Инфоурок Биология Научные работы"Қан айналым" 8 сынып

"Қан айналым" 8 сынып

Скачать материал

Сабақтың тақырыбы: Қанайналым. Қанайналымның үлкен және кіші

 шеңберлері.

Сабақтың мақсаты: «Қанайналым» ұғымын, қанайналым мүшелерінің қызметіне

байланысты құрылысындағы ерекшеліктерді түсіндіру.

Оқушылардың қанайналымның үлкен және кіші

шеңберлері туралы білімдерін бекіту.

Сабақтың міндеттері:

 а) Үлкен және кіші қанайналым шеңберлері туралы жаңа анатомиялық-физиологиялық түсініктерді қалыптастыру. «Заттардың тасымалдануы» тақырыбы бойынша оқытылған материалдан алған білімдерін қайталау және бекіту.

ә) Оқушылардың диалектикалық-материалистік көзқарастарын қалыптастыру. Өзін-өзі бақылау дағдыларын бекіту. Жинақылыққа, зейін қоя білуге үйрету. Өз бетінше ойлануға тәрбиелеу. Санитарлық-гигиеналық дағдысын қалыптастыру. Салауатты өмір сүру салтын ұстануға тәрбиелеу. Денені жетілдіру қажеттілігін сезінуге тәрбиелеу.

б) Тұрақты түрде ерікті зейінін дамыту. Оқушылардың талдау жасау, синтездеу, салыстыру, қорытындылау, нақтылау, жіктеу қабілеттерін дамыту. Логикалық ойлауды дамыту. Есте сақтауды дамыту, Жүйке жүйесінің ширақтылығын дамыту.

Сабақтың көрнекілігі:

«Қанайналым», «Қанайналым шеңберлері», «Жүрек жұмысы» кестелері, жүректің құрастырмалы үлгісі, оқулықтағы суреттер, электронды оқулықтан үзінділер, электронды көрсетілімдер, интерактивті тақта, үлестірмелі карточкалар.

 

Сабақтың әдісі: аралас сипатта, түсіндірмелі, сұрақ-жауап.

 

Пәнаралық байланыс: химия, экология, дене шынықтыру

 

Сабақтың жүрісі:                

І. Ұйымдастыру

         Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, оқушылардың назарын сабаққа аудару. Оқу кабинетінің тазалығына мән беру.

 

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

Интерактивті тақта арқылы сұрақтар беріледі.

 

Қанайналым мүшелеріне нелер жатады?

 


Жүрек                                             Қан тамырлары

Пішіні конус тәрізді, кеуде қуысының сол жақ жартысына ығыса, 2-5 қабырғалардың деңгейінде орналасқан қуыс бұлшық етті мүше

 

 

Артериялар, веналар, капиллярлар

 

 
 

 

 


1.     Неліктен жүрек үздіксіз және бүкіл өмір бойы қажусыз жұмыс істей алады?

2.     Жүрек үшін жүрек қабы қандай рөл атқарады?

3.     Жүректі қандай ұлпалар құрайды?

4.     Жүректің қандай бөлімінде миокардтың ең қалың қабаты бар? Бұл неге байланысты?

5.     Жақтаулы қақпақшалар қайда орналасқан?

6.     Артерия дегеніміз не? Құрылысы қандай?

7.     Вена дегеніміз не? Құрылысы қандай?

8.     Капиллярлар дегеніміз не?

9.     Жүректің құрылысы бойынша сандық көрсеткіштерге жауап беріңдер.

                                                        

ІІІ. Жаңа сабақ

         Қан адамда тамырлардың екі тұйық жүйесі – қанайналымның үлкен және кіші шеңберлері бойымен қозғалады.

         Қанайналымның үлкен шеңбері дененің барлық мүшелері мен ұлпаларына қоректік заттар мен оттекті жеткізеді. Ол жүректің сол жақ қарыншасынан басталады. Жүрек бұлшық еті жиырылған кезде артериялық қан сол жақ қарыншадан қолқаға түседі де, барлық мүшелер мен ұлпаларға, соның ішінде, жүрекке де бағытталады. Қолқадан әрі қарай артериялар мүшелерде тармақталып, ұсақ артериялар мен капиллярлардың қалың торын түзеді. Капиллярлардың қабырғасы арқылы дене ұлпалары мен қанның арасында газ және зат алмасу жүреді. Капиллярлардағы артерия қаны қоректік заттарды, оттекті беріп, ұлпалардан алмасу өнімдері мен көмірқышқыл газын алады. Бұл кезде артерия қаны вена қанына айналады. Көмірқышқыл газына қаныққан вена қаны артерия қанына қарағанда қою болады. Капиллярлар арқылы бұл қан ұсақ венаға, содан кейін едәуір ірі венаға жиналады да, одан барлық веналық қан екі үлкен венаға түседі. Дененің жоғарғы жартысынан, бас, мойын, қол және көкірек қуысынан қанды жүрекке жоғарғы қуыс вена, ал дененің қалған бөліктерінен төменгі қуыс вена алып келеді. Екі қуыс вена да жүректің оң жақ жүрекшесіне ашылады, осы жерде қанайналымның үлкен шеңбері аяқталады. Үлкен шеңбердің артерияларында артерия қаны, ал веналарымен жүрекке вена қаны ағып келеді.

         Қанның сол жақ қарыншадан басталып, барлық мүшелер мен ұлпаларға таралып, оң жақ жүрекшеге қайтіп келу жолы қанайналымның үлкен шеңбері деп аталады. Бұл айналымның ұзақтығы 23 сек-қа тең.

 

         Қанайналымның кіші шеңбері. Оң жақ жүрекшеден веналық қан оң жақ қарыншаға түседі де, одан қанайналымның кіші шеңбері басталады. Оң жақ қарынша жиырылғанда, қан өкпе бағанына айдап шығарылады. Ол екі өкпе артериясына бөлініп, веналық қанды оң және сол жақ өкпеге жеткізеді. Өкпеде өкпе артериялары диаметрі кішірек тамырларға, содан кейін өкпе көпіршіктерінің қабырғаларындағы капиллярларға тарайды. Өкпе капиллярларында қан көмірқышқыл газын беріп, оттекпен қанығады, веналық қан артериялық қанға айналып, ашық қызыл түске боялады. Осыдан кейін артериялық қан веналарға жиналады да, өкпенің төрт венасы арқылы сол жақ жүрекшеге құйылады. Бұл жерде қанайналымның кіші шеңбері аяқталады.

         Қанның оң жақ қарыншадан басталып, өкпеге, одан сол жақ жүрекшеге қайтіп келу жолы өкпелік шеңбер немесе қанайналымның кіші шеңбері деп аталады. Ұзақтығы 4 сек.

 

ІV. Жаңа сабақты қорытындылау

1)    Сұрақтар арқылы қорыту:

1.     Қанайналымның үлкен шеңбері дегеніміз?

2.     қанайналымның кіші шеңбері дегеніміз?

3.     қанайналымның үлкен және кіші шеңберлері арасында айырмашылық барма?

     2) Жүректің қандай тамырлары мен бөлімдері қанайналымның үлкен және кіші шеңберіне жататынын көрсетіңдер.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

V. Үй тапсырмасы

Қанайналым. Қанайналымның үлкен және кіші шеңберлері /оқу/.

 

VІ. Бағалау

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                                                                

 

 

 

 

 

Қолданылатын слайдтар

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Қан айналым" 8 сынып"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по ипотечному кредитованию

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 983 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 10.11.2016 2699
    • DOCX 1.6 мбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Курмашев Бакытжан Алтаевич. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Курмашев Бакытжан Алтаевич
    Курмашев Бакытжан Алтаевич
    • На сайте: 7 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 14787
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "Химия и биология")

Учитель химии и биологии

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 38 человек

Курс профессиональной переподготовки

Биология: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель биологии

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 462 человека из 69 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 167 человек

Курс повышения квалификации

Инновационные технологии обучения биологии как основа реализации ФГОС

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 136 человек из 47 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 517 человек

Мини-курс

Медиа и коммуникации в современном обществе

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 77 человек из 35 регионов
  • Этот курс уже прошли 16 человек

Мини-курс

Творчество и технологии в медиакоммуникациях

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Фитнес: особенности построения смешанных групповых тренировок

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 19 человек