Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Презентации / Өзін -өзі тану пәнін оқыту әдістемесі

Өзін -өзі тану пәнін оқыту әдістемесі


  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:





hello_html_m39e3d41a.jpgҚызылорда қаласы,№171 Ғ.Мұратбаев орта мектебі,Абенова Зухра Кенесовна,мектеп директорының бейінді оқыту жөніндегі орынбасары,өзін-өзі тану пәні мұғалімі


Өзін-өзі тану пәнін жүргізу әдістемесі


Руханияттың кәусар бастауына апаратын жолды іздеу-бүгінгі таңда өмір сүріп келе жатқан адамдардың әрқайсысының және баршамыздың басты міндетіміз екеніне сенемін,тіпті егер қаласаңыз,оны адам туралы білімдер көмбесіне апаратын жол деп те атауға болады.”

Сара Алпысқызы

Өмiр әдебi” кiтабынан

Еліміздің егемендігі нығайып, ертеңіне сеніммен қадам басқан шағында заманына сай адамын тәрбиелеу басты міндет. Осы өрелі жолда ұрпақ өнегесі, олардың адамдық болмы­сы жайлы ой толғап, рухани-адамгершілік білім беруді басты идея етіп ұстанатын «Бөбек» қорының президенті С.Назарбаеваның «Өзін-өзі тану» авторлық бағдарламасының алға қойған мақсатының өзі ерекше.

Себебі өзін-өзі тану баланы өзінің қадірін өзі білуге, өзін сыйлауға, өзгелердің талқы-талдауына тәуелді болмауға, өзін-өзі жетілдіруге, рухани өмірде және қоршаған өмір жағдайларында өзінің бағыт-бағдарының болуына, өз бетінше шешім қабылдай алуына және өз сөзі мен әрекеттері үшін жауапкершілікті сезіне білуге тәрбиелейді.

Осы орайда «Өзін-өзі тану» пәнінің басты ерекшелігі өскелең ұрпақтың тұлғалық потенциалының дамуына, өзіндік қасиетінің ашылуына, шығармашылық және танымдық белсенділігін ынталандыруға, балаларға сүйіспеншілік, мейірімділік, ақиқат, адалдық, шыншылдық, сұлулық, рақымдылық, мінез-кұлық дұрыстығы арқылы үйлесімді жан-жақты дамыған адам қалыптастыруға бағдарланған.

Қазақ халқының ұлы ғұлама ғалымы әл-Фараби:«Адам мақсатына өзін-өзі жетілдіру арқылы жетеді және адамның басына қонған бақтың тұрақты болуы жақсы мінез-құлыққа байланысты»деген екен.Ал өзіңді алға қарай жетілдіру және бойында жақсы мінез қалыптастыру ең алдымен өзін-өзі танудан басталады.Өйткені өзіңнің кім екеніңді,қандай екеніңді білмесең,жетілдіру тәрбиесінің қай бағытта жүретінін және қандай мінез-құлық қалыптастыру қажеттігін білу қиын.Өзгелермен қарым –қатынас барысында қайталанбас тұлға ретінде қалыптасу,басқалармен дұрыс қарым-қатынас жасай білу-баға жетпес байлық.Осы байлыққа ие болған адам қоғамда өз орнын тауып,үйлесімді өмір сүре алады.Оған жетудің бірден-бір жолы –өзін-өзі тану.


Өзін-өзі тану адамның қоршаған ортаны дұрыс қабылдауынан,оларға деген дұрыс қарым-қатынасынан басталады.

Өзін-өзі танудың пәндік саласы әр оқушының ішкі жан дүниесін және өзіндік қайталанбас жеке даралығын пайымдау арқылы табиғи қабілеттіліктері мен жасампаздық әлеуетін ашуға бағытталған мақсатты білім беру үдерісін ұйымдастыруды көздейді.

«Әр бала – керемет рухани күш иесі. Ол шетсіз шексіздікті танып-білуге ұмтылады. Мұндай ұмтылыс адам баласының бойында дүниеге келген сәтінде-ақ пайда болады. Сондықтан да мұғалім әр балаға рухани күш иесі ретінде қарауы керек. Мұғалімнің мұндай көзқарасы баланың белсенділігін арттырады. Білімге деген құштарлығын көбейтеді. Балаға сеніммен қарау баланы тек қуаттандыра түседі», – деп белгілі педа­гог Ш.Амонашвили айтқандай мұғалім шеберлігі мен білімділігі «Өзін-өзі тану» пәнінің құндылығы мен маңыздылығын аша түседі.

Жаңа ғасыр толқыны әкелген жаңалықтарға сәйкес қазіргі заманда адамның тұлғалық дамуына баса назар аударылып, жас жеткіншектерге берілетін білім негіздері олардың жеке даралық қабілеттерін жетілдіруге қызмет етеді. Әр баланың ішкі мүмкіндігі мен өзіндік қарымын дамытуға әсер ететін рухани адамгершілік қағидалары жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуының, өзін-өзі жүзеге асыруының аса қажетті шарты болып табылады.

Осы тұрғыдан келгенде еліміздің бірқатар мектептерінде тәжірибеден өтіп жатқан өзін-өзі тану пәнінің оқыту мен тәрбие үрдісіндегі орны өзгеше. Оның өзгеше болатын себебі, бұл пәннің мазмұнын мектептегі басқа пәндердегідей ғылыми тұрғыдағы білім негіздері емес, керісінше руханилық бағдардағы тәрбиелік мәнді ұғымдар, оқушылардың өзіндік «Менін»

қалыптастыруға ықпал ететіндей дәрежедегі адамгершілік құндылықтар қамтиды.


Өзін-өзі тану пәнін оқытуда оқыту үдерісіндегі ұтымдылық көрсететін оңтайлы әдіс-тәсілдерді пайдалану білім сапасының қажетті деңгейіне жетуге негіз болады. Ол өзін-өзі тану пәні мен өзге оқу пәндерінің инновациялық әдіс-тәсілдер арқылы өзара сабақтасып, ықпалдасуын қажет етеді. Оқу пәндерінің өзара ықпалдасуы пәнаралық байланысты дамытуды ғана емес, ол сонымен қатар әр пәннің өзіндік мақсаты мен міндетінің айқындала, толыға түсуін де қамтамасыз етеді. Сол себепті мектепке дейінгі білім беру ұйымдарынан бастау алып, үздіксіз білім беру жүйесін тұтас қамтитын және болашақ 12 жылдық білім беру жүйесіне негізгі пәндердің бірі ретінде ендірілгелі отыр.


Білім және ғылым министрлігі 2010-2011 оқу жылынан бастап «Өзін-өзі тану» пәнін енгізу бойынша ұйымдастыру шаралары жоспарын әзірледі және оны бекітті.

Бастауыш, негізгі орта, жалпы негізгі орта білімнің Мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Сонымен қатар, «Өзін-өзі тану» пәні бойынша жалпы білім беретін мектептердің 1-11 сыныптарына арналған оқу бағдарламалары бекітілді. Жалпы бiлiм беретiн мектептердiң барлық сыныптарында (1-11 сыныптар) аптасына 1 сағаттан, оқу жылы бойынша барлығы 34 сағатты құрайды.

Вариативтi оқу жүктемесiнiң бiр оқу сағаты бастауыш мектепте таңдау бойынша сабақтарда, негiзгi мектепте таңдау бойынша курстарда және мектептiң жоғары сатысындағы бейiндiк оқыту жағдайларында, қолданбалы курстарда пайдаланылады.

Өзiн-өзi тануды оқыту процесiнде бiрқатар әдiстемелiк тәсiлдер қолданады:

1.Сабақтың тақырыбы /құндылық,қасиет/

2.Мақсаты мен міндеттері

3.Тыныштық сәті

4.Дәйексөз

5.Әңгімелеу /ұстаздың сыйы/

6.Шығармашылық жұмыс

7.Топпен ән айту

8.Үйге тапсырма беру

9.Соңғы тыныштық сәті



Жалпыадамзаттық құндылықтар болып саналатын адамгершілік мұраларды, рухани-адамгершілік қасиеттерді бүгінгі ұрпақтың бойына сіңіру, жақсылыққа үйрете білу аса маңызды. Өзін-өзі тану пәні әлемдегі ең басты құндылық – адамның өмір сүруі үшін, бақыт үшін, қуаныш үшін жаралғандығына негізделеді. Өмірдің осындай қарапайым ақиқатына – жақсы адам болуға баланы жастайынан үйрету керек. Бұл тұрғыда мұғалімнің рөлі аса зор. Өйткені ол оқыту мен тәрбиелеудің қазіргі әдістемесін жеткілікті меңгеріп, ба­лалар психологиясын терең талдай отырып, белгілі бір жастағы балаларға бағытталған педагогикалық процесті ұйымдастыра алады. Бастауыш сынып оқушыларының өздеріне, өз ортасына, құрбыларына және үлкен адамдарға байланысты эмоционалды-мотивациялық ұстанымдарын қалыптастыруда балалардың жас ерекшеліктерін ескеріп, әр сабақтың мазмұндылығы мен мәнін байыта түсуде методикалық әдіс-тәсілдерді және ойын, жаттығулар, жағдаяттарды сәтті пайдалану арқылы мұғалім зор мақсаттарға қол жеткізе алады.Мысалы:1-сыныпта «Достық қымбат өмірде» деген тақырып бар.Осы тақырыпта жұмыс барысында балалар балабақшадағы достары,олардың есімдері, қандай ойыншықтары болғаны,қандай ойындар ойнағаны туралы естеріне түсіріп,өз ойларын әңгімеледі. «Достық көмек» тақырыбы бойынша берілген суреттерге менің бір оқушым маған мынадай әңгіме айтып берді. «Біз досымыз екеуміз мектеп шеберханасында құстарға арнап ұя жасадық.Ол ұяны мектеп алдындағы ағашқа ілдік.Бір күні әлгі ұяға құстардың паналағанын байқап қалдық.Жақындап келіп тыңдағанда,онда шырылдап жатқан балапандардың даусын естіп ,қатты қуандық.».Оқушының ойын осылайша жеткізе білуі ол мұғалім еңбегінің жемісі.«Келісім түбі жарастық» тақырыбы бойынша адамдардың өзара тіл табысуы,түсінісуі,ортақ шешімге келуі арқылы қуанышқа,шаттыққа бөлейтінін және нәтижеге жететінін үйреттім.3-4 сыныптарда «Дос болайық бәріміз», «Адал достық» тақырыптарын оқушылардың сахналап көрсетуі,өздерінің әңгіме құрастыра отырып достықтың өмірдегі мәні оны бағалай білуге үйренді.Мысалы: «Екі дос әңгімесі.Екі дос бір егістікте жұмыс істейтін. Бірінің отбасы, балалары бар, ал екіншісі жалғыз басты еді. Күн батқанға дейін жұмыс істеп, достар тапқан өнімді тепе - тең етіп екіге бөліп алатын. Бір күні жалғыз басты адам ішінен: «өнімді және шыққан пайданы тепе - тең бөлгеніміз дұрыс болмады, мен жалғыз тұрамын, сондықтан да айтарлықтай көп қажеттілігім де жоқ» деп ойлады. Осындай оймен, түн сайын бір қап өнімді досының үйінің алдындағы сарайға жасырын апарып тұрды.
Досы да ішінен: «Өнім мен пайданы бірдей бөлгеніміз дұрыс емес, менің отбасым бар, қартайған шағымда олар маған қарайды. Ал досымның болса ешкімі жоқ, қартайған кезінде оған қарайтын адам болмайды.» деп ойлайды. Осылайша бұл да түн жамылып, үйден шығып досының қорасына өнімді апарып тұрады. Алайда қорадағы қаптардың саны неліктен азаймайтынына екі дос та түсінбей жүреді. Бір түні бір - бірінің қорасына жасырын қап тасып жүргенде, олар кездесіп қалады. Сонда ғана олар болған жайдың мәнін түсінеді. Қаптарды жерге қоя салып, достар құшақтаса кетеді.»
- Достардың бір - біріне деген адал ниеті мен достығын қалай бағалар едіңдер?
- Өз достарыңа қалай көмек көрсетіп жүрсіңдер? деген сұрақтарға оқушылардан жауап ала отырып адал достықтың қандай болу керек екендігіне көздерін жеткіздім.
Сабақ барысында балалардың бір-біріне деген жан сарайы ашылып,бір-біріне деген сыйластығы,құрметі сенімділігі арта түсті.Достық сезім адамның жеке басы үшін немесе өзіңнің жеке өмірің үшін ғана емес,қоғамның дамуына да ерекше әсер етеді.Достасып,бірігіп,ынтымақпен істелген іс қана нәтижелі болады.М.Қашқари «Бір данышпан дос жақсы ма,туыс жақсы ма деп сұрағанда,дос жақсы деп жауап берген екен.Адам тірі кезінде доссыз болмайды.Адамның доссыз болғанынан туыссыз болғаны жақсы.Достарым көп деп әркімге үміт түймесін қадауға әрекеттенбе.Ілгері мен соңғыға қара,достарыңның көзқарасынан хабарсыз болма.Дәмеленгіш кекшіл достан аулақ бол.Оның достығы нағыз достық емес,уақытша пайдалану ғана.Қызғаншақ,кекшіл,іші тар,сараң адамдар достыққа лайықты деуге болмайды.».Сондықтан достықты бағалауды бала бойына ерте кезден сіңіру,баланы бауырмалдыққа,достыққа,қайырымдылыққа,татулыққа үйретуде өзін-өзі тану пәнінің үлесі орасан зор.

Қорыта келе, «Өзін-өзі тану» пәні баланы өзінің қадірін өзі білуге, өзін сыйлауға, өзін-өзі жетілдіруге, рухани өмірде және қоршаған өмір жағдайларында өзінің бағыт-бағдарының болуына, өз бетінше шешім қабылдай алуына және өз сөзі мен әрекеттері үшін жауапкершілікті сезіне білуіне үйретеді және тәрбиелейді.

Рухани-адамгершілік білім беру – жас ұрпақтың бойына өмірдің мәні, сүйіспеншілік, бақыт, сыйластық, татулық, бірлік, төзімділік сынды құндылықтарды дарыту арқылы адамның қоғамда өз орнын табуына, қабілет-дарынының ашыла түсуіне, ақыл-парасатын дамытуына яғни сәнді де мәнді өмір сүруіне қызмет етеді.



Автор
Дата добавления 29.09.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Презентации
Просмотров2355
Номер материала ДВ-017554
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх