Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Директору, завучу / Другие методич. материалы / "Жасөспірімдер арасындағы қарым-қатыстағы әлеуметтік теңсіздік" (7-8 сыныптар)
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Директору, завучу

"Жасөспірімдер арасындағы қарым-қатыстағы әлеуметтік теңсіздік" (7-8 сыныптар)

библиотека
материалов

«Қ.И.Сәтбаев атындағы №7 мектеп-лицейі» КММ















«Жасөспірімдер арасындағы қарым-қатыстағы әлеуметтік теңсіздік»





Орындаған: әлеуметтік педагог Қ.Б.Омарова





























Жезқазған, 2015 ж

Тақырыбы: Жасөспірімдер арасындағы қарым-қатыстағы әлеуметтік теңсіздік

Күні: 26.03.2015 ж.

Тәсілі: тренинг

Қатысушылар: 7 сынып оқушылары

Құрал - жабдықтар: түрлі -түсті қағаз, доп, жапсырма қағаздар.


Мақсаты:жасөспірімдер арасындағы және олардың айналасындағы адамдармен, қоршаған ортамен қарым-қатынас дағдыларын дамыту.

Міндетері:

  • жасөспірімдер арасындағы қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру іс-шараларын

жүргізу;

  • жасөспірімдер арасындағы қарым-қатынастағы әлеуметтік теңсіздіктің қалыптасу ерекшеліктерін анықтау;

  • оқушылардың тұлғааралық қарым-қатынасында ауытқу байқалған жасөспірімдерге жекелеме көмек көрсету.


1.Ұйымдастыру кезеңі.

  • Оқушыларды өздеріне ыңғайлы сезінетін жағдайға келтіру/ортаға дөңгелете отырғызу/ және тренинг барысында оқушыларға толық бостандық беріліп, емін-еркін қарым-қатынас жасайтын жағдай жасау.

  • Сәлемдесу. Тренинг жүргізуші мұғалім оқушылармен сәлемдесіп, ары қарай қатысушылар бір-бірімен қол беріп, құшақтасып, әр амандасқан адамына жылы сөздер айтып шығады. Қанша адамға жылы шырай білдіріп, көңілін көтеруге үлес қоссаң, сонша өзіңнің де көңіл-күйің көтеріңкі болады деген ұранмен жүреді.


2.Негізгі кезеңі.

1. Қарым-қатынас — адамдар арасындағы өзара тығыз байланыстылықты қамтамасыз етуге соның негізінде іс-әрекеттер жүйесін үйлестіріп, реттеуге, дұрыс бағыт түзеуге, ой-сананы дамытып әркімнің өмірден лайықты орнын табуға мүмкіндік туғызу. Елбасы Н.Назарбаев «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында әлемде үдей түскен әлеуметтік тұрақсыздық мәселесіне де ерекше тоқталды. «Қазіргі уақытта ең үлкен әлемдік проблемалардың бірі – күшейе түскен әлеуметтік тұрақсыздық. Оның негізгі себебі – әлеуметтік теңсіздік. Теңсіздік - экономикалық ресурстарға, әлеуметтік құндылықтар мен саяси билікке қол жеткізу үшін әлеуметтік топтардың мүмкіндіктері. Бүгінде  қоғам ілгері  дамыған  сайын  бай мен кедейдің  ара-жігі  алшақтап, әлеуметтік  теңсіздік  пайда  болды.

Өз заманының суретші ақыны Абай сол кездегі теңсіздік мәселесін тек қана шолып өтіп, оған қалай болса, солай қарап қоймайды. Кедейлердің ауыр халі ақынның қабырғасын қайыстырады.
Ол дәуірінің жаман жағын да, жақсы жағын да өз шығармаларында айқын суреттеп, өз дәуіріне тән,сол жағдайға лайық, әлеуметтік, таптық ірі, келелі мәселелермен қатар, кейбір елеусіз нәрселерге дейін көре білді.

2. Қазақстан Республикасының Конституциясы, II бөлім АДАМ ЖӘНЕ АЗАМАТ, 14 бап, 2 тарау - «Тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды».

Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі, 1 тарау, 9-бап, Азаматтық құқықтарды қорғау – «Азаматтық құқықтарды қорғауды сот, төрелiк сот немесе аралық сот: құқықтарды мойындату; құқық бұзылғанға дейiнгi болған жағдайды қалпына келтiру; құқықты бұзатын немесе оның бұзылу қаупiн туғызатын әрекеттерге тыйым салу; азаматтың немесе заңды тұлғаның құқыққа ие болуына немесе оны жүзеге асыруына кедергi жасағаны үшiн мемлекеттiк органнан немесе лауазымды адамнан айыппұл өндiртiп алу арқылы, сондай-ақ заң құжаттарында көзделген өзге де әдiстермен жүзеге асырады»

3.«Дос іздеймін» ойыны.

Керекті құрал-жабдықтар: қағаз, түрлі-түсті карандаш, қалам.
Кез-келген адам өзінің нағыз досы болғанын қалайды. Мүмкін нағыз дос сендерде бар шығар. Дәл қазірден бастап, мен жарнаманы ақысыз жариялайтын «Дос іздеймін» газетінің бас редакторымын. Сіздердің әрқайсың біздің газетке дос іздейтіндеріңіз жайында жарнама беру мүмкіндіктеріңіз бар. Бұл жарнамада сөздердің саны немесе әріптердің көлеміне ешқандай шектеу қойылмайды. Кез келген түрі қабылданады. Сіз достар кандидатурасына қоятын талаптарыңыздың бірнеше тізімін, тіпті оның суретін салуыңызға да болады. Өзіңіз жайында айтуыңызға да болады. Бір сөзбен айтқанда, жарнаманы қалай жазғыңыз келеді, өз еркіңіз. Тек мына жайтты есте ұстағаныңыз жөн: дос іздеу жарнамасы өте көп, сондықтан, сіздің жарнамаңыз дос таңдаушылардың назарына ілігудің қамын ойластыруыңыз қажет.
Тапсырманы орындау уақыты – 10 минут.
Барлық қағаздарды тақтаға ілеміз. Қатысушылар жарнаманы үнсіз оқиды. Әр қатысушы өзіне ұнаған жарнаманы қызыл түспен дөңгелектеп және оны берушімен байланысжасауға дайындалады.
 
Енді жарнама қағаздарын түсіруге болады. Қараңыз, сіздің жарнамаңыз басқаларға әсер етіп пе? Жарнамаңыздағы қызыл түсті дөңгелектің саны қанша?
 
Талқылау
Ойынның осы кезеңі ерекше маңызды. Жаттығу адамдардың адамгершілік құндылықтарын, достыққа лайық сапаларды бағалау немесе өзі нағыз дос болу үшін өзін дамыту жайында дискуссия.
 
- Көп қызықты жауаптар алынған жарнама несімен сипатталады?

- Ешқандай да таңдалмай қалған жарнамалар жайында сөз қозғау
Қызыл дөңгелектер санының аз болуы мүмкін болашақтағы досының талабына байланысты болуы да мүмкін. Үлкен сұранысқа сай келу оңай емес. Ешкім де «жан тәнімен берілу», «бәрін тастап, көмекке келу» немесе «сырды сақтай алу» және т.б тамаша қасиеттерге толықтай ие емес қой. Ең бастысы: дос іздейтін мұндай жарнамаларда бір нәрсе берулері қажет, бірақ оның орнына ештеңе ұсынбайды. Досқа деген тұтынушылық қарым-қатынасқа ұқсас жарнама берушіден түсіністік пен ұнатуды кездестіру екіталай. Тәжрибе көрсеткендей, жарнама берушінің өзі нені меңгерген, соны ұсынады, яғни достықта «ортақ тіл табысуды» ғана бере алады, яғни ол достық өзара қарым-қатынасқа дайын, өзінің тілегі мен ниетін беріп қана қоймайды, оны алады да. Тұлға достыққа көмектесе алу мүмкіндігі әсіресе оған пайдалы нәрсе әкелгенді бағалайды. Оған жарнаманың нақты материалын талдау арқылы біртіндеп көз жеткізуге болады. Дос үшін маңызды қасиеттер мен адами сапаларды талқылау бір қалыптыққа және логикалыққа көшуі мүмкін.
 

4.«Темір жол кассасы» жаттығуы

Вокзалда тұрмын деп өзіңіздің көз алдыңызға елестетіңіз. 15 минуттан кейін сіз отыру керек поезд жүреді. Кассада бір билет қалған, бірақ кассир өзінше ұстап отыр. Сізге кассир билетті сату үшін оны сендіруіңіз қажет. 
Кассир таңдалады. Қатысушылар сыртқа шығады, кезекке тұрады. Содан соң бөлмеге біртіндеп кіреді, кассирге жақындап, билетті сатып алу үшін дәлелдер келтіреді. Әр ойыншыға 3 минуттан беріледі.
 
Талқылау:
Кассирден билетті кімге сататынын, яғни кері байланысты сұраймыз. Неге? Кімге сатпаседің? Неге? Кассирдің қабылдауға болатын, жарамды варианттарды хабарлауына болады.


5. «Қарым – қатынасқа даярлық деңгейін анықтау» тесті (мақсаты - оқушылардың қарым – қатынас жасау қабілетін анықтау)

Оқушылардың қарым – қатынас жасауға қабілетін анықтау үшін оларға бірнеше сұрақтар оқылады. Сұрақтың үш жауабы бар: “иә”; “кей кезде”; “жоқ”. Осы жауаптардың біреуін таңдап алып оны жауап параққа белгілеңіз.

1. Сізді өте күрделі іс күтіп тұр. Бұл сізді мазасыздандырады ма?

2. Жиналыста баяндама жасауды ұнатпайсыз ба?

3. Бір жеріңіз ауырғанда дәрігерге баруды ең соңғы күнге дейін қалдырасыз ба?

  1. Сізді өзіңіз танымайтын қалаға жұмысқа жіберді, бармауға тырысасыз ба?

  2. Өзгелермен сырласуыңыз оңай ма?

  3. Көшеде біреу сағат немесе адрес сұраса оған ашуланасыз ба?

  4. Балалар мен әкелер” мәселесі бар деп ойлайсыз ба немесе ұрпақтар арасындағы бір – бірін түсінісу қиын деп ойлайсыз ба?

  5. Жолдасыңыздың сізден алған қарыз ақшасын қайтармай жүрсе оған ақшаңызды қайтарып беру қажеттігін айтуға ұяласыз ба?

  6. Мейрамханада сізге дәмсіз ас әкелді, сіз тарелканы итеріп қоясыз ба?

  7. Таныс кісімен оңаша қалғанда әңгімені ол бастағанын қалайсыз ба?

  8. Қай жерде болсада ұзақ уақыт кезек күту сізді қажытады ма?

  9. Қиын жағдайларға байланысты комиссияларға қатысудан қорқасыз ба?

  10. Сізде өнер мәдениет жөнінде өз пікіріңіз бар және өзгенікін қабылдамайсыз ба?

  11. Бір жерде сіздің ойыңызға тура келмейтін қате пікір айтылып жатыр, сіз үндемей отыра бересіз бе?

  12. Біреу сізден көмек сұраса бұл сізді қажытады ма?


Бағалау шкаласы.

1/ иә - 2 ұпай; 2/ кей – кезде - 1 ұпай; 3/ жоқ – 0 ұпай

Нәтижесін келесі көрсеткіштер бойынша қорытындыланады.

19-24 ұпай – төмен. Сіз бейтаныс ортада өзіңізге сенімсізсіздік білдіресіз. Жаңа мәселелер сізді қорқытпайды, бірақ өзгелермен жалтақтап танысасыз, пікір-таласқа қатысқыңыз келмейді, өз ойыңызды білдіргенде негізсіз өтірік көп айтасыз. Бұл кемшіліктерді жоюға болады. Өзіңізге сенімділігіңізді арттыру қажет екенін түсінуіңіз керек.

14-48 ұпай - орта. Сіз айналадағылармен қарым–қатынасқа жеңіл түсетін адамсыз. Қарым-қатынасқа, басқа адамдар туралы мәлімет алуға қызығушылығыңыз жоғары. Өзгені тыңдай аласыз, сабырлысыз, өз пікіріңізді қорғау керек болса аса қызбалық көрсетпестен түсіндіресіз. Бірақ аса дабыр-шулы топтарды ұнатпайсыз.

9-13 ұпай - жоғары. Қарым–қатынаста ерекше белсенділік білдіресіз. Әңгімешілсіз, кейде өзгелерге өз пікіріңізді зорлап міндеттейсіз, сондықтан олар реніш білдіруі мүмкін. Өзгелермен қуана танысасыз, көпшіліктің назарында болғанды ұнатасыз, қолыңыздан келмесе де ешкімнің өтінішін жерге тастамайсыз тез, тез қызығып, тез сөнесіз. Сізге қиын мәселелерді шешуде сабырлылық және батырлық жетіспейді, бірақ қажет жағдайда өз-өзіңізді қолға ала аласыз. Көп жерлерде өзіңіздің ұстамдылығыңызды көрсете білу керек екенін ұмытпағаныңыз орынды болады.


6. Кері-байланыс кезеңі

Енді сіздердің біріңіз өзі таңдаған топ мүшесіне доп лақтырады да, ол адамның бойында қандай жақсы қасиеттер бар немесе қай жағынан мықты деп ойлайтынын айтады. Допты тосып алған адам өз кезегінде келесі адамға допты лақтырыпоның бойындағы жақсы қасиеттер мен мықты жағын айтады және ары қарай т.с.с доп әрқайсысымыздың қолымызға тигенге дейін. Әркім өзінің мықты жағын білуі тиіс.
Тапсырма аяқталғаннан кейін, жаттықтырушы допты топтың өзі қалаған адамына бергісі келген бірақта, ол адамға басқалар назар аударғаннан кейін бере алмаған адамына бергісі келгендер бар ма екен оларға мүмкіндік берілетінін айтады.
Ондай адамдар қатары бірнеше болуы мүмкін.

























Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Краткое описание документа:

жасөспірімдер арасындағы және олардыңайналасындағы адамдармен, қоршаған ортамен қарым-қатынас дағдыларын дамыту.
-жасөспірімдер арасындағы қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру іс-шараларын

жүргізу;

-жасөспірімдер арасындағы қарым-қатынастағы әлеуметтік теңсіздіктің қалыптасу ерекшеліктерін анықтау;

-оқушылардың тұлғааралық қарым-қатынасында ауытқу байқалған жасөспірімдерге жекелеме көмек көрсету.

  • -Оқушыларды өздеріне ыңғайлы сезінетін жағдайға келтіру/ортаға дөңгелете отырғызу/ және тренинг барысында оқушыларға толық бостандық беріліп, емін-еркін қарым-қатынас жасайтын жағдай жасау.
  • -Сәлемдесу. Тренинг жүргізуші мұғалім оқушылармен сәлемдесіп, ары қарай қатысушылар бір-бірімен қол беріп, құшақтасып, әр амандасқан адамына жылы сөздер айтып шығады. Қанша адамға жылы шырай білдіріп, көңілін көтеруге үлес қоссаң, сонша өзіңнің де көңіл-күйің көтеріңкі болады деген ұранмен жүреді.
Автор
Дата добавления 11.05.2015
Раздел Директору, завучу
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров747
Номер материала 273328
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх