Инфоурок Информатика КонспектыАшық кураторлық сағат тақырыбы "Тәрбие сағаты"

Ашық кураторлық сағат тақырыбы "Тәрбие сағаты"

Скачать материал

                                                                      

Куратор: Бекбаулова Э.Е.

Тақырыбы: «Тәуелсіздіктің қасиетті белгілері».
Тәрбие сағатының мақсаты: 1986 жылы желтоқсан оқиғасын оқушыларға таныстыру. Желтоқсан оқиғасының неден бастау алып, оның не себепті қанды оқиғаға ұласқанын ашып көрсету. Өз Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, отаншылдыққа, елжандылыққа, еліміздің Рәміздерін қастерлеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Түрлі қанатты сөздер. «Желтоқсан ызғары – жүректерде із қалды», «Желтоқсан желі ызғарлы», слайд «16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні», «Тәуелсіздік» монументінің, Желтоқсан құрбандарының суреттері.

 

1 Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, студенттер, қадірлі қонақтар! Біз бүгін дүниені дүр сілкіндірген тәуелсіздік туын ең алғаш көтерген әйгілі 1986 жылдың желтоқсанына арналған «Тәуелсіздіктің қасиетті белгілері» атты кездесу кешін ашық деп жариялаймыз. Қазақстан гимні орындалсын!

2 Жүргізуші: Сіздерді келе жатқан 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Халқымызға ғасырлар бойғы арман болған тәуелсіздік, егемендік ұстанымдарын биікке көтеретін бұл күн – біздің Отанымыздың әрбір азаматы үшін қастерлі мереке. Азаттықты аңсаған елдің түпкі мақсатының орындалып, бүгінгі Қазақстан Республикасы өз мемлекеттілігін бұдан 29 жыл бұрын жариялаған болатын. Бұл мереке күнтізбеде «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заңының 1991 жылы 16 желтоқсанда қабылдануына байланысты тұрақты  түрде аталып өтілді. 

1 Жүргізуші: 16-желтоқсан күні болған оқиғаға видеоролик көріңіздер

Желтоқсан оқиғасы «16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні»

2 Жүргізуші: 1986 жылғы Қазақстандағы он алтыншы желтоқсан оқиғасы қайта кіру дәуіріндегі Демократияның ең алғашқы көрінісі еді. Бұрын-соңды Қазақстанда болып көрмеген Колбинді Қазақстанның бірінші басшысы етіп
 18 минут ішінде сайлады. Оған бүкіл  қазақ жастары қарсы болды. Кешегі Кеңес одағы кезінде Қазақстанда бірінші хатшы болған 20 адам болса, оның үшеуі-ақ қазақ еді. Сондықтан қазақ жастары ұлттық құқықты көкседі. Олар: «Мейлі бірінші хатшы қазақ болмай-ақ қойсын, келіселік, бірақ ол Қазақстанның толғақты мәселелерін білетін, осында туып өскен адам болсын»,-деп, Демиденко мен Морозовты ұсынды. Бірақ олардың ұсынысы қабылданбады. Нәтижеде 16-желтоқсандағы қанды оқиға болды. 8500 адам заңсыз ұсталды, 1722 кісі жеңіл және ауыр жарақат алды.
       1 Жүргізуші: Бозбала мен қыздарды 20 градустық аязда суық жерге жатқызып қорлады, қыздарды  бұрымынан сүйреп, өлімші етіп соққылады. Үскірік атқан суықта мұздай су шашты. Өзге ұлт өкілдерін қазақ жастарының ерелуіліне қарсы қойды. 

Көрініс: Қайраттың түрмеде отырған кезіндегі көріністі тамашалаңыздар

Түрме іші, қолында қағазы бар Қайрат отыр. Қинала отырып «Түрме жыры» өлеңін оқып шығады. Содан кейін қатты шаршап, былай дейді:
Қайрат: «-Уһ, әбден шаршадым-ау, жүйке тамырым жұқарды ғой! Қайран бостандық!!!
Жалалы боп, қатты батты жаныма,
Жазалаушы қағаз алдым қолыма.
Жігіттер-ай, айтып-айтпай не керек,
Жазған екен маңдайыма сорыма.
Біріншіден, мен сағындым анамды,
Екіншіден, бұл құдайға не қылдым?
Бостандықта еркін жүрген жан едім,
Енді, міне, абақтыға жабылдым.
Кезекші: Заключенный Рыскулбеков на допрос.
Тергеуші: Айыпкер Рысқұлбеков, сен Мир мен Сәтбаев көшелерінде жасақшыларды көрдің бе?
Қайрат: Егер ол көшеге бармасам оларды қайдан көремін?
Тергеуші: Савицкийді сен өлтірдің бе?
Қайрат: Жоқ, өлтірген жоқпын?
Тергеуші: Сенің ұрып жатқаныңды біреу көріпті ғой.
Қайрат: Олай болса мені сол адаммен беттестір, бұл өтірік жала.
Тергеуші: Ах, ты, декабрист несчастный. Я тебе покажу өтірікті! Жала дейді еще! Ей, Рыскулбеков, сен, «Савицкийді өлтірдім» деп мойныңа ала сал, сонда сенің жазаң жеңілденеді. Егер,сен Савицкийді өлтіргеніңді мойындасаң, әкеңе тиіспейміз. Әйтпесе әкеңді де…
Қайрат: Жолдас тергеуші, бұл жала ғой! Өлтірмеген адамды өлтірдім деп қалай мойындаймын, адам түгіл тышқанды да өлтіріп көрген емеспін.
Тергеуші: Заключенный Рыскулбеков, сен ақымақ болма, 
«Савецкийді өлтірдім» деп мойында. Бұл – бір. Сен әкеңнен 4 мың сом алып, мына менің алақаныма сал, бұл – екі. Түсіндің бе, мақұлық?
Қайрат: Жолдас тергеуші! А
уылда әзер күнін көріп отырған ата-анамды ақша деп қинағым келмейді және не үшін ақша төлеуім керек? Не үшін? Ешқандай қылмысым жоқ. 
Тергеуші: Әкетіңдер, құртыңдар, атыңдар! 
Қайрат:
Тоқта! Айтар сөзім бар.
Күнәдан таза басм бар,
Жиырма бірде жасым бар.
Қасқалдақтай қаным бар,
Бозторғайдай жаным бар.
Алам десең алыңдар.
Қайрат деген атым бар, 
Қазақ деген затым бар.
«Еркек тоқты – құрбандық»,
Атам десең атыңдар.
(Қайратты кісендеп алып кетеді.)

Азиз:  Желтоқсанның күні қандай ызғарлы,
                      Жүректерде жазылмайтын сыз қалды.
                     От боп жанған қазағымның жастары, 
                     Жалынымен ерітіпті мұздарды.
Жасулан:   Сол мұздарда жанды алау өшпейтін,
                     Еркіндікті қашанда ел  көксейтін.
                     Қаныменен тарихтарда жазылып,
                     Қайраттардың аты қалды сөнбейтін.

Диас:   Желтоқсанда,
                   Алматыда,                
                   Алма бақтар ақ қырауға батқанда
                   Жайдың оты жалаң қақты шатқалда!
                   Аппақ қала, Аппақ ғалам, О, тоба!
                   Найзағайлар қар жалап тұр жотада,
                   Бұлтты иітіп боздайды боз шынарлар,
                   Бұйдаланған ұқсап жетім ботаға.
                   Кім көріпті о заман да, бұл заман,
                   Найзағайды көк аязға құлаған.
                   Кеуделерде үрей-бөрі ұлиды,
                  «Болсайшы аман, мына ғалам дін аман!»

Есен:        Бұл алаңда бір ұрпақтың қаны бар,
                  Ей болашақ!
                  Сен бұл жерді танып ал,
                  Үміт-жіпке қолын созған өркеннің
                  Ерте үзілген өмірі бар, жаны бар.
                 Айтам деген,
                 Айтылмаған әні бар.
                 Біліп жүргін,
                Тағзым еткен соларға,
                Кінәсізді кінәлауға бола ма!?
Бикей:    Бәрінің де көңілдері пәк еді,
                Адал еді, сенгіш еді қоғамға.
               Кілең жастар,
               Кілең өрімталдарым,
               Қапысызда қатігезді қармадың!
              Әділеттік аспанына қол созып.
              Сол күндері алаулады арманың
              Сол күндері халық арын арладың!
Бахтияр: Таңғажайып атың да дәл табылды,
                 Табылды да талай жұртқа танылды.
                  Қазақ елі көкке жетті көк туың,
                  Сен-тәуелсіз мемлекетсің кәдімгі.
Абай: Ертеңіңе бұрғаныңды бетіңді,
           Ұлы ерлікке буған белің бекінді.
           Тәуелсіздік хабаршысы желтоқсан,
           Тарихыңның жаңа беті секілді.
Нұрболат:  Тәуелсіздік! Балалардың ұраны,
                    Бейуақытта, бойға таққан тұмары.
                    Тәуелсіздік! Түнектерде тұншығып,
                   Ызғар ұрып жанбай қалған шырағы.

 

1 Жүргізуші:  

Жас арудың жанарында-желтоқсан,
Қанды ғасыр табаныңда-желтоқсан,
Қаралы өмір қайыстырған халқымның,
Қара тұман қабағында-желтоқсан.
Жауыздықты жақтағанды да-желтоқсан,
Жаңа ғұмыр бастаған да-желтоқсан,
Жазықсыздың көз жасына жуынып,
Аббақтыға тастаған да-желтоқсан.
Намысымның шырағы да-желтоқсан.
Сұрқай өмір сынағы да-желтоқсан,
Жігіттіктің өмірі де-желтоқсан,
Жаңа күннің шуағы да-желтоқсан
Жалын жүрек жанып тұрды мұздарда,
Қарсы келіп қаhарлы қыс ызғарға,
Түн түнеріп тұңғиыққа батқанда,
Намыс туын көтеріпті қыздар да.

 

  2 Жүргізуші: Арада қанша жылдар өтті. Қаралы күннің қасіреті алыстап, егемендік алған еліміздің көкшіл жалауы желбіреп, биіктей түсті. Ия, Тәуелсіздік шыңы бізге оңай келмеді! Қайраттай  қайратты жастардың қанымен, Ләззаттай албырт арулардың үнімен, боздаған жоқтаған қасіретті ананың зарымен, ұландарына ақ тілек айтқан бабалардың батасымен келді! Желтоқсанда опат болған  боздақтарымыз тірі болғанда, отыз бес пен қырықтың  арасындағы қылшылдаған азамат болар еді. Біз бүгін сіздердің рухтарыңызға бас иеміз асыл аға-әпкелер!

1 Жүргізуші: 1986 жылғы 16 желтоқсанда бүкіл жастары тотаритарлық режимге ашық қарсылық көрсетті. Міне, осындай ұмытылмас оқиғадан бері 29 жыл өтті. Өмір-өзен толқындары сол кезден бізді алыстатып бара жатса да жүрегімізде мәңгі ұмытылмас бір нәрсе қалды. Ол дүниені дүр сілкіндірген қазақ қыздары мен ұлдарының рухына, ерлігіне деген тағзым, құрмет. Ендеше сол желтоқсан оқиғаларындағы боздақтардың рухын еске алайық

(1 минут үнсіздік).

16 Желтоқсан Тәуелсіздік күнімен! атты видеоролик көріңіздер!

           2 Жүргізуші: Президенттің жарлығымен 1996 жылы 9 желтоқсанда Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбековке “Халық қаһарманы” атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі мен “Алтын жұлдыз” тапсырылды. Сабира,  Ләззат,  Ерболға  “Ақтау жөніндегі анықтама”  қағаздары берілді. Халқымыздың егемендігі жолында құрбан болғандарын дәлелдеп, оларды ақтау үшін барынша күрескен қайсар азаматтарымыз:   Мұхтар Шаханов, Хасен Қожа-Ахмет сынды ағаларымыз көп еңбек етті. 

1 Жүргізуші: Ел тәуелсіздігінің 29 жылдығы құтты болсын! Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай батырлардан бастап, Иса Досан, Шотан батырлар, беріректе Бауыржан, Мәншүк, Әлия сынды батырлар сол ел қорғауды ұран еткен, сол үшін құрбан болып, ел құрметіне бөленген батырлар. Ресейдің езгісінде болып, тіліміз бен дінімізден безіп, орыстанғалы тұрғанда Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова сияқты қыршын жастардың құрбандыққа баруы арқасында ғана тәуелсіздік алып, егеменді ел болдық.
Міне содан бері 29 жыл! Елімізде тек бейбітшілік, ынтымақтастық болсын.

2 Жүргізуші: Осымен бүгінгі желтоқсан оқиғасына арналған «Тәуелсіздіктің қасиетті белгілері» атты кешімізді Ескендір Хасанғалиевтің «Атамекен» әнімен бітіреміз.

Келгендеріңізге көп рахмет!

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ашық кураторлық сағат тақырыбы "Тәрбие сағаты""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по переработке нефти и газа

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 734 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 15.01.2016 2788
    • DOCX 28 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Бекбаулова Эльвира Ермахановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 16261
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Использование компьютерных технологий в процессе обучения информатике в условиях реализации ФГОС

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 139 человек из 44 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 298 человек

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ЕГЭ по информатике и ИКТ в условиях реализации ФГОС СОО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 107 человек из 42 регионов
  • Этот курс уже прошли 579 человек

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "Математика и информатика")

Учитель математики и информатики

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 36 человек из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 35 человек

Мини-курс

Психология учебной среды и развития детей: от диагностики к коррекции

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 25 человек из 16 регионов
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Мини-курс

Управление проектами и стоимостная оценка в современном бизнесе

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Классики и современники: литературные портреты и психология творчества

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 22 человека из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 15 человек