Инфоурок Начальные классы КонспектыҚалалық семинар сабақ "Үлгерімі нашар оқушылармен жұмыс"

Қалалық семинар сабақ "Үлгерімі нашар оқушылармен жұмыс"

Скачать материал

№19 орта  мектеп

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қалалық  семинар  сабақ

 

Тақырыбы:«Үлгерімі  нашар оқушылармен   

                                 жұмыс»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                                          Утесинова Ж.И

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жаңаөзен  қаласы

Сабақтың тақырыбы: Төрт түлік туралы жырлар.

Сабақтың  мақсаты : Төрт түлік малдың пайдасымен,тіршілік табиғатымен,қадір –қасиетімен танысыру,шаруашылықтағы маңызы жөнінде түсінік беру.

Міндеті: Білім беру мен білім алудағы ұлттық салт-дәстүрді, төрт түлік малдың пайдасы жөнінде білімдерін кеңейту.

Дамытушылығы: Тіл байлықтарын, сөйлеу дағдыларын, шығармашылық қабілеттерін дамыту

Тәрбиелігі: Ұлттық салт-дәстүрді, тағам түрлерін қадірлеп, малды ұрмауға тәрбиелеу

Оқытудың нәтижелері:

1.   Жаңа тақырып туралы  түсінік қалыптасады.

2.   Тапсырманы орындай отырып,өз пікірін  жеткізе алады.

3.   Оқушы өз ойын талдай алады.

4.   Кейбір оқушылар  топтық жұмыс көмегімен берілген тапсырманы орындай алады.

 Көрнекілігі:Суреттер,төлдер суреті,сызбалар,мақал,жұмбақ,интерактивті тақта.макеттер,маркер,желім.

Сабақтың барысы:                                                            

І.Психологиялық дайындық.

 2.Оқушыларды топқа бөліп отырғызу(түстерді таңдау арқылы,сұрақтарға жауап беріп,топқа бөліну)

ІІ.Үй тапсырмасы «Бесік жыры» туралы әңгімелеу.

  -Бесік жырынан үзіндіні жатқа сұрау.

   Сұрақ:

   -Қандай жыр түрлерін білесіңдер?

   -Лиро-эпостық жырлар

   -Батырлар туралы жырлар

   -Төрт түлік туралы жырлар

   -Бесік жырлары

   -Тұрмыс салт жырлары:беташар,сыңсу.

 

 ІІІ.Жаңа сабақ.

   -Олай болса, бүгінгі сабағымызда төрт түлікке арналған жырлармен танысамыз.

  -Жұмбақтар шешу арқылы топтардың атын қою.

  

 

 

 

          «Құлыншақ»тобы

             -Қамыс құлақ,тостаған тұяқ.

             Мінсең қанат,сүті дәрі,еті тамақ. (Жылқы)

 

 

 «Қошақан»тобы           

     -Өзі жуас,өзі момын.

     Бір шешпейді тонын.    (Қой)

 

 

 «Бұзауқан»тобы

  -Екі айнасы бар,екі найзасы бар. (Сиыр)

 

   -Иір-иір денесі,

    Сахараның кемесі.

    Ащы шөптер тамағы,

    Шөлге шыдар бағалы.  (Түйе)

  -Басында таяғы бар,төрт аяғы бар.

    Екі құлағы бар,иегінде сақалы бар. (Ешкі)

   Кіріспе сөз

   Жұмбақты шешкенде қандай сөздер шықты?Жылқы,қой,сиыр,түйе,ешкі барлығын бір сөзбен қалай атауға болады?

  -Төрт түлік мал.     

    Қазақ ежелден мал бағумен айналысқан.Ғасырлар бойы қалыптасқан бай тәжірибесі бойынша олар малдың өрісін,тіршілік табиғатын,қадір-қасиетін әбден зерттеп білген.Малдың еті,сүті,жүні,терісі,мүйізі,сүйегіне дейін өз қажетіне пайдаланып отырған. Мінсе- көлігі,тұтынса-бұйымы да осы болған.

    Кең даланы еркін шарлап,көшіп- қонған халқымыздың тұрмыс-тіршілігі төрт түлікпен байланысты екені белгілі.

    «Малым-жаным садағасы,жаным-арымның садағасы»деген ата-бабаларымыз.Қазақ жері мал өсіруге аса қолайлы.Біздің жерімізді малсыз елестету мүмкін емес.

    Әр малды өсу жолына қарай былай атаған:

    Сиыр-бұзау,баспақ,тана,торпақ,тайынша,қашар,құнажын,дөнежін,сиыр,өгіз,бұқа.

    Қой-қозы,көбеген,марқа,көрпеш,тоқты,бағлан,ісек,қошқар,саулық,қой.

    Ешкі-лақ,туша,бөрте,шыбыш,серке,теке.

     Түйе-бота,тайлақ,буыршын,інген,атан,бура.

     Жылқы-құлын,жабағы,тай,құнан,байтал,дөнен,қулық,бесті,бие,ат,сәурік,айғыр.

      Халық ұғымында әр малдың пірі,киесі бар.Түйенің атасы-Ойсылқара,жылқы атасы-Қамбарата,

Сиыр атасы-Зеңгі баба,қой атасы-Шопан ата,ешкінің иесі-Сексек ата.

     Төрт түлік малдың пайдасы туралы айту.Еті,сүті,жүні,көлік,терісі.

      Төрт түлік малдың топтары:жылқы-үйір,сиыр-табын,қой-отар,түйе-келе.

       Мал төлдері: Қой төлі-қозы,сиыр-бұзау,-жылқы-құлын,түйе-бота,ешкі-лақ.

     Төлдер енесі өріске кеткенде,қарны ашқандаөздеріне тән дыбыспен маңырайды,мөңірейді,кісінейді,боздайды.

      Қай төлді қалай шақырады?

           Қой-пұшайт-пұшайт.

           Ешкі-шөре-шөре.

           Құлын-құрау-құрау.

           Сиыр-аухау-аухау.

           Бота-көс-көс.

      Көктемде мал туады,өрісте туып қалған малдардың төлін иелері жинайды,сол сияқты бізде төлдер жинаймыз.

  3. Өлеңді оқып беремін./бейнеролик көрсетіліп тұрады/

  ІV. Сөздік жұмыс.

      Оқыра ,сәйгел-сиырдың созылмалы ауруы

       Мөңкіген-артқы аяғын көтеріп тулауы

       Жөңкіген-көп сиырдың топырлап жүруі

       Қақтаған-тезегімен ластау

       Жамыраған-қозысымен табысуы

       Аңыраған-қозысынан айырыларда маңырауы

       Қалақтай-үй тұрмысына қолданатын құрал.Бұл жерде кішкентай дегенді       

         білдіреді.

       Бұлақтай-бұл жерде көп дегенді білдіреді

       Жасқаған-үркіткен

 V.Оқушыларға тізбектей оқыту./әр топ өздеріне тиісті өлеңді оқиды/

 

VІ.Топтық жұмыс.  

   1-топ.  Жырға сүйеніп құлынды сипатта.

   2-топ.  Жырға сүйеніп сиырды сипатта.

   3-топ.  Ешкіні,қойды сипатта.

VІІ.Жеке жұмыс.

  Оқушылар карточкадағы төрт түлікке қатысты сұрақтарға жауап береді.

Төрт  түлік  мал  төлін  қалай  сүйеді?

                 

VІІІ.Шығармашылық жұмыс: «Ұйқасын тап»

     «Құлыншақ»тобы                                         

  Қоғалы көлде -----------

  Қоғаның басын---------

  Құраулап оны -----------

  Қыл арқанмен -----------

Керекті сөздер: жылқышы,шайнаған,байлаған,жайлаған.

         «Қошақан»тобы

   Мә-мә деген ---------

   Жібек тоны,----------

   Қошақаным ----------

   Сүйкімді бір -----------

  Керекті сөздер: момақан,әні бар,жануар,сәні бар.

      «Бұзауқан»тобы

  Ырыс көзі-------------

  Байлығымын бір -------------

  Етім дәмді, ---------------

  Сырымды менің -----------

  Қажет болса -----------

  Балауса --- бар,----- бар.

Керекті сөздер: күшім бар,сиырмын, сүт,қаймақ,ұғып ал,үйдің,шөп,сиыр.

 ІX.Топтық жұмыс. Постер қорғау.

Әр топ өз тобының аты бойынша постер қорғайды.

 X.Дебат.-«Мал бағу оңай ма?»

 XІ.Сабақты қорыту.Үйге тапсырма өлеңді жаттау.«Төрт түлік»тақырыбына эссе жазу.

Бағалау.Жинаған төлдері бойынша топтарды мадақтау.

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Қалалық семинар сабақ "Үлгерімі нашар оқушылармен жұмыс""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Карьерный консультант

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 671 534 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 01.02.2017 647
    • DOCX 79.8 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Утесинова Жамал Игликовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Утесинова Жамал Игликовна
    Утесинова Жамал Игликовна
    • На сайте: 7 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 16989
    • Всего материалов: 10

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 184 человека из 49 регионов

Курс повышения квалификации

Организация рабочего времени учителя начальных классов с учетом требований ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 44 человека из 28 регионов
  • Этот курс уже прошли 335 человек

Курс повышения квалификации

Внедрение Федеральной образовательной программы начального общего образования

36/72/108 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 283 человека из 56 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 110 человек

Курс повышения квалификации

Особенности введения и реализации обновленного ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 1105 человек из 80 регионов
  • Этот курс уже прошли 19 306 человек

Мини-курс

Российское движение школьников (РДШ): воспитательная работа

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 13 человек

Мини-курс

Развитие коммуникативных и здоровьесберегающих навыков

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Стимулирование интереса к обучению у детей дошкольного возраста

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 11 человек