Инфоурок Литература СтатьиҒабит Мүсірепов шығармалары туралы мақала

Ғабит Мүсірепов шығармалары туралы мақала

Скачать материал

Әнеш Арайлым Болсбекқызы

Жетекшісі: қазақ әдебиеті кафедрасының доценті ф.ғ.к

Сабырбаева Р.Қ

 

 Ғ.Мүсірепов шығармаларын мектепте оқыту әдістемесі

 

         Еліміздің ірі қоғам қайраткері, ХХ ғасыр қазақ әдебиетінің көрнекті өкілінің бірі – Ғабит Махмұтұлы Мүсірепов. Жазушының шығармашылық жолы өте бай, туындылары әдебиет тектерін толық қамтыған. Қай туындысын алсақ та Ғ.Мүсіреповтің қаламгерлік ерекшелігін қыр-сырынан тани аламыз. Ол қазақ әдебиетінің барлық жанрын дамытуда аянбай еңбек еткен академик-классик жазушы. Ғабит Мүсірепов өзінің қоғамдық, публицистік, журналистік, сыншылдық қызметімен де туған халқының мәдениетінің дамуына зор еңбек сіңірді. Алайда қазақ халқы оны үлкен суреткер жазушы деп таниды, көркем сөздің хас шебері деп біледі, құрмет тұтады.

           Халықтың рухани байлығы – көркем әдебиетті жасайтын тек табиғи ұлы дарындар екені шындық. Қазақ халқының ХХ ғасырдағы өскен әдебиетін бүкіл әлемге танытқан да сол алып дарындар. Туған елінің ХХ ғасырдағы көркем әдебиетін кереметтей талай – талай шығармаларымен байытып, абыройын биіктеткен алыптар тобының қатарында Ғабит Махмұтұлы Мүсірепов те бар еді.

          Ғабит Махмұтұлы Мүсірепов – ұлттық сөз өнері тарихындағы зор тұлға. Оның әйгілі әңгіме, пъеса, романдары ел өмірінің ең бір елеулі кезеңдерін – дала азаматының рухани өзгерісін, қилы – қилы қия белін бейнелейді. Көр үнді, көп дауысты мұрасын зерделесеңіз, үлкен қаламгерді ерліктің жыршысы деп бағалар едіңіз. Көз алдыңыздан ылғи бір көтеріңкі рухты – ерлігі де, елдігі де берік жайсаң жандар тасқыны өтіп жатады. Ғабең – таза сезімді, азаматтықты жырлап өткен ақын жанды қалам иесі.

          Ғабит Мүсірепов ұлт әдебиетіндегі ана бейнесін ашуда өлшеусіз еңбек сіңірді. Отбасының ұйытқысы саналатын, жылы жүректі әйелдің, ананың болмысын боямасыз етіп жасауда өзіндік қолтаңбасын қалдырды. Қаламгердің әдеби-шығармашылығының шыңдалуына Пушкин, Лермонтов, Гоголь, Крылов, Чехов, Толстой секілді орыс классиктері мен батыс классиктерінің әсері мол болғаны анық. Өз дәуірінде жазушыны М. Горькийдің ана тақырыбына жазған романтикалық шығармалары баурап алды. Гуманист жазушының аяулы тіршілік иесі аналардың қоғамдағы рөлі туралы жазған шығармалары Ғ. Мүсіреповтің жігерін жаныды. Ол М. Горькийдің «Адамның анасы» және «Өлімді жеңген ана» атты екі новелласын аударып, өзі де «Ақлима», «Ананың анасы», «Әмина», «Ананың арашасы», «Ашынған ана», «Ер ана», тақырыптарындағы әңгімелерін жазды. Оның ана бейнесін сомдаудағы жиынтығы ретінде «Ұлпан» атты ірі эпикалық туындысы жарыққа шықты.Иә... Ана бейнесі қазақ әдебиетінде көптен бар үлгі. Әйтсе де,ананың ұлылық сипатын жүйелеп жазған, жан – жақты бейнелеген суреткер Ғабең болып саналады.

         Мүсірепов – ұлы жазушы ғана емес,ұлы суреткер де. Олай дейтініміз, әлі ысылмаған, тәжірбиесі аз қаламгердің «Тулаған толқында»атты тырнақ алды туындысының өзінде - ақ болашақ сөз зергерінің көркемдік қарымы, стильдік өрнегі, тіл байлығы, өзіндік юморы байқалады. Шығарма тақырыбында өзі жақсы білетін өмір құбылысы – ел іші, ауыл тұрмысынан алып жазады. Жазушының суреткерлік болмысының алғаш осы туындыдан тамыр тартқан алғышарттарын әдебиет сыншысы Сайлаубек Жұмабеков былайша ашып көрсетеді: «Жазушының тұңғыш туындысы- «Тулаған толқында» повесі. Ендеше болашақ ұлы суреткердің жемісті творчествосының төл басы саналатын осынау «ұзақ әңгіме» -  «Тулаған толқында» повесіне тоқталмай өту әсте мүмкін емес. Өйткені, бұл шығарма, біріншіден, әдеби – тарихи елеулі факті – дерек ретінде қызығушылық тудырмай қоймайдыы. Екіншіден, ұлы суреткердің жұртты сүйсінткен дара стиліне тән кесекте кемел сипаттардың әуелі осы туындыда алғаш нышандар танытқанына күмән жоқ».

          Ғ.Мүсіреповтің Отан қорғау, ерлікке, табандылыққа, адамгершілік қасиеттеріне, елге деген сүйіспеншілікке, патриоттық сезімге, адалдыққа тәрбиелейтін туындысының бірі – «Қазақ солдаты романы».

    Романның басты ерекшелігі – ең әуелі бірінші жақта жазылуында. Барлық оқиғалар бас қаһарман Қайроштың көзімен көрініп, көзқарасымен беріледі. Баяндаудың бұл тәсілі кейіпкерлердің портретін «ішкі жағынан» көрсетіп жасауда ұтымдылық танытқан. Лирикалық шегіністер, толқынды толғаныстар адам жанын жан-жақты ашып көрсетуге таптырмас табыстарға жетелеген. Романның басындағы он жасар бала мен соңындағы өмірдің не бір қия соқпақтарынан өткен сақа жігіттің өмірге деген көзқарастарындағы жер мен көктей айырма даму үстінде шебер көрсетілген. Романды ажарландырып тұрған тағы бір өрнек – Ғ. Мүсіреповтің шығармашылығына тән жеңіл әзіл мен ащы мысқыл. Юмор мен сатира жау жақтың іс-әрекеттерін бейнелегенде жиі қолданылған. «Қазақ солдаты» романында соғыс шындығы реалистік шыншылдықпен бейнеленген.

      Жоғарыда аталып өткен шығармалардың барлығы дерлік мектепте оқытылады. Әсіресе тереңдетіліп оқытылатыны «Ананың анасы» шығармасы. «Ұлпан» романы қосымша ретінде оқытылады. Әңгімелеріне қысқаша шолу жасалып кетеді. «Ананың анасы» шығармасын оқытуда ең алдымен тақырыбын ашу керек. Одан кейін идеясына үңілеміз. Оқушыларға топтық жұмыс арқылы кейіпкерлерін анықтауға болады. Әр баладан өзіне ұнаған кейіпкерлерін сұрауға немесе «ол саған  қалай әсер етті?» деген секілді сұрақтар қою арқылы шығарманың кейіпкерлерін талдауға болады. Мектеп бағдарламасына енгізілген келесі шығармасы «Қазақ солдатынан» үзінді. Бұл шығарманы толықтай оқыту балаларға ауыр болғандықтан, бір бөлімі ғана оқытылады. Соғыс тақырыбындағы шығарма оқушыларды қызықтырады. Тарихтағы соғыс пен әдебиеттегі соғыс екі бөлек дүние екеніне көзіңіз осы шығарма арқылы жетеді. Мектепте оқыту барысында баланы жалықтырмас үшін интеллектуалдық ойындар арқылы түсіндіру керек. Жаңа технологиялар қолдану қажет. Мысалы, миға шабуыл, сын тұрғысынан ойлау және т.б.

    Ғ.Мүсіреповтың проза, драматургия, аударма саласында сіңірген еңбегімен қатар, қазақ әдебиеттану ғылымы мен сынына қосқан үлесі де елеулі. Сонау жиырмасыншы жылдардан бастап өмірінің соңына дейін қазақ әдебиетінің даму процесінің көкейкесті проблемалары жайында үздіксіз пікір айтқан аға жазушылардың бірі Ғабит Мүсірепов болды.

Қаламгер әңгімелерін мазмұны мен пішіні, тақырыбы мен идеясы, сюжеті мен композициясы, көркемділік ерекшелігі, тілі мен стилі, жанрлық ерекшелігі, образдар жүйесін жан жақты түрлі тәсілдермен талдаулар арқылы шығармаларының мән-мағынасын терең де толық қамти аламыз. Жазушының ана тақырыбына жазған әңгімелерінде ананы ардақтау, оның ұлылығы алдында бас ию басым болып келеді. Жазушы суреттеген әйелдер өз балаларының  ғана емес, жалпы адамзаттың асыл анасы ретінде асқақ ардақталады. Өйткені, ол – адамға өмір сыйлаушы, қоғамдық өмірдің тірегі, қайнар көзіндей мәңгілік махаббаттың иесі. Жазушының ана әңгімелері оқырмандарын адамгершілікке үндейді, үлкенді сыйлауға, адамға мейірбан болуға тәрбиелейтін танымдық-тәлімдік, тәрбиелік маңызы жоғары туындылар.

           Жалпы әдебиеттің мақсаты – адамгершілікке, адамдық, адалдық қасиеттерге баулу. Жазушы туындыларының қайсысын алсақ та, олар - үлкен көркем рухани дүниелер. Сондықтан да аналар образындағы әңгімелерін оқығанның өзінен-ақ жан тебіреніп асқақ армандарға жетелейді, адамдық ұлы қасиеттерді бойға сіңіруге зор септігін тигізеді.

        Қорыта айтқанда, Ғабит Мүсірепов - үлкен прозаик, драматург, публицист, әдебиет сыншысы - ғалым ретінде туған әдебиетінің өте маңызды кезеңін бейнелеген  шығармалар берген, халық өмірінің көркем шежіресі болып табылады.Ол ел-жұртына кеңінен танылған, халықтың адал азаматы, қадірмен ұлы, шын мәніндегі халық жазушысы. Оның қаламынан шыққан әрбір еңбегі халықтың жүрегіне жол тауып, рухани асыл бұйымына айналды.

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ғабит Мүсірепов шығармалары туралы мақала"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Психолог в социальной сфере

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Ғабит Мүсірепов шығармаларын мектепте оқыту қазіргі уақытта қалай жүріп жатқаны жайлы. мектеп бағдарламасында қай шығармалары берілген. жаңа оқыту бағдрламасы бойынша қалай жүргізу керек. оқушылар Ғабит Мүсірепов шығармасын қаншалықты меңгеруде, басқа ақын- жазушылар секілді қазақ әдебиетінде алатын орны жайында жазылған мақала.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 052 материала в базе

Материал подходит для УМК

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 09.05.2018 6359
    • DOCX 16.8 кбайт
    • 11 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Анеш Арайлым Болысбекқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Анеш Арайлым Болысбекқызы
    Анеш Арайлым Болысбекқызы
    • На сайте: 6 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 8456
    • Всего материалов: 3

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Современное искусство: понимание и контекст

36/72/108 ч.

от 1580 руб. от 940 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Основы современных техник продаж: стратегии и инструменты

36/72/108 ч.

от 1580 руб. от 940 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Применение интерактивных образовательных платформ на примере платформы Moodle

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 79 человек из 36 регионов
  • Этот курс уже прошли 487 человек

Мини-курс

Продвижение: от бесплатной рекламы до постоянных клиентов

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 47 человек из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 18 человек

Мини-курс

Стратегии и инструменты для эффективного продвижения бизнеса в интернете

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 22 человека из 15 регионов

Мини-курс

Искусство переговоров: стратегии и тактики в различных сферах жизни

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 39 человек из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 13 человек