Инфоурок Биология Рабочие программыӨзін- өзі тану пәнін биология пәнімен интерграцияланған сабақ жоспары

Өзін- өзі тану пәнін биология пәнімен интерграцияланған сабақ жоспары

Скачать материал

«Өзiн-өзi тану»  пәнімен интеграцияланған

«Биология» сабағының жоспары

 

 

Мектеп: Абай ОМ  Мерзімі__08.10.2016 _Мұғалім  Рахимжанова Б.А.

Cынып:  8 «а»

Оқушылар саны14   

Тақырып: № 11    Қалқанша без, оның гормондарының қызметі. Қалқанша бездің қызметінің бұзылуының аурулары: кретенизм, шырыштық ісік, базед ауруы. Қазақстан Республикасында қалқанша без ауруларының алдын- алу шаралары

Құндылық: Қиянат жасамау      

Қасиеттер: адамгершілік, жауапкершілік

 

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларға қалқанша бездің құрылысы мен қызметі, қалқанша без қызметінің бұзылуы жайында мәлімет бере отырып,  денсаулығыңа қиянат жасамау құндылығының мәнін ашу.

 Сабақтың міндеттері:

1. Білімділік: Қалқанша без жайлы мағлұмат беру арқылы, гуморальдық реттелумен байланысын,  бездердің дұрыс бөлінбеуінен болатын әр түрлі аурулар жайлы түсініктерін кеңейту.

2. Дамытушылық: Қалқанша безге байланысты әр түрлі сұрақтар қою арқылы оқушылардың ой-өрісін, білімін, қабілетін арттыру

3. Тәрбиелік:  Оқушыларға  сабақ  барысында  адамгершілікке, жауапкершілікке, салауатты өмір салтын ұстануға  тәрбиелеу

Ресурстар:

Интерактивті тақта Әуен   «Хрустальная грусть». Р.Әлімқұлова, А.Соловьева Р.Сәтімбеков.Биология.- Алматы: «Атамұра», 2016 ж. оқулығы

А 3 – 3  дана., маркерлер.

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

а) Оқушылардың сабаққа қатысуларын және оқу құралдарын тексеру.

ә) 5 Т-ны еске түсіру. (тәртіп, талап, тыныштық, тазалық, татулық)

Сыртқы интеграция

 «Нұрға бөлену»

- Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды  шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. 

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің  қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз  нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз  тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. 

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша  түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде  отыра тұрыңыз... 

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем  сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

-Рахмет
-Осы тыныштық сәтінен қандай әсер алдыңдар
?

 

Үй тапсырмасын тексеру.

 

Тақырып: 42- 45 беттегі « Ішкі, сыртқы және аралас секреция бездері. Эндокриндік жүйе, Гормондардың қасиеттері, Гипофиз. Өсу гормоны»

 

Сұрақ-жауап: Үй тапсырмасын сұрау мақсатында «Ыстық орындық» ойыны орындалады. 

Интербелсенді тақтада төмендегі сөздер тұрады:  гормон, гипофиз, эпифиз, өсу гормоны, ергежейлілік, акромегалия, аралас бездер, мүше, өкпе, ұлпа.

 

Тақтада қалқанша бездің суреті көрсетіледі, оқушылар осы суреттің не екенін анықтауы қажет

http://gepatitinfov6.ru/articles/wp-content/uploads/2016/06/29148732-pechene-rasti-bolshoy-sostav-proizvoditel.jpg

(Балалардың жауаптарын тыңдап, мақсатты ашып, жаңа сабақты түсіндіру)

http://varikozinfov4.ru/articles/wp-content/uploads/2016/08/18583405-belyy-uzelok-vo-vlagalische-foto.jpg

Қалқанша без – мойында көмекейдің алдыңғы жағында орналасқан пішіні таға тәрізді, өзара байланысқан екі бөліктен тұратын ірі без. Оның салмағы -15-30 г. Ол бірқатар гормондар бөліп шығарады. Негізгісі тироксин зат алмасуды реттейді, даму, өсу процестерін реттеуге қатысады.

       Ішкі интеграция: Балалар,қалқанша без даму үшін, тироксин қатысады екен,  ал енді сендер дұрыс өсу үшін, жақсы дамып жетілу үшін жалпыадамзаттық құндылықтар қажет пе?   (қажет себебі себебі жақсы сөз естіп, жақсы ой ойлап, жақсы істер істесең нұр үстіне нұр болады )

         Тироксин құрамына йод кіреді. Йодтың жетіспеушілігі қалқанша бездің қызметін бұзады. Қалқанша бездің қызметі бұзылған кезде адамда әртүрлі аурулар пайда болады.

 

         Ішкі интеграция: қалқанша безде йод жетіспесе әртүрлі аурулар  пайда болады екен, ал балалар сендердің бойларыңда адамгершілік, сүйіспеншілік, жауапкершілік секілді қасиеттер болмаса қандай болар едіңдер? (қатыгез, қайырымсыз, мейірімсіз)

        Йод- өмірлік маңызы бар, бұл микроэлемент ағзада жасалмайды, адам оны тек ас, тағам арқылы алады. Йод ас тұзында болады.  Адамның өмір сүруіне бүкіл өмір бойы бір қасық қана йод жеткілікті.   

      Ішкі интеграция: Сонда ағзадағы йодтың қажеттілігі секілді біздің жан дүниемізге де рухани-адамгершілік қасиеттер қажеттілік ете ме?

       Қажет, себебі рухани адамгершілік қасиеттер адам бойында болмаса адам өз жанындағы адамдарға өз мейірімін, сүйіспеншілігін көрсете алмас еді және де өзіне де өзгеге де қиянат жасамас еді. Сол секілді қалқанша безінің қызметі бұзылғанда ағза зардап шексе, ал бойыңда рухани адамгершілік құндылықтар болмаса онда жан дүниең зардап шегеді.

        Ересек адамда қалқанша бездің гормондары жеткіліксіз бөлінсе, микседема ауруы дамиды. Дене температурасы, жүрек іс-әрекеті төмендейді. Тері астында су жиналады. Адам енжар болып ойлауы мен сөйлеуі баялайды. Бұл ауруды өмір бойы тироксин гормонын енгізу жолымен емдейді.

       Егер тағам құрамында йод жетіспесе, адамда эндемиялық зоб ауруы пайда болады. Балаларда қалқанша бездің қызметі жеткілікіз болғанда ойлау, процесі баяулайды, дене бітімі мен үлкен ми сыңарлары қыртысының қызметі бұзылады, өсу және жыныстық жетілу тоқтайды. Мұндай ауру кретинизм деп аталады.

     Осы аурулардын алдын алу үшін,  денсаулығыңа немқұрайлы қарамас үшін не істеу керек?/жауаптары тыңдалады/

 

Дәйексөз.

 «Тәні саудың – жаны сау»   Халық мақалы

 (Оқушылар дәйексөзді ұлдар боп, қыздар боп хормен айтады)

 

Дәйексөзді қалай түсінесіз?

 

 

Оқушыларды әртүрлі түс дөңгелекшелері арқылы 3 топқа бөлініп отырады.

 Шығармашылық жұмыс

 1-топ.Қалқанша бездің ерекшелігін анықтайды

 2-топ.Қалқанша бездің қызметі бұзылғанда пайда болатын аутықулар

 3-топ. Қазақстан Республикасында қалқанша без ауруларының алдын- алу шаралары

 

Қортындылау:

1.     Бүгінгі сабақта нені білдіңдер?

2.     Бүгінгі сабақта нені үйрендіңдер?

3.     Болашақта нені білгің келеді?

 

Бағалау

Үй тапсырмасы

 Оқулықтың 49 беті. Тақырып №12: Қалқанша маңы бездері, тимус, бүйрекүсті бездері. Тақырып соңындағы А,В,С деңгейлік тапсырмаларды орындау, жаңа терминдермен жұмыс

Соңғы тыныштық сәті.

Баяу музыка қосылады.

Балалар, бүгінгі сабақта айтылған жақсы қасиеттерді жүректеріңізге сақтаңыздар.  Сабақ аяқталды. Сау болыңыз.

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Өзін- өзі тану пәнін биология пәнімен интерграцияланған сабақ жоспары"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Социальный педагог

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 671 704 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 11.05.2017 1879
    • DOCX 106.4 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Рахимжанова Балжан Аманжоловна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 20047
    • Всего материалов: 9

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ЕГЭ по биологии в условиях реализации ФГОС СОО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 91 человек из 42 регионов
  • Этот курс уже прошли 557 человек

Курс профессиональной переподготовки

Биология: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель биологии

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 460 человек из 68 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 178 человек

Курс повышения квалификации

Нанотехнологии и наноматериалы в биологии. Нанобиотехнологическая продукция

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 101 человек

Мини-курс

Современные подходы к преподаванию географии: нормативно-правовые основы, компетенции и педагогические аспекты

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Основы духовно-нравственной культуры народов России: особенности преподавания

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 26 человек из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 33 человека

Мини-курс

Каналы сбыта, продвижение и стимулирование продаж

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе