Инфоурок Химия КонспектыЖаратылыстану пәндерін оқыту үдерісінде ақпараттық-білім беру ортасын жобалау.

Жаратылыстану пәндерін оқыту үдерісінде ақпараттық-білім беру ортасын жобалау.

Скачать материал

Выберите документ из архива для просмотра:

Выбранный для просмотра документ Баяндама.docx

 

Жаратылыстану  пәндерін оқыту үдерісінде ақпараттық-білім беру ортасын жобалау.

 

Тақырыптың өзектілігі: Сабақта ақпараттық технологияларды тиімді қолдану арқылы оқушылардың білім деңгейін арттыру.

Мақсаты: Шығармашылықпен жұмыс істей отырып, заман талабына сай іскер, жан-жақты, терең білімді, интеллектуалдық деңгейі жоғары дамыған шәкірт тәрбиелеу.

Міндеті: Білім беру үрдісінде оқытудың жаңа технологияларын айқындайтын әдістемелік, педагогикалық басылымдармен танысу. Сабақта оқытудың ақпараттық білім беру технологияларын тиімді қолдана білу. Оқушының таным белсенділігін қалыптастыру барысында шығармашылық ізденістің тиімді жолдарын үйрету, білім сапасын көтеру.

«Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақ тағдыры ұстаздың қолында»
                                  Н.Ә.Назарбаев

      Ертеңгі келер күннің бүгінгіден гөрі нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш тек білімге ғана тән. Олай болса, білім беруді ізгілендіру, ақпараттандыру – бүгінгі заман талабы. Ақпараттық білімнің, орта мен адамның өзара қарым-қатынасын үйлесімді ету және жаңа ақпараттық қоғамда ақпараттық технологияны пайдалану, ақпараттық мәдениетпен байланысын кеңейту мүмкіндіктері мол. Өркениеттің өсуі ақпараттық қоғамның қалыптасуымен тікелей байланысты екенін ескерсек, қазіргі кездегі білім мен техниканың даму деңгейі әрбір адамға сапалы және терең білім мен кәсіби іскерліктердің болуын, жастардың белсенді шығармашылықпен жұмыс істеуін талап етеді. 

«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет»

                                                                                                                                   Н.Ә.Назарбаев

Білім ақпараттық қоғамда, жаһандану заманында құнның негізгі көзіне айналуда. Ғылым мен жаңа технологияларды, білім беруді дамытудың жаһандық үрдістері: 
1. Ақпараттық коммуникациялық технологиялар. 
2. Ақпараттық мәдениет орталығы. 
Ақпараттық-коммуникациялық технологияға ғаламтор, теледидар, электрондық почта, радионы жатқызуға болады. Мұғалім ақпараттық коммуникациялық технологиялар арқылы оқушылармен байланысын жеке-дара жақындаса алатындай жолмен жүргізуге мүмкіндік алады. Сонымен қатар пәндерді оқыту әдістемесіне  ғаламтор жүйесін қосу сапалы білімнің қайнар көзі болар еді.  Ғаламтор жүйесі арқылы оқыту оқушылардың өзара ақпарат алмасуын мүмкін етеді, танымдық қызметін арттырады, білім алуға қызығушылық ұлғайып, өз бетінше ізденуге ұмтылдырады. Оқушылардың мұндай қабілеттерін ашып, танымдық іс-әрекетін қалыптастыратын әрине, мұғалім екені даусыз. Оқытудың бұл жүйелерінде мұғалім тек басшылық жасайды әрі ұйымдастырушы, бағыттаушы рөлінде болады. 

І. Кіріспе бөлім.  
      Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы орта білім беру жүйесінің дамуымен тығыз байланысты. Қай халықтың, қай ұлттың болсын толығып өсуіне, рухани әрі мәдени дамуына басты ықпал жасайтын тірегі де, түп қазығы да – мектеп. Мектептердің білім деңгейін көтеру және онда ақпараттық  құралдарды пайдалану арқылы оқу – тәрбие процесін тиісті деңгейге көтеру, мектеп ұстаздарының, басшыларының, педагогикалық ұжымның жүйелі басшылыққа алған бағыты деп есептейміз. Ақпараттық құралдарды қолдану негізінде мектепте жаратылыстану бағытының пәндерін оқыту сапасын арттырып, білім беруді ақпараттандыру жүйелі түрде іске асады деуге болады.
     Қазіргі білім беру саласында әлемдік білім кеңістігінде бағытталған қайта құру қалыптасуда.

     Білім беру  жүйесі білім мазмұнынын  ұйымдастыруды, өзгертуді,      жаңартуды талап етеді.

    Дамыған  елдердегі білім беру жүйесінде ерекше маңызды  мәселелердің бірі- оқытуды ақпараттандыру;

яғни оқу үрдісінде  ақпаратты- коммуникациялық технологияларды пайдалану. Қазіргі таңда елімізде білім беру жүйесінде жаңашылдық қатарына ақпараттық кеңістікті құру енгізілді.

   Жаратылыстану  пәндерінде ақпаратттық технологияларды  пайдалану арқылы оқушылардың ақпараттық құзыреттілігін қалыптастыру, қазіргі заман талабына сай ақпараттық технологияларды, электрондық оқулықтырды         және ғаламтор ресурстарын  пайдалану оқушының білім беру үрдісінде  шығармашылық қабілетін    дамытуға  зор мүмкіндік береді. Оқушылардың ақпараттық құзырлығы мен ақпараттық мәдениетін қалыптастыру қазіргі таңда үздіксіз педагогикалық білім беру жүйесіндегі ең көкейтесті мәселелердің біріне айналып отыр.

      ІІ. Негізгі бөлім

 

     Химия сабағында ақпараттық - коммуникациялық технологияларды пайдаланудың тиімділігі:

оқушының өз бетімен жұмысы;

аз уақытта көп білім алып уақытты үнемдеу; білім- білік дағдыларын тест тапсырмалары арқылы білу;

шығармашылық есептер шығару кезінде ақпараттық процестерді түсіндіру экономикалық тиімділігі;

оқушының ой өрісін, дүниетанымын кеңейтуге ықпалы зор ақпараттық технологияларды қолдану;

өз бетінше тұжырым қорытындыға келу қабілетін дамыту;

ұқсас құбылыстар арасынан тиімділерін таңдай білу;

Оқу процесінде оқытудың ақпараттық – коммуникациялық технологияларын тиімді пайдалану және қолдану  айтарлықтай оң нәтиже беріп отыр. Атап айтсақ, оқушылардың өз бетімен ізденісі, пәнге деген қызығушылығын арттырып, шығармашылығын дамытуға, оқу қызметінің мәдениетін қалыптастыруға, дербес жұмыстарын ұйымдастыруға ерекше қолайлы жағдай туғызып отыр.

   Білім- болашақ бағдары, кез- келген оқу орнының басты міндеттерінің

бірі- жеке тұлғаның құзыреттілігін дамыту. Химия пәнінен есептерді көп шығаруды қажет етеді, уақыт жетпейді деген ойды қажет етпеу керек. Ерітіндіде еріген заттың массалық үлесін табу тақырыбы бойынша есеп шығару кезінде осындай кестені пайдаланк өте тиімді.

Массалық үлес

(%)

Ерітіндінің массасы (г)

Еріткіш массасы

(г)

Еріген зат

массасы (г)

 

50

 

5

10

100

 

 

 

 

25

10

 

300

 

15

 

500

450

 

   Тағы сол сияқты есептерді шығару, түрлендіру оқушы белсенділігін арттырады. Аз ғана уақыттың ішінде бірнеше есеп шығаруға мүмкіндік туады. Оқушыларға білім беруде мұғалімнің теориялық білімі мен практикасы, шеберлігі үлкен рөл атқарады.

  Мұғалімнің бірінші мақсаты – оқушының химия пәнінен деген алғашқы көз қарасын қалыптастыру.

Оқушыларға жұмбақ есептер шығарту да ойлау қабілетін арттырады.

Х,У,Z элементтерін анықта:

Z2 + 3 Х2   =  2 ZХ3

+ У2    =2 У   

Z3 + 3У2 =  2 Z+ 6 Х2 У   

ZУ3 =  4 ZУ22 + 2Х2 У

 Z2 + У2    =2 ZУ

2 ZУ + У2= 2 ZУ2

3 ZУ2+Х2 У   =2 ХZУ3+ ZУ

                                                   Жауабы: Z- N; Х-Н; У-О.

