Инфоурок Другое Другие методич. материалыЖай сөйлем

Жай сөйлем

Скачать материал

БҚО Жаңақала ауданы Жаңақала ауылы  Жаңақала  ЖОББМ қазақ тілі және әдебиет  пәні мұғалімі

Искарина Аксана Абдулхамитовна

      Сабақтың тақырыбы: Жай сөйлемнің түрлері.

Жақты және жақсыз сөйлем.                                                                         

Мақсаты: оқушыларға жақты және жақсыз сөйлем туралы түсінік бере отырып, жақты сөйлемді жақсыз сөйлемге айналдыруға үйрету;  кішіпейілдік пен адамгершілікке тәрбиелеу; сөздік қоры мен тіл байлығын дамыту.

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, топтық жұмыстар

Түрі: саяхат сабақ

Көрнекілігі: интертақта, мәтіндер жазылған парақшалар

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу  түгендеу, топқа бөлу.

Үй тапсырмасын «Қар көшкіні» әдісі бойынша сұрау. (92-ж)

Жаңа сабақ   

         Ерте, ерте, ертеде Сөз елі деген қалада Сөйлем деген ата өмір сүріпті. Сөйлемнің екі баласы болған екен. Біріншісінің аты – Жай сөйлем, екіншісінің аты – Құрмалас сөйлем. Жай сөйлем өз алдына бір отау болыпты. Бір күні Сөйлем ата Жай сөйлем атты баласына қонаққа барады. Байқап қараса,баласы тату –тәтті өмір сүріп жатқан көрінеді. Жай сөйлемнің екі баласы бар екен: Жақты және Жақсыз.  Жақты сөйлем- бастауышы бар сөйлем; Жақсыз сөйлем- бастауышы мүлдем жоқ сөйлем.

Осы арада тақтаға мынадай сөйлемдер жазып сөйлем мүшесіне талдау арқылы дәлелдеу.

Емтихан жүріп жатқанда сендерге сөйлеуге болмайды.

 Отаным үшін аттанамын.

Сол оқиғадан соң көңілі суып кетті.

Жаттығуды қайта жазғым келмеді.

 

Жақсыз сөйлемнің жасалу жолдары

Мысалдар

Сөйлемнің баяндауышы тұрақты тіркестерден жасалғанда

Сансыз қатеден аяқ алып жүргісіз.

Сөйлемге тек баяндауыш ұйтқы, негіз болғанда

Сабатан кешігуге болмайды.

Баяндауыш етістіктің қалау райының қы, -кі, -ғы, -гі жұрнақтарынан болғанда

Менің оны тыңдағым келмеді.

Қимыл атауына барыс септік жалғауы жалғанып,оған, бол, жара, келе сөздері тіркеседі

Қайта жазуға келмеді.

Атау, барыс тұлғасындағы тұйық етістікке (қимыл атауынан соң) керек, жөн, мүмкін бейтарап сөздері тіркесіп келуі арқылы

Ата-аналарын балалары құрметтеуі керек.

Көсемшенің ып, -іп, -п жұрнақтарынан кейін етістіктің болымсыз тұлғасы келеді

Жазғанынан ештеңе оқып болмайды.

 

Сөйлем ата: Балалар, Жай сөйлем балама келгенше бірнеше аялдамаға тоқтадым. Сондықтан сендер мен жүрген жолдардан мүдірмей өтіп, жолда мынадай аялдамалардың бар екенін білгендерің жөн.

«Ұшқыр ой» аялдамасы

Өлең жолдарын қара сөзбен, жай сөйлемдер түрінде жазып, сөйлем мүшесіне талдаңдар.

Бұл жарыққа аяқ басып туған жер,

Кіндік кесіп, кірім сенде жуған жер.

Жастық – алтын, қайтып келмес күнімде,

Ойын ойнап, шыбын – шіркей қуған жер.

 

Жаратылдым топырағыңнан, сен – түбім,

Жалғаны жоқ, бәрі сенен жан-тәнім.

Сенен басқа жерде маған қараңғы,

Жарық болар Шолпан, Айым, сен – Күнім.

 

Тәтті суың дәмі аузымнан еш кетпес,

Қалың нуың, қыр, суыңа жер жетпес.

Кең далаңда ойын ойнап қалсамшы,

Жазу болып адамзатқа ер жетпес!..

 

Балақ түріп, қозы қуып, жарысып,

Батпағында тең құрбымен алысып.

Түнде – ақсүйек, алтыбақан, ал күндіз

Үйретем деп асау тайға жабысып.

 

«Адам басы алла добы» - деген рас,

Қалай қуса, солай кетпес сорлы бас.

Кім біледі, мен де шетке кетермін,

Туған жерім,сені тастап басым жас.

                                                        М. Жұмабаев

«Кім тапқыр» аялдамасы  

1-   топ: жақты сөйлемдерді көшіріп жазып, сөйлем мүшелеріне талдаңдар (96-ж)

2-   топ: мәтіндегі жай сөйлемдердің ішінен жасырын тұрған

бастуышы бар сөйлемдерді теріп сөйлем мүшесіне талда

(98-ж)

3-топ: жақты сөйлемдерді кестеге сай түрлеріне бөліп, үш сөйлемге синтаксистік талдау жаса (99-ж)

4-топ: жақты сөйлемдерді тауып, жақсыз сөйлемге айналдырыңдар, жасалу жолын түсіндіріңдер (101-ж)

5-топ: берілген мәтіннен жақсыз сөйлемдерді теріп жазып, жасалу жолын түсіндіріңдер (118-ж)

«Даналық әліппесі» аялдамасы  

Ым мен ишара арқылы сөйлем құрау.  Топ мүшелері қарсы топтағыларға ыммен, ишарамен қимылдар көрсетеді. Соған қарап басқа топтағылар бірлесіп жай сөйлем құраулары керек. Бұл жерде шапшаң әрі дұрыс құрау керек.

Білімді бекіту

Тест сұрақтарына жауап беру. Жауаптарыңды қолдарыңдағы әріпті парақшаларңды көтеру арқылы көрсетіңдер.

1.Жақты сөйлем дегеніміз не?

А) бастауышы жоқ сөйлем

Ә) бастауышы бар сөйлем

Б) баяндауыш негіз болатын сөйлем

2. Жақсыз сөйлемді көрсет

А) балалар ойынға кірісті

Ә) бүгін баруға болмайды

Б) биыл қар қалың жауды

3. Жай сөйлемнің неше түрі бар?

А) 5                    Ә) 6              Б) 7

4. Меніңше бұл өте мықты адам. Қандай тыныс белгісі жетіспей тұр?

А)  үтір              Ә) сызықша              Б) леп белгісі

5. Қазақтың әндері, шіркін, неткен әдемі. Бұл сөйлемде оқшау сөздің қай түрі кездеседі?

А) қыстырма сөз               Ә) қаратпа сөз       Б) одағай сөз

Үйге тапсырма: көркем әдебиеттен жақты сөйлемдерге 5 мысал, жақсыз сөйлемдерге 5 мысал теріп жазып баяндауыштарының жасалу жолдарын түсіндіріңдер.

Бағалау

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Жай сөйлем"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист в области обращения с отходами

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Мақсаты: оқушыларға жақты және жақсыз сөйлем туралы түсінік бере отырып, жақты сөйлемді жақсыз сөйлемге айналдыруға үйрету; кішіпейілдік пен адамгершілікке тәрбиелеу; сөздік қоры мен тіл байлығын дамыту.

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, топтық жұмыстар

Түрі: саяхат сабақ

Көрнекілігі: интертақта, мәтіндер жазылған парақшалар

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу түгендеу, топқа бөлу.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 934 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 14.05.2015 5057
    • DOCX 32.4 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Искарина Оксана Абдулхамитовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 12410
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 138 человек из 46 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 487 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 328 человек

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 284 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 849 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 154 человека

Мини-курс

Технологии и автоматизация в машиностроении

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Современные медиа: экономика, системы и технологии

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Состав и анализ финансовой отчетности

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе