Инфоурок Химия Другие методич. материалыАлкиндер (11 класс)

Алкиндер (11 класс)

Скачать материал

Тақырыбы: «Алкиндер, олардың номенклатурасы  мен қасиеттері»

(11 сынып)

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Құрамында үш байланысы бар көмірсутектер- алкиндер туралы білім беру, түсінік қалыптастыру.

Дамытушылық:  Студенттердің  қанықпаған көмірсутектер жөнінде танымын  кеңейту және өндірісте қолданысы туралы ой-өрісін дамыту, пәнге қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік: Жылдам ойлап, тез қорытуға, жауапкершілікке  және өзіндік шешім қабылдауға, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: баяндау, сыни тұрғысынан ойлау технологиясының элементтері, Венн диаграммасы.

Сабақтың көрнекілігі: слаидтар, электрондық оқулық, ацетиленнің шар стерженді моделі, үлестірмелер.

Пәнаралық байланыс: физика, тарих.

 

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ:

І. Ұйымдастыру кезеңі (2-3мин).

а) Психологиялық дайындық.

ә) дәрісхана дайындығы.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау (5-7 мин)

Миға шабуыл:

1.     Біз өткен сабақта қандай қосылыстарды өттік?

2.     Алкадиендер деп қандай қосылыстарды айтамыз, жалпы формуласы.

3.     Алкадиендерге мысал келтіріңдер.

4.     Алкадиндердің қолданылуы.

5.     Қосылыстардың кластарын бір-бірінен қалай ажыратамыз? Ендеше келесі қосылыстарды атап кластарын анықтаңдар:(1-слайд)

          СН3 – СН3

          СН2 = СН2

          СН ≡ СН

          СН2 = СН – СН = СН2

+(Үй тапсырмасы мен жаңа сабақ арасында байланыс+)

 

ІІІ. Жаңа сабақ (15-20мин):

1.     Бұл қосылыстың аты – ацетилен. Бұл қосылысты 1860 жылы француз физигі Марслен Бертло ашқан. Осы заттың құрылысының ерекшеліктері:

Ацетиленнің молекуласындағы екі көміртек атомы өзара үш байланыс арқылы байланысқан. Ацетилендегі көміртегі атомының гибридтену түрі – sp, валенттік бұрышы –180, байланыс ұзындығы С = С – 0,12 нм, байланыс түрі  –  полюсті ковалентті, құрылысы – сызықтық, түзілетін байланыс типі – δ және 2 π.

 

Тапсырма №1.

Атомдардың  топтпамасынан осы заттың шарөзекті моделін жасау (Оқушылар орындайды.)

2. Ацетилен – қанықпаған көмірсутектердің жаңа класы алкиндердің бірінші өкілі.  Енді барлығымыз бірігіп алкиндердің жалпы формуласын құрастырайық.  Алкандардың жалпы формуласы қалай еді?

- CnH2n+2. 

- Алкендерде екі атом сутегі кем болуына байланысты қос байланыс түзіледі де, жалпы формуласы CnH2n болады. 

Алкиндерде үш байланыс болғандықтан оларда тағы да екі атом кем болады. Демек, алкиндердің формуласы қалай болады?

Алкиндердің жалпы формуласы CnH2n-2

Тапсырма №2.

Осы формуланы ескере отырып бәрімізге белгілі  «икс-ноль» ойынының шартымен алкиндерді бір қатарға орналастырайық.

С2Н2,  С10Н22,  С7Н16, С6Н12, С4Н6, С5Н10, С5Н8, С4Н8, С3Н4

С2Н2

С10Н22

С7Н16

С6Н12

С4Н6

С5Н10

С5Н8

С4Н8

С3Н4

(Оқушылардың бірі тақтаға алкиндерді бір жолға орналастырып, тақтаға жазады)

Енді осы ацетилинді көмірсутектердің номенклатурасына тоқталайық. Алкиндердің атына -ин жұрнағы қосылып айтылады.

Мен бір алкиндердің атын атап көрсетейін. Сіздер соған сүйене отырып, жоғарыдағы қосылыстарды атаңдар:

                                                                                    |

                                                               

                                          4-метил гексин-2

 

Тапсырма №3.

 Формулалары көрсетілген қосылыстардың атын атап, кластарын анықтаңдар?

Құрамы  мен құрылысы ацетиленге ұқсас өзге де көмірсутектер белгілі. Келесі қосылыстарды атап, кластарын анықтаңдар:

http://festival.1september.ru/articles/563606/img1.gif

(Алкиндер слаидта көк және  қызыл түспен ерекшеленіп көрсетіледі)

Оқушылар орындайды.   

 

Тапсырма №4.

Осы қосылыстардың ішінде изомерлер бар ма? Бар болса өзара изомер болса тауып изомерлердің қай түріне жататынын анықтайық.

Оқушылар тауып, анықтайды.   

 

Алкиндердің химиялық қасиеттері: Физикалық қасиеттеріне тоқталмаймыз, оны үйден өз беттеріңше оқисыңдар. Құрамында еселі байланыс болғандықтан алкиндердің химиялық қасиеттері алкендерге  ұқсастау келеді. Оларға қосылу, тотығу, полимерлену және орын басу реакциялары тән. Біз бүгін осы қасиеттерінің тек бірнешеуімен танысамыз, өзге қасиеттерін келесі сабағымызда өтетін боламыз.  Құрамында еселі байланыс болғандықтан алкиндердің қасиеті алкендерге ұқсас келеді. Оларға қосылу, тотығу, орын басу реакциялары тән. Қосылу реакциясына тоқталайық. Алдымен келесі тәжірибеге назар аударайық. (Электрондық оқулықтан ацетиленнің бром суымен және калий перманганатымен  әрекеттесуі көрсетіледі.) Гидрлеу реакциясы алкендердегі сияқты еселі байланыс есебінен гидрлеу реакциясы жүреді. Тақтаға этилен мен ацетиленнің гидрленуін жазыңдар.

1) Гидрлеу реакциясы:

      CH ≡СН + H2 ® Н2С=CH2    этилен

      Н2С=CH2 + H2 ® Н3С- CH3 – метан

 Оқушылар реакцияны жазады.

2)  Галогендермен әрекеттесуі.

      Br НС=CHBr + Br2 ® Br2НС- CH Br2

                                                  1,1,2,2- тетрабромэтан

3) Гидратация реакциясы. Бұл реакция сынап (ІІ) сульфаты қатысында ацетиленннен сірке альдегидін алу реакциясы. Оны алғаш 1881жылы орыс ғалымы М.Г. Кучеров ашқан:

 

   CH ≡СН + H2O ® Н3С-СОН

                                Сірке альдегиді

 

4) Калий перманганатымен әрекеттесуі. Ацетиленді марганцовканың судағы ерітіндісі арқылы өткізсе, ерітінді түссізденеді:

 

   CH ≡СН + 4[О] → НООС-СООН

                                     Қымыздық қышқылы

5) Жану реакциясы. Оттек жеткілікті болса ацетилен көміртек (ІІ) оксидімен  су түзіледі. Өте көп мөлшерде жылу бөлініп, температура 30000С-тан асады:

         2С2Н2+5О2→ 4СО2 + 2Н2О

 

 

ІІІ. Жаңа сабақты бекіту (5-7мин)

Көрсетілген баспалдақтарды пайдаланып алкендер мен алкиндерді сипаттап, салыстырмалы түрде Венн диаграмасын толтырыңдар.

Алкендерге тән

Ұқсастығы

Алкиндерге тән

Құрылысы, құрамы

Қос байланыс

 sp2 гибридтену

1σ, 1π байланыс

 

Үш байланыс

Sp-гибридтену

1σ, 2π байланыс

Жалпы формуласы

CnH2n

 

CnH2n-2

Номенклатурасы

Сәйкес көмірсутек атының түбіріне –ен жұрнағы жалғанып, қос байланыстың орны көрсетіледі.

Мысалы:

СН2=CH-CH2-CH3

 Бутен-1

 

Сәйкес көмірсутек атының түбіріне –ин жұрнағы жалғанып, үш байланыстың орны көрсетіледі.

Мысалы:

СН≡C-CH2-CH3

Бутин-1

Изомерлері

-цис, -транс изомер;

1)    Көмірсутек тізбегі тармақталуына;

2)    Еселі байланыс орнына қарай

Класаралық изомер:

СН≡С-СН2-СН3

Бутин-1

СН2=CH-CH=CH2

Бутадиен 1,3

Алу әдістері

Спирттерді дегидратациялау

Алкандарды дегидрлеу

Кальций карбидінен

Химиялық қасиеттері:

 

1)    гидрлеу;

2)    бром суымен;

3)    Калий перманганатымен;

4)    Гидратация;

5)    Жану;

6)    Полимерлену;

Орын басу реакциясы

 

Қолданылуы

Көкөністің пісуін тездетеді

Химиялық синтез: этил спирті, сірке альдегидін алу, полимерлер алу

Металдарды пісіруде қолданады

ІV. Оқушыларды бағалау (3-5мин)

V. Үй тапсырмасы (3мин).

    Оқулықтан §4.5-4.6   5,6- жаттығулар,

    Әдістемелік нұсқау «Көмірсутектер»  9-жаттығу, 40-бет.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Алкиндер (11 класс)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист по привлечению инвестиций

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

"Алкиндер" тақырыбына өткізілген сабақтың жоспары мен жүрісі жазылған. Сабақ 45 минутка есептелген. Ацетилен мен оның гомологтарынын курылысы, номенклатурасы, химиялык касиеттері берілген. Сабақты бекітуге Венн диаграмасы қолданылған. Онда алкендер мен алкиндердің қасиеттері салыстырмалы түрде беріледі.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 188 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 19.06.2015 12246
    • DOCX 32.6 кбайт
    • 48 скачиваний
    • Рейтинг: 5 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Баенбаева Гулдарига Курманбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 10 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 12318
    • Всего материалов: 1

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 142 человека из 46 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Химия: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель химии

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 473 человека из 69 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 355 человек

Курс профессиональной переподготовки

Химия: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель химии

600 ч.

9500 руб. 4450 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 35 человек

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ЕГЭ по химии в условиях реализации ФГОС СОО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 48 человек из 29 регионов
  • Этот курс уже прошли 352 человека

Мини-курс

Состав и анализ финансовой отчетности

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Инвестиционные проекты: оценка, эффективность и стратегии

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Практические навыки трекинга и менторства

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе