Инфоурок Классному руководителю Конспекты"Армысың,әз Наурыз!" мерекелік сценарий

"Армысың,әз Наурыз!" мерекелік сценарий

Скачать материал

Музыка ойнап тұрады. Жүргізушілер кешті бастайды:

1-  жүргізуші: Армысыздар, құрметті көрермен қауым, құрметті әріптестер!

2-  жүргізуші: Мінекей, бүгін біз дәстүрлі «IX Наурыз шапағаты»  фестиваліне жиналып отырмыз. Наурыз мерекесі құтты болсын!(бірге)

 

 1 – жүргізуші: Наурыз тойы береке,

                           Наурыз тойы – жыр-аңыз.

                           Қызып шаттық мереке,

                           Қызық думан құрамыз!   

 2 – жүргізуші:
                          Наурызды тәңір бізге нәсіп еткен,
                          Мейірін танысын деп тасып өткен.
                          Наурыз – сән-салтанат, ұлттық рух.
                          Бақытты наурызы бар халқым неткен!

 

1-жүргізуші: Қазақстан секілді көп ұлт мекен еткен, Батыс пен Шығыстың қайшысы мен қамшысына қатар ілігіп, кеңестік дәуірдің қасіреті мен қуанышын қатар көріп келген ел үшін тарихи тәуекел де, көтерер жүгі де айрықша салмақты екені белгілі. Алайда елбасымыздың «Қазақстан – 2050» стратегиялық бағдарламасы тәуелсіз еліміздің болашағына кепілдік бере алатынына сенімдіміз.

2 –жүргізуші: Бұған дәлел 1997 жылы қазан айындағы халыққа жолдауында Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясы белгіленген болатын. Осы 15 жыл ішінде еліміз экономика мен мемлекеттік құрылыста әлем таң қалатындай нәтижелерге қол жеткіздік, мемлекетіміз әлемдегі ең серпінді дамушы елдердің бестігіне енді. Осылайша «Стратегия – 2030» өз мақсатына белгілі межеден ерте жетті.

1-жүргізуші: Ал «Қазақстанның 2050 стратегиясы – сол Қазақстан 2030 стратегиясының жаңа кезеңдегі үйлесімді дамуы болатыны сөзсіз. Ендігі біздің басты мақсатымыз – 2050 жылға қарай мықты мемлекеттің, дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құру. Бұл елбасымыздың «Қазақстан – 2050» стратегиясында халыққа жолдауында айтылған сөз.

2-жүргізуші:  Қазақстанның болашағы білімді жастардың қолында деп елбасымыздың өзі атап айтқандай «100 мектеп, 100 аурухана бағдарламасы» жалғасын табуда. Бұл 2030 стратегиясының жетістігінің жалғасы деп айтуға болады.

 

1-жүргізуші: Осы мақсатта елімізде бірталай шешімді тың өзгерістер болуда. Мысалы, біздің «Бірлестік»  ауылымызда биылғы жылы 100 орындық мектеп құрылысы  басталды. Мұндай қуанышты хабарды неге сүйіншілеп айтпасқа?

 

2     - жүргізуші: Олай болса, ауылымыздың әкімі, әрі тұрғыны болған  Алтынбаев Еділғазы ағамыздың әні мен сөзіне жазылған «Бірлестік» әнінің тұсаукесерін сүйінші хабардың шашуы ретінде қабыл алыңыздар!(бірге)

 

1 – жүргізуші: Бірлігі бар ел озады, бірлігі жоқ ел тозады. Бұл – тарих заңы. Сондықтан қазақтың бірлігі – елдігіміздің кілті, ең басты мәселесі. Ел бірлігі – ең асыл қасиет.

2 –жүргізуші: Біз өзіміздің ұлттық мәдениетіміз бен дәстүрлерімізді әр алуандығымен және ұлылығымен қосып, қорғауымыз керек. Мәдени игілігімізді бөлшектеп болса да жинастыруымыз керек.

 

1-жүргізуші:

Наурыз – ол ұсақтықтан арылуың,
Халықтың бірлігінің мығымдығы.
Күдіктің безбеніне тартылмайтын,

Кел, наурызым, Ата дәстүр Ұлылығың, - дей келе осы дәстүрлі мәдениетімізді  сақтап, кейінгі ұрпаққа жеткізуші ұстаз аналарымызды ортаға шақырамыз.

 

Ретро әндеріне «Попурий»

 

1-жүргізуші: Жаһандану дәуірі – көпұлтты мемлекеттер дәуірі. Еліміздің дамуына барша ұлт пен ұлыс өкілдері бірге үлес қосты.  Патшалықтың, төңкеріс дүмпуі мен тоталитаризмнің барлық ауыртпалығы мен қиыншылықтарына қарамастан, біздің еліміздің аумағында тұратын қазақтар және басқа да ұлт өкілдері өздерінің мәдени ерекшеліктерін сақтай алды.

2 – жүргізуші: Байқадым бұл күн – дүбірлі,
                          Молшылық, мейір маңайым.
                          Басты ұран тойда бүгінгі –
                          Береке, бірлік, ағайын! – дей келе ортада «Зен настели»  биімен биші қыздарымыз!

 

1-жүргізуші:  Қазіргі таңда жаңа саяси бағыт бойынша білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы іске асуда. Болашақ жастардың қолында, ал сол бәсекеге қабілетті жас ұрпаққа білім мен тәрбие беру -  ұстаз міндеті.

2-жүргізуші:

Ұстаз болу –жүректің батырлығы

Ұстаз болу –Сезімнің ақындығы

Ұстаз болу –мінездің күн шуағы

Азбайтұғын адамның алтындығы!

Ән: «Ұстаз – ұлы тұлға».Әні мен сөзі:Талғат Жүсіпбаевтікі. Орындайтын: автор.

 

1-жүргізуші: Стратегияның ішінде спорт және жоғары жетістікке жеткізетін спортты дамыту бағдарламасын әзірлеуге тапсырма берілген. Осы тапсырманың орындалу барысынан біз де шет қалған жоқпыз. Ауылымызға жаңа спорт алаңы салыну жоспарлануда.

                            Намысын қынабында қайрап келген,

                            Елміз ғой үміт қайратты ерден.

                            Жігіттер бар біздерде сегіз қырлы

                            Сахнаға өнерін сайлап келген. Олай болса, жігіттеріміздің өнерін тамашалайық!

 1 – жүргізуші: Самат, саясат, экономика, спорт жайлы айтып жатырмыз. Ал, сол елбасымыздың халыққа жолдауында әлемнің тұтқасын ұстайтын әйел – аналарға арналған үндеуі жоқ па?

2 – жүргізуші: Әрине, Айдана, бойжеткен, әйел заты әрдайым біздің қоғамның тең құқылы мүшесі, ал ана – оның ең ардақты тұлғасы. Сол себепті елбасымыз «Біз әйел затына – анаға, жарға, қызға деген қапысыз құрметті қайта оралтуға тиіспіз» деп айқын жеткізген.

Шолпы тақты алтын күн қайыңға әсем,
Ән айтады Бағила  үні бәсең.
Тек асығып барасың, алтын айым,
Не айтасың әнші қыз жайында сен?

 

1 – жүргізуші: Ендеше,  ана - ұстаз, әнші Бодықова Гүлбағиланы халық әні «Бүлдірген» әнімен ортаға шақырамыз.

Ән: Бодықова Гүлбағила «Бүлдірген»

 

1 – жүргізуші: Біз ананы қорғап – қолдап, құрметтеу арқылы қазақ елінің демографиялық көрсеткішін жоғарылатамыз. Демографиялық өсімді ескере келе, елбасымыз «Балапан» бағдарламасын 2020 жылға дейін ұзартуға шешім қабылдады. Қазіргі таңда балалардың мектепке дейінгі білім беру және тәрбиемен 100% қамту мақсатында балабақшалар саны көбеюде.

2-жүргізуші: Дұрыс қой, Айдана. Осы демографиялық жағдайымызды жақсартуға біздің үлесіміз бар шығар?
1-жүргізуші: Әрине, оған қосыламын ғой бірақ осы біздің Қанатымыздың көңілінің сырын табатын аруымыз қайда жүр екен. Олай болса оны біз Қанаттың өзінен сұрайық. Ортада Молдабаев Қанаттың орындауында «Мендегі көңіл» әнімен қарсы алыңыздар!(бірге)

 

2-жүргізуші: Ақиқатқа табынған өмір сүрер мәңгілік,

Махаббаттан ада жан - қалар түбі қаңғырып.

Бар тіршілік осылай жатқан кезде жаңғырып,

Мен отырмын оңаша туған жерді жыр қылып.

1-жүргізуші: Самат, біз саясат, стратегия туралы айтып жатқан секілді едік қой. Неге махаббат жайлы жырлап кеттің?

2-жүргізуші: Айдана, көктем келді. Махаббат туралы айтпай кету мүмкін емес шығар. Көктем ол  махаббат айы емес пе? Махаббаттың қаншама түрлері бар. Мысалы, анаға, ғашықтар арасындағы махаббат, сонымен қоса Отанға деген махаббаттың орны ерекше.

1-жүргізуші: Олай болса, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Байдалиева Анардың Мұқағали атамыздың «Қазақстан» өлеңі және Сырлыбаев Саматтың «Шабытты қамшылаған, қайраң Мұқаң» өлеңімен қарсы алыңыздар!

 

 

 

 

 

 

1-жүргізуші: Елбасымыздың сөзінде «Қазақстан – 2050» Стратегиясы осынау мәңгілік жолдағы буындар бірлігінің, ұрпақтар сабақтастығының көрінісі. Сондықтан барлық буын өкілдеріне үн қатамын. Алдымен алдыңғы толқын-аға буын!Сіздердің көрегендіктеріңіз бен өмірлік тәжірибелеңіз кейінгі буынның ақиқат жолынан адаспай, алға басуына септігін тигізеді. Ортаңғы буын отандастарым! Сіздердің күрделі де қиын шешімдер арқылы жинаған өлшеусіз тәжірибелеріңіз – қиындықтардан сыр бермей өтуімізге қажетті баға жетпес қазына.

Ал кейінгі толқын жастарға айтарым: Сендер – болашаққа деген үкілі үмітіміздің тірегісіздер!» делінген болатын.

2-жүргізуші: Олай болса, аға буын мен ортаңғы буын өкілдерірінің сабақтастығы ретінде Алтынбаева Жанар мен Бодықова Гүлбағиланың «Ау, құрбым» әнін қабыл алыңыздар!

 

 

1-  Жүргізуші: Су жылтырап бүрін ашқан жас талдан,
                          Бу бұрқырап қатып қалған тастардан.
                          Күн күркіреп, жасын ойнап аспаннан,
                          Бар тіршілік Наурыздан басталған!
                          Ел де тыныш!
                          Жер де тыныш – бұл күні,
                          Көреміз тек қуаныш пен күлкіні.
2-жүргізуші: Тәуелсіздік және өзің тынысым.
                        Тәуелсіздік құт береке, ырысым.
                        «Қазақстан – 2050» жолдауы

                        Жетістікке жеткізеді ел ішін.

2-              

Ән: «Туған жер» орындайтын жігіттер квартеті

 

1-жүргізуші: Осымен №142 орта мектебінің «ІХ Наурыз шапағаты» фестиваліне арналған концерттік бағдарламасы аяқталды. Келесі «Наурыз шапағаты» фестивалінде жүздескенше, ағайын!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Армысың,әз Наурыз!" мерекелік сценарий"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист в области обращения с отходами

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 525 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 04.04.2016 1153
    • DOCX 58.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Сутенова Индира Нысангалиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Сутенова Индира Нысангалиевна
    Сутенова Индира Нысангалиевна
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 43831
    • Всего материалов: 22

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Уверенность, уверенное поведение, воспитание волевых привычек, развитие учебной мотивации у детей и подростков

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 82 человека из 32 регионов
  • Этот курс уже прошли 248 человек

Курс повышения квалификации

Современные технологии профилактики зависимого поведения среди подростков и молодежи

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 112 человек

Курс профессиональной переподготовки

Тьюторское сопровождение в образовательных организациях

Тьютор

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 788 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 845 человек

Мини-курс

Эмоциональная сфера детей: диагностика, особенности и регуляция

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 28 человек из 15 регионов
  • Этот курс уже прошли 13 человек

Мини-курс

Продвинутые техники нарративного подхода в психологии

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 25 человек из 16 регионов

Мини-курс

Робототехника в школе: конструирование и программирование

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 49 человек из 23 регионов
  • Этот курс уже прошли 27 человек