерлеріміздің өнерлерін тамашалайық.

Ал енді екінші бөлімнің қортындысы бойынша әділқазылар алқалары сайыскерлеріміздің  бағаларын берсеңіздер.

3-бөлім: Жүргізуші: Кезекті бөлім «Кім білгір?» деп аталады. Бұл бөлімде әр топ  жұмбақтың  шешуін табады, күз тақырыбында мақал-мәтел айтады . Ендеше  топтарды   қарсы алайық!

·         1 . Жеті қазынаға нелер жатады?

(ержігіт, сұлу әйел, жүйрік ат, қыран бүркіт, мерген мылтық, құмай тазы, ақыл-білім).

2. Бұл не деген көп киім,

Жетпіс қабат көк киім.

Жаңбыр одан өтеді,

Түймелеуге жетпейді.               Жауабы: (Қырыққабат, капуста, brassica )

3. Күз тақырыбынды мақал –мәтел айту.

·         1. Жеті жұртты ата?

(құрғақшылық, ашаршылық, өрт,су, оба, соғыс, зілзала)

            2.Ызақор бұғып жатыр,

Сақалын тығып жатыр.       Жауабы: (Пияз, лук, piyaz )

3. Күз тақырыбынды мақал –мәтел айту.

            1. Жеті жоқты ата?

  (жерде - өлшеуіш жоқ, аспанда тіреуіш жоқ, таста тамыр жоқ, тасбақада талақ жоқ,                            аллада            бауыр жоқ, аққуда сүт жоқ, жылқыда өт жоқ)

            2.Көк ала костюм киеді,

        Күнің көзін сүйеді.                     Жауабы: (Қарбыз, арбуз , watermelon )

3. Күз тақырыбынды мақал –мәтел айту.

·         1. Қазақтың ұлттық ойындарын ата?

            (тоғызқұмалақ, бестас,ханталапай,ақсүйек, орамал тастамақ).

          2.Күннен көзін алмайды

        Мойны бірақ талмайды.         Жауабы: (Күнбағыс,  подсолнух )

3. Күз тақырыбынды мақал –мәтел айту.

·         1. Жасау дегеніміз не?

            (Ұзатылған қызға берілетін  дүние мүлік «жасау» деп аталады)

            2.  Бақшаның алып жемісі,

          Қайнамай піспес келісі.

          Қоңыр күзге сақтайды,

         Сары майдай ел іші             Жауабы: (Асқабақ, тыква)

3. Күз тақырыбынды мақал –мәтел айту.

Жүргізуші: Алтындай сылдырлайды күздің үні,

  Жібектей майда шуақ алтын күні.

  Биылғы мерекелі нұрлы күздің ,

 Тамаша бірдей сұлу күн мен түні

 Сондықтан биылғы күз мерекелі,

 Көрсетеді өнер әр салада сайысып,

 Қимылдары жүргендей бір жай ұшып

 Табиғат өнімдерінен көрме жасап.

 Қыздарымыз бармақтарын  майыстырып

Сайысымыздың келесі кезеңі жеміс-жидек, көкөністерден әр түрлі формада жасалған шығармашылық өнерлеріне кезек береміз. Берекелі Күз-мерекеміз-дей отырып,  келесі бөліміміз «Күз сыйы» деп аталады.Сайыскерлер өз шығармашылық дүниелеріңіздің қалай жасалғанын және неден жасалғанын айтып, түсіндіресіздер.

Жүргізуші: Ал енді  «Күз сыйы» сайысының қорытынды бағаларын білейік. Ендігі кезек

 әділ-қазылар өздеріңізде.

Жүргізуші: Көрсетеді өнер әр салада сайысып,

Қимылдары жүргендей бір жай ұшып

Мерекелік ас мәзірін жасапты,

Қыздарымыз бармақтары майысып.

«Ас адамның арқауы» (нан өнімдерін жасау, салат жасау).Мұнда сайыскерлеріміз күзгі өнімдерден салат, нан өнімдерін дайындап әкелу керек болатын, олай болса,

ханшаларымыз өздері жасап әкелген ас мәзірлерімен таныстырады.Саусағынан бал тамған ханшаларымыздың ас мәзірлерімен танысып болсақ, әділқазылар алқасынан өнер сайысының бағасын сұрасақ.

Жүргізуші: Көк майсалы, көрікті

 Алқаптағы көп егін.

Бұл күндері киіпті

Сары жібек көйлегін , демекші сайысымыздың алтыншы бөліміне кезек берейік. Келесі бөліміміз  топтарымыздың дайындап келген «Күз, береке молшылық» тақырыбындағы қабырға газеттерін қорғау. Ендеше  топ басшыларын  қарсы алайық!

Жүргізуші:   «Күз, береке молшылық» бөліміміздің бағаларын берсеңіздер.

Сөз кезегі әділ-қазылар өздеріңізде.(Берілген бағалар тыңдалынады)

Жүргізуші: Кезекті бөлім «Әзіл - аралас сұрақтар» деп аталады. Ендеше  топтарды   қарсы алайық!

«Әзіл – аралас сұрақтар»

5-сынып

1. Білгенің қанша? Білмегенің қанша?  (Білгенім бір тоғыз, білмегенім 99)

2. Адамның қай мүшесі қорқақ?  Қай мүшесі батыр? (Көз қорқақ, қол батыр)

3.Көрдім  деген  неше  сөз? Көрмедім  деген неше сөз? (Көп сөз, бір сөз)

6-сынып

1. Қарғыстың ең жаманы не?  (Өзің білме, білгеннің тілін алма)

2. Қандай кілт аспанда болады?  (Кісідегінің кілті аспанда)

3. «Әдепті бала арлы бала», ал әдепсіз бала ше?  (Сорлы)

7-сынып

1.Неден не жаман?  (Олақтан  салақ  жаман)

2.Тауық түс көре ме?    (Тары кіреді)

3.Күнбағардың түбірі нешеу? (Күн+бақ)

8-сынып

1.Адамда арқау бола ма?  (Ас – адамның арқауы)

2.Қандай бас аяққа тыным бермейді  (Мисыз бас)

3.Қалжыңға бас қосылса, әуеске қой қосылса, қандай түбір болады? (Қалжыңбас,әуесқой)

9-сынып

1.Ер неше рет өледі? Қорқақ неше рет өледі? (Ер 1 рет, қорқақ 1000 рет)

2.Қайтсең, тегін ішесің? (Ексең егін, ішерсің тегін)

3.Түйеге жұрнақ жалғанса, кім болады? (Түйеші)

Жүргізуші: Бүгінгі кеш өтіп жатыр өз мәнімен

Әр сұлу әсем болар өз сәнімен

Күз сәні өнерімен ортаға шығып

Сән көрсетер сайыскерлер сәнімен - деп сайыскерлерді «Сымбат көрік ,сәндік өнер» үлгісінде ортаға шақырамыз.

Қазылар алқасы «Сымбат көрік, сәндік өнер»  бөлімі бойынша бағаларыңызды берсеңіздер.

Жүргізуші:   Ойнайықта та ойлайық!

Қатардан  қалып қоймайық,

Белсенді болып  ортада,

Уақытты текке   жоймайық!

Жүргізуші: Ендігі кезекті қортындылау үшін, сөз кезегін мектебіміздің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Шораева Нәзігай апайымызға береміз.

 Жүргізуші:       

Білім- теңіз, мектепті кеме дейміз,

Білім мен тәрбие егіз неге дейміз,  

Әдемі мен тәлімі үндесетін,

Жастарды болашаққа жетелейміз.

Жеңістер мен жеңілістен тұратын

Өмір-күрес, жеткізе ме мұратын.  

Жеңбедім деп, жеңілдім деп ренжімегің,

Қатысу да бір жеңіс, жан болсаң сен ұғатын.

Қош демейміз, әлі талай сайыстар бар

Өнерлерің өрлей берсін, қайыспаңдар,

Ойлы орта кеңейсін күннен-күнге

Өскен елдің жұртынан қалыспаңдар,-деп отырып бүгінгі «Жапырақтар сарғайғанда» арайлы алтын күз  атты кешімізді аяқтаймыз. Жеңісті күндерде кездескенше, достар!!!  

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Жапырақтар сарғайғанда" күзгі бал"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Землеустроитель

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 536 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 27.01.2017 1722
    • DOCX 56.6 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жанасбаева Назымкул Копирбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 9601
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 155 человек

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 283 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 850 человек

Мини-курс

Создание контента и заработок в онлайн среде: регулирование, продвижение и монетизация

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 245 человек из 60 регионов
  • Этот курс уже прошли 66 человек

Мини-курс

Неорганическая химия

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 14 регионов

Мини-курс

Литература и культура

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 11 человек