Инфоурок Начальные классы Конспекты"Адам - өз өмірінің суретшісі" атты тәрбие сағаты

"Адам - өз өмірінің суретшісі" атты тәрбие сағаты

Скачать материал

 Тақырыбы:     Адам- өз өмірінің суретшісі

 

Мақсаты : 1.(б) Рухани байлықты,яғни мейірімділік, қайырымдылық, 

                        адамгершілік,адам баласына тән қасиеттерді оқушылардың 

                        бойында қалыптастыру.Шапшаң ойлауға,өз пікірін саналы

                        ортаға шебер  сала білуге мүмкіндік беру.

                    2.(д) Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата

                     отырып, оқушылардың тіл байлығын, таным белсенділігін

                     арттыру.

                    3.(т) Әдептілікке, сыпайылыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі : Адамгершілікке байланысты түрлі суреттер а) «Үлкенді 

                        құрметтеу», «Кішіге қамқорлық»

                        б) Автобус ішіндегі бала.  в) Құстар атпау,мақал-мәтелдер,

                         күн,бұлт суреттері.

Барысы :        І. Психологиялық дайындық

                         (оқушылардың зейінін аудару) Гүл шоғы

                         ІІ. Қызығушылықты ояту

 

Балалар, адам бойында қандай асыл қасиеттер болады ?

 

      еңбекқор                                            мейірімді

 

 

    адалдық                                             кішіпейіл

 

 қайырымды                                                  ізетті

                         әділдік                       мәдениетті

                               адамгершілігі мол

 

 

Ал, қандай жаман қасиеттер бар ?

 

Пузырек для мыслей: облако:         ызақоқ         мейірімсіз                       мақтаншақ

 

 

 

       жалқаулық

 


                                                       еріншектік

 

ашуланшақ

                                  өтірікші       сараңдық

 

 

 

ІІІ.Мағынаны тану

 Бүгінгі біздің тәрбие сағатымыздың тақырыбы : «Адам-өз өмірінің суретшісі».Біз адамның жақсы, жаман қасиеттері туралы әңгімелейміз. Негізінен адамның жақсы өмір сүруі,нашар өмір сүруі де өз қолында.Бізге ақылдылықты,адалдықты,қарапайымдылықты,кішіпейілділікті,инабаттылықты,шыншылдықты үлкендер үйретеді. Ол біздің ата-аналарымыз, ақ сүтін бірге отырып, ана тілін үйретеді.Біз оны түсініп,ата-баба салт-әдеттерін үйренеміз. Адам болатын бала,жаман мінез әдеттерден, ұнамсыз қылықтардан аулақ болуға тырысуы керек.

  Абай атамыз «Әдептілік дегеніміз ешкімге жаман сөз айтып тіл тигізбеу,зәбірлемеу деген.»Адамның өзін -өзі дұрыс ұстай білуі-жақсы қасиеті,ол мәдениеттілікпен тығыз байланысты.Жақсы оқушы сыныпта партаға қисайып жатып алмайды.Қоғамдық орындарда ретсіз қатты сөйлеп,жөнсіз күліп,сыбырласпайды.Қасындағы адамға бірдеңе айтқысы келсе кейінірек айтады.

  Балалар, сіздер «Айгөлек», «Балдырған» журналдарын оқисыздар ма ?

  Онда адамгершілікке,кішіпейілдікке т.б. байланысты өлеңдер оқыдыңдар ма ?

 Қане айтып берейікші

 1-оқушы : Ата-ананың тілегі,

                   Адам болып өскенің.

                   Адамдықтың тірегі,

                   Адам болып өскенің.

  2- оқушы : Сыйлап сәлем беремін,

                      Көршілерді көргенде

                     Ізетті деп білемін,

                     Үйге қонақ келгенде

                     Әдепсіз деп сөкпесін,

                     Анама айтып айтып өкпесін.

3-оқушы : Кім үлкенді сыйласа,

                  Кім үлкенді тыңдаса.

                  Сыйлы болмақ,өзі де

                  Үлкен болған кезінде.

Суретпен жұмыс.

 

Көрініс.

 Әйкеннің апасы мен көкесі үйде жоқ болатын. Бір кезде есіктің қоңырауы шырылдады. Әйкен есікті ашты. Ар жағында Ажар  апай тұр екен. Әйкен Ажар апайды танитын. Ол апасымен бірге жұмыс істейді.

 -Амансыз ба, қалқам ?-деді ол.

- Ата-анаң қайда ?

- Олар үйде жоқ,-деді Әйкен, есіктің жақтауынан ұстаған күйі

- Қап! Бір шаруамен келіп едім.

Ажар апай сәл бөгеліп тұрды да, бұрыла берді.

 

  Сендер әйкеннің орнында болсаңдар қайтер едіңдер ?

Ойтолғау:

 Әр топқа тапсырмалар беріледі

І топ :Мектептегі әдептілік деген не ?

ІІ топ: Амандасу тәртібі

ІІІ топ: Жақсы,жаман әдеттерге байланысты мақал-мәтелдер айту

ІV. топ: Отбасындағы  әдептілік

Мұғалім : үйде бәрің теледидар,көріп отырсыңдар. Болып жатқан бағдарлама саған ұнамайды. Сенің басқа арнада болып жатқан мультфильді көргің келеді.

Не істер едің ?

(оқушылар пікірін тыңдау)

1-оқушы :  Тәртіпті бала сүйеніш

                   Төбең бір көкке жетеді

                   Тәртіпсіз бала күйініш

                   Төмендеп басың кетеді.

2-оқушы :  Ұрыншақ бала жанында,

                   Ұрыс пен керіс айқау –шу

                   Ұстамды бала маңынан.

                   Ұнамды қылық байқайсың.

3-оқушы :  Шындықты сақтаймыз,

                   Шындықты жақтаймыз

                   Шаршы топ алдында,

                   Шығарып мақтаймыз.

4-оқушы :  Салма аузыңа инені,

                    Үзбе жұлып түймені

                    Ашуланбай долданып,

                    Жауап берген ойланып.

                    Құр бекерге қылқима,

                    Болмашыға бұртима.

5-оқушы :  Су құйдым да құманмен,

                    Қолына мен әкемнің.

                    Содан кейін оған мен,

                    Орамалды әпердім.

Бәрі :        Үлкенді сыйлаймыз,

                  Айтқанды тыңдаймыз.

                  Кішіге ағамыз,

                  Құшаққа аламыз.

6-оқушы : Біз егеменді алған елде өмір сүрудеміз,Сондықтан

жарқын заманымызға сай мәдениетті, адамгершілігі мол, қайырымды,

ізетті,кішіпейіл,мейірімді,әдепті,білімді,білікті,салауатты азамат болуымыз керек.

 

 

 

Қорытынды:

  Балалар,бүгінгі тәрбие сағатымызды қорытындылай келе әр адамның өмірі өз қолында,екенін білуіміз керек. Әрине қазіргі өмірде сыртқы әсерге,белгілі бір адамдарға,белгілі бір жағдайларға байланысты адам өмірінде өзгерістер болуы ғажап емес.Бірақ та,жалпы алғанда егер адам мәдениетті,мейірімді адал,ұқыпты,салауатты болса ол адамның өмірі неге нашар болуы керек.

  Әрине ол адам бақытты. Өмірі мәнді де,сәнді болады.Сондықтан әр адам өз өмірін өз қолымен жасаушы деп айта аламыз.Жақсы өмірге жету үшін білімді де, білікті,иманды,салауатты өмір салтын ұстануымыз керек.

   Сонда ғана сіздер жақсы азамат боласыңдар.

 

-Біз бүгін қандай тақырыпта сөз қозғадық ?

-Нені ойға тоқып, жадымызға сақтауға тиіспіз ?

-Сендер қандай азамат болып өсулерің керек ?

(оқушылардың жауаптары тыңдалады)

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Адам - өз өмірінің суретшісі" атты тәрбие сағаты"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по продажам

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 916 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 02.12.2015 6492
    • DOCX 45.5 кбайт
    • 36 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Ермаганбетова Кулан Ахаткызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Ермаганбетова Кулан Ахаткызы
    Ермаганбетова Кулан Ахаткызы
    • На сайте: 8 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 28641
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Особенности развития критического мышления обучающихся в начальной школе

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 46 человек из 23 регионов
  • Этот курс уже прошли 257 человек

Курс повышения квалификации

Методика преподавания информатики в начальных классах

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 67 человек

Курс повышения квалификации

Видеотехнологии и мультипликация в начальной школе

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 257 человек из 51 региона
  • Этот курс уже прошли 1 263 человека

Мини-курс

Введение в искусственный интеллект

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 118 человек из 43 регионов
  • Этот курс уже прошли 45 человек

Мини-курс

Дизайн интерьера: от спектра услуг до эффективного управления временем

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология аддикции: понимание и распознование

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 27 человек из 19 регионов