 N 2 + 3 Н2   =  2NH 3

2H2  + O2    = 2H2 O   

4NH3 + 3O2 =  2 N2  + 6 H2 O   

4HNO3 =  4 NO2+O2 + 2H2 O

 N2 + O2    =2 NO

2 NO + O2= 2 NO2

3 NO2+H2 O   =2 HNO3+ NO

     Қызығушылық- адамның рухани және дене күшінің  дамуының аса маңызды шарттары болып, ой- өрісін кеңейтіп білім алуға итермелейді. Оқушы қызықты сабақты  зор ынтаман қабылдап, оны жақси оқитын болады.

     Ақпараттық технологияны химия сабағында қолдану – заман талабы. Заттардың құрамы мен құрылымын, қасиеттерінің құрылымына  тәуелділігін, қасиеттері белгілі жаңа заттар мен материалдар алуды, химиялық өзгерістердің заңдылықтары мен оларды басқарудың жолдарын

зерделеу- мектепте химия пәнін оқытудағы    негізгі мәселелер. Заттар әлемін (олардың құрамы, құрылымын, бір заттың басқа затқа айналуын) зерделей отырып, оқушылар практикалық қызмет үшін тиянақты білім алуы тиіс.

    Ақпараттық технология негіздері тұлғаның жаратылыстану пәндерінен алған білім сапасы мен сауаттылығы кеңейтуге жәрдемдеседі, мысалы ғаламтор сайты арқылы жоғары деңгейдегі көрнекіліктерді пайдалануға болады. Заман ағымына қарай сабақта бейне ролик, аудио қондырғылары мен теледидарды, компьютерді қолдану – оқушының дүниетанымын кеңейтеді Әсіресе, оқулықтағы тарауларды қорытындылау  кезінде оқушылар қосымша материалдар жинақтап, білімдерін кеңейтіп, танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, қисынды ойлау жүйесін қалыптасытырып, шығармашылығын дамытады. Өз тәжірибемде ғаламтор ресурстарын пайдалана отырып үнемі лабороториялық тәжірибелер, практикалық жұмыстар кезінде виртуальды зертханалық жұмыстар көрсетемін, оқушылар өздері компьютер көмегімен сүйене отырып практикалық жұмыстар жасайды.

    Мұғалім оқытудың жаңа ақпараттық технологияларын меңгеріп, оны пайдалану арқылы өзінің материалдық базасын толықтырып, әрі уақытты үнемдейді.

      Жаңа технологияның бізге ұсынып отырған тағы бір жетістігі- бұл әрине, мультимедиялық оқулығымыз- электронды оқулық. Электрондық оқулықты пайдалану- мұғалімнің  ғылыми- әдістемелік потенциалын дамытып, оның сабақ үстіндегі еңбегін жеңілдетеді. Химиялық білім беруде электронды оқулықтармен жұмыс негізгі үш деңгейде атқарылады:

«оқу»

«оқыту»

«бақылау және тексеру»

Электронды оқулықтар оқушылырдың өз бетінше жұмысын және жоғары танымдық белсенділігін арттырады, олардың терең де тиянақты білім алу сапасын көтереді.Сонымен бірге барлық оқу процесінің алға қойған мақсатынан бастап, қол жеткен нәтижесіне дейінгі аралықты қамтиды, оқушыларға жаратылыстану пәндерінен үлкен ақпараттық  білім кеңістігіне  жол көрсетеді. Электронды оқулықтар  әр түрлі ақпарат жиынтығын, білім алушыларға білім берудің негізгі пайда болу орталықтары туралы толық мәлімет бере алады. Электронды оқулық- ғылыми – педагогикалық құрал. Оқулықтар мемлекеттік оқу бағдарламасына сәйкес жасалады. Оған әрбір пәннің мамандары, көрнекі саланың ғалымдары мен педагогтар, әдіскерлер, програмист- дизайнерлер, операторлар қатысады.

  Электронды оқулықтарды жаратылыстану сабақтарында пайдалану кезінде білім алушылар бұрын алған білімдерін кеңейтіп, өз бетімен шығармашылық тапсырмалар орындайды. Әрбір оқушы таңдап алған тақырыбы бойынша тапсырмалар орындап, тестілер шешіп, карта және сызбалармен жұмыс жасауға дағдыланады. Қазіргі ақпараттық  технологиялардың даму кезінде электронды оқулықтардың ерекшелігі- үлгіге сәйкестілігі мен жоғары мобильділігі, оқуға үйренуге икемділігінде болып табылады. Электронды оқулықтар оқу және зерттеу материалдарын толықтыратын, қосымша қолдануға толық жарайтын қажетті құрал болып табылады.

Теориялық сабақтарда электронды оқулықтарды мына мақсаттарға пайдалануға болады:

·        Электрондық анықтама ретінде

·        Электрондық есеп ретінде

·        Оқулық ретінде

Сол жақ бұрышта навигаторда электрондық оқулыққа байланысты әртүрлі ақпараттық қызметтер көрсетіледі:

·        Оқулық авторлары;

·        Периодтық таблица;

·        Есептер;

·        Медиобьектілер

·        Баспадан шығару және т.б қызметтер көрсетіледі.

Білім берудің саласында " Электрондық оқулықтарды" пайдалану оқушылардың, танымдық белсенділігін арттырып кана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға шығармашылыкпен еңбек етуіне жағдай жасайды.

Осы уақытка дейінгі білім беру саласында тек мұғалімнің айтқандарын немесе оқулықты пайдалану казіргі заман талабын канағаттандырмайды. Сондықтан казіргі ақпараттандыру қоғамында бұл оқулықтарды пайдаланбай алға жылжу мүмкін емес.

Соның нәтижесінде оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артып, шығармашылықпен жұмыс жасауына кең мүмкіндік ашылды.

Оқу материалдарын ұтымды игерудегі электронды оқу кұралдарының атқаратын рөлі зор. Онда пәндегі теориялық тақырыптар кеңінен беріліп түсіндіріледі. Теориялық материалдарды графикалық иллюстрация түріндегі әртүрлі суреттер, сұлба тәсілдер арқылы оқыттырып отырса, онда

теориялық білімді оқып, көзбен көріп, түйсініп және оны мида бекіту үрдістері бір уақытта өтіп отырады да материалды қорыту үрдісі ұғымды болады.

Электронды оқулық оқушы үшін дайын материал. Оқушылар үшін электрондық оқулық- мектепте оқыған жылдардың барлығында да өздері толықтырып отыра алатын және нәтижелік эмтиханға дайындалуға көмектесетін мәліметтер базасы болып келеді. Электронды оқулықтармен жұмыс істеу әрбір оқушының өз мүмкіндігін есепке ала отырып, оқып үйрену ісін жеке дара жүргізу болып саналады.

Мүғалім үшін электронды оқулық бұл күнбе-күн дамытылып отыратын ашық түрдегі әдістемелік жүйе, оны әрбір оқытушы өз педагогикалық тәжірибесіндегі материалдармен толықтыра отырып, ары қарай жетілдіре алады.

- электрондық оқулықтар курста оқытылатын тараулар мен тақырыптарға қатысты лекция конспектісін қамтитын негізгі; зертханалық және практикалық тапсырмаларды орындауға арналған қосымша; материалға қатысты анықтама, аралық және қорытынды бақылау сұрақгарынан түратын тест; материалды дайындауда пайдаланылған әдебиеттер тізімдері бөлімдерін камтуын; 

      Заманымызға сай қазіргі қоғамды ақпараттандыруда педагогтардың біліктілігін ақпараттық – коммуникациялық технологияны қолдану саласы бойынша көтеру негізгі міндеттерінің біріне айналды. Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – білім беру бағдарламаларын меңгеру үшін жағдайлар жасау керек» деп көрсетілген. Солардың бірі білім беруді ақпараттандыру барысында дидактикалық және оқыту құралы болып компьютер саналады. Сондықтан кез – келген білім беру саласында мультимедиалық электрондық оқыту құралдары барлық пәндерді оқытуға пайдаланылады.
ХХІ ғасыр – бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір.

          Білім беру үрдісін ақпараттандыру – жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу – тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарлатуды көздейді.
Біріккен ұлттар ұйымының шешімімен «ХХІ ғасыр – ақпараттандыру ғасыры» деп аталады. Қазақстан Республикасы да ғылыми – техникалық прогрестің негізгі белгісі – қоғамды ақпараттандыру болатын жаңа кезеңіне енді.
Заманымызға сай қазіргі қоғамды ақпараттандыруда педагогтардың біліктілігін ақпараттық – коммуникациялық технологияны қолдану саласы бойынша көтеру негізгі міндеттерінің біріне айналды.

     Ақпараттық қоғамның негізгі талабы – оқушыларға ақпараттық білім негіздерін беру, логикалық – құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияны өзіндік даму мен оны іске асыру құралы ретінде пайдалану дағдыларын қалыптастырып, ақпараттық қоғамға бейімдеу.
Олай болса, ақпараттық бірліктердің білімге айналуы әлемнің жүйелік – ақпараттық бейнесін оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен құндылық бағдарларын дамыту арқылы қалыптастыруды көздейтін, адамның дүниетанымының құрамдас бөлігі болып табылатын интеллектуалды дамуды қалыптастырудың бір жолы.
      Ақпараттық бірлікті қалыптастыру: мектептің материалдық - техникалық базасына; ақпараттық қоғам саясатының мақсаты мен міндеттеріне; оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру жүйесіне;
оқушылардың жас ерекшеліктері мен меңгеру қабілеттеріне, педагог мамандардың білім деңгейлерінің сапасы мен шеберліктеріне, оқу – тәрбие бағытының ақпараттық қоғам бағытымен өзара байланысына тәуелді.
Қазіргі уақытта жаратылыстану – ғылыми білім беруде сабақ барысында интерактивті құралдарды қолдануда. Интерактивті құралдардың көмегімен мұғалімнің, оқушының шығармашылықпен жұмыс істеуіне жол ашылып   отыр.Сабақта  әдістер мен техникалық жетістіктерді, оның ішінде интерактивті тақтаны пайдалану-  сабақ өтудің тиімділігін арттырып, оқушы білімін тексеру жолын жеңілдететін, білім- білік дағдыларын дамытуда таптырмайтын құралдардың бірі болып саналады. Сабақ жоспарын түсіндіріп, үй тапсырмасын тест арқылы  тексеремін. Интреактивті тақтада қойылған тест сұрақтарының жауабын оқушылар алдарындағы парақтарға белгілейді. Өзара тексеру әдісімен жауаптарын бағалайды. Бұл әдісім оқушылардың  өздеріне сенім білдіру  арқылы  оқушы мен мұғалім арасындағы өзара байланысты нығайта түсті.Интреактивті тақтаның мүмкіншілігін пайдалана отырып жаттығу жұмыстарын орындау, сызбанұсқалар арқылы өзгерістерді жүзеге асыру т.б осы сияқты тапсырмалар орындатуда көп мүмкіндіктерідің  бар екенін байқадым.

     Электронды оқулықтарды қолдану барысында оқушылардың сабаққа деген қызығушылығының күрт артқандығын байқалады. Сондай- ақ мұғалімдер де өздеріне  көмекші құралдарды молынан ала алады. Заман талабына  сай жас ұрпаққа саналы  білім беруде электрондық оқулықтарды сабақта пайдалануды – оқытудың жаңа ақпараттық  технологиясының бір түрі ретінде қарастыруға болады. Химия сабағында ғаламтор материалдарын электронды оқулықты пайдалану тиімді.

Мысалы: «Күрделі заттардың кластары», «Заттың формулаларын құрастыру» тақырыптарында электронды оқулықтарда арнайы түсінідіріліп, формула құрау ерекшелігін тақтадан көріп отырады. Сол түсіндірме арқылы салыстырып әр түрлі формулалар жазады.Әр тараулардан соң өз білімін деңгейлік тапсырма, тестілеу арқылы тексере алады. Ал, 9- 10 сынып  оқулықтарының  өзіндік ерекшелігі медиа обьектісі бар. Онда бағдарламаға сәйкес тәжірибелер берілген. Ол тәжірибені қалай жасау, затты анықтау түрі түсіндіріледі.Оқушылар өздері жасауға мүмкіндігі жоқ тәжірибелерді көріп, ерекшелігін түсініп, қызығушылықпен орындайды. Әр тараудың соңынан берілген қосымша материалдар мен тестілеуді оқушы орындап, өзінің білім дәрежесін нақты айқындай алады. Мұның өзі оқушының білімге деген құлшынысын тудыратыны байқалады.

         Нәтижеге бағдарланған білім берудің негізі оқушының дара тұлғалық, дарындылық қабілеттерін дамытумен анықталады. Бүгінгі таңда білім беруде оқушыға тек қана білім, білік дағдыларын ғана қалыптастырып қоймай, алған білімін өмірлік қажеттілігіне жарата алып, оны шығармашылықпен іске асыру жолдарын игеруді үйрету, оқуға деген танымдық қызығушылық қабілетін арттырып, өз білімін әрқашан кеңейту қажеттілігін сезінуге жетелеу көзделеді.
    Бүгінгі білім беру үрдісінде мұғалім өзінің теориялық білімі арқылы оқушы бойына  өзін қоршаған ортаға деген көзқарасын қалыптастырады. Мақсатқа жету оқу бағдарламасын тереңдетіп оқыту және оқушының танымдық белсенділігін дамыту арқылы жүзеге асады.
Дарынды балаларға білім беруді ғылымның бүгінгі даму дәрежесіне сәйкес жүргізу ерекше дарынды балалардың интеллектуалдық дамуын қанағаттандыруды қамтамасыз етеді. Дарынды оқушымен жұмыс жүйесінде мұғалім маңызды орын алады. Оқушының болашақтағы мамандығына байланысты, кәсіби тағдыры жақсы мұғалімге байланысты. Баланың бойында күш қуаты жеткілікті, шын дарынды екеніне сендіру – ұстаз бойындағы құдіретті күш, өйткені сенім үлкен жеңіске жетелейді. Дарынды баланың одан әрі жетіле түсуіне ұстаз тарапынан мейірім мен кішіпейілділік, бала жанын жазбай танушылық қасиет қажет-ақ.
Ал оқытудың түпкілікті нәтижесі – өз ойын дәлелдей алатын, жан – жақты білімді, білімін жүзеге асыра алатын, қалыптасқан өзіндік азаматтық көзқарасы бар іскер, ақылды, адамгершілігі мол тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру. Ол үшін белгілі бір жоба болуы шарт. Яғни, оқушының дарындылығын айқындау, шығармашылық дарындылығын зерттеу, анықтау, белгілі бір бағыт – бағдарлама бойынша жұмыс жүргізу қажет. Оқу жылының басында дарынды балаларға арналған  тиімді жұмыс жоспарын  құрып аламын. Ол оқушылар осы жоспар бойынша  жұмыстарын жасап, күнделіктеріне толтырып жазып отырады.
Оқушының дарындылығын анықтап, дамыту мақсатында төмендегідей мақсаттар мен міндеттерді басшылыққа ала отырып жұмыс жасаймын:
1. Дарынды оқушының ақыл-ойының, эмоционалдық және әлеуметтік дамуы мен ерекшеліктерінің өзіндік ашылу деңгейі мен өлшемін ескеру;
2.Жан-жақты ақпараттандыру;
3.Коммуникативті бейімдеу;
4. Дарынды оқушының шығармашылық бағытының ашылуына, дамуына, қоршаған ортаға өзін-өзі жарнамалауына көмек көрсету;
Дарынды оқушылармен жасалынатын жұмыс түрлері:
1. Пәндік олимпиадалық жұмыстарға дайындау;
2. Қазіргі кезде жақсы дамып келе жатқан дебаттарға, пікір – сайыс яғни интеллектуальды ойындарға дайындау;
3.ХХІ- ғасырда әлемдік білім беру жүйесінің дамуындағы негізгі басымдықтарының бірі – мектеп білімін жаңарту. Ол оқушылардың неғұрлым өз бетінше білім алып, оны іс жүзінде қолдана білу қажеттілігін тәрбиелеуге бағыттау және т.б.

  Дарынды баламен жұмыс мұғалімнің бақылауымен тікелей жүзеге асып отыруы қажет. Бұл дегеніміз- әр жұмыс түрлері талданып, сараптама жасалып отыру деген сөз. Осы сараптама негізінде дарынды балаларды мектепішілік, қашықтықтан қалалық, облыстық, республикалық іс-шараларға қатыстырып, қабілеттерін дәлелдеу – баланың өз біліміне деген сенімін арттырады. Әр дарынды баланың ынтасын, дарындылығын қамти отырып, шығармашылық жұмыстарын таратуға мүмкіндіктер жасалынады. .Осы жағдай дарынды баланы бақылауға, дұрыс бағыт беруге, жеке тұлғалық дамуына мүмкіндік туғызатын бірден бір жол. Жас ерекшелігін ескере отырып қабілетіне қарай баланы жүйелі дамытып, қолдау көрсетіп отыру - келешек жастардың мемлекетімізге әкелер үлесінің зор екендігін айқындай түседі.
  Нәтижесінде өз бетінше есепті меңгеруге   және оны шығаруға дағдыланады, есеп шығару барысында оқушыларда еңбекқорлық, жауапкершілік сезімі, қойылған мақсатқа ұмтылу және оған табандылықпен жету қасиеттері дамыды. Жыл сайын өткізілетін мектеп оқушыларының пән олимпиадаларының өзіндік дәстүрі, мақсаты мен міндеттері де бар. Мысалы сол олимпиадаға қатысқан оқушыларымның қол жеткізген нәтижелері мынадай:Аудан көлемінде марапатталғаны: 8- сынып оқушысы Сайлауов Санат   І орын,  «Балалар Интеллектуалдық Клуб» жобасы бойынша «Химия» пәнінен қашықтық «Ену» олимпиадасына әр сыныптан оқушылар қатысып, жоғары көрсеткіш көрсеткендері І,ІІ, ІІІ орындармен марапатталып жатса, кейбір оқушыларым сертификат иеленді. Атап айтар болсам:

«Балалар Интеллектуалдық клубы» жобасы бойынша химия пәнінен  қашықтық  олимпиадада  Базаралиева Ұлжан ІІ орын,  Маутқазиева Толғанай «биология» пәнінен  ІІ- орын.Мұқышев Бекзат. Сертификат. «Қазақстан Ұстаздары» қоғамымен ұйымдастырылған «Химия» пәні бойынша Республикалық қашықтық олимпиадада   Сайлауов Санат І орын.

 «Балалар Интеллектуалдық Клубы» жобасының   химия пәні  қашықтық   монопәндік жарысында  Сайлауов Санат  ІІ дәрежелі Диплом. «Қазақстан Ұстаздары» қоғамымен ұйымдастырылған «Химия» пәні бойынша Республикалық қашықтық олимпиадада   Сайлауов Санат ІІ орын.

«Балалар Интеллектуалдық Клубы» жобасының   химия пәнінен (Ілгері деңгей) Халықаралық Монопәндік Супер жарысына белсене қатысқаны үшін: Ерғалиқызы Жаннұр, Базаралиева Ұлжан.  Сертификат. «Қазақстан Ұстаздары» қоғамымен ұйымдастырылған «Химия» пәні бойынша Республикалық қашықтық олимпиадада Сайлауов Санат  ІІ орын.Ерғалиқызы Жаннұр ІІІ орын, Мұқышев Бекзат ІІІ орын, Базаралиева Ұлжан ІІІ орын, Нұрсапаұлы Азамат сертификат алды.

Қашықтықтан  қатысатын конкурстар мұғалімдер арасында да жиі кездестінін білеміз, сол конкурстардың дәлелі: Республикалық ғылыми– танымдық педагогикалық «Химик Анықтамалығы» журналындағы  «Үздік слайд-2014» сайысы. Сертификат. «Білімділіер» порталының жұмысына белсене қатысқаны үшін және сапалы сабақтарын енгізгені үшін. Құрмет грамотасы. «Балалар Интеллектуалдық Клуб» жобасы бойынша  химия және биология пәнінен қашықтық «Ену» олимпиадасына оқушыларды дайындағаны үшін «Алғыс хат», Қашықтық монопәндік жарыс химия «Балалар Интеллектуалдық Клуб» жобасы бойынша  химия пәнінен қашықтық олимпиадасына оқушыларды дайындағаны үшін «Алғыс хат», 2016 жыл.«Қазақстан Ұстаздары» қоғамымен ұйымдастырылған «Химия»  пәні бойынша  мұғалімдерге арналған Республикалық қашықтық олимпиадаға қатысып ІІІ орын. Халықаралық  педагогикалық «Мир учителя» конкурсында «Менің сыныбым» сайысына қатысып. Сертификат.  Қазақстан  Республикасы бойынша білім беру мекемелерінің  қатысушылары арасында ұйымдасырылған республикалық олимпиаданың жүлдегерлерін      дайындағаны үшін. «Алғыс хат» иеленіп отырдым.

ІІІ. Қорытынды бөлім.Республикасы бойынша білім беру  мекемелерінің   қатысушылары арасында ұйымдастырылған  респу

          Қорыта айтқанда білім беруді жетілдірудің басым міндеті оқушылардың білім, білік және дағдыларды меңгеру ғана емес, маңызды құзыреттіліктерін қалыптастыруды да талап ететін білім берудің қазіргі жаңа сапасы мен тиімділігіне қол жеткізу болып табылады.

 Оқушы компьютер арқылы өзінің психо – физиологиялық мүмкіндіктеріне сәйкес, дербес бағдарлама арқылы жұмыс жасауына мүмкіндік алады. Компьютер автоматты түрде оқушы жұмысын бақылай және  жіберілген қателіктер мен оларды болдырмау жөнінде ұсынымдар, өтілген материалдардың игерілу сапасын бақылай алады. Мұғалім компьютер көмегімен барлық  оқушылардың жекелеген бағдарламалар бойынша жасалған  жұмыстар нәтижесі  жөнінде обьективті ақпаратты ала отырып, өзіндік авторлық бағдарламаларды құру арқылы оқу процесіне жедел ықпал жасай алады. Мұғалім де оқушылармен   жеке жұмыс жасау үшін уақыты көп болады, мектеп әкімшілігі басқару шешімдерін қабылдауға қажетті ақпаратты кез- келген уақытта ала алады. Оқыту процесінде оқушылардың ақпараттық технологияларды пайдалануы, өзін- өзі бақылау, өзін-өзі ұйымдастыру, өзіндік сараптау, жоспарлау мүмкіндіктеріне негізделген оқытылу мүмкіндігін алады.               

«Қазақтың тағдыры, келешегі мол ел болуы да мектептің қандай негізге құрылуына тіреледі. Мектебімізді сау берік, һәм өз жанымызға қабысатын, үйлесетін негізге құра білсек, келешегімізгі тайынбай серттесуге болады. Ал сондай негізге құра алмасақ, келешегіміз күңгірт».        М. Жұмабаев

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы.

2. Қазақстан Республикасы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.

3. Химия мектепте №5,2014

4.Қазақстан мектебі. 2008 ж. №6 «Ақпараттық технологиялардың тиімділігі»

5. Қазақстан мектебі. 2009 ж. №4 «Инновациялық педагогикалық технологияларды қолдану тетіктері»

6. Қазақстан мектебі.2009 ж №8 «Электрондық оқытудың әдістемелік аспектілері»

7. З. Бержанова. Оқу үдерісін технологияландыру мәселелері / Химия мектепте/ №1 2014 19-22 бет

8.Б. Ибраимова. Ақпараттық технология – нәтижелі білім берудің көзі.

// Қазақстан мектебі, №6,2012 ж-3 бет

9.  Химик анықтамалығы №4,2015 ж 33- бет.

10. О.Бужеева. Электронды оқулықтың пайдасы.

11. Ә. Жүнісбек. Жаңа технология негізі – сапалы білім. Қазақстан мектебі. №4. 2008

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Жаратылыстану пәндерін оқыту үдерісінде ақпараттық-білім беру ортасын жобалау."

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Спортивный психолог

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 671 668 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 12.01.2017 6452
    • RAR 58.3 кбайт
    • 54 скачивания
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Ожанова Жанар Ахметбековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Ожанова Жанар Ахметбековна
    Ожанова Жанар Ахметбековна
    • На сайте: 9 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 89056
    • Всего материалов: 15

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Современные образовательные технологии в преподавании химии с учетом ФГОС

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 132 человека из 47 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 386 человек

Курс повышения квалификации

Инновационные технологии в обучении химии в условиях реализации ФГОС

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 484 человека

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы преподавания химии в школе в условиях реализации ФГОС

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 56 человек из 39 регионов
  • Этот курс уже прошли 262 человека

Мини-курс

ФАОП: индивидуализированное образование и коррекционная работа

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Информационные технологии и безопасность

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 50 человек из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 29 человек

Мини-курс

Инновационные технологии в краеведческой и географической работе со школьниками: применение туристических приемов для эффективного обучения

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе