Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / "Өзін-өзі реттеу" туралы рефлексивті есеп

"Өзін-өзі реттеу" туралы рефлексивті есеп


  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

Өзін-өзі реттеу

Өзін-өзі реттеу үдерісіне «Қалай оқу керектігін үйрену» модулі жатады. Бұл үдерісте оқушылар метатану үдерісі арқылы түсіну, бақылау және тәжірибесіне қадағалау жүргізу қабілеттерін дамытады. Берілген істеріне жауапкершілікпен қарап, өздерін оқушы ретінде қарай бастайды.

Психологияға метатаным ұғымын Флейвел енгізген. Метатануға танымдық үдерістерін білу, аффективтік тұрғыдан өзін-өзі реттеу мен өзін-өзі бақылауды қалыптастыруға негізделген. Бронсон мектеп жасына дейінгі балалар мен балабақшадағы балалардың когнитивті дамуын зерттей отырып, олардың көпшілігі ерікті түрде іштей өзін–өзі реттеуге қабілетті деген шешімге келді. Балалар да «өзін–өзі реттеуді» қолданады, бірақ айтып бере алмайды.

Марта Бронсон (2002) өзін-өзі реттеудің төрт саласын айқындаған: танымдық, эмоциялық, әлеуметтік, ынталандырушылық.

Танымдық өзін - өзі реттеу, метатаным. Балалар нені біледі? Балалар өз мүмкіндігін біледі. Жоспарланған іс-қимыл туралы айта алады. Шешімді негізді қабылдай алады жəне таңдау жасай алады. Сұрақ қояды жəне жауаптар ұсынады.

Эмоциялық өзін-өзі реттеу: «эмоциялық зият». Эмоция саласында балалар өз эмоциялары мен өзгелердің эмоциялары туралы көбірек хабардар болады. Балалар өз тəртібі мен өзгенің тəртібі туралы жəне оның салдары туралы айта алады, жаңа тапсырманы сеніммен орындайды, назарды бақылай алады жəне алаңдататын сəттерге қарсы тұра алады. Алға басуды бақылайды жəне тиісті тəсілмен көмек іздейді. Қиындықта табандылық танытады.

Әлеуметтік өзін-өзі реттеу: «зерде теориясы». Балалар достық орнатуға, өзге адамдармен ынтымақтасып жұмыс істеуге жəне ересектердің көмегінсіз əлеуметтік мəселені шешуге үйренетін əлеуметтік саламен байланысты. Балалар тапсырманы қашан əрі қалай шешуді келіседі, құрдастарымен əлеуметтік мəселені шеше алады, бірге жəне кезектесіп дербес жұмыс істейді. Балалар құрдастарымен бірлескен жұмысқа қатысады, өзін қоршаған адамдардың сезімін түсінеді, көмектеседі жəне қолдау білдіреді.

Ынталандырушылық өзін- өзі реттеу: «шеберлікке бағыттау». Қауіпті жағдайларға төзімділікті дамытады; қателіктен сабақ алып, күрделі тапсырмаларды шешуден теориялық негіз қорытады.

Тәжірибе кезінде әртүрлі оқу жағдайында үш оқушымды бақыладым. Үш оқушы да тәртіпті, реттілікті сақтай отырып, әңгімеге өз бетімен кіріседі. А деңгейлі оқушы сыныпта өте тәртіпті оқушылардың бірі. Ол сыныптастарымен тез тіл табысып, топтық жұмыс барысында топ басшысы, баяндаушы, кеңесші қызметтерін атқарып отырды. Логикалық ойлауы дамыған, шешім қабылдап, дәйектері бар қорытынды жасай алады, ұйыдастырушы қабілеті дамыған, көшбасшылыққа бейім. В деңгейлі оқушы берілген тапсырмаға аса жауапкершілікпен қарайды, топта баяндаушы, топ басшысы, хатшы міндеттерін атқарды. С деңгейлі оқушы топта уақыт үнемдеуші, баяндаушы қызметтері атқарды. Мектепке уақытынан ерте барғаннан, қимылы баяу.

Жоспарланған тапсырма туралы оқушылар өз ойын айта алады ма? Үш оқушы да тапсырма туралы өз ойларын білдіре алады. А деңгейлі оқушы тапсырманың шартын басқаға түсіндіріп, орындау амалын қарастыра алады. Өз ойын ортаға салып, дәйектерін қорытындылайды. Жауаптары толық және мазмұнды. В деңгейлі оқушы бұрын алған білімдері арқылы мәселерді шеше алады, мысалдар келтіре алады, талдау жүргізеді, ойланады, түйін жасайды. С деңгейлі оқушы сипаттай алады, мінездеме береді, талдайды, бақылайды, бірақ өз ойын айтуға ұялады, сенімсіз.

Өз деңгейін біледі ме? Зейінін, тәртібін қадағалай алады ма? Үш оқушы да өз деңгейлерін біліп, сыныптағы позицияларын жақсы ұстайды. А, В деңгейдегі оқушылар тапсырма уақытында зейінін қадағалап отырады. Сұрақтардың жауаптарын толықтырып, өз ойын дәлелдейді. Өздерінің және сыныптастарының тәртібін қадағалай алады. А деңгейлі оқушы жұмыс барысында топ мүшелерінің тәртібін қадағалап, реттеп отырды. С деңгейдегі оқушы зейінін бір бағытта ғана қадағалайды, тез шаршайды.

Өздігінен реттелетін оқудың үш элементі аса маңызды болып табылады: тапсырмамен жұмыс барысында өздігінен бағыттаушылығы, оқушының проблемалар мен мақсаттарды өздігінен айқындауы, проблеманы шешу мен мақсатқа жету үшін әдіс-тәсілдерді өздігінен таңдауы.

Жаңа тапсырмаларды орындауда А деңгейлі оқушы өзіне деген сенімділігі жоғары, тапсырманы қызығушылықпен орындайды, В деңгейлі оқушы сабақта белсенділікпен көрінді, С деңгейлі оқушы сенімсіздік танытып, топтағы басқа балаларға қарайлай берді. Бірінші сабақтан ынтымақтастық атмосфера қалыптастыра отырып, оқушының өзіне деген сенімділігін ұялатуға тырыстым. Әр жауабын қолпаштап, қолдап отырдым. «Кезбе тілші» әдісінде С деңгейдегі оқушы дәрігер болуға өзі ниет білдірді. Дәрігерлік кеңес беріп, мамандығынын маңызын айта алды. Оқушыға тапсырма өзіне жақын болғасын ұнады (әкесі - дәрігер), мүдірмей, топта талқылаған сөздерден басқа, өзінің ойлағанын қосып айтты. Сыныптастары қолпаштау көрсеткенін сезініп, өзіне деген сенімділік пайда болды. Тапсырманы орындау барысында А деңгейлі оқушы туындаған мәселелерді шеше алды, өз таңдауын жасап, шешім қабылдады. В деңгейлі оқушы тапсырманы орындаған кезде, мәселелерді тез арада шешуге тырысады. С деңгейлі оқушы, мәселені шешу жолдарының дайын түрлерін іздейді. Екі оқушы да алдарына мақсат қоя алатын, мақсатқа жетуге бар күшін салады. Сабақтарда кездескен қиындықтар оқушыларды шыдамдылыққа, жауапкершілікке, сенімділікке тәрбиелейді деген ойдамын. Көкжиектің тұстарын анықтауда, құбылнаманың құрылысын зерттегенде, кездескен қиындықтарды жеңе отырып, түсініктерін молайтып, білімдерін кеңейтті. А деңгейлі оқушы еңбекқорлығы арқылы орындалатын міндеттердің тиімді жолдарын іздеді, В деңгейлі оқушы жауаптардың басқа да түрлерін қарастырды. С деңгейлі оқушы бір бағытта жұмыс жүргізуді ұнатқандықтан, тиімді жолдарды іздеуден бас тартпаса да, жұмыстың мазмұнын түсінгісі келмеді. Диалогтық оқытуды зерттеген кезде оқушыларға деңгейлі сұрақтар қойылды, өздері сұрақ әзірлеп, жауаптарын ұсынды. «Құпия зат» әдісі кезінде сұрақтарды қоя білу дағдылары көрінді, оң нәтижеге ие болды. С деңгейлі оқушы «Бұл не?» деген сұрақ қойды да, қате екенін өзі түсініп, басқа сұрақты ойластырып, өзін-өзі реттеді.

Қандай қиындықтар кездесті? Қандай шешу жолдарын қолдандым? А деңгейлі оқушы жұпта, топта ақылдасу кезінде басқанын ойына құлақ түрмеді, өзінікі дұрыс деп санады. Топ құрамын өзгерту арқылы, мүмкіндіктеріне қарай басқаларға жұмыс барысында көмектесу мен пікірталас арқылы, күрделенген тапсырмалар беру арқылы кездескен қиындықтардың шешімін таптым.

В деңгейлі оқушыға топта жұмыс істеу, сыныптасын тексеру, бағалау өте ұнады. Теориялық білімі болғанымен, тәжірибе кезінде өзінен күшті оқушыларға жалтақтай берді. Топпен жұмыс кезінде өзіне сенімсіздік танытты. Қолдау көрсету, өзіне жақын тапсырмаларды орындау арқылы, білім-күшіне сенімділік ұялаттым.

С деңгейлі оқушы тыңдаушы рөлінде болғанды қалады. Сурет салғанды саусақтың ұсақ қимылы қажет ететін тапсырмаларды ұнатады. Тапсырмалар алгоритм арқылы берілді. Топ ішінде сурет салды, безендірді. Сенімділік ұялатып, әрбір ісін формативті бағалап отырдым.

Оқушының бойында қандай өзгеріс болды? А деңгейлі оқушы топпен жұмысқа кірісіп, топ жетекшісінің рөлін атқарды, топтың жұмысын қадағалады, өзін еркін сезінді. Бір-бірінін ойын тыңдау керектігін, өзінен басқалардың да ойы дұрыс болатынын түсініп, топтық жұмысқа төселді. Өзгелерге көмек көрсету оған ұнады, өзін-өзі реттеді. В деңгейлі оқушы белсене қатысып, жұппен, топпен талқылағанда, жақсы ойларын, шешім жолдарын айтып отырды. С деңгейлі оқушы топпен жұмыс істеу кезінде біреудің көлеңкесінде қала алмайтынын, өз ойын айту керек екенін түсініп, топта талқыланған шешім ортақ болғаннан кейін, сенімділікпен жауап бере бастады. Топ құрамы өзгеріп отырса да, өзін жайлы сезінді. Өз-өзін реттегені байқалды.

Келесі қадам: оқушының бойында қалай оқу керектігін түсінуге, өз ісіне жауапкершілікпен қарауға, саналы оқушы болып шығуға жағдай жасау.

Әр оқушының жеке қабілеттерін зерттей отырып, олардың өзін-өзі реттеуге итермелей отырып, білім алуына қолайлы жағдайлар туғызғанда ғана жүйелі нәтижеге қол жеткізуге болады

Пайдаланылған әдебиет:

  1. Мұғалімге арналған нұсқаулық.




Автор
Дата добавления 07.02.2016
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров735
Номер материала ДВ-426480
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх