Инфоурок Дошкольное образование КонспектыЖаратылыстанудан ұйымдастырылған оқу қызметі. Тақырыбы: "Аңдардың қысқы мекені"

Жаратылыстанудан ұйымдастырылған оқу қызметі. Тақырыбы: "Аңдардың қысқы мекені"

Скачать материал

Ересек  тобындағы  ұйымдастырылған оқу қызметінің

технологиялық картасы

 

Білім беру саласы:  «Таным»

Бөлімі:   Жаратылыстану

Тақырыбы:  «Аңдардың  қысқы мекені»

Мақсаты: Жабайы аңдар  туралы , олардың балаларының аттарын, түрлерін тани білуге, немен қоректеніп, қайда тұратыны туралы түсінік беру.

Міндеттері: Білімділік: Жабайы аңдарға байланысты тақпақ, көрнекіліктер пайдалана отырып, неліктен жабайы  деп аталатынын түсіндіру. Дамытушылық: Сөздік  қорын молайту, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Тәрбиелік: Аңдарға қамқор болуға, оларды қорғай білуге  тәрбиелеу.

Керекті құралдар: Аңдардың суреттері, ноутбук, таратпалы материалдар, қыстырғыштар

Сөздік жұмысы: Қонжық, бөлтірік, мыршай, көжек, апан, ін, қуыс.

Қостілдік компонент: Қонжық-медвежонок, бөлтірік-волчонок, мыршай-лисенок, апан-берлога, ін-нора, қуыс-дупло.

 

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотивациялық-

қозғаушылық

Шаттық шеңбері:

«Қайырлы таң!»  01-«Г»-№15

 

 

 

 

Төрт мезгіл туралы  жұмбақтар жасыратынын,  жұмбақтың шешуін карточкалар арқылы көтеруді ұсынады (сары-күз, қызыл-жаз, көк-қыс, жасыл көктем) Мысалы:

Бозарып  дала,

Тоңады бала,

Астығы піскен,

Жапырағы түскен.

Бұл қай мезгіл?

 

-Қазір жылдың  қай мезгілі?

-Қыстың қандай ерекшеліктерін білесіңдер?

 

-Бүгінгі іс-әрекетімізде аңдар қысқа қалай дайындалатыны туралы әңгімелесіміз.

Қонаққа Карлсон келгенін хабарлайды., ол өзімен бірге көптеген тапсырма, ойындар ала келіпті.

Ол келе жатып аңдарды суретке түсіріп алыпты  және суреттерін мына текшеге жапсырып алып келіпті.

Бәрі бірге айтады

Қайырлы таң, құсқа , аңға да,

Қайырлы таң, жайдары жанға да.

Қайырлы таң алға ассын,

Кешке дейін жалғассын!

 

 

 

 

Қызығушылық танытады, жұмбақтардың шешуін қолдарындағы карточкалар арқылы көтереді.

 

 

 

 

 

 

 

Күз мезгілі, сары карточка көтереді.

 

 

Қазір қыс мезгілі

 

 

 

Қыс мезгілінің ерекшеліктерін атайды.

 

 

 

 

 

 

 

Қуана қарсы алады, амандасады.

 

 

 

 

Текшедегі аңдардың суретіне қызығушылықпен қарайды.

 

 

Ұйымдастыру-

іздестіру

Дидактикалық ойын:  «Аңдарды тап?»

Текшені ортаға лақтырып, қай аң түссе сол аң туралы  айтуды  ұсынады.

 -Бірінші қай аң түсті?

-Тиін қалай дайындалады?

 

 

 

-Оған ағаштан  ағашқа секіруге не көмектеседі?

-Тиін туралы қандай тақпақ білеміз?

Тағы да текшені лақтырайық.

-Не түсті?

-Ал, қоян қалай дайындалады?

 

 

-Не үшін ол түсін өзгертеді?

 

- Балалар, біздің қоян өзінің жүнінің түсін ауыстырмапты. Енді оны жыртқыш аңдар байқап қоятын болды ғой. Алдыларындағы ақ қағазға ақ қоянның және сұр қоянның сұлбасын салып салыстыруды ұсынады.

-Қардың түсі қандай?

 -Олай болса ақ қағазды алыңдар.

-Енді оның үстіне ақ қоянның және сұр қоянның сұлбасын қойып салыстырыңдар

 

 

-Қоян туралы қандай тақпақ білеміз?

-Қоянның баласын қалай атайды?

Тағы да текшені лақтырайық

 –Қандай аң түсті?

-Түлкі қалай дайындалады?

 

 

 

-Ол қандай аң?

-Түлкі туралы кім тақпақ біледі?

-Түлкінің баласын қалай атайды?

Тағы текшені лақтырайық.

-Қай аң түсті?

-Қасқыр неге ұқсайды?

-Қасқыр қалай дайындалады?

 

 

-Қасқырдың баласын қалай атайды?

-Келесі аң қай аң?

-Бұғы қалай өмір сүреді?

 

 

-Карлсон аю мен кірпіні неге суретке түсірмеген?

 

 

 

 

 

Аңдар туралы білген тақпақтарын айтады.

Тиін.

Ол өзіне ағаштан  қуыс тауып алады да саңырауқұлақтар, жаңғақтарды сонда жинайды.

 

Ағаштан ағашқа секіруге аяқтары көмектеседі.

Білетін тақпақтарын айтады.

 

Қоян

Қоян -жабайы аң. Қоян жүнін аққа ауыстырады, ағаштардың бұтақтарының қабығын  жейді

Басқа жыртқыш аңдар оны жеп қоймау үшін.

 

 

 

 

 

Қардың түсі ақ.

 

Ақ қағаздың үстіне ақ және сұр қоянның сұлбасын қояды

Қорытынды:  ақ түстен ақ көрінбейді, сұр түс көрінеді.

Тақпақ айтады.

Қоянның баласы көжек.

 

Түлкі

Түлкі-жабайы аң. Түлкі аң аулайды, мұрны иісшіл, көзі қырағы, құлағы жақсы естиді, інде тұрады.

Ол өте қу.

 

Түлкінің баласы мыршай

 

Қасқыр

Қасқыр итке ұқсайды.

Қасқыр да аң аулайды, көшпенді өмір сүреді, тісі өткір,

Қорқынышты

Қасқырдың баласы- бөлтірік.

Бұғы

Ол ағаштың бұтақтарын жейді, тез жүгіреді, алдыңғы екі аяғымен қорғанады.

Өйткені аю күз бойы  жеген азығын денесіне май қылып жинап алады да ұйқыға кетеді, кірпі де азығын жинап алып,

қыста ұйықтайды.

 

 

 

-Аю қайда ұйықтайды?

-Кірпі қайда ұйықтайды?

 

Сергіту сәті

 

 

 

 

 

 

 

«Орысшаң  қалай, балақай!»

Қонжық-

Мыршай-

Бөлтірік-

Көжек-

Апан-

Ін-

Дидактикалық ойын:  «Ненің құйрығы?» (қыстырғыштармен ойын)

Карлсон аңдарды суретке дұрыс түсірмегенін, аңдардың құйрығын тауып беруді ұсынады.

 

Дидактикалық ойын: «Аңдар не жейді?»

(қыстырғыштармен ойын)

Домалақ дискіде аңдардың жейтін тамағы, қиылған аңдардың суреттері қыстырғыш-

тармен  жапсырылған. Қыстырғыштағы аңдардың сүретін жейтін тамақтарымен  сәйкестендіруді ұсынады.

 

Дидактикалық ойын: «Кім тапқыр?»

Ноутбуктан  аңдардың  суреттері көрсетіледі. Аңдарды қазақша, орысша, ағылшынша айтуды ұсынады.

 

 

 

 

 

-Карлсон аңдардың балаларын да суретке түсіріпті, бірақ  суретті берейін десе қанша аңдардың баласын түсіргенін білмейді, сендерден санап беруді сұрап тұр. Көмектесеміз бе?

-Міне енді Карлсон санай алатын болды.

 

Аю апанда ұйықтайды.

Кірпі інде ұйықтайды.

 

Біз орманға барайық,

Жан - жағымызға қарайық

Аю шықты қорбаңдап,

Қасқыр шықты ырылдап

Түлкі шықты майысып

Қоян шықты секіріп,

Қорықпаңдар, балалар

Қарап - қарап алыңдар

 

Медвежонок

Лисенок

Волчонок

Зайчонок

Берлога

Нора

 

 

Суретке қарап аңдардың құйрығын тауып береді.

 

 

 

 

 

 

Қыстырғыштағы аңдардың суретін алып, дискідегі жейтін тамақтарымен сәйкестендіреді.

 

 

 

 

 

Аңдарды қазақша, орысша, ағылшын тілінде айтады. Мысалы:

Түлкі-лиса-e fokc

Қасқыр

Аю

Кірпі

Қоян

Бұғы

Суреттегі аңдардың баласын санап, қыстырғышпен сандарды белгілейді. Мысалы: 6 көжек, 6 санын қыстырамын.

 

 

Дидактикалық ойын: «Көлеңкесінен таны»

Суреттегі аңдарды көлеңкесінен танып,

сызық арқылы қосуды ұсынады.

 

 

Тілімізді жаттықтыруға арналған тіл дамыту жаттығулары:

Ян - ян - секендеген ақ қоян,

Ю - ю - ю - қорбандаған аю

Кі - кі - кі – бұл айлакер түлкі

Қыр - қыр - қыр - бұл көкжал қасқыр

 

 

 

Суретті таңдап алып, аңдарды  көлеңкесімен сызық арқылы қосады.

 

 

 

 

 

Бәрі бірге айтады.

Рефлексивті-

түзетушілік

Қорытынды:

-Бүгін не туралы әңгімелестік?

-Олар қайда өмір сүреді?

 

-Карлсон сендерге риза болды, сендер аңдар туралы көп біледі екенсіңдер. Мен  енді сендерге жиі келіп тұрамын дейді.

 

 «Жүректен жүрекке» шеңбері

«Табиғат-Ана» 01-«Ж»-№6

– Табиғатта бәрі  өзгеше әсем. Ендеше, бірге былай айтайық:

Табиғат ол – анамыз,

Табиғатқа баламыз.

Құшағында ойнаймыз,

Шаттық әнге саламыз.

 

Сұрақтарға жауап береді.

Жабайы аңдар туралы

Олар орманда өмір сүреді.

 

 

 

 

 

 

 

Шеңберге тұрып, бәрі бірге айтады.

 

 

Күтілетін нәтиже:

 

Білу керек: Қазақстанда кездесетін аңдар түрлерін

 

Болу керек: Аңдар туралы түсініктері (олардың қасиеттері, ерекшелігі, немен  қоректенетіні)

 

Істей білу керек: Аңдарға қамқор болуға., оларды күте білуге, жұмбақтарды шеше білуді, салыстыруды, қорытынды жасауды.

 

 

 

Тәрбиеші:     Жетписова Г.Т.

Тексерді:        ______________

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тілімізді жаттықтыруға арналған тіл дамыту жаттығулары

Ян - ян - секендеген ақ қоян,

Ю - ю - ю - қорбандаған аю

Кі - кі - кі – бұл айлакер түлкі

Қыр - қыр - қыр - бұл көкжал қасқыр

- Енді осы аңдар туралы тақпақтарына кезек береміз.

 

Сергіту сәті

Біз орманға барайық,

Жан - жағымызға қарайық

Аю шықты қорбаңдап,

Қасқыр шықты ырылдап

Түлкі шықты майысып

Қоян шықты секіріп,

Қорықпаңдар, балалар

Қарап - қарап алыңдар

Мақсаты: Балаларды жабайы жануарлардың қысқы тіршілігімен таныстыру. Табиғаттағы маусымдық өзгерістер жайлы білімдерін жетілдіру. Шығармашылық жұмыстарға қызығушылықтарын арттыру, ой – қиялдарын іс жүзінде көрсете білуге үйрету. Желіммен, қылқаламмен жұмыс жасау дағдыларын бекітуді жалғастыру. Жан – жануарларға қамқор болуға, ұқыптылық пен шыдамдылыққа тәрбиелеу.

 

Құралдар: Ойыншықтар қоян мен тиін, кәрзеңке, жабайы аңдар суреттері, қоянның кескіндемелері (әр балаға)

Сөздік жұмыс: Үлпілдек, мамық, түбіт, апан, ін.

 

Сабақ барысы:

Тәрбиеші: Балалар қараңдаршы бізге орманнан қонақтар келіпті, қане айтыңдаршы мынау не?

Балалар: Тиін

Тәрбиеші: Ал мынау не?

Балалар: Қоян.

 

Тәрбиеші: Балалар мен қазір сендерге осы қоян мен тиін жайлы бір оқиға айтып берейін, мұқият тыңдап отырыңдар.

Орманда қоян мен тиін өмір сүріпті, екеуі дос болыпты. Жазда олар алаңқайда асыр салып секіріп алаңсыз ойнапты. Күн суытып күз түседі, тиін өзіне ағаштың жіңішке бұталарынан кәрзеңке тоқып отырады, қоян келіп:

– Бұл не? – деп сұрайды.

– Кәрзеңке – деп жауап береді тиін.

– Оны қайтесің – дейді қоян таңғалып.

- Бұл жай кәрзеңке емес, бұл менің нағыз көмекшім – деп жауап беріпті тиін.

– Сонда қалай, кәрзеңке қалай көмекші болады – деп қоян иығын бір көтеріп, ештеңе түсінбей өзінің ұяластарымен әрі қарай ойнап кете береді.

 

Тәрбиеші: Балалар айтыңдаршы тиінге кәрзеңке қалай көмекші болады, тиін онымен не істейді?

Балалар: Тиін оған жаңғақ, бүршік, саңырауқұлақтар салады.

Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар күз түсіп, қыс келе бастағанда тиін өзінің ағаш қуысындағы үйіне жаңғақ, бүршік, саңырауқұлақтар тасып, қысқа мол қылып азық жинайды. Өйткені қыста жердің бетін аппақ қар басып қалады да, жаңғақта, саңырауқұлақта табылмайды.

Тәрбиеші: Балалар айтыңдаршы қоян мен тиін үй жануары ма, әлде жабайы жануарлар ма? Олар қайда тұрады?

Балалар: Жабай жануарлар, орманда тұрады.

 

Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар, олай болса жабайы жануарлардың қыста қалай тіршілік ететінін білгілерің келе ме?

Балалар: Иа.

Тәрбиеші: Ендеше менің мынандай сыйқырлы сандығым бар. Оның ішінде бізге қажетті заттар бар. Бірақ бұл жай ашылмайды, оны тек сиқырлы сөзбен ашуға болады, қане маған көмектесіңдерші.

Ғажайып сандық,

Сыр сандық.

Кілтіңді алайық,

Құлпыңа салайық.

Қақпағыңды ашшы,

Құпияңды шашшы.

Сандықтың қақпағы ашылып ішінен тиіннің суретін алып шығып ол туралы әңгімелеу.

Тәрбиеші: Балалар мынау өзімізге таныс тиін ғой, тек жүнінің түсі басқаша екен бағана қызғылт еді, ал суретте сұр? Балалар тиіннің түсі неге өзгерді екен?

Балалар: қорғану үшін.

Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар, күзде тиін түлейді, қызғылт жүні түсіп орнына сұр түсті жылы жүн өсіп шығады. Сұр түс оған ағаш басында жыртқыш аңдарға көрінбей өмір сүруге керек, ал үлпілдеген жылы тон қыста суықтан қорғайды. Тиін өзінің ағаш діңіне салған үйіне кіріп жылы мамық құйрығын жамылып қысқа жинаған азығын жеп қыстан аман - есен шығады. Енді тиін туралы тақпақ тыңдайық.

 

Қыста жылы киіндім,

Қоймам толы жаңғаққа

Іші жылы үйімнің.

Тәрбиеші: енді келесі жануармен танысайық.

Ол үшін бірінші жұмбақ шешіңдер

Үсті толы ине

Бірақ та іс тігіп,

Қадамайды түйме

Балалар: кірпі.

Тәрбиеші: дұрыс бұл кірпі, кірпі бір түрлі ашулы сияқты. Ой балалар біз оны оятып жіберіппіз. Күздің соңында кірпі өзінің шөп төсеген інінде домаланып алып ұйқыға кетеді. Ол қыстай ұйықтайтындықтан, оған тиін сияқты қысқа азық жинаудың қажеті жоқ. Тек күзде ұйқыға жатарда жақсылап тамақтанып, терісінің астына көп май жинап алады. Сондықтан оның қыстай қарны ашпайды. Кірпі қыс кетіп, көктем туып, күн жылынғанда бір-ақ оянады. Ал енді қазір кірпінің ашуын басу үшін ол туралы саусақ ойынын ойнайық

Мен ашулы кірпімін

Көрінгенге түрпімін

Үстім толы ине

Есің болса тиме

Келсе егер түлкі

Түйреп алам түрпі.

 

Тәрбиеші: Балалар кірпі сияқты қай аң қыс бойы ұйықтайды.

Балалар: Аю

Тәрбиеші: Ал ол қайда ұйықтайды?

Балалар: Апанда.

Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар балалар аю күз бойы көп тамақ жеп денесіне көп май жинайды да, қыста көктем туғанша ұйықтайды. Аю туралы қандай тақпақ білеміз.

Тәтті көрсе бас салар,

Аумайды жас баладан.

Үп-үлкен боп жасқанар,

Кіп-кішкентай арадан.

Тәрбиеші: Ал енді мына жұмбақ қай жануар туралы екен мұқият тыңдаңдар.

Өзі айлакер,

Өзі қу.

Жүрген жері айқай шу.

Балалар: түлкі.

Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар, түлкі де қысқа дайындалады оның жүндері қалыңдап өсіп жылы тонға айналады. Ал сендер қалай ойлайсыңдар түлкі жүнінің түсін өзгерте ме?

Балалар: жоқ.

Тәрбиеші: Иә түлкі түсін өзгертпейді, өйткені оған ешкімнен тығылудың қажеті жоқ, ол өзі жыртқыш аң. Ал түлкінің үйі қалай аталады?

Балалар: Ін

Тәрбиеші: Иә түлкі інде тұрады. Сол жерде демалып ұйықтайды. Сосын қоян, тышқан аулауға шығады.

Тәрбиеші: Ой балалар біздің қоян тағы келіпті. Ол сендерге жаттығу жасауды ұсынады.

Сергіту сәті: Ұзын құлақ сұр қоян

Естіп қалып сыбдырды

Ойлы - қырлы жерлермен

Ытқып - ытқып жүгірді.

Тәрбиеші: Балалар айтыңдаршы қоян қысқа қалай дайындалады.

Балалар: Түсін өзгертеді.

Тәрбиеші: Иә балалар, ол өзінің сұр тонын, жылы да аппақ тонға ауыстырады. Сосын жыртқыш аңдардан қорғанып, қардың түбінде құлағын жымырайтып, көзін жұмып ақ қардан аумай отыра қалады.

Тәрбиеші: Ал қоян қысқа азық жинай ма?

Балалар: Жоқ

Тәрбиеші: Иә қояндар қысқа азық жинамайды. Олар ағаштардың бұтасын, тамырын кеміріп қоректенеді. Сол себепті бағана қоян тиіннің кәрзенкесіне таңғалған еді.

Тәрбиеші: Балалар біздің қоян өзінің жүнінің түсін ауыстырмапты. Енді оны жыртқыш аңдар байқап қоятын болды ғой. Не істейміз? Келіңдер біз оған көмектесейік. Үстел басына отырыңдар бұл жерде қоянның сұр тоны ақ тонға айналдыратын ғажайып зат бар, ол мақта Тәрбиеші: Мақтаның түсі қандай?

Балалар: Ақ.

Тәрбиеші: Мақта аппақ, мамықтай, қоянның қысқы тоны сияқты. Енді алдарыңдағы желімді пайдаланып мақтаны қоянның кескіндемесіне жабыстырамыз. Көзін қара ермексаздан жасаймыз.

Балалар жабыстыру жұмысын жасайды.

Балалар жұмысын қарау.

 

Сөздік жұмыс жүргізу.

Жабайы жануарлар – дикие животные, қоян – заяц, тиін – белка, түлкі – лиса, аю – медведь.

Сабақты қортындылау.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Жаратылыстанудан ұйымдастырылған оқу қызметі. Тақырыбы: "Аңдардың қысқы мекені""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Руководитель страховой организации

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Мақсаты: Жабайы аңдартуралы , олардың балаларының аттарын, түрлерін тани білуге, немен қоректеніп, қайда тұратыны туралы түсінік беру.

Міндеттері: Білімділік: Жабайы аңдарға байланысты тақпақ, көрнекіліктер пайдалана отырып, неліктен жабайыдеп аталатынын түсіндіру. Дамытушылық: Сөздік қорын молайту, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Тәрбиелік: Аңдарға қамқор болуға, оларды қорғай білуге тәрбиелеу.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 670 670 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 10.12.2018 1718
    • DOCX 85.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жетписова Гульнар Токеновна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Жетписова Гульнар Токеновна
    Жетписова Гульнар Токеновна
    • На сайте: 8 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 40541
    • Всего материалов: 19

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Организация образовательного процесса: воспитательная работа, дополнительное образование, внеурочная деятельность

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 918 человек из 80 регионов
  • Этот курс уже прошли 7 720 человек

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогическое сопровождение детей с ТНР в условиях ДОУ

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 37 человек из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 469 человек

Курс повышения квалификации

Здоровьесберегающие технологии на физкультурных занятиях в ДОУ в условиях реализации ФГОС ДО

72/108/144 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 76 человек из 32 регионов
  • Этот курс уже прошли 445 человек

Мини-курс

Методика образовательных игр с детьми раннего возраста

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 28 человек из 18 регионов
  • Этот курс уже прошли 36 человек

Мини-курс

Эффективное управление электронным архивом

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

История педагогических идей: основатели и теоретики

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе