Инфоурок Всеобщая история Другие методич. материалы"Қаңлылардың қалалық мәдениетінің дамуы" ашық сабақ

"Қаңлылардың қалалық мәдениетінің дамуы" ашық сабақ

Скачать материал

Бекітемін

4-тарау:Үйсіндер мен қаңлылар.

Сабақ тақырыбы:

Қаңлылардың қалалық мәдениетінің дамуы.

Зерттеу сұрағы:Қаңлыларда қала мәдениетінің дамуы немен байланысты?

Мектеп:Ә.Молдағұлова атындағы №173 орта мектеп

Күні:26.02.2018ж.       Күні:28.02.2018ж.

Мұғалім:Қ.Рысбаева

 

СЫНЫП: 5 «А»          Сынып:5 «В»

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар:

Сабақ негізделген оқу

мақсаты (мақсаттары)

5.3.2.2 – Қазақстан территориясындағы алғашқы мемлекеттік бірлестіктердің көрші елдермен қарым-қатынасын анықтау

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

·         Оқулықта  берілген тапсырмаларды орындайды. Тақырыпты меңгереді.

Оқушылардың басым бөлігі:

·         Тақырыптың  маңызы туралы  дәлелдеп айтып бере алады.

Кейбір оқушылар:

·         Білімді сыныптастарына түсіндіріп оқулықтан тыс ресурстар қоса алады.

Бағалау  критерийі

Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады.

Сабақ барысында  тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Тілдік құзіреттілік

 

Қаңлылардың қалалық мәдениетінің дамуы

Ресурстар

Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар  және  әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер,карта.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, дидақтикалық ойын, «таңда да,таста»стратегиясы. Рефлексия.

Пәнаралық байланыс

География, қазақ тілі,дүниежүзі тарихы.

Алдыңғы тақырып

Қаңлылардың қалалық мәдениетінің дамуы(1-сабақ)

 

Жоспарланған

уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде

жоспарланған жаттығулармен қатар,

ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар

1 мин

 

 

 

 

Басталуы  5 минут

 

Сәлемдесу.

Психологиялық ахуал қалыптастыру:

«Сәттілік!»1 минут

Сыныпты топқа бөлу. Оқушыларды «Ойлан,тап»  әдісі арқылы топқа бөлу.(таңдаған карточкадағы сөз бойынша өз тобын табуы керек.)

«Уйсіндер»-Қызыл Аңғар

«Сақтар»-Құдіретті еркектер

«Қаңлылар»-Сырдария алқабы

«Жібек жолы»-Хуанхэ өзені

«Сұрақ мене,жауап сенен» ширату жаттығуы

Әр топқа конверке салынған сұрақ қиындылары берілген.Соны жылдам құрастырып,сұраққа жауап берулері керек.

Сақтар-Қаңлылар қайда өмір сүрген?Картадан көрсет.Сырдария,Арыс,Талас өзендерінің алқаптарында.

Жібек жолы-Қаңлылардың өмір сүрген уақыты?Б.з.д.ІІІ-І ғасыр аралығы.

Үйсіндер-Ұлы Жібек жолы қайдан бастау алады?Хуанхэ өзенінен.

Қаңлылар-Қаңлылар неліктен ғұндармен одақтасты?Қаңлылар үйсіндерге де,Қытайға да бірдей қарсы тұра алатын одақтас іздеді.

 

Палаткалар,Сұрақ қиындылары салынған конверттер.

Топтар:

Үйсіндер

Қаңлылар

Сақтар

Жібек Жолы

Ортасы   20 минут

Білу және түсіну

Бастапқы ынталандырушы материал ретінде

 «Қаңлылар» жайлы бейнематериал көрсету.

М.сөзі :Ойланып, көріңіз бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай болмақ?

2-3 оқушыны тыңдау,тақырыпқа шығу.

«Қаңлылардың қалалық мәдениетінің дамуы» (2-сабақ)

Зерттеу сұрағы:Қаңлыларда қала мәдениетінің дамуы неиен байланысты?

Қызығушылықты ояту.

1)ЦОР 112. «Қаңлылар»

2)Берілген мәтіндерді балалар оқып алады.Жеке жұмыс.

«Қаңлылардың қалалық мәдениетінің дамуы».

 «Жариялау» әдісі.Топтық жұмыс.

(Әрбір топ берілген тапсырма бойынша  өз позициясын жариялау керек. Бұл үшін топ ішінен спикер берілген уақыт ішінде (1,5мину) басқа қатысушылар  алдында сөйлеп, топ ұстанымын жеткізеді.)

Әр топқа конвертке салынған тапсырмалар беріледі.

Сақтар-Цифрлық ақпарат пен кітап бойынша мәтіндер мен суреттерді қолдана отырып,қаңлылардың тұрмысын сипаттау.

Үйсіндер-Қаңлы қала мәдениетінің даму себептерін анықтау.

Жібек жолы- Қаңлылар халықаралық саудағы қатысушы екенін дәлелдеу.

Қаңлылар-Қаңлы тұрғын үйіне сипаттама жасау.

Бағалау «Екі жұлдыз,бір тілек»

 

М:Қазақстан және Орта Азия жерінде қаңлы тайпаларының   ескерткіштеріне жүргізген зерттеу жұмыстарының қорытындысы бойынша, олардың қалдырған материалдары шартты түрде үш мәдениетке бөлінеді.

1. Қауыншы. 2. Жетіасар. 3. Отырар-Қаратау мәдениеті. Бірінші- Қауыншы мәдениеті, Ташкент маңындағы кенттерден табылған заттармен байланысты, оның бірі Қауыншы қаласының атымен аталған. Бұл мәдениеттің тарихи түрғындарының өмір сүрген кезеңдері б.з.б. III ғасырмен б.з. I ғасыр арасы. Қазақстан ғалымдары бүл мәдениетке Ташкент аймағына жақын орналасқан Шардара су қойма-сының жеріндегі ескерткіштерді де жатқызады. Олар Ақт-өбе I, Шаушықүм қалашықтарының орындары. Бүлардан керамикалық ыдыс-аяқтар, егіншілік кәсібіне және мал шаруашылығына қажет қүрал жабдықтар мен қару-жарақтар табылған.

Екінші - Жетіасар мәдениетіне Сырдарияның төменгі ағысындағы және Арал бойындағы қаңлы тайпаларының тарихи ескерткіштері жатады. Бұлардың қатарына - Алтынсар, Томпақасар, Бидайықасар, Үңгірліасар, Жетісар қалашықтары кіреді. Мүндағы табылған заттар б.з. Імың жылдығының алғашқы жартысында өмір сүрген қаңлы тайпаларының тарихы туралы мәлімет береді. Жетіасар мәдениетінің халқы Қауыншы мәдениетінің тұрғындарына қарағанда тұрақты мекен-жай салу және оның күрделі әрі сапа-лы болуымен ерекшеленеді. Сондай-ақ бұларда керамикалық заттар жасауда айырмашылықтар болған.

Үшінші- Отырар-Қаратау мәдениетіне Сырдарияның орталық ағысы, Отырар аймағы мен Қаратаудың солтүстік және күнгей бетіндегі ескерткіштер жатады. Жазба дерек-тер бүл жерлердегі қаңлы тайпаларының негізгі өсіп- өнген, этникалық ата-мекені болғанын көрсетеді. Сондықтан да Қазақстан ғалымдары Отырар, Қаратау мәдениетінің тарихи ескерткіштерін тереңірек зерттеуге ерекше назар аударған.Б.з.б. II ғасырдың екінші жартысында қаңлылар жерінің оңтүстік аймағы юечжиге, ал солтүстік бөлігі ғұндарға тәуелді болғаны көрсетіледі. Ал б.з. 1-ғасырында мүндағы жағдай өзгеріске ұшырайды. Бүл кезде Амудария мен Сырда-рия аралығындағы юечжилердің негізгі белігінің оңтүстікке, Бактрияға қарай ығысуы, қаңлы тайпаларының күшеюіне мүмкүндік береді. Қаңлылар одағының құрамына жоғарыда аталған бес иелік кіреді. Қаңлылар Арал-Каспий өңіріндегі сармат-алан тайпалар одағы мен Орал өңіріндегі сармат тайпаларын бағындырады. Қаңлы билеушілері Қытай империясымен қатынаста еркін, тәуелсіз бағыт үстайды.

 

 

https://www.youtube.com/watch?v=kNUmyH58Yuc

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мультимедиа.

ЦОР6сынып

.ЦБР 112. Қаңлылар.

«Ежелгі Қазақстан тарихы»

Оқулық,

мәтіндер.

 Сыныптағы белсенді оқушы басқаларға бағыт беріп отырады. Топтық талқыға салады,ойланады.Өзгелерді тыңдай  отырып , өз білімін толықтырады. Ізденеді.

Сергіту сәті

2 минут

 

 

 

 

 

 

 

«Таңда да, таста «стратегиясы

Сергіту сәті: «Таңда да   таста» стратегиясы қолданылады.

Оқушылар қағазға  бүгінгі сабақтың тақырыбына байланысты сөздерді жазып, умаждап бір-біріне лақтырып ойнайды.

Содан кейін бір қағазды таңдап алып ішіндегі сөзді оқиды.

Сол сөз бүгінгі сабақтың тақырыбына сәйкес келетіндігін анықтайды, мағынасы ашады.

 

 

 

«Таңда да, таста»стратегиясы

Аяқталуы

Сабақты бекіту.

 5 минут

 

 

Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар

5мин

 

 

 

 

Кері байланыс

3 минут

Синтез.

Дидактикалық ойын «Ақылды достар»

Бағалау «Достың бағасы»Мұғалім өзі бағалап отырады. (жарайсың,өте жақсы,керемет)

Тірек-сызбаны қолданып қаңлылардың көрші елдермен қарым-қатынасын сипаттау.

Қаңлылардың үйсіндермен қарым қатынасын сипаттау

Қаңлылардың ғұндармен қарым –қатынасын сипаттау

Қаңлылардың Қытаймен қарым-қатынасын сипаттау

Қаңлылардың Иранмен қарым –қтынасын сипаттау.

Картинки по запросу кері байланыс түрлері

 

Дидактикалық ойын.

 

 

 

Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы.

 

Кері байланыс кемесі.

 

Үйге тапсырма                    4.2.(2-сабақ).Тауарды айырбаста тапсырмасы.

Қосымша ақпарат

 

Саралау – Сіз қосымша

көмек көрсетуді қалай

жоспарлайсыз? Сіз

қабілеті жоғары

оқушыларға тапсырманы

күрделендіруді қалай

жоспарлайсыз?

Бағалау - Оқушылардың

үйренгенін тексеруді

қалай жоспарлайсыз?

Пəнаралық байланыс

Қауіпсіздік жəне еңбекті

қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс

Құндылықтардағы

байланыс

Рефлексия

Сабақ / оқу

мақсаттары

шынайы ма?

Бүгін оқушылар

не білді?

Сыныптағы ахуал

қандай болды?

Мен жоспарлаған

саралау шаралары

тиімді болды ма?

Мен берілген

уақыт ішінде

үлгердім бе? Мен

өз жоспарыма

қандай түзетулер

енгіздім жəне

неліктен?

 

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды

жетілдіруге көмектесетін не білдім?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5.3.ВҮйсіндер мен қаңлылар

Сабақ тақырыбы:

Қаңлылардың қалалық мәдениетінің дамуы

Мектеп:Ә.Молдағұлова атындағы №173 орта мектеп

Күні:23.02.2018ж.

Мұғалімнің есімі:Қ.Рысбаева

 

СЫНЫП: 5 « В»

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар: 0

Сабақ негізделген оқу

мақсаты (мақсаттары)

5.3.2.2 – Қазақстан территориясындағы алғашқы мемлекеттік бірлестіктердің көрші елдермен қарым-қатынасын анықтау

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

·         Оқулықта  берілген тапсырмаларды орындайды. Тақырыпты меңгереді.

Оқушылардың басым бөлігі:

·         Тақырыптың  маңызы туралы  дәлелдеп айтып бере алады.

Кейбір оқушылар:

·         Білімді сыныптастарына түсіндіріп оқулықтан тыс ресурстар қоса алады.

Бағалау  критерийі

Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады.

Сабақ барысында  тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Тілдік құзіреттілік

 

Қаңлылардың қалалық мәдениетінің дамуы

Ресурстар

Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар  және  әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.

Пәнаралық байланыс

Музыка, қазақ тіл,геграфия.

Алдыңғы тақырып

Үйсіндер туралы жазба деректер

 

Жоспарланған

уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде

жоспарланған жаттығулармен қатар,

ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар

Басталуы  5 минут

 

Топқа бөлу2 минут

Себетпен конфет әкелу. Оқушыларға себеттен конфет алуларын сұраймын.Конфеттің түрлеріне қарай 3 топқа бөлініп отырады.

Психологиялық ахуал қалыптастыру:

3 минут

«Қызыл гүлім-ай» би

1-топ «Сары кәмпиттер»

2-топ «Көк кәмпиттер»

3-топ «Қызыл  кәмпиттер»

 

Ортасы   20 минут

Білу және түсіну 10 минут

Топтарға тапсырма:

 (Мәтін бөліктерін тарату)

Қаңлы мәдениеті , шаруашылығы, жазу өнері, қол өнері, музыка және би өнері.

Шаруашылығы. Қаңлы мемлекеті алып жатқан жер табиғи климаттық және ландшафтық – географиялық көрсеткіштері жөнінен мейлінше алуан түрлі болған. Мұнда тау аңғарларындағы құнарлы тау беткейлері, өзендердің аңғарлары, кең байтақ дала кеңістіктері, шөлейттер мен шөлдер де бар еді. Нақты шағын аймақтардың әрқайсысындағы тұрғындардың шаруашылық қызметінің негізгі бағытын да географиялық орта анықтады. Оның үстіне түрлі аудандар адамның игеру дәрежесі мен, шаруашылық қызметке тартылуы мен шаруашылықтың белгілі бір түрінің даму дәрежесімен ерекшеленеді. Хорезмде, Арал өңірінде, Зерафран аңғарында, Ташкент алқабында ертедегі және алдынғы антик дәуірінде отырықшылық дамып, ежелгі қоныстар мен қалалар қалыптасқан. Көшпелі (жартылай көшпелі) мал шаруашылығы мен суармалы егіншілікпен айналысқан тұрғындар мемлекеттік құрылым шеңберінде жарасымды біріктірілді.

Дәнді дақылдар дәндері мен астық қамбаларының табылғанына, еден сылағы мен камкесектен сабан – топан қалдықтарының болғанына дәнүккіштер мен астық сақтайтын құмдардың көп кездескеніне қарағанда, егіншілік мықтап дамыған тәрізді. Жерді тас кетпендермен өндеген, олар көрінген мекеннен табылады. Жер өңдеуге сүйектен жасалған құралдар да қолданған.

Б.з. алғашқы ғасырда егінді суғару шектеулі көлемде жүргізілген. Әдетте, суды пайдалануға еңбектің ең қарапайым әдістері қолданылады. Көкмардандағы жер суландыру ісін алдын-ала зерттеуден Арыстың опырылып құлап біткен көне арнасы мен тарамдарын бөгеп, олардың жарма, арықтар тартып, егін мен бақшаларды суарғанын көреміз.

Шаруашылықтың маңызды бір саласы – мал өсіру болған. Егіншілігі біраз дамыған ежелгі қоныстардан жылқы, қой, ешкі, сиыр сияқты үй жануарлары сүйектерінің көп кездесетіне қарап қаңлылар тіршілігінде мал шаруашылығы едәуір орын алғанын байқаймыз.

Қоныстанушылар өмірінде аң аулау ісі де үлкен орын алған. Қазбалардан еліктің, таутекенің, арқар мен ақбөкеннің сүйектері табылған. Арқар мен марал мүйіздері де жиі кездеседі. Ісмерлер олардан әртүрлі бұйымдар жасаған. Қаңлылар су құстары – үйректер мен қаздарды да, бірқазандарда аулаған. Балық қылтанақтары мен қабыршақтарының табылуын еске алсақ, олар балық аулаумен де айналысқан. Балықты шанышқымен түйреп, әртүрлі аулармен, қармақпен ұстаған.

Жабайы алма мен алмұрт, өрік пен долана, пісте жемістерін жинау да көп шаруаның мәнді бір түрі болған.

Сонымен б.з басталар кезде және б.з I-мыңжылдығының бірінші жартысында Қазақстанның оңтүстігінде аса ірі және құдіретті Қаңлы мемлекеттік бірлестігі болып, өркен жайған ол Шығыс тарихында маңызды рөл атқарған. Оның халқы егіншілікпен, мал шаруашылығымен, қолөнер кәсібімен, саудамен айналысқан. Қаңлының өз тұсындағы Қытай, Парфия, Рим және Кушан империясы сияқты мемлекеттермен саяси, экономикалық және мәдени байланысы мол болған.

Қаңлы тілі туралы ғылыми әдебиеттерде айтылып жүрген пікірлер бірыңғай емес, тіпті қаңлыларды иран тілдес тайпаларға жатқызатын ғалымдар да бар. Мысалы, қаңлылардың шығу тегі мен тілі туралы Б.Ғ.Ғафуров: «Этническая принадлежность кангюйцев вызывает споры ученых. Существует точка зрения, что они тюрки. Другие доказывают, чо кангюйцы пренадлежат к числу носителей тохарских языков. Вероятнее однако, что они были иранозычным, потомками и наследниками сырдарьинских саков», -деп жазады/37/.

Қалай болған да, мемлекет салтанатын құрып отырған көне қаңлы түркі әлеміне Қытай елшісі Цыма Цзянның алғаш жариялаған дәуірінде (б.д.д. II ғасырда) олар түркі тілдес тайпа болып саналған.

А.Н.Бернштам өзінің кангюй проблемасына бағыныштаған зерттеуінде б.ғ.б. қаңлы түркі тілдес тайпа болатын /38/ деп есептейді.

Сонымен қаңлы барша түркі әлемінде үйсін тайпасымен бірге шыққан ең көне әрі алғашқы түркі тілдес тайпалар екендігінде күмән болмауы керек.

Қаңлы тілінде жазу дәстүрі де болған. Алайда қаңлы атымен бүгінге жеткен жазба ескерткіштердің (оның жалпы саны 30 шақты) қайсысы оған жақын, қайсысы алыс екенің айту өте қиын. Ал қаңлы тілінде кезінде жазылған «Заң ережелері» (б.д.д. II ғасырда), «Қаңлы тілінің сөздігі» (XIV ғасыр) т.б. ресми жазба ескерткіштер бізге жетпей, тарихтың шаңына көміліп қалған.

Түркі әлемінде, соның ішінде әсіресе Алтай, Орталық, Орта Азия мен Қазақстан жерінде жасаған түркі тайпаларының бәріне ортақ Орхон, Енисей және Талас руникалық жазуында қалыптасқан түркі жазуы әдеби тілі сол кезде (V-VII ғ) Батыс түркі қағанатының құзырында болған қаңлылардың ұлан-ғайыр Еуразия жазығына қыпшақ қауымының үстемдігі жүріп «қыпшақ тілдерінің қауымдастығының» енген тілдердің өзіндік белгілері мен ерекшеліктері айқындала бастаған дәуірде (X-XII ғ) қаңлы тайпасының тілі де осы топтағы тілдердің бірі болып қалыптасқаны белгілі.

Қазақ халқы және оның жалпы халықтық һәм жазба әдеби тілі қалыптасқанда қаңлылар тілі оған ұйытқы болған қыпшақ компоненті ретінде қатысты.

Жазу өркениетті елге айналған тайпа ұлыстың, халықтың тіліне қажетті мәдени атрибут. Жазу бір халықта ерте, бір халықта кеш пайда болуы мүмкін. Адамзат қауымына тән жазу мәдениетінің тым ұзақ тарихы оның сан алуан түрлерін, қолдану әдіс тәсілдерің, шығу төркінін, қалыптастыру дәуірлерін жақсы білген.

Адамзат өркениетінің басқа саласын былай қойып, тек түркі әлеміне тән жазу дәстүрін қарастырсақ, оның өзі тасқа қашап, ойып жазатын, металл (алтын, күміс, қола, темір) бетіне сызып жазатын, күйдірген кірпіш бетіне батырып жазатын, иленген терінің бетіне тіліп, не бедерлеп жазатын, қайың қабығы тозға кесіп жазатын, матаның бетіне кестелеп жазатын, қағаздың бетіне сызып, суреттеп, бейнелеп жазатын т.б. сан алуан тәсілдерін білген екен. Өркениет деңгейіне қарай, әр алуан материалдарды да пайдаланған екен.

Қаңлы тайпасы да кезінде жазулардың біразын қолданған сияқты. Мәселен, б.д.д.II ғасырда Кангюй мемлекетіне барған Қытай елшісі Цыма Цзянь: «Патша ордасында оның заңдары мен жарлықтары ілулі тұрады екен»,- деп жазады.

Қолдану 8 минут  «Интервью» әдісі

 

Жалпыға арналған тапсырма:

Оқушылар тақырып аясында сұрақтар құрастырады. Сұрақтар тақтаға ілінеді. Оқушылар бір-бірінің сұрақтарына жауап береді.

Зерттеу сұрағы: Қаңлыларда қала мәдениетінің дамуы немен байланысты?

 

«Әлемді шарлау» әдісі арқылы түсіндіріледі.

«Интервью» әдісі

Оқушылар өз оайларын стикерлерге жазып жабыстырады.

Сергіту сәті

2 минут

«Қыдырып қайтайық!»

би билеу

«Қыдырып қайтайық!» биі

 

Аяқталуы  20 минут

Синтез

Екі түрлі түсініктеме күнделігі.

Оқушылардан дәптердің бетін (не таратылып берген парақты) ортасынан вертикаль сызықпен бөлу сұралады. Мәтінді оқу барысында олар:

 

Бөліктің оң жағына

Сол жағына

Мәтіндегі қатты әсер еткен тұстарды, үзінділерді жазады.

Сол әсер еткен үзінділер жайлы пікір жазады (нені еске түсіреді, себеп-салдары қандай, қандай сұрақ бар т.б.)

 

 

 

 

Оқушылар кестемен жұмыс жасайды

Қосымша ақпарат

 

Саралау – Сіз қосымша

көмек көрсетуді қалай

жоспарлайсыз? Сіз

қабілеті жоғары

оқушыларға тапсырманы

күрделендіруді қалай

жоспарлайсыз?

Бағалау - Оқушылардың

үйренгенін тексеруді

қалай жоспарлайсыз?

Пəнаралық байланыс

Қауіпсіздік жəне еңбекті

қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс

Құндылықтардағы

байланыс

Рефлексия

Сабақ / оқу

мақсаттары

шынайы ма?

Бүгін оқушылар

не білді?

Сыныптағы ахуал

қандай болды?

Мен жоспарлаған

саралау шаралары

тиімді болды ма?

Мен берілген

уақыт ішінде

үлгердім бе? Мен

өз жоспарыма

қандай түзетулер

енгіздім жəне

неліктен?

«Менің көңіл-күйім баспалдағы»

Оқушылар стикерлерге өз есімдерін жазып (немесе смайликтің суретін салып) тақтада салынған баспалдақтардың біріне жабыстырады. Баспалдақтар «Керемет!», «Өзіме сенімдімін!», «Жақсы», «Жаман емес», «Маған көмек керек!», «Білмеймін», «Нашар» деп аталады.

 

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды

жетілдіруге көмектесетін не білдім?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Қаңлылардың қалалық мәдениетінің дамуы" ашық сабақ"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Противопожарный инженер

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 139 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 09.05.2018 14872
    • DOCX 295 кбайт
    • 319 скачиваний
    • Рейтинг: 1 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Рысбаева Калбиби Рустемовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Рысбаева Калбиби Рустемовна
    Рысбаева Калбиби Рустемовна
    • На сайте: 5 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 26073
    • Всего материалов: 3

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

История и обществознание: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель истории и обществознания

500/1000 ч.

от 8900 руб. от 4150 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 1357 человек из 79 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 916 человек

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "История")

Учитель истории

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
аудиоформат

Курс повышения квалификации

Специфика преподавания курса «Россия в мире» на основе синтеза историко-культурного и социально-экономического знания

72/108/144 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 22 человека из 16 регионов
  • Этот курс уже прошли 85 человек

Мини-курс

Подростковые проблемы: индивидуальный подход

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 365 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 286 человек

Мини-курс

Фитнес: теория и практика

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 14 человек

Мини-курс

Сенсорная интеграция: типовые и инновационные методы

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 76 человек из 30 регионов
  • Этот курс уже прошли 45 человек