Инфоурок / Директору, завучу / Другие методич. материалы / Жетекші мектептердің кәсіби желілік қауымдастығының қызметі – оқыту үдерісін жаңартудың маңызды стратегиясы»
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 21 ОКТЯБРЯ!

Конкурс "Законы экологии"

Жетекші мектептердің кәсіби желілік қауымдастығының қызметі – оқыту үдерісін жаңартудың маңызды стратегиясы»

Такого ещё не было!
Скидка 70% на курсы повышения квалификации

Количество мест со скидкой ограничено!
Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок"

(Лицензия на осуществление образовательной деятельности № 5201 выдана ООО "Инфоурок" 20 мая 2016 г. бессрочно).


Список курсов, на которые распространяется скидка 70%:

Курсы повышения квалификации (144 часа, 1800 рублей):

Курсы повышения квалификации (108 часов, 1500 рублей):

Курсы повышения квалификации (72 часа, 1200 рублей):
библиотека
материалов

Облыстық семинарға

Баяндама

«Жетекші мектептердің кәсіби желілік қауымдастығының қызметі – оқыту үдерісін жаңартудың маңызды стратегиясы»

«Білекке сенген заманда ешкімге дес бермедік,

Білімге сенген заманда қапы қалып жүрмелік».

Абылай хан



Кейбір бағалаулар бойынша адамзат планетада 50 мың жылдан астам уақыт өмір сүруде екенбіз. Осы аралықта 1600 ұрпақ ауысқан дейди. Соның ішінде:

    • 1100 - өмірін үңгірде өткізген;

    • 800 – отты қолданады;

    • 400 – аңдардың энергиясын пайдаланылады;

    • 300 – су және жел энергиясына иелік етеді;

    • 150 – жазба жазу арқасында ұрпақтар байланысын тиімді іске асырады. (оның ішінде: 12 –і баспа сөздері арқылы);

    • 16 – оқ-дәрі пайдаланады;

    • 8 – уақытты өлшейді;

    • 6 –энергияның жасанды көздерін қолданады;

    • 4 – электромоторларды пайдаланады

    • 2 – Атом энергиясы, теледидар, лазер, антибиотиктер, реактивті авиацияға иелік етеді;

Тек 1( бір) пайызы ғана жеке компьютер және Интернетті пайдаланады. Дәл осы ұрпақ жаһандану процессінің белсенді сатысына аяқ басты. Өткен өмірдің баламасын табу мүмкін емес. Жас ұрпаққа сапалы білім мен ұлағатты тәрбие беру, өміріне жолдама алуына барлық жағдай жасау үшін білім беру ісін әлеуметтендірудің маңызы зор. Қазіргі уақытта мектеп реформасына көптеген бір жақты өзгерістер енгізіліп, мектеп ісінің ішкі – сыртқы жүйесі түгелімен өзгеріп келе жатқаны белгілі.
ҚР Білім министрінің 2015 жылғы 3 сәуірдегі бұйрығы негізінде Республика көлемінде 30 мектеп 12 жылдық білім беру апробациясына қатысып отыр. /18 қала мектебі, 4 –шағын мектеп, 8- ауылдық мектеп/ Соның ішінде А.М.Горький атындағы мектеп-лицейі білім апробациясына өз үлесін қосуда.

Қазіргі таңда дәстүрлі оқыту әдістемесінің заман талабына сай толық білім беруге, меңгертуге кепілдік бермейтіндігін мектеп тәжірибесі көрсетіп отыр. Сондықтан жаңартылған әдістемелік жүйенің оқыту үрдісінде іске асу үшін оны технологияландыру қажеттілігі туады. Білім беру үрдісін ақпараттандыру – жаңа ақпараттық – коммуникативтік технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу - тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарылатуды көздейді.

Ұстаз үшін нәтижеге жету шәкіртінің білімді болуы ғана емес, білімді өздігінен алуы және алған білімдерін қажетіне қолдану болып табылады. Бүгінгі бала – ертенгі жаңа әлем. Бүгінгі күні ақпараттар ағымы өте көп. Ақпараттық ортада жұмыс жасау үшін кез келген педагог өз ойын жүйелі түрде жеткізе алатындай, коммуникативті және ақпараттық мәдениеті дамыған, интерактивтік тақтаны пайдалана алатын, Он-лайн режимінде жұмыс жасау әдістерін меңгерген мұғалім болуы тиіс. Заман талабына сай жаңа технология әдістерін үйрету, бағыт - бағдар беруші – мұғалімдерміз. Оқушылар жаңа тұрмысқа, жаңа оқуға, жаңа қатынастарға бейімделуі тиіс. /Жаһандану қоғамы, адам ресурстарының мобильдігі/

Қазақстан қоғамының қазіргі геосаяси, экономикалық және әлеуметтік жағдайы, әлемдік білім кеңістігіне кірігуі Қазақстан Республикасының жалпы орта білім жүйесін жаңғыртуды, атап айтканда, орта білім мазмұны мен құрылымын, мақсаттарын қайта қарауды және оқыту мерзімін кеңейтуді талап етеді. Не себепті білім мазмұны өзгеруі тиіс.Эксперттердің ойы бойынша: бірінші себеп- экономикалық, екіншісі – мәдени.

XXI ғасырдың нағыз ұстазы қандай болмақ, қазіргі заманда  егеменді еліміз, тәуелсіз жеріміздің болашағы өсіп келе жатқан ұрпақ қолында. Сол ұрпақты тәрбиелеуде ұстаздар сан түрлі әдіс-тәсілдерді қолдануда. Мұғалімдер алдында білім жүйесін заман талабына сай үйлестіре жүргізу және жаңа талаптар қойылуда. Яғни, бұл дегеніміз – мұғалімге білім берудің тиімді жолдарын құру болып табылады.

Мектептегі педагог кадрлардың жұмыс жасау мазмұнына өзгеріс әкеліп отырған бағыттардың бірі – жаңа форматтағы біліктілігін арттыру курстарының енгізілуі. Жаңаны жатсынбай, кәсіби деңгейін дамытуда мектептің 19 мұғалімі педагогикалық шеберлік деңгейін көтерді, өз білімдерін дәлелдеп, I, ІІ және ІІІ деңгейдің сертификаттарына ие болды. «Ұжым еш нәрсеге қол жеткізе алмайды, егер жалғыз басшы ғана ойлайтын болса» - деген жапондық кәсіпкердің пайымдауы кез келген ұжымның жоғары жетістікке жететін жолдың бірі – бөлінген көшбасшылықтың тиімділігін дәлелдейді. Қазіргі таңдағы мектеп алдындағы басты мақсат – заман ағымына сай болу, өмірдегі жетістігің үшін күресе білу және өз күшіңе сену. Мектебіңнің ертеңін көру, егер оның ертеңі жоқ болса, ойлап табу.

Осыдан ғасыр жарым бұрын қазақтың алғашқы ағартушыларының бірі Ы.Алтынсарин «маған ең керекті адамның бірі мұғалім, өйткені ол мектептің жүрегі» десе, бүгінгі таңда «педагогикалық шеберлік орталығы», «Өрлеу» біліктілік арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамы жанынан оқып келіп жатқан әр деңгейдегі мұғалімдерге бағыт беретін, олардың әр сабағына, зерттеу мүмкіндіктеріне жағдай жасап, қолдау білдіретін семинарлардың септігі зор деп білемін. Осы орайда мектеп-лицейімізде 2014-2015 оқу жылынан бастап «Темірқазық» желілік қауымдастығы құрылған болатын.

Қауымдастықтың басты жұмысы:

- осы бағдарламаның маңызын үнемі жарнамалап отыру;

-Облыстық, аудандық семинарларға қатысып, өз тәжірибелерін жетілдіру;

-Интернет, электронды пошта, skype пайдалануды дағдыға айналдыру.

-Деңгейлік курстардан өткен мұғалімдерді курстан кейінгі кезеңде кәсіби сүйемелдеу, 

-курстан өтпеген әріптестерге деңгейлік бағдарламалардың негізгі идеясын оқыту үдерісіне тиімді кіріктіру әдістемесін игерту және тарату.

-Желілік қауымдастықтың жұмысын дамыту арқылы мұғалімдерге кәсіби қолдау көрсету;

-аудан, облыс көлеміндегі мектептермен байланыс орнату /11 мектеп Ақтау қаласы; НЗМ Ақтау қаласы; Ж.Мыңбаев атындағы мектеп-гимназиясы;/

    Шығармашылық топтың 2- деңгей коучтер, мұғалімдер арасында коучингтер өткізіп, олардың өз тәжірибесіне жаңа бағдарлама идеяларын енгізуіне ат салысуда.Коучтер тек жеке өз топтарында ғана өткізіп қана қоймай, сонымен бірге мектеп бойынша жалпы педагогикалық кеңесте де жаңаша оқытудың тиімділігін терең насихаттауда.

2015-2016 оқу жылы педагогикалық кеңесте, фокус топтарда өткізілген коучингтер:

Коуч

денгейі

Коучинг тақырыбы

уақыты

1

Балмуханова М.Н.

1

«Топтық жұмыстың оқыту сапасын арттырудағы тиімділігі»

14.10

2



Мектептегі мұғалімнің көшбасшылығы

5.11

3



Жас ерекшелігіне сәйкес оқыту мен оқу

10.11

2

Некрасова Н.П.

2

Cистемно-деятельностный подход-основа обнавленного содержания образования в условиях 12 летнего обучения

29.08

3

Танбаева Н.Ш.

2

Оқу мен оқытудағы жаңа бағыттар:топтық жұмыс мүмкіндегі қандай?Жаңа заман мұғалімі қандай?

5.11




Топтық жұмыс, оның идеялық негізі

6.11




Топтық жұмысты ұйымдастыру тәсілдері қандай?

7.11

4

Жумашева А.Ж.

 

2

Новые подходы в образовании


9.11




Обновления в образовании

30.12

5

Амирова А.Т.

2.

Жаңа форматта сабақты ұйымдастыру бала білімінің сапасының артуына ықпалы бола ма?

5.11




Оқушы қабілетін шыңдау ҰБТ-да нәтижиелікке жеткізе ме?

28.11




Тәлімгермен тәлімалушы байланысы қандай?

23.12



Желілік қауымдастық ішіндегі ересектерді оқыту қызметі жекелеген мектептер жұмысының тиімділігін арттыруға тиіс. Бұл қызмет (зерттеуші топтар, бірлескен кәсіби даму, бір-бірінің сабағына бару) мектептер арасында белсенді өзара қарым-қатынасты, сондай-ақ қатысушылардан, жақын әріптестерімен жұмыс істегеніне қарағанда, анағұрлым көбірек пікірлер мен бастапқы ережелерді қабылдауды талап етеді. Қосымша жұмсалған барлық күш-жігерді ескере отырып, мұғалімдердің үздіксіз кәсіби дамуы оқушыларға оң әсерін тигізіп отырғанына көз жеткізу қажет. Қауымдастықтардың көшбасшылары мынадай іс-әрекеттердің орындалуын назарға алуға тиіс.

Қауымдастық ішінде ересектерді оқыту қызметін шешуді талап ететін нақты проблемалармен тікелей байланыстыру.

Қызметті қызу және ынталандырушы ету, сондай-ақ табысты бағалауға арналған құрылым құру.

Қызметті қамтамасыз ету үшін жеткілікті мөлшерде ресурс сұрау.

Мұғалімдердің қауымдастыққа қатысуға ынтасын арттыру үшін мектептерден басқа мекемелердің мамандарын тарту және олардың кәсіби дағдыларын қолдану, сондай-ақ зерттеу нәтижелері мен басқа білім көздерін пайдалану.

Свот анализ барлық өткізілген шаралардың қаншалықты деңгейде орындалуына әкеледі.


Кушті: таңдамалы оқу бағдарламалары, жоспарлар; педагогикалық кадрлардың орта жасы 37 жас. Педагогикалық ұжымның еңбеккорлығы, жұмыла білуі.



Мүмкіндігі: 35 атаулы тақырыптық курска бірауыздан қатысуы. МТБ жаңартылуы. Осы орайда : аудан әкімдігі тарапынан 50 млн теңге қаражаттың бөлінуі: төрт 1 ші сынып кабинеттері ойын бөлмесі, өзін-өзі тану кабинеттерінің жабдықталуы; жаңа модификациялы тарих, мультимедия, физика , география кабинеттері сатып алынды. /химия, биология/ Барлық пән кабинеттері интербелсенді тақтамен жабдықталған. Мектебіміз жедел ғаламтор жүйесімен қамтылған;

Әлсіз: мектебіміздің акт және спорт залының стандартка сай келмеуі; оқушы орнының жетіспеушілігі; 428 орын /мектепалды даярлық тобын қосқанда 790 оқушы/

Қауіп: орыс тілді мамандардың жетіспеушілігі /бастауыш сынып мұғалімі, математика, физика/

Қандай да болсын адамдықты,адамгершілікті бетке ұстаған қоғамның мақсаты –әр адамды рухани байлық деңгейіне жеткізу. Бүгінгі жас ұрпақты оқытып қана қою аз, оны жан-жақты дамыту, жаңаша дағдыларға тәрбиелеу қажет.Әлемдік даму, ғылыми технология адамның ұшқыр ойлы, терең білімді, озық тәрбиелі болуын талап етеді. Елбасымыз бүгінгі таңда ұстаздар қауымына үлкен сенім білдіреді. Қазақстан халқына жолдауында: «Мектептерде дәстүрлі білім беріп қоймай, Білімге – ғылымды кіріктіру керек»- деген.



Дайындаған: Түпқараған ауданы, Баутин ауылы, А.М.Горький атындағы мектеп-лицей директоры Казиева Алмагуль Балшыбаевна




Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 25 октября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДВ-572462

Похожие материалы